Ауаны ластайтын ластағыш заттар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Көкшетау қаласындағы ауаның ластануы және одан шығу жолдары
Мазмұны
1 Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .1
1. Атмосфера – ауа қабаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1. Ауа – тіршілік көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.2. Ауаны ластайтын ластағыш заттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Қалаларды дамытудың экономикалық проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.1. Қаланы қоршаған орта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.2. Қалалардағы ауа ортасының күйін бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.3. Қала қалдығы – цивилизация кесірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
3. Көкшетау қаласының экологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
3.1. Көкшетау қаласы бойынша атмосфералық ауаның экологиялық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
3.2. Ауаның ластануының – адам денсаулығына әсері және одан шығу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 19
Гипотеза ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .21
Пайдаланылған материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Кіріспе
Қала атмосфера ауасының тазалығы - қазіргі таңда адамзатты толғандырып
отырған аса маңызды мәселелердің бірі. Қоғамдық өндірісті дамыту қарқыны,
планетада халық санының күрт өсуі, қалпына келтірілетін және қалпына
келтірілмейтін табиғи ресурстарды тұтыну ауқымы қоршаған ортаға әсер
ететін, бір-біріне тығыз байланысты мынадай антропогенді
факторлардың ықпалына тәуелді:
- қоршаған ортаға орасан көп мөлшерде өндірістің материалдық
және энергетикалық қалдықтарының жиналуы;
- табиғи жүйенің қарқынды пайдаланылуы, одан зор көлемде табиғи
ресурстардың алынуы;
- ландшафтардың жаппай техногендік өзгеріске ұшырауы (қалалардың өсуі,
инфрақұрылымның жасалуы, ауыл шаруашылығы өндірісі, тау жыныстарының орын
ауыстырылуы);
- биосфера мен комоста өтетін активті техногендік процестер, олардың
энергиямен қанығуы және кеңестік ауқымы табиғи процестерге ұқсас, ал табиғи
жүйелер үшін мүлде бөгде болып саналатын материалдық және энергетикалық
компоненттердің қарқыны жөнінен табиғатта ешбір теңдесі жоқ болуы мүмкін;
- адамдардың планета бетін мақсатты түрде өзгертуі және кейбір табиғи
құбылыстар мен процестер.
Аталған факторлар экожүйе организміне тікелей әсер етуі де, немесе
қоршаған ортаның қасиетін өзгертуі, ал мұның өзі келешекте реципиенттерге
(қабылдаушыларға) ықпал етуі де мүмкін. Қоршаған ортаға антропогендік ықпал
ету әсіресе қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында күшті сезіледі. Қоғам
өміріндегі экологиялық факторлардың рөлін жөнді бағаламау қаланы қоршаған
ортаны ұзақ мерзімге білікті болжаудың жеткіліксіздігі, сондай-ақ осы
проблемалар жөнінде жариялылықтың жоқтығы қаладағы тіршілік жағдайының
төмендеуіне әкеп соқты. Қаладағы қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру халық
шаруашылығын дамытудың ең өзекті әлеуметтік проблемасы болып саналады, әрі
мұның өзі қоғамдық өндірістің тиімділігіне едәуір ықпал етеді. Қалалардың
әлеуметтік-экономикалық дамуына қоршаған ортаны қорғаудың мәні үнемі артып
отырғандықтан, қаладағы шаруашылық қызметінің бүкіл саласын түбегейлі
жақсартуды қажет етеді. Мұндайда олардың қоршаған ортаның алуан түрлі
элементтеріне ықпал ету ауқымы жағынан да, мән-мазмұны жағынан да арта
түседі.
Мақсаты: жер бетінде өтіп жататын түрлі құбылыстар, өзгерістер, тіршілік
атаулы ауамен байланысты. Зерттеуге басты себеспер болып отырған, Көкшетау
қаласындағы ауаның ластануының адамдардың денсаулығына зиянды әсері.
Сондықтан осы зерттеу жұмысында қала ауасының ластануынан шығу жолдарын
көрсету
Міндеттері:
1.Елдімекендерден бөлінген атмосфераға ластаушы заттарды анықтау.
2. Стационарлық қайнар көздерден бөлінетін ластаушы заттарды анықтау
3. Көлік түрлерінен бөлінетін ластаушы заттарды анықтау
4. Көкшетау Пауэр ЖСШ бойынша атмосфераға бөлінетін заттарды анықтау.
5. Ауадағы зиянды заттардың адам денсаулығына әсерін зерттеу.

I. Атмосфера-ауа қабаты
1.1. Ауа – тіршілік көзі
Жер бетіндегі тіршілік ететін барлық тірі организмдер ауамен тыныс алады.
Егер адам тәулігіне 4-5 литрдей су және тамақ ішетін болса, тыныс алғанда
23-24 литрдей ауа жұтады. Адам тамақсыз 5 аптаға, сусыз 5 күнге, ал ауасыз
5 минутқа ғана шыдай алады екен. Атмосфераның құрамына негізінен азот
(78,08%), оттек (20,95%), су буы (0,2-2,6%), аргон (0,93%), көмірқышқыл
газы (0,03%) және аздаған мөлшерде инертті газдар (неон, гелий, криптон,
ксенон), аммиак, метан, озон, күкірт диоксиді және басқа газдар кіреді [1].
Сонымен қатар атмосферада жанартау атқылаған кезде шығатын қатты заттар,
ғарыштан түсетін шаң-тозаңдар және басқа да түрлі микробтар кездеседі.
Жердің геологиялық даму тарихында атмосфера біраз өзгеріске ұшырады. Ол
өзгеріс атмосферадағы газдардың ғарыш кеңістігінде ұшуына, жанартау атқылау
нәтижесінде литосферадан газдардың бөлініп шығуына, күннің ультракүлгін
сәулесінің әсерінен ауа молекуласының ыдырауына, атмосфера құрамбөліктері
мен жер қабатын құрайтын тау жыныстарының арасындағы химиялық реакцияға
байланысты. Сонымен қатар атмосфераның дамуы геологиялық және геохимиялық
құбылыстар мен организмдер тіршілігіне байланысты. Атмосферадағы газдар
литосфераның дамуына үлкен әсерін тигізеді. Мысалы, бір кезде литосферадан
бөлініп, атмосфераға көтерілген көмір қышқылы кейіннен жер бетіндегі
карбонаттардың құрамынан табылған. Су тамшылары, жел, ауа температурасы,
атмосферадағы оттек және тағы басқа элементтер – тау жыныстарын бұзатын
негізгі факторлар. Жер бетіндегі барлық үгілу құбылыстары – атмосфераның
әрекетінің нәтижесі.
Атмосфера жер бетін метеориттерден қорғайды, дәлірек айтсақ, олар
атмосфераның тығыз қабатынан өткенде жанып кетеді. Атмосфера күннің
ультракүлгін сәулелерін өткізбейді. Атмосферада тірі организмдерге қажетті
оттек пен өсімдікке қажетті көмірқышқыл газы синтезделеді.
Түрлі экожүйе үшін атмосфераның құрамына кіретін үш газдың: оттек,
көмірқышқыл газы және азоттың маңызы зор.
Оттек – біздің ғаламшарымызда тіршілік ететін барлық тірі организмдердің
тыныс алуына қажетті маңызды элемент.
Атмосферада фотосинтез процесінің нәтижесінде пайда болған оттек
ультракүлгін сәуленің әсерінен озонға айналады. Озонның жиналуына қарай
атмосфераның жоғары қабатында озон қабаты пайда болады. Озон қабаты жер
бетіндегі тіршілікті зиянды радиациялық сәулелерден қорғайды.
Кейінгі кезде адамдардың іс-әрекетінің салдарынан атмосферада оттек
қорының азаю қаупі бар.
Көмірқышқыл газы – органикалық заттардың тотығу процестерінде, тыныс
шығарғанда түзіліп, фотосинтез процесінде сіңіріледі.
Атмосферадағы көмірқышқыл газының екі есе көбеюі жердегі ауа
температурасын 3-4 С-қа көтереді деген болжам бар. Ауа температурасының
көтерілуіне себеп болады. Бұл кезде мұздар еріп, мұхит деңгейі 50-60 метрге

көтерілуі мүмкін.
Азот - өте қажетті биогенді элемент. Себебі, ол нәруыздардың нуклеин
қышқылдарының құрамына кіреді. Атмосфераның 79 % -ы азоттан тұрады. Өсімдік
азотты топырақтан аммоний немесе нитрат ионы түрінде бекітілген азот
түрінде қабылдайды. Экологиялық жүйеге азоттың қоры күн күркіреп, найзағай
ойнағанда электр зарядының нәтижесінде пайда болған азоттың тотығы түрінде
түзеді [2].
Табиғаттағы азот айналымында тірі организмдердің рөлі зор.
Қазіргі кезде атмосфера ауасы түрлі антропогендік факторлардың әсерінен
бұрынғы күйінен ауытқуда. Оған жыл сайын атмосфераға келіп түсетін
көмірқышқыл газы мысал бола алады.
1.2. Ауаны ластайтын ластағыш заттар
Ластағыш заттардың негізгі көздеріне өнеркәсіп, автокөліктерден шығатын
газдар, жылу энергетикасы, түрлі әскери сынақтар, ғарыш кемелері мен
ұшақтар жатады. Осы аталған ластағыш заттардың әсерінен ауаның ластану
қарқыны жылдан-жылға ұлғаюда. Бұл ауа бассейннің тепе-теңдігіне әсер етіп,
биосферада кері құбылыстардың пайда болуына, яғни климаттың өзгеруіне, ең
бастысы, адам денсаулығының бұзылуына әкеп соғады [3].
Республикамыздың әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіне байланысты
ауаның ластану дәрежесі де өзгеріп отырады. Атмосфера ауасына шығарылатын
зиянды заттар мен газдарды және басқа да химиялық қосылыстар мөлшерін
Қазақтың гидрометрологиялық ғылыми – зерттеу
институты үнемі бақылап, мәліметтер беріп отырады. Осы берілген мәліметтер
бойынша, соңғы он жыл аралығында ауасы ең көп ластанған қалаларға шығыстағы
Риддер, Зырян, Өскемен, орталықтағы Жезқазған, Балқаш, Қарағанды, Теміртау,
солтүстіктегі Павлодар, оңтүстіктегі Алматы кіреді. Бұл жерлерде қара және
түсті металлургия кәсіпорындарынан шығатын қалдық заттар шектеулі мөлшерден
көп.
Табиғат апаттарының басым көпшілігі адам мен қоғамның әрекеттерінен
болады, себебі, қазір планета климаты глобальды өзгерістерге ұшырауда. 1960
жылдан бастап ауа райының орташа температурасы біртіндеп жоғарылауда, яғни
жер шары климаты жылынып барады. Осыған байланысты құрылған мемлекетаралық
комиссияның деректері бойынша адамдардың отындарды көп жағуынан
атмосфералық ауа біртіндеп жылына түсуде. Мысалы, Жапонияның ғылыми-зерттеу
институтының мәліметтеріне қарағанда ауаға көмірқышқыл газы осы қарқынмен
шығарыла берсе, ауаның орташа жылдық температурасы 60-70 жылдан соң 2-3
градусқа жоғарылайды. Солтүстік Мұзды мұхиттың мұздары және биік тауларының
басындағы қалың қарлар ериді.
Қазіргі ауа құрамының өзгеруіне планетамыздың ғасырлар бойы эволюциялық
дамуы ғана ықпал жасап отырған жоқ, сонымен қатар техникалық прогрестің де
әсері орасан зор болып отыр. Айталық, энергетиканың, өндіріс салаларының,
ауылшаруашылығының қай елде болмасын үлкен қарқынмен дамуы атмосфера
құрамының өзгеруіне, болмаса
ластануына ықпал жасамай қоймайды. Ғалымдар жер шарының ең солтүстік
нүктесі – Арктикадағы мұздардың еру жылдамдығы кейінгі уақытта күрт өсе
бастағанын айтып, дабыл қағуда.
Жер бетінде, қалалар мен елді мекендердегі жылу қазандықтарының трубаларын
биік салу сол қауіпті азайта түсуден туындаған. Алайда ірі-ірі өнеркәсіп
нысандарының, қуатты бу қазандықтары мен жылу электр жүйелерінен шығатын
газды, қоспалары мол зиянды түтін желмен ондаған, жүздеген шақырымға тарап
жатады. Ал мыңдаған, миллиондаған іштен жанатын двигательдерден
(автокөліктерден) ауаға қаншама азот пен күкірт қышқыл газы, ауыр металдар
шығады десеңші? Ауаға таралған бұл зиянды газ түрлері ерте ме, кеш пе
әйтеуір жерге түседі, сөйтіп олар жерді, суды ластайды.
Атмосфералық ауаға шығарылатын зиянды заттар парниктік газ деп аталатын
ғылыми терминді қолданысқа енгізді. Ол ауада көмірқышқыл газы мен көміртегі
диоксидінің шамадан тыс көп жинақталуынан пайда болған. Мұның өзі уақыт өте
келе планетадағы жылдық орта температураның әдеттегіден көтеріле түсуіне
ықпал жасайды. Сөйтіп климаттық өзгерісі сезіледі. Ал оның табиғаттың
қалыпты жағдайына белгілі бір мөлшерде әсер ететіні белгілі. Тіпті ол
кейбір жерлерде экологиялық апаттарға апарып соғады. Соның салдарынан жер
үстінде шөл және шөлейтті аймақтар көбейіп, су көздері тартылып құрғайды,
шаңды борандар жиі болып тұрады.
2. Қалаларды дамытудың экономикалық проблемалары
2.1. Қаланы қоршаған орта
Алуан түрлі өнеркәсіп салалары, өндіріс күшінің басым бөлігі
шоғырланғандықтан, халық көп әрі тығыз орналасқандықтан қала әлеуметтік-
экономикалық және экономикалық қарама-қайшылықтың негізгі буынына айналды:
бір жағынан, қалалар-айналадағы табиғат ортасын ластайтын басты көз зиян
шегетін және ондағы қоршаған ортаны сауықтыруды қажет ететін әлеуметтік-
экономикалық объект. Сондықтан қаланың көбею процесінде-қалалар пайда
болғанда және дамығанда бірінші кезекте қоршаған орта факторларын реттеуді
ескеру қажет. Қаланың әлеуметтік функциясында тыныс-тіршілігінің әлеуметтік
бағытына, әсіресе, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысына сәйкес
адамдардың денсаулығына, олардың рухани өсуіне мәдениетті демалуына зор
көңіл бөлінеді. Ол үшін қаланы қоршаған ортаның тазалығы басты назарда
болады. Қазір атмосфераның зиянды заттармен ластанғандығы соншалық, сол
ластану көзінен ондаған, тіпті жүздеген километрге дейін таралады. Қазіргі
индустрия өндірісі тұтастай кең байтақ өңірдің табиғатына едәуір әсер етеді
[4].
Ластайтын заттар мен жылу энергиясының көпшілік бөлігі шағын ғана алаңға
таралғанымен, атмосферадағы алмасу ерекшеліктеріне, әрі су арқылы орын
ауыстыруына байланысты ұзақ уақыт сақталатын кейбір заттар жер
бетінің едәуір бөлігіне, тіпті кейде бүкіл әлемге таралып, аймақтың және
тұтастай жер шарын ластайды.
Ауаны ластайтын ең негізгі заттар – шаң-тозаң. Оның түзілуінің негізгі
түрлері: литосферадағы минералдық заттардың тозаңы. Олар жан-жануарлардың,
өндіріс тозаңдары мен газдарының қалдық заттарынан түзеледі. Бұлар әр түрлі
күйе, күл, металл тозаңдары, күкіртті газ, көмір тотығы, күкіртті сутегі,
хлор, азот тотықтары т.б. Өндіріс тозаңдары, жылу беретін
электростанцияларынан, түрлі транспорттар мен металлургия, химия
өнеркәсіптерінен бөлінеді. Ірі қалаларда көбінесе ауаны бұзатын автомобиль
транспорттары. Мәселен, бір ғана Алматы қаласының өзінде автомобильден
шығатын газдың мөлшері таза ауаның 20-30% бүлдіреді [5].
2.2. Қалалардағы ауа ортасының күйін бақылау
Қалаларды дамытудың ең түйінді проблемаларының бірі – ондағы ауа ортасының
күйі. Өнеркәсіп өндірісінің қарқынды дамуы ауа ортасының күйі қолайсыз
өңірлердің пайда болуына әкеп соқты. Бұған ең алдымен өнеркәсібі дамыған
қалалар жатады. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның деректеріне қарағанда,
ауылды жерлерден гөрі қалалардағы атмосферада газ күйіндегі лас заттар 15-
25 есе және қатты заттар 10 еседей көп екендігі анықталды. Қыс айларында
қалаларда тұман екі еседей, жауын-шашын 5-10% көп түсетіндігі, жерге
жететін күн радиациясының деңгейі 20-30% кем, жылдық орташа температура 0,5-
150С жоғары, желдің орташа жылдамдығы 20-30% кем болатындығы байқалады. Ірі
қалалардағы ауа сапасына
автомобильдерден, өзен және теңіз транспорт кемелерінен шығатын
газдар,теміржол вагондарының мұржаларынан шығатын газдар, теміржол
вагондарының мұржаларынан шығатын түтіндер, ал қалаға жақын орналасқан
аэропорттарда-самолет түтіндері едәуір қолайсыз ықпал етеді.Ірі қалаларда
автомобильдер санының және жүру қарқынының көбеюі ауаны азоттың қос
тотығымен ластау қатерін төндіріп отыр.Әсіресе,оңтүстіктегі ірі қалаларға
(Алматы,Шымкент) ерекше қатысы бар.Бұл қалаларда күн радиациясы өте күшті
болатындықтан тек азоттың улы қос тотығының ғана емес, фотохимиялық ерекше
улы өнімнің-пероксиадетийнитраттың бөлінуіне де ықпал етеді.
2.3. Қала қалдығы – цивилизация кесірі
Қала құрылысы үшін ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы жерлерінің
көптеп бөлінуімен қоса, қалалардың топырақ-өсімдік күйіне өнеркәсіп және
коммунальдық – тұрмыстық қалдықтар да едәуір ықпал етіп, ластайды.
Біздің елімізде әрбір қала тұрғыны тәулігіне 1,2-1,4 кг. қоқыс өндіреді.
Әрбір қаладағы өнеркәсіптің қатты қалдықтарының көлемі, сондағы өнеркәсіп
объектілерінің түрі мен мөлшеріне байланысты. Өнеркәсіп қалдықтары қоршаған
ортаға алғашқы қауіп төндіруге себепші болады: олар территорияны істен
шығарумен қоса, топырақты, ауа мен орманды ластайды, тұрғын халық арасында
аурудың өршуіне, үйлер мен жабдықтардың тез тозуына ,ауыл шаруалық жерінің
өнімділігі кемуіне ықпал етеді [6].
Қалаларда қоршаған ортаны қорғаудың ең тиімді әдісі-қалдықсыз технологияға
көшу, сондай-ақ өндіріс қалдықтарын іске жарату болып саналады.
Бірінші кезекте бүкіл қалдықтарды жинау мен өңдеудің, ондағы металдарды,
шыныларды,тас материалдарын іске жаратудың жинақты жүйесі ойластырылуы
тиіс. Қалдықтардың сорттауға келмейтін бөліктерін электро-химиялық
өндеулерден өткізу, электр энергиясына, буға, жылуға, жанғыш газға қорда
түріндегі тыңайтқыштарға, сондай-ақ құрылыс материалдарына шикізат ретінде
пайдалануға (күл, шлак, балшық аралас түйіршік ретінде цемент өндіруге)
тырысу қажет. Ағаш ұнтақтарын кірпіш заводтарында пайдалануға болады: мұнда
1 мың дана кірпішке 0,5 м3 ағаш ұнтағы
қажет [7].
Ұлыбритания, АҚШ, Жапония секілді дамыған елдерде қалдықты өндеудің алуан
түрлі тәсілдері қолданылады, әрі бұл тәсілдердің қайсысы тиімді болатындығы
шикізат бағасымен өндеу құнына байланысты. Кейбір салаларда қоқысты өндеп
қосалқы өнім шығаруда ірі табысқа жетті.
3. Көкшетау қаласының экологиясы
3.1. Көкшетау қаласы бойынша атмосфералық ауаның экологиялық жағдайы
Енді Көкшетау қаласы бойынша атмосфералық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны геокеңістіктік басқару
Атмосфера құрамы
Атмосфералық ауаның ластану көздері
Қалалардағы экологиялық жағдайды ұзақ мерзімге болжау
Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау
«Атмосфераның құқықтық режимі»
Атмосфераның ластануының теориялық аспектілері
Атмосфералық ауаның ластану көздері туралы
Ақтөбе қаласының атмосферасын басқа қалалармен салыстыру
Өндіріс орындарын желдету әдістері
Пәндер