Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

Тарих және Әлеуметтік педагогика факультеті
Арнайы педагогика кафедрасы

Тақырыбы: Сөйлеу тілі бұзылған балалардың түйсік, қабылдау,
зейін, ес, ойлау, сөйлеу процестерінің
даму ерекшеліктері

Орындаған: Ержанқызы Б.
Тексерген: Көшімбетова З.

Тараз 2018 жыл

Жоспары:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... І - ІІ

Негізгі бөлімі:
І.Сөйлеу тілі бұзылған балаларға жалпы сипаттама.
1. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .ІІІ - IV
2. Сөйлеу қабілеті бұзылыстары және деңгейлері ... ... ... ... ... ... ... ...V - VII
ІІ. Сөйлеу тілі бұзылған балардың психологиялық ерекшеліктерінің теориялық негіздері.
1. Жалпы сөйлеу тілінде ақауы бар балалардың түйсінуі және қабылдауы
2. Сөйлеу тілінде кемістігі бар балардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу удерістерінің ерекшеліктері
III. Сөйлеу тілі бұзылған балаларға коррекциялық дамыту жұмыстарын жүргізу.

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазіргі уақытта әртүрлі аномальды кемістіктері бар балалар аз емес екені өкінішке орай ақиқат. Ана немесе баланың қандай да бір кішігірім қателігінің өзі, бала өміріне үлкен әсерін тигізеді. Ал ондай балалардың бұзылыстарына қарай, ортамен қарым - қатынасы, таным сферасындағы қабілеттері өзгеше болады. Аномальды балаларды коррекциялау және компенсациялау, оларды зерттеу, танымдық сферасын дамыту жұмыстарына көптеген назар аударылып, маңыздылығы күнен - күнге арту үстінде. Осыған байланысты менің қарастыратын мәселем - сөйлеу тілінде қандай да бұзылысы бар балалардың танымдық сферасының даму ерекшеліктері. Ерекше жандардың ішінде ең жиі кездесетін түре де осы, сөйлеу тілі бұзылысы бар балалар.
Сөйлеу тілі тек қана адамға ғана тән қабілет бола отырып, қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды қабылдау, оны түйсіну, ойлау, есте сақтау процестерімен тікелей байланысты және адамдардың қандай да бір қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін негізгі құралы болып табылады.
Кез-келген жаста сөйлеу тілінің бұзылуы танымдық іс-әрекеттің және адамның әлеуметтік бейімделу мүмкіншілігін шектейді. Бұл баланың жалпы жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оның зияткерлік дамуы және мінез-құлқының сипаттамасы жас шамасына жиі сай келмейді, ұжымдағы құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы қиындайды. Сөйлеу тілін меңгеру әр балада әрбір кезеңде, және әр түрлі уақытта өтеді. Бұл да әр түрлі себептерге байланысты жеке процесс болып саналады. Балаға деген немқұрайлық таныту салдарынан, бала өмір бойы әлеуметтік ортадан оқшауланып қалады. Осыған орай, алдымызға қойылатын ең негізгі мақсат талаптардың бірі - инклюзивті оқыту удерісін жетілдіру. Әрбір бала, қалыпты ортада білім алуға құқылы.
Арнаулы білім беруді кез келген білім беру реформаларының бағдарламаларына енгізу, және жоспарар дайындау барысында ерекше балалардың мүмкіндіктерін ескеру, білім сапасын жақсарту, баланы әлеуметтік
І
ортада еркін өмір сүруіне дағдылау, балардың жеке құқықтарын сақтап қамтамасыз ету, сонымен қатар уйден оқыту мәселесін қатаң бақылау орнату және қадағалау негізгі мәселелерге айналып отыр.
Тақырып өзектілігі: Барлық бала бірдей орта білім алуға тең құқылы болса да, өкінішке орай, мүмкіндігі шектеулі балалар артта қалып қойып жатқаны белгілі. Ол қазіргі таңдағы үлкен мәселердің бірі. Мүмкіндігі шектеулі баларға білім беруде нәтижеге жетудің жолы - жаңа технологияларды толықтай игеру, ол балардың өз ойларын ашық жеткізуге, оқу бағдарламаларын толықтай меңгеруге барлық жағдайларды жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық білім кеңінен қарастырылып көрсетіледі.
Зерттеу мақсаты: Сөйлеу тілінде кемістіктері бар балалардың бұзылыстары туралы түсінік беру. Сөйлеу аппараттарын зерттеп, дұрыс сөйлуге, компенсациялауға арналаған әдістерге мысал келтіріп, ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу міндеттері: Сөйлеу тілінде ауытқушылықтар бар балалардың психологиялық ерекшеліктерін ғылыми әдебиеттер көмегімен теориялық тұрғыда зерттеу. Әлеуметтік ортада, мектепте, балабақшада сөйлеу тілінде ақауы бар балардың оқшаулануын эмпирикалық зерттеу.
Ғылыми болжам: Егерде осы сөйлеу тілінде кемістіктері бар баларға көптеп логопедтік пункттер мен корекциялық бөлімшелер ашылса, мамандар саны көбейсе, тілінде ауытқушылықтары бар балалардың саны қысқарар еді. Сонымен қатар еліміздегі логопедтерді арнайы шетел мамандары ұйымдастыруымен жасалған форум, конференцияларға қатыстырса, айтарлықтай нәтиже берері анық.
Курстық жұмыс құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

ІІ
1. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшеліктері
Сөйлеу - адамның бір - бірімен қарым - қатынас жасауында ойын , еркін, сезімін білдіріп жеткізу үшін тілді қолдану үрдісі. Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу мүшелері дамиды. Жалпы қарастырғанда, дүниеге келген сәби еріксіз дыбыс шығарады:қарнының ашқанын, ауырғанын немесе тағы да басқа әрекеттерін жылау, дыбыстар шығару арқылы білдіреді. Баланың алғашқы сыртқы дүниеге рекация жасауы жылаудан басталады. Жылаудың әсерінен баланың тыныс алу ағзалары мен сөйлеу органдары дамиды.
Баладағы ең алғашқы дыбыс артикуляцияларының қозғалысқа келуі 2 - 3 айда басталады. Қалған 5 айында бала үлкендердің ерініне қарап дыбыстарды қайталауға тырысады. 9 -10 айында бала бөлек сөздерді біріктіріп бір сөз етіп құра айта бастайды. Бұл жастағы бала сөздік қоры небәрі 10-15 шақты сөзден құралады. Кейінгі 4 жаста бала фонациясы дұрысталып, дұрыс және толықтай сөйлейді. Сөйлеу тілінің кеңеюі тәрбиенің барысында, бала мектепке барар алдында тілін грамматикалық зандылығын меңгеріп, байланыстырып сөйлеу дағдысын игереді.Сондықтан да бұл кезеңде баланы ерекше қамқорлық қажет.
Сөйлеу тілі негізгі артикуляциялық аппараттарына ерін, тіл, жоғарғы және төменгі жақ, жұмсақ және қатты таңдай, альвеолдар жатады. Тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ қозғалу органдары болып табылады. Дауыс буындарының қысылуына байланысты дыбыс кеңірдектен шығады, кеңірдектің жуандығына байланысты жуан немесе жіңішке болады.
Сөйлеу тілін меңгеру процесі барлық балаларда бірдей бола бермейді,кейбір балаларда сөйлеу процесі жетілуі кешеуілдейді, екіншілердің сөйлеу тілінде дыбыстардың айтылуы бұзылады. Балаларда сөйлеу тілі тежеуілі әсерінен былдырлап сөйлейді, сөздері түсініксіз, жеңіл түрде болса қалыпты күйге қалыптасуып кетуі мүмкін, ал ауыр болса коррекциялық жұмыстар жасалмағанға дейін жалғасады. Келесі балаларда сөйлеу тілі жүйелі түрде дамымайды, яғни сөйлемдегі тек кейбір сөздерді ғана айтады, сөйлеу тілі толық дамымайды, толық сөйлемдерді айта алмайды, сөздік қоры жадағай.

ІІІ
X- ғасырдың ортасынан бастап сөйлеу функцияларының мидағы орталығы, нейрофизиологтар және психологтардың жан-жақты зерттеген тақырыбы болды. Сөйлеу механизмдері туралы алғашқы ақпараттар П. Брока (1861) және C. Вернике (1873) еңбектерінде пайда болды. Ми қыртысының сөйлеу белсенділігін қамтамасыз етудегі әртүрлі бағыттарын одан әрі зерттеу мидың сол жақ жарты шарының алдыңғы аралық аймақтарындағы моторикалық функцияларының орналасқанын және сенсорлық жағы сол жақ мидың артқы жағында орналасқаны зерттеулерде көрсетілді.
Сөйлеу патологиясының пайда болуы, есту, көру және қозғалтқыш анализаторларының шеткі және орталық бөліктеріне зиян келу әсерінен пайда болады. Есту орталығының перифериялық бөлімдеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есту қабілеті бұзылған балаларды инклюзивті түрде оқытудың негізгі формалары
Нашар еститін балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Есту қабілеті зақымдалған балаларға мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ЗЕРТТЕЛУІ
Сөйлеу тілін түйсіну жағдайы
Балалардың есту қабілетін дамыту үрдісі
Көру қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Балалардың көру қабілетінің бұзылуы
Пәндер