Microsoft Excel электрондық кестесін құру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. Microsoft Excel электрондық кестесін құру
  2. Есептеулер жүргізу үшін Microsoft Excel электрондық кестесін қолдану
  3. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу

Қолданылған әдебиет

Кіріспе

Кестені - деректерді көрнекі түрде көрсету үшін қолданады. Компьютер оларды электронды түрде көрсетуге мүмкіндік береді, ал бұл бейнелеуден басқа, оларды өндеуге мүмкіндік береді. Осы мақсаттар үшін қолданылатын програмалар класстары электондық кестелер деп аталады. “Электрондық кесте” термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады. Кестелерді өңдеуге жататын іс-әрекеттер:

  1. функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу
  2. графиктер мен диаграммаларды тұрғызу
  3. түрлі-түрлі факторлардық құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу

Электондық кестенің негізгі ерекшелігі әртүрлі ұяшықтар арасындағы байланыстарды сипатауға мүмкіндік беруі болып табылады. Берілген формула арқылы есеп автоматты түрде орындалады.

1. Microsoft Excel электрондық кестесін құру

Microsoft Excel программасы деректер кестесімен жұмыс жасауға арналған. Кестені құру кезінде мәтіндік және сандық деректерді, сонымен қатар формулаларды енгізуге, түзетуге және форматтауға болады. Құрастырылған кесте баспаға шығарылуы мүмкін.

Электрондық кестенің негізгі түсініктері

Excel құжаты жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабында жұмыс парақтар жинақталған. Оның әрбіреуі кестелік құрылымды құрайды және бір немесе бірнеше кестелерден тұрады. Әрбір жұмыс парағының аттары бар. Электрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады. Жұмыс парағы жолдар мен бағаналардан тұрады. Бағаналар латынның бас әріптерімен белгіленген. Жұмыс парағында А әрпінен басталып IV -ке дейін нөмірленген 256 бағана болуы мүмкін. Жолдар 1-65586 сандарға дейінгі реттелген сандардан тұрады. Microsoft Excel программасын іске қосу үшін Іске қоу ⇒ Программалар ⇒ Microsoft Excel командасын орындау керек.

Excel терезесінде мынандай объектілер орналасқан:

  • Басқару батырмалары бар терезе тақырыбы;
  • Excel мәзірі;
  • Стандартты және Форматтау саймандар тақтасы;
  • Енгізу мен түзету жолы немесе формулалар жолы. Бесінші және соңғы жолдың арасына электрондық кестенің парағы ораналасқан;
  • Қалып күй жолы.

Электрондық кестенің негізгі ұғымдары мыналар:

  1. жол нөмірі - электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең ораналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген.
  2. бағана әрпі - электрондық кестенің бағаналарын анықтайды. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан. Бағаналар мынандай ретпен белгіленеді: A-X, содаң соң AA-AZ, одан кейін BA-BZ және т. с. с.
  3. ұяшық - электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы, В3 адресі В бағанасы мен нөмірі 3-жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.
  4. ұяшық көрсеткіші - ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескілген тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бойынша ұяшықтан орын ауыстыруға болады.

Ұяшықтағы мәліметтер

Excel-де кестенің кез-келген ұяшықтарына мәліметтердің үш типін енгізуге болады: мәтін, сан және формула. Мәліметтердің ұяшыққа енгізу үшін теңбіл торды сол ұяшыққа алып барып, керекті мәліметтерді пернелерді теріп (240 таңбаға дейін), соңынан Enter пернесін басу жеткілікті. Excel енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ - әріп немесе “’” (апостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі. Егерде бірінші символ цифр немесе “=” болса, онда ол ұяшыққа формула немесе сан енгізілетінін білдіреді.

Сандарды енгізу

Электрондық кесте ұяшықтарына сандарды =, +, - таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Егер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, онда Excel санның орнына қояды.

Формулаларды енгізу

Excel-де кез-келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірлген жиынынан тұрады. Формула “=” таңбасынан басталуы керек. Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос орын блмау керек.

Алдыңғы ұяшыққа сілтеме: Алдыңғы ұяшыққа сілтеме
Алдыңғы ұяшыққа сілтеме: А1(қатынастық)
Алдыңғы ұяшыққа сілтеме: $A1 (бағанабойынша абсолюттік)
Алдыңғы ұяшыққа сілтеме: A$1(жол байынша абсолюттік)
Алдыңғы ұяшыққа сілтеме: $A$1(абсолюттік)

2. Есептеулер жүргізу үшін Microsoft Excel электрондық кестесін қолдану

Excel программмасының функциялары, есепетеулерді жеңілдетеді соның ішінде кейбір функциялары:

Арифметикалық және тригонометриялық функциялар

ABS санның модулін қайтарады (абсолюттік өсуін)

ACOS санның арккосинусын қайтарады

ACOSH санның гиперболалық арккосинусын қайтарады

ASIN санның арксинусын қайтарады

ASINH санның гиперболалық арксинусын қайтарады

ATAN санның арктангенсін қайтарады

ATAN2 X және Y координаттарына берілген арктангенсті қайтарады

ATANH санның гиперболалық арктагенсін қайтарады

COS саның косинусын қайтарады

COSH санның гиперболалық косинусын қайтарады

EXP берілген саның экспонентін қайтарады

LN санның натуралды логарифмін қайтарады

LOG берілген негізі бойынша санның логарифмін қайтарады

LOG10 саның оңдық логарифмін қайтарады

SIN берілген синус бұрышын қайтарады

SINH саның гиперболалық синусын қайтарады

TAN санның тангенсін қайтарады

TANH санның гиперболалық тангенсін қайтарады

ГРАДУСЫ радианды градусқа ауыстыру

ДВФАКТР санның екілік факториялын қайтарады

ЗНАК санның белгісін қайтарады

КОРЕНЬ түбір квадратының ондық мағынасын қайтарады

КОРЕНЬПИ түбір квадратының оңдық мағынасын (* «пи» санын) қайтарады

МОБР кері матрицаны қайтарады (матрица массивте сақталады)

МОПРЕД массивте сақталатын матрица анықтауышын қайтарады

МУМНОЖ массивте сақталатын матрица туындысын қайтарады

НЕЧЁТ санды жұп бүтін бөлігіне дейін жуықтайды

НОД ең үлкен жалпы бөлгішті қайтарады

НОК ең кіші еселіні қайтарады

Арифметикалық және тригонометриялық функциялар

ОКРВВЕРХ санды жұп бүтін бөлігіне дейін немесе белгіленген еселі мағынаға дейін жуықтайды

ОТБР санның бүтін бөлігін алып тастайды

ПИ «пи» санын қайтарады

ПРОИЗВЕД аргументтердің туындысын қайтарады

ПРОМЕЖУТОЧНЫЕ ИТОГИ мәліметтер базасы мен тізім ішінен аралық қорытындыны қайтарады

РАДИАНЫ градусты радианға ауыстыру

РИМСКОЕ араб жазбасының санын мәтін ретінде римдік санға ауыстыру

СЛУЧМЕЖДУ берілген интервалда кездейсоқ санды қайтарады

СЛЧИС 0 ден 1 ге дейінгі интервал бойынша кездейсоқ санды қайтарады

СТЕПЕНЬ санның дәрежелік қорытындысын қайтарады

СУММ аргументтерді қосындылау

СУММЕСЛИ берілген шарт бойынша ұяшықтарды қосындылау СУММКВ аргументтің квадрат қосындысын қайтарады

СЧЁТЕСЛИ диапозон ішіндегі берілген шарттар бойынша бос емес ұяшықтар санын есептеу

ФАКТР саның факториалын қайтару

ЦЕЛОЕ санды ең кіші бүтін бөлігіне дейін жуықтайды

ЧАСТНОЕ бөлу кезінде санның толық бөлігін қайтарады

ЧЁТН санды тақ бүтін бөлігіне дейін жуықтайды

Функция атын формулаға кірістіру үшін Функция шеберін пайдалануға болады, ол Кірістру-Функция (Вставка-Функция) командасымен немесе fx, бейнеленген батырма арқылы іске қосылады. Excel-де бүкіл жұмыс кітабін, кез-келген парақты немесе кейбір ұяшықтарды өзгертуден қорғап қоюға болады. Инфломацияны қорғап қою оны өзгертуден қорғалу қасиетін алып тастағанға шейін сақталады. Әдетте жиі өзгертілмейтін мәліметтер (есептеу формулаларды, кесте тақырыптары) ғана өзгетруден қорғалуға тиіс. Мәліметтерді қорғау екі бөліктен тұрады:

  1. өзгертілуге тиіс ұяшықтардың бұрынғы қорғау қасиеттері алынады
  2. ағымдағы параққа немесе кейбір блоктарына қорғалу қасиеті енгізіледі

Бұдан кейін тек қорғалу қасиеті енгізілген ұяшықтар мен блоктарға ғана мәліметтер енгізіледі. Бір немесе бірнеше ұяшықты қорғау үшін келесі команданы орындау керек.

Формат-Ұяшық-Қорғау

Парақты немесе жұмыс кітабін толық қорғау қасиетін алып тастау үшін Сервис-Қорғау-Парақты қорғауды алу командасы орындалады.

3. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолданбалы бағдарламалық жасақтама. Электрондық кестелерді өңдеу құралдары
Информатикадан негізгі мәліметтер
Microsoft Word –мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік
КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЛАР
Электрондық кестелерді пайдалану
Ұяшықтардың абсалюттік және салыстырмалы адресі
Microsoft Excel бағдарламасында сызықтық функция графигін тұрғызу
Информатика пәні бойынша дәрістер
Информатика пәнінен зертханалық жұмыстар
MS Office пакеті туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz