Тафсир ілімінде әсбабун нузул мәселесі және оның маңыздылығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тақырыбы: Тафсир ілімінде әсбабун нузул мәселесі және оның маңыздылығы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1. Әсбабун нузулдің
анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 7
2. Әсбабун нузул
риуаяттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...9
3. Құран түсіндірмесінде әсбабун нузулден күтілетін
нәтижелер ... ... ... ... 12
4. Құран тәпсірінде әсбабун нузулдің орны мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . .15
5. Нузул себептерін білудің
пайдалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..21
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Мұсылмандардың қаситтеі кітабы Құран Кәрім
көптеген ілімдердің негізгі қайнар көзі екендігі баршамызға мәлім. Олай
болса, ғылыми жұмыста Құранды жан-жақты зерттеп, түсіндіруді мақсат ететін,
тәпсір саласында маңызды орынға ие, Құран ілімдерімен айналысушы
ғалымдардың басты қажеттілігі болған әсбабун нузул ілімі көмкерулі жатқан,
зерттелмеген тақырыптардың бірі болғандықтан ғылыми баяндамада бұл ілімнің
қыр-сырларын түсіндіріп, діни тұрғыдан зерттеу маңызды болып отыр.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Құран адамзатты тура жолға бастап және
қоғам өміріне бағыт-бағдар беру мақсатында Алла тағала тарапынан түсірілген
қасиетті кітап. Оның түпкі мақсаты адам баласын ахлақи, құқықтық және басқа
да салаларда қажеттіліктеріне жауап беру болып табылады. Құран осы
қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында арнайы үкімдер қойып, әрбір адам
баласының ғибрат алуы үшін нузул уақытында орын алған оқиғалардың
себептерін түсіндіреді.
Құран аяттарын негізінен екіге бөліп қарастырамыз. Біріншісі белгілі
бір себепке байланысты болмай бір үкімді ортаға қою мақсатында нәзіл
болған аяттар. Құранның басым көпшілік аяттары осы мақсатта түскен. Құран
Кәрім бойынша Алла тағала дана, хикмет иесі, яғни себепсіз ешнәрсені
жасамайды. Сондықтан да еш қандай себепке байланысты болмай нәзіл болған
аяттардың негізгі себебі, адам баласына тура жолды көрсету болып табылады.
Бұл жерден Алла тағаланың мейірімділігінің көрінісін көруге болады.
Екіншісі белгілі бір себепке байланысты нәзіл болған аяттар. Міне, әсбабун
нузул ілімі осы екінші түрге қатысты, аяттардың түсуімен байланысты
риуаяттарды тақырып еткен ілім саласы.
Бұл жерде ескере кететін жағдайлардан бірі, Құранның бүкіл аяттары
белгілі және нақты бір себепке байланысты түспеген. Уахидидің "әсбабун
нузул" еңбегі мен Суютидің "Лубубун нукул" атты шығармалары бойынша
құрандағы себептерге байланысты нәзіл болған аяттар саны 600 шамасында
екендігі айтылады. Ибн Тәймия болса түсу себептеріне байланысты аяттардан
басқа және маңызды бір бөлігі пайғамбарлардың қиссалары және ақыретке
қатысты хабарлардан туындаған көп мөлшердегі аяттардың нәзіл болу
себептерін қандай да оқиғадан емес, тікелей аяттың өз мазмұны мен
мағынасынан іздеу керектігін алға тартады. Осы тұрғыдан қарағанда,
аяттардың қомақты бөлігі арнайы бір жағдайға, мәселеге, тақырыпқа сондай-ақ
белгілі бір себепке байланысты болып түспей, жалпы адамдардың мұқтаж болған
мәселелерінен хабар беру мақсатында, Хақтан және ақиқаттан айрылғанда дұрыс
жол көрсетіп, бағыт бағдар беру, тыныштық пен тереңдеу кезеңдерінде қайта
тірілуге мүмкіндік жасау үшін адамдық қажеттіліктерді қамтамасыз ету,
бағыттарынан айрылғанда оларды ақиқатқа бағыттап немесе ескерту мақсатында
уахи етілді [1, 7 б].
Мәтіндер мен құжаттарда тарих шындықтары кейде жасырын қалып қояды.
Оқиғалардың ең шынайы куәгері тарих болып табылады. Тарих болса жалғыз
белгілі бір нәтежиеге қол жеткізе алмайды. Бір нәтежиеге қол жеткізу үшін
әлбетте әлеуметтік және әдеби ғылымдар тарихпен ортақ жұмыс жасайды. Осы
тұрғыдан алғанда тәпсір іліміндегі әсбабун нузулді бір жақты, тек тарих
тұрғысынан алып қарау дұрыс болмайды. Шариғи үкім, үкімдердің шектелуі,
Алла сөзінің түсіндірілуі сияқты бағыттары да назарға алынуы керек.
Әсіресе, тәпсір ілімінде Әсбабу Нузулдің аятты түсіндіріп баяндауында
қажеттілігі өте зор. Сонымен қатар тәпсір саласында сахабалардың беделін
асқақтатқан ең маңызды фактор да осы. Олар Хз. Пайғамбарға бір аят нәзіл
болғанда, нәзіл болуындағы оқиға мен себебін немесе сұрақ сұраушының
жағдайын және сұрақ сұраудағы себебін білетін еді. Өзгерген себептермен
және әр түрлі оқиғаларға байланысты нәзіл болған аяттар бөлек-бөлек
үкімдерді қамтыды. Сахабалардың кейбірі және тіпті үнемі Пайғамбардың
жанынан табылатын сахабалар, үкімдер мен себептер арасындағы байланысты
құра білді. Міне, біздің де негізгі көздеген мақсатымыз осы.
Алғашқы уақытта тәпсір ілімі әсбабун нузулді білуден пайда болған
деген сөз түйіні шындықты меңзейді. Сахаба кезеңінен кейінгі келгендер,
тіпті сахабалардың көзін көргендердің бірқатары аяттарды түсіндіріп,
баяндаудан тартыншақтауының ең маңызды себебі үкімдер мен себептер
арасындағы байланысты біріктіре алмағандықтарынан болған [1, 8 б].
Құран Кәрімді тереңірек түсінуге тырысқан адамдар (сахабалар,
табиғиндер, әтбағут табиғиндер) Әсбабу Нузул ілімінен пайдалануды маңызды
ұстаным ретінде санаған. Олардың Құранды әсіресе, Әсбабу нузулмен тәпсір
жасаулары, бұл білім қайнарының тәпсір іліміндегі өзекті орнын айқындап
берді.
Әли, Ибн Масуд және Ибн Аббас сынды кей сахабалар Құраннан түскен әр
аяттың не туралы, кім туралы және қайда түскенін білгендіктеріне байланысты
риуаяттар айтқан. Олардың бұндай түсіндірмесін Құран Кәрімге берген маңызы,
Құранға қатысты барлық нәрсені білгендіктерін және бұл білгендерін өздері
жүзеге асырып және өздерінен кейінгі ұрпаққа жеткізуді қалай қалағандарын
көрсететін баяндамалар деп айтқанымыз дұрыс. Өйткені олар аяттың түсу
кезіндегі оқиғаларға куә болып, оқиғалардың негізгі себебін өз көздерімен
көргендер еді. Сол үшін де Әсбабу Нузул жайында жалғыз дереккөз қайнары
сахабалар болып табылады [2, 17б].
Деректерде Ибн Масудтің өзінің Құранды жетік білетіндігін туралы
баяндалады. Риуаятта Өзінен басқа тәңір болмаған Аллаға ант етемін! Алла
тағаланың кітабындағы түскен әрбір сүренің қай жерде түскендігін білемін,
түскен аяттың не себепті түскендігін де білемін. Алла тағаланың кітабын
менен жақсы білетін біреуді естісем, қаншалықты ұзақ болса да түйеме мініп
барар едім- деп айтылады (Бухари, Фадайлул-Қуран, 8).
Тақырыптың зерттелу деңгейі. әсбабун нузулге қатысты зерттелген еңбектерді
айтпастан бұрын, әсбабун нузул шығармаларының жазылу себептерін айтуды
дұрыс көріп отырмыз. Бұл себептердің бірқатары мыналар болуы мүмкін:
1. Сахабалар нузул себебін маңызды ілім саласы деп білуі.
2. Бұл деректерді өздерінен кейінгі ұрпаққа кемшіліксіз түрде жеткізуін
қамтамасыз ету.
3.Тәдуин кезеңі және хадис жинақтарына және тәпсір шығармаларына енуі,
осылайша кітаптарда орын алуы.
Әсбабун нузул риуаяттарының алғашқыда хадис жинақтарында, кейіннен
тәпсір шығармаларында жазылғандығы айтылады. Осылайша әсбабун нузул болып
бізге дейін жеткен шығармалардың жинақталуы және жазбаша шығармаларда
қолданылуы ислам тарихының алғашқы жылдарында орын алған. Алайда жеке,
дербес жазбаша еңбек ретінде әсбабун нузул шығармаларының бұл уақыттарда
жазылмағандығы көрінеді.
Ибну-н Недимнің пайымдауы бойынша хижри 150 жылдарға дейін тәдуин
басталған уақытта жазылған еңбектер әсбабун нузулден бұрын жазылған Құран
ілімдері болғандығын көреміз.
Кейінгі уақыттарда муфассирлер зерттеген еңбектерінде (тәпсірлерінде)
әсбабун нузул төңірегіндегі риуаяттарды өте мұқияттылықпен пайдаланған.
Бұдан кейін көптеген дербес шығармалар да жазылды. Ал-Бухаридің шейхы
болған және 234 жылы қайтыс болған Али Ибн ал-Мадени әсбабун нузулге
қатысты алғаш еңбек қалдырған кісі. Ал-Уахидидің "әсбабун нузул "еңбегі де
бұл саладағы ең танымал жазбалардың бірі. Бұл шығарма Мысырда 1315 жылы
(хижри) басылып шығарылды. Бұл еңбектің баспасы қайтадан Мысырда 13791759
жылдары қайтадан басылды. Әс-Суютидің ал-Итқандағы баяндамасына қарағанда
Ал-Жабари, ал-Уахидидің бұл еңбегінің мұхтасарын жазған. Бірақ жазушы
сәнәдтерін қалдырып, өз еңбегінің үлесі ретінде бірде-бір сөз қоспаған.
Сондай-ақ, әс-Суюти, Ибн Хажардың бұл сала төңірегіндегі жазылған шығармасы
жайында айтуына қарағанда, Ибн Хажар шығармасының жартысына келгенде
қайтыс болған. Сол себепті кітап алғашқы қалпында қалған және
жарияланбаған. [2, 60 б]
Әс-Суюти бұдан Әсбабун Нузал жайында жазылған "Любанун Нукул фи әсбабун
нузул" атты теңдессіз еңбек жазғандығын айтады. Өзінің тұжырымдамасы
бойынша ол еңбегі сол уақытта жазылған еңбектердің ең керемет туындысы
және оған тең келетін ешқандай кітап жазылмаған. Әс-Суютидің Любанун Нукул
еңбегі хижри 1280 жылы Булакта Тефсирул Желалейн жағалауында жазылған. Бұл
шығарма дербес болып Кайрде 1968 1358 жылы басылып шықты.
Жалпы көптеген зерттеушілердің бұл еңбектері тек библиографиялық
мағұлмат ретінде ғана бар. Яғни қолжазба күйінде жазылса да бүгінгі күнге
жетпеген.
Әсбабун нузулге қатысты шығармалардың айтылған уақыттарда жазылмауы
бұл алаңдағы риуаяттардың хадис жинақтарында және тәпсір шығармаларында
жазылғандығымен байланыстырамыз. Бұл шығармаларда Әсбабун Нузул
риуаяттарының жинақталуы себебімен оған қажеттілік туындамаған болуы
мүмкін.
Қазіргі таңда тақырыпқа қатысты араб тілі мен түрік тілінде жазылған
бірқатар зерттеулерді кездестіре аламыз. Өкінішке орай, кішігірім
мақалаларды есептемегенде тақырыпқа қатысты елімізде ғылыми тұрғыдан қолға
алынып зерттелген еш қандай еңбек жоқ. Осы тұрғыдан тақырып өзекті болып
отыр.
Жұмыстың негізгі мақсаты. Әсбабун нузулдің тәпсір іліміндегі рөлін жан-
жақты, ғылыми бағытта талдау.
Зерттеу жұмысының нысаны. Тәпсір саласында Әсбабун нузул мәселесін
қарастыру
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Жұмыстың
әдістемелік негізі ретінде Құран Кәрімді түсіндірудегі тәпсір іліміндегі
әсбабун нузул мәселесі және бұған қатысты ғалымдардың теориялық
тұжырымдамаларын баяндау.
Зерттеу жұмысының нысаны. Ғылыми жұмыстағы басты мақсат Құранға тәпсір
жасау кезінде, яғни түсініктеме беру кезінде әсбабун нузул ілімінің
маңыздылығын көрсету. Аяттардың түсуіне себеп болған оқиғалардың,
жағдайлардың анық-қанығын анықтап, аяттардың мәнін ашу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Тәпсір саласының маңызды ілімі болып табылатын
әсбабун нузулдің қазақ тілінде жан-жақты талдануы – жұмыстың негізгі
ғылыми жаңалығы болып табылады.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттеріне сай
кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Әсбабун нузулдің анықтамасы
а. Сөздік мағынасы.
Әсбабун нузул әсбаб және нузул сөздерінен пайда болған арабша
изафеттік тіркес. Бұл тіркестегі әсбаб себеп сөзінің көпше түрі. Себеп
сөздікте әдіс, жол, ишарат, дәнекер, байланыс деген мағыналарға саяды.
Негізінде күткен мақсатқа жеткізетін кезкелген нәрсеге себеп делінеді.
Нузул сөзі болса, "нәзәлә" етістігінің масдары. Жоғарыдан төмен түсу
деген мағынаны білдіреді. Дәл осы түбірден тарайтын "Инзал" және" Танзил"
масдары да түсіру мағынасына келеді. Тек инзал түгел түсіру, танзил болса,
бөлік-бөлік түсіру дегенді білдіреді [4, 8 б].
ә. Терминдік мағынасы
Қысқаша, аяттардың түсу себебінің мағынасын түсіндіретін әсбабун нузул
термин ретінде "Хз.Мұхаммедтің елшілік кезеңінде орын алған және Құранның
бір немесе бірнеше аятының немесе бір сүресінің түсуіне жол ашқан оқиға,
жағдай немесе қандай да бір нәрсе туралы Хз. Мұхаммедтен сұралған сұрақ"
деген мағынаны білдіреді.
Жоғарыда айтқанымыздай Құранның кейбір аяттары болған оқиғаның үкімін
анықтау немесе Хз. Пайғамбарға сұралған сұрақ негізінде түсіп отырған.
Міне, осындай аяттардың түсіуіне себеп болған оқиға немесе сұрақтарға
әсбабун нузул деп айтылады.
Ережеде айтылғандай Құран аяттарының түсуінің себептерінің бірі ортаға
шыққан оқиғалар. Бұл оқиғалар пайда болу тұрғысынан әртүрлі сипатқа ие.
Аталған оқиғалардың сипаттары тұрғысынан жалпы көрінісін былайша топтастыра
аламыз.
1. Бұл оқиғалардың бір бөлігі ұмытылған немесе тәрік етілген
дұшпандық, бүлік немесе дау-жанжалдың қайтадан бас көтеруінен ортаға шыққан
оқиғалар. Бұған Яхудилердің сұрқия әрекеттерінің нәтежиесінде Евс және
Хазреж тайпаларына тән екі топтың өзара келіспеушілікке түсуі және
тартысуы. Алғашқыда қарапайым келіспеушілік болған бұл тартыс "Ей, иман
еткендер! Өздеріне кітап берілген бір топқа ескерту жасасаңыз иманыңыздан
кейін сізді қайтадан терістеуге шақырады" деген аяттың түсуіне себеп болды.
2. Тағы бір оқиғалар дін және ғибадат турасында жасалған қателердің
дұрысталуы үшін болған оқиғалар еді. Ислам тарихының алғашқы жылдарында
ішімдіктің тыйым салынуына байланысты орын алған оқиға "Ей, иман еткендер!
Сендер мас болып, не айтқандарыңды білгенге дейін намазға жақындамаңдар!"
деген аяттың түсуіне себеп болды.
3. Сондай-ақ аяттардың түсірілуінің тағы бір себебі бірқатар өзгеше
мәселелерге байланысты түсірілуі. Мысалы, Хз.Омар бір тұста Хз. Мұхаммедке:
"Ей, Алланың елшісі! Үйіңізге әртүрлі адамдар келіп кетуде. Сіздің
кіршіксіз, пәк болған жұбайларыңызды көруде. Әмір етіңіз, олар
бүркеншектерін жамылсын" дедім. Осыған орай Ахзаб сүресінің 53 аяты "Егер
Пайғамбардың жұбайларынан бірнәрсе сұрасаңдар, перде артынан сұраңдар;
бұларың, сендердің де, олардың да жүрек тазалығы" аяты нәзіл болды.
Сондай-ақ анықтамада баяндағанымыздай Құранда кейбір аяттар Хз.
Пайғамбарға бағытталған сұрақтарға байланысты түсірілді. Бұл сұрақтар
сахабаларға тән болуымен қатар Кітап иелерінің де сұрақтары болатын.
Сахабалар дін турасында білмеген немесе түсінуде қиындық туындаған
мәселелерді үйрену үшін сұрайтын. Мысалы, Али-Имран 97 "Оның жолына шамасы
келген кісілер, Алла үшін Қағбаны зиярат етулері керек" аяты түскен кезде
сахабалар "әр жылы қажылық жасаймыз ба? Ей, Алланың елшісі?" деп сұрады.
Пайғамбарымыз жауап бермеді. Қайталап сұраған кезде "Жоқ" деді де "Егер
"Ия" десем сендерге әр жылы қажылық жасау парыз болатын еді. Осы сұрақ
төңірегінде Майда 101 аят "Ей, иман еткендер! Егер айқындалса, ұнатпаған
нәрселеріңді сұрамаңдар!" аяты нәзіл болды. [3,10 б].
Алайда кітап иелерінің сұрақтары бұндай мақсатта емес еді. Олар
негізінде Хз. Мұхаммедті қиын жағдайға қалдыру, мүміндерді ақылдарынан
жаңылыстыру немесе мұсылмандық құндылықтарды мазақ ету мақсатында сұрайтын
еді. Осыған мысал ретінде. Абдулла б. Омар айтады: "Хз. Пайғамбармен
қолында құрма ағашынан жасалған таяқшасы болған халде Мадинада жүргенімізде
бір топ яхудилермен кезіктік. Олардан бір бөлігі (Пайғамбарды нұсқап):
"Оған Рух жайында сұрайық", кейбірі болса "жоқ, сұрамаңдар жағымсыз сөздер
айтар" десті. Алайда нәтижесінде Пайғамбарға келіп: "Ей,Мұхаммед! Бізге рух
жайында хабар бер" деді. Алланың елшісі бір сәт тұрып, басын жоғары
көтерді. Сол сәтте оған уахидың келгенін түсіндім. Уахи келген сәтте
(Мұхаммед Ғ.С) Олар сенен Рух жайында сұрайды: "Ол, Раббымның әмірінен.
Сендерге өте аз мәлімет берілді" де.
Хз.Пайғамбарға бағытталған және аяттардың түсуіне себеп болған сұрақ
уақыт тұрғысынан 3-ке бөлінеді.
1) Өткенге уақытқа тән болғандар. Бұған: Сенен Зұлқарнайын жайлы
сұрайды. Сен айт: сізге оның жағдайынан да хабар берейін мағынасында
болған Кахф сүресінің 83 аятын мысал ретінде айта аламыз.
2) Пайғамбардың өмір сүрген кезеңіне тән болғандар. Бұған да: Сенен
Рух жайында сұрайды. Сен айт: "Ол Раббымның әмірлерінен". Сендерге аз
білімнен басқа ештеңе берілмеді деген Исра сүресінің 85 аятын мысал
ретінде айта аламыз.
3) Болашаққа тән болғандар. Бұған мысал ретінде: Сенен ол сағат
жайлы (қиямет) қашан орнайтыны жайлы сұрайды деген Назиат сүресінің 42
аяты мысал болады [3, 29 б].
1. Әсбабун нузулге қатысты риуаяттар
Әсбабун Нузулге түсініктеме жасап, анықтамасы тұрғысынан
қарастырғаннан кейін ендігі кезекте нузул себебі ретінде бізге дейін жетіп
келген риуаяттардың әдістері тұрғысынан қарастырамыз.
а. Риуаяттардың қайнары
Тәпсір ғалымдары әсбабун нузулге қатысты риуаяттардың дұрыстығын
анықтауда өте мұқият әрекет жасаған. Әсбабун нузул ілімі бәрінен бұрын,
түгелдей риуаяттармен қатысты болғандықтан, хадис негіздерін анықтауда
хадистердің дұрыстығы үшін қарастырылған жалпы шарттар бұл тақырыпта да
қажетті саналады. Өйткені қандай да бір аят немесе сүренің нәзіл болу
себебі, олардың түсуіне куәгер болған және себептерін анықтаған
сахабалардың риуаяттары арқылы ғана айқындалады. Осы себепті муфассирлер
сахих бір риуаяттарға жүгінбестен мухакеме, истидлал және ижтихад секілді
жолдармен анықтауды дұрыс деп таппай, Әсбабун нузул риуаяттарының
дұрыстығы тұрғысынан бірқатар шарттарды алға тартады. Оларды былай
жіктейміз:
1) Хадис негіздері ілімінің сахих хадистерді анықтауда алға қойған
шарттарының бұл риуаяттарда да табылу керектігі. Яғни нузул себебі ретінде
айтылған риуаяттардың қайшылықсыз және зақымданбаған күйде, иснады Хз.
Мұхаммедке сахабадан немесе бұрын өткендерден біріне жеткенше әділет және
хадиске бекем болғандардың, өздері секілді осындай сипатта болған
адамдардан муттасыл және марфу сәнәдтармен риуаят еткендігі сахих хадис
сипатында болуы қажет.
2) Әсбабун нузулге қатысты риуаяттарда түсіндірілген оқиғалар
Пайғамбарымыз кезеңінде болғандығын айқындалуы қажет.
3) Жеткен риуаяттарда айтылған жағдайларға байланысты аят немесе
сүрелердің мазмұны арасында бір байланыстың табылуы қажет [4, 12 б].
Осы жерде мына жәйтке назар аударуды дұрыс көріп отырмын. Баршамызға
белгілі, муттасыл бір сәнәдпен Пайғамбарымызға иснад етілген бір риуаят
тікелей сахабалардан немесе тек есту арқылы жеткізген табиғиндерден келген.
Бұл жағдайда егер бір аят немесе сүренің нәзіл болуына куә болған сахаба
оқиғаны түсіндірген кезде жалғыз қайнар яғни дәлел ретінде өзін көрсетсе,
бұл хабар сахих болып қабылданады. Риуаят табиғин арқылы келіп, бір
сахабаның айтқанымен сәйкес келсе, бұл да сахих болып есептелінеді. Тек
егер сөзге ұйытқы болған хабар қандай да табиғин тарапынан келіп, бірақ
сахабадан аттап жеткізілсе, бұл әдіс бір риуаят "мурсел хабар" ретінде
сипатталып, бұндай хабардың қабыл болуы үшін екі шарт болады. Олар:
1. Сөз ұйытқысы болған мурсал хабар басқа мурсалмен толықтырылуы,
нығайтылуы керек.
2. Себебі нузулге ұйытқы болған мурсел риуаят, Мужахид бин Жебр,
Икрима, Сайд бин Жубайр секілді сахабалардан хадис риуаят етумен қатар,
мешхур болған табиғин муфассирлердің бірінен жеткізілуі керек.
ә. Риуаяттардың әркелкілігі
Риуаяттардың әркелкі болуындағы мақсат бір аяттың нәзіл болу себебіне
қатысты бір немесе бірнеше риуаяттардың жеткізілуі. Шындығында, осындай
сипатқа ие риуаяттар бір оқиға жайлы сөз етсе де, уақыт, мекен және адамдар
тұрғысынан айырмашылық көрсетуі мүмкін. Бұл тұрғыда сақтықты қажет ететін
жағдай негізгі мазмұны риуаяттарда түсіндірілген оқиғаның пішімі емес,
риуаяттар арасында себеп тұрғысынан қандай да айырмашылықтың болып болмауы
мәселесі. Егер риуаятта түсіндірілген себеп бір болып, оқиға өткен жер,
уақыт және адамдар тұрғысынан айырмашылық байқалса, мұндай жағдайда аса
қиындық жоқ. Алайда аяттың түсу үшін айтылған себептер әркелкі болса,
түсіндіруді қажет ететін бірнеше тәсілдер бар [4,12 б]. Бұл тәсілдерді
әдістеме ғалымдары хадис негіздері өлшемдерін негізге ала отырып, былай
тізбектейді.
1) Бір аяттың немесе сүренің түсу себебі туралы бірнеше риуаяттар
табылған сәтте алдымен бұл риуаяттардың дұрыстығы тұрғысынан деңгейі
қарастырылып, сахих болғаны алынып, қалғаны алып тасталынады. Бухари,
Муслим жіне басқа да хадисшілердің Жундуб әл-Бежелиден жеткізген мына
жағдай бұған мысал. Алла елшісі науқастанғандығы себепті екі-үш түн орнынан
тұра алмады. Бір әйел оған келіп, "Байқаймын, шайтаның сені тастап кетіпті"
Екі немесе үш түн бойы саған жақындамады" дегенде "Сәске уақытына және
қараңғылық басқан түнге ант етемін. Раббың сені тастамады да саған
ренжімеді де" аяты түсті. Табарани және ибн Абу Шәйбәның хафыз ибн Мәйсере
жолымен оның анасынан, ол да Алла елшісінің қызметшісі болған күңнін
жеткізуіне қарағанда: бір күшік Алла елшісінің үйіне кіріп кетіп, төсектің
астына кіріп кетіп сонда өліп қалған. Бұдан төрт күн уақыт өткенше Алла
елшісіне уахи келмеген. Сол сәтте Алла елшісі: "Ей,Хавла Алла елшісінің
үйіне не болды, маған еш уахи келмейді". Ол да ішінен "Үйді жақсылап
сыпырайын" деп сыпырғымен төсектің астын тазалағанда күшікті шығарды. Алла
елшісінің уахи келген сәтте сондай тітіреді және Алла "Сәске уақытына ант
етемін" деді де "Өте жақын арада Раббың саған береді және сен дән риза
боласың" көлеміндегі аят түсті. Ибн Хажар Бухаридің шархінде бұл риуаятқа
қатысты мына түсіндірмені айтады. Күшіктің өлімі себебімен Жәбрейілдің
келмеген жағдайы белгілі, алайда нузул себебі ретінде бұл жағдай ашық емес.
Сондай бұл хабардың иснадын талдаған рауилер де бар. Сондықтан Бухари.
Муслимдегі риуаятқа сену керек [5, 161 б]
2) Бір аяттың немесе сүренің нәзіл болуына қатысты екі риуаят сөз
етілгенде, екеуі де сахих болса, риуаяттардың біреуін таңдайтындай себеп,
яғни қажеттілік бар болу, болмауын қарастырады. Алайда бұл риуаяттардан
бірі оқиғаны өз көзімен көрген және сол оқиғаның ішінде болған рауидың
куәгерлігіне сүйенсе, басқасы да естігеніне сүйенсе немесе риуаяттардан
бірі Сахихи Бухариде екіншісі басқа хадис еңбектерінен орын алса, мұндай
жағдайда куәгерлікке сүйенген және Бухари кітабында орын алған риуаяттар
таңдалады. Өйткені бұл риуаятдың куәгерге сүйенуі немесе Бухари кітабында
орын алуы таңдау себебі ретінде қабылданады.
3) Кей жағдайда аяттардың нузул себебін түсіндіретін екі риуаятта
сахих болып араларында қандай да бір таңдау жасауға себеп табылмауы да
мүмкін. Мұндай жағдайларда жеткізілген риуаяттағы оқиғалардың уақыт
тұрғысынан бір-біріне жақын болып болмағаны қарастырылады. Егер айтылған
оқиғаларда уақыт тұрғысынан жақындық болса, ондай жағдайда риуаяттардың
арасы жинақталып, бір араға келтіріліп жазылады. Өйткені мұнда маңызды
болған оқиға уақыттарының бір-біріне жақын болуы.
4) Жеткізілген екі риуаятта сахих болуымен қатар араларында біреуін
таңдау қажеттілігі туындаса немесе оқиғалардың уақыт тұрғысынан алшақтығы
себебінен арасын жинақтап,жазу мүмкін болмаса, ондай жағдайда аталған
сипаттағы риуаяттарға негізделген аят немесе сүренің екінші рет
түсірілгендігі қабылданады. Ислам ғұламалары арасында Ибн Таймия, Аз-
Зеркаши, Ас-Суюти және Аз-Зерканидің бұл көзқарасты қолдағандары өз
түсіндірмелерінен көрінеді. Бұл ғұламалардың пікірінше аяттың қайталанып
түсуінде сол аяттың даңқын жоғарылату, айтылған мағыналарының ұмыттырмау
сынды хикметтері бар. Бұл жағдайға орай мына мысалды айта кетуге болады.
Әбу Хурайра айтады: "Алла Расулі Хз. Хамзаның шәхид етілгенін естісімен
жанына кетті де, денесінің мүшріктер тарапынан бөлшектенгенін көрді. Осы
жағдайға орай басында тұрып: "Шүбәсіз, мен сенің орныңа олардан
(мүшріктерден) жетпіс адамды тура осылай өлтірем″ деді. Хз. Мұхаммед ол
жерден әлі кете қоймаған кезде, Жәбірейіл; ″Егер дұшпанға жаза берсеңдер,
өзіңе істелген тәрізді ғана істеңдер! Егер сабыр қылсаңдар, әлбетте, ол
сабырлылар үшін хайырлы. Сабыр ет! Сабыр етуің Алланың ғана мерхаметі.
Оларға кейіме! Олардың тұзақтарына қайғырма! Шынында Алла тақуалармен,
сондай-ақ жақсылық істеушілермен бірге″ Нахл сүресінің 126-128 аяты нәзіл
болды [5, 162 б]
Сондай-ақ Убай бин Кааб айтады: ″Ухуд соғысында ансардан 64,
мухажирлерден болса 6 кісі шахид болды. Хз. Хамза да осы шахиттер арасынд
еді. Кәпірлер оны өлтіріп, денесін бөлшектеген еді. Ансарлардан біреу,
″егер мүмкіндік қолымызда болса, бұның кегін артығымен аламыз″ деді. Алайда
Меккенің фетх етілген күні келген кезде Алла Тағала тарапынан Нахл
сүресінің соңғы аяттары нәзіл болды.
Бұл тұста айтылған екі риуаятта байқалғандай Нахл сүресінің соңғы екі
аяты, алғашқы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz