Қазақстанда кеңес билігінің орнығуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанда кеңес билігінің орнығуы

Большевиктер өкіметінін түрлі аудандарда әрқалай орнығуы. Ұлт
мәселелерінін көтерілуі. Большевиктердің шектеусіз қимылдары. Кеңестердің
алғашқы шаралары.
Кеңес өкіметінің орнығуы. Кеңес өкіметі Қазақстанның түрлі
аудандарында әр кезде орнатылды. Бұл үрдіс көптеген объективті жағдайларға
байланысты болды.
Барлық демократиялық ұйымдар мен жұмысшы, шаруа және солдат қазақ және
мұсылман депутаттары Кеңестерінің, социалистік партиялардың, қала
думаларының 1917 жылы 15—22 қарашада Ташкентте өткен өлкелік съезі
Түркістан өлкесінде жаңа үкімет—"Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі"
орнағанын атап көрсетті. Халық Комиссарлары Кеңесінің 14 адамдық кұрамы
жарияланды. Алайда онда мұсылман халқының бірде-бір өкілі болған жоқ.
1917 жылдың қазанынан 1918 жылғы наурыздың басына дейін Кенес өкіметі
байтак Ресейге өз билігін орнатып үлгерді. Қазақ даласында Кеңес билігі
алдымен теміржол бойындағы қалаларда орнады. 1917 жылғы қазанда жұмысшы,
шаруа және солдат депутаттарының Перовск (Қызылорда) Кеңесі өкімет билігін
өз қолына алды. Сол жылы қарашада билік Әулиеата, Черняев қалаларында
Кеңестің қолына көшті. Атаман А.И.Дутов басқарған казактардың офицерлер
корпусы, Ә. Бөкейханов басқарған Алашорда үкіметі, эсерлер мен меньшевиктер
орталық Кеңес өкіметіне қарсы бірікті.
1917 жылғы желтоқсанда Балтық теңізшілері азық отрядының қолдауымен
Қостанайдың жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін өз қолына алған
болатын. 1918 жылғы қаңтарда болған Қостанай Кеңестер съезі бүкіл уезде
Кеңес өкіметін орнату туралы шешім қабылдады. 1918 жылдың басында Ырғыз
және Торғай уездерінде Кеңес өкіметі жеңіп шықты.
Ақмола даласы мен Ертіс бойындағы Атбасар, Қызылжар (Петропавл),
Көкшетау қалаларында Кеңес өкіметі орнауына Батыс Сібірдің Уақытша
Революциялық Комитеті ықпал жасады. Батыс Сібір Кеңестерінің III съезі
барлық жерде — Атбасар, Қызылжар және Көкшетауда өкімет билігінің Кеңестер
қолына көшкені туралы қаулы қабылдады. Ақмола ревкомы Уақытша үкіметтің
жергілікті органдары құлатылып, Кеңес өкіметі орнатылғанын хабарлады. Қызыл
гвардия отрядының қолдауымен жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының
Павлодар Кеңесі де 1918 жылдың қаңтарында өктет билігін өз қолына алды.
Өкімет билігі үшін тайталасқа түскен күштердің арақатынасын ескере
отырып, Семей большевиктеріне көмекке Новониколаевскіден (Новосібір)
өкілдер келді. Ревкомның басшылығымен қызыл гвардия отрядтары құрылып,
Кеңеске қайта сайлау өткізілді. 1918 жылғы ақпанның 16-сынан 17-сіне
қараған түні Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына көшті, мұның
өзі Өскеменде, Қарқаралыда, Зайсанда, Шығыс Қазақстанның өзге елді
мекендері мен ауылдарында Кеңес өкіметінің орнатылуын қамтамасыз етті.
1918 жылғы қаңтарда Оралда Кеңес өкіметі қиын жағдайда орнатылды.
Казактардың офицерлер мен кулактардан тұратын әлеуетті тобы, Жымпитыдағы
Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесі, Төменгі Еділде жинақталған күштердің
қалған бөлігі большевиктерге қарсы шықты. 1918 жылғы наурыз айында қалада
жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңестерінің облыстық съезі болып,
онда Орал облысында өкімет билігінің облыстық Кеңес атқару комитетінің
қолына көшкені, казактардың "Әскери үкіметі" мен Алашорда үкіметінің
таратылғаны туралы шешім қабылданды. Алайда қарулы күштердің болмауынан
Орал Кеңесі бұл шешімді орындай алмады. Наурыздың 28-інен 29-ына қараған
түні контрреволюциялық күштер төңкеріс жасады. Атқару комитетінің 60-қа
жуық мүшесі қамауға алынып, олардың көпшілігі ақ гвардияшылардың қолынан
қаза тапты. Кеңес өкіметі Оралда азамат соғысы жылдарында ғана біржола
орнатылды. Астрахан губерниясының құрамында болған Бөкей ордасында Кеңес
өкіметі 1917 жылғы желтоқсанда жарияланған болатын.
Жетісуда да негізгі таптық күштердің аражігі ашылып, онда соғыс
жағдайы енгізілді. 1918 жылғы наурыздың 2-сінен 3-іне қараған түнде
жұмысшылар, майдангер солдаттар және "Жетісу-2" казак полкінің революциялық
пиғылдағы жауынгерлері көтеріліс жасады. Көтерілісшілер бекіністі, қару
қоймасын басып алды, банкті, поштаны, телеграфты қолына қаратып алып,
юнкерлер мен алашорда милициясын қарусыздандырды. Верныйда Кеңес өкіметі
жеңіске жетті. 1918 жылғы наурыз айының ішінде бүкіл Жетісу облысында Кеңес
өкіметі жеңіп шықты.
Большевиктердің алғашқы шаралары. Қазақстанда Кеңес өкіметінің жеңуіне
байланысты бұрынғы буржуазиялық-помещиктік мемлекеттік аппаратты қирату
және жаңа өкімет органдарын құру басталды. Уақытша үкіметтің жергілікті
органдары, қоныстандыру басқармалары, болыстық земство басқармалары,
болыстық және ауылдық старшындар институты, билер соты таратылды. Жер-жерде
контрреволюциялық газеттер шығаруға тыйым салынды. Ауылдық, қыстактық шаруа
кеңестері, Халық шаруашылығы кеңестері, аудандық жер-су комитеттері
құрылды. Жазға салым барлық қазақ болыстарында шаруа кеңестері жұмыс
істеді.
Кеңестердің атқару комитеттері жанынан денсаулық сақтау, әділет,
қаржы, ағарту, жер және өнеркәсіп бөлімдері ұйымдастырылды. Бұл шаралар
Кеңес өкіметі жауларының қатты қарсылығын туғызды. Банктердің, пошта-
телеграф мекемелерінің шенеуніктері оған бағынудан бас тартып, жұмысты
тоқтатты. Іріткі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаштықтардың мақсаты - қазақ халқын отарлық негізден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру
Патшалық өкіметтің Қазақстанда саяси билігінің орнығуы (1867-1891 ж.ж)
Азаматтық қоғам туралы
Қазақстан Республикасы Президенті – мемлекет басшысы
Жергілікті өзін - өзі басқару жүйесіндегі халықты тікелей басқаруының жолдары
Қазақстан республикасының конституциясы
Сот билігі туралы
Қазақстанда исламның таралуының басталуы
Жергілікті өзін - өзі басқарудың аумақты кешені
Президенттік басқару жүйесі
Пәндер