Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Экологиялық проблемелардың экономикалық аспектілері
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...2-4 беттер
I Экологияның экономикалық мазмұны.
1. Экологияның қысқаша
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...5-9 беттер
1.2. Экономиканың дамуы және экологиялық талап ... ... ... ... ... .9-14
беттер
II Қазіргі ғаламдық проблемалардың экономикалық аспектілері.
2.1. Ғаламдық проблемаларды шешудің басты кілті ... ... ... ... ... .15-
16 беттер
2.2. Экологиялық проблемаларды шешу–интерұлттық міндет ... 16-18 беттер
2.3. Ақпараттық өркениеттіліктің
проблемалары ... ... ... ... ... ... ...18-21 беттер
2.4. Энергетикалық және шикізаттық экологиялық проблемалар –
ды шешудің планеталық
масштабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22-24 беттер
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..25-26 беттер
Қосымша
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 27 беттер

Кіріспе.
Қазіргі кезеңде адамдар мен табиғат арақатынастары жылдан жылға
шиеленісіп барады. Жер жүзіндегі халықтар санының тез өсуі мен
мемлекеттердің жаппай өнеркәсіпті дамыту жолына түсуі бұған себеп болып
отыр. Соның салдарынан табиғат қорларынпайдалану бірнеше есе өсіп,
адамдардың қоршаған ортаға тигізетін зияны үнемі көбейіп келеді. Пайдалы
кендер қорының жақын арада таусылу, өсімдіктер мен жануарлардың кейбір
түрлерінің толықтай жоғалуы қоршаған ортаның шектен тыс ластану қаупі
төнді. Өнеркәсібі дамыған бірқатар елдерде қоршаған ортаның нашарланғаны
сонша енді адамдардың денсаулығына кесірін тигізе бастады.
Міне сондықтан да табиғат қорларына құнтты болу бұзылғандарын қалпына
келтіріп отыру, оларды ұтымды пайдалану, ауаға, жерге, суға, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтардың борышы және
абыройлы міндеті болып саналады.
Табиғаттағы өзгерістер өте баяу жүретін болғандықтан қоршаған ортаға
келген зиян көзге көріне бермейді, бірнеше жыл өткесін ғана біліне
бастайды. Осыған байланысты зиянды өзгерістерді тоқтату үшін алынған
шаралар тым кеш болып нәтиже бермей, болмаса мезгіл өтіп кеткен соң көп күш
, қаржы мен материал жұмсауға тура келеді. Олай болса қолда барды сақтау
мен ұтымды пайдалану – бүгінгі күн талабы екенін есте ұстаған жоқ .
Өкінішке орай, табиғатпен арақатынаста бұл талап ұмыт болып, бүгінгі
пайдаға қызығып, ертеңді ойламайтын болдық.
Адамдардың кінәсінен қоршаған ортаға талай-талай қиянат жасалып келеді,
олардың зардаптары әлемге әйгілі. Мысалы, ХХ ғасырдың ортасында Мәскеулік
білгіштер Каспий теңізінің суы азаймас үшін Қарбұғаз шығанағын топырақтан
бөгет салып теңізден бөліп тастауды ұсынды. Бөгет салушылар теңізді
сақтауды ойлағанымен шығанақтың қоршаған ортаға әсерін ескермеді. Кеуіп
қалған шығанақтан жыл сайын 120-140 миллион тонна шаң мен тозаң, тұз
қалдықтарын жел мен дауыл көтеріп Қазақстан, Түрікменстан, Түркия, Иран,
Қытай, Ресей, Украина тағы басқа елдерге жеткізіп жатады.
Ақылға сыймайтын бұл бөгет экономикаға көп зиян келтірді, шөптің, егіннің
өсімі азайды. Мал өнімдері кеміді, ауыру-сырқау мен өлім-жетім көбейді.
Арада 25-30 жыл өткен соң Каспийдің суы қайта көтеріліп, жағадағы елді
мекендерді, кәсіпорындарды баса бастады. Сөйтіп теңіз суының көбеюі мен
азаюы Қарабұғаз шығанағына байланысты еместігі айқын болды. Ол тек жер
шарының эволюциялық даму заңына тән құбылыс еді. Әрбір 60-70 жылда теңіз
суы көтеріліп немесе төмендеп тұруы ғасырлар бойы қайталанып келе жатқан
құбылыс.
Теңіз суы көтеріле басталысымен бөгетті бұзып Қарабұғазға қайтадан су
жіберілді. Сөйтіп қыруар қаражат пен күш бөгет салуға, оны бұзуға жұмсалып
зая кетті. Міне осылай, табиғат заңдарын білмеу, біле тұра онымен санаспау
бос шығынға ұрындырып, қоршаған ортаға кеселін тигізіп, адамджардың өмір
сүруін қиындататыныны тағы бір рет дәлелденеді.
Осыедай мысалды Арал теңізіне байланысты да келтіруге болар еді мақта
тәуелсіздігіне жетеміз деген ұранмен орта Азия мен Қазақстанда егістік
көлемі ұлғайтылып, көптеген таяз каналдар мен су қоймалары салынды.
Сырдария мен Амурдарияның суы түгелдей мақта суаруға жұмсалды. Сөйтіп
Аралға су келмей, құрғап құруға айналды.
Теңіз суы тартылғасын ондағы балық пен жануаралар дүниесі жойыла
бастады. Жағадағы балықшылар жұмыссыз қалып, туған жерін ата қонысын тастап
басқа жаққа көшуге мәжбүр болды. Сонда ғана Арал апаты туралы айтыла
бастады, ал оған дейін келе жатқан апатты көрмегендей ешкім жұмған аузын
ашқан жоқ.
Теңіз өлуге қалғанда мақта егісін азайтып, таяз су қоймаларын жойып,
аралға құятын су мөлшерін көбейту шаралары алына бастады.
Егер осы шаралар 15-20 жыл бұрын жүргізілсе, мүмкін Арал апаты болмаған
да болр еді.
. Өйткені табиғат пен арақатынас тоқтаса адамдар өмір сүре алмайды,
олардың өмір сүруі мүмкін емес. Қоғам мен табиғат әрдайым қатынаста болып,
бірге өсіп жетіледі. Бірақ сол арақатынас табиғатқа зиянсыз болу қажет.
Адамдар әрқашанда табиғатқа тәуелді, оның байлықтары мен күн көріп,
керегіне жаратады, өкінішке орай, соңғы кезде осы тәуелділікті ұмытып,
табиғатты бағындырамыз деген әуре-сарсаң көбейіп кетті.
Экологиялық негіздерідеп аталған осы еңбекте қоғаммен табиғаттың
арақатынасымен бір-біріне ықпалы теориялық тұрғыдан және нақтылы мысалдар
арқылы сөз болады.

І бөлім Экологияның экономикалық мазмұны
1.1 Экологияның қысқаша тарихы
Экология гректің оіkос – үй ( тұрақ, тұрғылықты жер, баспана ) және
logos – ғылым деген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің дәлме –
дәл мағынасы экология – өз үйіндегі организмдер туралы ғылым дегенді
білдіреді, яғни организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты
немесе олардың бір – бірімен байланысының сипаттамасына ерекше баса назар
аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер
экология – ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып –
үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының
жағдайын, бір – бірімен өзара қарым – қатынастық байланысын зерттейтін
ғылым деп санайды.
Табиғат байлықтарын есепсіз, бақылаусыз жұмсауға болмайтынын, қоршаған
орта бүлініп, істен шығуы оңай екенін адамдар ХХ ғасырдың алғашқы
жылдарынан түсіне бастады. Сол кезден бастап қоршаған ортаны қорғау деген
ұғым пайда болды.
Табиғатты қорғау проблемелары әр елде әр түрлі. Тіпті кейде басқа елдің
іс - әрекетінен де зиян көріп жатады.
Табиғат қорғау арзанға түспейді. Көп қаражат жұмсалатын күрделі
проблемеларды шешу бір елдің қолынан келмейді. Сондықтан, бірнеше мемлекет
қосылып, өзара шарт жасасып, тез уақытта және арзан бағамен сондай –ақ
жұмыстарды орындауға мүмкіндік алады. Сөйтіп, қоршаған ортаны қорғау бір
аймақтық немесе бір елдің проблемесынан көп елге қатынасы бар, халықаралық
проблемаға айналды. Соңғы жылдары көптеген мемлекеттер халықаралық
келісімдерге конвенцияларға, шарттарға қатынасып, табиғатты бірлесіп
қорғауға келісті. Онда өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жойылып кету
қаупі төнген түрін қорғау, теңізден балықпен басқа жануарларды аулау
мөлшері мен мерзімі туралы келісімдерге қло жетті.
Табиғат жағдайын үнемі бақылап отыратын халықаралық ұйымдар мен одақтар
құрылды. Оларға мүше болған мемлекеттер халықаралық ұйым жарғыларын
мойындап, міндетті түрде орындауға келісіді. Жарғы талапта – рын орындамаса
немесе бұзса, жауапқа тартылады. Табиғат байлықтарын қорғау, пайдалану және
қалпына келтіріп отыру жөнінде әр мемлекет өзінің заңдарын қабылдап,
мемлекеттік орындар мен азаматтардың оны толығынан орындауын қатаң
қадағалап отырады. Министрліктер, мемлекеттік комитет – тер, жергілікті
әкімдер заңның орындалуын ұйымдастырушы және бақылаушы ролін атқарады.
Кәсіпорын, ұжым, мекеме баспашыларынан, жеке азаматтардан заң талаптарын
уақытында орындалуын талап етіп, көнбегендерін жаупқа тартады.
Туған табиғатты қорғау мәселелеріне экономикалық мекемелер, құқық қорғау,
орындау орындары және қоғамдық ұйымдар да қатысады. Міне, сондықтанда
табиғат жұмыстары тек мемлекеттің ған міндеті болып қоймау, оған бүкіл
жұртшылдық, барлық азаматтар қатысуы қажет.
Қоршаған ортаны қорғау деген ұғымға табиғат байлықтарын сақтау, ұтымды
айдалану, қалпына келтіріп отыру туралы, ортаның зиянды қалдықтарымен, улы
және басқа да тіршілік үшін қауіпті заттармен ластанбауын қамтамасыз ету
жөнінде қабылданған мемлекеттік заңдар, қаулылар, экономикалық мекемелер,
құқық қорғау және ұйымдардың ережелері мен нұсқаулары, халықаралық және
мемлекеттер аралық келісімдер, конвенциялар, шарттар кіреді.
Мемлекеттің заңдары мен халықаралық шарттарда көзделген табиғатты сақтау
жөніндегі шаралар ортаны қорғау деп аталады.
Қоршаған ортаның күрделі проблемеларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан
ұсыныстар жасайтын ғылым саласы соңғы жылдары экология деп аталады.
Экологияны тек қана табиғаттану ғылымдары қатарына жатқызу дұрыс емес.
Табиғат экономикасын, адамдармен табиғаттың арақатынасын, қоғамның
экономикалық жағдайын зерттейтін ғылым қоғамдық ғылымдар қатарына да
қосылуға тиіс.Біздің планетамызда өмір сүруге қолайлы орта онша көп емес.
Тірі организмдердің және табиғаттың басқа да құрамдары мен арақатынас –
тарын зерттеген кезде экология басқа ғылым салаларымен тығыз байланыста
болады. Зерттеу кезінде биологиялық, техникалық, экономикалық, әсемдік,
көркемдік тағы басқа көптеген мәселелермен айналысады. Тек қана биологиялық
проблемелермен айналысып қоймай, табиғатты қорғаудың және пайдаланудың
әлеуметтік – экономикалық жақтарын да зерттейді.сондықтан экологияны
жаратылыстану саласындағы ғылым немесе биологияның бір тарауы деп қарау
дұрыс болмайды.
Әлеуметтік – экономикалық проблемаларды зерттейтін болғандықтан оны
қоғамдық ғылымдар саласына жатқызуға болады.
Халықтыңсаны өсіп, азық –түлік және энергия қуаты жетпей, қоршаған орта
шектен тыс ластана бастаған соң, экология бұрынғы жаратылыстану бағытына
қосымша экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық бағыт алды.
Қоршаған ортаны танып – білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуының
ақ таңы атқан кезден басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастық қоғамның
өзінде – ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір
аңдардың қарсылығына тап келгеніне белгілі. Оларды адамдар жеке – жеке
емес, бірлесіп, қауымдасып күрескенде ғана жеңе алатындығына, сөйтіп
өздеріне азық етуіне болатындығына көздері жетті. Осылай қай аңды қай
кезде, қандай жерде, қандай қару қолданғанда қолдарына түсіре алатындығын
сезіне бастады. Олардың бұл әрекеттерін біз бүгінде тас бетіне түсірген
суреттерінен жіне археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан,
ағаштан т.б жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз.
Сондай – ақ мұндай деректер ежелгі египет, үнді, тибет, тағы басқа да
мәдениет ескерткіштерінде сақталғаны мәлім. Экологияның элементтері сонымен
қатар көнеден келе жатқан халықтардың эпикалық шығармаларында да кездеседі.
Мәселен, үнділердің Махабхарата жырында ( б. д. д. VI – II ғ.ғ )
табиғаттың дүлей күштері – су тасқыны мен жер сілкінісі туралы деректер
келтіріледі, 50 – ден астам жан – жануардардың аттары аталып, олардың өмір
сүру белгілері сипатталады, тіпті қайсыбірінің санының артуы және кемуі
туралы мәліметтер де беріледі. Вавилонның қолжазбалық кітаптарында жерді
өңдеудің әртүрлі әдістері мен тәсілдері келтіріліп, кейбір мәдени
өсімдіктерді қай мезгілде егудің жолдары көрсетіледі. Ал Қытайдың біздің
дәуірімізге дейінгі ІV – II ғ.ғ хроникаларын- да бірқатар өсімдіктердің
сорттары туралы сөз қозғалып, олардың пісіп – жетілу мерзімдері де айтылды.
Орта ғасырлар дәуірінде табиғатты зерттеу жөніндегі жұмыстар жүргізу
біршама тоқтатылды. Қайта өрлеу дәуіріндегі географиялық жаңалықтардың
ашылуы және бұрын белгісіз болып келген жерлердің елдендірілуі әсіресе
биологиялық ғылымның күрт дамуына кең жол ашты. Нақты материалдарды
жинақтау мен жүйелеп, сұрыптап көрсету сол кезеңдегі жаратылыстану
ғылымдарының басты шартына айналды. Жер шарындағы ауа райының өзгеруі
ондағы тіршілік ететін жан – жануарлардың, өсетін өсімдіктердің әлеміне
әсерін тигізетіндігін, бір сөзбен қорыта айтқанда, қоршаған ортадағы жансыз
және жанды құрауыштардың өзара тығыз байланысты екндігін ХVIII ғасырда
Ресей ғалымдары да өз еңбектеріне өзек етті. табиғаттағы өзгерістер тек
өсімдіктер мен жануарлар әлемінің тікелей қатысуының нәтижесі деп санады.
ХVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында қоршаған ортаның құбылысын
зерттеушілердің саны бірте – бірте арта түсті. Олардың еңбектерінде
экологияның элементтері жиі – жиі кездесетін болды. Ғылымның дамуының
екінші кезеңі ботаникалық – географиялық ірі – ірі көлемде зерттеулерге
ұласты.
Алайда, Экология деген терминді ғылымға алғаш рет енгізу неміс ғалымы
Э. Геккельдің ( 1834 – 1910 ) еншісіне тиді. Ол экологияға төмендегідей
анықтама берді: Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық
білімдерді – жануардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық
ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысатын жануарлармен
және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттерінің бар
жиынтығын зерттеуді түсінеміз .
Экология бастапқы кезде биологиялық ғылымның құрамына еніп, организмдер
мен қоршаған ортаның өзара тығыз байланысын ғана зерттеумен шектелген
болса, қазіргі заманда экологияның шеңбері одан әрі кеңіп, көптеген
ғылымдармен, атап айтқанда, география, геология, агрономия, химия,
архитектура, математика, физика, генетика, медицина, қысқасы ғылымның
барлық салалармен қоян – қолтық араласып кетті.
Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланыс –
тары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер
осында өтеді.
Табиғат байлықтарын есепсіз, бақылаусыз жұмсауға болмайтынын, қоршаған
орта бүлініп, істен шығуы оңай екенін адамдар ХХ ғасырдың алғашқы
жылдарынан түсіне бастады. Сол кезден бастап қоршаған ортаны қорғау деген
ұғым пайда болды
Осылай қазіргі заманғы экология - әмбебап, зор қарқынмен дамып келе
жатқан, біздің планетамыздың барлық тұрғындары үшін іс жүзінде аса зор
маңызы бар іргелі, кешенді ғылым болып саналады. Экология болашақтың ғылымы
және адамдардың өзінің өмір сүруі осы ғылымның тікелей үдемелі дамуына
байланысты болуы да мүмкін деуге жатады.
1.2 Экономиканың дамуы және
экологиялық талап
Қазақстан мемлекеті әлемнің дамыған елдеріндегідей өзінің экономика
салалырын нарықтық қатынастың сұранысы мен талабына сай күрделі қиын
өзгерістерге бағыттай отырып дамытып жатыр. Жер ресурстарының қоры жөнінен
әлемдегі 176 мемлекет ішінен 9 - шы орында, қазба байлықтары жағынан дүние
жүзіндегі ең бай деген 10 елдің ішіне кіреді. Еліміздегі табылған, ашылған,
есептелген қазба-байлығының бағасы 3,7 триллион доллар болып отыр.
Қазіргі кезде барлық аймақтарда жаппай табиғи ресурстарды игеру көрініс
табуда, бұған бергісі Ресей, арғысы Америка, Англия, Жапония, Корея тағы
басқа мемлекеттер инвесторлары қатысуда. Осыған байланысты аймақт арда
табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғай жүйесін
құру қажеттілігі туындап отыр. Бұл проблеманың маңыздылығы уақыт өткен
сайын арта түспек, өйткені шешімін кейінге қалдырға сайын қоршаған
ортамызға әкелетін экологиялық - экономикалық зияны ұлғая түспек.
Нақты деректерге сүйенсек, республикамызда жылдан - жылға қоршаған орта
атмосфера ауасын ластайтын тұрақты өнеркәсіп көздерінің зиянды заттарын
шығаруы ұлғаюда. Еліміз бойынша 1999 жылы айнала ортаға барлығы 2308,6 мың
тонна зиянды заттар шығарылды: соның ішінде 641,1 мың тоннасы қатты заттар,
газ тәрізді және сұйық заттар – 1667,5 мың тонна, олардың 943,5 мың тоннасы
күкірт ангидриді, 151,4 мың тонна азот тотығы, 397,7 мың тонна көміртегі
тотығы, 6,9 мың тонна аммиак тотығы. Ал 2000 жылы барлығы – 2429,4 мың
тонна, яғни 5,2 пайызға өскен, ал қатты қалдықтар 4,3% артқан, газ және
сұйық заттар 5,6 пайызға көьейген, сонымен қатар олардың құрамындағы
элементтер көлемінің де ұлғайғандығын көреміз. 2001 жылы тұрақты ластау
көздерінен қоршаған табиғи ортаға 2583 мың тонна зиянды заттар тасталынды.
Еліміздің әрбір тұрғынына 170кг зиянды өндіріс қалдығы келеді.
Жоғарыда келтірілген зиянды заттар әсерінен қоршаған табиғи орта тепе -
теңдігінің бұзылуының зардабы сол аймаққа экологиялық - экономикалық өмір
сүру деңгейінің төмендеуіне тікелей әсер етуде.
Экологиялық қатердің негізгі бақылауы мынада:
- экологиялық апат аймақтары аумағының жылдан жылға ұлғаюы. Қазіргі
кезде олардың аумағы еліміздің 7 - 8 миллион халқы тұратын 60 - 65%
территориясын алып жатыр. Бұл облыстардың экономикасының дамуы
қазіргі кезде экологиялық - экономикалық қиындықтар туғызып отыр;
- адамдардың тіршілік жасайтын ортасының сапасының нашарлауы (тұрақты)
өмір сүру деңгейін төмендетіп қоймай, оларды қосымша шығындар
шығаруға мәжбүр етеді.
- өнеркәсіптің барлық жетекші салаларында өндірістің негізгі қорларының
тозуы салдарынан технологиялық жарылыстардың саны өсті. Экологиялық
жағынан зиянды жылына бірнеше миллион теңгеге жетіп отыр;
- радиоактивті зоналар аумағы жылдан жылға ұлғая түсуде;
- су сапасының нашарлауы, яғни Қазақстандағы жер бетіндегі су
көздерінің 65% астамының сапасы сын көтермейді. Жер асты сулары да
ішуге дарамсыз болып қалуда;
- ауа бассейнінің құрамының өзгеруі де адамдар денсаулығына жағымсыз
зардаптарын тигізуде;
- қалпына келетін табиғи ресурстардың тозуға ұшырауы топырақтың
құнарлығының төмендеуіне әкеліп соғуда. Соның салдарынан егістік
жерлердің көлемі жылдан жылға қысқаруда. Бұл егістіктен алынатын
өнімнің көлеміне тікелей әсер етуде, жылына бірнеше миллион теңгенің
азық - түлігін ала алмаудамыз;
- қазба байлықтарды игеруде пайдаланылатын технологияның жетілдірілмеуі
мен экологиялық тәртіптің сақталмауынан ауыл шаруашылығына қажетті
жерлер айналымнан шығып қалуда;
- азық - түлік тағамдардың әртүрлі химикаттармен шамадан тыс ластануы,
құрамында нитраттар, ауыр металдар, қоспалар т.б. адам денсаулығына
өте зиянды заттардың болуы өнімдерді пайдалануға жарамсыз болып
қалуына тікелей әсер етуде. Сонымен қатар, елімізге шет елден келіп
жатқан тағамдардың құрамында табиғи емес, жасанды бояғыш заттардың 50
пайыздан асуы;
- территорияларды өнеркәсіп, үй - тұрмыстық және ауылшаруашылық
қалдықтармен ластау қауіпті сипат алуда;
- табиғат қорғау шараларын жеткіліксіз қаржыландыру жаңа әлемдік
деңгейге сай келетін қоршаған ортаны қорғау жабдықтарын орнатуға
мүмкіндік бермеуде.
Ел экономикасын нарықтың заңдылықтарына бейімдей отыра дамыту кезіңде
экологияның қатаң талабына жауап беретіндей ретпен, қоршаған ортаның тепе -
теңдігіне нұқсан келмеуін көздеуіміз керек, одан басқа мүмкін дұрыс жол
жоқ..
Болашақта Қазақстанда экологиялық жағдайдың дамуының екі жолы бар:
егер экономикамыздың салалар құрылымы өзгеріске ұшыраса, ауыл шаруашылығы
және тұрмыстық қызмет көрсету басымдылықпен дамыса. Ресурстарды үнемдейтін
және экологиялық зиянды емес технология кең түрде енгізілсе, таза табиғат
ортасы қалыптасуы мүмкін және экологияның шиеленіскен жағдайының деңгейі
төмендейді. Егер шаруашылықтың дамуының қазіргі қалыпты жағдайы өзгермейтін
болса, онда экологиялық апат аймақтары аумағының Қазақстан территориясы
бойынша жылжуы тез арада арта түспек. Бұл дегеніміз – келесі 10 - 15 жыл
көлемінде еліміздің көп бөлігі экологиялық апат аймағына айналуы мүмкін.
Жүргізілген экологиялық - экономикалық талдаулар көрсеткендей, өнеркәсіп
орындарындағы қоршаған ортаға зиянды заттарды көптеп шығарудың себептері
тек өндіріс орындарын салу кезіндегі құрылыстағы жіберілген конструкциялық
кемшілік, жобалаудың экологиялық сараптан өтпеуі, өндіріс орындарында
салынған сүзгіш қондырғылар технологиясының жетілдірмеуінен емес, сондай -
ақ өндіріс процесі кезінде технологиялық тәртіптің сақталмауы және
жұмысшылар мен қызметкерлердің өзінің өндірістік қызметіне немқұрайлы
қарауынан болады. Қоршаған ортаны қорғау проблемасын шешуде импорттан
келетін экологиялық таза тауар мен технологияға еркіндік беру керек. Шет ел
тәжірибесі көрсеткендей, осындай саясаттың экологиялық шиеленісті шешуде
маңызды роль атқарғанын көреміз, яғни Қазақстан экономикасы үшін
экологиялық таза технология мен қызмет пайдалы болмақ.
Қазіргі жағдайда Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі өзара байланысқан
екі мақсатты шешуді талап етеді: біріншіден, нарыққа өтер кездегі өмір сүру
деңгейін сақтау, екіншісі - әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты
жағдайын қалыптастыру. Осы жерде экология мен экономиканың байланысына
тоқталу қажет. Елімізде болып жатқан экономикалық дағдарыс экономика
салаларын нарыққа өтуге итермелейді.
Еркін нарық экономикасы жағдайында экологиялық жағынан зиянды тауар
шығару мен технологияны пайдалану әрбір кәсіпкер үшңн тым қымбатқа түстеін
уақыт жетті. Еліміз құқықтық мемлекет құруда, бұрынғыдай табғи қоршаған
ортаны ластау арқылы тауар шығару мүмкіндігі болмауы тиіс.
Әлемнің дамыған елдерінде қоршаған орта жағдайын қорғауға арналған
табиғат қорғау шаралары мен экологиялық бағдарламаларды қаржыландыруды
федеральдық және аймақтық деңгейде өкімет тікелей қамқорлыққа алып, бақылап
отырады. Мысалы, Жапония елінде қоршаған ортаны қорғау шараларына
қаржыландыру мақсатында жылына мемлекет деңгейінде 2 - 3%, префектура
деңгейінде 5 - 6% қаржы бюджеттен бөлініп отырады. Экологиялық қауіпсіздік
– бұл егеменді еліміздң ұлттық қауіпсіздігі екенін естен шығармауымыз
қажет. Үкіметіміз кейінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық жүйелер туралы
Экологияның қалыптасуы және даму тарихы
Экология – организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін іргелі жаратылыстану пәні
Экология даму тарихы
Экологиялық жүйе
Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Химиялық экология
Химиялық экология пәні, қысқаша даму тарихы
Экологияның қалыптасуы және дамуы
Экология ғылымының қалыптасуы, тарихи кезеңдері
Пәндер