Хз. Мұхаммедттің адамдармен қарым - қатынасы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Хз. Мұхаммедттің адамдармен қарым - қатынасы

Өмірі

Хз. Мұхаммед Ислам пайғамбары болып табылады. Ибраһим пайғамбардың тегінен шыққан. Үлкен атасы Хз. Исмаил-Ибраһим пайғамбардың баласы, Шежіресі Аднанұлдарынан Құрайыш тайпасының Хашимұлдарына дейін келеді. Ал Құрайыш болса, Исмаил пайғамбардың Қайдар деген ұрпағы; уақыт өте келе көбейіп, көптеген ұрпақтарға бөлінген.

Хз. Мұхаммедтің атасы Абдулмұттәліл мен ағасы Әбу Тәліп Мекке қаласын басқарады. Абдулмұттәліптің кіші баласы Абдуллах еді. Хз. Мұхаммедтің әкесі Абдуллах үйленгеннен соң бір жылдан кейін қайтыс болды. Әйелі Әмина жастай жесір қалып, Абдулмүттәліптің үйінде өмір сүрді.

Абдуллах пен Әминаның баласы Хз. Мұхаммед Хіл оқиғасынан 50-55 күннен кейін, 571 жылы рабиул әууел айының 12-сінде, дүйсенбі күні кешке Меккеде туылды. Оның дүниеге келуімен бірге адамзат жаңа бір кезеңге кірді.

Хз. Мұхаммед жетім болғандықтан, оны анасы мен Меккенің басшысы болған атасы Абдулмүттәліп бағып бақты. Немересіне Мұхаммед атын қойған Абдулмүттәліп, оны біраз уақыт Халима деген әйелге сүт бала етіп береді. Алты жасында үйіне қайтқан кішкентай Мұхаммед 8 жасына дейін атасының қасында болды. Атасы қайтыс болғаннан кейін Мұхаммедті ағасы Әбу Тәліп қолына алды. Үйленгенге дейін ағасымен бірге тұрған Хз. Мұхаммедті осы жанұяның мүшелері өте жақсы көрді.

Балалық және жастық шақтарында түрлі жұмыстар істеген және көбінесе саудамен айналысқан Хз. Мұхаммед Араб түбегінен тысқары жерлерге сапар шекті. Бүгінгі Палестина мен Сирия аймақгарына баратын сауда керуендеріне басшылық етті. Міне осы сауда сапарлары оның Меккенің ең бай және атақты адамдарының бірі Хадишамен танысып, үйленуіне себеп болды.

Хз. Мұхаммед 25 жасында Хадишаға үйленді. 25 жылға созылған осы жанұя өмірінше Қасым, Зейнеп, Үммү Күлсім,

Рукия және Фатима деген балалар дүниеге келді. Ол Хз. Хадишаның өлімінен кейін басқа әйелдерге үйленсе де олардан балалары болған жоқ Хз. Мұхаммедтің жанұясына "Ехлм Бейт" деген ат берілген.

Хз. Мұхаммед қайтыс болғамнан кейін тірі қалғаны - тек қызы Фатима ғана. Оның ұлдары Хасан мен Хүсейін Пайғамбардың нем:ерелері болып, мұсылмандар арасында сейид немесе шериф деп аталған.

Хз. Мұхаммедтің жастық шағы бірқалыпты және тыныштықта өтті. Жақындары мен Меккеліктердің жақсы көрген және құрметтеген адамы еді. Ешкім одан зияндық көрмеді, ешкімге қолы да тілі де тиген жоқ. Жастығына қарамастан үлкен адамдармен бірге бірқатар маңызды мәселелерді шешуге қатысты. Мысалы, тайпа басшылары қатысатын "һилфу'лфудулда" (беделділер жиналысы) өз тайпасының өкілі болды. Қағбаны қалпына келтіру кезінде Хажерул-Есуедтің орнына қойылуы мәселесінде төреші болды. Төрелігі жақсы болды және тайпалар арасындағы түсінбеушілікті бейбіт жолмен шешті.

Хз. Мұхаммедтің мінезі жақсы, еңбекқор және сенімді адам еді. Барлық адамның сенімінен шығып, "Мұхаммедул-Емин" (Сенімді Мұхаммед) лақабын алды. Меккенің бай іс адамдарының және саудагерлерінің бірі болған Хадиша деген әйел оны сауда керуенінің басшысы етті. Ол оның сауда жасаған кезде көрсеткен мінез-құлқы мен туралығын ұнатты. Өзіне үйленуді ұсынды. Хз. Мұхаммед те оның үйлену ұсынысын қабылдап, Хадиша өлгенге дейін сонымен бірге жанұяда бақытты өмір сүрді.

