Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
Мазмұны
Кіріспе
1.Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
2. Түркі тілдерінің қалыптасуындағы Алтай дәуірі
3. Түркі тілдерінің дамуындағы хун дәуірі

Түркі халықтарының Отаны жер шарының екі материгі-Азия мен еуропва.Дегенмен басым көпшілігі Азия болып саналады.Оған себеп – көпшілік түркілер осы жерлерді мекендейді , екін жерлерді мекендейді , екіншіден , тарихи тамыры да осы құрлықта .Ал Еуропадағы түркілер ,негізінен ,оның оңтүстігіне орналасқан да,Еділ мен Кавказ тауларының етегін мекендеген.Егер қазіргі кездегі түркі тайпаларының таралу географиясын сөз етсек, онда олар жер шарының барлық бөлгінде өмір сүреді деуге болады Мысалы,С.И.Бруктың зеріттеуінше, Африкада 25мың,Америкада 75 мың,Австралияда 12мың түркі тілді адам өмір сүреді.Бұл 1981 жылға дейінгі ақпараттан алынған.Ал батыс Еуропада 2195 мыңдай түркілер бар екен.Оларды бұл жерлерге бару себебі көне дәуірде жер бөлу, соғыспен барған болса, XX ғасырдан бастап саяси қуғын- сүргінге түскендер немесе экономикалық жағдайлармен бағынғандар.Қазақ ғалымы М Тәтімов 1991 жылғы «Ана тілі» газетіне түркі халықтарының санын былай көрсетеді.»Дүние жүзіндегі түркілер-55млн.., өзбекте-19,8млн,,қазақтар-10,3 млн,,ұйғырлар-7,9 млн,,татарлар -7,2,,түркмендер-4,7,, қырғыздар-3 млн,, чуваштар -1,9,, башқұрттар-1,8 млн т.б
Қолымыздағы ақпарат көздрі дұрыс сан бермейді.Салыстырыңыз, С Буруктың көрсетуінше, өзбектердің жалпы саны 13750 мың, қырғыздардың жалпы саны 2 млн. 040мың, қазақтардың жалпы саны 8 млнға жуық.1999 жылы Түркиядан шыққан қазіргі түркі лақшалары деген еңбектің көрсетуінше, өзбектердің жалпы саны 21млн,,

Түркі тануға кіріспе-Алматы «Арыс баспасы» 2004
2)Әбдуәли Қайдар
3)Мейірбек Оразов
2)Әбдуәли Қайдар
3)Мейірбек Оразов
Мазмұны
Кіріспе
1.Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
2. Түркі тілдерінің қалыптасуындағы Алтай дәуірі
3. Түркі тілдерінің дамуындағы хун дәуірі
Түркі халықтарының Отаны жер шарының екі материгі-Азия мен еуропва.Дегенмен басым көпшілігі Азия болып саналады.Оған себеп - көпшілік түркілер осы жерлерді мекендейді , екін жерлерді мекендейді , екіншіден , тарихи тамыры да осы құрлықта .Ал Еуропадағы түркілер ,негізінен ,оның оңтүстігіне орналасқан да,Еділ мен Кавказ тауларының етегін мекендеген.Егер қазіргі кездегі түркі тайпаларының таралу географиясын сөз етсек, онда олар жер шарының барлық бөлгінде өмір сүреді деуге болады Мысалы,С.И.Бруктың зеріттеуінше, Африкада 25мың,Америкада 75 мың,Австралияда 12мың түркі тілді адам өмір сүреді.Бұл 1981 жылға дейінгі ақпараттан алынған.Ал батыс Еуропада 2195 мыңдай түркілер бар екен.Оларды бұл жерлерге бару себебі көне дәуірде жер бөлу, соғыспен барған болса, XX ғасырдан бастап саяси қуғын- сүргінге түскендер немесе экономикалық жағдайлармен бағынғандар.Қазақ ғалымы М Тәтімов 1991 жылғы Ана тілі газетіне түркі халықтарының санын былай көрсетеді.Дүние жүзіндегі түркілер-55млн.., өзбекте-19,8млн,,қазақтар-10,3 млн,,ұйғырлар-7,9 млн,,татарлар -7,2,,түркмендер-4,7,, қырғыздар-3 млн,, чуваштар -1,9,, башқұрттар-1,8 млн т.б
Қолымыздағы ақпарат көздрі дұрыс сан бермейді.Салыстырыңыз, С Буруктың көрсетуінше, өзбектердің жалпы саны 13750 мың, қырғыздардың жалпы саны 2 млн. 040мың, қазақтардың жалпы саны 8 млнға жуық.1999 жылы Түркиядан шыққан қазіргі түркі лақшалары деген еңбектің көрсетуінше, өзбектердің жалпы саны 21млн,, ұйғырлар 17млн,, қазақтар 11млн,, т.б.Демек, үш бұлақтың көрестуі үш түрлі.Бір нәрсе анық-түркі халықтары сан жағынанҚытай мен үнді халықтарынан кейін жоғарғы сатыда тұраиын.
Қай халықтың тілі болмасын сол халықпен бірге өмір сүреді.Халықтың элеуметтік, экономикалық жағдайы өзгерумен бірге сол халықтың тілі де өзгере бермейді.Себебі, экономикалық элеуметтік заңдылық өз алдын, тілдің өз даму заңдылығы бар , біріне екіншісі тікелей байланысты болмайды.Элеуметтік тіл білімі өкілдерінің тілі мен қоғам байланысты деген сөз тілдің фонетикалық заңдылығы қоғамдық формацияның өзгеруімен байланысты ол дыбыстардң өзгеруіне ықпал етеді деген сөз емес.Қоғамның дамуы, экономикалық деңгейдің өсуі тілдің сөздік сөздік құрамының өзгеруін, жаңа тіркестерінің жасалуын ,жаңа сөздердің өмірге келуін, жаңа сөйлем түрлерінің пайда болуын талап етеді.Мысалы қазақ қоғамындағы Кеңес дәуірінде кей ұғымдар , кей салт сана, әдеттерді істеуге жол бермейді, атаулар ұмытыла бастады(беташар, отқа май салу, шаш, тұсау кесу, т.б).Оның орнына жаңа әдет салт қалыптаса бастады.Мысалы, сақина салу, ЗАГС-ке бару, өкіл ата, т.б. Кеңсе үкіметі экономикалық қарым қатынасты өзгертті жаңа атауларды өмірге алып келді.Олар кеңсе(контор), милиция, сот,бригадир, колхоз, совхоз, райком,ұжым, т.б.Бір халық өзінің даму тарихында бірнеше халықтармен қарым қатынастарда болды, бір халық көрщі халықтың тіліне ықпалын тигізу мүмкін.Тіпті, кейбір халықтар уақыт өтумен байланысты өз тілінде сөйлемей, көрші халықтардың тілін қабылдап, басқа тілдік халық ретінде қалыптасты.Бұған сібірдегі кеттердің бір кезде түркі тілдің қабылданғанын , венгерлердің тілі өзгерп, романгерман тілдерінің сипатын қабылдауы мысал бола алады.Кейбір тілдер өзінің ана тілік сипатын сақтаса да, көрші тілдерден көптеген элементтер қабылдап, жіті өзгеріске түсуі де мүмкін.Мысал ретінде олардың қатарына чуваш тілі мен саха тілдерін көрсетуге болады.Олар монғол тілдерінің шырмауында ұзақ болып, өзара қатынасып өзгеріске түссе,өзбектер мен ұйғыр тілдері бсқа тілдерге қарағанда араб парсы тілдерініңықпалында болды.
Адамзаттың алғашқы даму сатысындағы балаң кезеңдегі тілінің фонетикалық, граматикалық жүйесі, алғашқы сөздер туралы жалпы түсінігіміз болмаса, нақтылы фактілеріміз жоқ,Бірақ үлкен тайпалар не тайпалар одағының тілін анықтап, тілдік құрылымын дәлелдеп бере алатын материалдарымыз баршылық.Сондықтан да үлкен-үлкен тайпалар тілі жәнне олардың диалектік материалдармен салыстыра қарап,ертеректегі тілдің бейнесін, қалпын жасауға мүмкіндігіміз бар.Әсіресе түркі тілдері негізінде ондай мүмкіндік молырақ.
Түркі тілдес тайпалар , рулар одағының жазба материалдары біздің заманымыздың V-VI ғасырларына барып тіреледі.Сондықтан да осы дәуірден бастап түркі тілдерінің материалдарын салыстырмалы-тарихи зеріттеулерге арқау етуге болады.Осы екі дәуір материалымен салыстыру нәтижесінде түркі тілдерінің әр дәуірдегі даму дәрежесін анықтауға болады.Түркі халықтарының тарихына зер салар болсақ ,ру мен тайпалар одағы бірде қосылып,араласып жатса, бірде бөлініп шығып,өз алдына отау тігіп жататындығын байқауға болады.Түркі тайпаларыда нақ одағын жасап жатса, кейде жауласып, аралары алшақтап алыстап кететінде болған
Түрлі ру тайпалардың бірігіп тайпалар одағын құру келешекте халықтың қалыптасуына негіз жасаған,осының нәтижесінде сол ру - тайпалардың тілдік ерекшелігі өзара жақындаса келіп, бір тұтас тілге айналады, яғни әр басқа тілде сөйлетін ру мен тайпалардың бір тілде сөйлеуіне мүмкіндік туады.Әрине, бұл процесс түрлі элеуметтік, экономикалық және тарихи жағдайлармен тығыз байланысты.Ал тайпалар одағының ыдырауы өз ретімен жеке тайпалардың бөлініп шығуына және жеке тайпалық тілдердің жасалуына негіз болады.Кейде бұл сияқты қосылу, ыдырау-дифференциация ,интеграция процестері бірнеше қайталанып отыруы мүмкін.Тайпалар одағының тұрақтылығын сақтағандығы,ал кей тайпалр одағының тез ыдырап, бірнеше бөлініп кеткендігі тарихтан аян.Мысалы,оғыздар ұзақ уақыт бойына өздерінің Жетісу, Сырдария бойларындағы одағын бұзбай сақтап келіп тек, тек IX ғасырдың соңында ғана екіге(батыс және шығыс оғыздар болып)бөлінген.Тайпалар одағының ұзақ өмір сүруі сол тайпалардың этникалық құрамымен де тарихи жағдайларымен де тікелей байланысты.
Түркі халықтарының көне тарихына көз жіберетін болсақ, олар бірнеше тайпа және тайпалар одағынан құралған;олар бірде одақтасып бірге отырса, бірде жауласып, араларын алшақтатып отырған.Алтай,Саян таулары мен қазіргі Монғолия жерінде орналасқан түркі тайпалары сөздік қоры мен грамматикалық құрылымы бір негізі бір тілде сөйлеп, қарым қатынас жасап келсе де,уақыттың озуымен байланыстық өзіндік ерекшеліктері бар жеке-жеке түркі тілдеріне жіктеле бастайды, бірақ сатылай байланысып, туыстығын сақтайды.
Туыстас тілдердің сатылай байланысуы, алыстауы мен жақындауы сол қауымдағы әрбір халықтың тарихына тікелей қатысты.Алғашқы ру-тайпалар одағының қосылуы тарихи-қоғамдық процесс болса, әрбір ру мен тайпалардың қалыптасуы да сондай процесс.Кейбір тайпалар жеке рулардың бірлестігі негізінде құралады да,олардан бірте бірте қол үзіп кетеді.Осыған орай тайпалар одағы қолданған жалпы тілде жеке рулар тіліндегі ерекшеліктердің сақталумауы да мүмкін.М.Қашғари Сөздігінде кездесетін тайпалар тіліндегі ерекшелікті осы тұрғыдан түсіну керек.Егер қазіргі түркі тілдерінің о бастағы негізі болып саналатын жалпы түркі тілінің үлгісі жасалынса(ондай тілдің болған болмағаны әзірше белгісіз),оның тек басты-басты заңдылықтарына ғана сүйенуге болады.Сондықтан да түркі тілдеріне негіз болған тіл-жалпы түрік тілідеген шартты түсінік қана.
Қазіргі түрік тілдерінің арасында сатылай байланыс,бір-біріне жақындығы сақталған.Мысалы, қазақ тілі дыбыстары жүйесі жағынан да,грамматикалық құрылымы жағынан да, сөздік құрамы жағынан қара қалпақ пен ноғай тілдеріне жақын.Сондықтан да Н.А.Баскаков осы үш тілді түркі тілінің қыпшақ ноғай тобына қосқан.Бұл үш тіл басқа түркі тілдеріне қарағанда татар , башқұрт тілдерімен жақынырақ.Татар, башқұрт тілдері өзара жақын тілдер.Ал қазақ, қарақалпақ,ноғай халықтары Ноғай Ордасынан бөлініп шығып ,өз алдарына XIV-XV ғасырларда халық болып қалыптасқаны белгілі.Сатылай байланыс көне дәуірге жақындаған сайын қанатын кеңірек жайып, бірнеше тайпалар одағын қамти береді.Егер Орта Азия халықтары мен Кавказдағы түркі тілдес халықтар бір кездерде түркі тілдерінің батыс хун тобы құрғандығын еске алсақ, басқа дәлелдің керегі болмас.
Жеке түркі тілдерінің қалыптасу дәуірлері әр түрлі.Олардың кейбіреулері ерте қалыптасып, өз іргесін басқалардан бұрынырақ алыстатқан болса, енді біреулері ортақ тіл қауымынан соңғы дәуірлерде(XIV-XVIғғ.) ғана бөлініп шыққан.Бұған түрлі оқиғалар, әсіресе,сол халықтың экономикалық жағдайлары себеп болған.Мәселен, ұзақ уақыт көшіп жүрген, мал шаруашылығын кәсіп еткен халықтарды тайпалық тілдерді ала-құлалықтар тез жойылса(мысалы, қазақ тілі), жермен байланысты, егін шаруашылығын кәсіп еткен (мысалы өзбек) халықтар тілінде ұзақ уақыт сақталынған.Кей халықтардың этникалық құрамы әр түрлі болып келсе, кейбірелерінікі тұтас, бір ыңғай болады.Бұл жағдайдың да тілдің қалыптасуына, тілдік ерекшеліктердің пайда болуына, сақталуына ықпалы бар.
Түркі танушы ғалымдар түркі тілдерінің даму кезеңдерін белгілі кезеңдерге бөліп, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін анықтауға әрекет етіп келеді.Мысалы,Н.А.Баскаков түркі тілдерін даму мен қалыптасыуына қарай 6 кезеңге бөлген:1)Алтай дәуірі;2)Хун дәуірі (V ғасырға дейін); 3) Көне түркі дәуірі (V-X ғасырлар); 4) Орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының дамуы мен қалыптасуы дәуірі (X-XV ғасырлар); 5) Жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі(XV-XX ғасырлар); 6)Ең жаңа дәуір немесе түркі тілдерінің қазан социалистік төңкерісінен кейінгі даму дәуірі (20,148,21,109).Н.А.Баскаковтың бұл пікірін ғалымдардың көбісі ақ қолдайды, бірақ сонымен келіспеушілері де жоқ емес.Мәсеолен, біраз ғалымдар түркі тілдерінің Алтай дәуірін мойындамайды.Алайда біз түркі тілдерінің қалыптасуын Н.А.Баскаовтың дәуірлерге бөлуіне сүйене қарастырамыз. Қазақ түркі тілдерінің арасында сатылай байланыс,бір-біріне жақындығы сақталған.Мысалы,қазақ тілі дыбыстары жүйесі жағынан да ,грамматикалық құрылымы жағынан да,сөздік құрамы жағынан да қарақалпақ пен ноғай тілдеріне жақын.Сондықтан да Н.А.Баскаков осы үш тілді түркі тілінің қыпшақ ноғай тобына қосқан.Бұл үш тіл басқа түркі тілдеріне қарғанда татар,башқұрт тілдерімен жақынырақ.Татар,башқұрт тілдері де өзара жақын тілдер.Ал қазақ,қарақалпақ,ноғай халықтары Ноғай ордасынан бөлініп шығып,өз алдарына XIV-XV ғасырларда халық болып қалыптасқаны белгілі.Сатылай байланыс көнне дәуірге жақындаған сайын қанатын кеңірек жайып бірнеше тайпалар одағын қамти береді.Егер Орта Азия халықтары мен Кавказдағы түркі тілдес халықтар бір кездерде түркі тілдерінің батыс хун тобын құрағандығын еске алсақ,басқа дәлелдің керегі болмас.
Жеке түркі тілдерінің қалыптасу дәуірлері әр түрлі.Олардың кейбіреулері ерте қалыптасып,өз іргесін басқалардан бұрынырақ алыстатқан болса,енді біреулердің ортақ тіл қауымнан соңғы дәуірлерде(XIV-XVI ғғ) ғана бөлініп шыққан.Бұған түрлі оқиғалар, әсіресе, сол халықтың экономикалық жағдайлары себеп болған.
Түркі тілдерінің қалыптасуындағы Алтай дәуірі
Түркі тілдерінің дамуындағы Алтай дәуірі- мерізімі жағынан әлі анықталмаған, ғалымдардың арасында дау туғызып келе жатқан мәселердің бірі .Тілдердің салыстырмалы тарихи тәсілмен зерттеп, туыстық жақындығын анықтағанда олардың ортақ белгілеріне сүйену қажеттігі жоғарыда айтылған болатын.Осындай туыстық белгілер түркі - монғол тілдерінің арасында да бар және олар фонетика жүйесінде де , лексика мен грамматикалық құрамында да кездесетіндігін ескере келіп ,бір топ ғалымдар түркі тілдері өз алдына бөлініп шыққанға дейін алтай тілдері тобында болған деген топшылау айтады .Олар алтай тілдері тобында болған :1) түркі монғол тілдері; 2)тунгус-маньчжур тілдері: 3) жапон - корей тілдері бөлініп шықты деген болжамды ортаға салады. Ал Х.Винклер, С.М.Ширкогоров, Б.Колиндер, М.Рясенен, Д.Шинор, А.Дильачар сияқты ғалымдар тіпті алтай тіл бірлестігінен де арыға барып, орал Алтай тіл бірлестігі теориясын ұсынады.
Бұл жоба бойынша:бір кездерде ,уақыт кезеңі анықталмаған дәуірде орал тілдерімен алтай тілдері генеологиялық жағынан туыстас болған.Тайпалар одағынаң ыдырауы негізінде орал тілдері алтай тілдерінен бөлініп шыққан .ӨЗ ретінде, уақыттың өтуіне байланысты,орал тілдері екі топқа(угро-финн және самоди)ыдыраған .Алтай тілдері жоғарыда айтылған үш тармаққа бөлінген.
ОРал - алтай тілбірлестігін халықтардың этникалық құрамы жағынан дәлелдеуге болады.Эстон ғалымы Ф.Видеман угрофинн халықтары(чуд халықтары) ертеректе Орта Азияда татар, монғол, мәншіжүр халықтарымен көрші өмір сүрген деген жорамал айтса,М.Кастерн (алтай теориясының негізін салушылардың бірі) угро финдер Алтай, Саян тауларының айналасында, Орта Азияда,Обь, Ертіс, Енисей өзендерінің сағаларында өмір сүрген дейді.Бірақ кейінгі археологиялық зерттеулер бұл пікірлерді әлі дәлелдеп бере алған жоқ.
Орал-алтай тіл бірлестігі жайындағы пікірлерге негіз болатын бұл тілдерде ұқсастықтар бар .Мысалы:дауысты дыбыстардың үндесіуі , дауыстылардың ассимиляциясы, түбірдегі үнді дыбыстардың біршама ұқсастығы, жалғамалық белгісі,жалпылық мағынаны түбірдің жекеше формасы арқылы беру мүмкіндігі, атау септігінің , тәуелдік жалғауының болуы, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыштарының өздері қатысты сөздерінің алдында тұруы, сандық сәйкестіктің болмауы, құрмалас сөйлемдердің болмауы, есімше формаларымен құрмаласуы, т.б .Бұл сияқты ұқсастықтар қаншалықты қызықты болғанымен, типологиялық ұқсастықтан асып түсе алмайды.Себебі бұл тілдер аралығындағы дыбыстық немесе формалық сәйкестік жоқ.
Орал алтай тіл бірлестігінен гөріалтай тілдері деген түсінік қазіргі тіл біліміне сіңісіп, көптеген қолдаушылар тауып отыр.Қазіргі кезде алтайтанушы ғалымдардың халықаралық комитеті және оның жыл сайын өтетін конференциясы бар.Алғаш рет орал-алтай тіл бірлестігі теориясының негізін салған I петрдің кезінде тұтқын болған швед офицері Ф.И.Табберт-Страленберг болатын.Сібірде ұзақ уақыт өмір сүріп, ол орал-алтай тілдерінің типологиялық ұқсастығына алғаш көңіл аударып,1730 жылы өз еліне келген соң ол туралы еңбек жариялаған.Бұл теорияның қолдаушылары болғанымен, айтарлықтай табысқа ие бола қойған жоқ.Кей ғалымдар мысалы; ЮНемет, Б Коллиндер, М Рясенен ,орал-алтайтілдерінің ұқсас белгілерін, даулы мәселелерін дұрыс көрсете білді.Мысалы, Ю Немет 300-ге жақын орал-алтай тілдеріндегі ұқсас элементтерді тауып олар не ертедегі туыстық бір белгісі, не ертдегі қарым қатынасқа байланысты тіл арасындағы ауыс-түйіс болуы ықтимал деген қорытынды жасайды.
Салыстырмалы - тарихи зеріттеулер алтай тілдерінің деректерінде көптеген ұқсас келетін тілдік материалдардың барлығын анықтады.Жалпы,алтай тілдері бірлігінің құрамына енген тілдерде дыбыс үндестігі,екпіннің тұрақтылығы, жалғамалы тіл болуы, өз алдынан келетін көмекші сөздердің болмауы жыныс, категориясының болмауы, т.б. Көпшілік тілшілер алтай тіл бірлігін анықтауда дыбыстық сәйкестікке көбірек көңіл бөледі.Мысалы ,Н.А.Баскаков осындай белгінің бірі ретінде тунгус тіліндегі т дыбысы мен мәншіжүр тіліндегі с дыбыстарының и дыбысының алдында тұрған түркі тілдеріндегі ч,ш дыбыстарымен сәйкес келетіндігін көрсетеді.Түркі монғол және тұнғүс-мәншіжүр тілдерін салыстыратын болсақ , бұл типтегі фонетикалық сәйкестіктер басқа дыбыстар арсында байқалады.Мысалы, сөз басында түркі,монғол тілдеріндегі д дыбысының тұнғұс мәншіжүр тілінде з, кәріс тілінде ч дыбысы сәйкес келеді.Салыстырыңыз: түркі тілдерінде дуз(тұз), монғолша dabusun ,тунгус-маньчужур тілінде зujar, сөз басында к,к,х,б сөз ортасында с,з,д,т дыбыстарының сәйкес келуі байқалады.А М Щербак алтай тілдеріндегі бұндай сәйкестіктерді типологиялық(генетикалық емес) сәйкестік дегенде болатын.Мұндай салыстыра зеріттеулер лексика,морфология және синтаксис салалары бойынша да жүргізілген.Г.Ирамстедт сияқты ғалымдар алтай тілдерінің барлық саласы бойынша жүргізіп,олардың басқа туыстық белгісін ашқан.Бірақ алтай тілі теориясын қолдаушылардың барлығын дабірізді пікірде деуге болмайды.Бір топ алтайтанушылар (Б.Я.Владимиров, Е.Д.Поливанов, Н.Н.Поппе, Г.И.Рамстедт т.б.) алтай тілдерінтегі ұқсастық-типологиялық ұқсастық деп санайды.Кеңес ғалымдары ішінен алтай теориясына өз үлестерін қосып түрліше пікір айтып келе жатқандар: А.Н.Баскаков, Г.Д.Санжиев, ДЖ.Киекбаев, Ш.Ш.Сарыбаев, В И Цинциус, О П Суник, К.А.Новикова, И.В.Кормушин,Д.М.Насилов тағы басқалар.Бұл теорияға байланысты Н.А.Баскаков,Дж.Киекбаев, т.б еңбектерінен басқа(87,117,112,113)арнаулы жинақтарда жарық көрді
Кеңес мамандар арасында да шетел ғалымдары ішінде де алтай тілі теориясына сенімсіздікпен қарайтындар да жоқ емес.Мысалы, белгілі түрколог А.И.Щербактың пікірінше, алтай тілдеріндегі ұқсастықтар олардың генетикалық туыстыңғына байланысты емес,олар ұзақ мерізімдіқарым қатынастың негізінде пайда болған делінеді.Түркі,монғол және тұңғұс- мәншіжүр тілдерінің арасындағы ұқсастықтар қандай қатынас негізінде қалыптасты?деген сауалға ол өзінше жауап береді(206,11).Түркі халықтарының тарихында монғол тайпалары мен түркі тілдес тайпалардың араласып, бір мемлекет құрамына еніп немесе одақтаса өмір сүріп тығыз қатынаста болғаны белгілі.Алғаш орталық Азияда өмір сүрген тайпалар туралы деректерде(түркі тілдес хунну, монғол тілдес дун-ху,палеазиат тілдес дун-и тайпалар)көрші өмір сүріп,бірі екіншісін жаулап алып отырған.Мұндай қатынас соңғы хун дәуіріне де жалғасады.
Түркі монғол тайпаларындағы жоғарыдағыдай аралас-құралас отырған жағдайларды да есепке алған жөн.Дж.Клоусынның пікірін еске ала отырып, А.М.Щербак түркі тілдері мен монғол тілдері арасындағы 3 түрлі араласуыды атап көрсетеді.Олар:IV-VII ғасыр; VIII-XII ғасыр және XIII-XIV ғасыр аралығындағы араласулар(206).Монғолдар мен түркі таййпаларының араласуы бұл дәуірлерден кейін де болғандығы тарихтан мәлім.Мысалы,қазіргі тувалардың дархаттармен,буряттардың якуттармен ,ойраттар мен Алтайда тұратын түркі тілдес халықтардың арасындағы қатынас соңғы кезге дейін үзілмей келді. Сондай-ақ Ақтабан шұбырынды кезіндегі ойрат-қалмақтар мен қазақтардың тілдік тоғысуын мысал ретінде көрсетуге болады.Бірақ тілдік қасиеттер тілдердің ұқсастығына негіз бола алмайды және олардың тілдің барлық деңгейлерінде байқалмайды.Егер ондай ұқсастық байқалса, олар белгілі бір заңдылыққа бағынбайды, жүйелікке ие болмайды.Сондықтан да соңғы кедерде түркі-монғол тілдерінің қандық туыстығы бар бар деген пікірді қолдаушылардың саны көбейді.
Сөйтіп ,алтай тілдерінің туыстығы туралы пікірді жинақтап, екі топқа бөлуге болады.Бір топ ғалымдар Г.И.Рамстердіңпікіріне қосылып, алтай тобына енетін тілдердің(түркі монғол,тұнғұс-мәншіжүр, кәріс-жапон) қандық туыстығын мойындайды.Олар(В.В.Владимиров) алтай тілдері бір негізінен тараған , сондықтанда ортақ негізді мойындауға олар мүмкіндік береді десе, екінші бір топ ғалымдар В.А.Котвичтің пікіріне сүйеніп , о баста өзара көрші орналасқан тілдер генеологиялық жағынан туыстығы болмаса да талай ғасыр бойы араласу негізінде жаңа қасиетке ие болған дейді .Сондықтан да олар(Л.Лигети, Г.Д.Санжиев,Т.А.Бертагаев, т.б.)алтай тілдеріндегі ұқсастық туыстық қандық негізде емес,кірме материалдар негізінде қалыптасқан деп тұжырымдайды.Дегенмен де түркі және монғол тілдерінде кездесетін жүздеген мыңдаған ортақ қасиеттердің бәрін де кірме материалдар деп қарауға болмайтын сияқты.біріншіден,мұндай ортақ элементтердің бәрі де белгілі бір заңдылықтар бойынша қайталанып отырды .Үшіншіден, ортақ ұқсастықтар тілдің барлық деңгейінде, әсіресе негізгі түбір құрамында көптеп кездеседі.Егер оған диалектілердегі ұқсас белгілерді қоссақ,ортақ дүниенің едәуір көбейетіндігіне күмән жоқ
Сондада алтай тілдерінің туыстығы туралы пікір бір түйінге келген жоқ, әліде болса дау туғызатын, зеріттей түсудіқажет ететін мәселелер аз емес.Ал түркі тілдері мен туыстығын әліде болса дәлелдеуді қажет етеді.Кәріс, жапон тілдерін алтай тілдерінің құрамына қосу мәселесі әлі шешілмеген, Алтай тілдерінің туыстығын дәлелдейтін фактілерді ғалымдар лексикадан да , фонетика мен грамматика саласынан да көптеп келтіріп жүр.Салыстырмалы тарихи зеріттеудің тиімді жері осы орайда жақсы байқалады.
Лексикадағы ұқсастық.Лексика-тілдің өзгеріске ең биім саласы.Сондықтан тіл мен тіл арасындағы лексикалық ауыс түйітер басқа элементтерге қарағанда көптеп кездеседі, осы қасиетіне байланысты қандық туыстық анықтауды лексикалық сәйкестік қажетті бір көрсеткіш болсада0, шешуші түйін болып саналмайды.Егер кез келген тілдің сөздік құрамына сөз салып қарайтын болсақ, олардың барлық саласы бірдей өзгеріске түсіп, ауыса бермейді екен.ОЛардың ішінде тұрақтыларыда, өзгергіштері де кездеседі .Сондай біршама тұрақты лексика- тақырыптық топқа-туысқандық атаулары , дене мүше атаулары күнделікті тіршілікке байланысты тұрмыстық атаулар, күнделікті тіршілікке байланысты тұрмыстық атаулар , т.б.Ал етістік болса , зат есімдерге қарағанда әлде қайда тұрақты тіпті,ол- бір тілден екінші тілге мүлдем ауыспайтын категория.Сондықтан да түркі монғол тілдеріндегі туыстықты,ортақты,параллелдікті анықтау үшін ғалымдар әдетте, төмендегі лексика- тақырыптық топтарды көбірек салыстыра зеріттейді.
Туысқандық атаулар.Туысқандық атаулардың өздері ді семантикасына қарай: а) қандық туысқандық және б)некемен байланысты туысқандық болып екіге бөлінеді екен.
1) Қандық туысқандыққа:ата,апа, әке,іні аға қарындас, сіңлі, бөле,үұл қыз т.б сөздер жатады.
2) Монғол тілінде ав сөзіәке мағынасында қолданылады,Көне жазба монғол тілінде бұл сөздің ава түрі де кездеседі,Аба сөзі хаказ,қырғыз ,алтай, татар, башқұрт, түркмен тілдеріндеде бар.В.В.Радалов аба сөзініңотец,предок,дядя со сторны отца,старший брат сияқты мағынасын көрсетеді.Сондай ақ монғол тілінде авака түрікмен тіліндегі абга-жасы үлкен адамдарға байланысты айтылатын сөз .Ал монғол тіліндегі авгай-қыздардың жасы үлкенанасына байланысты қолданылатын сөз.Түркмендердің сөйлеу тілінде аба әке мағынасын білдіреді.Көне түркі тілдеріне тиісті жазба ескерткіштерде абаава сөздері предки, сондай - ақ ата,апа мағынасында қолданылған.Демек, аба сөзі арғы ата мағынасынан ата-ана мағынасына ауысып,одан кейін тілдерде жалпы жасы үлкен адамдарға байланысты қолданылатын олған.Қазіргі татар тіліндегі абзый ,қазақ тіліндегі абысын сөздерінің түбірі осы аба сөзімен байланысты болса керек.Э.В.Севортян ава сөзін ана сөзінің түбірі деп санайды .Түркі тілдерінің фонетикалық заңдылығы негізде б мен п дыбыстарының алмасуын дәлелдеуге болады.(164,1,54).Якут тілінде абака сөзі 1)белгілі бір рудың қарт адамы. 2) өлкенің үлкен ағасы сияқты мағынаны береді (Э.К.пекарский,2)Монғол тілдерінде бұл сөздің созылыңқы дауысты дыбыспен де(аав), қысқа дауысты дыбыспен де (ав) айтылған нұсқасы бар.Бір ескеретін жағдай:монғол тілінде аба әке мағынасында қолданылса , аву әкесінің інісі, тіпті бала мағынасындада қолданылады
Қазақ тіліндегі ене сөзі қандық туыстық емес, неке арқылы болған туыстықты білдіреді(ерлі-зайыптылардың аналары бір-біріне ене болады).Басқа түркі тілдерінде ене ап т.б .мағыналарда қолданылады.Салыстырыңыз: түркмен тілінде эне- әкесінің әкесі,;қырғыз тілінде энә-ана мағынасында.Э.В.Севортян өзінің этимологиялық сөздігінде ене сөзінің 8 түрлі мағынасын айта келіп, ене сөзін ана сөзімен байланыстырады(164,1,278,281)
Монғол тілінде ана мағынасында эх(е) сөзі қолданылады.Эхе сөзі түркі тілдеріндегі ене сөзі сияқты, тек адамға ғана емес , жан-жануарға да байланысты қолданылады .Қазақ тілінде енесінен асқан құлындай деген тіркесте ене құлынның анасы мағынасында қолданылып тұр.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің ене сөзінің бала тапқан ана ,шеше, мағынасын ауыс мағынасы деп көрсеткен.Ал дұрыс-бұл оның о бастығы мағынасы болса керек.Монғол тілінде эх(е)-мал мақта,маточные поголовье(126,682) жоғарыда келтірілген қазақ тіліндегі мысалымызға сәйкес келеді.
Эне сөзі тұнғұс-мәншіжүрде бар .Оларда бұл сөздің энни эннәэннээникээниэнэ формалары қолданылады да, мағынасы ана,апа,әже сөздері мен тең түсіп жатады.(194,27)В.И.Цинциус монғол тілдеріндегі эмэ,энэ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz