Тәуелсіз Қазақстанның мұрағаттар тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-6

1. Қазақстанның алғашқы мұрағаттары

1.1. Қазақстандағы кеңестік мұрағаттық ұйымдар

1.2. Қазақстандағы кеңестік дәуіріндегі өлкелік мұрағаттық қорлар

2. Тәуелсіз Қазақстанның мұрағаттар тарихы

2.1.Қазақстан мұрағатының тағдыры

2.2.Қазақстан мұрағаты даму жолында

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...24

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .25-27

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы мұрағат ісінің Қазақстанда
құрылуы.Мен курстық жұмысымды екі тарауға бөліп, әр тарауға кеңінен түсінік
беріп өттім.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы алғашқы құрылған мұрағаттар жүйесін
Кеңестік дәуірдегі Қазақстанның мұрағаттарымен салыстыра отырып
айырмашылығын ашып көрсету.
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстандағы мұрағат жүйесінің
құрылуын,қалыптасуын, дамуын қарастыру, Қазақстандағы мұрағат ісінің
құрылу жүйесі жайлы зерделеу.
Зерттеу объектісі – Кеңестік дәуірден бастау алған Қазақстанның мұрағат
жүйесінің құрылуы.
Бірінші тарауды Қазақстанның алғашқы мұрағаттары деп алып, Қазақстандағы
кеңестік мұрағаттық ұйымдар, Қазақстандағы кеңестік дәуіріндегі өлкелік
мұрағаттық қорлар деп екі бөлімге бөліп жалпы Қазақстанда құрылған
алғашқы мұрағаттар туралы қарастырдым.
Екінші тарауды Тәуелсіз Қазақстанның мұрағаттар тарихы деп алып,
Қазақстан мұрағатының тағдыры, Қазақстан мұрағаты даму жолында деп
екі бөлімге бөліп, мемлекеттік мұрағат құжаттарының тарихилығын атап
өттім. Курстық жұмысымда Қазақстан мұрағатының даму, өркендеу тарихы
күрделі кезеңдерді бастан кешіргендігін, Қазақстан мұрағатының қалыптасу
тарихын бұрынғы КСРО мұрағатының даму тарихынан бөле қарауға
болмайтындығын, мұрағат ісі ғылым, мәдениет және басқару аппаратының
бөлінбес бөлігі екенін көрсетіп өттім.

1. Қазақстанның алғашқы мұрағаттары

1.1. Қазақстандағы кеңестік мұрағаттық ұйымдар

Қазақстан Республикасының "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы"
заңында "Қазақстан Республикасының Ұлттық, мұрағат қоры-Қазақстан халқының
тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі" деп көрсетілген. Қоғамның тарихи
тәжірибесін бейнелейтін мұрағат құжаттарының құндылығы мен маңыздылығы
ерекше. Еліміздің аса бай рухани қазынасы болып табылатын мұрағат ісі ХҮІІІ
ғасырдан, яғни 1794 жылдан бастау алады.

ҚР Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 17 тамыздағы №1135-ші
"Қазақстандағы мұрағат ісіне 200 жыл" атты қаулысында Қазақстан тарихында
мұрағат ісінің пайда болуын былайша атап көрсетеді: "Алғашқы мұрағат Батыс
Қазақстан аймағындағы Ішкі Ордада қалыптасып, Бөкей хандығының мұрағаты
атауымен белгілі болды". Міне, сол мұрағат қоры Қазақстан Республикасының
қазіргі Ұлттық мұрағат қорының басты бөлігін құрайды.

Кеңес үкіметі құрылғаннан кейін Бөкей губмұрағаты бюросының тұңғыш бастығы
Михаил Корнеевич Дацконың ...Мұрағаттағы деректерге қарағанда Бөкей
мұрағаты 1974 жылы құрылған, - деп көрсетуі нақты айғақ болады. Екіншіден,
М.К.Дацкодан кейін болған мұрағат меңгерушісі И.В.Жабин Ішкі Ордада мұрағат
ісін жалғастырушы Жәңгір Бөкейұлы болғандығын өз баяндамасында атап
көрсетеді. Қазақстандағы мұрағат ісінің дамуына РСФСР Халық Комиссарлар
Кеңесінің 1918 жылғы 1 маусымдағы "РСФСР-дағы мұрағат істерін
орталықтандыру және қайта құру" атты Декрет өзінің игі ықпалын тигізді.

Кеңес үкіметі бұл Декреттен кейін де ел аумағындағы мұрағаттардың
сақталуы мен оны қорғау ісі туралы төрт акті қабылдады. Кеңес үкіметінің
мұрағат істері туралы қабылдаған актілері Қазақстанды ақ гвардияшылар мен
интервенттерден азат еткеннен кейін ілі-шала жүзеге асырыла бастады. Қазақ
әскери революциялық комитетінің бастамасымен кеңес орындары мен жергілікті
тұрғындарға үндеу тасталды. Үндеуде құрылып жатқан губерниялық мұрағат
қорына төңкерістен бұрынғы "қараусыз қалған" құжаттарды, усадьба,
имениелерде табылған және жеке тұлғаларда жинақталған материалдарды тапсыру
қажеттілігі туралы атап көрсетілді.

Бұл атқарылатын шаралардың маңыздылығын ескере отырып, сол кезеңдегі
баспасөз материалдарын жинақтау да назарға алынған.

1917 жылға дейінгі Ішкі Ордадан басқа аймақтағы Қазақстан тарихына
байланысты деректер патша өкіметінің Орынбор, Түркістан, Дала генерал-
губернаторлықтары мен Шекара комиссиясында, Ішкі Істер министрлігі, Жер
және Халық ағарту министрліктерінде, ведомствалық мекемелердің
мұрағаттарында сақталды. Ол құжаттардың бірсыпырасы 1921 жылдан бастап
Қазақстан мұрағаты қорына өтті. Олардың арасынан ерекше бөліп назар
аударарлық құжаттар: 1733 жылғы 17 мамырда Ресей елшісі майор Угрюмовтың
Жоңғар ханы Галден Церенге барған сапары жөніндегі жазбалары, Ресейдің
қазақ даласын отарлау саясатына қатысты деректер. Сырым, Махамбет, Есет
Көтібарұлы, Кенесары көтерілістері, сол кездегі әкімшілік, басқару жүйесі,
халық тұрмысы, ел, жер жағдайына қатысты т..Сонымен қатар 1836 жылғы
көтерілістің болу себептері туралы Исатай Тайманов мен Махамбет Өтемісовтің
сұлтан Медет Шөкіұлына хаты, Кенесары ҚасымовтыңШекті руы билерінің
көтеріліске шақырған хаты сирек кездесетін құнды құжаттар есебінде
сақталуда.

Қазан төңкерісіне дейінгі негізгі құжаттардың алыс және таяу шетелдерде
сақталғанына тарих куә. Оның әртүрлі заңды, заңсыз себеп-салдары бар. Ең
алдымен, мұрағат жинау, сақтау ісінің қанымызға сіңбей, дәстүрімізге
енбеуіне басты себеп болды.

Екіншіден, қазақ даласына жасаған қиян-кескі шапқыншылықтар, Ресейдің
отарлау саясаты тарихи деректері бір орталыққа жинақтауға мүмкіндік
бермеді. Сондықтан да 1917 жылға дейінгі деректі құжаттар Қазақстан мұрағат
қорларында кемшін.

Республиканың даму тарихымен бірге Қазақстан мұрағаты да елеулі кезендерді
бастан кешті. Қазақстанда алғаш рет 1919 жылы РСФСР Бас Мұрағат
Басқармасының Орынборда өкілдігі ашылды.

1920 жылдың наурыз, мамыр, шілде және желтоқсан айларында Кирөлкелік
әскери комиссариаттың тарихи – статистика бөлімі тарапынан мұрағат
ұйымдастыру жөнінде мәселелер көтеріліп, ұсыныстар жасалды. 1921 жылы 5
сәуірде Қазақ Өлкелік Бас мұрағат ұйымдастырылды. Ол 1922 жылғы күзде
Өлкелік Орталық мұрағат деп аталды.

Қазақстанның мұрағат ісін жақсарту мақсатында 1922-1936 жылдары арасында
ҚазАССР Орталық, өлкелік мұрағаты, губернелік, уездік, аудандық мұрағаттар
туралы бес рет Ереже қабылданды.

Өлкелік Орталық мұрағат 1925 жылғы шілденің ортасына дейін Орынбор
қаласында, онан астананың Қызылордаға қоныс аударуына байланысты
Қызылордаға көшіп келіп, 1928 жылдың аяғына дейін жұмыс істеді.

Қазақ СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1938 жылғы 14 қыркүйектегі
Жарлығымен Орталық мұрағат басқармасы және оның жергілікті мекемелері Қазақ
ССР-і Ішкі Істер Халық Комиссариатының қарауына берілді. 1960 жылдың 17
маусымына дейін осы мекеменің басшылығында болды. Осы 22 жылдың ішінде
бірнеше рет аты, құрылымы, қызмет әрекеті өзгерді. Облыстық мұрағат
мекемелері тиісінше Ішкі Істер Халық Комиссариаты басқармасының бөлімшелері
болып табылды.

1941жылдан бастап Орталық Мемлекеттік мұрағат Қазақ ССР Орталық Мемлекеттік
тарихи мұрағаты және Қазақ ССР қазан төңкерісі және социалистік құрылыс
Орталық Мемлекеттік мұрағаты болып екіге бөлінді. 1943 жылғы маусым айынан
бастап Қазақ ССР-ы кинофото-дыбыс құжаттары Орталық Мемлекеттік мұрағаты
ұйымдастырылды.

Қаз ССР Министрлер Кеңесінің 1957 жылғы Жарлығымен бұл үш мұрағат
біріктірілді. Қазақ ССР Орталық Мемлекеттік мұрағаты деп аталды

Қазақстан мұрағатының даму, өркендеу тарихы күрделі кезеңдерді бастан
кешірді. Қазақстан мұрағатының қалыптасу тарихын бұрынғы КСРО мұрағатының
даму тарихынан бөле қарауға болмайды. Мұрағат ісі ғылым, мәдениет және
басқару аппаратының бөлінбес бөлігі.

1.2. Қазақстандағы кеңестік дәуіріндегі өлкелік мұрағаттық қорлар

Кеңестер Одағы кезеңіндегі мұрағат ісі мен органдарына қатысты ғылыми
жұмыстардың көпшілігі маркстік-лениндік теория мен методологияға
негізделген болатын.

Еліміздің тәуелсіздік алып, дербес сыртқы саясат жүргізуі мен нарықтық
экономикаға көшуі, мемлекеттің осы бағыттардағы қызметінің нәтижесі тарих
ғылымына да жаңадан тың серпіліс туғызуда. Қазақстанның қоғамдық өмірін
демократияландыру мұрағат саласын да қамтуда.

Мұрағат жөніндегі, оның халық өміріндегі мәні мен қасиеті, сыры мен
мазмұны, өткен тарихы мен қазіргі жайы жөнінде салиқалы ойлар айтатын
сүбелі еңбектің бірі С. Байжановтың Архив-айғақ кітабы болып табылады .
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде мұрағат тарихына қатысты еңбектер
жарық көре бастады.

Мұрағатта кеңес дәуіріне дейінгі кезеңнің барлығы 770-тен астам
қорлары сақталуда. мұрағаттың ең көне құжаттары Семей кедені қорында
сақтаулы 1732 жылғы құжаттан басталады және қор құжаттарында Жоңғар, Қытай
және Орта Азиялықхандықтармен сауда қатынасының тарихы орын алған. Кеңес
дәуіріне дейінгі кезең құжаттарының хронологиялық шегі XVIII ғасырдың
аяғынан 1917 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.
Қараусыз қалған революцияға дейінгі тарихи құжаттардың сақталуын қамтамасыз
ету мұрағаттардың негізгі міндетіне алынды. Ұлттық мұрағат қоры ұлттық
құндылық ретінде бекітілген заңмен мойындалған тарихи, әлеуметтік, ғылыми,
экономикалық, саяси және мәдени маңызы бар барлық мұрағаттардың, мұрағат
қорларының және документалды ескерткіштердің жиынтығы болып табылады.
Себебі тарих қана ұрпақтар үндестігін жалғастырып, уақыттар арасындағы
өзара байланыстар мен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Бөкей хандығы
тарихымен тығыз байланысты алғашқы ұлттық құндылықтардың ошағына айналған
мұрағаттар бірнеше дәуірлік сан қилы тарихты бастан өткерді.
Төңкеріске дейінгі дәуірде Қазақстан тарихына қатысты шашыраңқы тарихи
маңызды құжаттар негізінен ведомстволық мұрағаттарда орналасты. Кеңестік
дәуірдің алғашқы жылдарындағы саяси жағдайлар бірқатар маңызды тарихи
құжаттардың Қазақстанмен шекаралас республикалар мен облыстарда қалып
қоюына себеп болды.
Мұрағат құжаттарын пайдалану мәселесінде мұрағаттардың кеңестік
дәуірде алдымен Коммунистік партияның мүддесіне қызмет атқарып, тек
кеңестік жүйе ыдырығаннан кейін барлық пайдаланушыларға бірдей қызмет ете
бастағаны белгілі. Бүгінде еркін қол жеткізуге болатын мұрағат құжаттарын
кез келген пайдаланушы өз мақсатына ашық пайдалана алады. мемлекеттің аса
құпия мағлұматтары бейнеленген құжаттарды оның қауіпсіздігін қорғау
мақсатында пайдалануға шек қойылған. Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеуде
арнайы қабылданған ережелерді, яғни ақпаратты іздестіруде анықтамалық
аппаратты пайдалануды, көне мәтіндерді оқи білу қажет.Р.Х.
СариеваныңМұрағат және тарих атты мақалалар мен баяндамалар жинағында
мұрағат ісінің дамуы, құжаттық тарихи-мәдени мұраны сақтау және көбейтудегі
мұрағаттар қызметінен, еліміздің тарихы туралы жазба ескерткіштер, оқиғалар
мен фактілерден мол мағлұмат беріледі. Сонымен қатар Р. Сариева мен А.
Абдуллинаның мұрағат тарихына байланысты очерк кітабын атап өтеміз. Бұл
еңбек Қазақстандағы мұрағат ісінің ұйымдастырылу, қалыптасу кезеңдерінің
1918-1945 жылдар аралығын қамтиды. Еңбек Орталық мұрағат қорындағы мұрағат
тарихына қатысты қордан алынған материалдарға ғана негізделген. Мұрағат
деректерімен жұмыс жасау әдістемесі жөнінде Г.А. Сексенбаеваның әдістемелік-
құралдарын атап өтеміз.
1995 жылы 25-29 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстанның мұрағат ісінің
200 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция
ұйымдастырылды. Конференцияның маңыздылығы еліміздің мұрағатының екі
ғасырлық жазбаша шежіресі туралы бүкіл әлем хабардар болды және
Қазақстандағы мұрағат ісіне қатысты халықаралық ғылыми практикалық
конференциялар өткізілді. Тарихшылар, мұрағатшылар қатысқан Мұрағаттар:
халық бірлігі және ұлттық тарих жылы Халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияда мұрағат ісі мен тарихына қатысты өзекті мәселелер көтерілді.

1954 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 24 шілдедегі Жарлығы бойынша
Ішкі Істер Министрлігі бөлімдерінің жойылуына байланысты қалалық, аудандық
мұрағаттар тиісінше атқару комитеттерінің қарауына берілді.

Мұрағат басқармасының құрылымына 1965, 1967 жылдары аздаған өзгерістер
енді.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 1995 жылғы 19
қазандағы Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті
мұрағаттар мен құжаттама Бас Басқармасы болып қайта құрылды.

1997 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік
мұрағаты деп қайтадан аталды. Басқару жұмысы жаңа арнаға түсті. Мұрағат
мекемелерінің құрылымы, штат кестесі едәуір ықшамдалды.

Қазақстан мұрағатының тарихы да мың өліп, мың тірілген өз халқымен
тағдырлас. Әсіресе, 1917-1919 жылдар арасында мұрағат құжаттары жау
мүлкіндей тоналды, тағдыр тәлкегіне түсті.

Сонымен қатар, Қазақстанға қатысты мұрағат құжаттарына жаны ашымай,
оны ел, мемлекет тарихы деп қарамаушылықтан көптеген құжатты деректер буда-
будасымен сатылғанын айту ләзім. Себебі 1922 жылы 8-ші желтоқсанда ҚазАССР
Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы С.Сейфуллин Мұрағат құжаттарын
сатуға, жоюға тиым салу туралы барлық кеңестік мекемелерге шұғыл хат
жазды.Соған қарамастан Ғұбайдуллин, Ғалиасқаров дегендерге Орынбор округтік
архивбюро 1923 жылы қазақ тарихына қатысты 1913-1917 жылдардағы 375
кітапты, 24 наурызда Орынбор және Самар губернесі генерал-губернаторының
және Шекара комиссиясының Торғай басқармасына қатысты 28 пуд, 12 шілде 1923
жылы Орынбор губернесі бойынша 1897 жылы өткен Бүкілресейлік санақ
материалдарынан 106 пуд, әртүрлі мекемелердің архивінен 110 пуд архивті,
2231 кітабын сатқан. Мұндай актілер саны жүздеп саналады. Қазақстан
тарихына қатысты мыңдаған пуд архив деректері әртүрлі әрекетпен жойылған.
Ал онда қандай құжаттар кетті? Ол тізбені оқысаң жаның ауырып, жүрегің
сыздайды. Оған көз жеткізу үшін тілге тиек етер деректің санаулылары
мыналар: ".. .генерал-губернатордың 1888, 1890, 1893, 1894, 1899, 1900,
1911-1913, 1915 жылдардағы есебіне Торғай облысы бойынша қосымшалар А.Е.
Алекторовтың "Торғай облысының халық ағарту саласындағы очерктері" (1744-
1898 жылдардың шежіресі), "1912, 1915 жылдардағы Торғай облысы туралы
шолулар", "Торғай облысы бойынша 1871 жылғы село саны", "1865, 1869 жылдары
Қырғыздарды (қазақтарды) ығыстыру", "Қырғыз (қазақ) үйлері туралы т.б.
қазіргі күні іздесең таптырмайтын құнды деректердің тізімін оқисың. Сонда
осынша құңды деректердің бағасы қандай болды? - дегенге зер салсаң, жүрекке
ине шаншылғандай әсерде қаласың. Мысалы: "Орынбор губернесіндегі елді
мекендердің тізімі" деген кітап он тиынға, жоғарыда аталған А.Е.
Алекторовтың очеркі 10 тиынға, 1912 және 1915 жылдарғы Торғай облысына
шолулар 70 тиынға сатылған. Таңғаларлық емес пе? Бірақоларды сатуға
Бүкілресей архив басқармасы рұқсат берген.

Одан кейін, Қазақстан астанасының Орынбордан Қызылордаға, одан Алматыға
көшуі кезінде көптеген құнды деректі құжаттар бүлінген, жоғалған . Оның
басты себебі алдын ала мұрағат құжаттарын сақтайтын, оларды жайғастыратын
орынды дайындап алмай, тек әкімгершілік бұйрықпен орындалғандығы.

1928 жылы 8 қазанда Қазақстан Орталық мұрағаттың уақытша бастығы Ибрагимов
мекемелерді Алматыға көшіру жөніндегі үкімет комиссиясына "... ең болмаса
1929 жылдың сәуір айына дейін көшуді тоқтатуды сұраймын, -деп хабарлағаны
назарға алынбады. Ибрагамовтың бұл жанайқайы көрегендік болды. 1928 жылы
желтоқсан айының басында Қордайда бір тең, үш жәшік мұрағат құжаттары
жоғалып кетті. Мұндай жағдай Орынбордан Қызылордаға мұрағат құжаттарын
көшіру кезінде де болған. Әрине, оны Орынбор Губархив қызметкерлерінің
өздері ұйымдастырды.
Келесі жағдай, республикаларды әкімшілік аймаққа бөлу Қазақстан тарихына
қатысты құжаттарды тартысқа түсірді. Қабылдаған шешімге қарамастан Мәскеу,
Ленинград, Астрахань, Ташкент мұрағат басшыларының Қазақстан тарихына
қатысты құжаттарды жасырып, бермей қалуға жасаған құйтырқы айлаларын
айтпағанмен, 1926 жылы Омбы губмұрағатынан уақытша пайдалануға алған 196 іс
тарихы назар аударарлық.

Ол қандай құжаттар еді? Қазақстан Орталық мұрағатының ғылымиқызметкері Д.
Гусевтің қорытындысына қарағанда, олардың бәрі де тікелей Қазақстан
тарихына қатысты құнды құжаттар. Атап айтқанда: 1822-1833 жылдар арасыңда
Ор тауынан Троицкіге дейін 5000000 десятина, Елек бойынан 600000 десятина
құнарлы жерді Ресей отарлаушыларының қазақтардан тартып алғандығы туралы,
Қайыпқали Есімов, Есет Қөтібаров, Исатай Тайманов, Кенесары Қасымов
басқарған қозғалыстарға қатысты, 1916 жылғы ұлт-азаттық, көтерілісіне
қатысты, патша үкіметінің қазақтарға жасаған қысымшылығын көрсететін,
Ақмола облысына жер аударылып келгендер туралы, Қостанай уезіндегі 1919
жылғы көтеріліс жөніндегі (2 іс) құжаттар. Бірақ Омбы губархиві мен Сібір
өлкелік және РСФСР мұрағат басқармалары 196 істің барлығын да РСФСР мүлкі
деуден танбаған. "...Сібір ғалымдары Кенесары көтерілісін зерттеп, Сібірге
белгілі бір беллетрист осы дәуірге байланысты роман жазу үстінде. Оның бұл
істі пайдалану құқығынан айыруға ешқандай мүмкіндігім жоқ , - деп жазды №
326333 хатында Сібір өлкелік мұрағат меңгерушісі В. Вегман 18.ІУ.27 жылы
Қазақстан мұрағат меңгерушісі А.Л. Мелковқа.
Ақырында олар Қазақстан Орталық мұрағат басшылары А.Л. Мелковты, оның
ғалым архивисі В. Гусевті, Ақмола губархив меңгерушісі Красноперцевті
"Аздаған тар шеңбердегі патриотизм болуға ұмтылушылық, - деп кінәлауға
дейін барды.
Бұл даулы құжаттар жөнінде 1928 жылы 5 маусымда Қазақстан Орталық
Атқару Комитетінің Президиумы "...Уақытша пайдалануға алған мұрағат
материалдарын Омбыға қайтару Ақмола Аткомына ұсынылсын, - деп алған қаулысы
196 істің тағдырын құрдымға итеріп жіберді. Бұл қаулының заңсыз алынғанын
дәлелдеп республикалык, мұрағат меңгерушісі Болотников заң орындарына,
Қазақстанның, РСФСР- дың басшы органдарына шағым жасады, заңсыз Қаулыны
өзгертуді талап етті.Ал Жетісу, Сырдария губкомдары Қазақстанға өткеннен
кейін Ташкендегі Қазақстан тарихына қатысты мұрағат құжаттарын алу да
шырғалаңға түсті. Олар "...қазіргі кезде экономикалық жағынан аудандастыру
мәселесі жоспарлануда, 3-5 айдан кейін аудандар, округтер құрылу толық (
аяқталғаннан кейін мұрағаттарды көрсетілген органдар алуға тиісті", - деп
бір шығарып салса, 1927 жылы 19 қарашада "...Бұл материалдарды Ташкент
университетінің профессорлары мен студенттері пайдаланады, - деп екінші рет
түлкі бұлтаққа салды. Ал Ресей мұрағат басшылары құжаттарды Қазархивке
қайтару хабары шығысымен мұрағат материалдарын жасыру үшін оның
тізімдемелерін қайта жазды. Істің тақырыптарын өзгертті. Бұл тәсіл де
кезінде көптеген материалдардың мұрағат қызметкерлерінің назарынан тыс
қалуына себептің бірі болды.
Бір сөзбен айтқанда Қазақстан тарихына қатысты мұрағат материалдарын
бөлудің, жинаудын дауы 1925 жылдың 26 маусымынан басталып, 1940 жылға дейін
созылды.
Бірақ бұл Қазақстан тарихына қатысты материалдар толық жинақталды
деген ұғымды туғызбайды. Оған бір ғана дәлел: Астрахань облыстық
мұрағатынан Орал облыстық мұрағатқызметкерлерінің Қазақстан тарихына
қатысты 80 мыңнан астам құжаттың жатқандығын анықтап отырғанын айтсақ та
жеткілікті.
Ең соңғы мәселе кадрге байланысты. 1925 жылы республикадағы бүкіл
мұрағаттағы 41 қызметкердің екеуінің жоғары білімі, жетеуінің орта білімі,
қалған отыз екі адамның, оның ішінде Қостанай, Жетісу мұрағат бюросы
меңгерушілерінің білімі төмен болды. Сондықтан мұрағат құжаттарын
жинақтаған, сұрыптаған, тәртіпке келтірген кезде мұрағат қызметкерлерінің
білім деңгейі төмендіктен ғылымның барлық саласындағы мұрағаттың бірнеше
пуд құнды құжаттарды қоқысқа есептеліп, ескі-құсқы қабылдайтын жерге
тапсырылды.

Қазақстан аймағында 1921- 1923жылдар арасында 9 губмұрағат болса, қазір
әртүрлі дәрежедегі 220 мемлекеттік мұрағат бар. Республика орталығының жаңа
қонысқа көшуіне байланысты Астана қаласында Қазақстан Республикасы Орталық
мемлекеттік мұрағатының өкілдігі ашылды.

1919 жылы Қазақстанның мұрағатында небәрі 13 қор, 100-ге жетер-жетпес іс
болса, қазір мұрағат қоры 55 мыңнан асып, 14 миллионға жетті. Бұл мұрағат
деректерінен жүзден астам құжаттар жинағы, бірнеше ондаған ғылыми зерттеу
еңбектер, кионфильм, көркем шығармалар жарық көрді.

Олардың ішінде А.Ф.Рязановтың Исатай Тайманов көтерілісі,
Г.Сербариновтың Бөкей Ордасындағы халықтардың толқуы: Сырым батыр, Бекет
батыр т.б. күрделі еңбектер мұрағат құжаттары негізінде жазылды.
Мұрағаттың тарих көзі болатындығын жоғарыдағы деректердің өзі-ақ дәлелдей
алады. Қазақстан мұрағаты қорындағы құжаттар тек тарих, әдебиет, кино
саласында ғана емес, халық шаруашылығына, саясат мәселесіне де қызмет
етті1954 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 24 шілдедегі(№ 667) Жарлығы
бойынша Ішкі Істер Министрлігі бөлімдерінің жойылуына байланысты қалалық,
аудандық мұрағаттар тиісінше атқару комитеттерінің қарауына берілді.

Мұрағат басқармасының құрылымына 1965, 1967 жылдары аздаған өзгерістер
енді.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 1995 жылғы 19
қазандағы Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті
мұрағаттар мен құжаттама Бас Басқармасы болып қайта құрылды.1997 жылғы 28
сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты деп қайтадан
аталды. Басқару жұмысы жаңа арнаға түсті. Мұрағат мекемелерінің құрылымы,
штат кестесі едәуір ықшамдалды.

Қазақстан мұрағатының тарихы да мың өліп, мың тірілген өз халқымен
тағдырлас. Әсіресе, 1917-1919 жылдар арасында мұрағат құжаттары жау
мүлкіндей тоналды, тағдыр тәлкегіне түсті.

Сонымен қатар, Қазақстанға қатысты мұрағат құжаттарына жаны ашымай,
оны ел, мемлекет тарихы деп қарамаушылықтан көптеген құжатты деректер буда-
будасымен сатылғанын айту ләзім. Себебі 1922 жылы 8-ші желтоқсанда ҚазАССР
Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы С.Сейфуллин Мұрағат құжаттарын
сатуға, жоюға тиым салу туралы барлық кеңестік мекемелерге шұғыл хат
жазды.Соған қарамастан Ғұбайдуллин, Ғалиасқаров дегендерге Орынбор округтік
архивбюро 1923 жылы қазақ тарихына қатысты 1913-1917 жылдардағы 375
кітапты, 24 наурызда Орынбор және Самар губернесі генерал-губернаторының
және Шекара комиссиясының Торғай басқармасына қатысты 28 пуд, 12 шілде 1923
жылы Орынбор губернесі бойынша 1897 жылы өткен Бүкілресейлік санақ
материалдарынан 106 пуд, әртүрлі мекемелердің архивінен 110 пуд архивті,
2231 кітабын сатқан. Мұндай актілер саны жүздеп саналады. Қазақстан
тарихына қатысты мыңдаған пуд архив деректері әртүрлі әрекетпен жойылған.
Ал онда қандай құжаттар кетті? Ол тізбені оқысаң жаның ауырып, жүрегің
сыздайды. Оған көз жеткізу үшін тілге тиек етер деректің санаулылары
мыналар: ".. .генерал-губернатордың 1888, 1890, 1893, 1894, 1899, 1900,
1911-1913, 1915 жылдардағы есебіне Торғай облысы бойынша қосымшалар А.Е.
Алекторовтың "Торғай облысының халық ағарту саласындағы очерктері" (1744-
1898 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің даму тарихын талдау
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Тәуелсіздіктің жасампаз 21 жылында мұрағат ісінің қызметі мен жетістіктері
Қазақстанда мұрағат ісін ұйымдастыруға қатысты негізгі нормативтік құқықтық актілер
Қазақстан мұрағаттары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы
1998-2006 жылдардағы мұрағат ісін дамыту проблемалары
Қазақстандағы мұрағат ісі
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
Мұрағат мекемелері соғыс жылдарында
Пәндер