Хз. Мүхаммед тек материалды қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, дүниеге қызығып, рухының қажеттіліктерін ұмытқан адам емес. Бір жағынан дүниелік жұмыстармен айналысса, екінші жағынан рухани қажеттіліктерін өтеді. Алланы есіне алды және Хира үңгіріне барып, ғибадат етумен шұғылданды. Осылайша, денссі мен рухын теңдей қанағаттандырды, толысқан кісі болып жетілді.

Хз. Мұхамедтің пайғамбар болуы

Хз. Мұхаммед 40 жасқа келгенде Ұлы Алла тарапынан пайғамбар болып тандалды. Хира үңгіріне шбадат жасап отырғаңда Жәбірейіл атты періште келіп, пайғамбар болғандығын сүйіншіледі. 610 жылы алғашқы уахиді алып, пайғамбар болған Хз Мұхаммед 632 жылы 8 маусымды Мәдинада қайтыс болады. Равзаи Мутаххара атымен белгілі қабірі Мәдинада, мұсылмандар оны зиярат етеді. Хз. Мұхаммед мұсылмандарға Кітап пен Сүннетті мирас етіп қалдырды.

Хз. Мұхаммедтің пайғамбарлығының он екі жылы Меккеде, қалған он жылдан астам бөлігі Мәдинада өтті. Мекке кезеңінде көптеген қиыншылықтарға кездесті. Меккеліктер Исламға және оның пайғамбарлығына қарсы шықты. Өзіне және асхабына азап көрсетіп, зұлымдық жасады. Кейін Хз. Мұхаммед пен Меккелік мұсылмандарға қысымшылық көрсетіп, қалаларынан зорлап шығарды және оларды хижрет жасауға мәжбүр етті.

Хз. Мұхаммед пен Меккелік мұсылмандар 622 жылы жасырын түрде Меккеден Иесрибке (Мәдина) көшті. Бұл оқиғаны Ислам тарихында "Хижрет" деп атайды. Хз. Мұхаммед Исламды Мәдиналықтар арасында уағыздады, халық топтасқан түрде жаңа дінге кіре бастады. Қысқа уақытта қоғам болып, мемлекет құрды. Мектеп және мешіттер соқты, дін мен ождан еркіндігіне қауыштырды. Үлгі болатындай қоғам мен мәдениетті жаратты. Хз. Мұхаммед қайтыс болмай тұрып, Араб түбегінің барлық халқы мұсылман болды.

Хз. Мұхаммед илаһи уахидің жарығымен адамдарға дінді уағыздады. Әрбір адамға түсінікті тідде сөйлеп, оларды ислам дініне шақырды. Оңайластырды, қиындатпады, сүйіншіледі, қорқытпады. Адамдармен сүйіспеншілік және кешірімділік қарым-қатынаста болды. Әрбір әрекеті мен ісінде кұрмет және мейірімділік пайғамбары екендігін көрсетті. Исламның сенім, ғибадат және ахлақ (мораль) негіздерін біртұтас етіп баяңдады. Исламды жүзеге асырудағы жақсы ахлақымен адамдарға үлгі болды.

Хз. Мұхаммед уағыздаған ислам діні дүние жүзінде үлкен төңкеріс жасаған. Хз. Мұхаммед жаңалық енгізуші еді. Адамдардың өміріне жаңа бір тәртіп енгізді. Дін, ғибадат, экономика, сауда және мәдениет салаларында жасаған жаңалықтары мен бірге жаңа бір өмір сүру тәсілін әкелді. Құран үкімдері турасында жаңа тәртіп орнатты.

Хз. Мұхаммед әрбір мәселеде әділ болуды көздеді. Адамдарды әйел-ер, бай-кедей, араб-ажем деп бөлмеді. Жоғарылықтың татуалықпен болатынын айтты. Міндеттендіруде және жұмысты бөліп, беруде әділет, ептілік және теңдік принциптеріне сүйенді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб шапқыншылықтарының мәні
Рух тәрбиесінің ислам дініндегі мәні. сопылық
Хз. Мұхамедтің (с. ғ. с. ) пайғамбар болуы
Ислам дінінің тәрбиелік мәні
Исламдағы құқықтық мектептердің қалыптасуы
Араб халифатының құрылуы
Исламның пайда болуы және сол төңіректегі нанымдар
Жастарды имандылыққа тәрбиелеудің маңызы
Ислам дініндегі тәрбиенің мән-маңызы
Ислам дiнi - бейбiтшiлiк пен келiсiм
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz