Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың танымдық ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

Тарих және Әлеуметтік педагогика факультеті
Арнайы педагогика кафедрасы

Тақырыбы: Сөйлеу тілі бұзылған балалардың түйсік, қабылдау,
зейін, ес, ойлау, сөйлеу процестерінің
даму ерекшеліктері

Орындаған: Ержанқызы Б.
Тексерген: Көшімбетова З.

Тараз 2018 жыл

Жоспары:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . І - ІІ

Негізгі бөлімі:
І.Сөйлеу тілі бұзылған балаларға жалпы сипаттама.
1. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ...ІІІ - IV
2. Сөйлеу қабілеті бұзылыстары және деңгейлері ... ... ... ... ... ... ... ... .V - VII
ІІ. Сөйлеу тілі бұзылған балардың психологиялық ерекшеліктерінің теориялық негіздері
1. Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың танымдық ерекшеліктері...VIII -XII
2. Жалпы сөйлеу тілінде ақауы бар балалардың түйсінуі, қабылдауы және
зейін ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...XIII - XV
3. Сөйлеу тілінде кемістігі бар балардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу удерістерінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..X VІ - XXV
III. Сөйлеу тілі бұзылған балаларға коррекциялық дамыту жұмыстарын жүргізу.

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазіргі уақытта әртүрлі аномальды кемістіктері бар балалар аз емес екені өкінішке орай ақиқат. Ана немесе баланың қандай да бір кішігірім қателігінің өзі, бала өміріне үлкен әсерін тигізеді. Ал ондай балалардың бұзылыстарына қарай, ортамен қарым - қатынасы, таным сферасындағы қабілеттері өзгеше болады. Аномальды балаларды коррекциялау және компенсациялау, оларды зерттеу, танымдық сферасын дамыту жұмыстарына көптеген назар аударылып, маңыздылығы күнен - күнге арту үстінде. Осыған байланысты менің қарастыратын мәселем - сөйлеу тілінде қандай да бұзылысы бар балалардың танымдық сферасының даму ерекшеліктері. Ерекше жандардың ішінде ең жиі кездесетін түре де осы, сөйлеу тілі бұзылысы бар балалар.
Сөйлеу тілі тек қана адамға ғана тән қабілет бола отырып, қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды қабылдау, оны түйсіну, ойлау, есте сақтау процестерімен тікелей байланысты және адамдардың қандай да бір қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін негізгі құралы болып табылады.
Кез-келген жаста сөйлеу тілінің бұзылуы танымдық іс-әрекеттің және адамның әлеуметтік бейімделу мүмкіншілігін шектейді. Бұл баланың жалпы жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оның зияткерлік дамуы және мінез-құлқының сипаттамасы жас шамасына жиі сай келмейді, ұжымдағы құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы қиындайды. Сөйлеу тілін меңгеру әр балада әрбір кезеңде, және әр түрлі уақытта өтеді. Бұл да әр түрлі себептерге байланысты жеке процесс болып саналады. Балаға деген немқұрайлық таныту салдарынан, бала өмір бойы әлеуметтік ортадан оқшауланып қалады. Осыған орай, алдымызға қойылатын ең негізгі мақсат талаптардың бірі - инклюзивті оқыту удерісін жетілдіру. Әрбір бала, қалыпты ортада білім алуға құқылы.
Арнаулы білім беруді кез келген білім беру реформаларының бағдарламаларына енгізу, және жоспарар дайындау барысында ерекше балалардың мүмкіндіктерін ескеру, білім сапасын жақсарту, баланы әлеуметтік

І
ортада еркін өмір сүруіне дағдылау, балардың жеке құқықтарын сақтап қамтамасыз ету, сонымен қатар уйден оқыту мәселесін қатаң бақылау орнату және қадағалау негізгі мәселелерге айналып отыр.
Тақырып өзектілігі: Барлық бала бірдей орта білім алуға тең құқылы болса да, өкінішке орай, мүмкіндігі шектеулі балалар артта қалып қойып жатқаны белгілі. Ол қазіргі таңдағы үлкен мәселердің бірі. Мүмкіндігі шектеулі баларға білім беруде нәтижеге жетудің жолы - жаңа технологияларды толықтай игеру, ол балардың өз ойларын ашық жеткізуге, оқу бағдарламаларын толықтай меңгеруге барлық жағдайларды жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық білім кеңінен қарастырылып көрсетіледі.
