Дыбыс сөздің материалы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Кіріспе бөлім: 1. Фонетика туралы жалпы түсінік .
2. Дыбыс, әріп, фонема .

2. Негізгі бөлім:
а) дыбыстардың жіктелуі
ә) фонетиканы оқыту жолдары .

3. Қорытынды: Фонетиканы зерттеудегі үлес қосушылар .

1.1.
Фонетика туралы жалпы түсінік.
Фонетика- гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа
еніліпқалыптасқан. Фонетиканың мағынасы- дыбыс, үн, дауыс. Фонетика- тіл
ғылымының, тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын,
олардың құрамын, тілдегі дыбыстың өзгеру заңдылықтарын зерттейді.
Тіл дыбыстары әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Тілдегі лексикалық
және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі
фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады. Тілдердің
дыбыстық құрамының өзіндік сипатын, заңдылығын білудің мәні зор. Тіл
дыбыстары- тілдің материалдық көрсеткіші оның барлық басқа да салдарының
бастапқы негізі, өйткені тіл дыбыстарының сипатын, онда болып тұратын
өзгеріс құбылыстарының өзіндік заңдылық-
тарын білмейінше, тілдің лексикалық, грамматикалық құбылыс- тарының қыр-
сырын түсіндіру мүмкін емес.
Тума талант, ғұлама ғалым, профессор Қ. Жұбанов қазақ тіл білімінің
барлық салалары бойынша пікір айтып, құнды зерттеулер қалдырған. Қазақ
тілінің дыбыс жүйесін ғылыми тұрғыдан зерттеу мәселесін алғаш қолға алған,
пән ретінде қазақ тілі фонетикасының ғылыми курсын жасаған. Ғалым өз өмір
сүрген кезінде фонетика- ның ғылымдағы орны дәл анықталып болмағанына
қарамастан ғылыми фонетиканың объектісін дұрыс тани білді. Ол дыбыстарды
тіл дыбыстары ететін олардың ленгвистикалық (фонологиялық) қызметі екенін,
тілдік қызметі бар дыбыстарды ғана зерттеу керектігін айта келіп,
фонетика- дыбыс тілі дыбыстарының тілдік қасиеттерін тексеретін ғылым
дейді. (Қазақ тілі жөнінднгі зерттеулер.А., 1996). Қазақ фонетикасының
ғылыми курсын жасаушы атты мақаласында профессор Ә. Жүнісбеков былай деп
атап көрсетеді: Профессор Қ. Жұбановтың қазақ тілінің дыбыс жүйесін
фонетикалық және фонологиялық тұрғыдан дербес-дербес қарастыруының өзі әлі
күнге дейін көп зерттеушілердің қолы жете алмай келе жатқан жай: оның дыбыс
пен фонемаға берген анықта- малары фонология теориясын еркін
пайдаланғандығының куәсі. Қазақ тіл білімінің алғашқы кезеңінде –ақ ғалым
тіл танудың іргелі мәселелерін дұрыс шешіп, теориялық терең тұжырымдар
жасауы нәтижесінде оның ұсынған ғылыми қағидалары уақыт сынынан мүдірмей
өтіп, өзінің өміршендігі мен заман талабына сай екендігін дәлелдеп, кейінгі
зерттеулердің бұлақ бастауына айналды. Бізге сақталып жеткен ғылыми
ізденістерінде ғалым тіл проблемаларын зерттеп танудың дәйекті үлгісін
көрсетіп, қазақ тіл білімінде тарихи салыстырмалы және салғастырмалы
типологиялық зерттеу тәсілдеріне де жол көрсетті.
Ғалым қазақ тіл білімінің барлық салалары бойынша іргелі ғылыми
еңбектер қалдырды десек, солардың ішінде фонетикаға қатысты зерттеулердің
маңызы ерекше зор деп білеміз. Қ.Жұбановтың 1936 жылы баспадан шыққан
Қазақ тілінің грамматикасы оқулығының І бөліміндегі фонетикаға қатысты
тарауы, Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар атты еңбегінің
баспадан шығып үлгерген Қазақ тілінің фонетикасы деп аталатын бөлімі,
Буын жігін қалай табуға болады?,
К постановке иследивоние истории фонетике казахского языка атты және
қазақ тілінің алфавиті, орфографиясы, терминологиясы мәселелеріне арналған
мақалаларға қазақ тілі фонетикасының ғылым ретінде іргесі қаланып,
теориялық тұрғыдан зерттеліп, қалыптасуына игі жағдай туғызды.
Қ. Жұбановтың фонетика жайлы теориялық еңбектерінің ішінде
Қазақ тілі грамматикасының фонетика бөлімін ерекше атауға болады. Онда
дыбыс, дыбыстың саны мен сапасы, дауысты-дауыссыз дыбыстар, олардың
артикуляциясымен акустикасы, дыбыстау аппараты, буын, сингормонизм, екпін
туралы жүйелі баяндалады.

1.2.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген
ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған табиғаттан,
әлеуметтік ортадан есту мүшемізге (құлақ) сезілетін, әсер ететін әр алуан
үн дыбыстардың, сыбыс сылдырдың бәріне де қолданылады. Бірақ тілдің
фонетика саласы дыбыс атаулыны ондай кең мағынада емес, тіл дыбысы яғни
сөйлеу тілінің дыбыстары деген мағынада ғана қолданылады. Жалпы дыбыс болу
үшін мынадай үш түрлі шарт керек :
1. Дыбыс шығаратын дене;
2. Дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш-қуат;
3. Ауа толқырлық кеңістік.
Сөйлеу тілі дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі алғы шарт
керек:
1. Мұндағы дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшесі.
2. Оларды қозғалысқа келтіретін күш- өкпеден шығатын ауа.
3. Ауа толқырлық кеңістік- тыныс мүшелері, тамақ, қуыс мүшелері.
Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы- олардың
адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.
Сөздің айтылуы мен жазылуы бірдей емес. Көзбен көріп отырған яғни
жазылған тілді – сөзді қатесіз жазу және жазылғанындай етіп оқу, сөйлеудің
рөлін төмендетпейді де, кемітпейді.
Ал шындығында, сөйлеу, айту-жазудан гөрі маңыздырақ. Басқасын былай
қойғанда кез келген адам алдымен сөйлеуге жаттығып үйренеді де, содан кейін
барып жазуды үйренеді.
Сөз дыбыстан құралады. Бірақ дыбыс болған жердің бәрі сөз болып
қалыптаса бермейді. Мысалы, тал десек, сөз болады, лат десек, сөз болмайды.
Сөз бен дыбыстың арасында заңды бірлік бар.бұл заңдылық дәстүрлік принципке
сүйенеді. Сөз бен дыбыстың бірлігі мынада.
1. Сөз болмаған жерде дыбыс жүйесі жоқ.
2. Дыбыссыз сөз жоқ. Дыбыс сөздің материалы.
Әріп- дыбыстың жазудағы таңбасы. Қазіргі қазақ жазуындағы әрбір
әріптің өзінше пішіні (формасы) бар. Сөз ішінде әрбір әрәптің екінші
әріптен жігі көрініп тұрады. Әріптердің пішіні де жазбаша жылдам жазуға
ыңғайланған. Әрбір әріпті жазғанда бірімен-бірі жалғастырып, бір сөз
біткенше тоқтамай тез жазуға қолайлы. Сонымен бірге, сөз ішінде жеке
сөздердің сыртқы формасы бір сөзбен екінші сөздің шекарасын көрсетіп
тұрады.
Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе, а, е, ү,ұ кейде бір әріп (ю,я)
–бірнеше дыбыстардан (йүу, йұу, й,а) құралады. Ал кейбір әріптердің (ь)
жіңішкелік белгісі дыбыстық мәні болмайды. Әріп пен дыбыстың бірнеше түрлі
айырмашылығы бар:
1. Әріп дыбысты тек шартты түрде таңбалаумен бірге, қағаз бетіне, не жазуға
келетін басқа затқа түсіретін белгі болғанда, оған дыбыс мүшелерінің қатысы
жоқ, сондықтан ол құлаққа естілмейді, тек көзбен көруге келеді.
2. Әріп құбылмалы емес, үнемі бір белгімен таңбаланады, бірақ ол шартты
белгі екенін есте ұстау керек.
Тіл дыбыстары сөздер мен морфема(қосымша) ажыратуға қызмет ететін болса,
бұл- фонеманың да негізгі қызметімен саналады. Тілімізде сөздердің мағынасы
мен формаларын ажырата алатындай дыбыстар тобы-фонема бар. Мысалы: ат, ет,
от, өт секілді сөздерде бірыңғай т дыбысы бар. Дауысты дыбыстардың әсерімен
т- дыбысы бірде жуан (ат,от) бірде жіңішке (ет.өт) бірде еріндік (өт,от)
бірде езулік (ат,ет) болып бір шама ауытқушылықпен, ерекшеліктері айтылады
да, қызметіне қарай бір ғана фонема деп табылады. Бір дыбыстың айтылуындағы
мұндай ауытқушылық тіл білімінде алофон делінеді. Демек сөз –дыбыс емес,
фонемадан құралады. Қазақ тілінде дыбыстардың айтылуындағы ауытқулардың
сөздің мағыналары мен формасына әсері жоқ деуге болады. Сондықтан дыбыс пен
фонема бірінің орнына бірі синоним ретінде қолданыла береді. Ал орыс
тілінде олай емес, дауыссыздардың жуан, жіңішке айтылуының (угол-уголь,
стол-столь , мел-мель, тол-толь, кол-коль, кон-конь т.б.) сөз мағынасының
әсері болады. Сондықтан орыс тілінде дауыссыз дыбыстарының әрқайсысы жеке
фонема (негізгі дыбыс) болады.
2.а.
Акустикалық, артикуляциялық және басқа белгі қасиеттеріне қарай тіл
дыбыстары алдымен дауыстылар және дауыссыздар деп екі үлкен топқа
топтастырды.
Бұлардың әрқайсысына тән негізгі айырым –белгі, ерекшеліктер мынадай
болып келеді.
1. Дауыстылар дауыстыдан (тоннан) жасалады да салдырдың қатысы елеусіз
болады. Ал дауыссыздар керсінше, салдырдан жасалады. Тон қатысуы да,
қатыспауы да мүмкін.
2. Дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергісіз, қарқынсыз шығады да дыбыстау
мүшелерінің барлығы дерлік қатысады. Мәселен, а дегенде дауыс шымылдығы
дірілдейді, тіл сәл артқа тартылады, жақ (ауыз) кең ашылып, ерін екі жаққа
тартылып (езулік болып) айтылады. Ал, дауыссыздар да айтқанда, ауа
кедергіге ұшырап, қарқынды шығады да, бірер ғана дыбыстау мүшелері
қатысады. Мәселен, п дыбысын айтқанда, екі ерін ғана қозғалады (қозғалысқа
түседі).
3. Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар құрамайды. Мұның өзі дыбыстарды
жіктеудегі басты айырым белгі.
4. Дауыстыға екпін түседі. Дауыссыздарда мұндай қасиет болмайды.
5. Дауыстыларды дауыстап, созып айтуға келеді. Ән (вокал) дауыстыларының
осы қасиеттеріне негізделеді.
6. Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады. Жоғарыда ат, ет, от, өт
сөздерінің құрамындағы т фонемасының дауысының әсерінен төрт түрлі реңге ие
болып айтылады. Сондай-ақ дауыстылар қатаңдарда ұяңданып тұрады.
Мәселен: қабы (қап - ы), қарағай (қара қой), ағ ешкі (ақ ешкі) т.б.
Орыс тілінде керісінше, дауыстыларға дауыссыздардың ықпалы күшті
болады.
Қазақ тілінде 9 (тоғыз) жалаң (дауысты) (монофтонг) дыбыс бар:
а,е,ы,і,ә,о,ө,ү,ұ. Бұдан басқа екі қосынды дауысты (дифтонгоид) дыбыс бар:
и, у. Бұлардың ішінде ә, ө, ы, і, ұ, ү дыбыстары қазақтың байырғы
сөздерінде жиі кездеседі. Бір – қатар дауыстылар (а, е, и, у) қазақтың
байырғы сөздерінде де, орыс тілінен енген сөздерінде де бірдей қолданылады.
Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың жасалуы сөйлеу мүшелерінің
қатысына қарай: жуан және жіңішке, ашық және қысаң, еріндік және езулік
дауысты дыбыстар болып алты топқа бөлінеді.
Дауысты дыбыстың жуан және жіңішке болып бөлінуі тілдің қатысына
қарай байланысты болады.
Жуан дауыстылар дегеніміз – тілдің ұшы кейін тартылып, үсті
дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстар. Оларды кейде тіл арты
дауыстылар деп те атайды.
Жуан дауыстыларға: а, о, ұ, ы дыбыстары жатады. Жіңішке дауыстылар
дегеніміз – тілдің ұшы ілгері қарай созылып жатуы арқылы жасалған дауысты
дыбыстар. Оларды кейде тіл алды дауысты дыбыстар деп те атайды.
Жіңішке дауыстыларға: ә, ө, ү, і, е, у дыбыстары жатады.
У – дыбысы бірде жуан, бірде жіңішке (бару, келу) айтылуына
байланысты жуан да, жіңішке де дауыстылардың қатарына жата береді.
Дауысты дыбыстардың ашық және қысаң болып бөлінуі жақтың ашылу
қалпына байланысты болады.
Ашық дауыстылар дегеніміз – жақтың кең ашылуы арқылы жасалған
дауысты дыбыстар. Ашық дауыстыларға: а, ә, о, ө, е дыбыстары жатады.
Қысаң дауыстылар дегеніміз – жақтың тар ашылуы арқылы жасалған
дауысты дыбыстар. Қысаң дауыстыларына: ы, і, и, ү, ұ, дыбыстары жатады.
Ерін мен езудің қатысына қарай дауысты дыбыстардың жасалу жолы
еріндік және езулік дауысты дыбыстар болып бөлінеді.
Еріндік дауыстылар дегеніміз – еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы
арқылы жасалған дауысты дыбыстар.
Еріндік дауыстыларға: а, ө, ү, ұ, у дыбыстары жатады.
Ал езулік дыбыстар дегеніміз – езудің кейін тартылуы арқылы жасалған
дауысты дыбыстар.
Езулік дыбыстарға: а, ә, е, э, ы, і, и дыбыстары жатады.
Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық еркшелігі:
а) дауыссыздарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге
ұшырайды;
ә) дауыссыздарды айтқанда, үн бәсең, солғын болады;
б) дауыссыз фонемалар буын құрай алмайды;
в) дауыссыз фонемаларды айтқанда дауыс шымылдығы (желбезек) баяу
дірілдейді,яғни пассив қатысады.
Дауыссыз дыбыстар дегеніміз - өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап
шығуынан жасалатын дыбыстар.
Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й,
к, л, м, н, п, р, с, т, (у), һ, ф, ц, ч, ш, қ, ң. Жақша ішіндегі у фонемасы
тау, жауап, сауат, қауап секілді сөздерде келіп, буын жасай алмағандықтан,
дауыссыз дыбыстар тобына жатады. Арнаулы орта және жоғары мектеп
оқулықтарының кейбірінде (Қазақ тілі авторы – Ғ. Әбуханов). Щ – әрпі 26-
шы болып енгізілген. Бұл - әріпті дыбыс пен шатастырғандық. Дұрыс – щ дыбыс
емес, әріп. Ол щсозылыңқы (қос) ш дыбысының таңбасы.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне
соқтығып, одан салдыр пайда болады. Сондықтан да дауыссыз дыбыстарда үнге
салдыр араласады. Дауыссыз дыбыстардағы салдыр мен үн барлық дауыссыздарда
бірдей емес. Мысалы, бай, бас, күн сөздеріндегі б, й, к дыбыстарын алып,
екі құлағыңызды басып тұрып айтып көріңдерші. Сонда: К – дыбысынан ешқандай
үн шықпайды, тек қана салдыр естіледі. Й – дыбысынан салдыр естілмейді, тек
үн басым келеді. Б – дыбысынан үн де, салдыр да қатар естіледі, бірақ
салдыр басымырақ.
Дауыссыздар үн мен салдырлдың қатысына қарай қатаң, ұяң және үнді
болып үш топқа бөлінеді.
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп те
атаймыз. Қатаң дауыссыздарға: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч дыбыстары
жатады.
Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң
дауыссыздар деп атаймыз. Бұларда үннен салдыр басым болады. Ұяң
дауыссыздарға: б, в, г, ғ, д, з, ж, һ дыбыстары жатады. Қатаң, ұяң
дауыссыздардың бірімен-бірі жұп құрайтындары бар. Мұндац жұп болып келетін
қатаң, ұяң дауыссыздарға: п-б, ф-в, к-г, с-з, ш-ж дыбыстары жатады.
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын
дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздарға: р, л, й, у (тау),
м, н, ң дыбыстары жатады.
Дауыссыз дыбыстардың жасалуында өзіндік айырма бар. П және б
дыбыстарын айтқанда, тіл көтеріліп, үстіңгі тіске жақындайды да, ауа
сүзіліп шығады. Дауыссыздардың айтылуындағы, жасалуындағы осындай
ерекшелктерге байланысты олар шұғыл, ызың болып бөлінеді. Шұғыл дауыссыздар
мыналар: п, б, т, д, к, қ, г, ч, ц. Ызың дауыссыздар мыналар: в, ф, г, ғ,
з, ш, щ, ж, х, һ.
Сонымен сөз жасау үшін, дұрыс сөйлеп, сөз мағынасын дұрыс білдіру
үшін, одан әрі сауатты жазуға үйретуде фонетика ғылымын үйретудің маңызы
зор. Жаңа бағдарлама бойынша фонетика бесінші сыныпта 30сағат мөлшерінде
оқытылады.
Тіл дыбыстарының мәні мен қызметі туралы оқушыларды бастауыш
сыныптардан алған біраз ұғым бар. Алайда бесінші сынап оқушыларына бұл
тараудан ғылымға негізделген жүйелі білім береді. Мұнда дыбыстардың пайда
болу жолдары, дыбыстау мүшелерінің қызметі, олардың сөйлеу кезіндегі
дыбыстау мөлшерінің қалпы көрсетілу жолымен меңгеріледі. Дыбыс деген ұғымға
назар аударылып, оның айтылу, естілу жағдайына бақылау жасалынады. Сөйтіп
тіл дыбыстарында мағына бар деген ұғымға келтіріледі. Осы арада сөздің
айтайын деген ойды білдіру үшін қолданылатыны еске түсіріледі. Соған орай
сөздің дыбыстан құралатыны, сөздегі дыбыс саны мен мәні әр түрлі болса,
онда сөздердегі мағыналардың да өзгеше болатыны салыстыру әдісімен
түсіндіріледі. Мысалы:

Ат Ағыс
Сабақ
Ет Алыс
Сабау
Осылайша сөздің басында, ортасында, аяғында бір дыбыстың өзгеріске
түскенін байқаған оқушы тіл дыбыстарында мағына бар деген ұғымға келеді.
Жеке дыбыстың өзіндік үнін танытқанда, алдымен дауысты дыбыс арқылы жұмыс
жасалады. Ал дауыссыз дыбыстардың таза дыбысталуы тек қана дауысты дыбысқа
тіркеп айтқанда естіледі. Мысалға жоғары сөздерді пайдалануға болады.
Ақырында дыбыстар дауысты, дауыссыз болып екі жікке бөлінетінін оқушылаодың
білімін еске түсіру тәсілімен байқатқан бейімді. Содан кейін бұл түрлердің
сапрасы таныстырылып, дауысты дыбыстың таза үнінен, дауыссыз дыбыстың
салдырмен үннен пайда болатынын түсіндіріледі.
Алфавит тақырыбын өткенде, тіліміздегі дыбыс пен әріп пысықталады.
Олардың саны бірдей емес екендігі байқатылады. Әріптердің тұрақты жүйеге
келтіріліп тізілуі алфавит деп аталатыны, оның түрліше тізім жасауға
қолданылатыны түсіндіріледі. Сондай тәжірибелік мәні болғандықтан, алфавит
оқушыларға міндетті түрде жаттатылады.
Дыбыстардың жіктелуі мектеп бағдарламасының талабы бойынша әуелі,
дауысты және дауыссыз болып екі үлкен топқа ажырайтыны, одан кейін
дауыстыларды жуан – жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік болып,
дауыссыздардың қатаң, ұяң, үнді болып жіктелетіні түсіндіріледі. Бұл мәселе
оқушылардың бастауыш класстарда меңгерген білімдерін еске түсіру тәсілімен
орындатылады.
Оқыту тәжірибесінде Дыбыстардың жіктелуі туралы мұғалімдер
көбінесе сандық ұғым беру жолымен жүреді. Онда тілімізде неше дыбыс бар
екенін айтып, олардың нешеуі дауысты, қаншасы дауыссыз дыбыс болатынын айта
келіп, тақтаға тізіп көрсетеді. Бұларды оқушыларға көшіртеді. Содан соң
жаттығудағы сөздердің дыбыстарын дауысты, дауыссыздығы жөнінен талдатады.
Бұл тәсілмен оқытқанда, білім саналы меңгеріле қоймайды. Сапалы ұғым беру
үшін дыбыстардың дауысты, дауыссыз болу себебін таныту керек. Мұғалім
мысалға ат деген сөзді алып, оны тақтаға жазады. Оқушылар бұл сөзде а
және т деген екі (ұғым) дыбыс бар екенін айтады.Мұғалім енді осы
дыбыстардың айтылуындағы өзгешелігін табу керектігін тапсырады. Сонда а
дыбысы ауыздан ешқандай кедергісіз, еркін шығатынын, т дыбысы
кедергіленіп айтылатынын оқушылар айтып байқау жолымен анықтайды. өйтіп
кедергісіз айтылған дыбыс-дауысты, кедергімен айтылса-дауыссыз деген
тұжырым жасайды. Ал, т дыбысын айтқанда, ауыз ішіндегі пайда болатын
кедергі тіл ұшымен тістің бюір-біріне қақтығысуынан екендігін балалар
түсінеді.Басқа да біраз дыбыстардың айтылуы бақылатылып, салыстырылады.
Осындай түсінік бергеннен кейін, алфавит кестесін іліп, тақтаға екі бағана
сызылады. Олардың маңдайшасына кедергісіз дыбыс, кедергілі дыбыс деген
сөздер жазылады. Оқушылар дәптеріне де осылай жазады. Тақтаға екі оқушы
шығып, бірі дауысты, бірі дауыссыз дыбыстарды өздері толтыратын бағанаға
жазады. Енді оқулық бетін ашқызып, ондағы дыбыстарды жіктеген
түсініктемелер бойынша жұмыс жасатылады. Түсінікті бекіте түсіп әрі қатеден
сақтандыру үшін, шағын диктант жаздырып, орфографиялық дағдылар беріледі.
Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге көкірегіңде болсын көз. (Абай)
Осындай көркем сөз үлгілерін мәнерлеп оқыту арқылы оқушыларға созып,
әндетіп айту арқылы дауысты дыбыстардың икемдік сыры танытылады.
Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар жуан, жіңішке болып ажырайды.
Оның себебі мынадай: жуан дауыстыны айтқанда, тіл ұшы біраз кейін
тартылады, үсті аздап көтеріледі, жіңішке дауыстыны айтқанда, тіл ұшы
ілгері ұшсынып, үсті сәл төмендейді. Бұл жайды түсіндіру үшін мұғалім басқа
дыбыстары бірдей, дауысты дыбыстары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психика дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру
Фонема туралы ілімнің алғашқы негізін салушылар. Фонетика ғылымын зерттеуде қолданылатын әдістер
Қазіргі қазақ фонетикасы
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің өзге тілдерден айырмашылықтары мен ұқсастықтары
Орфографиялық талдау жасау үлгілері
Транскрипция және транслитерация мәселелері. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектеріне шолу.Он сөйлем жазып, фонетикалық талдау
Қазақ тілінің орфографиялык сөздігі
Транскрипция және транслитерация мәселелері
Жуысыңқы дауыссыз дыбыстың жасалу тәсілі
Жалпы түркі тілінің басты ерекшеліктері
Пәндер