Қазақ тіліндегі теңеулердің жасалу жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

І. Кіріспе:

1. Теңеудің табиғаты

ІІ. Негізгі:

1. Қазақ мақал–мәтелдеріндегі теңеудің жасалу жолдары

2. Мақал–мәтелдердегі теңеудің синтаксистік құрылымы

ІІІ. Қорытынды:

1. Қазақ тіл білімінде теңеудің алатын орны

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша: Қазақ теңеулері слайд

І.Кіріспе:
Теңеудің табиғаты

Теңеу дегеніміз – ұқсас, ортақ
белгілердің негізінде бір затты екінші затқа
салыстыру арқылы сипаттаушы нәрсенің
бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-
экспрессивтік санасын күшейтетін,
сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық
қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл,
әрі таным құралы , -

ғалым Т.Қоңыров.

Тіл білімінде сөздің лексикалық мағынасы әр түрлі бағытта топтастырылып
келеді. Өткен ғасырдың 50-жылдары сөз мағынасын семантикалық тұрғыдан
топтастыру орын алды. Сөздерді мәдени, шаруашылық, тұрмыстық, туыстық
атаулар, адамға байланысты сөздер т.б. деп семантикалық топтастыру –
беретін ұғымы бірыңғай сөздердің мағыналық типтерін анықтауға негізделді.
Сөз мағынасын топтастыру мағынаны әр түрлі аспектіде қараудан
туындайды. Мәселен, сөздің негізгі және тұрақты мағынасы дегенде деректі
атаулардың аталым дәрежесі, ал сөздің нақты және абстракті мағынасы дегенде
адам ойының танымдық және абстрактілену дәрежесі ескеріледі. Контекстік
мағына сөздің сөйлемдегі, мәтін ішіндегі динамикасына қатысты болса, сөздің
көп мағыналылығы ауыс мағынаның полисемиялық деңгейге жетуі, одан әрі
омонимденуі тұрғысынан қаралады.
Қазақ тіл білімінде сөз мағыналарын топтастырудың академик
В.В.Виноградов ұсынған тура және номинативті мағына; фразеологиялық
байлаулы мағына; синтаксистік шартты мағына деген классификациясын кеңінен
пайдаланып келеміз. Мәселен, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаевтар В.В.Виноградовтың
жоғарыдағы топтастыруын басшылыққа ала отырып, сөз мағыналарын:
1) сөздің негізгі мағынасы;
2) сөздің тұрақты мағынасы;
3) сөздің нақты мағынасы;
4) сөздің контекстік мағынасы және көп мағыналылығы;
5) сөздің абстракт мағынасы;
6) сөздің тура мағынасы;
7) сөздің ауыс мағынасы;
8) сөздің грамматикалық және лексикалық мағынасы деп бөледі.
Профессорлар Ғ.Қалиев пен Ә.Болғанбаев сөз мағынасы сөздердің шындық
өмірдегі заттар мен құбылыстарды білдіруіне, тарихи пайда болуына, өзара
тіркесімділігіне, стилистикалық қызметтеріне қарай топтастырып, қазақ
сөздерінің лексикалық мағыналарын:
1) сөздің негізгі атауыш немесе тура мағынасы;
2) сөздің ауыс мағынасы;
3) сөздің нақты және дерексіз мағыналары;
4) сөздің түпкі және туынды мағынасы;
5) сөздің еркін және байлаулы мағынасы;
6) сөздіңі бейтарап және терминдік мағыналары;
7) сөздің бейнелі және поэтикалық мағыналары деп жіктейді.
Профессор Б.Сағындықұлы сөз мағынасын сөздің жеке тұрғандағы және өзге
сөздермен қарым-қатынасқа түскендегі қалып-күйіне байланысты сөздің
мағынасы және сөздің тілдік мағынасы деп екі үлкен топқа бөліп алып, ары
қарай сөздік мағынаны өз ішінен:
1) лексикалық мағына;
2) лексика-грамматикалық мағына деп топтастырады.
Осы сөз мағыналарын топтастыруда профессорлар Ғ.Қалиев пен
Ә.Болғанбаевтың сөздің бейнелі және поэтикалық мағыналарына тоқталсақ.
Поэтикалық мағына – теңеу, эпитет, метафора,
гипербола, перифраз, литота т.б. троп пен стильдік фигураның түрлері сияқты
тәсілдерді қолдану арқылы соны да, көркем, айшықты да әсерлі сөз өрнегін,
айрықша бейнелі жаңа тіркестер жасаудан туындайтын мағына.
Поэтикалық мағына жасайтын троптың бір түрі - теңеу. Тілдегі
бейнелеуіш-көркемдеуіш құралдардың ішіндегі ең көнесі теңеу десек,
қателеспейміз. Бейнелеу тәсілдерінің қай-қайсысы да өз бастауын теңеуден
алады. Теңеудің көне құбылыс болуы көріктеу құралдарының ішіндегі неғұрлым
қарапайымы деген тұжырым жасауға негіз бола алмайды. Көркем шығармалардағы
теңеулер автор тілінің ұлттық нақышын ғана танытып қоймайды, сонымен бірге
өзіндік қолтаңбасын да айқындай түседі, Өйткені теңеудің басты қасиетінің
өзі тосындығы, жаңалығы, әрі бейнелілігі болып табылады. Осы арқылы теңеу
өз алдына жаңа көркем бейне жасауды мақсат етіп қоятын поэзия үшін
таптырмайтын қуатты құрал.
Теңеуді таным құралы ретінде философияда, стильдік әдіс ретінде тіл
білімінде зерттейді. Теңеуді бұлайша егжей –тегжейлі сипаттау орыс
ғылымында да, европа халықтарының ғылымында да жан - жақты қарастырылған.
Мәселен, Орыс тіл білімінің өзінде ғана, әдебиетану ғылымын қоспағанда,
теңеулерге арналған 100-ден астам зеттеу еңбектері бар[1.7], Бұл жағынан
қазақ теңеулері кенже қалған. Дегенмен, мүлдем зерттелмеген деуге болмайды.
Теңеу терминін қазақ филологиясында алғаш қолданып, ғылыми анықтама
берген қазақ тіл білімінің, әдебиеттану ғылымының негізін салған Ахмет
Байтұрсынұлы болды. Қазақ тіл білімінде теңеулерді арнайы зерттеген ғалым -
Т.Қоңыров. Ғалымдардың барлығы да теңеудің семантикалық мәні, поэтикалық
ерекшелігі бір затты немесе құбылысты екінші бір затқа немесе құбылысқа
салыстыру екенін атап көрсетеді.
Өзінің Өлең сөздің теориясы атты еңбегінде академик З.Ахметов бейнелі
сөздер туралы айта келіп, теңеуге тоқталады да: Поэзиялық шығармадағы
теңеуді алсақ, мұнда мәселе салыстырылып отырған нәрселердің белгісіз
немесе белгілілігінде емес, сол айтылған өзгешелік бұлардың бірінен
екіншісінде айқынырақ, көрнектілеу екндігінде, салыстырудың өзінен көп
мағына туатындығында[2.18],- дейді. Ғалым поэзиялық шығармада теңеуді
қолданудағы негізгі мақсат тұрғысынан келіп анықтама береді.
Тіл біліміндегі әдебиеттерде теңеуге берілген анықтамаларда оның басты
ерекшелігі аталып көрсетіледі. А.Т. Рубайло Художественные средства языка
еңбегінде: Түр-түсі, қасиеті, мән-мағынасы жағынан бір-біріне ұқсас
құбылыстарды біріне-бірін салыстыруды теңеу дейді,- десе, Д.Е.Розенталь
мен М.А.Теленкованың Лингвистикалық сөздігінде: Олардың ортақ белгілері
негізінде бір затты басқа затқа ұқсатудан тұратын троп , - деп беріледі.
Теңеуге байланысты маңызды мәселелердің бірі – оның семантикалық
структурасы. Троптың басқа түрлеріндей емес, теңеулік конструкция бірнеше
мүшелі болып келеді. Бұл теңеудің бүкіл болмысының – бейнелік сипатының,
эмоционалды-экспрессивтік сапасының, көркемдік ерекшелігінің, предметті-
логикалық негіздерінің, ассоциациялық мүмкіндіктерінің, стильдік
иіндерінің, ары айтсақ, поэтикалық табиғатының – айқын көрсеткіші болып
табылады.
Сонымен, қазақ теңеулерінің семантикалық структурасын белгілеу үшін,
Б.В.Томашевскийдің терминін қабылдап, соған орай қазақ теңеуінің мүшелерін
былайша атаймыз:
1) теңеудің сипаттаушы мүшесі немесе теңеудің предметі;
2) теңеудің сипаттаушы мүшесі немесе теңеудің образы;
3) предмет пен образға ортақ қасиет немесе теңеудің белгісі;
Қорыта келгенде, теңеу – бір затты екінші затқа ұқсастығы арқылы
салыстыра қолданылатын стилистикалық тәсіл.

ІІ.Негізгі бөлім
1. Қазақ тіліндегі теңеулердің жасалу жолдары.

Қазақ теңеулерінің жасалу тәсілдері жөнінде академик Қ.Жұмалиев былай
дейді: Орыс тіліндегі теңеулер как, так, то что, будто, подобно, что
арқылы жасалатыны тәрізді, қазақта да кейбір теңеулер секілді деген
сөздер арқылы жасалынады. Бірақ орыс тілінде теңеулердің көпшілігі
творительный падеж арқылы жасалынады. Бұл бізде жоқ. Бізде мұның орнына
теңеудің өзіне тән белгілі жұрнақтары бар.
Белгісіз нәрсені жұртқа мәлім белгілі нәрселерге салыстыру осы
жұрнақтар арқылы орындалады (-тай, -тей, -дай, -дей, -дайын, -дейін дай
жұрнағымен байланысты мын).Қазақ тіліндегі теңеулердің көпшілігі-ақ осы
жұрнақтар арқылы жасалады[3.204].
Қорыта келгенде Қ.Жұмалиев қазақ теңеулерінің жасалуының үш түрлі
тәсілін көрсетті:
1) –дай, -дей, -тай, -тей, дайын, -дейін, -тайын, -тейін, жұрнақтары
арқылы;
2) –ша, -ше жұрнағының көмегімен;
3) секілді, сияқты, тәрізді сөздері арқылы;
Қ.Жұмалиевтің бұл пікірлері дұрыс болғанымен, теңеудің жасалу
тәсілдерін түгел қамти алмады.
Теңеудің жасалуын Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясында төрт топқа
бөледі:
1) морфологиялық;
2) лексикалық-морфологиялық;
3) лексикалық-синтаксистік;
4) фразеологиялық-синтаксистік;
Бертін келе, қазақ тіліндегі теңеулердің жасалу жолдары туралы мәселе
қазақ филологиясында біршама қаралып, қазақ тіліндегі теңеуді арнайы, жан-
жақты зерттеген ғалым Т.Қоңыров теңеудің жасалуының 10 түрлі тәсілін
көрсетті:
1) –дай, -дей, -тай, -тей, дайын, -дейін, -тайын, -тейін,
жұрнақтарының көмегімен;
2) –ша, -ше жұрнағының көмегімен;
3) шығыс септігі жалғауының (-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен)
көмегімен;
4) секілді, сияқты, тәрізді, іспетті сөздерінің көмегімен;
5) бейне сөзінің көмегімен;
6) тең сөзінің көмегімен;
7) ұқсас сөзінің көмегімен;
8) параллелизм тәсілі көмегімен;
9) аралас тәсілдің (бейне және –дай, -дей; бейне және секілді)
көмегімен;
10) қосалқы тәсілдер көмегімен;
Сонымен, жоғарыда көрсетілгендей қазақ тіліндегі теңеулер 10 түрлі
тәсілмен жасалады екен.
Дана халқымыздың ең ежелгі де аса бай мәдени мұрасы – мақал-мәтелдер.
Бұл қайнар көзі өмір бақи суалмайтын, қайта уақыт өткен сайын толысып,
жаңара беретін, әр заманның талап-тіршілігін, қылықтарын танытып, тілге
нұр, сөзге ерекше әсемділік пен ұтымдылық құятын үлкен байлық. Ауыз
әдебиетіміздің осы бір мол мұрасында теңеулер жиі қолданыс тапқанын
көреміз. Кез-келген нәрсені айтарда екінші бір затпен салыстырып беріп
отырған. Қазақ мақал-мәтелдеріндегі теңеудің жасалуында жоғарыда
көрсетілген тәсілдер көрініс табады. Мысалы:
1) –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтарының мақал-мәтелдердегі теңеулік
қызметі. Көбінесе зат есімдерге жалғанып, теңеу жасауға қатысады.

Кәрі қойдың жасындай жасым қалды.

Талапты бала – талпынған құстай.
Арғымаққа оқ тисе, мәстектей туламас,
Сыпайыға оқ тисе, жамандардай жыламас.

Жақсы қартайса, жазып қойған хаттай,
Жаман қартайса, бықсып жанған оттай.

Жақсы – ай мен күндей, әлемге бірдей.

Жақсының сөзі жәннаттай, жаманның сөзі міндеттей.

Жақсылардың үлгісі жанып тұрған шамдай,
Шешендердің сөздері ағып тұраған балдай.

Көптің күші көлдей,
Көшіп жүрген елдей.

Білімсіздің сөзі білектей,
Білімдінің сөзі жібектей.

Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла,

Баланың сөзі батпандай,
Келіннің сөзі кетпендей.

Жақсы келін – қызыңдай,
Жақсы күйеу – ұлыңдай.

Екі тентек қосылса, саудай болар,
Екі ақылды қосылса, таудай болар.
Туған жердей жер болмас, 
Туған елдей ел болмас

Көріп отырғанымыздай, –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы жақсы
мен жаманды, білімді мен білімсізді, тентек пен ақылдыны салыстыру арқылы
теңеу жасалып тұр. Мақал-мәтелдерде бұл жұрнақтардың теңеулік қызметі
басым екенін байқаймыз.
2) Мақал-мәтелдердегі –ша, -ше жұрнағының теңеулік қызметі. Қазақ
тіліндегі –ша, -ше жұрнағы салыстыру мағынасын білдіруде –дай, -дей,
-тай, -тей жұрнағымен синонимдес келеді. Мысалы:

Ағайынның аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын.

Жуан жіңішкергенше, жіңішке үзілер.

Ата-бабасы би болмаған,
Қазақ дәстүрінше іс қылмайды

Алпыс күн аспанға қарағанша,
Алты көште айдын-көлге жет.

Жақсы кісінің ашуы – шай орамал кепкенше,
Жаман кісінің ашуы – басы көрге жеткенше.

Жаман адамға жалынғанша,
Жат та, жаныңды қарман.

Қармақтың дәні болғанша,
Бидайдың сабаны бол.

Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол.

Жаманмен егескенше, жақсымен күндес.

Мысық та жолбарысша қуанады.
Жоғарыда келтірілген мысалдардан –ша, -ше жұрнағының теңеулік қызметі -дай,
-дей, -тай, -тей жұрнақтарынан кем түспейтінін көреміз. Мысық та
жолбарысша қуанады деген мысалда жолбарыс пен мысықты салыстырып беріп
тұр. Енді біз –ша жұрнағының орнына –тай жұрнағын қойып көрейік. Мысық та
жолбарыстай қуанады мағына өзгерген жоқ, бұл –ша, -ше жұрнақтары –дай,
-дей, -тай, -тей жұрнақтарымен синонимдес келетіні дәлелдейді.
3) Шығыс септігінің мақал-мәтелдердегі теңеу жасау қызметі. Қазақ
тілінде дәл бүгінгі күнге шейін шетқақпай қалып, өгейсіреп жүрген тағы бір
тәсіл бар. Ол шығыс септігінің жалғаулары арқылы теңеулік образдар жасайтын
тәсіл. [1,102] Бұл тәсілді қазақ мақал-мәтелдерінде мейлінше мол
қолданады. Мысалы:

Жіліктіден білікті озық.

Жаман ерден жайдағым жақсы,
Жаман қатыннан бойдағым жақсы.

Балық басынан сасыйды,
Жаман аяғынан сасыйды.

Жаман туған нағашысынан көреді,
Сөйлей білген атасынан көреді.

Жақсы ағайыннан жақсы жекжат артық.

Көп жасаған құрдасынан айырылады,
Қатыны сұлу жолдасынан айырылады.

Көр жаңылса, көнеден сұрайды,
Көне жаңылса, көргендіден сұрайды.

Жақсыдан жаман туса, ем табылмас,
Жаманнан жақсы туса, тең табылмас.

Жақсыға данас, жаманнан қаш.

Жақсыны сыйласан есінен кетпейді,
Жаманды сыйласаң, есігіңнен кетпейді.

Жаман басшыдан, жақсының сілтеуі артық.

Алып анадан туады,
Ат биеден туады.

Ақыл бастан шығады,
Асыл тастан шығады.

Ақыл ойдан артық емес.

Ақ сәлделі қожадан,
Ақ жаулықты қатын артық.

Елінен безген ер болмас, 
Көлінен безген қаз болмас.

Көріп отырғанымыздай, бірінің екінші бір нәрседен артық, яки кем
екендігі шығыс септігінің жұрнақтары арқылы салыстырылып беріліп тұр. Орыс
ғалымы Б.В.Томашевский: Теңеу жасаудың дәл осындай тәсілі орыс тілінде де
бар.-деп көрсетеді.
6) Бейне, секілді, сияқты, тәрізді, іспеті көмекші сөздерінің
теңеулік қызметі. Академик Қ.Жұмалиев бейне сөзін метафора жасайтын
тәсілдердің көрсеткіші деп дәлелдейді. Бұл пікірге ғалым Т.Қоңыров:
Метафора мен теңеудің бір-бірінен үлкен айырмашылықтары бар. Ол,
біріншіден, формалық айырмашылықтары, екіншіден, структуралық
айырмашылықтар, үшіншіден, семантикалық айырмашылықтар.
Формалық айырмашылықтар дегеніміз мынау: сияқты, тәрізді, секілді,
бейне, тең, ұқсас сөздері мен –дай, -дей, -тай, -тей, -ша, -ше, -нан, -нен
жұрнақтары теңеу жасайтын тәсілдердің көрсеткіштері болса, ал бұлардың
метафораға ешқандай қатысы жоқ.
Структуралық айырмашылықтардың мәні мынада: теңеу үш элементтен
құралады да, метафора екі элементтен тұрады.
Метафора мен теңеудің семантикалық айырмашылықтары: теңеуде бір-бірімен
салыстырылған заттар әр уақытта өздерінің тура мағынасында қолданылады да,
ал метафорада предмет тура мағынада, образ ауыс мағынада жұмсалады, -
дейді. Жалпы бұл көмекші сөздердің теңеулік қызметі поэзия мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалижан Бекхожин шығармаларындағы теңеудің танымдық сипатын лингвистикалық тұрғыдан ашу
Қалижан Бекхожин өмірі мен шығармашылығы
Теңеулердің жасалу жолдары
Э. Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» атты романына зерттеу, талдау
СӘКЕН ЖҮНІСОВТІҢ ЖАПАНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ҮЙ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ТЕҢЕУДІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
С.Мәуленов поэзиясындағы теңеулердің танымдық сипаты
Көркем шығармалардағы эпитет, теңеу, метафоралардың қолданылуы, жасалу түрлеріне мысалдар
Жазушы Әкім Таразидың Тасжарған романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі
Қара жаудың сұқтанған көзін жасқап, Естілуде әлемге сөзім асқақ
О. Досбосыновтың айтыстарындағы троптар
Пәндер