Зерттеу мақсаты: Сөйлеу тілінде кемістіктері бар балалардың бұзылыстары туралы түсінік беру. Сөйлеу аппараттарын зерттеп, дұрыс сөйлуге, компенсациялауға арналаған әдістерге мысал келтіріп, ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу міндеттері: Сөйлеу тілінде ауытқушылықтар бар балалардың психологиялық ерекшеліктерін ғылыми әдебиеттер көмегімен теориялық тұрғыда зерттеу. Әлеуметтік ортада, мектепте, балабақшада сөйлеу тілінде ақауы бар балардың оқшаулануын эмпирикалық зерттеу.
Ғылыми болжам: Егерде осы сөйлеу тілінде кемістіктері бар баларға көптеп логопедтік пункттер мен корекциялық бөлімшелер ашылса, мамандар саны көбейсе, тілінде ауытқушылықтары бар балалардың саны қысқарар еді. Сонымен қатар еліміздегі логопедтерді арнайы шетел мамандары ұйымдастыруымен жасалған форум, конференцияларға қатыстырса, айтарлықтай нәтиже берері анық.
Курстық жұмыс құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

ІІ
I.1. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшеліктері
Сөйлеу - адамның бір - бірімен қарым - қатынас жасауында ойын , еркін, сезімін білдіріп жеткізу үшін тілді қолдану үрдісі. Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу мүшелері дамиды. Жалпы қарастырғанда, дүниеге келген сәби еріксіз дыбыс шығарады:қарнының ашқанын, ауырғанын немесе тағы да басқа әрекеттерін жылау, дыбыстар шығару арқылы білдіреді. Баланың алғашқы сыртқы дүниеге рекация жасауы жылаудан басталады. Жылаудың әсерінен баланың тыныс алу ағзалары мен сөйлеу органдары дамиды.
Баладағы ең алғашқы дыбыс артикуляцияларының қозғалысқа келуі 2 - 3 айда басталады. Қалған 5 айында бала үлкендердің ерініне қарап дыбыстарды қайталауға тырысады. 9 -10 айында бала бөлек сөздерді біріктіріп бір сөз етіп құра айта бастайды. Бұл жастағы бала сөздік қоры небәрі 10-15 шақты сөзден құралады. Кейінгі 4 жаста бала фонациясы дұрысталып, дұрыс және толықтай сөйлейді. Сөйлеу тілінің кеңеюі тәрбиенің барысында, бала мектепке барар алдында тілін грамматикалық зандылығын меңгеріп, байланыстырып сөйлеу дағдысын игереді.Сондықтан да бұл кезеңде баланы ерекше қамқорлық қажет.
Сөйлеу тілі негізгі артикуляциялық аппараттарына ерін, тіл, жоғарғы және төменгі жақ, жұмсақ және қатты таңдай, альвеолдар жатады. Тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ қозғалу органдары болып табылады. Дауыс буындарының қысылуына байланысты дыбыс кеңірдектен шығады, кеңірдектің жуандығына байланысты жуан немесе жіңішке болады.
Сөйлеу тілін меңгеру процесі барлық балаларда бірдей бола бермейді,кейбір балаларда сөйлеу процесі жетілуі кешеуілдейді, екіншілердің сөйлеу тілінде дыбыстардың айтылуы бұзылады. Балаларда сөйлеу тілі тежеуілі әсерінен былдырлап сөйлейді, сөздері түсініксіз, жеңіл түрде болса қалыпты күйге қалыптасуып кетуі мүмкін, ал ауыр болса коррекциялық жұмыстар жасалмағанға дейін жалғасады. Келесі балаларда сөйлеу тілі жүйелі түрде дамымайды, яғни сөйлемдегі тек кейбір сөздерді ғана айтады, сөйлеу тілі толық дамымайды, толық сөйлемдерді айта алмайды, сөздік қоры жадағай.

ІІІ
X- ғасырдың ортасынан бастап сөйлеу функцияларының мидағы орталығы, нейрофизиологтар және психологтардың жан-жақты зерттеген тақырыбы болды. Сөйлеу механизмдері туралы алғашқы ақпараттар П. Брока (1861) және C. Вернике (1873) еңбектерінде пайда болды. Ми қыртысының сөйлеу белсенділігін қамтамасыз етудегі әртүрлі бағыттарын одан әрі зерттеу мидың сол жақ жарты шарының алдыңғы аралық аймақтарындағы моторикалық функцияларының орналасқанын және сенсорлық жағы сол жақ мидың артқы жағында орналасқаны зерттеулерде көрсетілді.
Сөйлеу патологиясының пайда болуы, есту, көру және қозғалтқыш анализаторларының шеткі және орталық бөліктеріне зиян келу әсерінен пайда болады. Есту орталығының перифериялық бөлімдеріне зақым келген жағдайда, балада сөзді қабылдау үрдісі зардап шегеді, сонымен қатар сенсорлы афазияның (немесе алалияның) пайда болу себебі болып табылады. Баладағы қозғалыс
моторикасының бұзылуы, сөйлеу тілінің дамымай қалуына себепкер болады. Себебі, козғалтқыш анализаторлар жұмысы бұзылғаннан кейін ол, артикуляциялық аппараттарға да әсерін тигізеді.
Баланың жатыр ішінде эмбриондық даму кезінде және туылғаннан кейін алғашқы жылдарындағы жағымсыз жағдайлар сөйлеу патологиясына алып келеді.
Сөйлеу тілі жетіспеушлігі көп жағдайда мидағы жарақаттың орналасуы мен деңгейіне байланысты болады. Ал бұл факторлар жарақаттың пайда болу уақытысымен тікелей байланысты болады. Бала эмбрионалды даму кезінің алғашқы 3 - 4айында пайда болған жарақаттар әсерінен, көп жағдайда ми - ауыр түрде зардап шегеді. Сонымен қатар, жатыр ішінде даму кезеңіндегі түрлі анадағы инфекциялар, интоксикациялар,асфиксия,механикалы қ жарақаттар салдарынан да жиі пайда болады.
Е. М. Мастюкова зерттеулері бойынша, ананың жүкті кезіндегі ішімдік ішуі, наркотик өнімдерін пайдалануы да тіл кемістіктеріне алып келеді. Алкогольды синдром кезінде бала дүниеге салмақ жетіспеушілігімен келеді, физикалық дамуда артта қалады.
ІV
2. Сөйлеу қабілеті бұзылыстары және деңгейлері
Сөйлеу тіліндегі мүкістердің патологиялық деңгейлеріне , белгілі бір мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары да әр алуан болып келеді. Олар әрқайсысының өзіне тән симптоматикалық және динамикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаға бөлінеді. Мұндай салаға дауыстың бірқалыптылығының бұзылуы, сөйлеу тіліндегі дауыс ырғағының бұзылуы, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу тілі мен оқу тілінің бұзылуы жатады.
Тіл бұзылуының басты себептері органикалық және функциональдық болып негізгі екі топқа бөлінеді. Органикалық - әртүрлі зақымдардың нәтижесінде тіл аппараты мен жүйке жүйесінің бөлімдерінің бұзылуы. Функциональдық - тек сөйлеу механизмдерінің функциясы бұзылысы.
Тілдің бұзылуы түрлі жаста, әсіресе мектепке дейінгі шақтағы балаларда көп кездеседі. Сөйлеудегі бұзылыстар келесі топтарға бөлінеді:
1. Фонетикалық бұзылулар - бір дыбысты немесе бір топқа жататын дыбыстарды айта алмау (ызың, шұғыл, тіл ортасы, тіл алды дыбыстардың бұзылуы; дауыссыз дыбыстардың қатаң - ұяң - үнді айтылуының бұзылуы, дыбыстарды дұрыс қабылдау қабілетінің бұзылуы). Бұған дислалия, дизартрия, фонетикалық-фонематикалық жетілмеу жатады.
2. Лексикалық-грамматикалық бұзылулар. Бұған енетіндер: шектеулі сөздік қор, жадағай фраза; фразадағы және сөйлемдегі сөздердің өзара қиыспауы, шылаулар мен жалғау-жұрнақтарды қате қолдану (сөйлеудің жалпы жетілмеуі).
3. Әуендік - екпіндік бұзылулар: екпінді дұрыс қоймаумен байланысты, дауыстың күші мен жоғарылығы, тембрінің бұзылуына қарай (ақырын, қарғылыңқы, бақылдақ және т.б.). Мысалы: дисфония, ринолалия, ринофония және т.б.
4. Қарқындылық - ырғақтық бұзылулар: мидағы қозу үдерістерінің
V
басымдылығымен байланысты болатын шапшаң қарқын (брахилалия); тежелу үдерістері басым болатын баяу қарқын (брадилалия); үзік-үзік қарқын (қажетсіз паузалар, сүріну, құрысу сипатты емес кекештену - физиологиялық итерациялар, полтерн және құрысу сипатындағы - тұтығу немесе кекештік). Жазба тілдің бұзылуы: жазуда: фонеманың графемаға қате айналуы; толық жазбау; сөздегі әріптерді тастап кету немесе шатастыру; сөйлеудегі сөздердің өзара қиыспауы немесе орындарының ауысуы; жазу жолынан шығып кету т.б., оқуда: дыбыстарды алмастыру мен шатастыру; әріптеп оқу; сөздің дыбыстық-буындық құрамын бұрмалау; оқылғанды түсінудің бұзылуы; аграмматизмдер. Мысалы: дислексия мен дисграфия.
