Кемел кісі қалыптастыру жолы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Кемел кісі ілімі
Жоспар: 1. 1. Кемел кісі қалыптастыру жолы
2. 1. Кемел кісі ілімінің мәйегі.
Қорытынды
1. 1§. КІСІ қалыптастыру, оны өңдеп жетілдіру кезеңдері
Адамтану қазақ ілімінде текті жан -толықсыған кісі болып тумайды. Кісі болып қалыптасу үшін дамудың көптеген сатыларын басып, кезеңдерінен өтуі тиіс. Мысалы кіндігі түсе бесікке салынып, мойны беки қырқынан шығарылып, құйрығын басса, құйрық басар жасап, еңбектеуге айналғанда, бауыр аяқ жасап, қадам басарда тұсауын қиған. Бесікке саларда бөлеу әнін орындайды. Бесік жыры үнемі айтылады. Қауым арасында бала жасын былай атап, төмендегіше топтайды. Бір жас аумағында-шарана, шақалақ, нәресте атаулары қолданылады. Бір мен екі аумағында, қыз баланы бөпе, ұл баланы бөбек дейді. Екіден үш аралығын-бүлдіршін деп жалпылай атаумен қатар бірден үш жас арасында өбектеген, еркелеткен атаулар өте көп. Мысалы, тәттім, томпағым, торғайым, балапаным, қозым, гүлім, айым, күнім, жары-ғым, жұлдызым қатарлы қазақ ананың санына сай бүлдір-шіндерді еркелетіп атайтын өз есімдері бар болған. Осы шақтағы сәбилер табиғаты осылай аймалап, өбектеп, еркелетіп қолпаштап, қолтығынан демеп, көкке көтеріп талпындырып отырғанды қалайды. Еңбектеуге таяғанда қолды-аяққа тоқтамай талпынып, ұшып кете жаздайды. Мұны қазақтар «қанатты» шақ дейді. Осы жағдайды білмейтін талайлар нәрестенің қанатты шағында оны «ұшырып» құлатып та алған. Үштен бес жас аралығында балдырған, балауса атанады. 6-7-8 жас бала, балақай, 3-12 жас арасы ойын баласы, 7-13 жас жасөспірім, 13-15жас арасы ересек бала, жас жеткіншек, 15-19 арасы бозбала, бойжеткен 20-30 арасы жігіт, қыз аталады. Қыз айттырылғаннан кейін қалыңдық аталуымен қатар, құдалық рәсім жасалып, қалыңдықты болғандар күйеу бала атаып, жас жігіт, күлше қыз атауы олардың абырой атағын, айбарымен намысын ала келеді. Қазақ қызы, қазақ жігіті деген атаулар-үлкен жауапкер-шілікпен, борышпен, ар-ұятпен, міндетпен астарласып тұратын-дықтан оның бет-беделін, намысын сақтау үлкен ерлік пен ыждақатты тілейді. Бұл атаулар қазақ үшін аруақты да, ардақты рәміз саналады. Алпысқа келген сарыкідір әйелді де ұлықтағысы келсе:«Әй, біздің қыз!»-деп шақырады, абыройын арттырғысы келсе де:«Әй, біздің қыз»-деп қаратады. Ал, ерлерді алпыстан асса да, «отағасы, елағасы, жігіт ағасы»-деп құрмет көрсетеді.
Бүгінгі педагогика мен психологияда айтылатын даму кезеңдерін, қазақ жұрты тым ерте танып білген, осы кезеңдердің әрбіріне ат беріп, атап өтіп отырған. Осы кезеңдерде жасалатын бағым- күтім, көрсететін үлгі-өнеге, игерілетін машық дағдылар мұқият дараланып, өте орынды тәсілмен жүзеге асырылған. Қазақ ата-аналар, бала дамуының әр кезең ерекшеліктерін өте дұрыс танып білген. Ал, ата-әже және әке-шеше үшін бала жасы оның еңбекке араласуына сай төмендегідей аталатын. Ермегім, алданышым, қолұшым, қолғанатым, серігім, сүйенішім, асыраушым. Қолқанат бола бастаған шақта олардың жасы атқаратын міндетімен аталатын. Қозы жас; қой жас; жылқы жас; патша жас; аңдушы; қағушы; суқұяр: атқосшы; көрікші ; соғушы; аутартар; ескекші. Жыл бойында атқарылатын еңбек науқаны, балаларға олардың жасына сай еңбек мейрамын-(әулет мектбін) сыйлаған-ды. Төл аяқтандыру, қырқын, төл пішу, шөп шабу, егін ору, соғым сою сияқты еңбек науқандары бітісімен, қазақтар, салттық мейрам жасап, оны әулет мектебіне айнал-дырған. Мысалы:сірге жинар, төстік қаптар, соғым бас, көгентүп жасау, пішен той, сабан той т. б

Шаруа отбасында тәрбие, үлгі-өнеге көрсету іс- әрекеті, әулет пен тайпаның, рудың шынайы өмір әрекеттерінен айырмашылығы аз еді. Тәрбие құралдарының аясы атам заманнан қалыптасқан шаруа отбасының қатынастар жүйесіне, еңбек қимылдарының ауқымында жүзеге асырылатын. Өнегелер міндетті түрде өмір белестерінде өріліп, тәрбие еңбек қимылдарының ауқымында жүзеге асырылатын. Мәселен бала қозы жасында-қозы бағып, бұзау қайыруға тиісті болған. Тезек теріп, шөмшек отын дайындау да, осы жастағылар үлесіне тиген. Мал сауып, төл бөлу, қозы көгендеп, құлын тарту қозы жасындағы балалардың басты еңбегі еді. Қазақ ұғымында, азамат қалыптасу негізі 3-13 жаста қаланады. Қозы жасындағы бала онбеске толысымен отау иесі делініп, қозы бағудан қой бағуға ауысады. Ол, жәй ғана солай ауыстыра салу емес, үлкен оқу, мүқият баулудың нәтижесі. Қозы бағу оңай болмағанымен, қой бағу тіптен қиын. Бүл жастағылар, ата кәсібін-маман иемденуі қажет. Сондықтан, он бес пен жиырма бес арасын қой жасы деген. Он беспен жиырма бестің арасын қой жасы деуі-бір қора қойды ит-құсқа жем қылмай, жоғалтпай бағу, жауын-шашында, боранда аман сақтау, азаннан қас қарайғанша жалықпай жанында болу, жалғыз жүру осы жастағы адамдардың ғана қолынан келеді. Бұл қой жасынан еті тірілер, шыныққандар, сенімділер ғана өтіп, жылқы жасына ауысады. Қашан да болмасын, жиырма бес жас- белдің бекіп, бұғанасы қатайып, өсіп жетілген, тебіннің күшейген кемел шағы. Ат құлағы көрінбейтін боранда, түкірігі жерге түспейтін қаңтардың сары шұнақ аязында. тұмсығына оқтаудай мұз қатқан, кірпігіне ақсүңгі қырау тұрған атпен жүріп үйір-үйір жылқыға ие болу, күртік қарды белуардан ойып тігілген қоста жатып, жылқы отарлату, ұтылап тосатын, ұлып артыңнан қалмайтын қалың қасқырға шалдырмай, екі күннің бірінде тебініп келетін сақадай сай жауға алдырмай жылқы бағатын, жиырма бес пен қырық жас арасындағы жігіттер ғана. Жылқы жасындағы қазақ, ата кәсіптің ең маңдайлысы-жылқышы мамандығына қол жеткізуі тиіс. Бірер дарындылары, осы жаста атбегілік өнерін игерген. Қырық пен алпыс арасын патша жасы деудің өзіндік мәні бар. Қырықты қазақтар әспеттеп, қынынан суырылған қылышқа теңейді. Себебі, осы жастағы өнер иелері өрге жүзіп баршаға танымал болады, таланттылар атағы әйгіленіп, халық алдында көзге түседі, шешендері билік жасап, бағалана бастайды.
Қазақта мүшел жас ерекше жиі қолданады және оны есептеу үшін жыл қайыру амалы енгізілген. Көптеген халық жылды мүшелмен есептейді. Қазақта жыл қайыруды жас мөлшерін есептеумен қатар әр мүшелде игеруге тиіс білім, білік, дағды-әдептің игерілу дәрежесіне есеп жасау сынап қорытындылау өлшем мөлшерін тағайындап қойған. Дәлірек айтқанда, КІСІ қалыптасудың кезеңдерін осылай белгілеп, қойылған талаптардың орындалуына бақылау қоятын амал-айласын тағайындап, оны қолдану жолын көрсетіп қойған. Он екі жыл уақыт мүшел деп аталады. Мүшелдегі жылдар он екі түрлі жануардың атымен аталады Бұлардың алтауы-үй жануары, алтауы түз тағысы. Осы кезде, кәзіргі жыл санау мен ескі жыл айыруды кестелеп пайдалану жиі қолданылуда. Мүшелдегі жылдардың ретін еске сақтаудың оңай әдісі бар. Ол үшін мына бір шумақ тақпақты жаттау керек. Түйе сеніп бойына, Қалған ұмыт жылдардан, Жатпа қарап, мойыма, Тайма именіп ділмәрдан. /С. Мұқанов/ Осы шумақтағы әрбір сөз жыл санауда қолданылып жүрген жануарлар атының алғашқы әрпінен басталады. Түйе-тышқан, сеніп-сиыр, бойына-барыс, қалған-қоян, ұмыт-ұлу, жылдардан-жылан, жатпа-жылқы, қарап-қой, мойыма-мешін, тайма-тауық, именіп-ит, ділмардан-доңыз. Бірінші мүшел-13 жас(балалық шақ, азамат қалыптасудың ірге тасы қаланады Қазақ атамыз, сәбилік, балалық шақтан соң жастық шақты атайды. Ол-онбестен жиырма бес жасқа дейін Он үште-отау иесі деген сөз бар. Бұл есеюдің басы. Ертеде әке-шешеден бірдей айырылған, бірнеше балалар топтасып жетім қалатын жағдай да болатын. Егер, осы балалардың ортасында он үшке толғаны жоқ болса, ағайын-туыстары олардың мал-мүлкін бөліп алып, асырап бағатын. Балалардың біреуі он ұшке толған болса, ұлды үйлендіріп, қызды тұрмысқа шығарып, ол шаңырақты не ұлға, не күйеу балаға бастыратын. Олар бауырларын асырап бағып, қатарға қосатын-ды. Шаңырақ басқан күйеу-күшік күйеу болмайтын. Балдызының алды 13-15 ке толған соң, оны отау иесі болдырып, үйлендірген соң өз ата-анасына, еліне, руына кететін-ді. Он үш жаста өз басын ғана емес, бір шаңыраққа ие болатын, бауырларын асырап баға алатын дәрежеге жеткізіп, қазақ ұрпағын өмірге дайындаған. Бұл салт шығыс жұртының көпшілігінде болған. Осы дайындықтың игерілу дәрежесін жыл сайын Наурыз айында жастардан емтихан алып, сынақтан өткізіп отырған. Мысалы, осы шақта қыздардың күресіне дейін ұйымдастырған. Бозбалалар мен бойжеткендердің үйренген өнерін, алған біліміне бақылау жасаған. Екінші мүшел-25 жас. (Ұлтжандылықтың ұшқыны алаулаған шақ) Бозбалалықтан өтіп, (бойжеткен, қалыңдық атанудан өтіп жар болған жас) жігіттік жетілу, азаматтық нығаю, адамгершілік толысу жасы. Қазақтың бәрінің шаттықпен еске алатын қайрат-күштің, талап жігердің алаулау жасы. Жігіттік шақ халық талқысына түскен, жамағаттың сынынан өтіп, танылуы тиіс кезең. Сондығынан болар, Жігіт сыны, қыз сыны, әйел сыны, жігіт сұлтаны, азамат байқауы, додасы, сынағы, жарысы қатарлы сан түрлі әйгілену, анықталу, шаралары өмірге келген, оларға қойылатын талаптар мен сынақтар жасалып, оларды өткізу тәртібі, ережесі ұсынылған. Осылай жұрт тезінен өткен жігіттер мен қыздар КІСІ болып қалай қалыптасып келе жатқанын қауымға көрсетіп, сынақ тапсырып отырған. «Жігіттің де жігіттік ниетінен байқаңдар, ниеті қалыс жігіттің жүрегінде сайтан бар»-дейтін халық, жігіт сынын әр кез, айтып, оларды тану жолын көрсетіп, бойындағы жаман мінез, сөлекет қылық, тұрлаусыз әдеттерін жойып отырған. Қазақта «жігіт сыны, қыз сыны»-деген жігіттер мен қыздарды танып білу ережесі, жақсы-жаман қыздар мен жігіттердің ішкі-сыртқы санасын, мінезін, жүріс-тұрысын, ақыл-ой парасатын бағамдайтын өлшем қалыбы да бар. Ұл және Қыз сынын жырламаған бірде-бір ақын, жырау жоқ. Адамтанушы Шалақын (1748-1819) ; «Бір жігіт бар-құр жан, бір жігіт бар-тірі жан, бір жігіт бар-жігіт жан. Құр жан дейтін жігіт кеудесінде жаны бар, ешнәрсені бітірмейді; тірі жан дейтін бар тапқанын киімі мен асқа сатар жақын көрген досын жатқа сатар, қызыл белбеу шонқима етік, үкі тағып, әркімді бір сықақ қылар; жігіт жан дейтін жігіт-сегіз қырлы бір сырлы болар. » Ал, қыз сынын: «Ерімнің бір тұрманы үзеңгісі, Қыз онбесте келеді түзелгісі, Аяғын көр асын іш деген сөз бар, Шешесін көр қызын ал, сол белгісі. Уа, жігіттер әйел алсаң қарап ал, ақылдысын, Ол сенің ахиреттегі жақын кісің»-деп жар таңдаудың мақсатын ашып берген. «Басына бақ қонатын қазақтың ұлы епті, қызы көрікті болады». Есею шақ жиырма бестен отыз үш жасқа дейін. Кемелдену шақ-отыз үш жастан, жетпіс төрт жасқа дейін. Үшінші мүшел-37жас. Алды-артына көз тастап, ой жүгіртетін, ақыл тоқтатқан, азамат атанған, «орда бұзуға да»- қайрат-күші жеткілікті, нағыз жас қазақ. Осы аталған әр мүш-елде, КІСІ қалыптаса отырып, белгілі адамшылық қасиеттерді игереді, өмір заңдылықтарын танып біледі, тәрбие көріп, тәлім алады. Ертеде өмір сүрген Қоныс батыр Қожабек деген байдың қызы Тананы алмақ болады. Үлкендер құда түсейік десе, олардың ақылына көнбей, қызға күшпен үйленгісі келеді. Бір күні Қоныс жігіттерімен келіп, бір төбенің басына шатыр тіккізіп, Қожабекке кісі жібереді. "Қызын берсе қолынан, бермесе жолынан аламын" дегенді аңғартады. Сонда Тана әкесінің сасып отырғанын сезіп: "Батырға өзім барып жауабын беремін", - деп бір топ қызбен төбе басында отырған Қоныс батырға барады. Батыр оларды менменсіп қарсы алады. Тана қыз:- Айттырар мырзамыз қымсынып отыр ма, әлде қырсығып отыр ма? - деп тіл қатады. Қоныс батыр ашуланып:- Сен қыз алдымды орап, арбамай, ақтық байламыңды айт, - дейді. Тана:- Ашу - дұшпан лағынет, Сабыр ет, батыр, сабыр ет. Тоты құстай таранған, Көз тояттар көркім бар. Семсерден өткір сертім бар, Соны айтайын алдымен, Жігіт болсаң, сөз тыңдар. Мені ұнатқан жігіттің басты екі қасиеті болуын қалаймын. Алдымен ақылдылығыңды, содан кейін батырлығыңды сынаймын. Осы екі сыннан өтсең, мен сендікпін, - дейді. Бұл шартты Қоныс батыр құп алады. Тана:- Ер жігіттің үш серігін, адам бойындағы алты асыл қасиет пен үш асыл мінезді білесің бе? Өмірдің арқауы, өркені, өзегі не? Тірліктегі үш байлық пен тоғыз жамандықты айт, - деп сауалдар қояды. Батыр бұларды шеше алмайды. Сонда Тана қыз солардың жауабын өзі төмендегіше шешіп береді:- Ер жігіттің үш серігі:Айнымас адал жұбайы, Астындағы аты сапарлас болса ұдайы, Шыңдалған ақыл-айласы, Шымырлап тұрса шынайы. Адамдағы алты қасиет: Зерде - зейіні тылсым сырларды ұға алатын, Өнер - өрісі өмірден әперер сыбағасын, Тапқырлық - талап, ерлігі дұшпанға найза сұға алатын, Жігер-күші - аяқтан шалғанды жыға алатын, Қайрат - қаруы қиындықта сыналатын, Білім қанаты - биікке бастап шығар-атын. Үш асыл мінез:Шыншыл болсаң - қол жетпес шыңда өскен шынарсың, Әділ болсаң - аңқылдақ, ізгілікке құмарсың, Адал болсаң - ақжарқын, жақсы іске билік қыларсың. Өмірдің арқауы, өркені, өзегі: Адам өмір сүруі үшін -су, от, тұз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, ақыл -мәнін береді. Ханнның ақылы тағында, Әкімнің ақылы жанында, Ғалымның ақылы басында, Ананың ақылы жасында, Жігіттің ақылы жақсылығында, Ақымақтың ақылы кім көргеннің қалтасында. Тоғыз жауың тағы бар:Басты жауың - жалқаулық, сорлататын жаныңды, Осалдығың - аңқаулық, соқтыратын саныңды, Жасқаншақ болсаң-ұры алар, қоралап қойған малыңды, Жалатқызбас жасықтық -аузыңдағы балыңды. Өтірік айтсаң өңмеңдеп, жоғалтарсың арыңды, Өсек терсең телмеңдеп, суға кетірер салыңды. Көпірме босқа мақтан ғып, түкке тұрмас барыңды, Көрінгенге жалтақтап, бола алмайсың жағымды, Біреуді алдап, арбаумен аша алмайсың бағыңды. Адамдардың сана-сезімін, адамшылығын жоғары деңгейге көтеру, оның тәжірибесі мен ақыл-ойына, зердесіне байланысты қалыптасады. Әрбір КІСІ, бойында иманы бар, өмірдегі кездескен мәселелерді, міндеттерді, мақсаттарды іс жүзінде шешуге тырысуы тиіс болған. Егер адамның түсінігі жеткілікті дәрежеде болмаса, білімі жетіспесе, онда ол қоршаған ортаны сыни көзбен түсініп, тұжырым жасауға қабілеті жетпейді. Сонымен бірге, егер КІСІ біліммен ғана сусындап, рухани мәдениетке көңіл аудармаса, онда оның алған білімі жеткіліксіз, сыңаржақ болып қалады. Сол себепті әрбір адам, халқымыздың рухани мәдениетінің барлық бағытынан нәр алып, жан-жақты дамуы қажет. Сонда ғана ол жан-жақты дамыған салауатты азамат болады. Ол адам қоғамдық өмірдің барлық қарым-қатынастар саласында, барлық әлеуметтік құрылымды өзгертуге ат салыса алатынын халқымыз ұзақ жылдық КІСІ жетілдіріп, өңдеу тәжірибесі арқылы қорытқан. Мысалы, қазақта:-бес асылды бойға сіңіру; -алты барлықтың қадірін білу; -жеті атасын саралап, тегін тектей алу; -сегіз парыз-қарызды өтеу; -тоғыз жаудан аулақ болу; -он қағиданы ұмытпау сияқты өмір заңдылықтарын білмесе оны ұстанып басшылық етпесе, ол адам-КІСІ дәрежесіне көтеріле алмаған-деп есептеледі. Бұлардың сыртында, қазақ ғалым-ғұламаларының, ойшылдарының ақын-жыраулары мен би-шешендерінің айтып кеткен аманат өсиеттері, даналық тұжырымдары мен пайымдауларын еске сақтап, терең түсініп, ұлағат еткендер ғана КІСІ аталатын. Арамызда, ата сақалы аузына шыққан аталар мен самайын ақ шалып, әже аталса да, КІСІЛІК дәрежеге көтеріле алмағандар аз да болса кезігуі текті тұлға өңдеп жетілдіруде, тәрбиелеп қалыптастыруда кеткен қателіктің кесірі екені жасырын емес. Айталық:
1. Жастықтың қадірін білу:жастық шақ-қайта айналмас алтын дәуір, өнер-білім үйренетін, әрқандай қиындықты бұйым ғұрлы көрмей, аңсаған арманға жетіп, бақыт-байлық жарататын, арын-даған, жалындаған, дәуір екенін шынайы ұғынып, және оны ғанибет біліп, жастық шақты мәнді, мағыналы өткізуге күш салу. Жастықтың қадіырін білу-уақыттың қадырін білу. Уақыт әрі сыншы, әрі сарашы, әрі қатал безбен. Қазақтардың сағат сатып алсаңда уақытты сатып ала алмайсың деп ескертуі өте орынды. Уақытты босқа өткізбей, мәнді пайдалану үлкен мәдениет.
2. Денсаулықтың қадірін білу: қазақ халқы «бірінші байлық -денсаулық»-деп, денсаулықты бәрінен жоғары қояды, денсау-лыққа ерекше көңіл бөліп, түрлі әдіс-амалдарды қолдана отырып, денсаулықты қорғау, денсаулықтың қадір-қасиетін ұғынуды дәріптеген. Қазақтың тұтынған, ішіп-жеген ас-суы, әрі табиғи, әрі өте таза болған. Тазалықты ерекше дәріптеп, адам ағзасына қылдай зияны тиетін бір де-бір дәмді аузына салмаған. Әрі жасына сай келетін тамақтар мен ауқаттанған. Қарттарға жылы-жұмсағын, нәрлі жұғымдысын ұсынса, жастарға әл-қуат берелік, күштілерін таңдаған. Жеткіншектерге «бір аяқ қымыз-дың, екі аяқ желігі бар»-деп, қымыздың өзін шақтап ішкізген. Қырыққа келмей ашыған немесе бозаны ауыздарына да алғызбаған. Тамақты аузынан шыққанша обырланып, қомағайланып алуды үнемі шектеген. Киімнің өзін жыл мезгіліне сәйкес киіндіріп, «тоғыз қабат торқадан, тоқтышағымның терісі артық» -деп, ғұмыр кешкен өлкесінің ерекшелігіне сай киіндірген.
3. Өмірдің қадірін білу; «Өмір деген -бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін - ұлы бекет жолдағы». /М. Мақатаев/ «Өмір-теңіз, өтіп кетем демеңіз, Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз» /Рудаки. / «Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау» /Дж. Неру /
Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның бұлтарысы да, жазығы да көп. Асуы қиын асқарымен қатар, төмен қарай құлдырап өтер ылдиы да болады. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп-қатерсіз, қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра, кенет сарылдай аққан, өткел бермес, долы өзенге айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады. Тоқтамай көшіп өзінің деген жеріне жетеді. ( І. Есенберлин. ) Көз аөтті. Біріне-бірі жалғасып келіп, біріне-бірі айқасып жатқан әдемі шақ, қымбат күндер жүрегіңді жүз бұрап, сол күйінде қайтадан есіңе түседі. Бір тізбегі - сегіз жылдық бақытты шағың, бала кезің; одан соң оқумен өткен он жылың, одан кейін - армия, майдан. Шынын айтқанда менің өмірім-қазақтың жас жігітінің өмірі жаңа ғана басталды. ( Б. Бұлқышев) Өмір дегеніміз-баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Өмір әрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз еркіміз. Өмір дегеніміз-баға жетпес бақыт. Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізу керек. Өмір дегеніміз-адамның шыр етіп дүниеге келгенінен о дүниеге өткенге дейінгі аралық. Сол аралықта пенденің қуаныш-қайғысы, демалып, тіршілік етуі, жақсылығы мен жамандығы, яғни бір сөзбен айтқанда сол ортаға қалыптасуы. Өмірдің өзі өзен бір ағынмен жүріп отырады. Бірде асау-толқындар кездессе, бірде жайшуақ күндер болады. Өмір

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КЕМЕЛ КІСІ ІЛІМІ
Ұлы ғұламалар мұраларындағы «Кемел адам» идеясын бүгінгі бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
Қобдабай Қабдыразақұлы туралы
Қожа Ахмет Яссауи мен Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің сопылық философиясы
Қобдабай Қабдыразақұлы
ДЕТЕКТИВТІҢ ЖАНР РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНА БАТЫС КЛАССИКТЕРІНІҢ РӨЛІ
Діни мәдениеттің тәрбиедегі орны
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастандағы адами және кәсіби қасиеттердің жырланып, көрініс табуы
Адамтану қазақ іліміне кіріспе
Сопылықтағы төрт баспалдақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz