Сот органдары және олардың қызметін жетілдіру жолдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1.Қазақстан Республикасында сот төрелігін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың құқықтық негіздерін жетілдіру
1.1 Сот органдары және олардың қызметін жетілдіру жолдары
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бүгінгі таңда құқықтық реформаның негізгі құрамдарының бірі - сот реформасы деген пікір қоғамның сана сезіміне терең ұялаған. Мұның себебі өркениетті және демокртаиясы дамыған мемлекет пәрменді сот жүйесінсіз мүмкін емес.
Қазақстанда мемлекеттік биліктің дербес, тәуелсіз және мықты тарауы ретіндегі және өз өкілеттіліктерін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық тәртіпті, қорғау үшін жүзеге асыратын, сот билігін орнықтыру жөніндегі қажетті шаралар кешені жүзеге асырылғанын байқауға болады.
Билікті бөлісу қағидаты құқықтық мемлекет құрудың аса маңызды негізі ретінде тек ақыл - парасатты ғана еншілемейді, сонымен бірге ол біздің мемлекетімізде өзіне жол ашуда. Бұл сот билігі тереңірек тани түсуден, соттарға деген сенімнің артуынан, соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және олардың тек заңға ғана бағынуларына бағытталған іс - шаралардан және тәуелсіздікке қол сұққаны үшін жауапкершілік белгілеуден көрініс табады. Заң шығару және атқару тармақтарына тәуелсіз әрекет жасайтын сот билігі дербестігінің аса маңызды кепілі де, сондай - ақ судьялар тәуелсіздігінің қағидаты болып табылады.Нақты жағдайға қатысты заңның әділдігін түсіну, сот билігін жүзеге асырудағы заңдылық қағидасының маңыздылығына оның орны мен ерекшеліктерін зерттеу.
Жұмысының өзектілігі - әділетті сот жүйесі биліктің тармақталу механизмі. Ол құқық туралы дауларды шешетін төреші. Құқықтық мемлекетте мәселенің, істің әділдігін тек сот жүзеге асырады. Бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, толық құқықтық мемлекеттіктің маңызды кепілі.
Қазақстан Республикасы судьяларының ІІІ сьезінде сөз сөйлеген мемлекет басшысы: Сот - құқықтық реформаның ең басты нәтижесі, адамдар, түптің түбінде өз құқықтарын қорғау жөнінде ақыр соттарға жиі жүгіне бастайды, мұндай жәйт өркениетті қоғамдарға ғана тән, осындай сот жүйесінің болуы біздің қоғамымызда жүріп жатқан саяси және экономикалық өзгерістер тұрақтылығының ең озық кепілі болып табылады, - деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады, -деп Констиуцияның 75-бабының 1 - тармағында көрсетілген. Бұл орган әділеттікті жүзеге асыру үшін құрылған. Сот әділдігі заңда көрсетілегн әдістерге сүйене отырып көрініс табады. Ол сот мәжілісінде, біріншіден, азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға байланысты азаматтық істерді қарайды және осыған тиесілі шешімдер шығарады. Екнішіден, қылмыстық істерді қарау, сотталушының кінәлілігі туралы мәселені анықтау, қылмыс жасағаны үшін кінәлі адамдарға заңда белгіленген жазалау шараларын қолдану, не кінәсіздерді ақтау жолымен жүзеге асырылады. Сот мәжілісі сот әділдігіне қол жеткізетін заңдық нысан. Сот әділдігін жүзеге асырудың жалғыз - ақ жолы бар, ол істерді
сот мәжілісінде қарау. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның негізгі мақсаты мен міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясын, заңдарын және өзге де нормаивтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарын орындауды алдына мақсат етіп қояды. Конституциялық қағида, басқа да нормативтік құқықтық актілер сияқты сотқа жүгінудің заңдық негізі болып табылады. Құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау мақсатында сотқа жүгіну үшін заңдық негіз ретінде қызмет ете алатын құқықтық нормалардың ішінде, Конституция бірінші орында тұрады. Сот жүйесі - мемлекеттің негізін құрайтын, еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси жаңғыруы жолындағы демократиялық даму тетіктерінің бірі болып табылады. Азаматтардың мемлекеттік құқықтық саясатқа қатынасы және қоғам тарапынан билікке сенім білдіру деңгейі сот төрелігін тиімді жүзеге асыруға тікелей байланысты. Пәрменді және тәуелсіз сот билігі мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы үйлесімді өзара байланыстың принципті кепілінің бірі, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың басты құралы болып табылады. Қазақстанның құқықтық дамуының қазіргі сатысында биліктің бөлініс қағидасын толықтай және біртіндеп іске асыру міндеті тұр. Билікті бөлісу демократиялық және құқықтық мемлекеттің басты қағидасы болып табылады
Сот билігі мемлекеттік биліктің бір тармағы, ҚР Конституциясына сәйкес ол, Қазақстан Республикасында сот төрелігін іске асыру функциясын орындайды. Сот билігі біртұтас. Сот билігінің негізгі мақсаты қолданыстағы құқық негізінде дау-жанжалдарды шешуден тұрады. Сот билігі азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген сот істерін жүргізудің өзге нормаларымен іске асырылады.
Мемлекет Басшысы Н.Назарбаев Судьялардың IV съезінде сөйлеген сөзінде сот-құқықтық реформа сот жүйесінің тиімділігіне байланысты түбегейлі проблемаларды шешуді көздейді, бұл мемлекеттің әрі қоғамның басты назарында болуы керек деп атап көрсеткен.
Осыған байланысты сот жүйесінің жаңа түрін қалыптастыру мен құру, соттарға құқықтық мемлекетке тән өкілеттіктерді толық көлемде беру, олардың жоғары әрі жауапты әлеуметтік рөлін нығайту мемлекеттің негізгі саяси басымдығы болды.

1 Қазақстан Республикасында сот төрелігін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың құқықтық негіздерін жетілдіру
1.1 Сот органдары және олардың қызметін жетілдіру жолдары

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақытта Қазақстаңда сот реформасы өте қарқынды жүргізілді. Бұрынғы кеңестер одағындағы мемлекеттермен салыстырғанда еліміздің сот жүйесі адам құқығын, бостандығын қорғауды дүниежүзілік қалыпқа сай жалпы халықаралық демократиялық декларацияларға сай жүзеге асыруда. Мысалы Қазақстанда аса ауыр қылмысқа байланысты істер бұрынғы кеңес одағындағыдай халық заседательдерінің емес алқабилердің қатысуымен қаралуда. Халық өкілдері адам тағдырын шешуге әрине үлкен көмегін тигізуде. Бұл жөнінде Қазақстанның сот тәжірибесі өзге елдерге үлгі көрсетуде. Ресей соттары да біздің алқабилердің құрылысын, ерекшелігін пайдалануға тырысып бағуда. Қылмыстық істер жүргізу заңына сәйкес алқабилер қарайтын істердің тізбегі бар,. және бұл сотталушының өтініші бойынша ғана жүзеге асырылады.
Екінші бір ерекшелік, бізде екі жыл бұрын Британ үлгісіндегі қаржылық сот құрылды. Мұндай сот ТМД елдеріне кіретін бірде-бір мемлекетте жоқ. Бұл экономиканың дамуыңда халықаралық мемлекетаралық қаржы мәселесі бойынша дауларды шешуге машықтанған сот болып табылады. Тағы айта кетер жайт бізде арбитраждық соттар жойылып, арнайы экономикалық ауданаралық мамандандырылған соттар құрылды. Әрі олар бұрынғы арбитражды соттар қараған мәселелерді жаңаша, халықаралық келісімдер мен заңдардың, отандық заңдардың ерекшелігіне байланысты жүзеге асырып жатыр. Жасөспірімдер соты Алматы мен Астанада тәжірибелік негізде құрылды.
Келешекте Президенттің тікелей ақыл-кеңесімен Қазақстанда үш сатылы сот реформасына көшу көзделіп отыр. Демек қазіргі сот құрылысында елеулі өзгерістер болады. Яғни аудаңдық соттар бірінші саты ретінде барлық істерді қарайды. Ал облыстық және оған теңестірілген қалалық соттарда кассациялық және апелляциялық соттар ғана болады. Яғни апелляциялық, кассациялық кәдімгі екі тәсілді сот жүйесі жүзеге асырылады. Ал Жоғарғы сот тек бақылау сатысы болады. Бұл тәсілді енгізу арқылы әділеттілік принципі және сотталған адамдардың сотқа түскен азаматтық даулары бойынша азаматтардың процессуалдық құқығы кеңейтіледі. Олар бірінші саты сосын кассациялық, апелляциялық сотқа, содан кейін бақылау соты - Жоғарғы сотқа шағымдануға құқылы. Мұның өзі соттың халық алдындағы беделін көтереді және сот жүйесінің жауапкершілігін арттырады. Болашақта сот жүйесін одан әрі жетілдіру үшін соттарға көмекші беріп, олардың жалақысы көбейтіледі. Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары сапасы жағынан өте биік. Түркімендер, қырғыздар келіп біздің соттан тәжірибе алмасып қайтты. Сот мамандарын дайындау мәселесі де бізде дұрыс жолға қойылды. Бұлар Ресейдің сотында жоқ. Ресейде Правосудие деген кадрлар дайындайтын институт бар. Оны бітіргендер конкурстан өтіп барып судья болады.
Судьяларға қойылатын талаптар қатайды. Заңда тәртіптік-біліктілік алқаларының өкілдігі едәуір кеңейтілді, енді олар тек тәртіптік істерді ғана емес, судьяларға қойылатын талаптарды орындамаған жағдайда, соның ішінде судья этикасы нормаларын бұзғаны үшін, судьялардың өкілеттіктерін тоқтату мәселесін де қарайтын болды.
Мұндай маңызы зор заң актілері жедел атқарылатын басым заңдардың қатарына жатқызылғаны, Қазақстан Республикасы Президентінің елімізде жүріп жатқан сот-құқықтық реформасына ерекше назар аударып отырғанын көруге болады. Бүл сот беделінің биіктей түсуіне кепілдік береді деген сөз. 2001 жылы 6 маусым күні Астанада болып өткен Қазақстан Республикасы судьяларының кезекті III съезінде сот жұмыстары мен оның ішкі жүйесін одан сайын жетілдіру туралы да келелі ойлар аз айтылмады[40].
Шаруашылық дауларда алқа (присяжный) заседательдерінің міндетін атқаратын мамандардың қатысуымен қаралуы мүмкін. Арнайы білімі бар адамдарды енгізу қажеттілігі қаралатын істердің күрделілігімен және ерекшеліктеріне байланысты белгіленуі тиіс.
Алайда, Қазақстан Республикасында алқалы заседательдер институтын енгізу кешенді талдау мен салмақты көзқарасты талап етеді. Атап айтқанда, қай модельді (континентальдық немесе англо-саксондық) қабылдағаны-мыз жөн деген сауалға жауап беріп көрелік.
Мәселен, Франция мемлекетін алып қарайтын болсақ, бұнда қылмыстық сот ісін үш кәсіпқой судья мен тоғыз алқалы (присяжный) заседательдер (жеребий арқылы таң-далады) қарайды. Шешімді кеңес бөлмесінде, біріккен түрде, судьялар мен алқалы (присяжный) заседательдердің көпшілік даусымен қабылданады. Бірінші сатыдағы өзге соттардың үкіміне қарағанда, бұл соттың үкімі апелля-циялық тұрғыда шағым беруге жатпайды.
Міне, осы жоғарыдағы айтылғандарды ескере отырып, дейді, Қ.Мәми "Біздің құқықтық жүйеге жақынырақ заседательдер сотының континентальдық түрі жатады. Демек, соңдықтанда біз француздардың присяжный сот моделін алғанымыз дұрыс", - деп тұжырымдайды.
2000 жылы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республи-касының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 3-бабының 3-тармағында "мамандандырылған соттар құрылуы мүмкін" екендігі көрсетілген. Міне, осыған байланысты экономикалық соттарды алатын болсақ, сот-құқықтық реформаның екінші кезеңінде экономикалық соттарды құру туралы сөздер көп айтылды. Өйткені, меншік түрлерінің көбейіп, нарықтың бел алуына және ел экономикасын дамытуға шетел инвесторларының көптеп тартылуына байланысты соттарда қаралатын істердің ішінде шаруашылық даулар көп кездесуде. Осыған байланысты арнайы мамандандырылған соттар құру қажеттілігі айқындалды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Президенті 2000 жылы қазан айында кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі республикалық кеңестен кейін шаруашылық және экономикалық дауларды қарайтын мамандандырылған соттарды құру туралы тікелей тапсырма берген болатын. Оны орындау үшін Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет пен Жоғарғы сот Төрағасының тікелей басшылығымен түбегейлі айналысуға берілді.
Экономикалық соттарды құру қажеттігі Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылы 22 қарашадағы "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі екінші мәжілісінің кеңестері мен ұсыныстарын орындау жөніндегі шаралар туралы" № 95 өкімінде көрсетілген еді. Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы қаңтардағы № 535 Жарлығымен байқап көру ретінде Алматы және Қарағанды қалаларында алдымен құрылып, қазіргі уақытта барлық аумақта өз қызметін атқаруда.
Мұндай соттар құрудың негізгі мақсаты отандық кәсіпкерлерімізбен еліміздің экономикалық дамуына үлкен үлес қосып жүрген шетелдік инвесторлардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды неғұрлым жақсарту болып табылады. Өйткені, бұл республикамыздағы бүкіл инвесторлық ахуалға оң ықпалын тигізері сөзсіз. Демек, экономикалық соттар бірінші кезекте ел мүддесін жақтайды.
Сонымен бірге осы Жарлықпен байқап көру ретінде Астана және Алматы қалаларында мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттары құрылды. Қазіргі уақытта бұл әкімшілік соттар барлық аумақта бар.
Мамандандырылған кәмелетке толмаған (ювенальный) соттарға келетін болсақ, қазіргі уақытта ювенальды соттарды құру керек пе деген сұрақ туады, біздің ойымызша ол керек. Өйткені, жасөспірімдердің арасында осы күндері қылмыстар өте көп кездесуде. Демек, Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін өсіп келе жатқан жас буындардың бақылаудан тыс қалғандарын айтуға болады. КСРО кезінде пионерлер, комсомолдар тәрізді жас буынның тәрбиесімен айналысатын жастар ұйымдары болған: пионер отрядтары, пионер лагерлері, ИДК (интернационалды достық клубы), Комсомол комитеті, СҚО (студенттік құрылыс отряды) т.б.
Бұл ұйымдардың қызметінің тоқтауы жастардың бос қалуына әкеліп соқтырды. Осымен бірге бұл жағдайға Қазақстанның жоспарлық экономикадан нарықтық экономикаға көшу факторы да себеп болды, яғни жаппай жұмыссыздық, әлеуметтік қорғанышсыздық көптеген жасөспірімдерді заңды жолмен де, заңсыз жолмен де табыс табу жолдарын іздеуге мәжбүр етті. .
1995 жылы Қазақстанда туризм, спорт және жастар бойынша 70-ке тарта құрылымдар болған, бірақ олардың көпшілігі тек іс жүзінде ғана қызмет етіп, жастар мәселелерімен мүлде айналысқан жоқ. 1997 жылы Ақмола қаласында өткізілген "Жасөспірімдер арасындағы қылмысты профилактикалау мәселелері" атты мәслихат бүл құрылымдардың алдарына қойған міндеттерін көтере алмағандықтарын көрсетті.
Жасөспірімдер, көпшілігі кедей немесе әлеуметтік қорғанышсыз отбасыларынан шыққан жасөспірімдер жұмыстың, спортпен айналысатын жердің немесе ағартушылық бағдарламалардың жоқтығынан, сондай-ақ жасөспірімдер мүдделері бойынша жиналатын жердің болмауынан көшеге шығудан өзге жол көрмеді. Көше жасөспірімдердің темекіні, ішімдікті және есірткілерді татып көріп, бой үйретуіне алып келетіні белгілі. Бұның бәрі олардың көпшілігінің әрі қарай қылмысқа айналып ұлғаятын құқық бұзушылық әрекеттерге баруына әкеліп соқтырады.
1999 жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы жасалған болатын, ол мемлекеттік органдар алдында кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын профилактикалау міндетгерін қойды, бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай кәмелетке толмаған жастар істеген қылмыстар мөлшері өсу үстінде, яғни бұл алдын алу шараларының жеткіліксіздігін көрсетеді. 2000 жылы 834 кәмелетке толмаған жастар сотталды, олардың 26-сы күшейтілген тәртіптегі колонияларда отыр. Бұл кәмелетке толмағандарға қатысты ересектермен бірдей жауапкершілік шарасының қолданылғанын көрсетеді және бүл әрекет дұрыс болып табылмайды. Жас құқық бұзушы жазасын өтеу кезінде ересек қылмыскерлерден бөлек ұсталуға тиіс және оларға қатысты жазалау шаралары жұмсағырақ болуы керек, басқа жағдайда бұл жасөспірімнің бүкіл қоршаған ортаға ызалануына әкеліп соқтырады. Сондай-ақ олардың күшейтілген тәртіптегі колонияда тіс қаққан қылмыскерлерді тәрбиелеуге бағытталған тәртіптерін қабылдауы және оларда да қылмыстық менталитеттің қалыптасуы ол үшін де, қоғам үшін де қауіпті болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 23 тамыздағы № 385 Жарлығына сәйкес, Астана қаласында, Алматы қаласының Әуезов ауданында және Алматы облысының Қарасай ауданында кәмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған ауданаралық соттар құрылды. Соттардың төрағалары тағайындалып, сот құрамдары қалыптастырылды.
Қазақстандағы Ювеналды әділет жобасын іске асыру жөніндегі мемлекеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқару мен басқарушылық шешімдерді заңдылықты қамтамасыз етудегі тәртіптің орнын көрсету
Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін құқықтық реттеудің қазіргі жағдайы
Прокуратура қызметі мен даму тарихы
Мемлекеттік кызметтің түсінігі, мемлекеттік аппаратты жетілдіру жолдары
Мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінің теориялық негіздері
Мемлекеттік басқаруды жетілдіру бағыттары
Қазақстан республикасындағы Президенттік биліктің қалыптасуы мен даму жолдары
МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ
Сот жүйесін реформалау және сот органдары қызметі
Мемлекеттік басқару обьектісі және субъектісі
Пәндер