Полиморфизм - бір иерархиядағы объектілер үшін бір атаумен берілген әдістерді қолдану мүмкіндігі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Объектілі бағытты бағдарламалау негіздері

Орындаған: Исақ А.

Тобы: ИП-16-6к2

Қабылдаған: Ермекбаева Г.

Шымкент 2018ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Объектілі-бағытталған бағдарламалаудың шығу кезеңдері . . . 4

Объектілі-бағытталған бағдарламалаудың негізгі принциптері . . . 4

Объектілі-бағдарлы программалау тәсілі жөнінде . . . 6

Объектілі-бағытталған бағдарламалаудың негізгі түсініктері . . . 6

Қорытынды . . . 8

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 9

Кіріспе

Объектіге-бағытталған бағдарламалау - объектілердің көмегімен бағдарламаларды жобалау, жазу. Объектіге-бағытталған бағдарламалаудың негізі болып объект саналады. Объект деп - мәліметтер және олармен жұмыс істеу әдістерінің жиынтығы аталады. Объектілі-бағытталған бағдарлама деп - объектілер және олардың өзара әрекеттесу тәсілдерінің жиынтығы аталады.

Объектіге-бағытталған бағдарламалау (орыс тілі Объектно-ориентированное программирование; ағыл. Object-orinted programming) - объектілерді қолдану арқылы бағдарламалау парадигмасы, объектілік-бағдарланған архитектурасы пайдаланады. Мәліметтердің әрбір құрылымы тек бір программалық модульде тұруы тиіс. Бұл мәліметтер құрылымындағы өзгерістердің және мәліметтермен орындалатын әрекеттердің оңашалануына кепілдік береді. Мәліметтерге кез келген қатынас құру тек модульді пайдалану арқылы болады.

Объектілі-бағытталған бағдарламалаудың шығу кезеңдері

Объектілі-бағытталған бағдарламалау 1950 жылдың соңы мен 1960 жылдың басына қарай MIT компаниясы арқылы құрылды.

Объект термин жасанды ақыл бойынша мамандардың ортасында қасиеттермен белгiленген элементтерге жатқызылды. Сонымен қатар ғалымдар арасында обьект ұғымы идентифицивикаторлық элементтерге байланысты атрибуттар қасиетімен сипатталды. Сондай-ақ ОББ - негіздері бұдан бұрын 1960-1961 жылдарда Sketchpad компаниясының басқарушысы Иванов Сазерлендомның басқаруында болды. Содан 1963 жылы Sketchpad компаниясының басқарушысы Иванов Сазерлендомның обьект ұғымының нақты тұжырымын табады.

SIMULA I (1962-65) және Simula 67 (1967) - ең бiрiншi объективтi-бағытты бағдарламалау тілін шығарады. Simula 67 объективтi-бағытты программалаудың тұжырымдамалары көбiнесе тұрады: сынып және объекттер, (мұрагер болу ) класс тармағы, виртуалды функциялар, қауiпсiз сiлтемелер және (префикстi блоктар) сыныптың ортақ бас суреттеп айтылған программалық құрылымдардың коллекциясына бағдарламаға енгiзiлуге мүмкiндiк беретiн тетiктерден тұрады.

Объектілі-бағытталған бағдарламалаудың негізгі принциптері

Полиморфизм - бір иерархиядағы объектілер үшін бір атаумен берілген әдістерді қолдану мүмкіндігі.

Инкапсуляция - бір объектілік типте мәліметтерді біріктіру.

Мұрагерлік - бір класстың мінездемелерін басқа класс арқылы қолдану мүмкінідігі.

VBA (Visual Basic for Applications) - объектілер мен оның атрибуттарын басқаруға арналған программалау тілі болып табылады. VBA Visual Basic тілінің тобына жатады. Қандай да бір қолданбалы программаға кіріктірілуі - сол программаға қатысты объектілі моделді құру болып табылады, яғни құрылған VBA программа сол программаның объектілерімен байланыстырылып, оларды тиімді басқаруға ықпал етеді.

Excel, Word, Access орталарында жұмыс жасап үйренген қолданушылар үшін үнемі жаңа мәселелер, яғни қандай да бір әрекеттерді барынша тез әрі тиімді, жеңіл орандауға болатын жолын табу мәселесі туындап отырады. Осы мәселені шешу үшін Visual Basic for Applications қолданылады, бұл қарапайым программалау тілі мен әрбір қолданбалы программалардың мүмкіндіктерінің үйлесімділігі. VBA-да әр түрлі қосымша құруға болады, мұның формалар мен қосымшалардың интерфейсін басқару элементтерін қойып құрастыратын арнайы графиктік ортасы бар.

Қосымшалардағы элементтер жұмысшы кітап және беттер, ұяшықтар, құжаттар немесе тексттің белгіленген бөлігі, жазбалар т. б. элементтер - объектілер болып табылады. Бұл объектілердің әрқайсысының өзіне тән сапасы, сипаттамасы және әрекеттері, оқиғалары бар. Программалау барысында объектілер қарастырылады, олай болса, VBA-да объектілі-бағытталған программалау жүргізіледі.

Объектілі-бағытталған қосымшада мәндер мен программалық кодтар тұтас бір байланысқан объект ретінде қарастырылады, ал бұл құрылымды мәндер мен осы мәндері қолданылып әрекеттерді ұйымдастыру, өңдеу жұмыстарын жеңілдетеді.

Мәндер мен процедураларды біріктіру процесі инкапсуляция деп аталады және объектілі-бағытталған программалаудың негізгі қасиеті болып табылады. Осы процесс көмегімен әрбір объект қалғандарынан оқшауланады.

Объектінің қасиетін өзгерту арқылы объектінің сипаттамасын өзгертуге болады. Қасиетінің мәнін өзгерту - бұл объектінің басқару тәсілдерінің бірі.

Әдістер дегеніміз объектіге қолданылатын іс-әрекет, қимылдар. Мысалы, диалогты экранда көрсету немесе экраннан алып тастау. Әдістер екі топқа бөлінеді: Public және Private. Public әдісі («көрінетін») - объектіге қатысты сырттан шақырылып қолданылатын процедуралар. Private («көрінбейтін») әдісі - кейбір амалдарды орындау үшін Public әдісіде қолданылатын ішкі процедуралар.

Класс - объектінің шаблоны, яғни класс объектінің түрін және оның іс-қимылын анықтайды. Ал, объект класстың экземпляры болып табылады. Экранға қойылатын объектілер қолданушы интерфейсінің объектілері деп аталады. Қолданушы көріп тұрған объектілерді, интерфейстің визуальды элементтері деп те атайады.

Объектілер жұмыс жасауға команда алады және хабарламалар арқылы мәндерді қабылдайды. Хабарламалар дегеніміз - процедураны шақыру. Хабарламалар мен оқиғалар арасында тікелей байланыстар бар. Оқиға дегеніміз - жүйедегі қандайда бір іс-қимыл, нәтижесінде хабарлама жасалады. Мысалы, перненің басылуы, тышқанның жылжытылуы, сәйкес объектінің іс-қимылын анықтайды, яғни оқиғалар.

Жаңа класс құру барысында оны базалық класстың немесе класстардың ұрпағы ретінде анықтауға болады. Мысалы, А класы анықталған десек, ал В А класының ұрпағы ретінде қарастырылса, онда В класында автоматты түрде А класының айнымалылары мен әдістері анықталған болады. Және А класы В класының бабасы деп аталады. Егер бір класс бірнеше класстардың ұрпағы болса, онда мұндай тұқым қуалау жиынтық деп аталады.

Тұқым қуалау барысында қандай ретпен таралғандығына байланысты туындаған объектте қандай әдістің қолданылатыны белгілі, мұны полиморфизм деп атайды.

Объектілі-бағдарлы программалау тәсілі жөнінде

Бейсик, Паскаль сияқты дәстүрлі программалау тілдерінде күрделі, үлкен программаларды дайындаудың кемшілігі - ол үшін бағдарламашылар тобының көп күш жұмсауы қажет болатыны. Программалауды жеңілдету үшін 80-жылдары объект, класс (object, class) ұғымдары енгізіліп, объектілі-бағдарлы программалау (ОБП) тәсілі негізге алынды. ОБП - Паскальда қолданылатын процедуралық және құрылымдық программалаудың және модуль құрудың дамытылған түрі. Ол берілгендерді белгілі бір абстракциялық деңгейде көрсетіп, модульдік программалауды пайдаланады. Мысалы, Visual Basic программалау жүйесі объектілі программалау тәсілін пайдаланып, Qbasic тілі негізінде визуальды түрде құрылған. Паскальдың ОБП тәсілін пайдаланып құрылған жаңа нұсқасы Object Pascal (Объектілі Паскаль) деп аталады. Delphi осы тілдің негізінде дайындалған. Объектілі программалаудың ыңғайсыздығы - онда дәстүрлі программалау тәсілдері пайдалана берілмейді, бірақ ондағы көп қиындықтар арнайы тәсілдерді пайдалану арқылы тез шешілген.

ОБП тәсілінің дәстүрлі программалау тілдерінен ерекшелігі - онда, өрістерге қоса, мынадай ұғымдар негізге алынған: класс, объект, өңдеу тәсілі, объект қасиеті және оқиға.

Өрістер - Турбо Паскальдағы жазу (record) типінің өрістері сияқты.

Қасиеттер - объект сипаттамалары (параметрлері) .

Тәсілдер - кластың өрістері мен қасиеттерін өңдеу процедуралары мен функциялары.

Объект - түрлі мәндердің қасиеттері тәсілдерінің жиынтығы.

Оқиға - объект жағдайының өзгеруі.

Класс - өрістер, қасиеттер және тәсілдерінің бірлігінен тұратын тип, не, жалпы түрде, өңдеу тәсілдері не қасиеттері ортақ түрде сипатталатын объектілер (нысандар) жиынтығы.

Объектілі-бағытталған бағдарламалаудың негізгі түсініктері

Объектілі-бағытталған бағдарламалау - бұл жобалау мен қосымшаларды объектілердің көмегімен жазуды талдау әдістемесі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конструктордың қызметі - класс объектісінің өрістерін инициализациялау
Delphi бағдарламасын қолданып мәтіндік редакторын құру және онымен жұмыс істеу мүмкіндіктерін көрсететін бағдарлама құру
Delphi ортасындағы функционалды инженерлік калькулятор бағдарламасын құру
Мамандардың мәліметті өңдеудің машиналық құралдарына максималды жақындығы
Delphi объектілі бағдарлы бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері
Дельфи ОББ тілінің сервер компоненттері
Объектіге бағытталған программалау
Деректерді қайта құру және полиморфизм. Полиморфизмді қолдану
ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛІ
Объектіге бағытталған тілдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz