Керейіттердің ерте тарихы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Ө. Сұлтанғазин атындағы

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті

Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ КЕРЕЙІТТЕР

Курстық жұмыс

Қостанай, 2018 ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1. Керейіттердің ерте тарихы . . .

1. 1. Шыңғысхан империясының құрамындағы керейіттер……… . . .

1. 2. Мемлекеттің құрылуы . . .

1. 3. Шаруашылық-экономикалық құрылысы . . .

2. Керейіттердің шығу тегі мен шежіресі . . .

2. 1. Этникалық тегі ……… . . .

2. 2. Керейіттердің шежіресі . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . … . . .

СІЛТЕМЕЛЕР . . .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

д

3

6

6

8

11

14

14

19

27

29

30

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тарихы ақырындап бүтінделіп, ақтаңдақтар айқындалып келеді. Қазақ тарихының ажырамас бөлігі - жалпы қазақ халқын құрайтын жеке рулар тарихы.

Әбілғазы Бахадүр «Түрік шежіресі» атты еңбегінде керейіттер тайпасының билеушілері айрықша даналығымен ерекшеленгені жайлы жазған. Керейіттердің ең көрнекті қолбасшысы «онсан - хан», қытай дереккөздерінде - Ван - хан титулы бар Тоғырыл болды. Ван - хан туралы аңыздарды профессор Г. Ф. Миллер Ван - ханның үлкен ұлы Тайбұға ұрпақтары сөздерінен Солтүстік Қазақстан мен Барабин даласында 1733 жылы келген кезде жазып алған.

VIII ғасырдың орта шенінде тарих сахынасында «Кереит хандығы» деген атпен жаңа мемлекет пайда болды. Олар жөнінде тарихи деректер бұл уақытқа дейін де кездеседі. Керейіттер немесе қарайлар қазіргі Моңғолия жеріндегі Орхон, Онон, Керлін, Тула Тамыр, Арғұн өзендерінің алқабын сонау көне заманнан бері мекендеп келе жатқандығы белгілі. Керейіт атауының шығуы туралы әртүрлі пікірлер бар.

Н. Ә. Назарбаев «Түркілер өзге мәдениеттердің жетістігін қабылдаудың ғажайып бірегей қабілетін танытты, оны өздерінің ерекше жағдайларына қарай бейімдеп шебер пайдалана білді. Ол томаға тұйықтан мүлде бөлек мәдениет болады» деп жазған [1, 296 б] . Қазақ халқының тарихын дүние жүзі тарихының, әлемдік өркениетінің құрамдас бөлігі есебінде алыс-жақын елдерге мойындату Қазақстан тарихы ғылымының ендігі кезектегі басты міндеті болып табылады. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи мұралары - әлем тарихының ғылыми айналымына енгізілуі қажет.

Зерттеу жұмысының тарихнамасы. Қазақстандағы тарихи-шығыстанушылық зерттеулердің бастапқы кезеңі А. П. Чулошниковтың және С. Ж. Асфендияровтың есімдерімен байланысты. А. П. Чулошниковтың «Очерки по истории казак-киргизского народа в связи с общими историческими судьбами других тюркских племен» атты еңбегіндегі ғылыми ізденістері жаңа деректемелер тартуға, қазақтардың және оларды құрайтын этникалық компоненттердің тарихын басқа да түркі халықтарының тағдырларымен байланыстыруға әрекет жасауға бағытталды. С. Ж. Асфендияров «История Казахстана (с древнейших времен) » еңбегінде қазақтың этногенезін зерттеген. Ру тарихын тану бұрынғысынша көкейтесті проблема болып қала берді. М. Тынышбаев «Материалы по истории киргиз-казакского народа» атты еңбегінде қазақтардың негізгі тайпалары мен руларының генеологиясын қысқаша баяндап, тарихи түсініктемелер жасады. Ал XIII - XIV ғасырларда жазылған «Моңғолдың құпия шежіресінде» ертеде қазіргі Моңғолия жерін мекендеген түркі тайпаларының (найман, керей, меркіт, қоңырат, жалайыр, татар, ұйғыр) тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік-саяси өмірі суреттелген, сондай-ақ тарихы, тілі, этнографиясына қатысты деректер кездеседі. Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағы» атты 3 томнан тұратын еңбегінде де Моңғолия жерін мекендеген тайпалар жайлы баяндаған. Бұл далалық ауызша тарихтың құнды дерегін хатқа түсіріп, бір жүйеге келтірген теңдесі жоқ, бұл күнге жеткен әлемдегі алғашқы еңбек.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Қазақ халқының құрылуына үлкен үлес қосқан керей ұлысының сол кездегі тарихы жөнінде деректер бар. Орта ғасырдағы жазба деректерде - «Моңғолдардың құпия шежіресі», «Моңғолдардың алтын тарихы» сияқты кітаптарда «керей» атауы «керейіт» түрінде берілген. Рашид ад-Дин еңбегінде сол кезеңдерде Керей мемлекетінің құрамында керейіт, қырқын, қоңқайт (тоңқат), сақайт, тобаут, албат, қарақин секілді тайпалар болғанын жазады. Сөз соңындағы «т» әрпі әдетте көптік жалғауды білдіреді. Рашид ад-Диннің тарихи жинағы негізінде «Жылнамалар жинағы» деген еңбек құрастырылған.

Күзембайұлы А., Әбіл Е., Әлібек Т. «Орта ғасырдағы Керей хандығы» атты мақаласын зерттедім. Мақалада ортағасырдағы керейіттердің этно - саяси тарихы баяндалған. Авторлар Керейіт хандығының Шыңғысханның монғол империясын құруға қосқан үлесін көрсетеді. Сонымен қатар, авторлардың тағы бір «Сібірдегі Керейлер мемлекеті» атты мақаласында Сібір хандығының негізін қалаған керей жұрты деректерге қарағанда Сібір жеріне XIII ғасырдың алғашқы ширегінде сонау Мұңғұлия жерінен қоныс аударғандығы айтылады.

Тарих қалтарысындағы беймәлім тұстарды хақиқат тұрғысынан зерделеп, ұлт мүддесіне сай қорытып, халық қазынасына айналдыру, көкірегі ояу, арда азаматтардың асыл борышы. Осындай азаматтық ұстанымдағы жерлесіміз Қыдырбек Қиысханұлының «Абақ Керей тайпасының ҚХР-дің СУАР өлкесіне қоныстануы» және «Абақ Керейдің ережесі туралы» мақаласын тақырыпты зерттеуде дерек көзі ретінде пайдаландым.

Зерттеу жұмысының мақсаты пен міндеттері. Орта ғасырдағы керейіттер тарихын зерттеп-зерделеу. Осы мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттерді орындауға талпыныс жасалынды:

- Шыңғысхан империясының құрамындағы керейіттердің тарихына талдау жасау;

- Мемлекеттің құрылуын айқындау;

- Шаруашылық-экономикалық құрылысын анықтап, сипаттама беру;

- Керейіттердің этникалық тегін анықтау;

- Керейіттердің шежіресін айқындау.

Зерттеу жұмысының методологиясы тарихилық принципке негізделді. Керейіттер мемлекетінің тарихи күрделі кезеңнің ерекшелігін ашуда ой елегінен өткізу, жинақтау, талдау, қорыту, дәлелдеу әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі. Зерттеу жұмысында қойылған мәселені шешу үшін жалпы ғылымилық қағидалар - тарихилық, обьективтік, жүйелілік басшылыққа алынды. Нақты әдістерді таңдау түрлі факторларға, яғни пайдаланудағы деректердің мазмұны мен сипатына, курстық жұмысының мақсатына байланысты болды.

Хронологиялық шеңбері . Зерттеліп отырған тақырып керейіттер өмір сүрген ХІІ-ХІІІ ғасырларды қамтиды.

Зерттеу жұмысының құрылымы . Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, бес бөлімнен, қорытындыдан, сілтемелерден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Керейіттердің ерте тарихы

1. 1. Шыңғысхан империясының құрамындағы керейіттер

Керейіттердің ертеректегі мемлекеттері Орталық Азияның шығысында - Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, оның тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатысы бар. Көшпелі мемлекеттіліктің бастаулары Орталық Азияның нақ шығысында жатыр, ежелден Қазақстанның өз жерінде мекендеген халықтар мен тайпалардан басталатын дәстүрлермен қатар олар кейіннен қазақ мемлекеттілігіне тән болды.

Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер XI ғасырдың соңғы ширегіне жатады, олардың христиан дінін қабылдауына байланысты айтылады. Олар Тола өзенінің аңғарын, Орхон өзенінің орта ағысы ауданын алып жатқан. Шыңғысхан шапқыншылығы қарсаңында керейіттер бүкіл қазіргі Монғолия мен Алтай аумағында үстемдік еткен, монғолдар да солардың қол астында болған [2, 240 б] .

Шыңғысхан өзінің қамқоршысы, керейіттердің Ван - ханына әскери көмек көрсетті. 1194 жылы Ван - ханды інісі Эрхэ Хара наймандардың әскери көмегін пайдаланып, өз ұлысынан қуып жіберген еді. Ол 1196 жылға дейін танғұттар (Си Ся) елінде және ұйғырлар мен қарақытайлар иеліктерінде қашып жүрді. Шыңғысханның көмегімен қайтып келіп, керейіттер ұлысында билікті өз қолына алды. 1198 жылы Шыңғысхан Ван - ханмен және чжурчжэндердің Цзянь мемлекетімен одақтасып, татар ұлысына қарсы жорық жасады да, күйрете жеңіліске ұшыратты. Осы жорықтан қайтып оралғаннан кейін Шыңғысхан татарларға қарсы жорыққа қатысудан бас тартқаны үшін Керулен өзеніндегі журкин тайпасын шауып, қолбасшыларын қатал жазалайды [2, 242 б] .

Көп кешікпей, найман ханы Инанч - білге өлгеннен кейін, оның екі ұлы Даян - хан мен Бұйрық - ханның арасындағы өзара қырқысты пайдаланып қалмақшы болған Шыңғысхан мен Ван - хан 1199 жылы Бұйрыққа қарсы жорыққа шықты. Әскер жинап үлгірмеген Бұйрық - хан Алтайдан аса шегініп, сонда жеңіліс тапты. Сол екі арада, Бұйрықпен араздығына қарамастан, Даян -хан Шыңғысханға қарсы әскер жіберді. Керейіттер мен монғолдардың біріккен күштері наймандарды бұл жолы да тас-талқан етті [2, 245 б] .

1200 жылы Шыңғысхан мен Ван - хан меркіттердің әскерін ойсырата жеңді. 1201 жылы Жамұқа Шыңғысханның монғолдары мен Ван - ханның керейіттеріне қарсы наймандар, меркіттер, татарлар, ойраттар, жажраттар және басқа да тайпалардан қуатты қол жасақтады. Осы қолды жеңу Шыңғысханды көшпелі ақсүйектердің өзара бақталас өкілдерінің ішіндегі ең құдіреттісіне айналдырды. 1202 жылы Шыңғысхан татар ұлысын біржола талқандады. Сол жылы наймандар Шыңғысханға бірлесіп қарсы шығу жөнінде Алахуш - дигит Хуриге ұсыныс жасады. Бірақ онғұттардың билеушісі наймандармен ежелгі байланыстарына қарамастан бас тартып, шабуыл жасалғалы жатқанын Шыңғысханға хабарлап қояды. «Юань - ши» бұл жөнінде былай деп көрсетеді: «Даян - кэхань (каған) бір-бірімен туыстасу үшін және Шофанды (сөлтүстік жақты, яғни Монғолияны) басып алу мақсатымен (Алахуш - дигит Хури) одақ жасасу үшін келісуге елші (Алахуш - дигит Хуриге) жіберді. Онғұттар арасында мұны жақтайтындар бар еді. Алахуш- дигит Хури елшіні ұстап алды. Ол құрметпен (Шыңғысханға) алты көзе шарап (өз елшісі арқылы) жіберіп, бұл туралы хабарлады. Елші қайтып келгеннен кейін (Алахуш - дигит Хури) 500 жылқы мен мың қойды сыйға тартып, Даян - кэханьға бірлесіп шабуыл жасауға уағдаласты . . . » [2, 247 б] .

Шыңғысхан уақыт өткізбей, 1204 жылдың көктемінде 45 мың атты әскерді бастап наймандарға жорыққа аттанды. Найман ханының қол астында шамамен 50-55 мың адам бар еді [2, 249 б] . Наймандар армиясынан саны кем болса да, моңғол әскері одан ұйымшылдығымен және жауынгерлік тәжірибесімен басым түсті. Даян - хан шайқасқа шыққысы келмей, Алтай асып кетпекші болды. Бірақ ұлы Күшліктің талап етуімен шайқасатын болып ұйғарылды. Сөйтіп наймандардың әскері Орхон өзенінен өтіп Нагу тауларынын шығыс беткейіне тоқтады. Шайқасты моңғолдар бастады. Олардың алдыңғы шептері наймандарды тауға қарай ығыстырды, ал кешке қарай моңғолдардын негізгі күштері қарсыластарын екі қанаттан орап өтіп, ойдағыдай қоршап алды. Қақпанға түскен наймандар қоршауды бұзып өтуге тырысты, бірақ қараңғы түнде жартастардан құлап қырылды. Наймандардың бір бөлігі, соның ішінде Даян - ханның ұлы Күшлік қашып құтылды. Наймандар жеңіліс тапты. Даян -хан жарақаттан өлді. Наймандардың көпшілігі Шыңғысханға берілді, олардың басқа бір бөлігі монғолдарға жанталаса ұмтыла соңғы шайқасқа шығып ерлікпен қырылып кетті. Наймандардың едәуір бөлігі, сондай-ақ меркіттердің, керейіттердің және басқаларының аман қалғандары Күшлікпен бірге кетті. 1206 жылы монғолдар Бұқтырма өзенінде наймандардың ханы Бұйрықты жеңіп, оны өлтірді [5, 402 б] .

1206-1207 жылдары Шыңғысхан үлкен ұлы Жошыны Енисей - Ертіс өзендерінің аралығындағы «орман» халықтарын, атап айтқанда, Енисейдің жоғарғы ағысында мекендейтін түркі тілдес қырғыздарды бағындыруға жіберді. Қытай деректемелерінің мардымсыз деректерінен қырғыздардың бұл аймақтағы әсер - ықпалын жорамалдауға болады. «Цзилицзисалар (қырғыздар) жөніндегі кіші (бағынышты) мемлекет дегеніміз гулигань (курыкан) мемлекеті . . . » [5, 404 б] .

XIII ғасырдағы Енисей қырғыздарында қалалар мен бекіністер болғаны жөнінде деректер бар. Мәселен, «Юань - шиде» Енисейдің жоғарғы ағысына жорық жасаған кезде қалалардын бекіністі дуалдарын шабуыл жасап алу үшін моңғолдардың тас атқыш құралдары, қоршау қаруларын пайдаланғаны туралы айтылады [6, 158 б] .

Орталық Азия аумағындағы соғыстардың салдарынан 1190-1206 жылдары Қазақстан жеріне керейіттердің бір бөлігі көшті. Күшлік бастаған наймандар Алтайға келіп, осында ертеде моңғолдар талқандаған керейіттер мен меркіттердің қалдықтарымен бірікті. Наймандар Бұқтырмада тағы да жеңіліс тапқаннан кейін Күшлік өз ұлысының қалдықтарымен Алтай жерін біржола тастап, Жетісуға қашуға мәжбүр болды. Ал керейіттердің едәуір бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып, монғолдарға бағынды.

Монғолдар талқандағаннан кейін керейіт топтары, қалыптасып жатқан көптеген түрік халықтарының құрамына, атап айтқанда казақ халқының құрамына біртіндеп сінісе берді. Керейіттерге келетін болсақ, олардың бір бөлігі батысқа, Еділ бойына дейін барып, онда өздерінің керейіт деген этнонимін сақтап қалды және кейініректе осы атаумен өзбектер мен қырғыздардың құрамына, ал шағын тобы қазақтардың да құрамына кірді. Керейіт этнонимі Кара теңіз өңірі далаларының топономиясынан да кездеседі. Керейіттердің басқа бір бөлігі Солтүстік Қазақстанда қалды да, бұрынғы этнониміндегі -іт жалғауын жоғалтып, керей (қара керей, абақ керей) деген атпен Орта жүз қазақтарына қосылды.

Егер орта ғасырлардағы Дала халқының монғол дәуірінде тұрақты түрде және алыстан қоныс аударуын ескерер болсақ, керейіттер мен керейлерді олар батыс керейіттерінің шығысқа қарай кері көшіп немесе керейлердің жекелеген топтарының батысқа қарай одан әрі ілгерілеп қарым-қатынас жасау мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Орталық Азия халықтарының этникалық тарихына жақсы біліп отырғанымыздай, мұндай араласу мейлінше дағдылы құбылыс болған.

1. Керейіттердің ерте тарихы

1. 2. Мемлекеттің құрылуы

Орталық Азияның көшпелі тайпаларының XII ғасыр бойында күш -қуатының артуы олардың ең ірілерінде - наймандарда, керейіттерде, жалайырларда - алдыңғы феодалдық мемлекеттік құрылымдар - ұлыстардың пайда болуына жеткізді. Б. Я. Владимирцовтың көрсеткеніндей, ұлыс алғашқы қауымдық құрылыстың институты болған жоқ [5, 405 б] . Ұлыс ру да, тайпа да емес, ол рулық - тайпалық институттардан жоғары тұрды. «Ұлыс» ұғымы ол кезде «халық» дегенді білдірді. Ұлыстың құрамында қандас туысқан адамдардың болуы міндетті емес еді, оған хан руының өкілдері ғана емес, сонымен бірге бөгде адамдар да енді. Әрбір ұлыс белгілі бір аумақты иеленді, наймандар мен керейіттердін ең үлкен күшті ұлыстарының өз шекаралары болып, олар ара - тұра болса да қорғалып отырды. Шыңғысхан талқандаған керейіттер ұлысының билеушісі Ван - ханның наймандар иелігін қорғаған найман қарауылымен қақтығыста қаза тапқаны мәлім. Армян авторы Степанос Епископ моңғол сарайы жанындағы жоғары лауазымды қайраткерлердің бірі жайында айта келіп, былай дейді: «Бұл адам саны ең көп және күшті джалакир (жалайыр) тайпасынан болатын. Бұл жалайыр тайпасы үлкен-үлкен он тармақтан тұрады , олардың әрқайсысы жекелеп алғанда үлкен халыққа айналды . . . » [5, 409 б] .

Ұлыстарды, «Монғолдардың кұпия шежіресінің» терминдері бойынша, «жаратылысынан хандар» басқарған. Хан, ұлыс билеушісі басқару аппаратын, бірінші кезекте хан ставкасы - ордасын, оның күзетін басқару және әскерге, жасаққа қолбасшылық ету органдарын құрды. Мемлекеттік биліктің белгілі бір институты ретінде - орда көшпелілерде сонау қидандар заманынан белгілі. «Ляо күшейе бастаған кезден бері хандардың тұрақты орындары қалыптаса бастады, олар орда деп аталды». Хан ордасы басқару орталығы, ұлыстың өзінше бір үкіметі болды, кез келген Орталық Азия мемлекеті үшін аса маңызды екі саланы - ханның мал - мүлкі мен хан әскерлерін басқарды. Хан мен мемлекет мүлкінің арасында айырма болған жоқ [5, 411 б] .

Керейіттер ұлысының билеушісі Ван - ханның «өз жайлаулары, қысқы жайылымдары болды», яғни хан жайылымдары қатаң белгіленді [2, 125 б] . Ұлыстың әскерлері ХІІ ғасырдың өзінде-ақ ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар, түмендер бойынша құрылған отрядтар бөлінді. Меркіттерге жорық жасар алдында Жамұха мен керейіттердің Ван-ханы әскерінің саны екі түмен болған [2, 125 б] . Кейін Шыңғысхан империясының кезінде болғанындай, бүкіл ұлыс халқы, сірә, осы әскери-әкімшілік бөліністері бойынша есептелген болса керек. Ақырында, ұлыстарда сипаты жөнінен заңға жақын, орныққан дағдылы құқық нормалары қолданылды. Мәселен, «Моңғолдардың құпия шежіресінде» ұлыста кісі өлтірушілік үшін өз бетінше емес, заң арқылы жазалау шаралары айтылады. «Заң, ұлы шындық, Еке-Төре» де аталды. . Ұлыстардың істерін ерекше шерби деген атағы бар қызмет адамдары жүргізген. Бұл атақ пен лауазым иелерін хан тағайындаған. Керейіттердің мемлекеттік істері қағаз жүзінде жүргізілген. Қағаздар ұйғыр жазуымен жазылып, хан мөрімен бекітілген [2, 125 б] .

Керейіттер мен наймандар, ең алдымен оның билеуші тобы несториандық бағыттағы христиандар болды. Ақырында, христиан діні кейіннен Шыңғысхан әулетіне де енді. Шыңғысхан ұлдарының бірі Теленің әйелі, керейіттер билеушісі Ван-ханның жиені, Мөңке-хан мен Құбылай-ханның анасы христиан қызы болғаны мәлім. Мұндай жағдай наймандарда да болды, керейіттер сияқты олар да Орталық Азияның басқа халықтарынан бұрын христиан дінімен танысқан орта ғасырлардағы ұйғырлардың мәдени ықпалында болды.

Дүниежүзілік діндердің біреуіне тартылу да әлеуметтік қатынастар дамуының белгілі бір деңгейінің айғағы болып табылады.

Деректемелер наймандар мен керейіттердің көрші тайпалармен соғыстары туралы мәліметтерге толы. Рашид ад-Дин былай деп жазады: « . . . Керейіттер көптеген тайпалармен, әсіресе найман тайпаларымен көп жауласты . . . Бұл кезде басқа тайпаларға қарағанда олардың күші басым әрі құдіретті болатын. Керейіттердің Ван - ханымен наймандар қырғыздардың аймағы бойынша және ұйғырлар елімен шектесіп жатқан шөл далаға дейін үнемі қырқысып, жауласып жүрді» [2, 126 б] . Рашид ад-Дин наймандардың қырғыздармен, керейіттердің Цзинь мемлекетімен соғыстары туралы мәліметтер келтіреді. Соғыс кезеңдері көршілермен бейбіт қатынастар жағдайымен алмасып та отырды. Қытай деректемелерінде керейіттер мен наймандардың көшпелі көршілерімен ғана емес, сонымен қатар отырықшы мәдениеті бар мемлекеттермен - Танғұт мемлекетімен (Си Ся) және ұйғыр иелігімен тығыз мәдени және саяси байланыстар жасағаны туралы мәліметтер де бар [2, 125 б] . Наймандар мен керейіттердің билеуші тобы ұйғырлардың ықпалымен несториан бағытындағы христиан дінін, ұйғыр жазуын, сондай-ақ мемлекеттіліктің басқа да элементтерін қабылдады. Керейіттердің танғұттармен қатынастары да осы байланыстардың дәлелі болып табылады. Мысалы, керейіттер ұлысының билеушісі Ван-ханның інісі Қарабітай (Керандай) бала кезінде танғұттарға тұтқынға түсіп, кейін Танғұт мемлекетінде аймақ билеушісі қызметіне дейін өскен. Оның қыздарының біреуі танғұттар билеушісінін әйелі болған. Керейіттердің танғұттармен және ұйғырлармен байланыстары болғанын керейіт билеушілерінің, атап айтқанда, Ван-хан мен оның ұлы Сангуннің сәтсіздікке ұшыраған кезінде танғұттар мен ұйғырлар жеріне барып паналағаны растайды [2, 126 б] .

«Юань-ши» қазіргі Казақстан аумағында мемлекеттік құрылымы болған қаңлылар мен керейіттердің өзара саяси және аумақтық байланыстарының қалыптасқанын, бірқатар қаңлы шонжарларының өкілдерінің керейіттер билеушісі Тоғұрыл Ван-ханда қызмет атқарғанын көрсетеді. «Бухуму . . . Оның ата-бабалары қаңлы тайпасының ата-тегінен келе жатқан атақты адамдары. Хайланьбо (Қайранбай - Бухумудың атасы) керейіттердің Ван-ханында қызмет еткен. Ван-ханды (моңғолдар) өлтірген кезде, Хайланьбо бала-шағасын тастап, бірнеше мың салт аттыларын ертіп, солтүстік-батысқа қашты. Тайңзу (Шыңғысхан) елші жіберіп, оны өзіне келуге (яғни бағынуға) шақырды. Бірақ ол былай деп жауап қайырды: «Бұрын мен де, мархабатты тақсыр (Шыңғысхан) да Ван-ханға қызмет еткенбіз. Казір Ван-хан өлді, бірақ мен өзім қызмет еткен адамға опасыздык жасай алмаймын» [5, 414 б] . В. В. Бартольдтің атап айтқанындай, қаңлылар мен қыпшақтар наймандардың ұлысында да өмір сүрген. «Юань-шиде» наймандар мен қанлылардың шонжарлары арасында тығыз туыстық байланыстар болғаны жөнінде мынадай деректер келтіріледі: «Шаостар (Чаос) наймандардан шыққан. Оның арғы атасы Тайянь (Даян) наймандардың билеушісі болған. Оның арғы атасы Цюйшулай (Күшлік) . . . Бэдэинь (Бәде) Шаостың ұлы . . . Бэдэинь қаңлы тайпасынан шыққан нағашы әжесімен тұрды . . . » [5, 417 б] .

Сонымен, керейіт тайпалық бірлестігі ішкі әлеуметгік байланыстары жөнінен өте күрделі болды және көшпелі моңғол, түрік тайпаларын біріктірген, Орталық Азияда құдіретті мемлекет - Шыңғысхан империясы құрылуын көп жағынан дайындады, сондай-ақ моңғолдардан кейінгі кезеңдегі, казақ халқы мен басқа да қазіргі түрік халықтарының өз тарихы басталған кездегі этникалық үрдістерде айтарлықтай рөл атқарды. Отырықшы халықтардағыдан ерекше болғанымен, наймандар мен керейіттерде мемлекеттілік нысандары болған. Наймандар мен керейіттердің ұлыстары «бастапқы үлгідегі мемлекеттер», яғни ертедегі феодалдық мемлекеттік құрылымдар болды.

Керейіттердің этникалық сипаттамасы туралы мәселе ұзақ уақыт бойы даулы болып келеді. Наймандармен және керейіттермен генеалогиялық жағынан туыс онғұттарға келетін болсақ, онғұттардың несториандық эпитафияларының тілін зерттегенде олардың қыпшақ тобы тілдеріне жатқанын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Найман мен керейіт тайпалар одақтары
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Керей атауына қатысты тұрақты тіркестердің тарихи-лингвомәдени ерекшелігі
Найман, керейт, қоңырат, жалайыр, меркіт тәрізді түрік тайпаларының қалытасуы
Моңғолстанның құрылуы
Қазақстан тарихы пәнінен қысқашалекция жинағы
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
Монография рецензия
Орта ғасырдағы Қазақстан жайлы
Қазақстан тарихы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz