Жергілікті атқарушы билік органдары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1 Атқарушы органдардың құқықтық мәртебесінің ұғымы ... ... ... ... ... ..5
1.1 Атқарушы органдардың құқықтық мәртебесі және түсінігі ... ... ..5
1.2 Атқарушы билік органдары қызметтінің қағидаттары, түрлері ... ..6
2 Биліктің атқарушы органдарының жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..13
2.1 ҚР Үкіметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Биліктің орталық атқарушы органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... .17
2.3 Биліктің жергілікті атқару органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Кіріспе
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа
Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және
егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте
түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік
аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының
әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
Қарастырылып отырған курстық жұмыстың тақырыбы Атқарушы органдар әкімшілік құқықтың субъекті ретінде деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты - осы тақырыптың аясын барынша кеңейту және тиісінше одан өзіме пайдалы болатын біршама білім алып қалу.
Үкіметтік Министрліктер саны және әр қайсысының атқаратын қызметтірі, солардың қарамағындағы комиттеттер мен агенстволар туралы да жазуға тырысамын. Сондықтан да курстық жұмыстың бірінші бөлімін мен атқарушы органдардың құқықтық мәртебесі және түсінігі жайлы сипаттама беріп өттім, екінші бөлімде осы органдардың жүйесі туралы толығырақ қарастырып айтып шығамын.
Жалпы алғанда, бұл курстық жұмысымның жоспарын мен қысқаша осы кіріспе бөлімде жазсам да, бар жинаған ақпаратымның нәтижесін жұмысымнан байқауға болады. Бұл курстық жұмысты жазу үшін бір ғана оқулықпен шектеліп қалған дұрыс емес, себебі мемлекеттік органдар аясында үнемі өзгерістер болып отырады, сондықтан да мен көбінесе переодикалық шығарылымдарды пайдаландым.
1 Атқарушы органдардың құқықтық мәртебесінің ұғымы
1.1 Атқарушы органдардың құқықтың мәртебесі және түсінігі
Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір шамада ұйым деген ұғымнан туындайды,ол тар мағынада қандай да бір бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін аз дәрежеде болса да рәсімделген адамдар ұжымының жекелеген бөлігін білдіреді. Атқарушы билік органы - мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік басқарушылық қызметті жүзеге асыру, әкімшілік құқықтық-қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік құқықтық мәртебесі көбінесе атқарушы билік органдарының қызметінің аясында шындыққа айналады. Сондықтан олардың әкімшілік құқықтық мәртебесін жан-жақты қарау қажет.
Жалпы атқарушы билік мемелкеттік биліктің бір тармағы болып табылады. Атқарушы билік - бұл заң күшіндегі реттеу өкілеттілігін, сыртқы саяси өкілдіктердің, әр-түрлі бақылау түрлерін жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктерді қоса алғандағы мемлекеттік істерді басқару бойынша өкілеттіліктердің жиынтығы.
Ұйымдардың мемлекеттік және мемлекеттік емес сипаты бар түрлері ажыратылады. Біріншілерін мемлекет ресми түрде құрады. Екіншілері олардың мүшелерінің еркімен құрылады.
Атқарушы билік органы деп билікті бөлу принципіне сәйкес мемлекеттің тапсыруымен қоғамның шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік саяси өмірінің әр-түрлі салаларында атқарушы өкім етуші қызметті нақты жүзеге асыратын мемлекеттік биліктік механизм буыны деп түсініледі. Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот билігі органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады.Яғни ол мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік басқару мен бақылауды атқаруға уәкілдік берілген, заңнамалармен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекеттк мекеме.
Аткарушыбилiк органдарына берiлетiн мемлекeттiк сипаты бар өкiлеттiктердiң мәнi oлардын мынадай құқыгынан көрiнic табады: мемлекeтiң атынан занды түрде мiндeтті болaтын құқыктық актiлер шығаратын құқығынан, құқықтық актiлермен белгіленетiн талаптар мен ережелeрдiң сақталyына мемлекет атынан байқау жacaуды жүзеre acыру құқығынан, занды түрде мiндeттi болатын aктiлеpдiн талаптарын oрындаyды қамтамacыз ету жәнe өзiнiң сипаты бойынша мемлекeттiк мәні бар иландыpу, түciндiру, көтермeлey cиякты шараларды, ал қажет болған жағдайда мемлекeттiк мәжбүрлеy шараларын колдану жолымен оларды бұзушылыктан қоpғay құқығынан көрiнic табады.Атқарушы билiк органдары өздеpiнiң мемлекeттiк билiктiк өкiлеттiктерiн тек қана мемлекeттік басқарушылық кызметтiң мақсаты үшiн пайдaланылады.
Аткарушы билiк органдары өздеpiнiң қызметiн занға тәуелдi негiзде аткарады. Мұның мәнi мынада, зан - мемлекeттiк басқарушылық қызметтiң негiзгi базасы, онын субъектілepi осы aталған мемлекeттiк органдар. Республикалык та, сондай-ақ аймақтық та деңгейлерде болaтын билiк органдары мемлекeттiк аткарушы әкiмшлiктiн бiрынғaй жүйeciн құрайды. Бұл жүйенiң шeгiнде оның әрбip бyынының, яғни aтқарушы билiктiң нақты органының қажеттi жеделдік дербестігі болaды. Аткарушы билiк органдарының бipiне бағынышты құрылымдық бөлiмшелеpін құруды болжайтын ұйымдық құрылымы, яғни iшкi құрылысы болады. Аткарушы билiктiн әрбip органыньң белгілі бip aумактық немеce мемлекeттiк баскарушылық қызмет мәселеciнiң көлемi болады. Бұл оprандар тек мемлекeттiк бюджеттен ғана қаржыландырылады және заңды тұлға болып табылады, яғни aзаматтық құкық қабiлeттілігі болады
1.2 Атқарушы билік органдары қызметтінің қағидаттары, түрлері
Қағидаттар - aтқарушы билiк органдарын ұйымдастырy мен кызметiнiң аса маңызды саяси құқыктық және ұймдастырy құқықтық негiздеpi. Oлардын неriзгiлepi зандарда бекітiледi.
Заңдылық - атқарушы билік органдары қызметінің қағидаты ретінде осы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік басқарушылық қызметінің заңға тәуелділігінен тікелей туындайды. Оның тікелей көрінісі Конституцияның, заңдардың, Президенттің жарлықтарының атқарушы билік органдары шығаратын кез келген құқықтық актілерінен жоғары тұратындығы; мемлекеттік басқарушылық қатынастардың барлық қатысушыларының қолданылып жүрген заңнамаларымен тағайындалған құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттік басқарушылық құралдармен сақтау, жүзеге асыру мен қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Заңдылықты сақтау бұл атқарушы билік органдары қызметінің тиімділігінің, нәтижелілігінің басты шарты.
Конституцияның бекітілген халық билігі қағидаты мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық болып табылады дегеннен көрініс табады, ол өз билігін тікелей, сондай-ақ мемлекеттік билік органдары, оның ішінде атқарушы билік органдары арқылы жүзеге асырады.
Конституцияның үшініші бабы, төртінші тармағында бекітілген біртұтас билікті бөлу және өзара тежемелік әрі тепе-теңдік қағидат мемлекеттік биліктің үш тармағы - заң шығарушы, атқарушы, және сот билігі болатындығын және олардың дербестіктерін білдіреді.
Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызмеьінде алқалық және жеке-дара басшылықты дұрыс үйлестіру қағидаты мемлекеттік басқару қызметінің негізігі мәселелерін шешкен кезде ұйымдық пікірді ескеруді қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен тиісті атқарушы билік органдарының жанынан құрылатын әртүрлі консультативті, үйлестіру, ақылдасу кеңестері, комиссиялар, комитеттер және басқалар жүйесі кеңінен практикаға еңгізілуде.
Әрбір лауазымды адам мен мемлеткетік қызметшінің өзіне тапсырылған жұмыстың бөлігі үшін жеке жауапкершілігі қағидатын сақтаудың маңыздылығы арта түсуде. Бұл қағидат атқарушы билік органдары туралы ережелерде, Мемлекеттік қызмет туралы заңда, тәртіп туралы жарғылар мен лауазымдық нұсқаулықтарда бекітіледі. Заңнамаларға сәйкес орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының басшылары өздері басшылық ететін органдардағы атқарушылық тәртіптің жағдайы үшін дербес жаупты болады.
Атқарушы билік органдары жұмысының жариялылық қағидаты өздерінің жұмысының, оның ішінде нормативтік құқықтық актілердің неғұрлым маңызды нәтижелерін бұқаралық ақпрат құралдары арқылы кеңінен жариялап отыруды, жұртшылықтың назарына жеткізіп отыруды болжайды.
Жеке адам құқықтарының басымдығы мен кепілдендірілгендік қағидаты Қазақстан заңнамалары мен әкімшілік практикасы үшін жаңалық болып табылады. Қазақстанда көзделіп отырған құқықтық мемлекет құру мынамен сипатталады, жеке адамның құқықтары ең қымбат қазына болып табылады, ал барлық мемлекеттік органдар, оның ішінде атқарушы билік органдары да азаматтардың алдында жауапты. Азаматтардың мемлекет органдарының, лауазымды адамдар мен билік өкілдерінің кез келген зорлық зомбылығынан сенімді қорғалуға тиіс.
Атқарушы билік органдарының жүйесіне орталықтандыру қағидаты, яғни төменгі тұрған органдардың жоғарғы тұрған органдарға бағыныштылығы тән. Ол атқарушы биліктің әрбір органының өкілеттіктерінің көлемін заңнамалармен айқындап белгіліген кезде осы жүйенің тұтастығынан туындайды.
Атқарушы билік органдарының түрлері
Атқарушы билік органдары өзінің қызметінің мазмұны мен нақта бағыты бойынша айырылысады. Оларды мынадай түрлерге топтастыруға болады:
1. Қызметінің аумақтық көлемі бойынша: республикалық және жергілікті атқарушы билік органдарын бөлуге болады.
2. Құзыретінің көлемі мен сипатына қарай мынадай атқарушы билік органдары бар:
- жалпы құзіретті, яғни мемлекеттік басқарушылық қыщметтің бәріне немесе көпшілік учаскелеріне таратылатын функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдар (Үкімет, әкімдіктер);
- салалық құзіретті, функциялары мен өкілеттіктерін өздеріне тапсырылған басқару салаларының шегінде жүзеге асыратын органдар (министрліктер, комиттер);
- салааралық құзіретті, барлық немесе бірнеше салалық жүйелер үшін ортақ болатын өздерінің қарауына жатқызылған арнайы мәселелер бойынша өкілкттіктер жүзеге асыратын органдар;
- аралас құзіретті, өзінің өкілеттіктерін әрі салалық, әрі салааралық көлемде жүзеге асыратын органдар.
3. Құру тәртібі мен тәсілі бойынша:
a) мемлекет басшысы құратын, мысалы ҚР Президенті ҚР Үкіметін, министрліктерін құрады;
ә) атқарушы билік органдарының өздері құратындары;
б) жекелеген жағдайларда сайлау тәсілі қолданылады.
4. Ведомстволық қарасты мәселелерді шешу тәртібі бойынша:
a) құзыретінің негізгі мәселерін алқалы негізде, оның құрамына кіретін адамдардың көпшілік даусымен шешетін алқалы органдар. Мысалы Үкімет;
ә) құзыретінің негізгі мәселелерін басшылары шешетін жеке дара басшылық органдары; мысалы, министрліктер, агенттіктер.
5. Ұйымдастыру құқықтық нысандары бойынша ажыратылатын органдар, олар өздерінің көрінісін ең алдымен өздерінің атауларынан табады.
Атқарушы билік органдарының жүйесі - біріне-бірі бағынышты органдардың өз араларында құзіретін бөлу негізінде олардың арсындағы тік байланыс.
Қазіргу кезде атқарушы билік органдарының жүйесі мыналардан тұрады: ҚР Үкіметі, ҚР министрліктері, ҚР агенттіктері, ҚР министрліктерінің комитеттері, әкімдіктер, әкімдер, өзге органдар.
ҚР Үкіметі ҚР-ның мемлекеттік билігінің жоғарғы атқарушы органы, оның құқықтық жағдайы ҚР Конституциясымен (64-70 баптар); ҚР Үкіметі туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңмен белгіленген. ҚР Үкіметі ҚР-да атқарушы биліктің біртұтас жүйесін басқаратын алқаты орган. ҚР Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер, Премьер-Министр Кеңесінің басшысы Үкімет мүшелері болып табылады, Президент Конституцияда қаралған тәртіппен Премьер-Министрді тағайындайды. Премьер-Министр өзі тағайындалғанан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
ҚР Үкіметі атқарушы билік органдарының қызметіне басшылық жасайды және олардың жұмысына бақылау жасауды жүзеге асырады. Республика деңгейіндегі атқарушы билік органдары Үкіметке бағынышты және оның алдында жауап береді. Үкімет өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау үшін жанындағы комиссиялар, кеңестер мен консультативтік кеңесші органдар құруға және таратуға құқылы. ҚР Үкіметінің өкілеттіктері еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірінің әртүрлі аяларында неғұрлым айқын көрініс табады. Мысалы, Үкіметтің экономика аясында, бюджет, қаржы, несие, ақша саясатында, әлеуметтік, білім және мәдениетте, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қылмыспен күресті қамтамасыз етуде сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар аясында өкілеттіктері бар.
ҚР-ның министрліктері тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, заңдармен негізделген салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады. Қазіргі кезеңде Қазақстанда он сегіз министрлік бар. Олар:
Индустрия және жаңа технологиялар
Ішкі істер
Денсаулық сақтау
Сыртқы істер
Мәдениет және ақпарат
Қорғаныс
Білім және ғылым
Ауыл шаруашылығы
Көлік және коммуникация
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Қаржы
Төтенше жағдайлар
Экономика және бюджеттік жоспарлау
Экономикалық интеграция жөнінде
Мұнай және газ
Қоршаған ортаны қорғау
Әділет министрлігі
Өңірлік даму.
Министрлік және оның органдары мен ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындары, мекемелері және өзге де ұйымдары министрліктің біріңғай жүйесін құрайды. Министрлікті ҚР Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Премьер-Министр басқарады. Министрдің ұсынуы бойынша ҚР Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. Премьер-Министр Миниситрліктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді. Министрліктің күрделі мәселелерін қарау мақсатында оларда ғылыми-техникалық кеңестер құрылуы мүмкін.
ҚР агенттіктері. Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша ҚР Президенті құратын ҚР агенттігі Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласында басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқару және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады. Бұлардың министрліктерден басты айырмашылығы, біріншіден, олардың Үкіметтің құрамына кірмейтіндігі екіншіден, олардың арнайы атқару және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асыруы болып табылады. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы, мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады. Агенттікті ҚР Үкіметі қызметке тағайындайтын және оны қызметінен босататын төраға басқарады.
Орталық атқарушы органның ведомствосы. Республиканың орталық атқарушы органның Комитеті ведомство болып табылады. Олар министрліктің құрылымдық бөлімшелері ретінде бекітілгендіктен, комитеттер министрліктердің құрамына кіреді. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен ҚР Үкіметі құрайды, қайта ұйымдастырады, таратады. Ведомствоның құрылымы, негізгі міндеті мен құзіреті және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тәртібі, әрбір Комитет туралы ҚР Үкіметі бекіткен Ережеде айқындалады. Бұл Ереже комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. Ведомствоның аумақтық бөлімшелері болыу мүмкін. Комитетті тиісті министрдің ұсынуы бойнша ҚР Үкіметі тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Оның міндеттері мен өкілеттіктері Комитет туралы Ережеде белгіленеді.
Жергілікті атқарушы билік органдары. ҚР Конституциясының 8-бөлумінің нормалары бойынша тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдыр жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдар ҚР атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Облыстың, ауданның әкімі басқаратын өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган әкімдігі болып табылады. Әкімдікті әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан тиісті аумақтын әкімі құрады. Әкімдік тиісті аумақтық облыстық, аудандық, мәслихаттың алдында өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін жауап береді. Әкімдік ҚР Конституциясы, заңдары, Президенті мен Үкіметінің актілері, өзге де нормативтік актілер негізінде және оларды орындау мақсатында қаулылар шығарады. Әкімдіктің қаулысына әкім қол қояды. Әкім - Президент пен Үкіметтің жергілікті атқарушы органды басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Республиканың орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, ҚР-ның заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкіл болып табылады. Облыс әкімін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша ҚР Президенті қызметке тағайындайды. Оны қызметтен Президент босатады. Аудан, республикалық маңызы бар қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері ҚР Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады. Президент белгілеген тәртіпте олар қызметтен босатылады және өз өкілеттігін тоқтатады. Әкім нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады. Әкімдіктің және әкімнің өз құзіреті шегінде қабылдаған актілерінің тиісті әкімшілік аумақтық бөліністің бүкіл аумағында міндетті күші болады.
Атқарушы билік тармағын алатын болсақ, ол ұйымдыстыру - басқарушылық, атқару - өкім етушілік сипаты бар функцияны жүзеге асырады. Іс жүзінде оларды мемлекеттің арнаулы органдары - атқарушы билік органдары орындайды, олардың қызметі заңдардың негізінде және соларды орындау үшін мемлекеттің және аппаратының күнделікті (ағымдығы) қызмет атқаруын қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады.
Осы анықтаманың негізінде атқарушы билікке тән бәрнеше ерекшеліктерін бөліп баяндауға болады:
1. Атқарушы билікті жүзеге асыру процесіндегі ең маңыздысы, онсыз ешбір қызметтің түрі шындығында мүмкін емес, атап айтқанда, қандай да бір мәселе бойынша қабылданған шешімді орындау жүзеге асырылады. Әрине мемлекетке қатысты жөнінде сөз ең алдымен тиісті заңдарда бекітілген нормаларды орындау туралы болуы мүмкін. Нақ осы міндет билікті бөлу миханизмінің шегінде атқарушы биліктің фунционалдық қызметінің негізі мазмұнын құрайды. Соған сәйкес атқарушы билікті жүзеге асыру - бұл заңдарды және заңға тәуелді актілері жүзеге асырі процесі болып табылады. Бұл мемлекеттік қызметтің сондай ерекше түрі, соның процесінде құқық қолдану (атқарушылық) жүзеге асырылады.
Сонымен бірге мына мақсаттарға: қолданылып жүрген заңнамалардың талаптарын тікелей орындауға; атқарушы биліктің ықпалында экономиканың, мәдениеттің әртүрлі объектілерінің, т.с.с. қалыпты және тиімді жұмысын қамтамасыз етуге; азаматтардың демократиялық құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттің қоғам алдындағы міндеттерін іске асыруды қамтамасыз етуге қол жеткізіледі.
2. Атқарушы биліктің өзі көрініс табатын ерекше құқықтық нысандары бар, олар нормативтік және нормативтік емес жеке-дара актілер. Солардың көмегімен атқарушы билікті жүзеге асыру процесінде құқық қолданудың барлық негізгі міндеттері шешіледі. Бұл актілер заңға тәуелді. Ғылыми және оқулық әдебиеттерде оларды басқарудың құқықтық актілері ретінде сипаттайды.
3. Атқарушы биліктің ерекше көрнекті бір белгісі, оның белгілі бір субъективтік көрінісінің болатындығы. Бұл осы билікті жүзеге асыру арнайы субъектілерін құзыретіне жатқызылғандығын білдіреді. Соған сәйкес мемлекеттік-биліктік механизмде (яғни мемлекеттік органдар жүйесінде) атқарушы билік органдары деп аталатын ерекше буын бөлінеді. Мысалы, ҚР Конституциясының 64-бабында сәйкес үкімет ҚР-ның атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады.
Атқарушы билік органдары туралы айтқанда, бірнеше мән-жайларды ескеру керек.Бір жағынан, қолданылып жүрген заңнамалар мен тиісті заңға тәуелді құқықтық актілер атқарушы билікті-жүзеге асырудың ұйымдық нысандардың сипаттаған кезде әртүрлі тұжырымдарды жиі пайдаланады: атқарушы билік органдары; атқарушы органдар; мемлекеттік басқару органдары; мемлекеттік биліктің атқарушы органдары; мемлекеттік биліктің атқарушы - өкім етуші органдары; мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын атқарушы билік органдары, т.с.с. Мұндай әртүрлі терминологияларды атқарішы билік органы мен атқарушы орган терминдерінің ұқсастығымен түсіндіруге болады. Бұл терминдер шындығында біріне-бірі барабар.
Өйткені атқарушы биліктің органы сол бір мезгілде әрі атқарушы орган болмауы мүмкін емес. Екінші жағынан, атқарушы органдар жинақталған терминдер , ол атқарушылық сипаты бар қызметті жүзеге асыратын кез келген органды сипаттауға мүмкіндік береді. Мысалы, Конституцияның 89-бабында тұрғын халық жергілікті өзін-өзі басқаруды сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады делінген. Атқарушы органдар сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерде, коммерциялық ұрылымдарда, кәсіпорындар мен мекемелер бар; бұл құрылымдардың барлығы да мемлекеттік органдары болып табылмайды. Бұларға қарағанда атқарушы билік органдары Конституциялық мағынасында ең алдымен мемлекеттік органдар болып табылады. Ал бұл дәл мағынасында атқарушы билік органдарын білдіреді - бұлар тек қана қолданылып жүрген заңнамалармен құқық қолдану (атқарушылық) сипаты бар ерекше мемлекеттік функцияны жүзеге асыру жүктелген атқарушы органдар. Солай болғандықтан, осындай шекте мемлекеттік билік жүзеге асырылады; өзге нұсқаларда мемлекеттік сипаты жоқ биліктік өкілеттіктерді іске асыру жөнінде айтылады.
2 Биліктің атқарушы органдарының жүйесі
2.1 ҚР Үкіметі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ - Қазақстандағы жоғары атқарушы билік органы. 1920 - 24 ж. Қырғыз (қазақ) АКСР Халық Комиссарлары Советі (Халкомсов), 1925 - 36 ж. Қазақ АКСР Халкомсов, 1936 - 46 ж. Қазақ КСР Халкомсов, 1946 - 95 ж. ҚазКСР Мин. Каб. деп аталды.
Қ.Р. Үкіметі мемлекеттік биліктің ерекше тармағы ретінде министрліктерден, агенттіктерден, к-ттерден тұратын орт. атқарушы органдар, обл., ауд. және қалалық әкімшіліктерден тұратын жергілікті атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері ҚР Конституциясында бекітілген (64-бап). Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" (1999 ж. 6 мамырда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгіленген. Үкімет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-қимыл жасайды. Үкіметті Республика Президенті ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртіппен құрады. Премьер-Министр Үкімет басшысы болып табылады. Премьер-Министрді Парламенттің келісімімен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентіне ұсыныс енгізеді. Президент Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкіметінің құрылымын министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдар құрайды. Қазақстан Үкіметі - алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері - республиканың Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кіреді. Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері қызметке кірісер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкіметі туралы конституц. заңда белгіленген тәртіппен ант береді. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Президентке Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерді, орт. атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне кандидатуралар жөнінде, министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді, Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді.
Үкіметке мынадай негізгі конституц. өкілеттіктер берілген: ол мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегия және тактикалық шараларды талдап жасау; мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу; әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтік жоспарларын әзірлеп, іске асыру; Республика Президенті белгілеген тәртіппен республикалық бюджетті және оған енгізілетін өзгерістерді әзірлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету; ҚР-ның қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асыру; мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезінде заңдылықтың сақталуына мемлекетік бақылау жасау; құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру; баға құралуының мемлекеттік саясатын әзірлеп, ұйымдастыру; мемлекетті реттейтін баға қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен қызмет көрсетулердің номенклатурасын белгілеу; мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзірлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншік құқығының қорғалуын қамтамасыз ету; еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеумекттік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметті қамсыздандыру және әлеуметті сақтандыру жүйесі мен шарттарын айқындау; мемлекеттік аймақтық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеп, іске асыру; аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді; ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгізу, мәдениетті, білім беруді, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөніндегі мемл. саясатты айқындап, іске асыру; табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзірлеп, жүзеге асыру; құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, ҚР-ның қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемл. шекарасын күзету шараларын әзірлеп, іске асыру; келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдау; ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықар. және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету; сыртқы экономикалық саясатты іске асыру шараларын әзірлеу; сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану; халықар. қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Конституциямен, заңдармен және президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындау. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде конституцияда және үкімет туралы конституциялық заңда белгіленген нысандарда Республика Президентінің алдында жауапты.
ҚР-ның Премьер-Министрі үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық етеді, оның жұмысы үшін жауап береді, Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде дербес шешімдер қабылдайды, Олар өздеріне бағынышты мемл. органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшін Премьер-Министрдің алдында жауап береді. Парламенттің әрбір палатасы үкімет мүшелерінің қызметтері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Үкімет мүшесі заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнінде Президентке мәлімдей алады. Үкімет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары негізінде және солардың орындалуы үшін өз құзыреті шегінде бүкіл мемл. аумағында міндетті күші бар Үкімет қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдерін шығарады, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Бұл қаулылар мен өкімдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентінің актілеріне қайшы келмеуге тиіс.
Жаңадан құрылған Үкімет өз қызметінің бағдарламасын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкіметтің бағдарламасын қабылдамаса, Үкімет екі ай ішінде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 23-сінің дауыс беруімен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіреді. Үкімет заңдық ұсыныстар енгізуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжілісіне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшін жауапты болатын министрліктер,комиттер, агенттіктер, бірінші басшылар қатысады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде қызмет етеді және жаңадан сайланып, қызметке кіріскен ҚР Президентіне үкімет мүшелері жазбаша қол қойған өтініш беру арқылы өз өкілеттігін доғарады.
ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкіметі туралы констиуц. заңда республика Үкіметінің, оның мүшелерінің тиісті өкілетті мерзімінен бұрын орындарынан түсу себептері мен тәртіптері қаралған. Егер Үкімет, оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді одан әрі орындау мүмкін емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентіне өз орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, Үкімет өзінің орнынан түсуі туралы ҚР Президентіне мәлімдейді. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені ҚР Президенті он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылды дегенді білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін Президенттің қабылдауы немесе оны қызметінен босатуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Сондай-ақ, президент өз бастамасымен де Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін және оны жүргізбей отырған үкімет мүшелері атқарып отырған қызметінен босатылуға тиіс.
Министрліктің және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын үкімет мүшелері: тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады; өз құзыреті шегінде дербес шешімдер қабылдайды; ҚР Премьер-Министрінің алдында өздеріне жүктелген бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін, сондай-ақ, тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жататын мемлекет басқару аясындағы істің жайы үшін дербес жауап береді; ҚР заңдарының, ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Министр ҚР Конституциясында көзделген ретте (37-бап, 6-тармақ) өз қызметінің мәселелері жөнінде парламент палаталарына есеп береді.
Үкімет құрамына кіретін орталық атқарушы органдарды қызметінің сипатына қарай салалық құзыретті органдарға, салааралық құзыретті органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттің арнайы немесе ерекше атқарымдарын іске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады. Қазіргі кезде мына салалар бойынша республикалық орталыө атқарушы органдары жұмыс істейді: экономика салалары бойынша: Экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігі, Қаржы министірлігі, Ауыл шаруашылығы министірлігі, Көлік және коммуникациялар министірлігі, Энергетика және минералдық қорлар министірлігі, Индустрия және сауда министірлігі, Қоршаған ортаны қорғау министірлігі, Мемл. материалдық резервтер жөніндегі агенттік, Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттік, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік, Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік; әлеуметтік-мәдениет салалары бойынша: Мәдениет министірлігі, Ақпарат министірлігі, Білім және ғылым министірлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі, Денсаулық сақтау министірлігі, Туризм және спорт жөніндегі агенттік, Көші-қон және демография жөніндегі агенттік; әкімшілік-саяси қызмет бойынша: Сыртқы істер министірлігі, Ішкі істер министірлігі, Қорғаныс министірлігі, Әділет министірлігі, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік, Қаржы полициясы агенттігі.
Орталық атқарушы билік органдарын ұйымдастырудың және олардың өз қызметін атқаруының тәртібі "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" конституциялық Заңмен (18.12. 1995), ҚР Үкіметінің 1997 ж. 13 наурыздағы 321-қаулысымен бекітілген ҚР-ның министірлігі. Мемлекеттік комитет туралы үлгі ережемен және әрбір министірлік, агенттік, комитет туралы ережелермен реттеледі. ҚР-нда ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан орталық атқарушы органдар: ҚР-ның министрліктері; ҚР-ның агенттіктері; ҚР министрліктерінің құрылымдық бөлімшелері болып табылатын комиттер, департаменттер және басқармалар.
ҚР-ның Министрлігі мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасайтын, сондай-ақ, заңдарда көрсетілген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орт. атқарушы орган болып табылады. Министрлікті Премьер-Министрдің ұсынысымен Президент құрады, қайта құрады және таратады. Министрліктің басшысы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz