Жәннәтің кілті ананың аяғының астында



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1.Әбу Язид Тайфурул Ал Бистами ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1. Ілім жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 3-9
1.2 Жәннәтің кілті ананың аяғының астында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-10
1.3 Әбу Язид Тайфурул Ал Бистамидің қанатты сөздері ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.4. Өлмей тұрып өлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12-13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Кіріспе
Әулие - уәли деген арап сөзінің көпше түрі, қазақша қасиетті деген мағынаны береді. Бұл сөз Құран Кәрімде Алла мен пайғамбарға қатысты жебеуші, жарылқаушы деген мәнде кездеседі. Ал, хадистерде жақын болу деген мағынада, яғни Уәли Аллаһ - Аллаға жақын, дос, Алланың мейірі түскен деген ұғымда ұшырасады. Қазақ тілінде әулие-әнбие түрінде қосарланып та айтылады, бұндағы әнбие - арабша нәби, яғни пайғамбар деген сөздің көпше түрі болып келеді. Әйткенмен бұл тіркес ел түсінігінде тек қана әулие деген бір ғана мағынаны білдіреді.
Сопылықта құтып деген термин бар. Біздің қарастырмақ болған Баязит Бистами әулиелердің әулиесі Заманның имамы, құтып болып табылады.
Анасынан туылмай жатып, бұл дүниеден өткенше тақуалықта болған. Өнегелі өмірін оқып қарастырғанымызда осы кісілер арқылы Аллаға деген кіршіксіз махаббат қайтадан оянады. Бистами хазреттері өзін Аллаға арнау үшін анасының батасын алған. Бұл кісінің риязат белбуін бекем тартқанын Мәдинаға барғанда қажылық сауаптарын бір үзім нанға айырбастап, ол нанды көше кезіп жүрген итке беріп, нәпсісіне енді шіренетіндей нең қалды ?! деген сөздерінен мойындасқа болмас.
Бұрынғы замандарда Абдулқәдір Гейлани, имам Раббани, Ахмет Ясауи және Ахмет Руфаи хазреттері секілді муршиди кәмил болған әулиелер Баязит Бистами хазреттерінің рухани шәкірттері болып келеді. Баязит Бистами хазреттерінің әулиелік белгілері, тақуалықтары кітаптарда кең түсіндірілген. Алла тағаланың махаббатына қауышқан кісілерді әулие дейді. Басқалардың да қауышуларына арашы болатындарына муршид дейді. Муршиди кәмилдің, яғни жол көрсетуші әулиенің, ұстаздың белгісі ақидасының дұрыс болуы және Ислам үкімдеріне толық мойынсұнуынан аңғарылады Сөздерімен әрекеттері Исламға сай болмаған адам аспанда ұшса да, ұстаз бола алмайды. Әулиемен сұхбаттасу, оны көру Алла тағаланы еске алуға себеп болады. Алладан басқа нәрселердің жүректен шығуына себеп болады. Алла тағала Әулиелер сондай кісілер: Мен тілге алынсам олар еске түседі, олар тілге алынса Мен еске түсемін деп бұйырған. Пайғамбарымыздан алейһиссалам әулиенің белгілері сұралғанда Оларды көргенде Алла еске түседі деп жауап берген.

1.Әбу Язид Тайфурул Ал Бистами
1.1. Ілім жолы
Ұлы Жаратушысына әрбір сәт жақындай түсуге жан тәнімен, асқақ рухымен тырысып, құл мен Жаратушысы арасында шексіз қашықтық орнап кетуінен қорқып, үнемі құлшылықта, үнемі тәубе халінде, үнемі Алланы еске алып, тақуа күйде ғұмыр кешкен Ұлы әулиелердің бірі -- Әбу Язид Әл Бистами. Шын есімі Тайфур бин Иса, лақаб аты Әбу Язид Ал Бистами.Әбу Язид Тайфурул Ал Бистами 803 жылы Иранның солтүстігінде, Каспи теңізінің жанында орналасқан Бистам қаласында дүниеге келген. Тайфурулдің Адам және Али есімді ағалары болған.1
Имам Жафар Садық дүниеден өтіп, қырық жыл өткеннен кейін туылса да, имам Али Ризаның сұхбатынан және оның берекетімен Имам Жафар Садықтың руханиятынан нәр алған. Шам өлкесінде отыз жыл тұрып, жүз он үш ғалымнан ілім алған. Иләһи ғашықтықта ілгері, ғибадаттағы дәрежесінің соншалықты жоғарылығы, намаз оқып жатқан кезінде Аллаһқа деген қорқуынан көкірек сүйектері сықырлайтын еді. Заманының терең ғалымы, өнегелі де әдепті еді, тасаууфтағы дәрежесі өте биік болған. Өлеңдері көпке танымал.
Баязид Бистами бір күні медресеге құран оқу үшін медресеге барады. Сол күні ұстазы дәрісте Лұқман сүресіндегі Маған және ата- анаңа шүкіршілік ет деген мағынадағы 14 аятын тәпсірлеп түсіндіріп отырады. Бистами ұстазынан үйіне сұранып анасының жанына келді. Анасы баласына Ұлым! Бүгін сабақтан ерте келдің! дегенде Бүгін құран сабағында Аллаға және де саған шүкіршілк етуім әмір етілген екен. Бірақ мен әрі Аллаға, әрі сізге қызмет етуім үшін менде күш-қауқарым жетпейтінін көріп көңілім қаужырап жатр. Сен Аллаға дұға ет сенің қызметіңде болайын, болмаса сен рұқсатыңды бер өзімді Алланың жолына арнайын деді Аннасы болса жарайды балам сені Аллаға аманат еттім дейді.
Баязит Бистами хазреттері, ілімін жетілдіру үшін Бистамды тастап, Шам қаласына сапар шегеді. Өмірінің отыз жылын Шам қаласында ілімі мен ғибадатын арттырды.2
Әулиенің үлкендерінен болған Абу Хафс Ал-Хаддад, Яхя бин Муаз және Шакик-и Белхи хазреттерімен кездескен.
Абу Язид Бистами хазреттерініңі қырық жыл бойы дәрет алу үшін бөлек киім, намаз оқу үшінде жеке арнайы киім, күнделікті үйіне де бөлек киім киген.3
Баязидтің зәхид достары Шақиқ Бәлхи, Зүннун Мысри. Ханафи мазхабын ұстанды. Ұстазы Жағфар Садық тікелей Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) ұрпағы, сол дәуірдегі жоғары деңгейдегі әулиелер қатарынан. Өмірбаянына көз жүгіртсек, о заман әулиелер көшінің дәурені жүріп тұрған болғандай. Суфиян Саури, Яхия бин Муаз, Абу Хафс т.б бір дәуірде ғұмыр кешкен. Қаншама әулиелермен дидарласып, сұхбаттасқан болса да, Әбу Хафс хазіретінің деңгейін жоғары қойған. Ол туралы былай дейді: Қазіргі кезде де мыңдаған әулиелер бар. Бірақ ғасырдың құтұбтық міндеті Әбу Хафс деген ұстазға берілген еді. Осының хикметін білу үшін теккесіне Баязид захид еді.
Захидтікті 3 сатыға бөліп қарастырады. Бірінші сатысы, дүние мен дүниеліктерді тәрк ету. Екіншісі ахірет пен ахіретке тән нәрселерді көңілден шығару. Үшінші сатысы Алладан басқа барлық нәрселерден жүректің байланысын үзу.
Баязид үнемі нәпсісімен күресіп, тақуалығын арттыру әрекетімен жүретін. Жоқ болу халін үнемі дұға етіп: Аллам! Менің мендігімді мына әлемнен босат, мендігім сенде жоқ болсын, мен арада жоқ болайын. Мен сенімен болған жағдайда барлығымен бірге болғаным деген сөз. Егер әркіммен бірге болсам, сенімен бірге бола алмаймын. Бұл сенің жолыңда ең үлкен кемшілігім мен шикілігім, дейді. Нәпсінің қитұрқы әрекеттеріне күйініп, бірде өкініп келе жатқан болуы керек, бір күні емші-дәрігерді көреді.
Баязид Бистами:
-- Ей, емші! Сенде менің ауруыма дәрі бар ма? -- деп сұрайды.
Емші оған:- Қандай ауру ол, қане көрсет?- дейді.
-- Күнә ауруы!Емші басын шайқап, Оның дәрісін білмеймін!- дейді.
Сол кезде қасында тұрған диуана жігіт: Ата, сенің ауруыңның дәрісін мен білемін! дейді. Баязид Бистами қуанып: Айтшы қане!, дейді. Дәруіш жігіт: Он дирхам тәубенің тамыры мен он дирхам истиғфар жапырағын ал. Бұларды жүрек ыдысына сал. Тәухид қасығымен соқ. Шүкір елегінен өткіз. Көз жасымен иле. Ғашықтықтың отына пісір. Осылайша пайда болған дәріден күніне 5 қасықтан іш. Науқасыңнан айығасың. Мұндай тапқыр жауапқа тәнті болған Баязид Сен сияқты арифті дәруіш санап, өздерін ақылды санағандарға қандай обал!, депті.бардым. Оның қабырғасы қайысып, қатты қайғырғанын көріп, себебін сұрадым. Ол қайғыра отырып, Менің қайғымнан үлкен қайғы бар ма екен? Менің қайғым, қиямет күні осыншама құлдардың халі не болар екен? деген уайым, деп жауап берді. Мұны естіп, мен де еңіредім. Халықтың қияметтегі жағдайына неге осынша қайғыратынының сырын білмек боп, сұрағанымда Әбу Хафс хазіреті: Менің жаратылысым жанашырлық, мейіріммен біте қайнасқан. Егер жәһәннамдықтардың барлық азабы маған жүктелетін болса, риза болар едім, дейді.
Керемет көрсетуден қашуы
Оның өзі керемет көрсетуден қашқан. Бұл керемет дегеннің өзі рухани құлдырауға себеп бола ма деп қорқатын. Бір күні Дижлә өзеніне барып едім. Өзеннің екі шеті маған жол беру үшін қосылып кетті. Мен ант етіп бұған алданбаймын дедім. Өйткені халық елу тиынға өткен жолдан отыз жылдық амалдарымды жұмсап өткім келмейді. Маған керемет емес, Алланың сипаты керек, дейді Баязид Бистами.
Бір күні бір кісі үйіне іздеп келіп, есігін тықылдатып Баязидті шақырып жіберер ме екенсіз? деп өтінгенде, Баязид: Дәл қазір ешкім жоқ, тек бір Құдайдан басқа!, деп жауап береді. Ғұмырында аштық, кедейшіліктің дәмін көп татқан. Мағрифатқа қалай жеттің?, деп сұрағандарға
Бiр күнi қатты ұйқы басып, таң намазына тұра алмайды. Бұған қатты қайғырып, тәуба етіп, жылап жатқан кезінде бiр дауыс естидi: Ей, Баязид, бұл кемшiлiгiңдi кешiрдiм, осы көз жасымен жасаған тәубаңның берекетi үшiн саған тағы да жетпiс мың намаздың сауабын бердiм. Бiрнеше ай өткен соң тағы да таң намазында ұйықтап қалады. Шайтан келiп: Тұр, намазың қазаға қалып қояды, тұр", деп оята бастайды. Сол кезде хазреті Баязид былай дейдi: Ей, лағынеттелген шайтан, сен бұл iстi қалайша iстеп тұрсың? Сен әркiмнiң намазын оқымауы үшiн, қазаға қалдыруы үшiн тырысатын едiң, менi қалайша оятып тұрсың?". Шайтан былай жауап береді: Сен өткенде, таң намазын қаза етiп қойған күнi, жылап жетпiс мың намаздың сауабын алған едiң. Бүгiн соны ойлап, бiр-ақ уақыт намаздың сауабын алсын деп сенi ояттым, оның орнына жетпiс мың намаздың сауабын алып қоймасын дедiм".
Баязид Бистами қырық бес рет қажылыққа барады. Бір күні Арафат тауында нәпсісі оған: Ей Баязид! Жер бетінде саған тең келетін адам бар ма екен? Қырық бес рет қажылыққа бардың және мыңдаған рет Құранды бастан аяқ оқып шықтың,- деген ой береді. Хазреті Баязит нәпсісінен келген бұл ойға қатты ренжиді. Дереу түрегеп сол жердегі жиылған қауымға қарата: Менің қырық бес рет жасаған қажылығымды кім бір бөлік нанға айырбастайды?,- деп сұрайды. Сонда бір кісі басын көтеріп, Мен аламын!,- деп нанын ұзатады. Баязид Бистами нанды алып, сол жердегі бір иттің алдына тастайды. Ісін аяқтап біткен соң, жол дайындықтарын жасап, Рум аймағына (Анадолуға) қарай бет алады. Бірақ не үшін кетіп бара жатқанын өзі білмейді. Ұзақ күндерге созылған осы сапарда бір шіркеу попымен кездеседі. Ол Баязидтің қолынан ұстап, үйіне алып кетеді. Үйінің ішінен бір бөлмесін босатып беріп, күнделікті асын азанда және кешке әкеліп беріп тұрады. Баязид осы бөлмеде тек ғибадатпен уақыт өткізеді. Бұл жағдай бір ай жалғасады. Баязид Бистами кейін нәпсісіне қарата: Ей нәпсім! Мен сені тәрбиелегім келеді, бірақ сен жамандықтан тыйылмайсың,- деп тұрғанда поп ішке кіріп: Есімің кім?,- деп сұрайды. Ол: Баязид!,- деп жауап береді. Поп: Өзің қандай жақсы адам екенсің. Шіркін, Масиһтің құлы болғаныңда ғой!,- дегенде, бұл сөздері Баязидке ауыр тиіп, үйден кетуді ұйғарады, сонда поп: Бұл жерден қырық күнді толтырып, бір-ақ қайт! Өйткені жақында біздің үлкен мейрамымыз келе жатыр, соны көріп тамашалағаныңды қалаймын. Біздің қадір тұтатын көсеміміз, ғұламамыз - бас попымыз сол күндерде бір ғана рет уағыз береді. Оның насихатын тыңдауыңды өтінемін!,- дейді. Хазреті Баязид поптың бұл ұсынысын қабылдап, қырық күн қалатын болады. Қырық күн біткенде поп бөлмеге кіріп: Марқабат, сыртқа шығуыңызды өтінем! Бүгін біздің мейрам күніміз!,- дейді. Баязид Бистами сыртқа шығу үшін қамдана бастағанында поп: Сіз мына киіміміңізбен қалайша мыңдаған шіркеулік поптардың ортасына кірмексіз? Үстіңіздегі киіміңізді шешіп, мына поптың киімін киіңіз де, мойныңызға Інжілді асыңыз!,- дейді. Бұл ұсыныс та оған ауыр тиеді, бірақ мұның да астарында жатқан бір хикмет бар шығар,- деп поптың әкелген киімдерін киіп, жиындарына барады. Ешкімде оның мұсылман екенін аңғармайды. Біраз уақыт өткен соң поптардың көсемі келеді. Бірақ сөйлемей тұрып қалады. Неге уағыз насихатыңызды бастамайсыз деп сұрағанда: Араларыңда бір мұсылман бола тұра мен қалайша сөйлейін!,- деп жауап береді. Жиналған қауым мен поптар шулап: Оны бізге көрсетіңіз, көзін құртайық!,- деседі. Бас көсем: Тынышталыңдар! Мен оның кімдігін сендерге айтпаймын. Егер оған тимейтіндеріңе уәде берсеңдер оны көрсетейін!,- дейді. Сонда поптармен халық бір ауыздан уәде береді. Бас поп: Әй, Мұхаммедтің үмметі! Аллаһ үшін орныңнан тұрып, ортаға шық!,- деп дауыстайды. Алаңдап отырған поптардың арасынан Баязид Бистами орнынан тұрады. Бас поп: Атың кім?,- дейді. Баязид,- деп жауап береді. Ілімнен хабарың бар ма?,- дегенде Раббым үйреткендерінен кейбір нәрселер білемін,- дейді. Сонда поп: Олай болса менің сұрақтарыма жауап бер! Екіншісі болмаған біреу, үшіншісі болмаған екеу, төртіншісі болмаған үшеу, бесіншісі болмаған төртеу, алтыншысы болмаған бесеу, жетіншісі болмаған алтау, сегізіншісі болмаған жетеу, тоғызыншысы болмаған сегіз, оныншысы болмаған тоғыз, он біріншісі болмаған он, он екіншісі болмаған он бір, он үшіншісі болмаған он екіншіні айт? Бұлар не?,- дейді. Баязид Бистами бас попқа: Мені жақсылап тыңдаңыз!
Екіншісі болмаған біреу - ортағы, серігі, теңі, ұқсасы болмаған Аллаһу та'ала.
Үшіншісі болмаған екеу - күн мен түн.
Төртіншісі болмаған үшеу - үш талақ (босату, ажырасу).
Бесіншісі болмаған төртеу - Тәурат, Забур, Інжіл мен Құран кәрім.
Алтыншысы болмаған бесеу - бес уақыт намаз.
Жетіншісі болмаған алтау - көктер мен жердің жаратылған алты күні.
Сегізіншісі болмаған жетеу - жеті қат аспан.
Тоғызыншысы болмаған сегіз - қиямет күні Аршты таситын сегіз періште.
Оныншысы болмаған тоғыз - әйелдің тоғыз ай жүктілік мерзімі.
Он біріншісі болмаған он - Мұса алейһиссаламның Шуайб пайғамбарға он бір жыл шопандық қызмет атқаруы.
Он екіншісі болмаған он бір - Юсуф пайғамбардың он бір бауырлары.
Он үшіншісі болмаған он екі - он екі ай,- дейді. Поп күлімсіреп: Дұрыс айттың! Ендеше маған ауадан не жаратылғанын, не сақталып қалғанын және кімнің ауамен жоқ болып кеткенін айт?,- дегенде, Иса пайғамбар ауадан жаратылды, ауада сақталды. Ад қауымы ауамен жойылып кетті,- деп жауап береді. Поп: Дұрыс айтасың! Ағаштан жаратылған не? Ағашта жансақтаған кім? Және ағашта өлген кім?,- дегенінде, Мұса алейһиссаламның асасы ағаштан жаратылды. Нұх алейһиссалам ағаштың ішінде (кемеде) сақталды. Зәкәрия алейһиссалам ағаштың ішінде ағашпен бірге арамен кесіліп өлді,- дейді. Поп қайтадан: Дұрыс айттың! Оттан кім жаратылды, оттан кім сақталды және оттан кім өлді?,- деп сұрады. Хазреті Баязид: Оттан Ібіліс жаратылған, Ибраһим алейһиссалам оттан сақталған, Әбу Жәһил оттан өлген,- дейді. Поп тағы да: Тастан кім жаратылды, тастың ішінде кім сақтанды және тастан кім өлді?,- дегенде, Салих пайғамбардың түйесі тастан жаратылды. Асхаби Кеһф тастың ішінде қорғанды және Әбраха мен әскерлері тастан өлді,- дегенде поп: Дұрыс айтасың! Ғалымдар: "Жәннатта төрт өзен бар. Біреуі балдан, біреуі сүттен, біреуі судан, біреуі де шараптан (жаннат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Имандылық қастерлі қасиет
Ислам тарихындағы алғашқы саяси радикалды ағым
«Жұмақ ананың аяғының астында»
Тотықұс пен орманшы
Жұмбақ жанры
8-наурыз мерекесіне арналған сценарий
Ислам діні Қазақстанда
М. Жұмабаевтың лирикалық өлеңдеріндегі психологиялық қырлары
Жанұя
Қазақ даласының әулиелері мен әйгілі адамдары
Пәндер