5. Жазу тілінің бұзылуы. Мысалы: фонеманы графемаға аударудағы қателіктер, сөйлемді толық жазбау, сөзде әріптерді тастап кету, жолақшадан асып кету, ежелеп оқу, оқыған нәрсесін түсінбеу, аграмматизмдер.
Сөйлеу тілі бұзылыстарының клиникалық көріністері:
Периферилық:
Механикалық дислалия - артикуляциялық аппараттар бұзылыстары салдарынан сөз айтудағы бұзылыстар.
Функционалды дислалия - артикуляциялық аппараттары дұрыс болсада, қозғалысының бірқалыпты болмауы.
Ринолалия - ауыз бен мұрын қуыстарының дұрыс қызмет етпеу нәтижесінде дауыс құбылысының өзгеруі мен сөйлеген уақытта дыбыстың бұзылуы. Ринолалияның түрлері: Ашық ринолалия - сөйлеген уақытта ауа ауыз және мұрын қуысы арқылы өтеді. Жабық ринолалия - ауа тек ауыз арқылы өтеді, бұл әсіресе м,н әріптерін атағанда білінеді.
Дисфония - сөйлеу аппараттарының патологиялық өзгерістері әсерінен пайда болатын фонацияның бұзылысы.
Дизартрия - орталық жүйке жүйесінің органикалық бұзылуынан дыбыстың дұрыс айтылмауы.
Алалия - баланың жатыр ішінде даму кезінде және ерте жасында ми қыртысының сөйлеуге қатысатын аймақтарының органикалық бұзылуы
VI
нәтижесінде, сөйлеу тілінің мүлде болмауы немесе дамымауы. Бас миының
үлкен сыңарының сөйлеу тілі аймағындағы жинақталған зақымдардың өздеріне тән ерекшеліктеріне байланысты алалия моторлы және сенсорлы болып бөлінеді. Моторлы алалияда сөйлеу тілін қимылдатып қозғалысқа келтіріп тұратын анализатордың қызметі бұзылады. Моторлы алалик балаларда назар аудару, көңіл қою, зер салу, ықыласпен қарау немесе бір нәрсені елеу, ілтипатқа алу, ескеру және есінде сақтау сияқты жоғарғы психикалық функциясының даму деңгейінің төмен екендігі байқалады. Сенсорлы алалия - сөйлеу тілін түсініп ұғынудың және сезіп түсінуінің бұзылуы. Алайда сенсорлы алалияда есту қабілеті толық сақталады. Демек, сенсорлы алалия бас миының сол жақ жарты шарының самай аймағының зақымдануынан пайда болады. Мұндай балалар өздеріне қарата айтылған сөздерді мүлде түсінбейді немесе өте нашар түсінеді.
Афазия - бас миының ауыр жарақаты салдарынан сөйлеу тілінің толықтай немесе жартылай жоғалуы. Афазия көбінесе ересек адамдарда кездеседі. Афазия екіге бөлінеді: моторлы және сенсорлы. Моторлы афазия - ауру тек қана ымдау арқылы түсінеді. Кейде, бұндай ауруларда 1-2 сөз қалып, осы арқылы қарым-қатынас жасайды. Жеңіл түрінде ауруда 10 шақты сөз қалып, сол арқылы қысқа сөйлемдер құрайды.
Дисграфия немесе аграфия - жазу процесінің толықтай жойылуы немесе жартылай қалыптаспауы. Мидың сол жақ жарты шары қыртысының жарақаты әсерінен пайда болуы мүмкін.
Тұтығу - ауыр кесел, бұл әдетте, 2-5 жас арасында кездесетін құбылыс. Оның себептері:
- Қорқу;
- Баланың түрлі инфекциялық аурулармен жиі ауруы;
- Ата-анасының тұтығуы;
- Шамадан тыс жазалау әдістерін қолдану.
Уақыт өте келе асқынып, кей уақытта бой бермей кетуі мүмкін. Оның медикаментозды емі жоқ, балады 5-8 жаста пайда болса уақыт өте келе өзі жойылып кетуі мүмкін.
VII
Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың танымдық ерекшеліктері
Ғылымда осы бір сөйлеу қабілеті бұзылыстарының танымдық ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы бар. Ол - "Логопсихология" деп аталады. Яғни, баланың түйсіну, қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу үдерістерінің психикалық дамуын зерттейді. Сонымен қатар, психикалық дамуының спецификасы мен бұзылыс деңгейін және этиологиясын қарастырады. Сөйлеу тілі бұзылған балаларды психологиялық коррекциялауды ұйымдастырады.
Логопсихологияның теориялық негіздері Л.С.Выготскийдің зерттеулерінде көрсетілген, "Қандай - да бір анализатордың бұзылысы немесе интеллектуалды дефект, тек бір ғана функцияның бұзылысына ғана емес, бірқатар ауытқушылықтарға алып келеді." Балада пайда болған алғашқы дефект, екінші бір бұзылысының пайда болу себепкері атанады. Ешқандай коррекциялық жұмыстар жүргізілмеген жағдайда, аномальды баланың танымдық сферасы да өзгере бастайды, есте сақтау қабілеті жоғалуы, ойлаудың жүйелік бұзылысы, бір нәрсеге назар аудара алмауы, сонымен қатар коммуникациялық тәжірибесі деңгейінің аса төмен болуы балада қалыптасады. Бала өзі өмір сүретін ортадан тым алыстап, оқшауланып қалады, әлеуметтік қарым - қатынасқа түсей алмай, қоршаған ортада көптеген қиыншылықтар туады.
Сөйлеу патологиясы бар балаларды зерттеу - XIX ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында басталды. Бұл патологияның мағынасы бір болса да терминологиялық түрі әр жерде әр түрлі болды: 1920 жылы ауыр сөйлеу бұзылыстарының отандық әдебиеттерде сөйлеу пайда болғанға дейін мидың түрлі бөліктеріндегі органикалық зақымдануларын алалия (Д.В. Фельдбергер) термині деп атаса, шетелде сол патологияны даму афазиясы, сөйлеу кідірісі, туа біткен афазия деп атаған. Сөйлеу тіліндегі патологияның шығу тегі жайлы ғалымдарда екі түрлі аспект қалптасты.
А.Куссмауль, П. Мари, М.В. Богданов-Березовский (1909), сондай-ақ заманауи зерттеушілер - Р.А.Белова-Давид, Е.А. Кириченко (1977 ж.) зерттеулері бойынша, бұл патологиядағы жетекші себепкері болып табылатыны Жалпы
интеллектуалдық ақау деп дәлелдеген. Авторлардың ойынша, сөйлеу қабілеті VIII
бұзылыстары қандай - да бір интеллектуалдық бұзылыстар әсерінен пайда болады деген пікірде болған. Яғни, тіл кемістігі бар балаларда психикалық тежеулер немесе ақыл - ой кемістігі бар деген. Зерттеудің бұл бағытта басымдықты сипаттайтын принципі басым, ойдың ішкі құрылымын анықтаусыз психикалық процестердің дамымауы бұзылыстарын анықтау мүмкін емес.
Тағы бір көзқарастар, бұл пікірге толықтай қарсы айтылған. Сөйлеу бұзылыстары бар балалардағы сөйлеуі және психикасы туралы алғашқы зерттеулердің бірі Р.Е. Левинаға тиесілі (1936). Автор сөйлеу кемістігі бар алалик - балаларды 4 топқа бөлген. Бұлар:
oo Нашар сөйлеу фонемалық қабылдаудың бұзылысына байланысты;
oo Сөйлеуден кеңістіктік көру бұзылған;
oo Визуалды бұзылулар байқалды;
oo Сөйлеу бұзылыстары және мотивация-қажеттілік (психикалық белсенділік) саласының бұзылыстары.
Р.Е. Левин танымдық сфераның дамуындағы ауытқуларды қарастырды,
сөйлеу бұзылыстары анықталған жағдайда, оның құрылымы ретінде бастапқы сөйлеу ақауларының сипатына байланысты екіншілік бұзылыстарда көрініс табады деді. Бұл көрініс көптеген зерттеушілер (Т.А. Власова, 1972 ж., В.И. Любовский, 1975 ж., Л.С. Цветкова,1985; И.Т. Власенко, 1990 ж. және т.б.) еңбектерінде зерттелген.
Үшінші көзқарас , сөйлеу және танымдық үдерістердің дамымауы, және оның орталық жүйке жүйесінің бұзылу аймағына байланысты екенін Э.М Мастюкова зерттеген, ол сөйлеу бұзылыстары түрлерін дифференциалды деді, себебі сөйлеу бұзылулары бар балалар тобы полиморфты, яғни формалары да әртүрлі болып табылады деген пікірде болды.
Балалардың танымдық дамуының патологиясын зерттеуге қатысқан ғалымдарға мыналарды жатқызуға болады: Л. С. Цветкова, Т. М. Пирцхалаишвили, Е.М. Мастюсова, Н.А. Шевелева, Г.Сергеева - әртүрлі қабылдау кезеңдерін зерттеді; Г.С.Гуменная - жад ерекшеліктерін зерттеді;
У.Усанова, Ю.Ф.Гаркуша, Т.Ә. Фотекова - назарды зерттеді; И.Т. Власенко,
IX
Г.В. Гуровец, Л.Р. Давидович, Л.А.Зайцева, В.А.Ковшиков, Ю.А. Элкин,
Усанова - әртүрлі ойлаудың өзіндік ерекшеліктерін зерттеген; В.П. Глухов - қиялды зерттеген.
Сөйлеу белсенділігін дамыту үшін ең маңыздысы - баланың өміріндегі алғашқы үш жыл. Баланың гулеуі пайда болуы қалыпты сөйлеу қабілетінің дамуына кепілдік бермейді. Демек, қалыпты дамып келе жатқан балалар ғана емес, сонымен қатар дамып келе жатқан мүгедектігі бар балалардың көпшілігінде (саңырау адамдар, интеллектуалды дамымаған балалар) де гулеу бар. (О.Н.Усанова, О.А. Слинько, 1987).
Алалиясы бар балалар сөйлеуге қарағанда қарым - қатынас жасауда вербальды емес түрі анақұрлым дамиды (мимика,дактиль), әсіресе дамудың бастапқы кезеңдерінде. Олар, интелектісі сақталған болса, өзіне айтылған сөздерді анық түсінеді, бірақ қайта сол тілмен айтып жеткізе алмайды.
Ауыр сөйлеу бұзылыстары бар балаларда сөздер мен фонетика кеш қалыптасады.
Кейбір сөйлеу бұзылыстары бар балаларда сөйлеудегі төмен белсенділік байқалады, олармен қарым - қатынас жасағанда балаларда негативизм сезімі туындайды, кейбір әдебиеттерде сенсорлы алалиясы бар балалар керісінше көп сөйлесуге тырысады, сөйлеген кезде өздерінің дефекттерін жасырып қалу үшін түрлі тәсілдер арқылы сөйлеседі.
Алалик балалардың ерте дамуы кезінде ұсақ моторикалық функциялары дамуының тежелуі байқалады: балалар өзінің құрдастарына қарағанда кеш жүре бастайды,қол моторикасы ұзақ уақыт бойы жеткіліксіз дифференцияланған,
артикуляция аппараттары - летаргиялық күй танытады.
КСРО Педагогикалық ғылымдар Академиясының Балалар мен жасөспірімдер Институтының арнайы зерттеулері бойынша, балалардың сөйлеуі дәрежесі тікелей ұсақ қол моторикасының қалыптасуына байланысты деп көрсеткен (М.М.Кольцова, 1973, 1979). Осы зерттеулер негізінен келесі тұрақтылық атап көрсетілген: егер қол саусақтарын қимылдатуының дамуы жасына сай келетін
болса, онда тілдің дамуы да қалыпты болады, егер қол моторикасы тежелсе,
X
онда сөйлеу тілі де дамымайды (Л.Ф.Фомина, 1971).
Электрофизиологиялық зерттеулердің деректерін қоса алғанда, қол мен сөйлеу функциясының арасындағы тығыз байланысты көрсететін эксперименталды деректерді талдай отырып, М.М. Кольцова сөйлеу аймақтарының морфологиялық және функционалдық қалыптасуы қолдың кинестетикалық импульстердің әсер ету арқылы жүзеге асырылады деген тұжырымға келді. Әсіресе, бұлшықеттердің проприоцептивтік импульстарының әсері балалық шақта ғана маңызды болғанымен, сөйлеу моторлық диафрагмасының қалыптасуы байқалады деп ерекше атап көрсетеді. Демек, балалармен жұмыс істеуде және сөйлеуді уақыылы дамыған жағдайда, әсіресе, сөйлеуді дамытудың кешіктірілуіне байланысты бұл фактіні қолдануда үлкен маңызға ие, саусақ қозғалысын үйрету арқылы балалардың сөйлеуін ынталандыру ұсынылады (М.М. Кольцова 1973 ж., Л.В. Антакова - Фомина, 1974 ж.,).
Саусақтардың қозғалысын ынталандырумен қатар жаттығулар үшін жүйелі жаттығулар: сөйлеуді дамытуға әсер ету МС миы қабығының жұмыс қабілетін арттыра отырып, қуатты М.М. Кольцовамен байланысты. Бұл көптеген факторларға негізделген, тәжірибелік деректер ерекше педагогикалық қызығушылыққа ие.
Сөздің және басқа да психикалық процестердің дамуы үшін моториканың әсерлерін ескеру өте маңызды. Сөйлеу бұзылулары бар балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерде түзету-тәрбие жұмысының жүйесінде саусақтардың қозғалыстарын қалыптастыруға көп көңіл бөлу қажет. Саусақтардың қозғалысын жақсарту үшін қол моторикасын дамытубаланың жазу дағдысына жақсы әсерін тигізеді. Әсіресе, көптеген балалардың қол қозғалысын дамытуға қатысты ауытқуларын анықтаған мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған жалпыға ортақ сөйлеуге қабілетсіз топтардағы рөлі ерекше. қозғалыс дұрыс емес. Ауыр сөйлеу дағдыларын дамыта алмаған балаларда моториканың дағдыларын дамыту жөніндегі жұмыс жүйелі түрде жүзеге асырылады, оны күніне 3-5 минут береді. Осы мақсатта, әртүрлі
жаттығулар мен жаттығуларды біріктіруге болады.
XI
Балалардың назарын және нәтижесін жақсартуға көмектесетін саусақтардың қозғалыстарын қалыптастыруға бағытталған ойындар жаттығуларды дамытуда логопед пен педагогты енгізу ұсынылады. Олар сондай - ақ ойынға және серуендеуге бөлінген сағат ішінде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер балаға қозғалыстарды өз бетімен орындау қиынға соқса, баланы ересек адамның көмегімен пассивті түрде ойнататын балалардың жеке сыныптарына жаттығуларды қосу ұсынылады. Кейінірек жаттығулардың нәтижесінде саусақтардың қозғалысы жақсарып, балалардың белсенділігін арттырады, саусақтардың қозғалыстарын қалыптастыру үшін саусақ ойындары пайдаланылып, халық өлеңдерін оқумен жалғасады.
Сипатталған ойындармен қатар, саусақтардың қозғалыстарын үйрету үшін түрлі жаттығулар пайдаланылуы да мүмкін. Оған мысалға айтар болсақ: оң қол мен сол қолды біріктіріп айналдыру, оң және сол қол алдыңғы және соңғы саусақтарын созу, оң қол саусақтарын кезекпен қысу жиыру, сол қолменде соны қайталау, екі қол саусақтарын ұштарын бір - біріне тигізу және айқастыру және тағы да басқа.
Саусақ қозғалыстарының сөйлеу және басқа да ақыл- ой процестерін түзету жүйесінде пайдалы әсерін ескеру жалпыға бірдей дамымаған балаларға арналған мектепке дейінгі балалармен тәрбие жұмысы, саусақтардың қозғалыстарын қалыптастыруға бағытталған әртүрлі ойындар мен жаттығуларды кеңінен қолдану керек (Бот О.С.).
Е.М. Мастюкова (1976 ж.) - сөйлеу қабілеті бұзылған көптеген балаларда интелектісі сақталса да, оқудағы қиыншылықтар бар екендігі, психикалық удерістің дисгармондиялы екенін көрсетті.
Сөйлеу бұзылысы бар балалардың психикасысының бұзылыстарына жасалған сараптама бойынша, (Л.И.Белякова, Ю.Ф.Гаркуша, О.Н.Усанова, Э.Л. Фигередо, Т.Б.Филичева, Г. В.Чиркина), олардың даму ерекшеліктерінің түрлі екендігін көрсетеді.

XII
Жалпы сөйлеу тілінде ақауы бар балалардың түйсінуі және қабылдауы және зейін ерекшеліктері
Бізді қоршаған ортадағы әртүрлі нәрселерді (бояу, иіс, температура, заттар көлемі) сезім мүшелері, яғни түйсіну және қабылдау арқылы танимыз.
Туйсіну - бұл қарапайым психикалық үрдіс. Ол арқылы адамдар сырттағы және іштегі болып жатқан оқиғаларды қабылдайды.Баланың қоршаған ортаны дұрыс түйсінуі үшін анализаторлардың барлығы дұрыс жұмыс жасауы керек. Сөйлеу тілі бұзылған балалар түстерді ажырата алуы жақса дамыған.Олар негізгі түстерді біледі. Дегенімен, түстерді анықтау кезінде көп уақыт жұмсайды. Күлгін, қызғылт-сары, көк сияқты түстерді сөйлесу кезінде қолданбайды.
Қабылдау - бұл сезімге тікелей әсер ететін объективті шындықтың құбылыстары мен объектілерінің көрінісі. Қабылдау, сондай-ақ, түйсік сияқты адамның жүйке жүйесіне әсер ететін анализатор аппаратымен байланысты.
Дегенімен, қабылдау түйсікпен салыстырғанда жоғары ұйымдастырылған танымдық процесс болып табылады. Мысалы: жемістің дәмін түйсіну арқылы адам алма екенін біледі.
Барлық сөйлеу тілі бұзылған балаларда фонематикалық қабылдау бұзылысы айқын байқалады: жоғары жиіліктегі дыбыс естудің бұзылуы байқалады және төмен жиілікті сақталады. Сонымен қатар дыбыстық жазба сипаттамасының бұзылуы бар. Жоғары жиіліктегі дыбыстарды естімейтін бала (т, к, с, н, e, ф, ш) әріптерін айтуда қиындық тудыруы мүмкін, сондықтан сөйлеуде оларды басқа дыбыстармен ауыстырады немесе тастап кетеді. Содан кейін бұл оқу мен жазу процесіне зардабын тигізеді. Г.Ф.Сергеева зерттеуі бойынша, дизартрия және ринолалия кезінде сөйлеу анализаторлары функциясының бұзылысы фонеманы есту қабілетіне айтарлықтай әсер етеді.Дыбыстардың айтылуы және оны қабылдаудың арасында қарым - қатынастар болады, оған мысал келтірсек: қаншамалықты бала көп сөз естіген сайын, ол сөйлемді ұға бастайды, ал керісінше аз сөздер естісе, сөйлемді толық түсіну қиындық тудырады.
Мектепке дейінгі жастағы сөйлеу қабілеті бұзылған балаларда көру арқылы XIII
қабылдау, сау құрдастарына қарағанда айырмашылықтармен сипатталады, олар қандай да бір нәрсені толық көрмей, тек кейбір бөліктерін ғана көреді. Сөйлеу
қабілеті бұзылған балалар қиын жағдайлардағы заттың образын қабылдауда қиндықтар болады: бала таңдау жасауы көп уақытқа созылады, өз жауабына сенімді емес. Қандай - да бір формуланы көргенде, оның пішініне емес, көбіне түсіне мән береді.Әсіресе, төмен көрсеткіштер ер балаларда жиірек кездеседі. (Л.И.Белякова, Ю.Ф.Гаркуша, О.Н.Усанова, Э.Л. Фигередо, 1991).
Психикалық дамуы тежелген балаларда, дизартрия және алалияда көру арқылы қабылдау кезінде (Е. М. Мастюкова) келесі гностикалық функциялар зерттелген:
оптикалық - кеңістіктік гнозис, жеке гнозис, ауызша және сандық стереогнозис.
Оптикалық - кеңістіктік гнозистің дамуы балалардың дұрыс жазуына ықпал етеді, бұл функцияның бұзылысы, көбіне мидың органикалық бұзылылсында кездеседі.
А.П.Воронова зерттеулерінде, тіл кемістігі бар мектепке дейінгі балалардың көбісінде әріптік гнозис кездеседі, олар әріп танымайды, ұқсас графиканы ажырата алмайды, заттарды және әріптерді шатастырады.
Сөйлеу қабілетінде кемістігі бар балалардың бағдарлау қабілеттерін зерттеуде, олардың оңын және солын ажыратуында қиындықтар туатыны анықталған, сонымен қатар өз денесіне бағдар жасау қиындық туғызады.
Бұзылыстар сурет салу кезінде де байқалады, суретте заттар өте аз және қарапайым.
Ауызша және сандық стереогнозисінің бұзылыстары (А.Р. Лурия және т.б.) еңбектерінде зерттелген, сонымен қатар Р.Л. Рингель әдісінде, яғни балаға артикуляциялық апараты ішіндегі заттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы бөбекжайлар қызметінің тәртібі
Нашар еститін балалардың ерекшеліктері
Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуі
Айқын интеллектуалдық бұзылыстары бар балалардың психологиялық - педагогикалық мінездемесі
Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды оқытуды әдістемелік ұйымдастыру
Зияты зақымдалған балаларды арнайы мектепте оқытудың әдіс - тәсілдері
Балалар сөйлеуінің дыбыстық бұзылыстарының негізгі себептері
Балалардың есту қабілетін дамыту үрдісі
Қарым - қатынастың сапалы бұзылыстары
Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшеліктері
Пәндер