Бір сөзге тиянақты болмай палуан



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
І. Кіріспе
Қазақ тілінің говорларында әдеби тілден бөлек, оқшау тұрған дыбыс жоқ.
Аффрикат ж (дж) дыбысы болмаса, говорлардағы дыбыстар сан жағынан әдебі
тілдегі дыбыстармен бірдей. Қазақ говорларындағы фонетикалық ерекшеліктер
әдетте жеке дыбыстардың бірі бірімен алмасуы және кейбір дыбыстардың
(әсірес дауыссыз дыбыстардың) тұрақсыздығымен сипатталады. Аздап болса да
метатезалық құбылыстар кездеседі.
Фонетикалық ерекшеліктерді сөз етпестен бұрын мынадай бір жайды ескерте
кеткіміз келеді. Белгілі бір дыбыстардың алмасуын сөз еткенде (мысалы, д,
л), ол алмасу говордағы барлық сөздерде, сөздердің барлық позициясында
кездеседі деп ойламау керек. Мысалы, кейбір алмасулар жүздеген сөздерді
қамтыса (чал, чапан, әнчі, чыбыртқы, чыбық т. б.), бірқатары 10—20 шақты
сөзді ғана қамтуы мүмкін (маңлай — маңдай, түңлік — түндік, тыңла — тыңда,
аңла — аңда, саңлақ— саңдақ т. б.). Екі-үш сөздің төңірегінде ғана
кездесетін алмасулар да бар. Мысалы, уп: кеусен — кепсен, ст: саяз —
таяз, өү: күпәнә — көпене т. б.
ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ АЛМАСУЫ
Оұ. Бұл алмасу батыс говорларына тән: құлдану — қолдану, құрытынды —
қорытынды, тұмалаудумалау, жұмалау — домалау, ұяну — ояну, сұрақы —
сорақы, сұпы — сопы, ар-ождан — ар-ұждан, онжырғасы түсу — ұнжырғасы түсу,
орпақ — ұрпақ, марқом — марқұм, арық-торық — арық-тұрық, оқсайды — ұқсайды
т. б. Мысалдар: Біздің мейманымыз жаңа ғана ұянды (Шымк., Сар). Мені
оқсатқан олар зарплат бермей (Орын., Ад.). Пәленшенің орпағымыз, түгеншенің
орпағымыз деп атаңның есімін атай аласың ба? (Орын., Ад.). Осы елде Иса
Досаннан қалған орпақ аз емес (Гур., Маң.). Біздің жақта көп сөздерді
басқаша құлданады (Орын., Ад.). Сөздердің құлдануында да өзгешелік бола ма
екен (Қарақалпақ қаз.). Ауданның партия орындары құлқынқұмар Финогеновтың
колхоз шөбін өз меншігіне тасып алған бұл амалын ескеріп, оған қатаң шара
құлданулары керек (Коммунист, II, VII. 1954). Агрономиялық шаралардың іс
жүзінде мейлінше құлданылуы арқасында колхоздың егін шығымы ұлғайып өсті
(Батыс Қазақстан облыс-тық 2-кеңес съезінің қаулылары, 1935, Орал, 4-бет).
Жалпы құрытындыда жылқы былтырғы жылмен салыстырғанда артып отыр (Орал,
Қазт.). Баласы әкесіне оқсайды. Оқсат бәлемнің өзін (Гур., Маң.).
Оралмастай артына, Оқсатып салды таңбаны (Сәттіғұл ақын). Мына теректерді
таудан дұмалаған тас қиратып кетіпті (Қарақалпақ қаз.). Доп дұмаланып суға
түспесін (Шымк., Сар.). Сонша сұрақы іске баруға бола ма екен (Қарақалпақ
қаз.). Осындай сұрақылықтың кесірінен бұлар жарты жыл жоспарын 67 процент
орындады (Ленин жолы. 1950, № 34).
Өү. Бұл алмасу батыс говорларына тән: дүнен — дөнен, үгей — өгей,
үнепойы — өнебойы, нүсерлеу — нөсерлеу, күміскі — көмескі, төнеру — түнеру,
мүңіреу — мөңіреу т. б. Мысалдар: Үгей шеше (Гур., Маң., Ақт., Байғ.)-
Бұлар үнепойы ауылда жүреді (Қ. орда, Ар.).і Қүміскі із байқалады (Гур.,
Маң.). Қүн төнеріп жауғалы тұр (Гур., Маң.). Өзінің колонизаторлық
үктемдігін тағайынды орнатқаннан кейін, біркатар қалалар мен соғыс
бекіністерін салды (Социалистік ауыл, № 76, 1940). Нүсерлеп құйған жаңбыр
суы жыра, сайларға сыймай, жер бетін сел ғып қаптап, қатты ағынмен сарқырап
жатты (Ә. Нұрпейісов).
ЬІі: тірнектеп — тырнақтап, пысқан — піскен, чір — шыр, зәлім — залым,
іләж — ылаж т. б. Мысалдар: Тірнектеп жиған малымыз бар еді (Алм., Талд.).
Іләжі болса, сол балаға соғып кетсеңіз, жақсы болар еді. (Шымк., Сайр.).
Қарап келші барып, пысқан чығар (Сем., Мақ.). Бақты МТС-нің қамтуындағы
Дзержинский атындағы ауыл шаруашылық артелінің мол егіні жаппай пысты
(Қызыл жұлдыз, 24. VI. 56).
Фонетикалық ерекшеліктерді сөз еткенде, кейбір сөздердің не бірынғай
жуан, не бірыңғай жіңішке айтылуы ерекше атауды керек етеді. Солтүстік-
батыста көбіне жуан айтылатын біраз сөздер оңтүстік-шығыста жіңішке
айтылады. Мысалы: жәутеңдеу — жаутаңдау, әбіржу — абыржу, шілдахана —
шілдехана, тірнектеп жию — тырнақтап жию; жәудіреп — жаудырап, әсілі —
асылы, ажым — әжім, шетінеп — шатынап, кәртеміш — карта-мыш, егіл-тегіл —
ағыл-тегіл, жәпірейген — жапырайған, кәйерде (қайерде)— қай жерде.
Жылысбайдың кәйерде екенін ешкім білмейді (Шымк., Сайр.). Кетпенін иығына
асып, қария үлкен атыздың басымен ілгері аяңдады (Ленин жолы, 26. VIII.,
59, Қ-орда обл. газеті). Әсілі, бақыт дегеннің өзі осы емес пе екен (Мәд.
және тұрмыс, 1964, № 4, 11-6.). Тіпті көздері шетінеп, суға кетіп бара
жатқан кісідей жанталасты (Л. Ж., ІІ. VІ.63). Көздері жәудіреген бес
балапан жібермеді оны (Шымк., Лен.). Екі көзі жәутеңдеп, жалбарына қарайды
(Қарақалпақ қаз.). Осы сахарада мына тұрған шыбықтан да кәттә ағаш өскенін
көресің деп соқты-ау. Іләжі бар дүние ме екен соның? (Райымқұлов. Жас.
Белес. 27). Ол сол уақытта жүде әбіржіп қалды (Шымк., Сар.). Ыңғай бірінен-
бірі аласа, бірінен-бірі жүдеу жәпірейген тамдар болатын (Екпінді малшы.
15. VІ.61).
Ү — ұы—і бызау — бұзау, қыбыла — құбыла, тымақ — тұмақ, тыман — тұман,
былақ — бұлақ, пышық—пұшық, бұлғары — былғары, шыбар — шұбар, індемеу—
үндемеу т. б. Мысалы: Індеме, індеме, өзі тапсын (Шымк., Сар.). Сиыр
бызаулады (Шымк., Сайр.).
Ае: кемпір-сампыр — кемпір-семпір, лапырып (сөйлеу) — лепіріп
(сөйлеу), бабау қағу — бебеу қағу т. б.
Ыа: айқара құшақтау — айқыра құшақтау, арқалы — арқылы, қажарлы —
қажырлы, топшалады — топшылады т. б.
Еі: кесертке — кесіртке, ерегісу — ерегесу, керпіш — кірпіш, елеген —
ілеген т. б.
Еә: кесіп — кәсіп, кепкәпгәп, бекі — бәкі, кәсе — кесе, ләгөн —
леген, терте — тәрте, зәмбіл — зембіл.

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ АЛМАСУЫ
Дл. Д мен л дыбыстарының алмасуы — оңтүстік және шығыс говорларына тән
құбылыс. Бұл алмасу төмендегі жағдайларда кездеседі.
а) Кейбір сөздердің түбіріндегі д дыбысы л-ға ауысады: маңлай — маңдай,
түңлік — түндік, таңлай — таңдай, алал — адал, дуалақ — дуадақ. Мысалдар:
Бұрын түтін там ішінен түңлік арқылы чығатын (Шымк., Арыс). Дүниенің
ашқанындай ол түңлігін, Қөрдің бе Бекболаттың тіккен туын (С. Керімбеков).
Есікке маилайын соғып алып, біраз жылап отырды (Алм., Кег.). Аға,
таңлайыңызды тарсылдатыңызшы (Шымк., Лен.).
ә) Ң дыбысына біткен кейбір сөздерден -ла, -ле, -да, -де, -та, -те
жұрнақтары арқылы етістік жасалғанда, оларға тек -ла, -ле варианты жалғанып
айтылады. Мысалы: тың-ла, аң-ла, таң-ла. Сен, шырағым, аңлап сөйле (Шымк.,
Сайр.). Аңламай сөйлеген ауырмай өледі. Алыстағы жауыңнан аңлып жүрген дос
жаман (мақал, Жамб., Шу). Өлеңді айтпақ молда теріс дейді, тыңламақ
шариғатқа теріс дейді (Н. Бекежанов).
б) -Лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей қосымшалары дауысты дыбысқа
бітетін кейбір түбірлерге жалғанғанда, бірқатар говорларда -лай, -лей
күйінде, бірқатар говорларда -дай, -дей күйінде қосылады: ақшалайақшадай,
екіншілейекіншідей, жылылайжылыдай, тірілейтірі-дей. Мысалдар:
Колхозшылар еңбеккүнді ақшадай алды (Алм., Шел.). Мен істеген жұмысыма
ақыны ақшалай алдым (Көкш., Щуч.). Колхоз басқармасы Е. Бекішевке тегін
путевка және 500 сом ақшадай көмек көрсетті (Коммунизм жолы, 28ЛЧ.57).
Оларға ақшадай сыйлық берілді (Қызыл жұлдыз, 9.ІХ.56). Ол өнегелі еңбегі
үшін совхоз дирекциясынан ақшалай және заттай сыйлықтар алды (Орал, Жымп.).
Бұл малдарды мемлекетке ет үшін әрқайсысының тірілей салмағын орта есеппен
380 кг тапсырды (Колх. туы, 27.ХІІ.56). Ол уақытта құлдарды тірілей алып
келетін (Т. Ахтанов).
в) Ң дыбысына бітетін кейбір түбірлерге -лық, -лік, -дық, -дік, -тық,
-тік, -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті және -дақ, -дек, -тақ, -тек қосымшалары
косылғанда көбіне олардың -лы, -лі, -лық, -лік, -лақ, -лек варианттары
жалғанады: мұңлы—мұңды, теңлік — теңдік, саңлақ — саңдақ, бірді жарым —
бірлі жарым, шаңлақ — шаңдақ, паңлық — паңдық. Мысалдар: Біз паңлықты
жақтырмайтын адамбыз (Сем., Мақ.). Мына жол шаңлақ екен (Шымк., Сайр.).
Оңтүстік аймақтарда саңлақ десе, солтүстік-батыс аймақтарда саңдақ дейді.
Ішінде не саңдақтың сынға ілінген. Бәйгеңді басып озып алып едің
(Айманкүл).
г) Шығыс говорларда дауыстыға және й дыбысына біткен кейбір сөздерге
көптік жалғаудың -лар, -лер тұлғасының орнына -дар, -дер варианты жалғанып
айтылады. Мысалы: одар — олар, биедер — биелер, үйдер — үйлер, мұңдыдар —
мұңдылар. Мысалдар: Қыздар үйдеріне тарап кетті (Шығ. Қаз., Больш.). Бұл
колхоздың биедері көп (Сем., Үрж.). Ол мұңдыдардың , қатарына жатпайды
(Сем., Мақ.).
д) Шығыс говорларда зат есім тудырзтын -лық, -лік және етістік
тудыратын -ла, -ле варианттарының орнына кейбір сөздерге -дық, -дік, -да,
-де варианттары жалғанады. Мысалы: қордық — қорлық, ұрдық — ұрлық, зордық —
зорлық, үрде — үрле, үйдену — үйлену, өрде — өрле, айғайда —
айғайлаайқайла. Монғолиядағы қазақтардың тілінде әудие — әулие, одар —
олар, ұрдық — ұрлық, даярдап — даярлап, ақшадай — ақшалай, айғайда —
айғайла, зордық — зорлық, түрді — түрлі. Мысалы: Сен кімнің әудиесісің,
одар келуге даярланып жатыр деп естідім. Одан қордық-зордық көргенім жоқ.
Онда әр түрді жағдай да бар ғой[1].
Сш. Мышық — мысық, машқара — масқара, сайқымазақ — шайқымазақ, тұрмыш
— тұрмыс, башқыш—басқыш, ешек — есек, мұрса — мұрша, сама — шама, сүйінші —
шүйінші, шандачанда — анда-санда, қышқаш. — қысқаш, қауысу—қауышу т. б.
Мысалдар: Біздің үйде екі мышық бар (Шымк., Сар.). Біз кейде есек, кейде
ешек дейміз (Шымк., Ленг.). Ол менен шүйінші сұрап келген еді (Шымк.,
Сайр.). Аман-есен қауышқанымыз жақсы болды (Орал, Жымп.). Біз онымен жолда
қауыстық. Әйтеуір, өлмей аман қауысқаның жақсы болыпты (Окт. туы,
14.УІ.59).
Дт. Тоғару — доғару, тиірмен — диірмен, томалаутұмалау — домалау,
әтейі — әдейі, тоға — доға, дізгін — тізгін, тілмар — ділмар, дізе — тізе
т. б. Мысалдар: Ұйымдастыру жұмысының дұрыстығын 20 июльге дейін тергеп
шығу, кемшіліктерді орнында дүзеу МТС директорына міндет етілсін (Жаңа
жол, 19.VII.38). Жаңа дүние жасалды, Тұрмысын халық дүзетіп (Н. Байғанин).
Оның дізгінінде болған Есекеновты зан, орындары жауапқа тарту керек (Жаңа
жол, 15.УІІ.38). Не қызмет істейін деп алдында балалары таяр тұрды (Орын.,
Ад.). Арқабаев Сұлтан екеуіміз Саға ауылында тушар болдық (Орын., Ад.).
Пм. Мейіл — пейілбейіл, мұрсат — пұрсат, меш — пеш, сақманшы, —
сақпаншы т. б. Мысалдар: Бес сақманшы төлдің есебін жүргізді (Алм., Алак.).
Мал төлдету кезінде маған 2 сақпаншы бөліп берді (Орал, Чап.). Шо-пандарға
қой қоздату науқаны кезінде көмекке сақманшылар бөлінді (Екп. жол,
22.ІУ.58).
Бп. Беш — пеш, балау — палау, бапа — папа, бұт— пүт, бейіл — пейіл,
пияз — бияз, пейнет — бейнет, пітіру — бітіру, пал — бал, пида — бұйда,
кепе — кебе (қозы), тапа — таба, палуан — балуан, полат — болат, бияла —
пиала, пілте — білте, пұл — бұл, байда—пайда, пұтақ — бұтақ. Сөз басындағы
б дыбысын п дыбысымен айту — әсіресе оңтүстік говорлар тобына тән. Батыс
өлкесінің тұрғындары жоғарыдағы сөздерді б-мен айтып дағдыланған. Оңтүстік-
шығыста Палуаншолақ десе, солтүстік-батыста Балуаншолак дейді. Мысалы,
Біржан сал, Ақан, Әсет, Палуаншолақ, Солардың жолын қудың әнін салып
(Шашубай ақын). Қонақка балау жасап берші (Орал, Чап.). Базардан 2 кило
пияз алып келу керек (Шымк., Лен.). Тапамызды кеше балалар алып кеткен еді
(Алм., Шел.). Магазинге әдемі пияла түсіпті (Шымк., Сар.). Сенің қанша
пұлың бар? (Шымк., Сар.) Бір сөзге тиянақты болмай палуан. Имендің бе
ізденген өнерпаздан (К. Әзірбаев). Жауырыны қақпақтай, балуан жігіт
Бұланбай (Ғ. Мүсірепов). Молдадан алған сабақтың байдасы тимейтін (Орал,
Бөр.). Онын істеп жүргені бендешілік қой (Орын., Ад.). Пейілі жаман адамның
іздегені дау болат (Қарақалпақ қаз.). Әне бапаң келе жатыр (Орал. Чап.).
Кг. Бөтеге — бөтеке, теңке — теңге, нөгер — нөкер, гіл — кіл, шөңге —
шөңке, гүләбі — күләбі, гіналау — кіналау. Мысалдар: Есберген, Жылыбай мен
Қалабайдың, Білемін көрмегенмен оның жайын. Қаладан бір теңкеге сатып алса,
Таратат үш теңкеге шекер-шайын (фольклордан, Орын., Ад.). Нөгер формасын
кейбір халық жырларының тілінен де кездестіреміз. Қырық күндей той кылып,
дәурен етті. Қырық қара нар арттырып қыз жөнелтті. Шырағым, жұрттан жалғыз
шықпасын деп, Қырык нөгерді баланың қасына ертті (Қозы Көрпеш — Баян
сұлу).
Шч. Бұл алмасу әдетте оңтүстік-шығыс говорларына тән. Батыс говорлар
тобында бұл құбылыс Маңғыстау говорында және түрікмен мен қарақалпақ
қазақтарының тілінде кездеседі. Бұл алмасу көбіне сөздің басында байқалады.
Мысалы: чал — шал, чапан — шапан, чақыру— шақыру, чегара — шекара, чатақ —
шатақ. Қейде -шы, -ші, -ыншы, -інші, -ша, -ше жұрнақтарының құрамындағы ш
дыбысы сонор дыбысқа аяқталған түбірлерге жалғанғанда, ч дыбысына айналады.
Мысалы: бойынча — бойынша, бірінчі — бірінші, малчы — малшы, колхозчы —
колхозшы, сауынчы — сауыншы т. б. Ш және н дыбыстарының алмасуы Монғол
халық республикасында тұратын қазақтардың тілінде де кездеседі. Мысалы:
чатақ — шатақ, чыны — шыны, чеке — шеке, чідер — шідер, чөп — шөп, чикі —
шикі т. б. Ч дыбысы сөз ортасында қатаң п, ц, к, т, сонор м, н, л, р
дауыссыздары мен дифтонгойд дыбыстан кейін келеді. Мысалы: апчы— апшы, ақча
— ақша, өкче — әкше, емчі — емші, аңчы — аңшы, сонча — сонша, ерчі — ерші,
мұнча — мұнша, елчі — елші, бірінчі — бірінші, бейчара — бейшара, қойчы
—қойшы, үйчүк — үйшік, кичі — киші, айтучы — айтушы[2].
Жд. Ұлы дүз — ұлы жүз, дүз сом — жүз сом, дүзік— жүзік, жұмалау —
домалау, суда дүзу — суда жүзу. Мысалы: Бұлар Ұлы дүздің адамдары ғой
(Орал, Жымп.).
Бір тапалтақ, мұртты капитан жұмаланып жетіп келді (Ә. Нүрпейісов).
Өзің жоқ жерде үйіңді бар жанымен өртеп жіберуге бұлардын дүзі жанбайды (X.
Есенжанов).
Жш. Келемеш — келемеж, ырғалып-шырғалып — ырғалып-жырғалып, жаппа
пышақ — ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алыс, жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі
Қадыр Мырза Әлидің қанатты сөздері
Құрмалас сөйлемнің қкалыптасу мен даму жолдары
Аяқпен жасайтын әдіс
Мұңайтпасұлы Қажымұқан туралы ақпарат
Нарманбет Орманбетұлы, Тайыр Жомартбайұлы, Ығылман Шөрекұлы шығармашылығына мәтіндік талдау
Біржан мен Сара айтысының шындығы
Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі
Қазақша күрестің жаттығу методикасы
Тарихтан сыр шертетін-халық даналығы
Пәндер