Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық үрдісі мен даму тарихы


Жоспар
Кіріспе
1 Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық үрдісі мен даму тарихы
1. 1 Құрылу тарихы
1. 2 ЕЭО-ң интеграциялық үрдісі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Еуразиялық экономикалық одақ
- Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылған экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітіп, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарына бастап күшіне енеді.
Еуропалық Одақ интегрцациясына сүйенген идея Ресейдің сол кездегі премьер-министрі Владимир Путин тарапынан 2011 жылдың қазан айында көпшіліктің назарына ұсынылған, бірақ тұжырымдама ретінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан 1994 жылы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде тұңғыш таныстырылған болатын.
2011 жылдың 18 қарашасында Беларусь, Қазақстан, Ресей президенттері Еуразиялық Экономикалық Одақ 2015 жылға қарай құрылады деген келісімге қол қойған. Бұл келісім болашақ интеграцияның жол картасын қамти отырып, Еуразиялық Экономикалық Комиссияның және 2012 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастаған Еуразиялық Экономикалық Кеңістік негізін қалады.
ЕЭО саяси блок емес, тек экономикалық одақ ретінде құрылады деп жоспарланған.
1. 1
Құрылу тарихы
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) құру туралы шартқа сәйкес құрылды. ЕурАзЭҚ-ты құру туралы шартта бұрын Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы 1999 жылғы [26 ақпандағы шартта айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тығыз және тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымдамасы негізге алынған. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың ұйымдастыру-құқықтық құралдары және жасалған халықаралық шарттардың бір мезгілде және бірдей орындалуының тетіктері, қабылданған шешімдерді іске асыруды бақылау жүйесін енгізу көзделген.
ЕурАзЭҚ-ны құру туралы шартта Кеден одағы шеңберінде бұрын қабылданған шарттар мен шешімдердің сабақтастығы қамтамасыз етілген, олардың ішіндегі айқындаушылары мыналар болып табылады: Кеден одағы туралы келісім; 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кеден одағына қосылуы туралы келісім; 1996 жылғы 29 наурыздағы Экономкалық және гуманитарлық саладағы интеграцияны тереңдету туралы шарт; 1997 жылғы 22 қарашадағы Кеден одағын қалыптастыру кезінде тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісім; «Қарапайым адамдарға
1. 2
ЕЭО-ң интеграциялық үрдісі
Еуразия атауы қазіргі ақпараттық кеңістікте ең көп кездесетін сөздердің біріне айналып отыр. Мұның себебін Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуымен түсіндіруге болады. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы аймағымызда маңызды геостратегиялық, геосаяси, экономикалық және геомәдени бетбұрыстардың болып жатқанын көрсетеді. Әрине, Еуразияны әрбір мемлекет өз мүддесі тұрғысынан түрліше түсінеді.
Еуразияның геосаяси маңыздылығын түсіну үшін батыстықтардың аймақ туралы кең танылған теориясын қарастырайық. Еуразия құрлығы туралы сөз болғанда геосаясат теоретиктерінің бірі ағылшын Халфорд Ж. Макиндердің heartland, яғни «жердің жүрегі» («Жерұйық») теориясына назар аудару қажет. Ол теория бойынша, кез келген географиялық кеңістіктің немесе мемлекеттің ең стратегиялық маңызды аймағы оның ортасы, орталығы болып табылады. Макиндердің пікірінше, дүниежүзінде ықпал жүргізу үшін Еуразия құрлығында, ал Еуразияда ықпалды болу үшін сол құрлықтың ортасында, яғни ішкі аймағында басымдыққа ие болу шарт. Расында, бұл теория Ресейге де, біздің аймағымызға да қатысты. Орталық Азия жоғарыда аталған neartland, яғни кіндік аймаққа кіретін географиялық кеңістікте орналасқандықтан, тек теория ғана емес, сондай-ақ, геосаясаттың нысанасына айналып отыр. Бұл атлантистік теорияның мәні Батыстың Еуразияға қалай қарайтындығын білдіріп қана қоймай, оның аймағымызға қатысты геостратегиялық ниетінен де жақсы хабар береді.
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) - Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылған экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітіп, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарына бастап күшіне енді.
Мүшелері:
• Беларусь - (1. 01. 2015 жылдан), (9 481 000 адам. 01. 01. 2015 жыл) .
• Қазақстан (1. 01. 2015 жылдан), (17 417 447 адам. 01. 01. 2015 жыл) .
• Ресей (1. 01. 2015 жылдан), (146 270 033 адам. 1. 01. 2015 жылдан) ) .
