Қалалар мен қалалық қоныстар


Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық
университеті
Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті
Қазақстан тарих кафедрасы
VI-IX ғасырлардың I жартысындағы отырықшылық және көшпелі мәдениеті
Курстық жұмыс
Қостанай, 2018 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I. 1. Мал шаруашылығы және егіншілік шаруашылығы
1. 1Ауыл шаруашылығы, сауда . . . 5
1. 2 Сәулет өнері . . . 8
II. 2. Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері
1. 1Қалалар мен қалалық қоныстар . . . 11
1. 2Қала мен қоныс құрылысы . . . 13
1. 3 Қолөнер, шеберханалар кәсібі . . . 20
III. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24
IV. СІЛТЕМЕЛЕР . . . 26
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 27
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі : Орта ғасырлар дәуірінде Қазақстан аумағы арқылы дүниежүзілік сауда жолдары өтті. Қазақ даласы әлемдік діндер мен тіл, нәсілдердің “тоғысу алаңына” айналды. Қазақстан бүкіл Еуразия құрлығының тағдырында маңызды рөл атқарды. Бүкіл адамзат тарихында көшпелілер отырықшылармен тығыз байланыс орнатты. Дала аймағы қалалар мен отырықшы өмірдің маңызды бөлігі болды. Отырықшы және көшпелі тайпалардың өзара тығыз ықпалдастығы қазақ халқы мәдениетінің ерекшеліктерін айқындады. Қазақстанның кең-байтақ жерінде отырықшылық және қала мәдениеті дамуының ірі тарихи мәдени аймақтары ежелден ерекшеленген. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағы болды. Ол бір жағынан Орта Азия, екінші жағынан Орталық Қазақстан, Сібір мен Орал аралығындағы аумақты алып жатыр. Қазақстанның егіншілік пен мал шаруашылығы жанасып жатқан өңірлерінде жер өңдеу мен мал шаруашылығының, отырықшылық пен көшпеліліктің, қаламен даланың өзара әсері мейлінше айқын көрінеді [1, 347 б. ] . Алайда бүгінде көшпелілер мен егіншілер арасындағы тығыз, етене байланыс болғаны туралы пікір басым . Әдетте қазіргі ғылымда жалпы тұрғындардың отырықшы бөлігін де, көшпелі бөлігін де қамтитын біртұтас экономикалық жүйе, шаруашылық өмірдің екі бағытының өзара тығыз байланысы туралы айтылып жүр. Көшпелілер мен егіншілердің өзара қатынастарын түсіну үшін “таза көшпелілердің ”тым сирек кездестінін және отырықшылық пен егіншілік элементтеріне қоса көшпелі шаруашылықтың зор маңызы барын ұмытпаған жөн; біртұтас этникалық қауымдастық шеңберінде көшпелі малшылармен бірге малшылардың жартылай көшпелі және жартылай отырықшы топтары болған. Отырықшы және көшпелі халықтардың өзара байланысы ғылымдағы күрделі теориялық проблемалардың бірі болып табылады. Бірақ та “көшпелі әлемді” онымен көршілес отырықшы және қала мәдениетінен бөліп қараған дұрыс емес. Олардың арасында экономикалық және мәдени байланыстар сан ғасырлар бойы қалыптасып, тығыз дамып отырды. Сауда, мал шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс мал шаруашылығының дамуына әсер еткен маңызды факторлар болған еді. Саудаға, қолөнер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге қала мен дала тұрғындары өзара мүдделі болған. Отырықшы егіншілер мен қала тұрғындарының ықпалымен бұрынғы көшпелілер тез арада отырықшылыққа, қала өміріне көшіп отырды. Сонымен, көшпелілердің, малшылардың сұранымы қала қолөнерінің дамуын қажет етті, ал түрік қағандары қалалар салынуына мүдделі болды [1, 369 б. ] . Сонымен бірге, отырықшы өмірге көшкен көшпелілер отырықшы тұрғындардан құрылыс ісінің, үй салудың дәстүрлерін үйренді .
Хронологиялық шеңбері . Курстық жұмыстың тақырыбы негізінен VI-IXғасырдың I жартысындағы отырықшылық және көшпелі мәдениеті, мал шаруашылығы, сәулет өнері, қала мен қоныс құрылысы жәйлі баяндалады.
Мақсаты: VI-IXғасырлардың I жартысы аралығында қала мен қоныс құрылысы жайлы, мал шаруашылығы және егін шаруашылығы дамыған уақыты қарастырлады. Отырықшылықтың басты белгілері саналған қолөнер мен сауда орталықтары маңызға ие болғаны.
Міндеттері:
-Мал шаруашылығының және егіншіліктің дамуы;
-Ауыл шаруашылығы, сауда пайда болуы;
-Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсерін сиппатау;
-Қала мен қоныс құрлысын анықтау;
Тарихнамасы: XVIII-XIX ғасырлардағы Еуропа ғалымдары көшпелілер туралы өз көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескъе көшпелілер қоғамын “әділетті, теңдікті қоғам”десе, Фергюсон, Адам Смит:” көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды”, -деген. Қазақстан тарихының I-томында көрсетілгендей, Архелог К. Ақышевтің пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы, темір дәуірінің басына, яғни б. з. д. IX-VII ғасырларға дәл келеді. Осы кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу, ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан[1, 365 б. ] .
С. П. Толстов пен Б. Я. Владимирцевтің көшпелі қоғам туралы пікірлері 60-жылдардың соңына дейін әртүрлі нұсқада қайталанып, дамытылып келеді деп Қазақстан тарихының I-томында айтылады. С. П. Толстовтың пікірі бойынша:” Көшпелілер отырықшы халықтар сияқты, алдымен құлиеленушілік, содан соң феодалдың қоғамды басынан өткізді. ”[1, 25 б. ] .
Дерекнамасы: М. Қани өз кітабында жазба дерек көздеріне сүйеніп В. В. Бартольд Жетісу аумағындағы егіншілік мәдениеті соғдылықтардың отарлауы арқасында пайда болды деген пікірге келген. А. Н. Бернштам Жетісудағы отырықшы мәдениет ескерткіштерін соғдылықтарға, ал көшпелі мәдениет ескерткіштерін түріктерге жатқызады. С. Г. Кляшторный Жетісудағы соғды қалаларының федерациясы жайлы жазып, олардың саяси және экономикалық дербестігіне ерекше көңіл аударды. Жазба дерек көздеріне қарағанда Оңтүстік Қазақстан қала” Испиджап, Шарап, Будухкент, Усбаникент, Отырар мен Шауғар [2, 15 б. ] .
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады
1. Мал шаруашылығы және егіншілік шаруашылығы
1. 1Ауыл шаруашылығы, сауда
Қала мен отырықшы тұрғындар өмірінде егіншілік пен мал шаруашылығы маңызды рөл атқарды. Отырықшы тұрғындар дәнді дақылдардан - бидай, тары өсірді, жүзім, бау - бақша өсірумен айналысты. Егіншілік суармалы және тәлімі түрінде болды. ” Талас аңғарында, - деп атап көрсетеді VIII ғасырдың орта шенінің шежірешісі, -үшінші айдан тоғызыншы айға дейін жаңбыр болмайды, ал егістікті суару үшін қар суы пайдаланылады. Мұнда арпа, күріш, бұршақ және атбас бұршақ өседі. Тұрғындар жүзім мен қарақурай шараптарын және айран ішеді. ”Ертедегі суландыру жүйесі қалдықтарын зерттеу Сырдарияның орта және төменгі ағысында алдыңғы орта ғасырлар кезеңіне жататын дамыған суландыру жүйелері болғанын көрсетеді. Отырар алқабында сумен жабдықтаудың негізгі көзі Арыс суларына негізделіп, VII-IX ғасырлардағы барлық арықтар содан шығарылған. Отырар алқабының қалалары мен қоныстарын сумен қамтамасыз еткен ірі-ірі Көк Мардан және Саңғыларық су жүйелерінің қалдықтары сақталған. Көк Мардан су жүйесінің қалдықтарын зерттеу мұндағы суландыру ісінеде дағдылы ”реттелмелі ” арналар әдісімен бірге бөгесінді ирригация әдістерінің де болғанын көрсетті. Судың ағуы үшін Арыстың бөгет салынған салалары пайдаланылып, содан ұзындығы 100- 400метрге дейін жететін арықтар қазылған [2, 354 б. ] . Негізгі Саңғыларық арнасы Арыстың жағасындағы қазіргі Қызылту поселкесінің оңтүстік-шығыс жағында 1, 5 шақырым жерден бастау алған. Қосарлас екі бөгет түріндегі басты құрылыстың қалдықтары сақталған. Арнаның 2 шақырым ұзындығы анықталды, жалпы ұзындығы кемінде 20 шақырым болған ол Отырар, Пышақшы-төбе, Құйрықтөбе, Алтынтөбе және Марданкүйік қалаларына су жеткізген. Сол кезде суармалы жердің жалпы көлемі алқапта 6мың гектарға дейін ұлғайған.
