Қазіргі замаңғы экологиялық проблема


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазіргі замаңғы экологиялық проблема.

Соңғы кездерi экологиялық проблема туралы жиi айтуда. Бұл бiр ғана Қазақстан емес, бүкiл әлем елдерi назарын аударып отырған күрделi проблемаға айналды.

Бiздiң жерiмiздiң қойнауы тек қазына, байлық емес, ол қазiр түрлi улы газдар, күкiрттi сутегi және өзге де тiршiлiкке қауiптi химиялық қосылыстарға да «бай». Мұның барлығы адам денсаулығына керi әсерiн тигiзуде. Уланған топырақта өскен өсiмдiк, онымен қоректенген жануар айналып келгенде - адам азығы. Демек, адамзат өз өмiрiне қатерлi ортаны өзi жасап отыр.

Елiмiзде жүргiзiлген экономикалық өзгерiстердiң барлығы экологиялық жағдайды қорғау саясатынсыз iске асты. Осыдан келiп, «Экономикадағы экологиялық жендеттiк синдромы» пайда болды. Кеңес Одағы тұсында «Бiз табиғаттан рақымшылық күтiп отырмаймыз. Оның бермегенiн тартып аламыз» деген солақай тұжырым жасалғаны белгiлi. Бұл адамзаттың қалыптасқан табиғи жағдайларға қарсы шығып, оны өзiне бағындыру әрекетiнiң бастауы болды. Мұның ақыры неге әкелгенi баршамызға аян.

Ғылыми-техникалық жетiстiктерiмiз бiр жағынан мақтаныш болғанымен, оның да экологияға тигiзiп жатқан керi әсерi бар. Қырық жыл бойы Семейде ядролық қару сыналуы, әлi де Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып жатқан зымырандардың айтарлықтай зардабы бар екенi баспасөз беттерiнде жиi айтылып жүр. Қазақстандағы экологиялық жағдайдың төмендiгiнiң бiр көрiнiсi - Арал теңiзiнiң тартылуы. Айдыны тартылған соң ғана «Арал тағдыры - адам тағдыры» деп көңiл аудара бастадық. Өткен жылдан берi Арал теңiзi мен Сырдария өзендерiнiң арналарын ретке келтiруде бiршама жұмыстар атқарылды. Бүгiнде олардың тiршiлiгi қайтадан жанданып келедi. Алайда, бұрынғы деңгейге жету үшiн әлi де көп уақыт қажет. Соңғы кезде бұл өңiрден экологиялық апатты аймақ мәртебесiн алып тастау туралы мәселе көтерiлген. «Арал апат аймағы мәртебесi әзiрге күшiнде қалады» деген материалда не жайында айтылатыны тақырыбынан-ақ белгiлi. Журналист теңiз проблемасын жалаң түрде баяндамай, бұл аймаққа бiр топ жауапты қызметтегi адамдардың келгенiн, «Арал экологиялық апат аймағынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» заңның күшiнде қалатыны мен оның кемшiн тұстарын да атап өтедi. Автор жиi айтылатын Аралдың экологиялық жағдайын емес, аталған заңның әлi де жұмыс iстейтiнiне басты назар аударған.

Теңiздiң тартылуы, жағадағы улы тұздардың ұшуы барша адамзатқа төнген қауiп. Оның зардабын қазақстан халқы ғана емес, көршi елдер де тарта бастады. Осыдан келiп бұл проблеманы шешу жолға қойылды. Экологиялық, экономикалық, әлеуметтiк факторларда жақсарту бағдарламалары қабылданды. Олардың нәтижесi ендi байқалып келедi.

Автор материалында делегацияның Аралға келген сапарынан бастап, жасаған қорытындысына дейiн түгел баяндауы әрi оны қарапайым тiлмен көпшiлiкке жеткiзе бiлуi материалдың сапасын арттырған. Оқырман аталған заңның әлi де күшiнде екенiн бiлiп қоймай, облыстың жалпы жағдайымен де таныс болады. Оған дәлел «Оңтүстiк Торғай ойпатынан табиғи газ өткiзiп, Қызылорда қаласын көгiлдiр отынмен қамтамасыз ету осы өмiрге көп жеңiлдiктер әкелдi» деген ойы. (Пiрназар С. Арал апат аймағы мәртебесi өз күшiнде қалады. Журналист айтар ойын, келтiрер деректерiн бәрiн бiр-бiрiне сабақтастырып берген. Егер автор тек Аралдың экологиялық жағдайын ғана жазса, ол ешкiмдi қызықтырмас едi. Себебi, бұл туралы жиi айтылып та, жазылып та жүр. Ал бұл жерде әлеуметтiк проблемаларды жазу арқылы оқырманның қызығушылығын туғызған.

Бүгiнде Арал теңiзiнiң арнасы көтерiлiп келедi. Алайда, бұл Қазақстанның экологиялық проблемасы шешiлдi деген сөз емес. Көптеген өзен, көлдердiң тартылып, орны сорға айналуда. Соның бiрi Балқаш көлi… Табиғатта барлығы бiр - бiрiне байланыста. Сондықтан, өзендердiң тартылуы, жердiң жағдайына әсер етпей қоймайды. Ал қазiргi таңда жердiң ахуалы қандай екенi түсiнiктi. Оның құнарлығы төмендеп, топырақтың жел және су эррозиясына ұшырап, ылғалдылығы жойылып, орнын тұз басуда. Ғалымдар 18 см құнарлы қабат жасау үшiн табиғатқа жетi мың жыл уақыт керек екенiн дәлелдедi. Бiз болсақ түрлi жұмыстар жүргiзiп, санаулы жылда оны бар нәрiнен айырдық. Ендi осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында жұмыс iстелуде. Соның бiрi Бүкiләлемдiк Банкпен бiрлесе отырып, 2003 жылы «Қуаң жерлердi басқару» жобасының қабылдануы. Осы жобаның аясында жердi органикалық, минералдық тыңайтқыштармен байытып, шығымдылығын арттыру жұмыстары жүргiзiлуде.

Жердiң тозуы мен шөлге айналуы қазiргi кездегi жаһандық экологиялық проблеманың бiрi болып саналады. Ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи, экологиялық, әлеуметтiк жағдайларды ескермей жер пайдалану жүйелерiн күшпен енгiзудiң ақыры осыған әкелдi. Тың және тыңайған жерлердi игеру экологиялық - биологиялық тепе-теңдiктiң бұзылуына себеп болды. Сол жылдары Қостанай, Ақмола, Солтүстiк Қазақстан, Көкшетау және Павлодар облыстарында жыртылған жердiң көлемi 600 мың шаршы км. асқан. «Қазақстанның 26 млн. гектар тың жерi игерiлiп, соның салдарынан

8 млн. құнарлылығын жоғалтып, айналыстан шығарылды» (Назарбаев Н Көтерiлген тың - достық пен жасампаздықтың белгiсi // ЕҚ., 07. 02. 04) . Осынша үлкен алқаптың соқаға тырналуынан келген зардаптың орны әлi толған жоқ. Кейiнгi жылдары түрлi техногендi факторлардың әсерi онсыз да құлдыраған жердiң жағдайына тiптен керi әсерiн тигiздi.

Жер бүгiнгi таңда негiзгi табыс көзiне айналып отыр. Сондықтан, оны аяусыз пайдаланып, бойындағы бар нәрiн сатудамыз. Жыл сайын дақылдың бiр түрiн ғана егу, оның iшiнде көбiнесе пайдасы мол болғандықтан мақта өсiру, қажеттi мөлшерде тыңайтқыштар сеппеуiмiз де жердiң құнарлығын азайтуда.

Баспасөз беттерiнде жердiң экологиялық проблемасын көтерген жарияланымдарда осы туралы да айтылған. Соның бiрi «Егемен Қазақстан» газетiнiң 2004 жылғы 10 наурыздағы санында басылған «Ауылды дамытуға қажеттi қызмет» деген мақала. Мұнда автор ауыспалы егiс жүйесiн енгiзудi, сол арқылы мал азығы дақылдарын ұдайы егiп отыруды ұсынады. Сөйтiп, «мал басын өсiру, оны асылдандыру жұмыстары нақты нәтижелер берер едi» дейдi. Ауыспалы егiс жүйесiне көшу - әлемдiк тәжiрибеде пайдалылығын көрсеткен әдiс. Тыңайған жер келесi маусымда мол түсiм беретiнi бәрiмiзге ақиқат. Ендеше автордың ұсынысы өте орынды.

Сонымен қатар мақала авторы жаппай мақта екпей, бұршақ тұқымдас дақылдарға көшу қажеттiгiн айтады. Бұл да орынды айтылған пiкiр. Себебi, бұршақ егуден «жерлерде құнарлылық артып, табиғи азот тынайтқышы молая түседi» (Осы материалдан) . Автор агроном, яғни осы саланың маманы болғандықтан оған жердiң жағдайы мен оны қалпына келтiру жолдары мәлiм. Мақаланың тартымды шығуына бұл да ықпал еткен. Оқырманға берер мағлұмат, кеңесi мол. Тек тақырыбы мақаланың мазмұнын аша алмаған. Автор «Ауылды дамытуға қажеттi қызмет» - фермерлер үшiн арнайы дайындық курстарын ашу керек екенiне қысқаша ғана тоқталған. Ал басты назарды жердiң қазiргi ахуалына, оны шешудiң жолдарына аударған. Мақалда айтылар идея, ой құнды. Мұнда айтылатын ауыспалы егiстiкке көшу жердiң тыңайуына ықпал ететiн бiрден-бiр фактор. Адам қолы араласпаған жағдайда жер табиғи түрде тыңайып, құнарлылығы артады. Шаруа ойдағыдай етiп өнiм алу үшiн әртүрлi химиялық қосылыстарды пайдаланатыны анық. Ал олар бiржағынан пайдасы болса, екiншi жағынан зиянды.

Осы орайда мына деректерге сүйенсек: «1993-2002 жылдары егiстiк жерлерде жүргiзiлген мониторинг нәтижесiнде солтүстiктiң қара топырақты, орманды-далалық өңiрiнде топырақ құрамындағы қарашiрiк 8 пайызға, азот қышқылы 5 пайызға азайғаны анықталған. Оңтүстiк аймақтың қара топырағындағы қарашiрiк те 10- 14 пайызға азайған» (Әлiпбаев С. Жерұйықты iздеген ел оны таппай қоймайды. // ЕҚ., 30. 07. 03) . Осы сандардан топырақ құрамының қаншалықты азып-тозғанын бiлуге болады. Соңғы жылдары бұл көрсеткiш төмендемесе, жоғарыламағандығы анық.

«Жас Алаш» газетiнiң 2004 жылғы № 36 санында жарық көрген Қ. Данабаевтың «Әкiм әлем жұртшылығын қалай алдамақшы болды» деген материалын айтпай кету әбестiк. Журналист деректерге сүйене отырып, Қызылорда облысының экологиялық жағдайын жақсы көрсете бiлген. Тiлшi келтiрген деректерге қарасақ аудандардан алынған әр кг топырақтан 10 грамм тұз шығатынын байқаймыз. Оның салдарынан қарашiрiкке айналуы тиiс өсiмдiк сабақтары мен тамырлары минералды зат күйiнде қалады екен. Ол «Қазiр облыстағы топырақ биокарбонат пен натрий карбонаттарының салдарынан сiлтiленiп, сақарланып отыр. Сiлтiнiң өсiмдiк топырағын күйдiретiнiн көзiмiз көрдi» дейдi. Осыдан - ақ облыстағы экологиялық жағдайдың қандай дәрежеде екенiн шамалауға болады. Журналист Байқоңыр ғарыш айлағының зиянын, облыста өз-өзiне қол жұмсаушылардың көбейiп бара жатқанын, түрлi аурулар көбейгенiн, тiптi экологиялық жағдайдың нашарлығы оқушылардың сабақ үлгерiмiнiң төмендеуiне әкеп отырғандығын айтады. Мақала екi бөлiмнен тұрады. Олар: «Жалға жерiмiздi емес, денсаулығымызды берiп отырмыз» және «Апат зардабы ақыл-ойға да әсер етедi» деп аталады. Бiр проблеманы осылайша екi бөлiмге бөлу арқылы оны жан-жақты ашып көрсете бiлген. Автор, «Қызылорда сушаруашылығы» кәсiпорнының «облыста 104 мың гектар суармалы жер қанағаттанғысыз жағдайда, оның 28 мың гектары тұзданып, батпақтанды» деген дерегiн келтiрген. Осындай ресми деректердi пайдалану арқылы оқырманға неғұрлым мол мағлұмат беруге тырысқан. Мақалада экологиялық проблема өзектi көтерiлген. Мұнда облыс әкiмi С. Нұрғисаевтың бiресе «Шетелдiк инвесторлар апат аймағы атынан қорқып, қашады дегенiн», сосын «инвестиция көлемi 1999 жылы 10063 млн. теңге болса, 2003 жылы 42691 млн. жеттi» деген сөздерi де келтiрген. Өз сөзiн өзi жоққа шығарған облыс әкiмi журналистiң сынына ұшыраған. Мақалада қозғалатын тағы бiр экологиялық проблема - Арал теңiзi туралы. Одан апат аймағы мәртебесiн алып тастап, әлем алдында экологиялық проблема ауыздықталды деген түсiнiк қалыптастырудың қажетi қанша екенi айтылған.

Бүгiнде нарық талабына бейiмдене алмайтын, аз ғана тұрғыны бар, шалғайда орналасқан көптеген елдi мекендер «Болашағы жоқ ауылдар» санатына қосылған. Соның бiрi - Азғыр ауылы. «Егемен Қазақстан» газетiнiң тiлшiсi осы ауылдың қазiргi экологиялық - әлеуметтiк ахуалын сөз етедi. Материал газеттiң 2004 жылғы сәуiрдегi санында басылған. Ол «Болашағы жоқ ауыл» деп аталады. Осының бiрi «Егемен Қазақстан» газетiнiң 2004 жылғы сәуiрдегi санында жарық көрген «Болашағы жоқ ауыл» деп аталады. 12 сынақ алаңы бар ауылдың проблемаларына тоқтала келе, тiлшi «бұл мәселе ауылды қолдау жылында шешiмiн тапса», - деген ойын айтады. Үкiметтiң «Болашағы жоқ ауылдар» бағдарламасы бойынша Азғыр елдi мекенi өзге жерге көшiрiлуi қажет. Бiрақ оның нақты қай аймақ әрi қашан екенi белгiсiз. Елбасының адамдардың қалыпты өмiр сүруiне қолайлы жағдай жасау туралы Үкiметке берген тапсырмасы iске аспай отырғандығы да материалда аталып өтiледi. Ауылдың экологиялық жағдайы туралы айтқанда, өткен жылғы мамандар зерттеу жүргiзiп, қабылдаған актiнi сол күйiнде әрi майлы қарiппен берген, оқырман назары бiрден осы сөздерге аударылады. Әрбiр сынақ алаңына сипаттама берiп, ондағы радиоактивтiк қалдықтардың мөлшерi анықталған бұл актiден ол жердiң қаншалықты қауiптi екенiн бiлуге болады. «Сынақ алаңдарындағы радияцияның мөлшерi 25-30 микроренген / сағаттан аспау қажет. Ал № 2 алаңда дизометр тiлi 2500 мкр. /сағат көрсеткенiне куә болғанбыз» деп жазған. Демек, радиацианың мөлшерi белгiленген межеден 10 еседей асып кеткен. Осындай қатерлi аймақта тiршiлiк етiп жатқан адамдардың денсаулығы, жай-күйi қандай екенi айтпаса да түсiнiктi. Уланған топырақ, ластанған ауа, талапқа сай емес ауыз судың адам ағзасына ғана емес, қоршаған ортаға тигiзiп отырған зардабы бүгiнгi күнге дейiн толыққанды зерттелмеген. Себебi, журналистiң айтуынша, сынақ алаңдарының гидрогеологиялық картасы Ресейде.

Жоғарыда аталған актiнi автор түпнұсқа күйiнде беруi де мақаланың мазмұнын аша түскен. Мамандардың қорытынды пiкiрiне сүйене отырып жазылған мақала өз деңгейiнде шыққан. Тақырыбы «Болашағы жоқ ауыл» деген сөздер iрi және майлы шрифтпен басылған да, оның төменгi жағына «Азғыр елдi мекенi тұрғындары экологиялық ахуалдың нашарлығынан қоныс аударуға мәжбүр. Бiрақ мәселе әзiр шешiлер емес» деген сөздер жазылған. Мұны оқыған соң не туралы жазылғанын бiрден бiлуге болады.

Мақалада айтылатын «Азғыр елдi мекенiндегi және «Капустин Яр» әскери полигондарында 1966 - 1979 жылдары жер астында кем дегенде 17 ядролық жарылыс өткiзiлген. Мұны дәлелдейтiн ғылыми деректер бар.

Азғыр ауылының экологиялық жағдайы алаңдатарлық мәселе. Радиацияның мөлшерi шамадан тыс артып кеткен жерде әлi де тұрмыс құрып отырған адамдарға назар аударылмай отырғандығы түсiнiксiз. Баспасөз беттерiнде келтiрiлген деректерге сүйенсек, қазiр Қазақстанда 287 млн. 197 мың тонна радиоактивтiк қалдықтар бар екен. Бұл өте жоғарғы көрсеткiш болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық мектептердің қалыптасуы
Қазіргі өркениеттің жаһандық мәселелерін шешудегі ғылым мен техниканың рөлі
Табиғи ортаның ғаламдық экологиялық мәселелері
Қоршаган ортаның ластануының жіктелуі
Экологиялық тәрбие жүргізу және оның мәні
Табиғатты пайдалану экономикасы
Биосферадағы заттар айналысы
Жаратылыстанудың мақсаттары
Жаһандағы қауіпсіздік мәселесі
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық ахуалдар жөнінде жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz