Заңгердің кəсіби психологиялық қабілеттерінің бағасы мен кəсіби сапасының психологиялық құрылымы


Жоспар
Кіріспе
1 Заңгердің ізгілікті психологиялық қасиеттері
1. 1 Заңгердің кəсіби психологиялық қабілеттерінің бағасы мен кəсіби сапасының психологиялық құрылымы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүгінгі күні құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби заң пәндерінің негіздерін білумен ғана шектемеу қажет, ол өз іскерлігін тәжірибеде, түрлі категориядағы азаматтармен өзара әрекеттесу жасағанда қолдана білуі тиіс. Құқықтық білімнен басқа заңгер-маман кәсіби қызметтік міндеттерді аса белсенділікпен шеше алуға мүмкіндік жасайтын ізгілікті-этикалық нормаларын игеру қажет. Ол өзін-өзі ұстай алуы керек, салмақты болып жас мамандарға үлгі тұтатындай өнегелі қызметкер болуы тиіс.
Моральдық-ізгілікті тұрақтылығы, педагогикалық әдеп, салмақтылық, өзін-өзі ұстай білу, намысщыл болу, басқа адамды түсіне алу, басқаларға әсер ете алу - заңгердің кәсіби мінездемесінінң толық тізімі емес. Бұл мінездемелер кәсіптік дайындықты тиімді ету критериі ретінде қабылдануы мүмкін.
Заңгердің құқық қорғау, жазалау, қадағалау функцияларын ғана атқармай, түзету, тәрбиелеу және ізгілендіру жұмысын жүргізуі тиіс.
Сол себепті “Заңгердің кәсіби этикасы” атты курсын оқу-құқық қорғау оргадары қызметкерлерінің кәсіби этикасына сәйкес келетін әдептілік туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Сондай-ақ жоғары білікті, теориялық білім мен тәжірбиелік қызмет негізінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік этикасына сәйкес келетіні кәсіптік қызметті іске асыра алатын қаьылеті бар маманды даярлау.
Өйткені, кәсіптік этиканың негіздерін, оның ізгілікті мәнән және мамандық проблемалырын білу құқық қорғау органдарының әр қызметкеріне міндетті. Кәсіптік этиканы оқу қажеттілігі қазіргі мемлекеттің дамуы және қалыптасуы ерекшеліктерімен, қоғамдық және мемлекеттік өмірдің ізілендіруін жетілдірумен, адам, оның құқықтары мен бостандықтарын қамқор етумен шарттырып отыр.
Негізінен әдептілік әркімнің өз құқығын жүзеге асырған кезде басқа адамның құқығын бұзбауға арналған, бұл тұжырым заңмен де қолдау тауып отырады. Оның себебі адам мен қоғам арасындағы қатынас та әдептілік, адамгершілік негізге сүйенеді.
Қазіргі кезде біздің қоғамда адамды танып-білуге деген ұмтылыс күннен-күнге артуда. Этика да, құқық та адамтанушы пәндер ретінде қалыптасуда. Бұл екеуін біріктірген басты өзек - адам.
1. 1 Заңгердің кəсіби психологиялық қабілеттерінің бағасы мен кəсіби сапасының психологиялық құрылымы
ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістерболашақ мамандарды кəсіби даярлауда жоғары оқу орындарының алдына жаңа міндеттерді қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі əлеуметтік білім беру кеңістігіне сəйкес білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өздігімен ғылыми тұжырым жасауға, олардың сұранысына қарай ғылым жетістігін сұрыптап, студенттің өзіндік іс-əрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу қажеттігі туындауда.
Елбасымыз 1995 жылдың 21 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жөнінде» шығарған заңы жарлығында ішкі істер органдарының қоғамдық тəртіпті қорғау, қылмысты болдырмау, оның алдын алу жəне басқа да құқық бұзушылықты болдырмау, адам мен азаматтық еркіндігін, қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау жөніндегі міндеттерді белгіленді. Жарлыққа сəйкес ішкі істер органдарының іс-əрекеті заңдылық, ортақ шешім, ішкі істер органдары жүйесінің бірлігі, құқық қорғау жəне басқа да мемелекеттік органдар мен қызметкер адамдармен, ұйымдармен, азаматтар мен байланыс принциптері негізінде құрылады.
Яғни, болашақ заңгерлерді кəсіби іс-əрекетке даярлау жүйесінде жоғары заң орындарының атқаратын рөлі өте маңызды. Сондықтан да, құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлайтын оқу орындарының бағыттылығы мен мазмұнын анықтау өзекті мəселелердің біріне айналып отыр. Бұл əсіресе еліміздегі білім беру жүйесінің жаңа формаларына сай мемлекеттік емес заң оқу орындарының колледж, институт, университет, академиялар күн санап өсе түсуі жəне ондағы білім беру жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты анық көрінуде. Құқық қорғау іс-əрекетінің сапасы мен тиімділігін арттырудың жолдарын анықтау мамандық талаптарына сəйкес индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін, заңгер тұлғасын қасиеттерін жан-жақты зертеу арқылы жүреді. Прокурор, тергеу, сот қызметкерлерінің Құқық қорғау іс əрекетіне жүргізілген кəсіби талдауы кəсіби маңызды психологиялық жиынтығы бар кəсіби жарамдылықтың 5 негізгі факторларын қалыптастыруға мүмкіндік берді .
І фактор заңгер тұлғасының əлеуметтенуінің жоғарғы деңгейі. Бұл фактор кез келген, оның ішінде күрделі, экстремалды, кəсіби іс əрекет жағдайында заңгердің нормативтік мінез- құлқымен тікелей байланысты, сондықтан да оны құқық қорғау органдарының жұмыскерлерінің кəсіби жарамдылығының ең басты факторларының бірі ретінде қарастыру керек. Заңгер тұлғасының кəсіби қасиеттеріне төмендегілер жатады:
Құқықтық (жалпы жəне кəсіби) сананың жоғары деңгейде дамуы;
Кəсіби іс-əрекеттеті мотивация саласында əлеуметтік маңызды мотивтердің басымдық танытуы (адамдардың құқығын қорғау, көмек көрсетуге ұмтылу, əділеттілікке қол жеткізу, қылмысқа қарсы тұру, заңды қорғау, жұмыста табысқа жетуге ұмтылу, өз мүмкіндіктерін толықтай дерлік жүзеге асыру, кəсіби беделге жəне қызметтестері арасында құрметке ие болу жəне т. б. ) ;
Адалдылық, азаматтық ерлік, борыштық сезімі, ар ұжданы болуы; Жауапкершілік, міндеттілік, адал ниетті, орындаушылық, тəртіпке бағынушылық, ұқыптылық.
Заңгердің кəсіби жарамсыздығына қарама-қайшы қасиеттер куə болады: адамгершілігі төмен, əділетсіздік, іске жауапкершіліксіз қарау, тəртіпсіздік, ішімдікке, моральды емес өмірге бейімділік жəне т. б.
ІІ фактор заңгер тұлғасының эмоционалды еріктік қасиеті. Эмоционалды еріктік тұрақтылықты қамтамасыз ететін психикалық қасиеттердің жиынтығына жататындар:
Жұмыс жасауға деген қабілеттілік, ұзақ мерзімдік, қарқынды физикалық жəне психалық жүктемелер жағдайларында, мақсатқа ұмытылушылықты жəне іс-əрекет өнімділігін сақтау;
Стреске қарсы тұрудың жоғарғы деңгейі, эмоция мен мінез-құлыққа, өзін-өзі бақылауға, кенеттен туындайтын импульстық реакцияларға қарсы тұру қабілеттілігі. Жүйке жүйесі қасиеттерінің дамуы (күш, тепе-теңділік, икемділік, белсенділік, жүйке үдерістерінің динамикасы) .
Тұлғаның келесідей қасиеттері теріс бағаланады: стресске тұрақтылықтың төмен деңгейі, төмендетілген фрустациялық толеранттылық, агрессия, іс-əрекеттердің импульсивтілігі, невротикалық белгілер, жүйке үдерістерінің жылдам тозуы.
ІІІ фактор заңгердің танымдық қабілеттері, интллектуалдық дамуының жоғары деңгейі. Бұл келесідей психологиялық қасиеттерді болжайды:
Дамыған интеллект, ақылдың аналитикалық синтетикалық қалыптасуы, абстракциялауға, рефлексияға қабілеттілік; Тереңділік, оперативтілік, кеңділік, дербестік, өнімділік, икемділік, сыни көзқарас, ойлау кезінде жоба жасай алу;
Көзқарастың кеңдігі, эрудиция;
Қиялдың дамуы, байқампаздық, зеректік, интуиция;
Ес, қажетті ақпаратты тез өзектендіруге қабілеттілік;
Зейін бөлуге қабілеттілік, зейіннің бір объектіден екіншісіне жылдам асуы;
Мағыналы қабылдаудың дамуы;
Жұмысқа қабілеттіліктің жоғары деңгейі, жаңаны үйрену, қабылдау.
Жұмысқа қабілеттіліктің төмен деңгейі, төмендетілген танымдық белсенділік, интеллект, дамымаған қиял, əлсіз ес, заңгердің кəсіби еңбегінің жоғарғы деңгейдегі тиімділігімен сəйкессіздік керісінше, қасиеттер.
ІV фактор заңгердің коммуникативтік біліктілігі. Бұл фактордың құрамында келесідей қасиеттер бар:
Қарым-қатынас барысындағы əр түрлі адамдармен психологиялық байланыс орнату жəне ұстану қабілеттілігі, қарым-қатынас үдерісі кезінде психологиялық жəне коммуникативтік тосқауылдарын жеңу;
Зеректілік, мінез-құлықты дұрыс ұстану қабілеттілігі, əңгімелесушінің вербальды емес көрінуін жəне оның ішкі əлемін түсіну, шынайы жəне жалған түсініктемелерді бөле алу;
Қарым-қатынастың вербалды жəне вербалды емес құралдарымен, соның ішінде тұлғаралық, көпшілік алдында сөз сөйлеу кезінде коммуникативтік ықпал ету ықпалдарын еркін түрде игеру;
Сөйлеу мəдениетінің дамуы, ол дұрыс, анық, нақты, түсінікті, икемді, сенімді, əдемі сөйлеу мəдениетінің дамуы, жазбаша сөйлеуді еркін меңгеру;
Сыпайылық, мəдениеттілік, сезімталдық, адамдарға құрметпен, сыйлы қарым-қатынас жасау, диалогта əріптесін тыңдай білу, эмпатия (əңгімелесушеге көңіл бөле алу) ;
Конфликтілі ситуацияларда мінез-құлықты таңдап, қолдана алу білігі, қарым-қатынас стилін қалыптасқан жағдайларға байланысты өзгерту, қарым- қатынаста серіктесіне басқарушылық ықпал көрсету;
Адекватты өзін-өзі бағалау
Коммуникативті мінез-құлықты қиындаттыратын, оның нəтижелілігін төмендететін қасиеттер: тұйықтық (аутизм), өз мəселелеріне аса көңіл бөлу, ренжігіштік, конфликтіге тез түсушілік, эмоционалдық тұрақсыздық, импульсивтілік, вербалды жəне вербалды емес қарым-қатынас құралдарын əлсіз меңгеру.
V фактор ұйымдастырушылық қабілеттер. Олар заңгерге кəсіби іс- əрекетінің түріне қарамастан кəсіби қарым-қатынас үдерісінде диалогқа түсетін əр түрлі субъектілерге басқарушылық ықпал көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан да заңгер, əсіресе басқарушылық салада қызмет ететін заңгер терең кəсіби білім мен тəжірибеден басқа төмендегі қасиеттерге ие болу керек:
Жоғарғы деңгейдегі жұмысқа қабілеттілік;
Дербестілік, ынталылық, шешім қабылдағыштық;
Табандылық, мақсатқа жетушілік, өзіне деген сенімділік. Мотивациялық салада мотивтердің басымдылық танытуы;
Стресске жоғарғы деңгейде қарсы тұрушылық;
Өз іс-əрекеттеріне жауапкершілік сезіну;
Ойлау икемділігі, бірлескен іс-əрекетті жоспарлау жəне болжау қабілеті, өз қызметкерлерінің психологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, тапсырмаларды бөліп бере алу қабілеті секілді аналитикалық қабілеттердің дамуы;
Адамдармен психологиялық байланысты орната алуға мүмкіндік беретін коммуникативтік қасиеттердің дамуы, қызметкерлерінің мінез-құлқын түсіну қабілеті, олардың іс-əрекеттерінің мотивін түсіну; қоршаған ортаға жақсылық ойлау, олармен өзара қарым-қатынаста психологиялық қатынас жасай алу;
Бірлескен іс-əрекетті бақылау, сынай алу қабілеті, қызметкерлеріне талап қоя алу.