Отырар алқабының қалалары мен қоныстарының орындарын қазған кезде тары, бидай, арпа, асбұршақ дәндері, алма, өрік сүйектері табылды. Қоймалардағы үлкен кеспек ыдыстар мен қыш көзелерде тамақ пен су қорлары сақталған . Марданкүйіктегі VII-VIII ғасырларда өртенген бір үйдің қоймасынан қызықты олжалар табылды. Жеті кеспекте күйіп кеткен бидай, ал сегізіншісінде мақта қауашақтары болды. Қойманың еденінде күйіп кеткен алма шашылып жатты.
VII ғасырдың басындағы автордың айтуынша, Шу аңғарында “егін өсіретіндер мен табыс табатындар(сауда жасайтындар) тепе-тең” болған.
Таразды, Қызылөзен қаласының жұртын қазған кезде өріктің, жүзімнің сүйектері, қарбыз бен қауынның тұқымдары, бидайдың, тарының, күріштің дәндері табылды. Астықтың, бау-бақша дақылдары тұқымдарының табылуы егіншілікпен, бау-бақша өсірумен айналысу қосымша кәсіп болғанын дәлелдейді.
Жүзім өсіру және шарап өндірісі туралы мәлімет беретін қақпақтың фрагменті табылды. Қызылөзен және Новопокровск қалаларының орындарынан табылған қыш көзелердің жиектеріндегі соғды жазуларына қарағанда, Жетісуда шарап құйылған бұл ыдыстар сыйға тартуға арналған. Жазулардың бірінде былай делінген; ” Бұл ыдыс - Пакап қауымының тартуы. Бұл шарапты шат кезінде іш, Алдияр . . . Құдай бақыт берген Алып-Білге тақсыр бақытты болып, рахат көрсін!” Луговоедегі қала жұртынан VII-VIII ғасырлардағы шарап ашытатын орнының қалдықтары табылды. Шеберхана ауланың тұрғын үй кешені орындарының біріне орналасқан және бірнеше құбырмен жалғасқан жемісті сығу алаңқайларынан тұрған, олардан жүзім шырыны құдыққа аққан шырын сонда тұндырылып, тазартылған да, сонан соң ыдыстарға құйылған. Осында қайнатылған жүзім шырыны - бекмес дайындалған. Шарап ашытатын орын Талас аңғарындағы Төрткөл (Төменгі Барсхан) қаласының орнынан да табылды.
Қалалар мен ауылдардың тұрғындары егіншілікпен қатар ірі қара мен қой-ешкі, жылқы, түйе өсіріп, олар шаруашылықта кеңінен пайдаланылған. Орталық Қазақстанның далаларында жабайы түйе қолға үйретілді. Ақсу-Аюлы кешендерінің бірін қазғанда ботаның сүйегі шықты. Алексеевка қонысында да түйенің кейбір сүйектері табылды. Қазақтар қой, жылқы, сиыр, ешкі, түйе өсірді. Түліктердің ішінде қазақтың тұрмысында қой малы маңызды орын алды. Қойдың еті мен сүті қорек, жүні мен терісі киім, үй тұрмысы заттарына пайдаланды. Қазақтар қылшық жүнді, құрықты қой өсірді [2, 369 б. ] . Қазақ халқының мал шаруашылығында жылқы малының алатын орны ерекше. Қазақ жылқысының тұрқы аласа, кеудесі ауқымды, жүні ұзын, тарпақ тұқымдас жылқы болды. Ол мініске шыдамды, тебіндеп жайылуға қалыптасқан, аса күй талғамайды.
Сауда және ақша айналысы қалалар дамуындағы аса маңызды факторлардың бірі болды. Қала материалдық игілікті өндіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге сауда да жасады, бұл орайда оның екінші міндетін сол заман үшін ең маңызды деп санауға болады. Қалада тауар айырбасының негізгі үш бағыты; елдер арасындағы, қала мен оның төңрегі арасындағы, қала мен көшпелі дала арасындағы бағыттары тоғысып жатты. Сол кездегі халықаралық керуен жолымен сауда жасау кеңінен өрістеді, оның дамуында соғдылар мен түріктер маңызды рөл атқарды. Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу арқылы өткен. Оның Суяб, Тараз және Испиджаб қалалары арқылы өтетін учаскесінің суреттелгені мәлім. Испиджабта одан солтүстік - батыс жақтағы Фарабқа, Шауғарға және одан әрі Сырдарияның төменгі ағысы мен Орталық Қазақстан даласына кететін тармақтары шыққан.
Сауда түрік ақсүйектеріне едәуір пайда келтірді және атап айтқанда, қолға түсірілген олжаны сатуға мүмкіндік берді. 567 жылдың өзінде-ақ Иштеми қағанның сауда ісін жолға қою үшін Иранға екі рет елші жібергені кездейсоқ емес. Елшілік табысқа жеткізбеді. Сонда қаған Византияға да елші жіберді, бұл жолы елшілік сапар сәтті аяқталып, екі мемлекет арасында сауда-саясат одағы жасалды.
Қытайдан жібек, қағаз, айналар әкелінді. Орта және Таяу Шығыстан, Византиядан Қытайға опадалап, вавилон кілемдері, асыл тастар, інжу маржандар, шыны, маталар апарылып отырды.
Соғдылықтар күміс бұйымдар, түрлі түсті шынылар, дәрі дәрмек және бояузаттарын, кілемдер шығарып, сатумен айналысты. Византиядан, Соғыдыда, Қытайдан және басқа елдерден шыққан әсемдік заттарының бір бөлігі түрік шонжарларының ордаларында, қала тұрғындарының үйлерінде қалып отыратын.
Көшпелілермен айырбас сауда Испиджаб, Отырар, Тараз, Суяб, Невакет, Дех-Нуджикет қалаларында жиналатын жәрмеңкелерде жүзеге асырылды. Жетісудың оңтүстік -батысында маңызды сауда орталығы Тараз болды, ол жөнінде деректемелерде “көпестер қаласы” деп айтылады. Шу аңғарында Суяб осындай қала тұрғындарының жартысы көпестер еді.
Халықаралық және аймақаралық саудада Қытайда (Тан әулеті), Соғдыда, Шағада, Ферғанада, Бұхарада (штрифи үлгісіндегі) соғылған теңгелер пайдаланылды. VI-VIII ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда жаппай өз теңгелерін соғу басталды, олардың бір бөлігі халықаралық және аймақаралық саудада қолданылса, басқалары жергілікті саудада ғана қолданылды.
Отырар жиынтығына кіретін теңгелер Сырдарияның орта ағысындағы қалалардан ғана табылса, Жетісудың түргеш теңгелері Отырарда, Шашта, Ферғанда, Соғдыда, Батыс Сібірде, Шығыс Түркістанда кездестірілді. Алғашқылары аймақтық ауқымдағы ақша бөлінісі болса, Жетісу теңгелері аймақаралық ауқымдағы ақша бөлінісі болған. Сондықтан Жетісуға қарағанда, Отырар алқабынан халықаралық және аймақаралық саудада пайдаланылған шетелдік теңгелер әлдеқайда көп табылды.
Шу аңғарының қалаларына ақшамен сауда жасаудың дамығанын түргештер мен тухустардың теңгелері дәлелдейді, олар VII-VIII ғасырларда қағанаттарда шығарылған, бірақ XI ғасырға дейін айналыста болды.
Ауыл шаруашылығы - шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы - неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1, 3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2, 6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың 46%-ы осы салада еңбек етеді[3, 252 б. ] .
Ауыл шаруашылық географиясы климаттық, әлеуметтік және өндірістік факторлары әсерінен ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасып, дамып отырды. Соңғы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы климаттық факторларға тікелей тәуелді болып келді. Олар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы; өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік туғызатын 10°С - тан жоғары температуралар жиынтығы; жылдық жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі; топырақтың механикалық құрамы мен құнарлылығы сияқты мәселелер. Жер шарындағы ең құнарлы топырақ қатарына құрамында карашірігі мол қара топырақ, минералды заттары мол жанартаулық топырақ және тұнба жыныстардан түзілген өзен анғарлары бойындағы топырақтар жатады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың озық жетістіктері ауыл шаруашылығында кеңінен колданылып отырған еллерде климаттық жағдайға тәуелділік әлдеқайда төмендейді. Мысалы, Сауд Арабиясы көпшілік бөлігін шөлдер алып жатқанына қарамастан, соңғы жылдары бидаймен өзін толық қамтамасыз етіп, тіпті оны экспортқа шығара бастады.
1. Мал шаруашылығы және егіншілік шаруашылығы
1. 2Сәулет өнері
Сәулет өнері ескерткіштері оны жасаған қоғамның өмірі туралы аса бай ақпарат көзі . Өнердің және құрылыс техникасының ескерткіштері болумен қатар, олар дәуірдің эстетикалық нормалары, идеологиясы туралы, ғылыми техникалық мүмкіншіліктің дамуы туралы, мәдени қарым-қатынастар туралы, құрылыс қолөнерінің ұйымдастырылуы мен деңгейі туралы айқын түсінік береді[3, 263 б. ] .
Алайда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қазіргі кезге дейін сақталған архитектуралық құрылыстар саны көп емес және мұсылмандық орта ғасырлар дәуірімен шектелген . Сондықтан сәулет өнері тарихының жалпы проблемаларын шешу, архитектуралық көркемдік бейне эволюциясын ашып көрсету, сәулет өнері дамуының заңдылықтарын зерттеу көбінесе сәулет өнері ескерткіштерін археологиялық зерттеуге байланысты.
Сәулет өнері археологиялық қазба жұмыстарында табылған ескерткіштерде, тіпті тас дәуірі ескерткіштерінің өзінен-ақ ұшырасып, одан кейінгі кезеңдерде барған сайын ұлғая береді. Ол адамның материалдық және рухани мәдениет сапаларын біріктіретін жасампаздық қызметінің ерекше түрі -“пайданың, беріктік пен әсемдіктің ” ұштастырылуы болып табылады.
Бейнелеу өнері. Сарайлардың салтанатқа арналған және діни орындары көбінесе қабырғаларына сурет салып, бұйымға және алебастарға, ағашқа ою салу арқылы безендірілген. Қостөбенің сарай кешенінен оюланған саз бұйымдар, өрнекті ганча мол кездесті. Сәндеудің ең жақсы сақталған түрі-саз сылақтың қалың қабатын көркемдеп оймыштау. Бөлмелердегі қабырғаларды оймыштау өсімдік және геометриялық түрдегі өрнектерді қамтиды. Қабырғаларға арнайы бейнелер мотивтері жиі салынған, олардың ішінде сабағына ілініп тұрған бүлдірген, құлпынай жемістері де, ірі інжулер қатарлары да, ішінде шеңбері бар қос қабатты ромб тәрізді торлар да ұшырасады. Қабырғалардың жоғарғы жағы сабағы бар әдемі гүлдермен, жапырақтармен, гүл қауыздарымен безендірілген. Оюланған белдікте шиеленіп шырматылған жапырақтар, сабақтар, үлкен медальон түріндегі өрнектер бар. Еден мен сәкілердегі оюланған бұйымдардың кесектерінде шиеленіп шырматылған қызыл беделер, көп бұтақты пальметтер, інжу салынған қос қабатты дөңес шеңберлер, жапырақтары, сабақтары және шоқталған жүзімі бар, салмақты жүзім шыбығы мотивтері сақталған. Өсімдік және геометриялық өрнектердің мұндай мотивтері Афрасиб, Варахша сарайларының, замоктарының, бай тұрғын үйлерінің сәнделуінен жиі кездеседі.
Ағашты өрнектеу үлгілері Құйрықтөбе қамалындағы сарайдың салтанат залынан ұшырасты. Оны қазып тазалаған кезде үйдің төбесіне салынған, ою-өрнекпен безендірілген ағаштың көміірге айналған қалдықтары көп мөлшерде жиналды. Ағаш құлап түскен төбенің астында қалу арқасында сақталған. Бөренелердің, консольдердің, басқа да үйдің төбесіне салынған ағаштар овалдар, крестер, торлар, дөңгелектенген және жүрек тәрізді жапырақшалар, көктеп келе жатқан өсімдіктер түрлерімен өрнектеу арқылы безендірілген . Серігүл бейнеленген бөрене тіреуіштері қызықты.
Бейнелеу өнерінің тағы бір түрі-ертедегі түріктердің жартастағы бейнелеулері (петроглифтер ) көрінеу көз тартарлығымен және терең символикасымен айрықша болды. Олар мазмұны жағынан екі топқа бөлінеді; бірінші-салт аттылар, қаумалап аң аулау, көшіп-қону, жекпе-жек бейнеленген көріністер; екіншісінде ертедегі түрік қағанаттарының өзінше бір нышандарына айналған таутекелердің таңба сияқты бейнелері бар[4, 115 б. ] .
Еуразия көшпелілерінің бейнелеу өнеріндегі салт атты жауынгер бейнесі дала мемлекеттерінің әскери-саяси сипатын көрсетеді. Түріктердің салтаттылары ұзын шекпен түріндегі қорғаныс сауытын киген. Олар мықты аттарға мінген, ат әбзелдеріне ер, үзеңгі, өмілдірік пен құйықсан, жүген, жабу кіреді. Аттың жалын үш немесе одан да көп тісті етіп әдемілеп күзеу, құйырығын күзеу мен ерекше әдіспен өру оны әсемдеудің міндетті элементтері болған. Салт атты үш бұрышты ұшы бар найзамен қаруланған, ол оны бір қолымен белдемше тұсында, не қос қолымен кеуде тұсында ұстап отырады.
Қолданбалы өнер. Қала мен даланы мекендеушілердің көркем шығармашылығы мейлінше алуан түрлі болуымен ерекшеленеді. Ең алдымен көзге түсетіндері-ұсақ пластика, терракота, көркем керемика мен меттал. Металл мен ағаш оюлардың көптеген сюжеттері керамикаға көшірілген. Ою өнерінде жаңа техникалық тәсілдер, атап айтқанда, жапсыру, доғал және өткір стекалар, пунсон, қалыптар игерілді. Жұқалап ойып өрнектеу мен жылтырату кеңінен дамыды. Оюлардың сюжеті де мейлінше әр түрлі; діни-магиялық сипаттағы нышандар мен эмблемалар, антропоморфтық және зооморфтық мотивтер.
Көшпелі және отырықшы халықтың көркемдігі жоғары бұйымдарының көпшілігі киім-кешек әшекейлері болып табылады. Құрама белдіктердің қаптырмалары, салпыншақтары мен қарсы ілгектері, ат әбзелдерінің әшекейлері ою-өрнектері байылғымен ерекшеленеді. Әсем құрама белдіктердің бейнелері түріктердің тас мүсіндерінде, Пенджикент пен Афрасиабтың фрескаларында сақталған. Қаптырмалар географиялық түрде-төрт бұрыншты, ай сияқты, жүрек тәрізді мүсіндер болып келеді.
Ерте орта ғасырларда отырықшы халықтардың тұрғын-жайларын жоспарлау құрылымы өзгерді. Ежелгі бекініс-қалалардың орнына нығайтылған бекініс-үйлер пайда болды, кейіннен олар қамалдарға айналды. Қамалдардың айналасына немесе бір жағына Орта Азияда шахристан деп аталатын қалалар салынды. Олар бірнеше қорғаныс дуалдарымен қоршалды. Шахристанда негізінен діни ғимараттар, базарлар, ақсүйектердің, әкімдердің, ірі қолөнершілер мен саудагерлердің тұрғын үйлері тұрғызылды. Орта ғасырлардағы мүсін өнері сәулет өнерімен тығыз байланысты болды. Соборлар құдайларды, епископтарды, корольдерді бейнелейтін жүздеген, тіпті мыңдаған бедерлермен және мүсіндермен безендірілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz