Қазақ халқының этногенезі (Халықтың пайда болуы мен қалыптасуы)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқының этногенезі
(Халықтың пайда болуы мен қалыптасуы)

Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жерінде халық болып құрылу процесі
алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі (б.д.д.2-1
мыңжылдықтар) мен темір дәуірі (б.д.д. 7-4ғғ.) кезеңдерінен басталады. Олар
негізінен Қазақстанның жерін мекендеген (байырғы) тайпалардан құралған.

Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпІ
ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы
бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан
бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним)
бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ
территориясы да бірыңғай болуы тиіс.

Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген
ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон,
Бегазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың
(сақ, сармат) иран тілдес болғандығы айтылады. Бұл кездегі тайпалар
антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтық нәсілдерге
жатты. Қазақ халқының бастауына сақтар, үйсіндер, қаңлылар да кіреді.

Қазақ халқының шығу тегі туралы аспектілерге лингвистикалық және
антропологиялық мәселелер жатады. Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі
процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі
аумақты кезеңге: үндіевропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Атап
айтқанда, лингвистика жағынан қарғанда - ежелгі европалық- үндіирандық-
прототүркілік-түркілік- қазақ. Түркі тілі Алтай тіл семьясына (монгол-
манчжұр-танғыс) жатады. Алтай қауымдастығы мезолит дәуірінде Орта Азия мен
Байкал бойында пайда болды. Түркі тіліне ғұн, оғыз, қыпшақ, үйсін, хазар.
Тұнғыс-маньчжұр тобына - нанай, эвенкі, манчжұр.Қазақ тілі түркі тілдерінің
қыпшақ тобының батыс тармағына жатады. Оған қарақалпақ, қарашай-балқар,
башқұрт, қырым татары, қырғыз тілдері кіреді.Ал антропологиялық тұрғыдан
қарағанда - европалық-европа-монголдық- монголдық-европалық. Бірінші
кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіевропалық
топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. 3-1 мыңжылдықтарды
қамтиды.

Екінші кезеңде Қазақстанға шығыс жақтан көшпелі тайпалардың, ғұндардың
Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат тайпаларының
жалғасы - үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға
түскен.

Б.з.б. 1 ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі
тілдес тайпалар Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, Қаңлы тайпалық
бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ғұнжардың Қазақстанға өтуінің екінші
толқыны б.з. 2 ғ. 1 жартысында орын алды. Бұл кезде солтүстік ғұндардың
тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, 6 ғасырға дейін өмір
сүрген Юэбань мемлекетін құрды. Ғүндардың біріктіруші ролінің арқасында
сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске
асты. Мұның өзі тайпалардың жаңа этникалық қауымдастығының қалыптасуына
әкелді және сол этникалық процестердің бағыт-бағдарын айқындап отырды.
Этномәдениеттік жағдайда түркі тілінің одан әрі дамып жайылған аймақтарда
сол сияқты моңғол түрінің белгілі әсері де көбейді.

Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтік нәсілге өтуі басталды.
Бұл процесс тарихи деректерге қарағанда б.з. 1-5 ғғ. қамтиды, мұның өзі
жергілікті жұрттың кескін-кейпіне, оның тіліне әсер еткені даусыз. Б.з. 6
ғасырынан бастап үйсін, қаңлы және басқа тайпалар тарих сахнасынан
көрінбейді, аттары аталмайды. Оған себеп, бұл кезде Қазақстан жерінде ,
оңтүстік аймақта шығыстан Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының
басымдығынан болса керек. Олар негізінен байырқу, Бұлақ, қарлұқ, кимек,
қыпшақ тайпалары еді. 6 ғасырда Қазақстан жері Түркі қағанаты құрамына
енді. Осы қағанаттар құрамында 30-дан астам түркі тілдес ру-тайпалар болды.
Үйсіндер мен қаңлылар оларға сіңісіп кеткен. 702 жылы Батыс түркі қағанаты
тарағаннан кейін оның орнына Түргеш қағанаты (704-756), Қарлұқ қағанаты
(756-940), Оғыздар (9 ғ. соңы 11 ғ. басы), Кимек қағанаты) 893-11 ғ. б.),
Қыпшақтар (11-1219 ж.), Қарахандар (942-1212 ж.) өмір сүрді. Осы
мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі
мемлекеттің тарихи ролі күшті болды. Оның біріншісі Қыпшақ хандығы. Ертіс
пен Еділ арасын мекендеді.

Қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен тағы бір мемлекет - ол
оңтүстік, оңтүстік шығыс Қазақстанда өмір сүрген Қарахан феодалдық
мемлекеті. Бұл мемлекетте қарлұқтардың ықпалы күшті болды. Шығыстан монғол
тектес көшпелі халықтар жасаған шапқыншылық оңтүстік және оңтүстік -шығыс
Қазақстанның қалыптасқан этникалық жайына соншалықты өзгеріс жасаған жоқ.

Алтай жақтан ығыса келіп, өздерінің мемлекеттік бірлестігін құрған
наймандар мен керейттер Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына елеулі
әсерін тигізді.

Бірақ осы бір сапырылыс кезінде шығыстан қидандардың
(қарақытайлықтардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы
нашарлайды. 13 ғ. басында Қарахан мемлекеті қайта көтеріліп келе жатқанда
мронғол шапқыншылығы басталды. Сондай-ақ орталық, солтүстік, шығыс, батыс
Қазақстан жеріндегі Қыпшақ мемлекеті де сондай жағдайға душар болды.
Монғолдар екі мемлекеті де қиратты. Сөйтіп, халық болып қалыптасуы процесі
15 ғасырға дейін кешікті.

Монғол шапқыншылығы салдарынан тұтас Ұлыстар орнағанмен, Қазақстан
жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы байланыстар бұзылғанын, Алаш халқының
әртүрлі аймақтарға (Жошы ұлысы, Шағатай ұлысы, Үгедей ұлысы, Алтын Орда,
Ноғай Ордасы, Көк Орда, Ақ Орда) қарағанын да мойындау керек. Ірі ру-
тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі
солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Дегенмен тіл бірлігі
жойылмады. Себебі бұл халық монғол шапқыншылығынан бұрын-ақ мәдени
қалыптасып қалған еді. Қайта монғолдар түркіленіп кетті. Бірақ бұл кезде
бұрынғы екі үлкен нәсілдің байырғы европеидтік және кейін қосылған
монғолоидтік нәсілдердің күрделі араласуы нәтижесінде қазіргі қазақ халқы
құрамының (антропологиялық, этникалық, лингвистикалық негізде) бірыңғай
тұтас қосындысы келіп шығады.

Алайда, Қазақстан жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде
сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім
хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты
шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейіннен қазақтардың
құрамына кірді.

14-15 ғғ. феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда,
Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында болып жатқан түрлі соғыстарға
қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу пооцестері
барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің
тарихи-географиялық, экономикалық және саяси оқшаулануының тарихи
қалыптасқан жағдайларына байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен
бүтіндікке ұмтылды. Нәтижесінде үш этникалық-шаруашылық топқа бөлінді. Үш
жүз осылай пайда болды. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Жетісу,
оңтүстік қазақстанды, Орта жүз Орталық, солтүстік Қазақстан, Кіші жүз Батыс
Қазақстан да болды.

Ұлы Жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлады. Оның құрамына
үйсін, қаңлы, дулат, шанышқылы, ысты және т.б. Орта жүз Орталық Қазақстан
мен солтүстік-шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етті. Оның құрамында
қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ т.б. Кіші жүздің мекені - Сырдың
төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей жағы. Оның
құрамындағы тайпалар одағы -Әлімұлы (Қарасақал, қаркесек, кете, төртқара,
шөмекей, шекті. Беріш; Байұлы - адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты,
беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш; Жетіру (табын, тама, кердері,
жағалбайлы). Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны туралы түрлі
пікірлер бар.

Осы арада қазақтың үш жүзіндегі тайпалардың бірыңғай болмағанын айту
керек. Мәселен, арғын, қыпшақ, алшын сондай-ақ басқа руларға да жататындар
үш жүздің қай-қайсысында да кездеседі.

Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу
айтыстарына айналды. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде
қолданылған "қазақлық" "қашақ" деген атаудан шықты дейді. Немесе "қазақ"
атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді "өзбек-қазақ" ,
кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп санайды. "Қазақ" термині 1245 жылы
Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба
ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз
басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ"
терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата
шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери
жорықтарға қатысуын санаған.

Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың
атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз және "сақ"
деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қазақстан тарихының 2 томында
"...қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында
әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және
осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы
қалыптасуының да маңызды кезеңі болды" деп жазылған. Яғни бұл процесс түрлі
кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ
тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы
қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың
этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын "қазақ"
атауы, этникалық маңызға ие болды.

Қосымша
Қазақ атауының шығу тегі туралы
Зерттеушілер екі жүз жылға жуық уақыт бойы қазақ терминінің шығуын
түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасап келеді. Айтылған
көзқарастар ауқымы өте кең, мейлінше иланымды ғылыми болжамдардан қиыннан
қиыстырылып шығарылған этимологияларға дейін бар. Алайда, қазақ сөзін
түсіндіретін түпкілікті пікірді, тегінде, әзірше ешкім айта алған жоқ.
Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуына байланысты соңғы уақытта жалпы қазақ
халқының тарихы мен мәдениетіне және атап айтқанда қазақ терминіне ден қою
едәуір арта түсті. Ғылыми басылымдар мен газет-журналдардың беттерінде
қазақ терминіне қатысы бар жарияланымдар пайда болды. Бірен-сарандарында
ғана болмаса, оларда баяндалған пікірлер өткен кездерде айтылған
көзқарастарға негізделген.
Қазақ атауының шығу тегі туралы мәселені шешкен кезде зерттеушілердің
едәуір бөлігі тайпа атауына терминологиялық сәйкестікті іздестіру жолына
түсті. Алдын ала атап өткен жөн, бұл әдістемелік тәсіл, зерттеушілік
практиканың көрсетіп отырғанындай, салғастырылатын ұғымдардың жақындық
дәрежесі туралы неғұрлым айқын тұжырымдар жасау үшін әлі де көп
жеткіліксіз. Қазақ сөзіне үндес терминдерді ғалымдардың Қазақстан аумағынан
едәуір алыс жерлерден тапқаны аз кездеспейді. Бұл орайда олардыңэтникалық
байланыстарының терендігін көрсете алатын тарихи-мәдени сипаттағы жүйелі
сәйкестіктерді анықтау қажетінен айналып өтілді. Тарихнамада қабылданған
ұқсастыру жөнінде мынадай негізгі болжамдар бар. Н. М. Карамзин мен
А.Вамберидің ізімен зерттеушілер көбінесе Византия императоры Константин
Багрянородныйдың (X ғасырдыңорта шені) Кавказдың солтүстік-батысында жатқан
Казахия елі деп айтқан мәліметтерін келтіреді. Айтылуының үндестігі
негізінде авторлар Казахия терминінде қазақ этнонимі көрініс тапқан деп
санайды. Сөйтіп осы негізде қазақ халқы X ғасырдан бастап белгілі болған
деген тұжырым жасалады. Казахия деп оқудың дұрыстығына қатысты біз түзету
жасауға тиіспіз, ол мынадай: түпнұсқада (грекше) екінші сөзде дзета (з)
емес, қайта сигма (с) берілген. Демек елдің атауы Касахия деп оқылуға
тиіс. Константин Багрянородныйдың хабарын түсіндіре келіп, В.Минорский
Касахия деп касогтар айтылып отырғанын әбден айқын көрсеткен. Казахия және
қазақ халқы атауын ұқсастыру тарихшылардың қосымша материалдар, атап
айтқанда, мұсылмандар дүниесінің жазбаша деректемелерінен алынған
материалдар тарту мүмкіндігін кеңейтті.

Мәселен, араб тарихшысы әрі географы әл-Масудидің (X ғ.) Китаб ат-
танбих ва-ль-ишраф деген шығармасында Кубань өзені ауданындағы кавказ
халықтары мен тайпаларының атаулары арасында кашак этникалық қауымы - әл-
касакия атап өтіледі. Көрнекті неміс шығыстанушысы И.Маркварт бұл екі
терминнің бір ғана этнос-касогтардың атауын беретіндігін көрсетті. Кім
жазғаны белгісіз парсы тілді Худуд әл-алам деген географиялық еңбектің
(Хғ.) аландар өлкесі туралы хабарлары да қарастырылып отырған тақырып
аясына жатады, онда Қара теңіз жағалауында орналасқан Касаг қаласы,
әдебиетте жазылып жүргеніндей, этникалық қауым емес, нақ қала туралы
деректер келтіріледі. Касогтар туралы орыс жылнамаларында да айтылады.
Повесть временных летшығармасын да Кубань өзенінің оңтүстігінде орыс
княздары Святослав (965 ж.) пен Мстиславтың (1022 ж.) касогтармен жүргізген
соғыстары туралы ақпарат бар. Касог термині бірінші рет VIII ғасырдың аяғы
- IX ғасырдың басында монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл
ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта
ғасырлардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын білдірудің әр алуан түрлері
болып табылады деген тұжырым шығады. Кавказтанушылар касогтарды (ертедегі
грузин ескерткіштерінде кашаг түрінде белгілі) Кіші Азияның хет-то-несит
дәуіріндегі каскакашка этнонимімен көптен бері жақындастырып жүр. Осыдан
касогтардың қазақтарға қосылысы туралы көзқарас қаншалықты ақталған және
дәлелденген деген заңды сұрақ туады. Қазақ этнонимінің касог, касахия
атауымен байланысы туралы пікір - мейлінше декларативтік сипаттағы пікір,
олардың арасыңда ешқандай тарихи сәйкестік болмаса да, ол пікір сөздердің
үндестігінен туындайтын болжамға негізделген. Касогтар автохтондық кавказ
тілдерінің біреуінде сөйлейтін абхаз-адыгей тобының ерекше кіші тобына
кірген. Тілі, шыққан тегі, тұрмыс жағдайы және дене тұрпатының
ерекшеліктері жағынан олардың қазақтардан және олардың түркі тілдес ата-
бабаларынан айырмашылығы күшті. Касогтардың этникалық бөліну процестері
және соларға байланысты Кавказдан орта ғасырлар дәуірінде Қазақстан
аумағына көшуі байқалған жоқ. Касогтардың көршілері Балқанға барып қоныс
теуіп, оған қазіргі Болгария атағын берген ертедегі түркі тілдес
бұлғарлардың тарихи аренада атқарғаны сияқты рөл оларға берілмеді.

Сондықтан касогтардың қазақтармен байланысы туралы пікір ешқандай сын
көтермейді. Әдебиетте қазақ сөзін араб тарихшысы Ибн Асам әл-Куфи айтады-
мыс деген 3. В. Тоганға сілтеме жасайтын көзқарас та бар. Біз денқойып
отырған термин Арран мен Дағыстанда хазарларға қарсы соғыс жүргізген араб
қолбасшысы Марванға арналған Китаб әл- футух тарихи шығармасында (IX
ғасырдың аяғы - X ғасырдың басы) айтылады. Еңбектің түпнұсқасында былай деп
жазылған: 736 жылы Марван Касак деп аталатын жерде қыстап шықты, Кура
өзенінен өтіп, Шаки қаласына беттеді. Контекстен әл- Куфидің туындысында
қазақ термині болмағаны, бірақ Үлкен Кавказдың таулы ауданында,
Азербайжанның батысында орналасқан Касак деген жердің аталатыны көрінеді.
Касак және қазақ терминдерін VIII ғасырдағы хронологиялық проблемаларға
байланысты ғана емес, сонымен бірге бір-бірінен алшақ жатқан тарихи,
географиялық және шаруашылық-мәдени өлшемдер кешені бойынша да салғастыруға
болмайды. Фин алтайшысы Г. И. Рамстедке барып тірелетін тағы бір пайымдауды
көрсете кетуге болады, ол қазақ терминін монғолдың хасаг-терген деген сөз
тіркесінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Орыс, қазақ ғалымдарының қазақ этногинезін зерттеу тарихы
Қазақ халқының қалыптасуы жайлы
Қазақ халқының қалыптасуы туралы
Шоқан еңбектерінің тарихи маңызы
Қазақтардың этникалық тарихының деректері
Ақын- жазушылардың тұлға болып қалыптасуы
Ежелігі Қазақстан тарихы туралы зерттеу
Қазақ халқының этникалық тарихының қалыптасу эволюциясы
Қазақ халқының қалыптасуы туралы мағлұмат
Пәндер