Ұжымды басқаралу, қызметкерлерінің жұмысты орындауға мотивтерін ояту, оларды бағыттап, энергиямен қаруландыру. Сапаның соңғы тобы ұйымдастырушылық қабілеттерді құрайтындардың ішіндегі орталығы болып табылады. Жоғары оқу орындарында болашақ заңгерлердің шын мəнінде бұл мамандық иесіне қабілетілігі қандай немесе неге қабілетті деген сұрақтарды қоя отырып, қарастыруымыз қажет.
Қабілеттер субъектінің қандай да бір іс-əрекетте жоғары жетістікке жетуін анықтайтын тұлғаның тұрақты индивидуалды психологиялық қасиеттері болып табылады. Алғашында кез келген адам тума, анотомия-физиологиялық жəне басқа да ерекшеліктермен тұқым қуалаушылық арқылы берілген, жүйке жүйесі қасиеттері нышандары болады. Осы нышандар көрінуі үшін олардың ары қарайғы дамуына ынталылық көрсететін жағымды жағдай керек.
Нышандар адамның іс-əрекетінің əр түрлеріне бейімділігін анықтайды. Нышандардың субъектіде дамуы тұқым қуалаушылық үдерісте көрініс табады. Олардың негізінде адамдарда ары қарай белгілі бір əлеуметтік тəжірибені меңгеру өнімі, тұлғаның жан-жақты дамуы жəне мінез-құлықтың қалыптасуы секілді қабілеттер қалыптасады. Қабілеттерге қарағанда нышандар поливалентті: яғни сол нышанға негізделіп адам өмірінің жан- жақтылығына қарай түрлі қабілеттер қалыптасады.
Адамның ерекше кəсіби жетістіктерін анықтайтын, басқалардың арасында тануға мүмкіндік беретін, бірнеше қабілеттердің жиынтығы, ол дарындылық. Дарындылықтың жоғарғы деңгейі талант, адамға күрделі тапсырмаларды шығармашылық шешуге, жаңаны құрастыруға, күрделі мəселелердің стандартты емес шешімін табуға көмектеседі.
Психологияда жалпы жəне арнайы қабілеттер бар, олар бір-бірімен байланысқан: Жалпы қабілеттер білімді, іс-əрекеттің əр түрлерін меңгерудің өнімділігін, оңайлығын тұтастай қамтамасыз етеді. Жалпы қабілеттерге индивидтің үйрену іс-əрекетінде көрінетін интеллектуалды қабілеттер, адамға өз білімі мен ілімін танымның жаңа объектілеріне қолдануға, стандартты емес жағдайларда, ақпараттың жəне уақыттың жеткіліксіз болуында оптимальды шешім қабылдауға мүмкіндік беретін шығармашылық қабілеттер жатады;
Арнайы қабілеттер адамға тар кəсіби іс-əрекет саласында жоғарығы жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді .
Н. В. Радутная заңгердің кəсіби іс-əрекеті көп қырлы болғандықтан, бірінші кезекте адамның интеллектуалдық жəне шығармашылық қабілеттері негізін құрайтын дамыған жалпы қабілеттерді талап етеді. Көптеген ғалым заңгерлер заңгер мамандығын алғысы келетіндер, тергеуші, прокурор, сот жəне т. б. болғысы келетіндер ең алдымен жалпы қабілеттері жоғары дамыған болуы керек деп есептейді .
Тергеуші кəсібін күрделі заң маманы деп айта келе, А. Р. Ратинов оны жоғары нəтижеге жететін іс-əрекеттердің түріне жатқызды.
«Тергеушілік қабілеттерді» зерттеген жетекші ғалымдар адамның жалпы қабілеттер деп ең алдымен интеллектуалдық жəне шығармашылық қабілеттерді атайды. Интеллектуалды қабілет заңгер іс-əрекетінің негізгі көрсеткіші ретінде тұлғаның шығармашылық потенциалымен тығыз байланысты бірқатар күрделі психикалық процестерді құрайды: ойлау (икемділігі, ойлау процестерінің ауыспалылығы жаңа идеяларды ойлап табу), қиялдың дамуы, терең ес, реалды қабылдау т. б.
Дамыған интеллектуалды қабілет - заңгердің шығармашылық іс-əрекетінің басты алғышарты. Құқық қорғау іс-əрекетінің бірден-бір компонентері қарым-қатынас болғандықтан заңгер қабілеттерінің құрылымында коммуникативтік қабілеттер маңызды орын алады. Қарым-қатынас адамдардың қоғамдық, əлеуметтік, құқықтық өзара қатынастарын бейнелейді. Көп жағдайда қарым-қатынас заңгер үшін дербес үдерістік жəне кəсіби іс-əрекеттің ерекше түрі ретінде қаралады. Мұнда кəсіби қарым-қатынасты заң іс- əрекетінде ақпарат алмасумен қатар өзара əрекеттестік жəне адамдардың бір-бірін қабылдау үдерісі ретінде көрінеді.
Сонымен қатар, заңгер жоғарыда айтып өткеніміздей ұйымдастырушылық қабілеті болуы керек. Заңгердің кəсіби іс-əрекетінде адамдармен жұмыс жасай білу, əрекетті дұрыс ұйымдастыра білу өте маңызды рөл атқарады. Заңгер құқық қорғау органдары ретінде өз жұмысы мен жекелеген адамдар мен ұйымдар, бірлестіктер мақсат-мүддесімен үйлестіре алу, басқару кəсіби іс-əрекет өнімділігін арттыру жауапкершілігіне ие. Ол өз ұйымында жағымды психологиялық ахуалды ұйымдастырып, конфликті жағдайларды болдырмауға тырысып жəне іс-əрекетке қатысушы адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін есепке алу керек. Сондықтан да, ұйымдастыру іс-əрекетінде заңгерлерге терең біліммен қатар ұйымдастырушылық қабілеті өте қажет болып табылады. Бұл қабілет белсенділік, бастамашылдық, батылдық, дербестік, табандылық, тапқырлық, өз іс-əрекетінің барысы мен нəтижесіне жоғары жауапкершілікпен сипатталады.
Əрине, жоғарыда айтылған заңгер қабілеттері жоққа шығарылмайды. Шешілетін мəселеге байланысты олардың біреуі уақытша жетекші болып, қалғандары көмекші рөл ойнайды. Біз қандай да бір кəсіби іс-əрекет туралы айтқанда тұлға қасиеттері басқалардың кемшілігінің орнын басады. Олар субъект іс-əрекетінің психиканың компенсаторлық мүмкіндіктерінде көрінеді.
Заңгердің кəсіби жарамдылығы бағасының критерийлері. Кəсіби іс-əрекеттетегі психологиялық қабілеттерді бағалау барысында заңгердің кəсіби жарамдылығының объективті жəне субъективті критерийлері қолданылады. Ең алдымен оның еңбегінің өнімділігі сипатталады. Екіншісіне жұмыскердің іс- əрекетінің тиімді бағасы жатады .
Орындалған жұмыстың сапасы мен көлемін сипаттайтын объективті сандық сипатамасы. Əр түрлі заңды кəсіп үшін арнайы ерекше көрсеткіштер жасалған, мысалы, еңбекті бағалу үшін келесідей критреийлер қолданылады:
Аяқталған қылмыстық істердің күрделілігі, саны;
Аяқталмаған істердің саны;
Заңды мерзімнің бұзылуы бойынша істердің аяқталуы;
Сотқа берілген істердің саны (белгілі біресеп беру аралық уақытта, мысалы жыл, ) жəне т. б.
Бұның барлығы ресми статистикалық есепте болады.
Тікелей басқарушылары жұмыскерлерге тапсырған субъективті бағалау сипаттамаларының субъективті бағасы. Ережеге сай, бұл бағалар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz