Қазақ тілі сабағында тест әдісін қолданудың мақсаттары мен міндеттері
Жоспар:
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..2бет
ІІ. Негізгі бөлім:
Тест әдісі және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-1 7бет
2.1. Тест әдісінің
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-
4бет
2.2. Қазақ тілі сабағында тест әдісін қолданудың мақсаттары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 4-6бет
2.3. Тест әдісін мектепте тиімді
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6бет
2.4. Тест
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 6-13бет
2.5. Сабақ
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...13-15бет
2.6. Мектептегі тест әдісінің ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне
ұласуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 15-17бет
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .18бет
ІҮ. Пайданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .. 19бет
І. Кіріспе.
Қазіргі жетелдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан
Республикасында басты міндеттердің бірі – ұлттық ерекшеліктерді еске алып,
жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру.
Білім министрлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында былай деп жазылған:
“Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім
мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу
мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігін,
іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.” Міне, осы
тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты
шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет. Ондай адамды мектеп
табалдырығынан бастап орта және жоғары оқу орындар дайындайды.
Адам баласының іс-әрекетінде оқу процесі маңызды орын алады. Оқыту
процесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымы, практикалық іскерлігі және
дағдысы қалыптасады.
Оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған
өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу
болып табылады.
Оқыту процесі оқыту әдістері арқылы мақсатқа жетудің саналы түрде
қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту
процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне мұғалім
мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтамақтастығына байланысты.
Әдіс (“методос” деген грек сөзінен туады – зерттеу немесе таным жолы)
тәсілдер жиынтығы, қазақша “зерттеу жолы” деген мағынаны білдіреді.
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың
көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы
қалыптасады, қабілеттер дамиды.
Қазақ тілін оқыту әдістерінің бірнеше түрлері бар, олардың мақсаты
оқушыларды ана тілін ұғынудың заңдылықтары мен жолдарын үйретіп, меңгерту.
Қазақ тілін оқыту әдістеріне мұғалімнің бақылау, байқау әдістері, оқушының
өздігінен жұмыс істеу әдісі, әңгіме әдісі, бақылау әдісі және т.б.
әдістерді атап кетуге болады.
Оқыту процесінің маңызды компоненттерінің бірі – оқушы білімін
тексеру, бағалау. Осындай білімді тексерудің, тиянақтаудың бір түрі – тест
әдісі болып табылады. Оқушылардың білімін тексеру әдістері арқылы мұғалім
оқушылардың білімді, іскерлікті игеру сапасын тексеріп қана қоймайды, ол
оларды ойлау тәсілдеріне, практикалық жұмысқа үйретеді және біліміндегі
кемшілікті жоюдың жолдарын іздестіреді.
Қазақ тілі сабақтарында да мұғалім оқушыларды қазіргі заманға сай
білімді, іскер азамат дайындауда сол оқушының ойын, білімін жетілдіру
мақсатында тиімді әдістің бірі болып келетін тест әдістерін пайдалануда.
ІІ. Негізгі бөлім.
Соңғы жылдары тестік әдісі оқу білімге қатысты барлық ұйымдарда
(мектептерде, жоғары оқу орындарында) кеңінен қолданылып жүр.
2.1. Тест дегеніміз не?
Тест арқылы сынауда қандай жаңалық бар? Оның сұрақтары қалай
дайындалады, оны қалай өткізеді, тест арқылы сұраққа қалай дайындалу керек?
“Тест” – ағылшын сөзі, сынақ, байқау деген мағынаны білдіреді. Ең
алғаш рет 1864 жылы ағылшын педагогі Джордж Филлер қарастырып, оны Гринвич
госпиталінде пайдаланған, ал кейін американ педагог-психологі Пресси
жалғастырып, бірақ көп жылдар бойы тестті осы адам қалыптастырған деген ой
болған, содан бері Америка, Франция, Англия, Израиль, Канада, Турция т.б.
елдерде кейіннен тараған. Осы тестті дамытуға кейінен орыс ғалымы
Петровский т.б. ғалымдар үлес қосқан.
Алғашында тест жүйесі көбінесе жоғары оқу орындарында жиі қолданған.
1970 жылдары ғалымдар оқушылардың білімдік деңгейінің төмендеп кеткенін
байқап, білім сапасын көтеру негізінде жаңа тиімді әдіс тест әдісін
қолдануды ойлап тапқан. АҚШ-та 1947 ж. бері тест арқылы жұмыс істейді,
бұдан басқа Германия, Польша, Болгария, Турция, Жапония, Жаңа Зеландия
елдерінде кеңінен тараған. Мысалы, Турция, Чехия, Словакияда барлық пәннен
стандартты тест бар.
Қазақстан жерінде 70-80 жылдары білім сапасының төмендегені байқалып,
оны жақсартудың жолы қарастырылады. Осы мәселені шешуге тест әдісінің
көмегі болған еді.
Еліміз егемендік алғаннан кейін, Қазақстан Республикасының білім
туралы заңы шыққаннан кейін алдыңғы қатарлы оқу орындары шетелдік тесттік
тәсілді өз тәжірибесінде кеңінен қолдана бастады. Бүгінде тест қолдану
оқытушылармен қатар оқушылар үшін де көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп
отыр. Нәтижесі тікелей белгілі болады. Тесттік әдіс талапкердің білім
дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды.
Бүгінгі таңда білімгердің білім деңгейін анықтайтын, тексеруге өте
қолайлы жазбаша бақылау жұмыстарының бір түрі – тест. Тест сабақта уақытты
үнемдеуге, білімгердің өткен тақырыптарда еске сақтау қабілетін арттырады,
белсенді ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік береді. Тест әдісі білімгердің
белгілі бір немесе бір топ тақырыптарының мазмұнын қандай дәрежеде
меңгергендіктерін тез арада байқауға мүмкіндік береді. Тест сұрақтарына
нақты, ұтымды жауап іздеу барысында білімгер ұшқырлыққа, жинақтылыққа
дағдыланады. Тест білімгердің шапшаң қимылдап, тез ой тұжырымдауға
жұмылдырады. Тестілеу арқылы аз уақыт ішінде көп білімгердің білімін,
білігін тексеруге болады. Тест сұрақтары – қарапайым, нақты, түсінікті
тілмен қарастырылуы керек, ол бір қатарлы, бір мағыналы болуы тиіс. Тесттер
арқылы білімгердің кәсіптік лексиканы, мамандық бойынша білімін игеру
дәрежесін анықтауға болады. Білімгердің білімін анықтау мақсатында
құрастырылатын тестілердің көптеген түрлері бар. Олардың бірі - бақылаушы
тестілер. Бақылаушы тест негізінен бағдарлама бойынша оқу материалын
қаншалықты меңгергендігін анықтауға құралады.
Сабақ үстінде оқушылармен мүмкіндігінше тесттік жұмыстар жүргізіп,
мұғалім тек осы жұмыстың үстінен басқарып, оны орындауға тапсырманы алдын-
ала даярлап отыру керек. Тесттік әдіс негізінен оқушылардың білімділігін,
біліктілігін және дағдысын өлшеуге арналған. Сондықтан оларды көбінесе
педагогикалық немесе психологиялық тесттер деп атайды.
Тесттер белгілі бір ережелер, талаптар бойынша құрастырылады. әрбір
тест обьектісі болып табылатын білім, біліктілік және дағды
компоненттерінің сипаттамасын анықтайтын бір түрлі тапсырмалар жиынтығынан
тұрады.
Тесттерді пайдаланудағы әрекеттер мына схема бойынша жүргізілуі тиіс:
1- кезең:
- тест алдындағы талдау;
- тестті жоспарлау;
- құрастыру;
- тест алдындағы жұмыстарды санау;
- тест алдындағы нәтижелерді өңдеу;
- тест алдындағы нәтижелерді сатылау;
2 – кезең:
- түпкілікті тестті жасау;
- тест алдындағы қайта жоспарлау;
- түпкілікті тест құрастырып өңдеу;
- тест нәтижелерін сатылау;
Тесттерді құрастыру және пайдалану кезінде ескерілетін ұйымдастырушылық
талаптар:
1. Сыналушының ешқайсысына артықшылықтар берілмейді. Барлығы бірдей
жағдайда, бірдей сұрақтарға жауап береді.
2. Алдын ала дайындалған нәтижелерді бағалау шкаласы барлығына бірдей
қолданылады.
3. Нәтижелердің бұрмалауын болдыртпау шаралары қолданылады (біреуден
көшіру, біреуге айту т.б)
4. Тест материалының мазмұны туралы хабарлардың алдын ала таралуына
жол бермеу.
2.2. Тест тапсырмасына қойылатын негізгі талаптар мыналар:
- Сынаққа түсушілердің барлығана бірдей жағдай жасау керектігі;
- Тест жұмысын өткізуде белгілі бір уақыттың болуы;
- Тапсырмаларды орындау үшін берілген нұсқаулардың түсінікті, айқын болуы
т.б.
Тест тапсырмалары оқудағы күнделікті, дәстүрлі әдісті жоққа
шығармайды, олармен қатар оқушы білімінің сапасын арттыру үшін қолданылады.
Тест оқушылардың білімін және дағдылануын тексеретін құрал болып табылады.
Қазіргі кезде педагогикалық тест деп белгілі бір мазмұны бар, ерекше
формадағы тапсырмалардың жүйесін атайды. Тест сынаққа түскендердің нақты
бір пән бойынша білімінің құралы мен құрылымын анықтайды. Басқа сынақ
жұмыстарымен салыстырғанда, тесттің артықшылығы оның объективті, сенімді,
көп варианттылығы болып табылады.
Әрбір сыналушы белгілі бір уақыт ішінде күрделілігі және көлемі
бірдей тапсырма алады. Тест нәтижесі арнайы блокта белгіленеді, сондықтан
мұғалімнің тесті бірнеше рет қайталап тексеруіне мүмкіндігі бар.
Тесттің міндетті түрде бірнеше варианты болуы керек. Бұл тексеру
кезіндегі тиімділікті арттырады, өйткені мұнша тапсырманың барлығын жаттап
алу, есте ұстау немесе көшіріп алу мүмкін емес. Тест тапсырмалары тек
бақылау ретінде емес, оқушыларды үйрету, машықтандыру үшін де тиімді.
Педагогикалық тест арқылы әрбір оқушының білім деңгейін нақты және тез
анықтауға болады.
Педагогикалық тест нәтижелі болу үшін оның қорытындысын міндетті
түрде статистикалық өңдеуден өткізу керек.
Педагогикалық тестіні құрастыру күрделі іс болып табылады, бірақ
мектеп мұғалімі тест тапсырмаларының комплексін жасай алады. Ал, тест
тапсырмалары сабақ барысында оқушылардың білімін тексерудің тиімді әдісі
және оларды тексерудің қатаң формасына машықтандырады.
Тестке қосымша мынадай талаптар қойылады:
1. Тесттік тапсырмалар бақылау материалының белгілі бір бөлшегі болып
табылады. Әр тапсырманың реттік нөмері бар. Тапсырмаларды орындау үшін
арнайы нұсқау беріледі.
2. Тесттік тапсырма тек болымды түрде беріледі, сондықтан сыналушылардың
жауабына байланысты тест бір ұпай немесе нөл ұпайымен бағаланады т.б
Қазақстан Республикасының білім министірлігі 1992 жылы 10 қыркүйекте
шыққан бұйрығында оқушылардың білім сапасын айқындауды тест арқылы
жүргізуді және барлық пәннен тест түрлерін жасауды талап еткен.
Бүгінгі таңда мектептерде қазіргі заманның талабына сай оқушы
білімін, деңгейін жетілдіруде, білімін бағалау мақсатында тест әдісі
кеңінен қолданыс тапты. Тест оқушылардың өз-өзіне тексеруге, қайталауға
жетелейтін, оқу үрдісін бір-бірімен байланыстыратын жүйелеу құралы болып
табылады.
Тестті өткізу мынадай мақсаттарды көздейді:
1. Аз уақытта оқушы көптеген сұрақтарға жауап беру арқылы білім нәтижесін
байқатады.
2. Білім деңгейінің сапасын жақсартып, оқушының дүниетанымын, ойын жан-
жақты дамытуға көмектеседі.
2.3. Тест әдісі қазақ тілі сабақтарында бастауыш сыныптан бастап
жүргізіледі, өйткені оқу, түсіну дағдысы толық қалыптасқан бала ғана
сұрақтың жауабын білуі мүмкін. Мұнда бірте-бірте күрделеніп жүйелі
жүргізіледі.
Тестте оқушылар өзінің жауабын цифрмен немесе әріппен белгілеуге
қажет сөздің астын сызу арқылы қалдырып кеткен сөзді толықтыру арқылы жауап
беруіне болады. Әрбір тесттің жоғарғы жағы оқушыға қалай толықтыратынын
мұғалім өзі көрсеткен жөн:
1. Тест : Аралас тест
2. Өткізілген күн: 5.02.2007ж.
3. Оқушының аты-жөні: Аяпбергенова Ләззат
4. Сыныбы: 8 сынып.
Тест сұрақтарына ең кемінде 10-15 минут уақыт бөлінуі керек. Әр
сұраққа ең кемінде 3 немесе 5 нұсқалары көрсетілуі тиіс. Тест сұрақтары
бойынша оқушылардың білімін сапасын пайыз(%) арқылы бағалап шығаруға
болады.
1. 80-90% - жоғары білімді байқатады.
2. 50-75% - жақсы үлгерімді байқатады.
3. 50% – төмен, болмаса нашар білім дәрежесін байқатады.
Мұғалім оқушыны 5 баллдық жүйе бойынша бағалай алады. Тесттің әрбір
сұрағына оқушыға жауап беруге 1.5 мин уақыт бөлінеді және көшіріп жазуға,
түзету енгізуге болмайтындығын ескерту керек. Тесттің әр нұсқасында ең аз
дегенде 25 сұрақтан кем болмауы тиіс.
Оқушылардың білімін тексеру, бағалау үшін орта мектептерде тесттік
жүйені енгізу өте қолайлы болып табылады.
2.4. Тесттің түрлері.
Қазіргі уақыт талабына сай мектептерде оқушылардың білім және білік
сапасын, дағдысын тексеруге арналған тесттің бірнеше түрі бар.
Тесттің негізгі түрлері мыналар:
1. Таңдау тесті – бұл күнделікті жиі қолданылатын тесттің түрі. Белгілі
тақырып бойынша бір сұрақ беріліп, бірнеше жауабы көрсетіледі. Соның ішінен
тек дұрыс жауап қана таңдап алынуы керек.
Мысалы,
1. Салыстырмалы шырайды табыңыз?
a) сары,жұқа, таулы
b) көкшіл, аласырақ, биіктеу
c) орасан үлкен, қап-қара, өте ыстық
1. Қатыстық сын есімді тап:
а\ жасыл, көк
б\ малды ауыл, әсем жігіт
в\ қызылырақ, көкшілдеу
3.Жалпы есімді тап:
a) Ержан
b) Көше
c) Биыл
4. Бұрынғы өткен шақты табыңыз:
a) жүрісім өнбей қойды
b) Іргебай үнемі кешігіп келетін
c) бұрында айтқансың
Дұрыс жауапты таңдау тестіне мына түрдегі тесттерді мысалға келтіруге
болады:
5.Мақалды ажыратыңыз:
a) Білім – күш
b) Маржан сөз – асыл сөз
c) Оқу инемен құдық қазғандай
6.Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны көрсет.
a) Ана – ардақты ат
b) Екі – үш күн күтерсің
c) Ертелі – кеш бір келер
7.Қай қатарда қысаң дауыстылар берілген?
a) к, л, й, у
b) а, ә, е, ө
c) ы, і, и, ұ
8. Дұрыс тасымалданған сөзді тап:
а\ қай-ың
б\ жұ-м-ысшы
в\ са-уыншы
2. Балама жауапты (альтернативті) тест – мұнда белгілі бір тақырыптан жеке-
жеке сұрақтар беріледі. Бұл тест түрінің ерекшелігі сол – сол
сұрақтардың жанына оқушы “иә”, “жоқ”, “дұрыс”, “дұрыс емес” деген
сөздер жазуы керек.
Мысалы,
1. Жазу, сызу, қимылдау, еңбектену сөздерінің барлығы тұйық етістік.
Дұрыс.
2. Есімше септеле ме? Иә.
3. Тұйық етіс жіктеледі? Жоқ.
4. Тіл дыбыстарын фонетика саласы зерттейді? Дұрыс.
5. Шылаулар түрленеді? Дұрыс емес.
6. Толықтауыш қайда?, қашан?, қалай? Сұрақтарына жауап бере ме? Жоқ.
4. Төмендегі сөйлем салалас құрмалас сөйлем бе?
Еңбектің наны тәтті , жалқаудың жаны тәтті. Иә.
5. Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасын тура мағына дей ме?
Иә.
6. Арық адам, су ішетін арық сөздері синоним сөздер. Дұрыс емес
7. Екі я одан да көп мағынаға ие болуын көп мағыналы дейді. Дұрыс
8. Өң, түр, түс, келбет, пішін, ажар, көрік сөздері зат есімнен ьолған
синонимдер ме? Жоқ.
3. Толықтыру тесті. Мұнда оқушы қалдырып кеткен бос орынды грамматикалық
ережелерге байланысты сөз немесе сөз тіркесін жазып толықтырады.
Мысалы,
1.Есімдіктер__________сөз табының орнына қолданылатын сөздер.
Жауабы: зат есім, сын есім, сан есім.
2. Сын есім___________ заттың білдіретің сөз табы.
Жауабы: сапасын, дәмін, тур-түсін
3. Мына сөйлемнің сыңарын жаз.
Жүз сомың болғанша
__________________
Жауабы: Жүз досың болсын.
3. Төмендегі ережені толықтыр.
Құрамында ең кемінде екі немесе үш, одан да көп бағыңқыдан құралған
сабақтастың түрін ________ дейміз.
Жауабы: Көп бағыныңқылы сабақтас
5. Сөйлемді аяқтап, қимыл сын бағыныңқылы сабақтас жаса.
________, үйге қарай жаяу кетті.
6. Төмендегі өлең жолына тиісті қаратпа сөзді жаз.
_______ , ойын арзан, күлкі қымбат. (Абай)
Жауабы: Жігіттер.
4. Тесттің келесі бір түрі - сәйкестендіру тесті. Мұнда екі бағанада
орналасқан фактілерді, мысалдарды, сөздерді бір-бірімен мағынасына,
мазмұнына сәйкес топтастыру керек.
Мысалы:
1. Фразалық тіркестерді тиісті сыңарлармен сәйкестіріңіз.
1. кіріп а) жүн қырқу
2. мұрнына ә) иісі бармау
3. аузымен б) қоныңдай
4. жұмыртқадан в) орақ ару.
Жауабы: Мұрнына иісі бармау, аузымен орақ ору.
2. Берілген сөздерді сөз табына қарай сәйкестіріңіз:
1. зат есім а) немесе
2. одағай ә) көке
3. үстеу б) көне
Жауабы: 1.ә 2.а 3.б
3. Сөз таптарына сәйкес келетін сөздердің тиістісін көрсет:
Сөз таптары Мысалдар
1. зат есім а) бер, айт, жүр, кет
2. сын есім ә) жетеу, он, он бес
3. сан есім б) өңді, теңтек, сылбыр
4. есімдік в) былтыр, ілгері, әрең
5. етістік г) аға, ана, бала
6. үстеу ғ) арқылы, дейін, гөрі
7. шылау д) сен, ол, біз, бәрі
8. одағай ж) тарс-тұрс, салп
9. еліктеу з) қап, пәле, япырау
Дұрыс жауабы: 1г, 2б, 3ә, 4д, 5а, 6в, 7ғ, 8з, 9ж.
Екі бағаннан тұратын әріп, таңба не сөзге екінші бағаннан сәйкес жауапты
тап:
4. Табуға арналған:
1. шы а\ за
2.мыр ә\ре
3.жі б\рақ
4.тө в\кеш
5.би г\гіт
Жауабы: 1.б 2.а 3.г 4.ә 5.в
5.Буын түрлері:
1.А а\йық
2. Тұ ә\теу
3. Бі б\шық
Жауабы: 1.б 2.а 3.ә
6.Сәйкестіктерді тауып жаз:
Сабақтастың сұрақтары Сабақтастың түрлері
1) неге? не үшін? а. Шартты
2) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz