Кестенің жұмысшы беттерінің арасында жылжу


Жоспар
Кіріспе
I Кестелік процессор Excel
1. 1 Microsoft Excel -ді іске қосу және жұмысшы кестенің элементтері
1. 2 Excel -дегі деректермен жұмыс атқару
II Excel -дің Графикалық мүмкіндіктері
2. 1 Диаграммамен жұмыс атқару
2. 2 Графикалық объектілерді кірістіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиет
Кіріспе
1980 жылы кестелік процессордың пайда болуы арқасында кестелік құжаттарды компьютердің көмегімен өңдеу мүмкін
болды. Бірінші болып Vizaсalc электрондық процессоры дүни-еге келді. Бірақ ол шыққаннан кейін электрондық кесте кон-цепциясын басқа бірқатар фирмалар алды. Осылай Vizaсalc,
Superсalc, Multiplan кестелік процессорларының сериясы пай-да болды, бұдан кейін Lotos 1-2-3 пакеттері жасалды. Біздің
елде Computer Associates Inc. фирмасының Superсalc 3-4-5 кестелік процессоры кеңінен тарады. Содан кейін бірқатар орысшаланған және біздің қолданушыларға бейімделген АБАК, ДРАКОН, ВАРИТАБ-86 пакеттері жасалынды. Осы күнге дейін аз қуатты компьютерде Supercalc 4-5 версиялары қолданылады.
Қазіргі компьютерде Microsoft Excel кестелік процессоры
кеңінен тарала бастады.
Кестелік процессор Excel деректермен әртүрлі амалдарды орындауға мүмкіндік береді:
1. Кестелерді құрып, оларға ат беріп дискіде сақтау.
2. Кестелерді ашу және оларды жөндеу.
3. Кестеге қатар, бағана немесе ұяшық қосу.
4. Кестеден қатарды, бағананы немесе ұяшықты өшіру.
5. Қатарлардың, бағаналардың немесе ұяшықтардың
мазмұнын көшіру немесе жылжыту.
6. Өсу және кему реті бойынша ұяшықтардың мазмұнын
сұрыптауға болады.
7. Қолданушының өзі құрастырған формулалар бойынша
немесе кестелік процессорда бар дайын формулаларды
қолданып есептеулер жүргізуге болады.
8. Кестенің деректері бойынша диаграмма құру және олар-
ды кестеге кірістіру.
9. Кестеге графикалық обьектілерді, яғни стандартты сурет-
тер кітапханасынан суретті кірістіру.
10. Кестелерді баспаға, яғни принтерге шығару.
I Кестелік процессор Excel
1. 1 Microsoft Excel-ді іске қосу үшін келесі амалдардың тізбегін орындайды Пуск→Программы→Microsoft Excel.
Excel іске қосылғанна кейін, экранда көретініңіз кестенің жұмысшы беті. Жұмысшы беттер жұмыс кітабына біріктірілген.
Excel жұмыс кітабы дискіде бір файл ретінде сақталатын
үнсіз келісім бойынша үш жұмысшы беттен тұрады. Кітапта жұмысшы беттің санын бір кітапта 255 бетке дейін көбейтуге болады.
Жұмыс кестесі қатар мен бағана түрінде ұйымдастырыл-ған. Әрбір бет 256 бағанадан және 16384 қатардан тұруы мүм-кін. Бағандар латынның A, B, C әріптерімен белгіленеді, ал қа-тарлар нөмірленеді. Қатар мен бағананың қиылысқан жерінде
координаттармен бейнеленетін ( A1, B2, және т. с. с. ) ұяшық-тар орналасады.
Excel жұмыс кітабы жұмыс кестелерінің беттерінен басқа диаграммалардың, модульдердің, макростардың беттерінен, сонымен қатар диологтық терезелерден тұруы мүмкін.
Жұмыс кестесі бойынша жылжу тышқанның көмегімен іс-ке асады. Кесте бойынша жылжи отырып, тышқанның бағыт-таушысы орналасқан аймағына оның түрі Қосу Белгісі болады,
ал кестеден тыс жерлерде және айналдырма жолағында ол Ба-
ғыттаушы түрінде болады.
Меңзерді жылжыту үшін < Tab> және <Enter> (Tab- мең-зерді оңға, Shift+Tab- солға, Enter -төмен, Shift+Enter -жоға-
ры жылжытады) пернелерін қолдануға болады.
Жұмыс кестесі бойынша жылжу пернелері
Меңзерді басқару
пернелері
Меңзерді белгілі бір бағытта жылжы-
тады
<Ctrl+п>немесе
<Ctrl+р>
<Pg Up>немесе
<Pg Dn>
<Ctrl+Pg Up>не-
месе <Ctrl+Pg Dn>
Меңзерді қатардың бірінші ұяшығына
жылжытады.
Меңзерді қатардың соңғы ұяшығына
жылжытады.
Кестенің жұмысшы беттерінің арасында жылжу.
Кітап бірнеше жұмысшы беттерден тұратын болғандықтан, кестенің беттерімен жұмыс істеген уақытта бір кестеден екінші кестеге жылдам әрі қарапайым ауысудың әдісі қажет.
Кестенің қажетті бетін экранға шығару үшін беттер арасында
ауысудың екі түрлі әдісі бар:
1. Терезенің төменгі жағындағы қажетті кестенің таңбасын шертіңіз. Терезенің төменгі сол жақ бұрышында беттердің таңбаларын айналдыруға мүмкіндік беретін айналдырма батырмалары орналасқан. Солға немесе оңға бағытталған ба-тырманы шерту таңбаны оңға немесе солға жылжытады.
2. <F5> пернесін басыңыз. Переход диалог терезесіндегі
Ссылка өрісіне таңбаның атын, леп белгісін және ауысқыңыз келетін ұяшықтың координатын енгізіңіз, OK батырмасын шертіңіз.
Кестеге жұмысшы беттерді қосу үшін Вставка → Лист коман-
дасын орындаңыз немесе таңба бойынша тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз және Добавить командасын орындаңыз.
Вставка диалог терезесінде Лист таңбашасында тышқанды екі рет шертіңіз.
«Лист 4» деген атпен кестенің жаңа беті ашылады және осы-лай 255 -ке дейін беттерді ашуға болады, бірақ тәжірибеде шағын кітаптармен жұмыс істеген дұрыс.
Үнсіз келісім бойынша жұмысшы беттердің таңбаларына
«Лист 1», «Лист 2» және т. с. с. аттар меншіктеледі. Бірақ тәжі-
рибеде мұндай кестелермен жұмыс атқарған кезде кестенің мазмұнын беретін атты меншіктеген жөн. Ол үшін бар таңба-
ның атын өзгерту қажет.
Таңбаның атын өзгерту үшін келесі амалдарды орындаңыз:
1. Қандай да бір таңбада тышқанның оң жақ батырмасын шер-
тіңіз.
2. Переименовать командасын таңдаңыз, таңба қара түспен
ерекшеленеді.
3. Жаңа атты еңгізіңіз.
4. Кестенің кез-келген ұяшығын шертіңіз.
1. 2 Excel-дегі деректермен жұмыс атқару.
Жұмысшы кестенің кез келген ұяшығына мәндерді, сол сияқ-
ты формулаларды енгізуге болады.
Егер меңзерді ұяшыққа орналастырып, деректерді енгізетін
болсақ, онда олар терезенің жоғарғы жағында орналасқан
формулалар қатарында бейнеленеді. Деректерді енгізген уақытта формулалар қатарында орналасқан Отмена, Ввод, Из-
менить формулу батырмаларын қолдануға болады.
Енгізуді аяқтағаннан кейін Ввод батырмасын шертеді немесе жай ғана Enter пернесін басады. Енгізген деректі болдырмау үшін формулалар қатарында орналасқан Отмена батырмасын
шертеді немесе Esc пернесін басады. Изменить формулу ба-тырмасы бойынша шерткенде формуланы беруге көмектесетін
Мастер функций іске қосылады.
1 . Мәтінді енгізу
Мәтінді енгізу үшін ұяшық таңдап, оны тереді. Енгізуді аяқ-тағаннан кейін Ввод батырмасын шертеді немесе Enter перне-
сін басады.
Excel үнсіз келісім бойынша мәтінді ұяшықтың сол жақ шеті
бойынша туралайды. Мәтіннің туралауын өзгертуге болады, ол
үшін ұяшықты ерекшелейді және пішімдеу панелінде По центру немесе По правому краю батырмаларын шертеді.
2. Сандарды енгізу
Кестеге санды енгізу үшін ұяшықты таңдаңыз, санды теріңіз
және Enter пернесін басыңыз.
3. Ұяшықтардың ауқымын таңдау
Ұяшықтардың ауқымын таңдау үшін, мысалы, А1 -ден Е8 -ге дейінгі барлық ұяшықтарды белгілейік, ол үшін А1 ұяшығында шертеді, одан кейін тышқанның батырмасын босатпастан Е8 ұяшығына ауысамыз.
Ұяшықтардың ауқымын таңдау үшін тышқанды және Shift
пернесін қолдануға болады.
4. Ұяшықтардың мазмұнын өшіру
Ұяшықтарда деректерді енгізген уақытта қате терілген сим-волдар не <Backspace> не <Delete> пернелерімен өшіріледі.
Егер бүкіл ұяшықтардың немесе ұяшықтар тобының мазмұнын өшіру қажет болса, онда осы ұяшықтарды ерекшелеп алу қа-жет және <Delete> пернесін басады.
Деректерді сақтау және қорғау
Жұмыс кітабын бірінші рет сақтау үшін Файл→Сохранить как командасын орындаңыз. Сохранение документа диалог терезесіндегі Имя файла өрісіне файлдың атын теріп және
Сохранить батырмасы бойынша шертіңіз немесе құрал-саймандар панелінде Сохранить батырмасы бойынша шерт-сеңіз, кітапты сол атымен қайта сақтауға болады.
Егер сіздің өзіңіздің жұмыс кітабынызды құпия информа-циялар болса, онда оны парольмен қорғауға болады. Ол үшін
Файл→Сохранить как командасын орындаңыз. Сохранение документа диалог терезесінде Параметры батырмасы бойынша шертіңіз.
Параметры сохранения диалог терезесінде жұмыс кітабын ашу үшін пароль және жазба жазуға рұқсат беру үшін пароль енгізуге болады. Парольді енгізгеннен кейін ОК батырмасын
шертіңіз.
Excel электрондық процессоры негізгі файлдардан басқа қосалқы көшірмелерді құруға мүмкіндік береді.
Егер Параметры сохранения диалог терезесінде Всегда создавать резервную копию опциясына жалауша орнатса, он-да Excel әрбір жаңа нұсқаны сақтаған кезде жұмысшы кесте-нің алдыңғы нұсқасын арнайы файлда сақтайтын болады.
Бар жұмыс кітабын ашу үшін құрал саймандар панеліндегі
Открыть батырмасы бойынша шертіңіз немесе Файл→От-крыть командасын орындаңыз, Открытие документа диалог терезе-сінде қажетті қапшықты, одан өз файлыңызды таңдап және Открыть батырмасы бойынша шертіп немесе оның атында тышқанды екі рет шертіп немесе оның атында тышқанды екі рет шертіп, оны ашыңыз.
Деректерді өңдеудің формулалары.
Excel-де барлық формулалары әрқашан теңдік белгісіне баста-лады. Егер оны жіберіп қойсақ онда енгізілген формула мәтін ретінде қабылданады.
Егер де меңзерде кез келген ұяшыққа орналастырып, теңдік белгісін енгізетін болсақ, онда формулалар қатарында осы теңдіктің және жыпылықтаған меңзердің белгісі пайда бола-ды. Формулаларды енгізген уақытта олар формулалар қатарында бейнеленеді. Enter пернесін басқанда Excel беріл-ген формула бойынша есептеу орындайды және көрсетілген ұяшыққа нәтиже шығады.
Ұяшықтардың ауқымын қосқан кезде формулаларды өзіңіз құруыңызға болады, мысалы, сіздің кестеңізде жалпы құнды
санау қажет. Ол үшін, сіз =D2+D3+D4+D5+D6+D7 формуласын
енгізесіз, тіпті Excel-де бар дайын функцияларды қолдануыңызға болады, мысалы, мұндай ұзын формуланың ор-нына =Сум (D2:D7) енгізуге болады немесе қосылатын ұяшық-тардың ауқымын ерекшелеп, құрал-саймандар панелінде Авто-сумма S батырмасы бойынша шертуге болады.
Формуланы есептеу кезінде құрылатын формулаға функция-ны енгізуге көмектесетін функция шеберін қолдануға болады. Функциялар деректерді енгізуді жеңілдетіп қана қоймай, со-нымен қатар қолмен атқарылуы қиын арнайы есептеулерді орындайды.
Функция шеберін шақыру үшін құрал-саймандар панелінде
Вставка функций f x батырмасын шертіңіз немесе Вставка→
Функции командасын орындаңыз.
Диалогтық терезеде Категория тізімінен функцияның катего-риясын, ал Функция тізімінен қажетті формуласын қоятын функцияны таңдап және Далее батырмасын шертесіз.
Excel үнсіз келісім бойынша ұяшықта формуланың өзін емес, оның есептеуінің нәтижесін көрсетеді. Егер жұмыс кестесінің
барлық формулаларының бірден көру қажет болса, онда Сервис→Параметры командасын орындаңыз, Параметры диа-лог терезесінде Вид қосымшасын таңдаңыз, Параметры окна бөлімінде Формулы опциясына жалаушаны орнатыңыз және ОК батырмасын шертіңіз.
Бұдан кейін жұмыс кестесінде формулалардың мәнінің орнына формулалардың өздері шығатын болады.
Іс-тәжірибеде мынадай жағдаймен ұшырасуға тура келеді:
кесте толығымен құрастырылған, нәтижелер есептелінген, кенет деректері бар ұяшыққа өзгеріс енгізу қажет. Ұяшыққа
кез келген өзгерісті енгізген уақытта жұмыс кестесінің бар-
лық формулалары үнсіз келісім бойынша автоматты түрде қайта есептеледі. Егер өзгерістер көп болса, онда автоматты түрде есептеу функциясын өзгерістерді енгізу кезінде өшіріп
қоюға болады.
Ол үшін Сервис→Параметры командасын орындаңыз, Параметры диалог терезесінде Вычисления қосымшасын таң-даңыз және Вручную опциясына жалаушаны орнатыңыз және
ОК батырмасын шертіңіз. Өзгерістерді енгізгеннен кейін <F9>
пернесін басып, кез келген уақытта қайта есептеуді орындауға
болады.
Деректерді жылжыту және көшіру.
Информацияларды жылжыту және көшіру принципін сіз білесіз. Бұл тышқанның көмегімен <алып бару> әдісі және Вырезать, Копировать және Вставить командаларымен алмастыру буферін қолдану.
Жоғарыда айтылғандай, сіз ұяшықтарда енгізілген формулалар бойынша есептеудің нәтижесін көресіз, егер сіз меңзерді формуласы бар ұяшықтардың біреуіне орналастыр-саңыз, онда формулалар формула қатарында бейнеленеді.
Барлық формулаларды бір мезгілде көру үшін Сервис→
Параметры →Вид →Формулы→ОК амалдарының тізбегін орындаңыз.
Тышқанның көмегімен деректерді жылжыту үшін:
1. D8 ұяшығын ерекшелеңіз.
2. Меңзерді ерекшеленген жақтауға орналастырыңыз, тышқанның сол жақ батырмасын басып, ұяшықты жаңа орын-ға -D11 ұяшыққа жылжытыңыз. Жылжыту кезінде тышқанның көрсеткіші және жақтау жылжиды.
3. Тышқанның батырмасын босатыңыз.
4. Ұяшықтардың мазмұнын бастапқы орнына қайтарыңыз.
Заполнить командасының көмегімен деректерді көшіру.
Бірдей сандық мәндерді бірнеше көрші ұяшықтарға көшіру қажет болған кезде Заполнить командасын қолдануға болады.
D2 ұяшығының мазмұнын көрші E2 және F2 ұяшықтарына көшіріп көрейік ол үшін:
1. Меңзерді D2 ұяшығына орналастырыңыз, тышқанды шертіп және оның батырмасын босатпастан көрсеткішін E2 әнеж F2 ұяшықтарына жылжытыңыз
2. Правка →Заполнить командасын орындаңыз. Пайда бол-ған ішкі менюден Вправо толтыру бағытын таңдаңыз.
Бір кестеден басқа кестеге немесе осы кестенің басқа жеріне информацияны көшіру немесе жылжыту үшін алмасты-ру буферінің командаларын қолдану қажет.
Алмастыру буферінің командаларын қолданып, информа-цияларды басқа кітапқа жылжытуға немесе көшіруге болады.
Информацияны басқа кітапқа көшіру немесе жылжыту бойынша әрекеттердің орындалу реті кестенің басқа бетімен
жұмыс атқарған кездегідей тек қана жаңа беттің орнына сіз алдында құрылған немесе жаңа кітапты ашасыз.
Өте үлкен кестелермен жұмыс істегенде кезде бір мезгілде
экранға сол бір кестенің екі әр түрлі бөлігін шығарған ыңғай-
лы. Бұл терезені екі бөлікке бөлумен іске асырылады.
Терезені екі бөлікке бөлу үшін меңзерді бөлудің болжамдалынған жеріне орналастырыңыз және Окно→Разделить командасын орындаңыз немесе бөлудің кішкене белгісін қажетті жерге апарыңыз. Бөлудің кішкене белгісің терезенің жоғарғы бөлігіне апарғанда, кестені көлденеңінен, ал төменгі бөлігінде тігінен бөлеміз.
Бөлінген терезенің бір аймағынан басқа аймағына тышқанның батырмасын қажетті аймақта шертіп ауысуға болады.
Бөлінген тереземен жұмыс атқарып болғаннан кейін бөлу-
дің кішкене белгісің терезенің оң немесе төменгі бөлігіне кері апарыңыз немесе Окно→Снять разделение командасын орын-даңыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz