Азаматтық қорғаныс пен шаруашылық объектілері


Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Төтенше жағдайлар жөніндегі ҚР министрлігінің құрылымы»
Жоспар
Кіріспе бөлім . . . 3
І Бөлім. ТЖ жөніндегі ҚР Министрлігі мен құрылымдық аумақтық органдары . . . 6
1. 1 Азаматтық қорғаныс пен шаруашылық объектілері . . . 6
1. 2 ТЖ жөніндегі ҚР Министрлігі, оның мақсаты, құрамы және құрылымдық аумақтық органдары . . . 6
1. 3 ТЖ жөніндегі ҚР орталық атқарушы органның
өкілеттегі . . . 8
1. 4 Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия . . . 9
1. 5 «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы . . . 10
1. 6 АҚ-ны ұйымдастыру принциптері мен тәртіптері . . . 12
1. 7 АҚ және ТЖ басқару органдары мен қызметтері . . . 12
ІІ Бөлім. Халықтың тіршілігін қамтамасыз етуінің құрылымдық міндеттері . . . 14
2. 1 Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау . . . 14
2. 2 Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге орны мен міндеттері . . . 14
2. 2 Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге орны мен міндеттері . . . 15
2. 3 Шаруашылық объектісі Азаматтық қорғанысының ұйымдық құрылымы . . . 16
2. 4 АҚ құрамалары, оның мақсаты мен құрылы тәртібі . . . 17
2. 5 Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар . . . 20
Қорытынды . . . 25
Қолданылған әдебиет . . . 26
Кіріспе
«Тіршілік кауіпсіздігі» - адамның төтенше жағдай кезіндегіөмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс үстеу әдістерін, табиғи және техногедік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданалуы мәселерін зерттейді.
Пәнде мынадай мәселердің жәй-күйі мен жағымсыз факторлары қаралады:
- тіршілік ортасының жәй-күйі мен жағымсыз факторлары қаралады;
- адамның тіршілік ортасымен қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамсыздандыру принциптері, физиология негәздері және оның қызметінің қолайлы жағдайлары;
- жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерінің-анатомиялық факторлары, оларды біргейлестіру принциптері, техниқалық қуралдар мен техникалық процесстердің кауіпсіздігін арттыру;
- шаруашылық объектелерінің төтенше жағдайдағы жұмыс үстеу тұрақтылығын зерттеу әдістері;
ТЖ мен оның салдарын болжау;
- Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметкерлерінің қорғау және ТЖ салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу;
- тіршілік қаупсіздігінің нормативтік-техниклық және ұйымдық негіздері.
Курстың негізгі мақсаты-төмендегі мақсаттарды шешу үшін қажетті теориялық білімдер мен практикалық іс-әрекеттер көлемін студенттердің игеруіне жәрдемдесу:
- еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасау;
- адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу, оны іске асыру;
- техниканы, технологиялық процестер мен шаруашылық объектілерін қауіпсіздік және экологиялық тәртіптеріне сәйкес пайдалану;
- шаруашылық жүргізуші және техникалық жүйе объектілерінің дағдылы мен төтенше жағдайдағы жұмыс істеу тұрақтылығы;
- төтенше жағдай салдарын болжау және бағалау;
- халықты, өндіріс қызметкерлерін, авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуынан қорғау жөніндегі шешімдерді және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау.
«Тіршілік қауіпсіздігі» курсының көлемі гуманитарлық жоғары оқу орындары үшін кемінде 70 сағат, ал техникалық және ауылшаруашылық жоғары оқу орындары үшін кемінде 50 сағат белгіленген.
«Тіршілік қауіпсіздігі» курсы жоғары оқу орындарының жоғары курстарында оқытылады.
Курсты игеру барысында шәкірт мынаны білуге тиіс:
- омір сүру ортасындағы адам қауіпсіздігінің теориялық негіздерін;
- тіршілік қауіпсіздгінің құқықтық және нормтивтік техникалық негіздерін;
- жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға анатомиялық-физиологиялық салдарын;
- ТЖ-да шаруашылық оъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін арттыратын жолдар мен әдістерді;
- төтенше жағдайды болжау оның салдарын жою әдісстерін.
Шәкірт:
- ондірістік қызметтің қауіпсіздігі мен экологиялығын арттыру әзірлейді;
- шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметтің тұрақтылығын арттыру жөніндегі шараларды жоспарлау мен іске асыруды;
- төтенше жағдайларда халық пен өндірістік қызметкерлерді қорғау жөніндегі шараларды жоспарлай алуды білеу қажет;
- ТЖ салдарын жою кезіндегі құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысұға тиіс.
Студенттерлердің «Тіршілік қауіпсіздігі » курсының бағдарламасының білуінің төтенше жағдай мен Азаматтық қорқаныс (АҚ) саласында барлық нысындағы шаруашылық объектілері мен ұйымдардың болашақ мамандарын даярлау ісінде үлкен маңызы бар.
«Тіршілік қауіпсіздігі» - адамның өмір сүру ортасымен қауыпсіз мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногенддік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені .
І Бөлім. ТЖ жөніндегі ҚР Министрлігі мен құрылымдық аумақтық органдары
1. 1 Азаматтық қорғаныс пен шаруашылық объектілері
Азаматтық қорғаныс - бұл басқару орындарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт соғыс уақытында халықты шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.
Шаруашылық объектілері - өнеркәсәптік, ауылшаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары пайдаланылатын тәртіптер мен нормалар негізде іс-әрікет ететін адамдар ұжымы.
Ұйым - бағдарлама немесе мақсатты бірігіп жүзеге асырушы жәнә белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрікет жасайтын адамдар тобы.
1. 2 ТЖ жөніндегі ҚР Министрлігі, оның мақсаты, құрамы және құрылымдық аумақтық органдары
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу мемлекеттіғ негізі міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларының құрамдас бөлігі. ТЖ-ны ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР Заңындабелгіленген.
ҚР АҚ-ға жалпы басшылықты ҚР Премьер-Министрі -Азаматтық қорғаныстың бастығы жүргізеді.
ҚР Азаматтық қорғаныста тікелей басшылық ТЖ жөніндегі ҚР Агентігіне жүктелген.
ТЖ жөніндегі ҚР Агенттігі ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін, сала аралық үйлестіруді, сондай-ақ табиғи және техногендік сипатты ТЖ-ны ескерту мен жою, ҚР Азаматтық қорғанысы, өртқауіпсіздігі, өнеркәсіп жұмысының қауіпсіз жүргізілуі тау-кендек бақылау саласында арнайы атқарушы және рұқсат ету міндеттерін жүргізетін орталық атқарушы орган болып табылады.
Агенттіктің орталық аппараты департаменттер мен құрылымдық бөлімшелерден тұрады.
Департаменттер тізбесін ҚР Үкіметі бекітеді. Департаментті директор басқарады.
Қазіргі уақытта Агенттік құрамына мына департаменттер кіреді:
- Төтенше жағдайларды ескерту департаменті;
- Жедел іс-әрікет департаменті;
- Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер департаменті;
- ТЖ техникалық және тау-кендек бақылау жөніндегі департамент.
Ұйымдастыру- бақулау және кадр жұмысы департаменті Агенттік аумақтық органдарының басшыларын, олардын орынбасарларын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдерімен келесе отыраАгенттік төрағасы тағайындайды.
Агенттік төраға, оның орынбасарлары, департамент директорлары, Агенттік пен оның ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары құрамындағы алқа құрылады.
Агенттік құрамына орталық аппараттан басқа аумақтық органдар кіреді:
- облыстық басқармалар (инспекцияларды қоса алғанда) ;
- қалалық басқармалар (Астана, Алматы, Қарағанды қалалары) ;
- аудандық бөлімшелер, соңдай-ақ Агенттік ведомстволық бағыныстағы ұйымдар;
- біліктілікті көтеретін Республикалық курстар;
- Республикалық дағдарыс орталығы;
- Республикалық ақпараттық-техникалық орталық;
- химиялық-радиациялық лабораториялар;
- Республикалық жедел-құтқару отрядтары;
- Облыстық жедел-құтқару отрядтары;
- АҚ әскери бөлімдері;
- мемлекеттік өрттен қорғау қызметтерінің бөлімшелері;
- «Қазселден қорғау» Республикалық кәсіпорны.
1. 3 ТЖ жөніндегі ҚР орталық атқарушы органның өкілеттегі
Төтенше жағдайлар жөніндегі ҚР Агенттігінің;
- Агенттік құзыретінің саласын реттейтін заңнаманың сақталуына бақылау жасауға;
- Үкімет құрамында кірмейтін министірліктерге, орталық атқарушы органдарға, жергілікті атқарушы органдарға, жергілікті атқарушы органдарға табиғи және техногендік сипатты ТЖ салдарын ескерту мен жою жөнінде нұсқаулар беруге;
- өз құзыретінің шегінде Азаматтық қорғанысты даярлау және мәселесі бойынша шешім қабылдауға;
- ҚР Үкіметіне ТЖ аймағындағы авария, апат, зілзала, салдарын жою,
- қоғамдық тәртіпті сақтау мен объектілерді қорғауды қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарының, Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен құрамаларын, басқа әскерлер мен құрамалдардың күштері мен құралдарын тарту туралы ұсыныс еңгізуге;
- өз құзыретінің шегінде аттестация жүргізуге, лицензиялау мен сертификаттауды жүргізуге, сондай-ақ тиісті жұмыс түрлерін жүргізу үшін рұксат беруге;
- оюъектілердің жұмысын доғаруға немесе тоқтауға, адамдардың өміріне қауіп төнгенде немесе төтенше жағдай туындаған кезде көшіру шараларын жүргізуге;
- егер объектілік кәсіби авариялық-тұтқару қызметтері мен құрамалардың даярлығы мен жәй-күйі белгіленген нормативтерге сай келмеген жағдайда ұйымдардың қызметін толық немесе ішінара тоқтауға;
- бүкіл республика аумағына бірінғай радио жиіліктері белдеуін;
- ТЖ-ны ескерту және жою жөніндегі мәселелері бойынша журналдар, режимдік анықтамалықтар, бюллетендер мен өзге де басылымдар шығаруға құқығы бар.
1. 4 Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық
мемлекеттік комиссия
Төтенше жағдайлар жөніндегі ведоствоаралық мемлекеттік комиссия турақты жұмыс істейтін орган. Комиссияның мақсаты:
- төтенше жағдайдағы ескерту және іс-әрікеттер жөніндегі жүйені құрыды және қамтамасыз ету;
- орталық, жергілікті атқарушы органдарының және шаруашылық объектілерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдан сақтандыру, болдырмау, ауыртпалағын төмендету және жою жөніндегі қызметін үйлестіру және бақылау;
- төтенше жағдау кезінде құтқару-іздестіру және авариялық құтқару қызметтерін, құралдарын және халықтың тіршілік жүйесін құру.
1. 5 «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда қабылданды. Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысың негізі міндеттерін, құрылу және жұмыс істеу принципін, орталық жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, ұйымдардың өкілеттігін және Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтады.
Халық пен шаруашылық объектілерінің қорғау АҚ-ның бірінші кезектегі міндеті және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезіндігі залалды азайту мақсатында халықтың іс-әрікеттері мен шаруашылық объектілерін және аумақты өз уақытында дайындаудың тиімді әдістерін ғылыми түрде анықтау негізінде жүргізіледі.
АҚ-ның негізі міндеттері:
- басқару, хабарлау және байланыс жүйесін ұйымдастыру, дамыту және тұрақты әзірлікпе ұстау;
- АҚ куштерін құру, оларды даярлау және ТЖ кезіндегі іс-әрәкетке тұрақты әзірлікте ұстау;
- орталық, жергілікті және атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметкерлерінің дарлау және халықты үйрету;
- радиациялық, химиялық және бактериологиялық (биологиялықҚ ахуалды қадағалау мен лабораториялық бақылау;
- АҚ әскери құрамаларының жұмылдырушылық даярлығын қамтамасыз ету;
- шаруашылық салалары мен объектілерінің тұрақты жұмысын арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу;
- қорғаныс ғимараттарының қажеті қорын, жеке қорғаныс құралдарын және АҚ-ның өзге бөлігінің жинау және өзірлікте ұстау;
- халықты, орталық, жергілікті және атқарушы органдарды адамдардың денсаулығы мен өміріне төнген қауіп пен қалыптасқан жағдайдағы іс-әрікет тәртібі туралы құлақтандыру;
- құтқару-іздестіру және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілік қамын ұйымдастыру және оларды қауіпті аймақтан алып кету;
- азық-түлікті, су көздерін тамақ шикі затын, жемді, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиактивтік, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) зақымдаудан, эпизоотия мен эпифотиядан қорғау.
1. 6 АҚ-ны ұйымдастыру принциптері мен тәртіптері
Азаматтық қорғаныс республикасының бүкіл аумағында аумақтық- өндірістік принцип бойынша ұйымдастыралы.
АҚ шараларын орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдары, ҚР жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен күштері, ҚР азаматтары жүргізеді.
АҚ-ға даярлық пен жөніндегі шараларды жүргізудің тәртібін, көлемі мен мерзімі ҚР Үкіметі анықтайды.
АҚ шараларын кешенді және саралай жүргізу мақсатында маңыздылық деңгейін ескере отырып, ҚР Үкіметіне анықтаған тәртіппен қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттраға жатқызу жүргізіледі.
АҚ шараларын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жауапкершілік орталық, жергілікті атқарушы органдар мен меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар басшыларына жүктеледі.
1. 7 АҚ және ТЖ басқару органдары мен қызметтері
АҚ шаралардың орындауы қамтамасыз ету үшін мына органдар құралады:
- ТЖ жөніндегі ҚР орталық атқарушы органы мен оның құрылымдық аумақтық органдары;
- орталық және жергілікті атқарушы органдардың АҚ бөлімдері
- ұйымдарда АҚ штабтары немесе АҚ бастығына тікелей бағынатын АҚ мен ТЖ жөніндегі босалқы мамандар.
ТЖ басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары лауазым бойынша АҚ тиісті орынбасарлары болып табылады.
АҚ арнайы шараларын орындауды және осы мақсаттағы күш пен қуралды даярлауды қамсыздандыру ушін республикалық, облыстық, аудандық, қалалық АҚ және ТЖ қызметтері, сондай-ақ қажет жағдайда АҚ бастығынтікелей бағынатын ұйымдардың АҚ және қызметтері құрылады.
АҚ және ТЖ қызметтері ҚРҮкіметінің қаулысымен, облыс қала, аудан әкімдерің, ұйымдар басшыларының шешімдерімен құралады.
АҚ және ТЖ республикалық қызметтерінің тізбесін ҚР Үкіметі анықтайды. Олар туралы ережені ҚР орталық атқарушы органы бекітеді.
АҚ және ТЖ нүктелерінің, күштері мен құралдарының, қызметтерінің әзірлігі жөніндегі жауапкершілік олардың негізінде құрылған орталық, жергілікті атқарушы органдар мен меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар басшыларына жүктеледі.
Орталық, жергілікті атқарушы органда мен ұйымдарда АҚ көшіру, көшіру-қабылдау комиссиялар қарылады.
ІІ Бөлім. Халықтың тіршілігін қамтамасыз етуінің құрылымдық міндеттері
2. 1 Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау
Бейбіт уақытында және дау шабуылы қауіпті кезінде төнген қауіп туралы халыққа дер кезінде және сенімді хабарлауды, сонда-ақ халыққа жағдай туралы хабарлау мақсатында олардың назарын удару үшін электр сиреналары мен өндірістік гудоктар және «Баршаныздың назарыңызға!» АҚ ескерту берілгендігіне өзге құралдар қосылады. Осы дабыл бойынша радионы, радио мен телевизиялық хабарлау қабылдағыштарын қосып ТЖ жөніндегі басқарманың (бөлімінің) шұғыл хабарын тыңдаған соң, берілген ақпаратқа сәйкес іс-әрікет ету керек.
Соғыс уақытында жау шабулуы мен әуе радиациялық, химмиялық және бактериологиялық қауіп төнген кезде де «Баршаңызды назарыңызға»!
2. 2 Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге орны мен міндеттері
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы халықты экономиканы, республика аумағы осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ зілзадан, ірі авария мен аппатан қорғау мақсатындағы жалпы мемлекеттік шараларының құрамдас бөлігі болып табылады.
Азаматтық қорғаныстың рөлі мен орны елдің геосаяси жағдайын, шектес мемлекеттермен және алып державаралармен саяси қарым-қатынасының жәй күйін, экономикасының даму деңгейін, әскери доктрина мен әскери іс саласындағы мемлекеттік саясатын анықтайды.
Азаматтық қорғанысқа төтенше жағдайда халықтың тіршілігін ұйымдастыру үшін бірінші кезкетегі міндет жүктеледі.
Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдайда халықтың қамтамасыз етуге негізгі міндеттері «Азаматтық қорғаныс тұралы» Қазақстан Республикасының Заңында анықталған.
Азаматтық қорғаныс шараларын барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер, меншіктің барлық нысанындағы объектілер орындауға міндетті. Оған барлық халық, оның ішінде оқушылар мен студенттер белнесе қатысады.
2. 3 Жоғары оқу орындарының азаматтық қорғанысын ұйымдастыру
ЖОО Азаматтық қорғаныстың бастығы - ректор. Ол Азаматтық қорғаныстың ұйымдастырылуы мен жәй күйіне, оныңң күштері мен құралдарының құтқару және өзге шұғыл жұмыстарды жүргізуге тұрақты даярлығына, сондай-ақ профессор-оқытушы құрамының, студенттер мен қызметкерлердің тосын жағдайларды іс-әрікетке икемділігі үшін жеке жауап береді.
ЖОО Азаматтық қорғанысы бастығының бұйрығымен АҚ штабы және АҚ мен ТЖ қажеті қызметтері құрылады. АҚ мен ТЖ қызметтері ЖОО ректоры басшы құрам қатарынан тағайындаған бастықтар жүргізеді. Олар өз міндеттері негізі міндеттерімен қоса атқарады. Көшіру комиссиясының төрағасы болып проректорлардың бірі тағайындалады.
2. 3 Шаруашылық объектісі Азаматтық қорғанысының ұйымдық құрылымы
Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудағы жүйеде негізі буын болып табылады шаруашылық объектілері маңызды орын алады. Шаруашылық объектілеріне АҚ барлық шараларының негізі қаланады, мұнда соғыс уақытында жұмысшылар мен қызметшілерді қорғау, объектілер жұмысының тұрақтылығы н қамсыздандыру, құтқаружәне өздеге кешенді шаралар жүргізіледі.
Негізгі қамтамасыз етуші құрамалар шаруашылық объектілерінде Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жәй күйі үшін Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңында сәйкес жауапкершілікті оның бірінші бастығы көтереді, ол объект Азаматтық қорғанысының бастығы болып табылады.
АҚ шараларын өткізу жөніндегі оның бұйрықтары мен өкімдері барлық лауазымды тұлғалар үшін міндетті.
Объект Азаматтық қорғанысы бастығының жанынан АҚ мәселесі бойынша объектегі бүкіл практикалық қызметі ұйымдастыратын АҚ -штабы -АҚ бастығының басқару органы құралады. Ол объектінің көлемі мен маңызылығына байланысты АҚ штаттық қызметкерлірінің және негізі міндеттерінен босатылмаған лауазымды тұлғалар есебінен жасақталады. Штаб өз жұмысын объект АҚ бастығының шешімдері негізде ұйымдастырып жүргізеді.
АҚ-штабының бастығы объект АҚ бастығының орынбасары болып табылады. Оған АҚ бастығының атынан объектідегі АҚ мәселесі бойынша бұйрық пен өкім шығару құқығы беріледі.
Шаруашылық объектілерінде АҚ мен ТЖ хабарлау және байланыс, авариялық-техникалық, инженерлік медициналық, медициналық, өрттен қорғау, қоғамдық тәртіп сақтау жәнебасқа қызметтері құрылуы мүмкін. Айылшаруашылығы өндірісі объектілерінде бұлардан басқа ауылшаруашылығы хайуанаттары мен өсімдіктерін қорғау қызметі құрылады.
Қызметтердің мақсаты-құтқару және өзге де шұгыл жұмыстарды жүргізу үшін қажеті күш пен құралдарды даярлау және күштердің аталған жұмысты орындауына басшылық ету.
2. 4 АҚ құрамалары, оның мақсаты мен құрылы тәртібі
АҚ құрамалары соғыс және бейбіт уақыттағы төтенше жағдай кезіндегі авариялық-құтқару және өзге де шұғыл жұмыстырды жүргізу үшін құрылған.
АҚ құрамалары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда облыстарда аумақтық-өндірістік принцип бойынша құралады және аумақтық және объектілік болып бөлінеді.
Аумақтық құрамалар аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады және тиісті АҚ бастығына бағынады. Аумақтық құрамаларды құру базасы шаруашылық объектілері, ұйымдар болып табылады.
Объектілік құрамалар тұрғылықты жері бойынша меншіктін нысанына қарамастан ұйымдарда құрылады және әдеттігідей олардың мүддесіне пайдалынылады. Жергілікті атқарушы шешімі бойынша объектілік құрамалар тиісті аумақтың мүддесіне орай міндетті орындар үшін тартылуы мүмкін.
АҚ құрамаларын құру принципі, ұйымдық-штаттық құрылымы, оларды жеке құраммен жасақтау және материалдық-техникалық мүлікпен жабдықтау Азаматтық қорғаныс бөлімшелері туралы ережлерде мазмұндалған.
АҚ құрамаларының құрамы мен саны соғыс және бейбіт уақытындағы төтенше жағдайда халықты, аумақ пен ұйымды сенімді қорғауды қамтамасыз ететін жеткілікті қажеттілікті ескере отыра алдағы авариялық-құтқару жұмыстарының қөлемі болжамдар негізінде анықталады.
Жерсілкісіне ұшыраған ҚР аймақтары үшін АҚ құрамаларды кемінде он адамға бір құтқарушы, ал су тасқынына, өртте және басқа алапатқа ұшыраған өнеркәсіп аймағы үшін 15-20 адам үшін бір құтқарышыны есептей отырып даярланады.
АҚ құрамалары құрылатын ұйымдардың басшылары кәсіби даярлық, қазіргі техникамен, қондырғымен, жарақпен жабдықтау және оларды іс-әрікетке даярлықта ұстау үшін жеке жауап береді.
АҚ құрамалырының негізі түрлері:
- құтқару құрамалары -барлау, іздестеру және зардап шеккендерді үйінділерден шығыру алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін және құрама құтқару отрядынан, құтқару командасынан немесе адамдарды іздестіру тобынан, барлау тобынан тұрады;
- инженерлік құрамалар - инженерлік барлауды жүргізу, үйінділерде жол өткел жасау, оның ішінде су кедергілері арқылы өтетін аспа жол жасау, үйінді астындағы ғимараттарды ашу, бұліншілік ауданында өзге инженерлік жұмыстарды жүргізу үшін құрылады және инженерлік, жол-қөпір командасынан, қопару жұмыстары тобынан, инженерлік барлау тобынан тұрады. Инженерлік құрамалар жұмысты жеке орындауды қамтамасыз ететін техникамен және қондырғымен жабдықталады.
- АҚ және ТЖ қызметтерінің құраламалары-халықтың іршілігін қамсыздандыру, авариялық-құтқару және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, құтқару құрамаларын күшейту мен олардың әс-әрікеттерін жан-жақты қамсыздандыру үшін құрылады және медициналық, байланыс, қоғамдық тәртіп сақтау, өрттен қорғау, авариялық-техникалық, материалдық қамсыздандыру, көлік, өсімдіктер ме хайуанаттарда қорғау болып бөлінеді.
Республикалық жедел-құтқару отряды баруы қиын адандарда өте күрделі объектілерінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерде шұғыл қөмек көрсету үшін құрылады. Отряд даярлығы жоғары құрама болып табылады және ҚР Үкіметінің шешіммен құрылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz