Гормондардың әсері
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Жаратылыстану және жалпы педагогика факультеті
Биология және БОӘ кафедрасы
Курстық жҰмыс
Тақырыбы: Ішкі секреция бездері.
Орындаған: БК-22 тобының студенті
Хасенова Самал
Қабылдаған: б.ғ.к., доцент
Дүрмекбаева Ш.Н.
Көкшетау-2007
Мазмұны
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Ішкі секреция бездерінің гормондары - - - - - - - - - -
- - - - - - - 3
2.2. Гормондардың әсері - - - - - - - - - - - - - - -
- - - - - - - - - - - - - - - - 6
2.3. Гипоталамус-гипофиздік жүйе - - - - - - - - - - - -
- - - - - - - - - - 8
2.4. Гипофиз бен қалқанша без, олардың гормондары - - - - - - -
- 11
2.5. Қалқансерік, айырша бездер, гормондары - - - - - - - - -
- - - - - 12
2.6. Қарынасты безі, бүйрекүсті бездері, гормондары - - - - - -
- - 20
2.7. Жыныс бездері, эпифиз, плацента, гормондары - - - - - - -
- - - 22
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Адам денесіндегі көптеген жасушалар (жалпы саны 100 триллионнан
астам) арнаулы тіндер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың
өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасы жүйке және гуморальды
жолмен реттелуі арқылы іске асады.
Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік
тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет
алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморальдық жолмен (қан, лимфа,
тінаралық сұйықтық) жүреді. Оларға кодталған электрлік жүйке серпіністері
немесе қарапайым және күрделі химиялық заттар, көбінесе мәліметтік
макромолекулалар арқылы келеді.
Қызметтердің гуморальды реттелуінде маңызды рольді ішкі сөлініс
бедері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Олар организмнің ішкі ортасына
арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі сөлініс бездері
жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды.
Эндокриндік бездердің (гректің endon – ішкі, crineo – бөлемін немесе
шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа
капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы
тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір
ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.
Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік
бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады. Соңғы
екеуі аралас сөлініс бездер.
Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады.
Екіқабат (жүкті) әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп
шығарады – эстроген, прогестерон және гонадотропин. Ішкі сөлініс бездерімен
гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста болады. Оның
ядроларының (кейбір жүйке жасушаларының) нейросөлініссы бар, яғни
гипофиздің артқы бөлігіне түсетін немесе гипофиздің алдыңғы бөлігінің қан
тамырларына тікелей келетін және аденогипофиздің жасушалар қызметіне әсер
ететін биологиялық белсенді заттар бөліп шығаратыны анықталған. Бұлардан
басқа ішкі сөлініс бездеріне бірқатар ағзалар жатады – бүйрек, ішек-
қарынның кілегейлі қабығы (энтеринді жүйе), бауыр, себебі оларға қанға
организм мүшелерінің қызметіне ерекше әсері бар бірқатар заттар бөліп
шығарады. Атап айтқанда, ренин, гастрин, секретин, панкреозимин,
энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т.б.
ІІ. 2.1. Ішкі секреция бездерінің гормондары.
Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму үрдістері реттеледі. Гормон
көбеюге де әсерін тигізеді. Гормон деген терминді (грекше hormon –
қоздырамын, қозғалтамын) 1904 жылы Бейлисс пен Старлинг енгізген. Бұрын
гормондар ағзалар қызметін күшейтеді деп қана есептелген. Бірақ кейінгі
зерттеулерге қарағанда, олай болмай шықты. Ағзалар қызметін бәсеңдетіп,
тежейтін де гормондар бар екені мәлім. Мысалы, адреналин асқорыту
аппаратының секторлық қозғалыс қызметін тежеп бәсеңдетеді. Сөйтсе де
гормон деген атау ішкі сөлініс бездерінің атауы болып қалды.
Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық тіндер мен ағзаларға
және бүкіл денеге әсер ете алады:
1) метаболизмдік – зат алмасу үрдістерінің әртүрлі жағдайларына,
жиілігіне әсері;
2) морфогенетикалық – конформациялық құрылымдық үрдістерде ажырату
(диференциялық, тіндердің өсуіне, өзгеріске (метаморфозға) әсері;
3) кинетикалық – қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және
оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері;
4) түзетілуші (коррекциялық) – тіндер мен ағзалар қызметінің
қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату,
тездету, бәсеңдету қозғалыстары).
Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың гормондарын, химиялық құрылым
ұқсастығын, физика-химиялық, биологиялық қасиеттерінің ортақтығын негізге
ала отырып, 3 класқа бөледі:
1. Белоктық – пептидті қосылымдар (инсулин, глюкоган, соматотропин
т.б.);
2. Стероидтар (бүйрек-үсті безі қабығының және жыныс бездері
гормондары);
3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер – адреналин,
норадреналин). Гормондардың биотүзілуі арнайы эндокриндік құрылымдардың
генетикалық аппаратында жоспарланғн, сондықтан ішкі сөлініс бездерінің
әрқайсысы тек белгілі бір гормондарды жасап шығарады. Организм ішкі
сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бос қалпында, ал
шамалысы қан плазмасы белоктарымен қосылған күйде болады. Мысалы,
транскортизон, альбумин және α-глобулинмен бірігеді, бұдан белсенділігі
төмен байланысқан гормон түрі пайда болады.
Гормондардың құрылымы салыстырмалы күрделі келеді және жеке бөліктері
әртүрлі қызмет атқарады. Актондар – гормонның жасушаға арнайы әсерін
қамтамасыз ететін бөлігі; гаптомерлар – гормонның әсер ету жерін, нысана
жасушаларын іздейтін бөлік. Гормон құрылымының үшінші бөлігі белсенділік
дәрежесін және оның басқа қасиеттерін реттейді. Ағзалар мен тіндер,
негізінен бауыр мен бүйрек жасушалары гормондарының сіңіру, күйзелту және
шығару жылдамдығын реттейді.
Гормондардың алмасу жылдамдығын олардың жартылай ыдырауына кететін
уақытпен (Т ½) болжайды, яғни қанға енгізілген радиоактивті гормондар
мөлшерінің екі есе азаятын уақыты. Дені сау адамда әртүрлі гормондардың
жартылай ыдырау уақыты түрліше болады.
Гормондар құрамы мен әсері жағынан бірдей емес, бірақ оларға ортақ
бірқатар физиологиялық қасиеттері бар.
1. Гормондар қашықтан (алыстан) әсер етеді, яғни олар өзінің жасалған
жерінен қашық орналасқан ағзаларға әсер ете алады. Басқа биологиялық
белсенді заттар (гистамин ацетилхолин т.б.) өзі жасалған жергілікті жерде
ғана әсер етеді.
2. Гормондар организм қызметін гуморалдық реттеуде аралық рөл
атқарады. Бұл реттелуде басты бағыттаушы әсерді орталық жүйке жүйесі
атқарады, ал ішкі сөлініс бездері көбінесе оның әсерін күшейте не әлсірете
отырып, эфференттік (шеткі) вегетативті және денелік жүйкелермен қатар
қызмет жасайды.
3. Гормондардың арнайы әсері бар. Соған байланысты белгілі бір
гормонның жетіспеушілігін, екінші гормонмен немесе басқа биологиялық
белсенді затпен алмастыруға болмайды. Көптеген гормондар жоғары молекулалы
қосылыстар, кейбіреулерінің табиғаты белоктық болып келеді, бірақ оған
қарамастан олардың антигендік қасиеті жоқ, яғни оларды парэнтеральды
енгізгенде арнайы антитәндер жасалмайды. Көбінесе қарсы гормондар табиғаты
белок пептид гормондарынан жасалады.
4. Барлық гормондардың биологиялқ белсенділігі жоғары болады. Мысалы,
тироксин 1:100 млн, адреналин 1:10 млн сұйытылғанда да әсер етеді, ал бір
грамм инсулин 125000 қоянның қанындағы қант деңгейін төмен түсіре алады.
Тирокальцитониннің 5 нанограмы қандағы Са деңгейін едәуір төмен түсіреді (1
нанограмм – 10-9 г жоғары).
5. Гормондар өте тез, бірақ қысқа мерзімде әсер етеді. Олардың өте тез
әсер етуі және мембрана арқылы өтуі олардың молекулалық салмағына
байланысты. Ал әсердің қысқа мерзімді болуы олардың тіндік ферменттердің
ықпалымен ыдырауына және денеден бүйрек арқылы жеңіл шығарылуына
байланысты. Қанда гормондардың қажетті мөлшері сақталуы үшін, бездер оларды
үнемі үздіксіз жасап шығарып тұруы керек.
6. Барлық гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олардың
құрылымдарына да әсер етеді, яғни оларда құрылымдық өзгерістер туғызуы
мүмкін, кейде ағзалар тінінің өсуін күшейтіп, кейде тежейді. Гормондар зат
алмасу қарқынына әрі РНҚ және басқа нуклеин қышқылдарының жасалуына әсер
етеді.
7. Гормондар ферменттер қатарына жатпайды, яғни олар жасуша жоқ ортада
жүретін химиялық үрдістерге арнайы әсер етпейді. Бірақ әртүрлі ферменттер
арқылы химиялық әсерленістердің жылдамдығына әсер ете алады.
2.2. Гормондардың әсері. Гормондардың әсер ету тетіктері өте күрделі
және биохимиялық тұрғыдан жан-жақты қарастырылған. Белгілі бір гормонның
қажеттілігі артса, гормон – белок кешені ыдырап, гормонның бос түрі пайда
болады. Байланысқан гормондар қор болып табылады, керек уақытта тез әрі
жеңіл пайдаланылады. Белок тасушымен байланысқан гормон ферменттердің
әсерінен ыдырап, бүйрек арқылы несеппен шығарылмай денеде сақталады.
Гормондар қан ағысына ілесіп барлық тіндер мен ағзаларға жеткенімен
белгілі бір гормонды қабылдауға дағдыланған, әрі мембрана құрылымында
орналасқан арнайы гормондар рецепторлары бар, олар тек белгілі бір тін мен
ағзаға ғана әсер етеді. Оларды нысана тіндер деп атайды. Жасушалық
қабылдағыш арнайы белок болып келеді, оның молекуласының белгілі бір бөлігі
гормонның арнайы фрагментіне сәйкес келеді. Бұл сигналды қабылдауды, яғни
гормон мен жасушаның қабылдағыш болмаса, жасуша онымен қарым-қатынасқа
түспейді, яғни оны танымайды.
Стероидті гормондардың қабылдағыштары жасуша іші құрылымына орналасқан
және гормон-қабылдағыш кешені генетикалық аппаратқа әсер етеді, заттардың
жасалуына ықпалын тигізеді. Кейбір гормондардың әсер етуі мембрана
өткізгіштігі өзгеруіне байланысты. Қазіргі кезде гормондардың әсер етуінің
бірнеше жолдары белгілі.
1. Гормондардың тіндер мен ағзаларға тікелей әсері болады. Мұндай
әсердің себебі, гормондар мембрана арқылы жасушаға жеңіл өтеді, оған қоса
мембраналарымен байланысқа түседі. Гормондардың тікелей әсерінің тетігі,
жасушалық және субжасушалық деңгейлерде әлі толық зерттемеген. Бар
зерттеулерге қарағанда олардың түрлі әсер ету жолдары бар, олардың ішінде
тікелей әсер ету тетіктерінің мынадай түрлері белгілі: а) Ферменттік
жүйелерді, оның ішінде цито-плазма ферментін белсендендіру немесе бәсеңдету
жолы. Бұл әсер жөнінде мәліметтер өте аз. Бұны адреналин мен гликогеннің
фосфорилазды жүйеге аденозинмонофосфат арқылы циклды дәлелдейді. б)
Ядродағы генетикалық үрдістерді күшейту, мысалы, итбалықтың тез
өзгерістеріне әсер ететін тироксин РНҚ алмасуын және арнайы белоктарды
жасауды күшейтеді.
2. Гормондар ағзалардың қызметіне тікелей ғана әсер етіп қоймай,
олардың қан тамырлары мен тіндердің әртүрлі хеморецепторларын тітіркендіре
отырып, рефлекстік жолмен де әсер етеді. Гуморалдық жағынан жекешеленген,
бірақ денемен жүйке арқылы байланысқан, кез келген ағза тамыры арқылы
адреналинді өткізгенде әдетте қан қысымының, дем алудың, лимфа ағысының
т.б. өзгерістері байқалады.
3. Гормондардың әсер етуінің үшінші тетіктері – орталық жүйке жүйесі
арқылы орындалуы. Гормондар бір жүйке орталығын құрайтын нейрондардың
кернеуін жоғарылату не төмендету арқылы олардың қозғаштығын өзгертеді.
Гейманстың тәжірибелерінде иттің миын қоректендіретін қан тамырына тікелей
адреналин енгізген, иттің басы денесімен тек қана кезеген жүйке арқылы
байланысқан жағдайда адреналин кезеген жүйке орталығының тонусын
жоғарылатып, жүрек қызметін бәсеңдетеді. Ал адреналин жүрекке тікелей әсер
еткенде оның қызметін күшейтеді.
4. Кейбір жағдайларда гормондардың, шартты рефлекстік әсерін байқауға
болады.
2.3. Гипоталамус-гипофиздік жүйе. Эндокринология ішкі сөліінс
бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде ХІХ ғасырдың екінші
жартысында қалыптасқан. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізіг
А.Бертольд салды. Ол еркек жануарлардың жыныс бездерін сылып алып
тастағанда негізгі және қосымша жыныс белгілерінің өзгеріп, ал бұл безді
қайтадан денесіне орнатқанда, оның жағдайы айтарлықтай жақсаратынын
анықтады.
Кейін, әсіресе осы ғасырдың 50-90 жылдары эндокриндік жүйенің
физиологиясы мен патологиясы бойынша көптеген тәжірибелік және клиникалық
мағлұматтар жиналды. Оған қоса гормондардың химиялық табиғаты анықталып,
әсер ету тетіктері ашылды.
Кейбір зерттеушілер бұл бездердің организм қызметін реттеудегі орнын
шектен тыс көтерген, тіпті оларды жеке автономды реттеуші жүйеге жатқызған.
Эндокриндік бездер жүйесін орталық жүйке жүйесінен жоғары құрылым ретінде,
ағзалар мен олардың жүйелерінің, соның ішінде орталық жүйке жүйесінің де
негізгі реттеушісі ретінде қарастырған.
Шын мәнісінде олай болмай шықты. Негізгі ғылыми мәліметтерге
қарағанда, ішкі сөлініс бездерімен олардың әртүрлі гормондарының әсері
организмнің қызметін жүйелік гуморальдық реттеу жүйесінің бір ғана бөлімі
болып шықты. Бұл реттеу жолының негізгісі – жүйке жүйесі. ¤йткені ол көп
тарапты, арнайы маманданған және әр бөлімінің өз орны, маңызы бар жүйеге
жатады. Оның рефлекстік доғасының барлық бөлімдерінің жоғары дәрежедегі
қозғыштығы, жүйке серпіністерінің жылдамдығы мен анық бағытталуы т.б.
морфоәрекеттік ерекшеліктері бұған дәлел.
Көмірсу алмасуының салыстырмалы ұзақ әрекеттік ауытқуын қамтамасыз
ететін реттеуші механизмге гормондардың қатысуы, спорт жанкүйерлері мен
емтихан тапсырушы студенттердің эмоциялық күйзелісі кезінде жақсы көрінеді.
Түрлі эмоция кезінде қобалжығанда, қорыққанда, қуанғанда т.б. жағдайларда
ылғи да гипергилекмия – қандағы қанттың көбеюі байқалады, ал кейде тіпті
глюкозурия – несепте қант пайда болады. Түрлі эмоция кезінде көмірсу
алмасуының аталған өзгерістерінің пайда болуы норадреналин мен адреналиннің
әсерінен бауырда гликогенолиздің күшеюіне байланысты. Сондықтан да
бүйрекүсті безінің милы қабатында түзілетін гормонды эмоция гормоны деп
те атайды.
Сонымен, бұл мысалда көмірсу алмасуына жүйкелік, реттеуден кейін
гормондық реттеу қатысады.
Оған қоса, көптеген эндокриндік дерттердің (патологиялардың)
тиреотоксикоз, қантты диабет, жыныс бездерінің ішкі сөлініс қызметінің
бұзылуы, орталық жүйке жүйесінің психикалық немесе физикалық жарақатынан
кейін басталатыны мәлім.
Көпшілік гормондардың түзілуі мен қанға шығуы орталық жүйке жүйесінің
бақылауында болады. Барлық ішкі сөлініс бездер вегетативтік жүйке жүйесінің
тамырларымен жабдықталған. Ал бүйрекүсті безінің милы қабатынан, қалқанша,
қалқансерік, ұйқы бездерінің және гипофиздің артқы бөлімінің қызметіне
секрециялық жүйке әсері толық дәлелденген.
Қазіргі кезде эндокриндік бездердің секрециялық қызметіне орталық
жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің әсері (ми сыңарларының қыртыстары,
гипоталамус, лимбия жүйесі т.б. бөлімдері) әр дәрежеде зерттеліп анықталып
отыр. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын алады.
Гипофизбен гипоталамустың арасындағы жүйкелік-гуморальдық байланыс
екеуінің атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді. Гипоталамустың
супраоптикалық және паравентрикулярлық нейрондар аксондары гипофиз
аяқшалары арқылы оның артқы бөліміне өтеді. Гипоталамустың аталған ядролары
нейросекрециялық қызмет атқарады, яғни олар түрлі нейросекрециялық гормон
тәріздес заттар түзеді. Олардың жүйке талшықтары арқылы бөлінетіндігі
нейрогистологиялық, физиологиялық және биохимиялық әдістермен дәлелденген.
Нейрогипофиздің гормондары белок – нейрофизинмен қосылыста болып, қанға
өткенде бұл байланыстан босайды.
Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес, прогормон болып саналады.
Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға айналады, яғни
гипофиздің артқы бөлімі мен гипоталамус біртұтас құрылымдық және әрекеттік
құрылым болып саналады. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлімдері
гипоталамуспен қан тамырлары арқылы, яғни гуморалды жолмен байланысады.
Виллизи шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз артериясы алдымен ілмектер мен
түйіндерден тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді. Бұл торға
гипоталамустың нейросекрециялық жасушалары келіп, ұштары нейрокапиллярлық
түйіспелер түзетін жүйкелік тор жасайлы.
Бұл түйіспелер арқылы қанға нейросекрециялық (стимуляторлар) әсер
етушілер шығады.
Гипоталамустың нейросекрециялық жасушаларынан гипофиздің алдыңғы
бөліміне босатушы факторлар өтеді. Олар соматотропин, АКТГ, ГТГ, ТТГ т.б.
осы сияқты аденогипофиз гормондарының пайда болып бөлінуін қамтамасыз
етеді.
Гипоталамус жүйке жүйесінің бөлігі. Мұнда жүйкелік реттеу эндокриндік
реттеуге ауысады. Гипоталамус ядроларының нейрондары бөліп шығаратын
нейропептидтер либерин және статин деп аталады.
Соңғы кездегі химиялық зерттеулердің нәтижесінде гипоталамустар
түзілетіні анықталды. Олардың әр қайсысы гипофиздің алдыңғы және аралық
бөлімдерінде белгілі бір гормонның түзілу жылдамдығына әсер етеді. Либерин
босатушы, күшейтуші, ал статин – тоқтатушы, тежеуші факторлар. Қазіргі
кезде 7 либерин мен 3 статин анықталып отыр.
Гипоталамус-гипофиз жүйесінде соңғы жылдары нейрондарды реттейтін
пептидтер тобы ашылды. Олар эндорфин, энкефалин, нейротензин, Р заты және
басқа қосымша гормондық жүйелер.
Қазіргі кезде гастро-интестиналды гормондар (ГИГ) – асқорыту жолының
көп гормондар тобы зерттеліп жатыр.
Дегенмен, олардың маңызы, химиялық табиғаты әлі толық анықталмаған.
Ішкі сөлініс бездері арасында гипофиз ерекше орын алады. Гормон
шығару қызметі гипоталамуспен тығыз байланысты. Гипофизден көптеген шеткі
бездердің қызметін өзгертетін бағыттаушы гормондар бөлініп шығады.
Гипоталамус жүйке жүйесінің әсерін басқа бездерге гипофиз арқылы таратады.
2.4. Гипофиз бен қалқанша без, олардың гормондары. Гипофиз мидың түп
жағындағы түрік ершігінде орналасқан, салмағы 0,5-0,6 г, алдыңғы, ортаңғы,
артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы – аденогипофиз, ортаңғысы –
меланогипофиз, артқы бөлігі – нейрогипофиз деп аталады. Құрылысы және
қызметі жағынан бұлар әртүрлі, сондықтан олардың әрқайсысын бөлек без деуге
де болар еді.
Адам және жануарлар тірлігі үшін қай бездің қандай маңызы бар екенін
білу мақсатымен зерттелетін безді сылып алып тастайды (экстирпация).
Гипофизді алып тастаса (гипофизэктомия) өсімтал жас бала өспей қалады,
жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек адамның бездерін алып тастаса,
жыныстық шабыты төмендейді. Белок, май, көмірсу алмасуы бұзылады, қалқанша
без, бүйрекүсті бездер кішірейеді, қызметі нашарлайды. Несеп бөлінуінде
тәуліктік диурез күшейіп, шыжыңдық белгілері пайда болады (полиурия).
Сырттан тиетін зиянды әсерлерге деген төзімділігі кемиді. Осы айтылғандарың
бәрі гипофиздің гормон шығару қызметінің нашарлауының (гипосөлініс)
салдары. Ал гипофиздің қызметі күшейе (гиперсөлініс) мұндай өзгерістердің
сипаты қарама-қарсы.
Гипофиздің алдыңғы бөлігі – аденогипофиз үш түрлі, атап айтқанда,
ацидофилдік, базофилдік және хромофилік жасушалардан тұрады. Соңғылары –
бас жасушалар осы бас жасушалардан дамиды. Бастапқы аталған екеуі бүйрек
үстіндегі бездердің қызметін күшейтіп, құрылымдық сипатын жақсартады.
Гипофизде соматотроптық СТГ (соматотропин), тиреотроптық ТТГ (тиреотропин),
адренокортикотроптық АКТГ (адренокортикотропин), гонадотроптық ГТГ
(гонадотропин), фоллитропин ФСГ, лютеиндейтін ЛСГ (лютропин), пролактин
бағыттаушы гормондары түзіледі.
Қалқанша без. Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан қалқанша
без – біршама ірі без. Ересектердің қалқанша безінің салмағы 20-30 гр.
Балаларда (2 жасқа дейінгі) – 1,5-2 г. Қартайған шақта, басқа да ішкі
сөлініс бездері секілді, оның салмағы кішірейеді. Қалқанша без тіні дәнекер
тіннің жұқа қабаттарымен қоршалған көлемі 25-500 мкм болатын
фолликулалалрдан тұрады. Олардың эпителий жасушалары құрамында йод бар
гормондарды түзеді. Бұлар трийодтиронин (Т3) және тетрайодтиронин (Т4)
немесе тироксин. Олар белокпен қосылып, йодтиреоглобулин деген тұтқыр
коллоидты зат түзеді. Ол зат фолликулада көпке дейін сақталады. Кейін керек
кезде коллоидты заттан гормондар бөлініп қанға өтеді. Эпителийлі беткей
тіндерінде протоеаздардың әсерінен йодтиреоглобулин ыдырайды, белсенді
гормондар бостылады. Қан плазмасында гормондар альбумин және глобулинмен
қосылады, ал нысаналарда бұл комплекстер ыдырап, тироксин мен
трийодтирониндерді босатады. Бұл гормондардың жасалуына аминқышқылдар,
тирозин және йод қажет.
Адам организмнің сұйықтық ортасындағы гормондардың 75%-ға жуығы
белоктармен байланысқан қалпында ағып жүреді. Бұл тиреоидты гормондардың
бүйрек арқылы шығарылуына жол бермейді. Гормондар тек бос қалпында ғана
әсер етеді. Трийодтирониннің белсенділігі тироксиннің белсенділігінен 6-10
есе жоғары.
Гормондардың күйрелуі біршама ақырын жүреді (2-4 тәуліктен кейін).
Артық гормондар бауырда ферменттік күйрелуге ұшырайды. Бездің дәнекер тінді
стромасында ақшыл жасуша немесе С-жасушалар деп аталатын ерекше түрі
табылды, кейде оны орысша атына байланысты К-жасуша деп те атайды. Бұлар
кальций және фосфор алмасуын реттеуге қатысатын, құрамында йод жоқ –
тирокальцитонин және өте белсенді катакальцин гормондарын бөліп шығарады.
Қалқанша без қанмен өте жақсы қамтамасыз етеді. Мұндағы қан ағысының
минуттық мөлшері бездің өз көлемінен 3-7 есе көп. Қанның мөлшері жағынан ол
организмде бірінші орын алады. Бұл оның ішкі секрециялық қызметінің
белсенділігін көрсетеді. Қалқанша без жүйке талшықтарымен жиі торланған,
оның жүйке қызметінің реттелуі симпатикалық, парасимпатикалық және денелік
жүйкелер арқылы жүзеге асырылады.
Қалқанша без гормондары жүрек қызметін жылдамдатады. Олар орталық
жүйке жүйесінің дамуына және қызметіне елеулі әсер етеді. Иттердің безін
алып тастағаннан кейін, оларда шартты рефлекстердің қалыптасуы өте қиын
болады. Қалыптасқан шартты рефлекс келесі күні жойылып кетеді де, оны
жаңадан қалыптастыруға тура кледі. Ал без қызметінің жоғарылауынан орталық
жүйке жүйесінде қозу тежелуден басым болады. Бұл – гипертиреоз кезінде
аурулардың өте эмоциялы болуының себебі. Қалқанша без қызметінің бұзылуынан
адам зейінінің бірқатар көрсеткіштері өзгереді.
Қалқанша безінің үшінші гормоны – тиракальцитонин. Бұл гормон бездің
фолликула жанындағы жасушаларынан бірден қан менлимфаға фолликулалардан
өтпей-ақ келеді, ол тиреоидты коллоидтың құрамында да жоқ.
Тирокальцитонинді денеде кальций сақтайтын гормон деп атайды. Ол қан
плазмасында кальций және фосфор иондарының деңгейін төмендетеді. Бұл
горомндар үшін бүйрек және сүйек тіндері жасуша нысана болады.
Қалқанша безі гормондарының жасалуы және қанға шығарылуы сау
организмде орталық жүйке жүйесінің көптеген бөліктерімен, гипоталамус-
гипофизарлық жүйелерімен өте нәзік реттеледі. Нормональды гомеостаз ішкі
сөлініс, бездерінің басқа көптеген бездерінің арасындағы (әсіресе қалқанша,
жыныс және қалқансерік т.б. бездер) өзара үйлесу тетіктері арқылы іске
асады.
Қалқанша безінің сөл бөлу қызметінің гипо немесе гипосөлініс
жағдайларында түрлі бұзылулар салдарынан әртүрлі патологиялық жағдайлар
және аурулар туады.
Гипертиреоз, әсіресе Базед ауруы немесе табиғаты басқаша
тиреотоксикоз кезіндегі патологияның мынадай өзіне тән белгілері байқалады.
Без көлемінің ұлғаюы (зоб), тахикардия (жүрек соғуы жиіленуі), көздің
шарасынан шығуы (экзофтальм), зат алмасудың елеулі жоғарылауы және осымен
байланысты организмнің көптеген вегетативтік қызметтерінің бұзылуы.
Организмнің жүдеуі байқалады.
Адамға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz