Түрік қағанатының саяси тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық
университеті
Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы

Түрік қағанаты
Курстық жұмыс

Қостанай, 2018 жыл

МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Түрік қағанатының қоғамдық - саяси құрылысы
Түрік қағанатының құрылуы және территориясы ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Көне түрік қағандығының мемлекеттік басқару және құқықтық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2. Түрік қағанатының саяси тарихы
2.1. Түрік қағанатының эфталиттерді талқандауы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 13
Түрік қағандығының Византиямен соғысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 15
3. Түрік қағанатының жойылуы
3.1. Түріктердің Иранға жорығы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Түрік империясының құлдырауы және құлауы ... ... ... ... ... ... ... . ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .26

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Ежелгі түріктер қысқа уақыт ішінде әлемдік дәрежедегі мемлекет құрып, сол уақыттағы әлемдік тарих сахнасындағы ең ірі мемлекеттермен байланыс орнатып, тіпті олардың кейбіреулерін кіріптар қылып қойды. Түрік державасының геосаяси орнының өзін Түркі мемлекетінің құрылыуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір дәрежеде бетбұрыс кезең болды өйткені сол кезге дейін орта теңіз мәдениеті мен Қиыр Шығыс мәдениеті, бір-бірінің дүниеде бар екенін білсе де, басы қосылмаған еді-деп Лев Гумилев дәл анықтап көрсеткендей, Түркі қағанатының басқа мемлекеттермен қарым-қатынасындағы Батыс пен Шығыс арасындағы транзиттік функциясы мықты болды. Өз кезегінде Түркі қағанатының саяси дамуы көрші мемлекеттермен тайпаларға ықпал етіп, әлсіздерін өздеріне бағындырып отырды.
Түркі әлемінің тарихтың қай белесінде де сан түрлі мәдениеттер мен діндердің өзара тығыз алыс берісі, барыс-келісі белсенді жүріп жатты. Сан қилы мәдени дәстүрлер мен сыртқы қарым-қатынастардың нәтижесінде көшпелі қоғамдардың дәстүрлі құрылымдық негізі трансформацияға түсті, мұның өзі бұл ұлттар мен ұлыстардың тарихи дамуының сипатына, мазмұнына және ерекшелігіне әсер етпей қойған жоқ. Осындай көкейкесті мәселелер теориялық, ғылымдық және практикалық маңыздылығын арттыра түсетіні анық.
Хронологиялық шеңбері. Курстық жұмыстың тақырыбы негізінен VI ғасырдың ортасы-VII ғасырдың басындағы Көне түрік империясының саяси тарихы, саяси - құқықтық қатынасы, сонымен қатар Түркі қағанаттырының қоғамдық-саяси құрылысы, басқару жүйесі зерттеліп, Түркі империясының эфталиттерге, Византияға, Иранға жүргізген жорықтары мен қатар империяның сыртқы қарым-қатынасы жеткізіледі.
Тарихнама: Уақыт өткен сайын тарих зерттеліп, зерделеніп, жаңа деректермен толықтырылып тұрады. Сондықтан да дерек көздері жаңа өзгерістерге лайықты еңбектерден алынды.
Алып мемлекеттің құрылуы және территориясы туралы Л.Гумилевтің Көне түріктері [1], Қ.Салғариннің Түріктер, жужандар [2], С.Г.Кляшторный мен Т.И.Сұлтановтың Казахстан: летопись трех тысячелетии [3] атты еңбектерінен алынып сараланды.
Түрік қағанатының саяси тарихы, яғни көрші мемлекеттер мен қарым-қатынасы, Иранға жорығы, Византиямен соғысы К.Аманжоловтың Түркі халықтарының тарихы [4], Бичуриннің Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в древние времена [5], А.Н.Шмидтің Орта Азия мен Иран тарихы жөніндегі материалдар [6] атты еңбектері дерек көзі ретінде қолданылды.
Көне түркілердің тарих сахнасындағы орны мен маңызы туралы мәселелер Президентіміз Н.Назарбаевтың Тарих толқынында [7] атты кітабында жан-жақты талдаулар жасалып, сындарлы ойлар айтылған.
Мақсаты: Көне Түркі империясының саяси тарихын зерттеп, далалық империяның ел басқарудағы, сыртқы қарым-қатынасындағы ерекшеліктері қаралды. Түркі империясының сыртқы қарым-қатынастарын зерттей отырып, геосаяси орнын анықтау, сонымен қатар көне түркі қағанатының саяси тарихын жан-жақты қарастыру. Белгіленген мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды.
Міндеттері:
Түрік қағанатының құрылуы және территориясын анықтау;
Көне түрік қағандығының мемлекеттік басқару және құқықтық жүйесін талдау;
Түрік қағанатының эфталиттерді талқандауын ашу;
Түрік қағандығының Византиямен соғысын сипаттау;
Түріктердің Иранға жорығын талдау;
Түрік империясының құлдырауы және құлау себептерін анықтау.
Зерттеу әдістері. Зерттеудің мақсат-міндеттеріне сәйкес ғылыми-танымдық әдістер қолданылды: тарихи, салыстырмалы түсіндіру және т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. Түрік қағанатының қоғамдық - саяси құрылысы
1.1 Түрік қағанатының құрылуы және территориясы.

VI ғасырдың ортасында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде әлемдегі аса ірі қуатты империялардың бірі Көне Түркі империясы құрылды. Сонымен қатар жаңа этникалық тип түркі тілдес халықтардың іргесі қаланды.
Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір кезеңде бетбұрыс дәуірі болды деп жазды белгілі ғалым Л.Гумилев өзінің Көне түріктер деген іргелі зерттеуінде [1.4б] Көне түрік мемлекеті Шығыс мәдениеті мен Батыс мәдениетін жалғастырушы ғана емес, сонымен қатар ол өз мәдениетін, мемлекеттік құрылысы мен идеологиясын жасады, әлемдік тарихта үлкен із қалдырды.
Түрік сөзі (қытайша тукюе) б.д. VI ғасырында бірінші рет көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Бұл ғасырда Түркілер Монғолиядан және Қытайдың Солтүстік шекарасынан Қара теңізге дейін созылып жатқан Ұлы көшпелі империяны ң негізін қалады [4.47б]
Ұлы далада Түркі мемлекетінің, түркі тілінің қалыптасу дәуірінен дерек беретін Күлтегін ескерткішінде былай деп жазылды: Әлемнің көгінде аспан, төменінде қоңыр жер пайда болғанда, осы екеуінің, арасында адам баласы жаратылды. Адамзат баласының үстінен менің балаларым Бумын қаған мен Истеми қаған билік жүргізді. Таққа отырған олар өз мемлекетін қорғап, түркі заңдарын шығарып, оны бекітті. Мұнда дүниенің төрт бұрышын түгел өзіне табындырған алғашқы Түркі қағандарының билік құрған уақытымен байланысты суреттеледі.
Түрік этнонимі алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар Түріктерді сюнулердің ( ғұндардың) ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде Қытайдың Вэй княздігінің солтүстік өңірлеріне Солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылық жасап, ойрандап кететін болды деп хабарланады [8.296б]. Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрлықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуының өзек болған оқиғаларға байланысты.
Түркі қағанатына 552-744 жж негіз болған басты 4 тайпа: түркі( ашина), оғыз( теле),қыпшақ (сір) және қырғыз болатын [5.228б].
Түркі аңыздарымен Қытай тарихында Ашина Шығыс Түркістанда өмір сүрген кезде өздеріне жаңа бір этникалық топты қабылдап, жергілікті тұрғындармен араласып кетті деген деректер бар. III ғасырдың соңынан 460 жылға дейін аумақта ашиналармен бірге Иран (соғды) және Тохар (индоеуропалық) тілдес тайпалар мекендейді. Олар белгі бір дәрежеде ашина тайпасының тілі мен мәдениетінің қалыптасуна әсер еткен. Бұл кездері соғдылар аумағы бүкіл Ұлы жібек жолы бойымен Қытайдың ішкі қалаларына дейінгі аралықты алып жатты. Олардың ішіндегі ең ірісі Қытай тарихында теле деген атпен белгілі болған ірі тайпалар бірлестігіне кірген оғыздардың тайпалық одағы еді. IV-V ғасырларда осы бірлестікке кірген көптеген тайпалар Еуразия даласының Батыс жағында да пайда болды. Олардың негізгі аумағы Жоңғария мен Хинган жоталары болған еді. Түркілердің мәдениеті мен мемлекетіне аса зор ықпал еткен түркі-соғды тілдерінің жақындасуы дәл осы кезден басталды. Демек түріктер Л.Гумилевтың атап көрсеткеніндей тайпалардың этникалық араласуы нәтижесінде V ғасырдың аяғында пайда болған Келгіншілердің жергілікті халықпен біртуғандай ұласып кеткені сондай, арада жүз жыл өткеннен кейін,546 жылы олар көне түрік немесе түркіттер деп аталатын тұтас бір халық болып шыға келеді. Сөйтіп, Қытайлар Тумынь деп атаған (түркі жазбасында Бумынь) империяның негізін қалаушы болып табылды.
Солтүстік Қытайда жаңа соғыс бұрқ етеді. Шығыс Вэй империясының билеушісі Гао-Хуань жужан ханы Анағуймен және Тоғон ханы Куалүймен одақтасып, Батыс Вэй империясына шабуыл жасап, бәсекеші-бақталасы Юйвынь Тайды қысады: алайда одақтастар шешуші жеңіске жете алмайды. Батыс Вэй императоры Вэнь-ди Ань Нопаньто деген біреуді достық қатынас жасау үшін түрік қағаны Бумынға жібереді [9.500б.].
545 жылы Түріктерге келген елші қуанышпен қарсы алынды. Ордадағылар: бүгін бізге ұлы мемлекеттен елші келді, ұзамай біздің мемлекетіміз де өрге өрлейді-деп бірін-бірі құттықтай бастайды.
Халқының көңіл күйіне бейімделген Бумынь өз алдияры-Жужан ханына адал еместігін танытып, Батыс Вэй астанасы Чаньанға жауап ретінде көп тарту таралғымен елшілерді аттандырады, сөйтіп өз мырзасының жауымен одақ құрады.
546 жылы теле тайпалары қазіргі Монғолияның Оңтүстігі мен Орталық бөліктерін мекендеген және бұл жерлерге үстемдік еткен аварларға ( жуань- жуань) қарсы жорық жасайды. Батыс жақтан қаптай енген теле әскерінің сан жағынан қаншалықты көп болған белгісіз, бірақ олардың нөпірі сұсты болған деп топшаланады, өйткені телелердің құрамына көптеген тайпалар енген, ал олардың қуатты аварларға аз күштерімен қарсы тұра алуы екіталай еді. Түркі қағаны Бумынь күтпеген жерден қатты шабуыл жасай отырып, бей-берекет жатқан теле әскерін қапылыста басып, кескілескен шайқастан кейін оны күйрете жеңеді де, телелерді 50 мыңнан астам әскерін түркілер тұтқынға алады. Даланың әдеттегі құқығының қағидаларына сәйкес тұтқынға алынған әскерлер өзін - өзі жеңушінің әскеріне қосып алынатын еді. Осы кезден бастап, бұрын аварларға вассалдық тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестеріне айналады. Мұның бір көрінісі авар қағаны Анағуйға келіп, авар қағанының қызын Бумыньға әйелдікке бер деп үзілді - кесілді талап еткен түрік елшілігі болды. Мұның өзі қағанмен тең құқықтылығын көрсетуден гөрі оны басынғандық еді. Авар қағаны Анағуй: Маған бас иетін - вассал бұлай деуге қайтіп дәтің барды?-деп Бумынға жаулаушыларын жібереді [1.27б]. Бірақ аварлар қалыптаса бастаған Түрік қағанатының күшін бағалай алмады, ал түріктер тарапынан мұның өзі осылай болуға тиіс деп дұрыс ойластырылған әдіс қана болатын. Хан бетін қайырғасын Бумынь жәбірленуші болып шыға келеді, оған керегі де сол. Ымыраға келу жолын кесіп тастау үшін ол жужан елшісін жазалауға әмір етеді, енді осы арада оған Батыс Вэй үйімен жасаған одағы бірден кәдеге асты. Ол дереу Вэнь-димен қайтадан келіссөз жүргізіп, 551 жылдың жазында Қытай ханының қызы Чанлені әйелдікке алады, бұл оның көшпелілер арасындағы абырой-беделін біржолата арттыра түседі. Тосыннан шабуыл жасаудың артықшылығын пайданалануға тырысқан Бумынь 552 жылдың қысында жорыққа шығады да, жужандарды толығынан жеңіп шығады. Анағуй өзін - өзі өлтіреді, ал оның ұлы Яньлочен одақтасы циліктерге қашып кетеді [10.31б].
Осы кезден бастап түрік билеп-төстеушілері қағандар атағын алады. Сөйтіп, аварлардың бұрынғы күш-қуатына да, олардың барлық иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орнықтырады. Бумын Ильхан ( Ельхан) лауазымын алады, бірақ 552 жылдың аяғында қайтыс болады. Таққа оның баласы ( кейбір деректерде оның інісі делінеді) Қара Ыссық ( Қара-Еске) отырады, оның бастауымен Орхонның жоғары жағында бір жердегі Букрат ( Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Еске жұмбақ жағдайда қайтыс болады. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол қағандық тағына Мұқан қаған деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болады.
Мұқан қаған таққа отырысымен, әкесі мен ағасының ел басқарудағы жүргізген саясатын әрі жалғап, қағанаттың ішкі тәртібін нығайтумен бірге, мемлекеттің іргесін кеңейтіп, еліне ел, жеріне жер қосуды мақсат етіп, төңірегіндегі елдерді жаулап алуға кіріседі. Бұл бағыттағы ісін ол, алдымен, жыужандардың қалғандарының көзін жоюдан бастайды. Әскерін тікелей өзі бастап барып, жыужандардың Дуншу сылиін талқандайды. Дыншу сыли соңына ерген елден, мал-мүліктен түгел айырылып, аман қалған үш мың жауынгерімен қашып барып, Батыс Вэй империясының қол астына тығылады.
Бұдан кейін жыужандар тарапынан әзірге келер қауіп жоғына көзі жеткізген Мұқан қаған енді ат басын батыстағы күшті көршісі идалдарды (эфталиттерді) жаулап алуға бұрды. Кейін ол сол бетінде кідірмей, теріскей шетте жатқан қырғыздарды да (чигудіде) жаулап алады.
Мықты деп есептелінетін көрші елдердің бірінен соң бірін бағындырып, жолындағысыынң бәрін жапырып, жайпапа өте шығатын жойқын тасқын селдей тойтарыс көрмей келе жатқан Мұқан қағанның сұрапыл қимылдарынан қарадай зәресі ұшқан шекара сыртындағы басқа шағын елдер бұдан кейін оның айбынынан именіп, елшілерін жіберіп, өздерінің еріктерімен қағанат құрамына кіретіндіктерін жарыса хабарлай бастайды [2.31б].
Бұдан кейін Түрік қағанатының жағдайы бұрынғыдан да жақсара түседі. Шығыстан енді оған иық теңестіріп қарсы тұрар күш жоқ еді.
Мұның бәрі 552 -554 жылдардың арасында болған. Жаңа хан қатал да рақымсыз, батыр да ақылды болады және соғыстан өзге ештеңемен де шұғылданбайды. 553 жылдың күзі бітер кезде ол жыужандарды тағы да жеңеді. Ци им ператоры өзінің бақытсыз одақтастарын қабылдап, оларды өкшелеп келе жатқан түріктерді тойтарып тастайды. Бірақ жыужандар Қытайлармен санаспайды. Өздерінің малынан, дүние мүлкінен айырылған, еңбек-бейнетке үйренбеген олар қарақшылық жасай бастайды да, Ци үкіметі 554 жылдың көктемінде оларға қарсы әскер жібереді. Жужандар тағы да жеңіледі. Сосын 555 жылдың жазында Ци импреаторы оларды өз жерінен түзге қуып жібереді де, жыужандарды сонда түріктер тас-талқан етеді. Жуан-жуандардың бір бөлігі Кореямен Солтүстік Қытайға қашады, ал бір бөлігі батысқа келіп аварлар деген атпен орнығып қалады. Жыужандар сөйтіп құрып бітеді де, түріктер ұлы Даланың бүкіл Шығыс бөлігінің қожасына айналады. Жужандарды талқандағаннан кейін, түріктер өздерінің көшпелі көршілеріне қарсы әрекеттер жасауға кіріседі .
Бумын қаған мен Қара Еске қағанның мұрагері Мұқан қаған (553-572) Оңтүстік батыс Маньчжуриядағы монғолдың қидан тайпсы мен Енисейдің алу арқылы елінің Орталық Азия мен Оңтүстік Cібірдегі билігін түпкілікті етеді.
VI ғасырдың 70 жылдары түрік әскері шалғайдағы Қара теңіз жағалауындағы Боспорға жорық жасап, оны басып алады. Сондай-ақ осы жылдары қағанат Солтүстік Қытай мемлекеттері-Солтүстік Чжоумен Солтүстік Циді бағындырады. Мұны айқындайтын бір себеп, одақ жөніндегі шарт бойынша, Чжоу империясы түріктерге жыл сайын 100 мың кез жібек төлеуге мәжбүр болды.
572 жылы Мұқан қаған қайтыс болады. Оның інісі, әрі мұрагері Тобохан Чжоу империясымен қатынасын үзбей, Ци империясымен бітімге келеді. Чжоу салық жарнасын төлеуден бас тартқан кезде, бұрынғы жағдайдың қалпына келуі үшін түріктердің әскер күшімен сес көрсетуінің өзі жеткілікті болады. Түріктер жортылуынан қорыққан Ци империясы бітім салығын төлеймін деп күллі қазынасын сарқады. Бұл мемлекеттердің тәуелділігі Мұқан мұрагері Таспар (Тобохан) қаған кезінде тіпті күшейе түсті. Таспар қаған: Тек Оңтүстіктегі екі бала ( Чжоу мен Ци) бізге бағынышты болып тұрса болғаны, онда кедейліктен қорықпаймыз-дейді екен.
Ұлы Түркі қағандығы өте қысқа мерзім ішінде Сары теңіз бен Қара теңіз арасында жатқан тайпаларды біріктіріп бір орталыққа қаратады-сол өлкені еркін жайлаған соғдылар Түркі қағандығына қарсы тұра алмайды.
Қытайдың қазіргі солтүстік-шығысындағы өлкелерінен бастап Каспий теңізіне дейінгі ұлан-байтақ өңірде Түркі қағандығы құрылып, басқару ордасы Орхон өзенінің бойына орналасады. Монғолияны, Орта Азияны мекендеген түркі тілдес тайпалар мен ұлыстар Түркі қағандығына бағынады [4.85-86б].

1.2 Көне түрік қағандығының мемлекеттік басқару және құқықтық жүйесі.

Ерте Түрік мемлекеттері дамыған қоғамдық-саяси жағдайда өмір сүрді. Түріктердің бірнеше мемлекеттері болғанымен олардың ішкі саяси құрылысы, тұрмысы мен шаруашылығы ұқсас, тілдері мен мәдениеті бірдей еді. Түріктер қоғамында дамыған мемлекеттің барлық белгілері болды.
Көне Түркі мемлекеттерінің ең жоғарғы билік иесі-Тәңір текті Ұлы Қаған. Өкіметтің де, үкіметтің де жарлығын, үкімін, шешімін қабылджаушы бірінші адам - қаған. Қаған әскер басылары мен мемлекеттік аппаратты және ұлыстарды билеген бектерді, жадтарды, елтеберлер мен жабғуларды т.б. бекітті, орнынан босатты. Сондай-ақ қаған жайылымдарды бөлуге басшылық жасап, көшіп-қону бағыттарын анықтады. Қаған мемлекеттегі жоғарғы сот билігін жүргізуші де болды. Елдегі құқықтық тәртіптің ережелерін бекітті.
Түрік қағандары Ашина әулетінен тарағандардан ғана сайланатын Қытай мәліметтеріне қарағанда елде ханды жариялаудың күрделі рәсімі болған: бекзаттар оны ақ киізге отырғызып. Күн жолының ыңғайымен қаумалаған қалың жұрттың құттықтаған айқай қиқуы үстінде шеңберді тоғыз рет айналып, дереу жібек бұғау салып, оны қолма-қол босаңсытып одан неше жыл хан болғың келеді?-деп сұраған. Бірақ сұрақтың ел басқару мерзіміне анықтау ісінде қандай рөл атқарғаны жайлы түріктер тарихында онша мәлім емес. Бәрінен де дұрысы, бұл әдет хан тйпа көсемі болып саналатын кездің салты есебінде сақталып қалған тәрізді. Тәж-нақты мұраға қалдыру күрделі жүйе арқылы жүргізілетін болған [1.44б].
Алғашында қаған тағына мұрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатынан ашина фратриясының өкілдері отыратын. Қаған мемлекетінің ішкі және сыртқы саяси жағдайына бәріне басшылық етті, ру басшыларын тағайындады.Ол әлеметтік фратриядан шыққан шонжарларға сүйенді. Қаған тек билеші ғана емес, сонымен қатар қағанаттың барлық жерінің иесі болды.Алайда көшпелі қоғам жағдайында билік негізінен алғанда жереге емес, ол жерді пайдаланатын адамдар ұжымына жүргізілді [10.37б].
Қаған сондай-ақ жоғарғы абыздың да рөлін атқарды. Кейбір деректерде қағанның аспан тектес, аспаннан жаратылғаны туралы да көп айтылған. Осыған қарағанда қаған әулетінің артықшылығы үнемі дәріптеліп, көне түрік жазбаларында қаған мен бектерді халықтың құрмет қылып сайлауы қажет екендігі, тек қаған мен оның әулетінің халықты асырауға қабілетті екендігі жазылған.
Мемлекеттің ханнан кейінгі бірінші адамы жабғы болған. Түптеп келгенде, жабғы ханның бас уәзірі, бұл қызметте көбінесе хандық құрып тұрған әулеттің мүшесі сайланатын болған.
Қағанның жанында қаған әулетінің белді мүшелерінен, әскер басылар мен ұлыстар басшыларынан, т.б. беделді қоғам мүшелеріне тұратын қаған кеңесі болған. Көне дәстүр бойынша қаған өзін орнынан сырғытып жіберуге құқылы кеңестің шешімін жоққа шығара алмайтын. Қағанның билігін осындай шектеу мемлекеттің тек алғашқы кезеңінде орын алған болса керек. Қаған шынында мүшелерін өзі тағайындайтын қаған жанындағы кеңеске ешқандай тәуелді болмаған.
Қаған билігі билеуші әулет ішінде мұраға беріліп отырған. Биліктің атадан балаға ғана емес, ағадан жақсы үлгілі ініге берілу дәстүрі осы Түркі қағандықтары тұсында қалыптасқан. Биліктің дәл кімге берілуі көп жағдайда нақты қалыптасқан әлеуметтік - саяси жағдайға қарай шешіліп отырған деп тұжырымдауға болады [11.18б].
Көшпелі Түрік қағанатының ел басқару құрылымы үштік жүйеге негізделген. Олар қағанатты тардуш(оң қанат), төлес (сол қанат) және ічрекі (орталық) деп үшке бөлген.
Күлтегін мәтініне жүгінсек:
Ілгері "оңтүстіке), кейін (солтүстіккке) аттанып жинады, басын қосты (жинақтады). Барлығы жеті жүз ер ( сарбаз) болды. Жеті жүз ер бас қосқанда елін аңсаған халыққа, құлданған, күнденген халыққа Түрік төрінен (өкіметінен) айырылған халыққа, Ата - бабам төрін ( өкіметін) құрып орнықтырды. Төлес, Тардуш қанатқа (бөліп), шабғу, шад (ат) берді.
Қағанатты Тардуш Төлес қанатқа бөліп басшыларына шабғу, шад лауазымы сыйлағанын мәлімдеген [12.51б].
Далалық көшпелі қағанаттардың ел басқару жүйесін отырықшы елдердің жүйесімен салыстыруға келмейді. Екеуі екі бөлек әлем. Әрине бірінен бірінің үйренгені, алғаны бар.
Жоғарыдағы жүйені схемамен көрсетсек:
Тардуш (оң қанат)
Рулар
Тайпалар одағы және тайпалар
Төр (өкімет)
Ічрекі (орталық)
Төлес (сол қанат)
Тайпалар
Тайпалар одағы және тайпалар

Рулар

Рулар

Еб (курень = лагерь)
Осылайша қағанат ішіндегі қанаттар ары қарай тайпаға, тайпа ішінен руға, ру мен ру арасынан біріктіріп ебке ( курень-лагерге) бөліп әкімшілік атқару жұмыстарын жүргізіп, халықтан алатын салықты алып, жер бөлісін жолғп қойып, адам күшін ілкімді ұйымдастырып, өкімет аппаратын іске жегіп келді.
Қағанат төрі (өкімет) халықтан арнайы тоқтам бойынша алым-салық алып отырған. Қанаттар тайпа көсемдерінің, ру басшыларының салығының сыртында қаған салығын рудан бастап қанаттарға дейін төлеп келген. Егер кімде кім салығын төлемесе төр (өкімет) тарапынан жаза жүктелетін болған.
Қағанат қалыптасып өмір сүру, ішкі ісін жүргізу үшін экономикалық фактор шешу роль атқаратыны түсінікті. Мемлекет қазынасын құрушы бір компонент халықтан түсетін салық. Міне, сондай салықты байырғы түркілер берім (берешек) деп атаған. Сондай - ақ салық төлемінің сыртында ішкі-сыртқы соғыс, қақтығыс кезінде көптеген дүниелерді олжалап, хан қазынасына қосып отырған.
Байырғы түркілер қол астындағы тайпалармен тайпалық одақтардан олардың айналысатын шаруашылық кәсібіне байланысты заттай салық алып отырған. Салық жинау қаған қазынасына салу сияқты жауапты істің барлығын жергілікті жердегі өкіметтің (төр) қол-аяғы болған атқарушы әкімшіліктер іске асырып отырған [13.19б].
Байырғы түркілер әкімшілікке де, әскерге де ондық жүйені мықтап енгізді. Ондық жүйе қағанат ішіндегі байып дәулеттеніп бара жатқан феодалдар мен қоғамның жоғарғы сатыдағы лауазым иелерінің құқығын қорғаумен қатар қол астындағыларды өкімет тарапынан қозғалтпай ұстап отыруға өте тиімді болды.Сөйтіп, ондық жүйе бір жағынан әкімшілік, екінші жағынан әскер функцияны қатар атқарып отырды.
Жоғарыдағы әкімшілікке берілген үш қанат ішіндегі тайпалар мен тайпалар одағын түмен (он мыңдық), бес мыңдық, мыңдық, бесжүздік, жүздікке бөліп, әкімшілік жүйеге жүгіндірді. Олар бұл жерде тайпалық құрылымды бұзбады.Бір тайпаның ішінен бірнеше жүздік ұйымдастырған да жүздікке толмай қалған кезде екніші бір тайпаның адамдарын алып келіп қоспады. Сөйтіп, тайпа ішіндегі жүз басы болған ру басшыларына әскер сеңүндеріне Ұлығ Өз Ынан-Чу деген әскери шен, әрі әкімшілік лауазым беріп отырды. Жүздік бес жүздікке, ол мыңдыққа, мыңдық бесмыңдыққа, бесмыңдық түменге бағынды.
Түркі мемлекетінің ішкі әлеуметтік ерекшелігіне байланысты иерархия мықты орын алған. Ел ішіндегі тайпалардың қоғамда иеленетін орнын қатаң белгіліп берген. Қоғамдағы орын алған сол иерархияға байланысты әскер әкімшілік іс-жүргізетін өкімет (төр) адамдарының лауазым шені, оның дәрежесі үкімет тарапынан қатаң белгіленген. Мәселен, Төлес бектері, Төлес мыңдығы Тардуш бектері мен мыңдығының дәрежесін иеленбейді.
Әскери - әкімшіліктің осы жүйесі бойынша бейбіт уақытта шаруашылығын жүргізіп, отбасын асырап, салығын төлеумен қатар қаған қазынасын молайтуға күш жұмсап отырған. Ал егер ел ішінде тынышсыздық пайда болса, ел шетіне жау тисе, немесе басқа қағанатқа соғыс жарияласа, өкіметтік бұл әскери - әкімшілік жүйесі алдан-ала жасалып қалыптасқан тәртіп бойынша тура әскерге айналып, міндетін ешқандай ауыртпалықсыз-ақ атқарып жүре беретін болған.
Жүздік, бесжүздік, мыңдық, бесмыңдық, түмендердің орналасу құрылымын көне түркілерде еб деп атаған. Ондық жүйесі осылайша байырғы түркілердің өкімет әкімшілігінің күнделікті ісін атқарушыға темірдей тәртіп ұстанған тетікке айналған.
Түрік қағандығында қағаннан бастап ру - тайпа бастығы бектерге дейін жиырма сегіз дәрежелі лауазым иелері болған.
Түрік қағанаттарының құқықтық жүйесі жете зерттелмеген. Ол туралы деректер де де аз айтылады.Түріктердің құқығының негізгі бастауы қайнар көзі - әдет ғұрып болған.
Қытай жылнамасында көрсетілген көне түркілердің мемлекеттік заңының негізгі ірі - ірі жеті баптан тұрған: 1-бап. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы кесілсін (мемлекеттің бүтіндігін сақтау талабынан туған); 2-бап. Түркі жұртының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына кесілсін; 3-бап. Қағанат ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына кесілсін; 4-бап. Сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын (ат - қағандықтың соғыс күші); 5-бап. Ұрланған бағалы мүлік үшін он есе артық айып төленсін; Сонымен қатар, Түрік қоғамында малға, түрлі қарулар мен өндіріс құралдарына жеке меншік болған.Жер жеке адамның жеке меншігі болмаған. Жер қауымның, ру-тайпаның меншігінде болды. Жерді бөлуді, пайдалануды қаған, оның атынан ру тайпа басшылары шешті.
Түріктер көшпелі халық болғандықтан отбасы патриархиалдық сипатта болды. Әке отбасы басшысы болды әрі оның айтқаны орындалатын.
Түрік қағанатында қылмыстық жазаның әр түрі қолданылды. Сатқындық, әсркер тәртіпті бұзғаны үшін, қағанға қарсы шыққаны т.б. жағдайларда өлім жазасы қолданылды. Мал ұрлағаны үшін оның құны 10 есе артығымен төленді.
Сот билігі қағанның және оның атынан іс жүргізетін бұйрықтар мен тархандардың қолында болды. Сот ашық түрде екі жақты толық тыңдау арқылы жүргізілді.
Түркі қағанаттары сол кезең үшін дамыған мемлекеттік құрылыс жағдайында өмір сүрді. Оның мемлекеттік аппаратында көптеген лауазым иелері қызмет етті[14.17б].

2. Түрік қағанатының саяси тарихы
2.1. Түрік қағанатының эфталиттерді талқандауы.

Л. Н. Гумилев Түрік қағанаты сыртқы қарым-қатынасында дүние жүзілік саяси процестерге белсенді қатысқанын көрсетеді. 552-553 жылдары түркілер Орта Азиядағы қуатты мемлекеттердің бірі -эфталиттерді бағындырды. Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түркілердің батыстағы, Орта Азиядағы онан арғы саясатының негізі болды. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иелектері Каспий теңізіне Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан еді. Өзінің әскерінің орасан зор, икемді құрамына қарамастан, мұндай күшті жалғыз жеңіп алуға түріктердің шамасы келмейтін. Олар үшін соғыс сасанилік Иранмен әскер Одақ жасасқаннан кейін ғана табысты бола бастады. Эфталиттерге вассалдық тәуелділікте болған Иран оларға ұзық уақыт бойы жыл сайын күміспен салық төлеп тұрды, мұны осы мақсат үшін арнайы соғылған пехлеви жазумен қоса эфталит жазуы бар теңгелер көрсетеді. Сондықтан түріктердің эфталиттерге қысым жасауы Ираннның сасанилік билеушілеріне қолайлы болды [15.118б].
Иран шахы Хосрав Ануширван эфталиттермен қырғи қабақ болып жүрген түркілермен Одақ болуға 564 жылы ұсыныс жасаған болатын. Түркілер Ирандықтардың ұсынысын қабыл алып, қағанның Оңтүстік аймағын билейтін Бумын қағанның ағасы Естемидің қызын Хосравқа әйелдікке береді. Сонымен Қағанның эфталиттерге қарсы қайыра соғыс ашуының сәті түсті. Иран шахы Хосрав I Ануширван эфталиттерге салық төлеуін тоқтатып, соғысқа дайындалды.
Эфталиттер одақтасы-жужандарды жоғалтқаннан кейін мазасызданып, 553 жылы Қытаймен қарым-қатынас орнатуға тырысады, бірақ Батыс Вэй империясының билеушісі Юйвынь Тай түріктермен одақтас болатын, сол себепті де эфталиттер ынтасына онша ықылас білдірмесе керек. Тіпті эфталиттердің өз арасында ауызбірлік болмаған. Катулф атты бекзада Гатфар патшаны соғысқа жібергісі келмейді, бірақ патша намысына тигесін, өз руластарын тастап, парсы шахына қашып кетеді.
Белсенді соғыс әрекеттері 560 ж., Гатфардың өзі арандатуға кіріскесін, басталып кетеді. Қағанның шахиншахпен жасаған қарым-қатынасынан секемдеген патша, олардың жақындасуына кедергі жасау үшін қолынан келгеннің бәрін жасамақ болады. Соғдия арқылы кетіп бара жатқан елшілер, қашып құтылып, осынау қайғылы хабарды Естеми ханға жеткізген салтаттыдан басқасы-түгелдей бауыздалды. Енді соғыс болмай қалмайтын еді. Естеми қол астындағы күллі әскерін жинайды, олардың арасында бұған дейін эфталиттердің боданы болып келгенбасқа тайпалар бартұғын. Хұсрав Ануширван одақтасының алдын алып, 562 ж. эфталиттерді бірінші рет жеңіп шығады, бірақ соғыс бұнымен аяқталмайды.
Түріктердің алдыңғы легінің құрбандығына Шаш (Ташкент) шалынып, түріктер қалда тұрғындарын қырып салады. Сосын түріктердің басты күші Шыршық өзенінен көктей өтіп, Маймургте әскерінің алдыңғы тобымен қосылады.
Естеми Византия императорынан батыс түріктерге көмек беруін сұрап елші жібереді. Ал оның әскері Батыста Иран әсркерінің қолдаумен эфталит жеріне Шығысына басып кірді.
Шешуші шайқас Бұхара түбінде болып, эфталит патшасы Гатифара жеңіліс тапты. Амударияның оңтүстігіндегі эфталит жерінің бәрін Хосрав өзіне қосып алады.
Соғыс сегіз күнге созылады, ақырында эфталиттердің күл - талқан болуымен бітеді (565ж). Аман қалғандар бас қосып, эфталит мемлекетінің дербес дәурені өткенін түсініп, Гатфарды тақтан құлатады да Шағаниан бегі Фагоништі патша етіп сайлайды, оған Хосрав Ануширванға бағынуды міндеттейді, олардың пікірінше, енді түріктерге тек сол ғана қарсы тұра алады.
Хосрав бір мезгілде қағанның хатын және Фагоништің бағынатыны жайлы ұсынысын алғанымен, екеуіне де жауап қайтармайды.
Түрік эфталит соғысы біткен бойда-ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы керуен жолдары бойында жатқан жерлерді бөлуге келгенде одақтастар арасында араздық басталды. Бұл жерлерді иелену жол асуларын кеңінен пайдалануға, жібек, сәнді бұйымдар, т.б. саудасын бақылауға, Шығыс пен Батыс арасындағы тауар айырбасына белсене қатысуға мүмкіндік беретін еді.
Орта Азия үшін VI ғасыры экономикалық және мәдени өрлеу дәуірі болады. Қалалар өсіп, байи беореді, егін шаруашылығы, қол өнері мен сауда-саттық өркендеп, гүлдене түседі. Сол заманда соғдылар нағыз тәжірибелі және епті көпес-делдалдар қызметін атқарады. Олар ежелгі керуен жолын пайдаланып, Қытай мен Жерорта теңізі арасында тиянақты байланыс орнатады. Бірақ сауда- саттыққа жужандардың қанталапай қарақшылығы, эфталиттердің ұдайы көршілерімен үздіксіз жүргізген соғыстары кесірін тигізеді. Түркілер Соғдиана мен даланы біріктіріп жібереді де, сауда-саттық үшін кереметтей қолайлы жағдай тудырады, сол себепті де соғды көпестері түркі хандарының адал бодандарына айналды. Сөйтіп Орта Азия қағанаттың тұтас бөлшегіне айналады. Осы жағдай эфталиттердің кек алуға деген жолын кесіп тастайды да, сол аймақта тұйықталып қала беруге мәжбүр етеді.
Эфталиттер мен Солтүсік Қытай патшалықтарын күйреткеннен кейін, түркілер саяси ғана емес, экономикалық құдіретке де ие болады, өйткені Батыс пен Шығысты қосып жатқан ұлы керуен жолы солардың қолына келіп түседі.
Орта Азияны жаулап алғаннан кейін түркілер Қытайдан Жерорта теңізінің елдеріне келетін сауда жолдарының елеулі бөлігіне, яғни Ұлы Жібек жолына билік етті.
Жібек керуенін алып өтушілер мен делдалдар ( Орталық Азиямен Орта Азия бөлігіндегі жолдарда) соғдылықтар мен парсылар болатын. Олар Ташкенттен (Бұхараның маңайы) Сырдарияға дейіншгі жолға бақылау жасайтын. Жібек саудасы соғдылық түркі хандарына орасан зор пайда түсіретін.
Соғды жібегін Батыс қана емес Шығыс Түркістанмен Қытайда да алушылар көп болды. VI ғасырда сырттан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Түрік қағанаты мемлекеті және этникалық тарихы
Түрік қағанатының сыртқы қарым - қатынасы тарихы
Жазба және археологиялық деректер негізінде түрік қағанатының құрылу тарихы мен оның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау
Түрік қағанаты. Түрік қағанатының екіге бөлінуі Батыс және Шығыс қағанат
Түргештердің орналасуы және саяси ұйымы
Батыс Түрік қағанатының саяси жағдайы
Батыс Түрік қағанаты
Шығыс түріктерінің Түргештерге жорықтары
Көк түріктер мемлекеті
Түрік қағанатының қоғамдық - саяси құрылысы
Пәндер