Статистика пәні және оның зерттеу объектісі (зерзаты)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.
  2. Статистика пәні және оның зерттеу объектісі (зерзаты)

Қолданылған әдебиет

1. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.

Қазіргі кезде "статистика" деген сөзді естімедім, білмедім дейтін адам сирек болар. Солай дей тұрсақ та, кейбіреулер "статистиканы" ешқандай маңызы жоқ, қаз-қатар сандар тізбесі деп түсінеді. Мұндай ұғымды ұстанушылар - көрсетілген сандық көрсеткіштердің неге керек екенін білмейтіндер, оның мағынасын жетік түсінбейтіндер және өзі өмір сүріп жатқан елінің жетістіктері мен кемшіліктерін саралай алмайтындар. Шын мәнінде статистика - бұл сандық көрсеткіштердің жиынтығы. Ол уақьгг өткен сайын өзара байланыста әрқашан дамып, жетіліп, толығып отырады. Олай болса, оқыған, білімдар адамдар сол көрсетілген сандық көрсеткіштерді оқи және түсіне білулері керек. Себебі, ондағы көрсетілген сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді қолданып, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға толық мүмкіңдік туады. Демек, статистикада жай әншейін берілген құрғақ сандық көрсеткіштер емес, онда тек қана айқын, дәлелді, нақты сандық мәліметтер көрсетіледі. Мысалы, республикамызда қанша халықтың тұратындығы; оның ішінде еңбекке жарамдылары; дүниеге қанша сәби келіп, қанша адамның қайтыс болғаны; енеркәсіп орындарының өндірген өнімдері, олардың түрлері; халықты күнделікті керекті тұтыну заттарымен қамтамасыз ету; азық-түлік мөлшерінің қанша және қандай жағдайда екендігі; олардың облыстар, аудандарға қалай бөлінетінін біз әрдайым біліп отырғымыз келеді. Ендеше, ондай сұрақтарға толық жауапты тек статисгика арқылы ғана алуға болады. Сонда "статистика" деген терминді қалай түсінеміз?

"Статистика" - латынның статус (status) деген сөзі - қазақшаға аударғанда заттың, нәрсенің, кұбылыстың жай-күйі деген мағынаны білдіреді. Осы сөздің, негізінен, итальянның "stato" - мемлекет, statisto - мемлекеттің жағдайын жетік білу деген сөзі шығады. Қазіргі кезеңде "статистика" термині төмендегідей әр түрлі мағынада қолданылып жүр:

  • статистикалық органдар арқылы көптеген қоғамдық құбылыстардың өзгерістерін жүйелі түрде есепке алу;
  • статистика - статистикалық жинақтарда, анықтамаларда, мерзімді баспасөздерде жарияланатын сандық көрсеткіштер;
  • статистика-қогамдық ғылымның бір саласы және оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар ғылым.

Статисака қоғамдық ғылым ретінде бертінде пайда болды және оның даму кезеңдерінің өзінше тарихы бар, Статистика ғылымының даму процесін, бастамасын XVII ғасырдың аяқ кезінен Англиядан бастайды. Оның негізін ағылшын ғалымдары Джон Граунт (1620-1674) пен Вильям Петтидің (1623-1687) "Саяси арифметика" атты еңбегі қалады. В. Петтидің еңбегінің маңыздылығы сонда, ол саңдық көрсеткіштер зандылығын қолдара отырып, қоғамдағы болып жатқан көптеген құбылыстар мен өзгерістерді анық көрсеткендігі, яғни өндеу, талдау жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігін айқындағаны.

Статистика тарихының екінші бір бастауы "Саяси арифметикамен" бір мезгілде шыққан неміс ғалымы Г. Конрингтің (1605-1631) еңбектерінде қалыптаса бастаған мемлекеттану ғылымында жатыр. Мұнда статистика география, этнография, заң және басқа да ғылым салаларымен бірге зерттеледі. Себебі, статистиканың саяси экономикадан және басқа да әлеутеттік-экономикалық пәндерден әлі де жігін ажырата қоймаған кезі еді.

Статистаканың одан ары дамуына көптеген ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерімен атсалысты. Солардың ішінде мына ғалымдардың аттарын атамай кетуге болмайды: неміс ғалымы Г. Ахенваль (1719-1772), бельгия ғалымы А. Кетле (1796-1874), англия ғалымы А. Боули (1869-1957) және тағы басқалар. Мысалы, XIX ғасырдың ортасына қарай бельгия ғалымы А. Кетле және оның шәкірттері статистикалық қатарларда бірімен-бірі байланысты заңлылықтардың бар екендігін дәлелдеді А. Кетле - Бельгияда дүние жүзінде бірішні болып мемлекеттік орталық статистика мекемесін құрады жәке ол бірінші халықаралық статистикалық конгрестің ұйымдастырушысы болып саналады.

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында статистика ғылымы қарыштап дами бастады. Оған көптеген ғалымдар мен статистиктердің сіңірген еңбектері дәлел бола алады. Мысалы, математикалық статистиканың ықтималдық теориясын қолдану арқылы көптеген сандық көрсеткіштерді есептеу тәсілдері анықталады. Бұл салада П. Л. Чебышев, А. А. Марков, А. М. Ляпунов, С. Н. Бернштейн сияқты атақты математиктер елеулі еңбек етті. Бұл кезде мемлекеттік статистика органдары да жетіліп, дами бастаған мезгіл еді.

Қазіргі егемен республикамыздағы статистиканың дамуы еліміздегі статистика тарихының жаңа кезеңінің басы болып саналады. Яғни, статистикалық теория мен әдістемелердің түбегейлі мәселелері зерттеліп, оларды пайдаланудың жаңа үлгілері жасалынды. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту кезеңінде статистика туралы 1996-жылы заң мен ереже қабылданды және оның негізгі міндеттері мен функциялары анықталды. Сонымен, статистика органы халық шаруашылығы салаларының есебін жүргізуші мекеме ретінде жалпы мемлекеттік экономикалық саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол жүйелі түрде басшылық жасаудың аса маңызды құралдарының бірі болып саналады.

2. Статистика пәні және оның зерттеу объектісі (зерзаты)

Қандай да бір пәнді оқып-үйренуге кіріспес бұрын, алдымен сол пәннің нені зерттейтінің, қайда және қандай тәсілдерді қолданатынын анықтап алуымыз керек. Сонда, статистика пәні дегеніміз қандай ғылым және ол нені зерттейді?

Статистнка - қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым-қатынастар мен зандылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта және қай жерде болғанын зерттейтін қоғамдық ғылым. Сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық көрсеткіштеріне табиғи және техникалық факторлардың тигізген ықпалын немесе керісінше қоғамдық өндірістің табиғат пен қоршаған ортаға тигізген, әсерін анықтайды.

Жоғарыда келтірілген анықтамадағы статистика пәнінің Еегізгі ерекшеліктеріне толық тоқталайық.

Табиғатында, статистика - жаппай қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Бұл жайында анықтамада айтылған. Қоғамдық ғылым ретінде, республикамызда болып жатқан жалпы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтары мен есептеу, талдау сияқты әдістемелерін анықтайды. Сонымен, статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау әдістерін үйретеді және бұл тәсілдерді басқа ғылымдарда да қолданады. Статистиканың жаппай құбылыстарға тән сандық қарым-қатынастарды зерттейтіні анықтамада көрсегілген. Статистиканың сандық жағы деп, зерттелген елеуметтік-экономикалық құбылыстың, процестің көлемін, мөлшерін сандық көрсеткіштер түрінде сипаттауын айтады.

Сандық жағын оқып-үйрену жолдары төмендегідей:

Біріншіден, статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің көлемін, мөлшерін зерттейді. Сандық жағын зерттей отырып, көптеген қызықты көрсеткіштерге тап боламыз және олардың қалай өзгергенін анықтай аламыз. Мысалы, халықтың саны, өндірілген өнім мөлшері және т. с. с.

Екіншіден, статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көрсеткіштерінің өзгеруін уақыт арқылы көрсетеді. Яғни қай уақытта қанша болғандығын анықтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері
Статистикалық басқару
Статистикалық бақылау зерзаты
Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның негізгі мақсаттары
Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру
Spss бағдарламасын өзіңнің психологиялық зерттеулеріңе қолдану мысалдары
Статистика пәнінен тезистік лекция конспектілері
Статистиканың жалпы теориясы
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық əдістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz