КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне
өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген
технологиялың процес түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі,
қосымша, қызмет көрсету, басқару және т.б. жұмыстарын іске асырады. Дайын
өнімді жасауда жоғарыдағы көрсетілген операциялардың рөлі түрліше. Өнімді
қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде шығады, ал басқа
процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді
қалыптастырудың негізі болып табылады.
Айтылғандарды есепке алсақ, өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі
жалпы технологиялық процестердегі олардың өзара байланысы кәсіпорынның
өндірістік құрылымын құрайды. Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін
қамтамасыз ететін элементтердің іс-әрекетін тұлғалайды.
Кәсіпорын құрылымы өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік
бұл негізгі және көмекші цехтар және учаскелердің құрамы мен мөлшері.
Өндірістің құрылымына ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып
табылады:
• шығарылатын өнімнің және оның номенклатурасының сипаттамасы;
• өндірістің ауқымы;
• кооперациялау деңгейі.
Шығарылатын өнімнің сипаты және оны дайындаудың тәсілі шешуші дәрежеде
цехтардың құрамын, олардың мөлшерін, жүк айналымын және зауыт аймағының
шамасын анықтайды. Өндірісті ұйымдастыруда маңызды жағдай болып табылатын
кейбір бұйымдардың түрлері түрлі көлемде шығарылады. Шығарылатын өнім көп
болса, сонша кәміл технологиясы және ұйымдың әдістері қолданылуы мүмкін.
Кооперациялаудың деңгейі де сол сияқты кәсіпорынның құрамына елеулі түрде
ықпал етеді: ол қалай жоғары болса, солай ол қарапайым.
Ұйымдық-техникалық факторлардың жетекші тұрғыла кәсіпорындардың кейбір
бөлімшелерінің және олардың жалпы құрылымдарын қалыптастыруға ықпал ететін
өндіріс үлгілері бой көрсетеді. Өндіріс үлгілері жұмыс орнының саны мен
ондағы орындалатын операциялары арасындағы арақатынастар мен есептелінетін
көрсеткіштері арқылы анықталады.
Кәсіпорындардың ұйымдың құрылымы — бұл құрамы және оның ұйымдық бірлік
мөлшері (жұмыс орны, бөлім, қызмет), олардың арақатынасы және тұрғызу
нысаны. Ұйымдық бірлік егер де олардың мөлшері көлеміне және межелеген
міндетіне сай келсетіндей болса тиімді жұмыс істей алады. Әрбір құрылым
деңгейлес және сатылы болып бөлінеді, басқаша айтқанда ұйымдық құрылымда
еңбек бөлінісінің деңгейлестік және сатылы болып ажыратылады.
Еңбек бөлінісінің деңгейлестік шекарасы басқарушының өз ісінің
саласында тиімді басқару мүмкіншілігін анықтайды (басқарушының тікелей
қарамағындағы бағынушылардың ең жоғарғы саны). Сатылы еңбек бөлінісі
басқарушылық шешімін дайындаудағы сатылы бейнесі саласындағы іс-әрекетін
құрайды.
Өндірістің ауқымы, технологиялық процестердің ерекшелігі, мамандандыру
деңгейі, бөлімшелердің құрамы мен саны кәсіпорындардың түрлі өндірістік
құрылымдарын тудырады. Өнеркәсіп кәсіпорындары бөлімшелерінің негізгі
құрылымдары цехтар болып табылады. Алайда кейбір зауыттарды цехтар
өндіріспен ауыстырылады. Мұндай өндірістер бірнеше цехтар негізінде
құрылады.
Өндіріс немесе цех кәсіпорынның ұйымдық мүліктік оқшауланған
құрылымдың бөлімшесі болып табылады. Онда дайын өнімнің бір бөлігін
дайындайды немесе өндіріс процесін орындайды. Цех — бұл белгілі бір
бейнелерді пайдаланатын кәсіпорынның оқшауланған бөлімшесі.
Кәсіпорындардың цехтар, учаскелер және басқа да буындары арасындағы
өзара қарым-қатынасы, атап айтқаңда, шикізаттар, материалдар, жартылай
фабрикаттар және қызмет көрсетуде цехтар, бөлімдер ережелерімен, сол сияқты
кәсіпорынның бекіткен ережесіне сай нормативтік құжаттармен реттеледі.
Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері
және оларды жетілдірудің жолдары
Кәсіпорын құрылымын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер
қолданылады. Олардың ішіндегі негізділері:
• оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі;
• бөлімшелер қызметкерлерінің саны;
• жабдықтардың қуаты;
• өндірістік қорлардың құны;
• өнім шығару көлемі;
• мамандандыру және механикаландыру;
• күрделі қаржының құрылымы.
Кәсіпорынның құрылым көрсеткіштерін дұрыс таңдау өндірістің осал
жерлерін ашуға және осы кәсіпорынның оңтайлы құрылымын таңдауға мүмкіндік
туғызады.
Келтірілген бірқатар көрсеткіштерді пайдалану цехқа қатысты
кәсіпорынның үдемелі құрылымын анықтайтын кейбір өндірістік бөлімшелердің
арақатынасын анықтайды. Кәсіпорын құрылымындағы негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік кәсіпорын ішкі орта
Өндірістік қуаттың мөлшеріне ықпал
Өндірісті басқарудың әлеуметтік мәні
Өндірісті жоспарлау
Өндірістік құрылым
Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру
Өндіріс оның мәні және факторлары
Өндірістік құрылымның түрлері
КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорын процестерін басқарудағы маркетинг қызметі
Пәндер