• Армения (2. 02. 2015 жылдан), (3 010 600 адам. 31. 12. 2014 жыл) .
• Қырғызстан (8. 05. 2015 жылдан), (5 874 100 адам. 1. 11. 2014 жыл) .
Еуропалық Одақ интегрцациясына сүйенген идея Ресейдің сол кездегі премьер- министрі Владимир Путин тарапынан 2011 жылдың қазан айында көпшіліктің назарына ұсынылған, бірақ тұжырымдама ретінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан 1994 жылы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде тұңғыш таныстырылған болатын.
2011 жылдың 18 қарашасында Беларусь, Қазақстан, Ресей президенттері Еуразиялық Экономикалық Одақ 2015 жылға қарай құрылады деген келісімге қол қойған. Бұл келісім болашақ интеграцияның жол картасын қамти отырып, Еуразиялық Экономикалық Комиссияның және 2012 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастаған Еуразиялық Экономикалық Кеңістік негізін қалады.
ЕЭО саяси блок емес, тек экономикалық одақ ретінде құрылады деп жоспарланған.
Еуразиялық Одақ мүшелері үшін макроэкономикалық әсерлері:
• Қажетті шикізатты тасымалдауға кететін қаржының азаюы тауарлар құнының төмендеуі алып келеді
• Бәсекелестіктің артуы тауарлар мен қызметтердің сапасын арттырады
• Үлкен халқы бар нарықтын кұрылуы.
Осыған орай, Еуразиялық интеграцияның тарихи кезеңіне қатысты бірқатар мәселелерге назар аударсақ.
Еуразиялық экономикалық одақ теңқұқылық, мақсатқа сәйкестілік, кезеңділік, прагматизм және ортақ тиімділік қағидаттары негізінде құрылады. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт Қазақстан, Ресей және Беларусь азаматтарының әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру мәселелерін шешуге бағытталған. Оның аясында тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын, үйлестірілген экономикалық саясат жүргізу көзделеді.
Сарапшылар болашақтағы интеграциялық тиімділік шеңберінде 2030 жылға қарай Ішкі жалпы өнімнің жиынтық өсімін 900 млрд. доллар көлемінде бағалап отыр. Ал Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа қол қою қажетті құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталады. Шарт құрылтайшылардан (институционалды) және салалық (функционалды) бөлімдерден тұратын бірегей құжат болып табылады. Оны даярлау барысында барлық тараптардың ұстанымдары келісіліп, сарапшылар қауымдастығының, іскерлер ортасының пікірлері барынша ескерілген. Еуразиялық экономикалық одақтың базалық негіздері Еуразиялық экономикалық одақтың басты мақсаты - бірыңғай рынок қалыптастыру, тауарлар, қызметтер, инвестиция мен жұмыс күші үшін кедергілерді жою, кәсіпкерлікті барынша тиімді жүзеге асыруға бағытталған келісілген экономикалық саясатты жүзеге асыру болып табылады. Ал Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт мемлекеттердің егемендік теңдігі, территориялық тұтастық, сонымен бірге, Одаққа қатысушы-мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін құрметтеу қағидаттарына негізделеді. Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық интеграция теңқұқылық, мақсатқа сәйкестілік, кезеңділік, прагматизм мен өзара тиімділік қағидаттары негізінде дамиды. Ең бастысы, Еуразиялық экономикалық одақ - саяси бірлестік емес. Ол өз алдына саяси міндеттерді қоймайды және саяси егемендікті шектемейді. Сондықтан да одақ туралы шарт тек қана экономикалық ынтымақтастық мәселелерін қамтып отыр.
Одақ аясында шешімдер қабылдау консенсусқа негізделеді
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта барлық деңгейдегі стратегиялық мәнге ие шешімдер қабылдау барысында консенсустың нақты тетіктері қамтамасыз етіліп отыр. Бұның өзі басқа да шаралармен қатар, қатысушы мемлекеттер арасындағы қандай да бір елдің басымдыққа ие болу мүмкіндігін түгелдей жоққа шығарады. Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекетүсті органдары «бір ел - бір дауыс» қағидатымен жұмыс істейтін болады. Еуразиялық экономикалық комиссияның жоғары органдары - Кеңес пен Алқадағы - басшылық етуші позициялары барлық қатысушы-мемлекеттердің теңдей өкілдер санымен тағайындалады.
Тоқтала кететін жайт, Еуразиялық экономикалық одақ - бұл ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ашық мегажоба. Одақтың басқа мемлекеттермен, түрлі интеграциялық бірлестіктерімен қатынасына келсек, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысындағы келіссөздерде Еуразиялық интеграциялық үдеріс аясын кеңейту мәселесі де қаралды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшыларының қатысуымен Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті дамытудың негізгі мәселелері жөніндегі бірқатар өзекті тақырыптар талқыланды. Мәселен, сарапшылар бүгінгі таңда Вьетнам, Израиль, Үндістан мен Египет секілді бірқатар мемлекеттермен еркін сауда туралы келісім жасау жөніндегі мәселенің талқыланып жатқанын алға тартады. Сондықтан да, Еуразиялық интеграциялық үдерістер тек қатысушы мемлекеттермен арада ғана емес, әлемнің басқа да барлық елдерімен ынтымақтастықты тереңдету бағытында жаңа мүмкіндіктер ашатыны күтіледі.
Еуразиялық экономикалық интеграцияның басымдықтары Интеграцияның жаңа кезеңіне - Еуразиялық экономикалық одаққа өту еліміздің сұранысын тез арада емес, керісінше ұзақмерзімді іргелі бағытта қамтамасыз етуді көздейді. Атап айтқанда, еуразиялық интеграция қатысушы-мемлекеттердің орнықты экономикасын нығайтуға, олардың нарықтық әлеуетін арттыруға бағытталады. Әлбетте, бірлестік ел кәсіпкерлері үшін барлық проблемаларды бірден жойып тастай алмайтыны айқын, алайда, одақ аясында кәсіпкерлікті дамсытудың жаңа деңгейі үшін жағдайлар құрылады, іскерлік айналымның барлық циклдары үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатын болады.
Бұл ретте капиталдың, тауарлар мен қызметтердің, жұмыс күшінің еркін айналымы Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы бизнесті жүргізуді барынша оңайлатады. Ішкі шекараларда кедендік, фитосанитарлық, ветеринарлық және басқа да бақылаулардың жойылуы бизнес айналымын шапшаңдатып, кедергілерді керте түседі. Мұның аясында көліктік инфрақұрылымдарға теңдей қолжетімділік үлкен маңызға ие. Интеграциялық бірлестіктің тұтастай аумағында көліктік инфрақұрылымды бірыңғай пайдалану шарттары да осыны дәлелдей түспек. Бұл қазақстандық кәсіпкерлер үшін көліктік шығындарды төмендетуге, оның ішінде Ресей арқылы арзан тасымалдардың қолжетімділігіне жағдай жасайды. Шикізаттар, материалдар мен қондырғылар жеткізуге қолжетімділік оңайлатылады.
Тұтастай алғанда, Еуразиялық экономикалық одақ оған қатысушы үш ел экономикаларының сапалық параметрлерін арттыруға мүмкіндік туғызып қана қоймай, мемлекеттердің жаңа сапалы деңгейге көтерілуіне айтарлықтай рөл атқарады. Бүгінгі әлемде экономикалық интеграциялық бірлестіктердің жұмысы жаңа дәуірге қадам басып қана қоймай, олар барынша белсенді болып, ықпалдастықтың қажеттілігі күн санап артып отырғаны айқын. Ендеше, құрылған Еуразиялық экономикалық одақты оған қатысушы- мемлекеттердің жаһандық бәсекелестіктегі ұстанымдарын нығайтуға арналған бірлестік деуге келеді.
«Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметінше, жаһандық бәсекелестіктің индексі қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігі 50-орында. Ресей 64, Белорусь елі 94- орында екен. ХХІ ғасырда қай елдің болмасын ұлылығы мен қарымын инновациялық, ақпараттылық және кәсіпкерлік қабілетінен пайымдауға болады. Сондықтан ЕурАзЭО бәсекеге қабілеттілікті арттырып, экономикалық кеңістікке жол ашады деп сенеммен айтуға болады.
Кез келген интеграциялық одақ белгілі саяси-экономикалық құндылықтарға сүйенеді. Теориялық тұрғыда, еуразиялық экономикалық интеграция посткеңестік елдердің нарық, теңдік және өзара тиімділік сияқты жаңа экономикалық құндылықтары негізінде қалыптасады. Сонда ғана ықшамды, жаңашыл және динамикалық одақ құрылуы мүмкін. Әрине, интеграцияға қатысты қалыптасқан қасаң стереотиптер мен скептизмнің жойылуы үшін одақтың қағидаттары, ережелері мен идеологиясы ашық және әділ негіздерге сүйенуі тиіс. Еуразиялық одақ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz