Терроризмнің дінмен арақатынасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны


Кіріспе 4
Негізгі бөлім 6
Қазіргі терроризмді зерттеудің теориялық негіздері 6
Терроризмнің дінмен арақатынасы 13
Қыркүйектің 11-нен кейінгі әлем және Ирак соғысы мәселесі 17
Шешенстандағы террористік актілер 22
3. Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 26

1. Кіріспе
Соңғы кезде соғыс деген нәрсе дүние жүзінде азайды. Адамдар осы
тажалдан құтылып, бүкіл әлемде бейбіт өмірдің болуын меңзейді. Алайда, оның
есесіне лаңкестік, яғни баршаға мәлім террор пайда болды.
Бір жерде жарылыс, лаңкестік әрекеттер орын алса, ең алдымен Батыс,
содан соң Еуропа елдері “ислам экстремизмі!”, деп дүр ете түседі. Оны
ұйымдастырған Хизб-ут-Тахрир немесе әл-Қаида болса, барлығын жасаған
мұсылмандар деп жала жабады.
Осы орайда террор мен жиһад түсініктерінің ара-жігін ажыратып алған
жөн болар.
Террор сөзі – “қорқыту, үрейлендіру, шошыту, қаймықтыру” дегенді
білдіреді. Террор – жұртты қорқыту арқылы қоғам мен тұлғалардың
психологиясына соққы беру әрекеті. Кейінгі кезде бұл сөз қоғамда көп
қолданылатын болды. Бірақ мамандар әлі күнге дейін террорға ортақ түсінік
бере алмай келеді. Террордың ең басты ерекшеліктерінің бірі нысанасын
кездейсоқ таңдап алатыны. Бұл үрейдің шапшаң таралуына мүмкіндік береді.
Терроризмнің пайда болу уақытын кейбіреулер б.з.д. 44 жылы Цезарьды
өлтірген жыл деп есептейді. Ал ислам мен түрік тарихында терроризмнің
алғашқы пайда болуын түрік қағандары мен хандарының заманына,
пайғамбарымыздың өлімінен кейінгі уақытқа жатқызуға болады. Түрік қағандары
мен төрт халифаның үшеуі (Омар, Осман және Әли) террористердің қолынан қаза
тапқан.
Терроризмнің, яғни лаңкестіктің басқа қылмыстардан айырмашылығы – оның
мейірімсіздігі, қатыгездігі және қиратушы күшінің шексіздігі. Лаңкестік –
саяси-идеологиялық мақсаттарға жету үшін жүйелі түрде халықты қасақана,
жасырын түрде өлтіру арқылы қорқыту. Басқаша көзқараспен қарағанда, ол –
дәстүрлі саяси қылмыстардан өзгеше, соғыс қағидасына бағынбайтын, жүйелі
және ұйымдасқан түрде бейкүнә, жазықсыз кісілерді тектен текке өлтіру,
тұтқындау, үркіту.
Лаңкесші ұйымдардың мақсаты – мемлекеттік жүйені құлатып, өз
биліктерін орнату. Лаңкесшілер өздерін белгілі бір елді, халықты қорғайтын
қаһармандар деп санайды. Сондықтан олар өздерінің “әділетті” биліктерін
орнатуды мақсат етеді.

2. Негізгі бөлім
2.1. Қазіргі терроризмді зерттеудің теориялық негіздері
XXI ғасырдың басында әлемдік саяси өмірдегі басты ерекшелік-
терроризмнің адам өміріне қауіпінің бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде
етек алуы,тіптен мемлекетаралық этникалық қақтығыстар мен локалды
соғыстарға қарағанда қандай мемлекетке болмасын терроризм қауіпі басым бола
түсуде.
Кейбір сараптаушылар терроризмді үшінші дүниежүзілік соғыс деп те жүр.
Бұл бағаның да мәні бар. Себебі, терроризм әлемінің көптеген мемелекеттерін
қамтып, шекараны білмей жүріп жатыр. Теророризм әлемдік тарихтың жаңа
қауіпті феноменіне айналды. Терроризмде психологиялық фактор бірінші
кезекке шығады. Сол себепті терроризмді психологиялық соғыс түрі деп
атайды. Оның мақсаты қорқыту, үркіту. Бейкүнә ададардарды жан шошырлық
азапқа салу арқылы бүкіл халықтың тіптен әлемдік қауымдастықтың
психологиясына әсер ету. Террористер тікелей Батыс державаларының
басшыларын құрта алмайды. Ірі бизнес өкілдерін құрту да қиын. Себебі олар
метрода, базарда, автобуста жүрмейді. Игорь Андреев террористердің
пайдаланатын материалы қатардағы адамдар, Батыс Еуропа астаналарының, араб
елдерінің адамдары болсын бәрі бір- ол қара халық, оны аяудың қажеті
шамалы. Олар қорқыныштың, шошытудың үлгісі болса болды, - деп әділетті анық
айтады.
Терроризмнің тарихын зерттеушілер де психологиялық факторға ерекше назар
аударады. Елдің нашар дамуы, экономиканың кері кетуі, моральдық –
психологиялық ахуалдық шиеленісуі, діннің қоғамдағы ықпалының нашарлауы
азаматтардың моральдық ориентирлерінің көмескіленуі мемлекеттің әлеуметтік
әлсіздікті шектелуі сияқты девянттық құбылыстар террористік әрекеттердің
жолдауына әкелетіндігін саяси тарих үнемі дәлелдеп келе жатыр.
Терроршылардың көпшілдігі шын мәнінде құдайға сенбейтін, жүректерінде
өмірге деген махаббат сезімі өшкен адамдар болғаны анықталған.
Террористерді революциялық немесе ұлттық мақсат романтикасы қызықтырған.
Әлем терроршыларының басым көпшілігі 15 пен 30-ға дейінгі жастар. Олардың
басым көпшілігі психологиялық жағынан тұрақсыз мінезі болғаны белгілі. А.И.
Суворов орыс терроризмінің тарихын зерттей келе Террорға психикасы
тұрақсыз, және өмірінің драмасы бар адамдар барады. Кейбіреуін Геростраттың
заңы қызықтырса кейбірі, осындай ерекше әдіспен өмірдің есігін тарс жауып
қоштасқысы келеді, - деген орынды пікір айтады.
Өмірден өз орнын таба алмаған жандардың террористік топтар қатарын
толтыратынын көптеген елдер тәжірибесі дәлелдеп отыр. Ислам ұрандарын
бүркеленіп лаңкестік әрекеттерге барып жүрген топтардың мүшелерінің басым
бөлшегі дінді дұрыс түсінбейтін психикасы дұрыс қалыптастаған, өмірден
нақты орнын таппаған жастар екендігі шындық. Демек, терроризмнің себептерін
зерттеуде жастар арасындағы девянттық мінез-құлық мәселелерін де терең
зерттеу қажет. Биховиористік әлеуметтік топтардың саяси мінезі әсер ететін
жеке индивидтердің мінез-құлқын зерттеу де зерулік. Себебі, әртүрлі
терроршылар тобының психологиялық ахуалы әр қалай. Кейбір топтар алға
қойған мақсат үшін өлімге бас тігетін, жанкештілер дайындаса, екіншілер
терактіні жасауды және одан кейін терроршының тірі қалуын мақсат тұтады.
Әлемдік әдебиетте өлімге бас тігетін терроризмді азиялық, ал тірі қалуды
көздейтін терроризмді Еуропалық терроризм деп те бөледі.
Жалпы террористік топтар өз мүшелерінің психологиялық дайындығына ерекше
көңіл бөледі. Бірінші кезекте бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арқылы
тараптылатын түрлі материалдардың әсерімен олардың пікірі қалыптасады.
Топтағы насихат бағыну, тапсырмаларды орындау, топтық көмек әрекеттері
арқылы топ мүшелері психологиялық тәуелділікке түседі. М. Бұлұтай
көрсеткендей: Террор ұйымының істегендері мұнымен де бітпейді. Олар
активистердің ойлау қабілеті мен рухын тек террор ұйымының бағдарламасы
бойынша істейтін халге келтіреді. Сезім мүшелері арқылы миға келетін
деректердің белгілі бір жүйе бойынша мағыналандырылуына түйсік яғни
сана дейміз. Терроршылардың санасы мен түйсігі кәдімгі адамдағыдай
істемейді. Олар бүкіл өмір мен айналаны қоршаған ортаға тек террор ұйымы
және оның идеалогиясы, докторинасы тұрғысынан қарайтын,
сезінетін,түсінетін,аңсайтын болады. Осындай халге жеткен адамның көзін
ашып, санасын қайтадан ояту күрделі психологиялық теорияны қажет етеді.
Қандай да болсын елде терроризмнің әлеуметтік тірегі өмірден өз орнын
таба алмаған жастар. Оларға психологиялық әсер ету, діни фанатизммен улау,
терроирст – жанкешті етіп шығару оңай. Ересек дүниетанымы мен діни
көзқарастары анық адамды террорист қатарына тарту мүмкін емес. Әсіресе
террорист – жанкешті қаза болатын терактілер аса қауіпті. Терроршылдықпен
күресуші мамандардың пікірінше террорист-жанкештіні психологиялық
дайындаудың арнаулы технологиялары тамыры терең тарихта кетеді. Олар өзінің
басшысына құдайдың жердегі өкіліндей сенуі, оның айтқаны алладан шыққан
әділет сөзі деп білуі. Теракт алдында жанкешті өзінің жұмаққа баратынына
кәміл сенеді. Оған қоса жанкешті медико-психологиялық тазалудан өтеді.
Наркотиктер, гипноз, діни уағыз барлығы біріккенде жанкешті алдыға қойған
мақсатты өмірінің құнымен болса да іске асырады
Терроризм құбылысын зерттеу бұл құбылыстың тарихи тұлғаларын,
психологиялық сабақтастығын, дәстүрлер жалғастығын да есепке алуды талап
етуі. Әлем өзгеруде, дүниетаным өзгеруде. Егер XI ғасырда басталған
терроризм жеке королге, патшаға, сұлтанға қарсы болса XXI ғасырдағы
терроризм басым державалар жүргізіп отырған саясатқа, немесе жеке бір елдік
диктатына қарсы. Терроршылдық персонофитациядан шығып саяси жаһандану
сипатына көне бастаған сыңайы бар.Мысалы, исламдық террористік ұйымның
барлығының антиамерикандық бағыты бар. Исламистер американдық саяси
докториналарды ғана емес американдық өмір салтын күйретуді армандайды.
Сонымен қатар әлемдік тәртіптің XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында
түбегейлі өзгеруі әлемде терроризмнің өсуіне күрт әсер етті. Олар
төмендегідей факторлар:
- әлемдік шаруашылықтың қалыптасуы, трансұлттық корпорациялардың
ықпалының тоқтаусыз өсуі болған жағдайда қоғамдық өмірдің
интернационализациялануы ұлттық мемлекеттер арасындағы шекараны ашық етеді;
- ортақ ақпараттық кеңестің, ортақ бұқаралық мәдениет, сана мен
дүниетанымның стандарттануы дәстүрлі мәдениеттермен, діндермен аяусыз
шайқасқа түсу жағдайында адамдардың біршама бөлшегінің маригиналдануы
олардың әлеуметтік – рухани, мәдени – ізгілік тіректерінен айырлуы;
- әлемдегі басым державалардың жер шарының түрлі региондарында өз
диктатын орнату саясатының белең алуы. Әлемдегі АҚШ, Қытай, Ресей,
Ұлыбритания сияқты мемлекеттердің әлсіз мемлекеттерді басып жаныштау
саясатынан бас тартпауы;
- әлемдік діндердің ресми қозғалыстардың, түрлі өзіндік идеологиясы бар
қозғалыстардың жаһандық саяси процестерге ықпалының өсуі, ұлттық
мемлекеттік институттарының керсінше ықпалының азайуы;
- өркениеттік теке-тірестер. Батыс өркениеті стандарттарының,
демократия, азаматтық қоғам, адам құқықтарын қорғау, жеке бас
индивидуализмі сияқты құндылықтардың шығыстық қауымдастық т.б.
құндылықтарды зорлықпен ығыстыра бастауы;
- ең бастысы бір полюстік АҚШ үстемдігінің күшея түсуі. Американ
халқының ұлттық мүддесін қорғау ұранмен американдықтардың әлем халықтарына
диктатын орнату үрдісінің белең алуы.
Жоғарыда аталған және тағы басқа әлемдік дамудағы әлеуметтік саяси және
экономикалық тәртіптердің өзгеріске ұшырауы террористік әрекеттердің
жаһандық құбылысына айналуына себеп болады. Сол себепті терроршылдықты
қазіргі саяси шындықтың құрамдас бөлшегі ретінде қарастырмаққа лаж жоқ. В.
Сатановский Әлемдік экономика мен саясатты өзгерткен жаһандану, әлемдік
қауіпсіздіктің жағдайына белгілі ықпал жасады. Ол халықаралық терроризмнің
нағыз шабуылына ұшырады. Америкадағы Қара сейсенбі бүткіл өркениетті
дүниенің соққы астында қалғанын көрсетті - деп жазды осы құбылыс туралы.
2001 жылы 11 қыркүйекте болған БСҰ ғимаратына, Пентагонда жасалған
ұшақтар соққылары терроршылардың әрекеттерінің жаңа бір сапалық сатыға
көтерілгенін көрсетті. Олар тым аз күшпен миллиондаған долларға дейін шығын
келтіру мүмкіндігіне ие болды. Бұл қайшылықтар мен шиеленістердің ушығуы
ескерпеттерді жаңа үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, немесе
ассиметриялық соғыстың басталуы деген пікірлерді еріксіз айтқызады. Үшінші
дүние елдерінің кедейлік пен қайшылықтан шықпауы. Дамыған елдердің
экономикалық интервенциядан бас тартпауы, артықшылықтағы және кемсітілген
ұлттар мен қоғамдар арасындағы алшақтық терроризмді үнемі тудыра беруі, -
деген де пікірлер жаңа ізденістерге жетелейді.
XXI ғасырдың басы террористік әрекеттер әсерінен туындаған локалды
соғыстарға ұласып кетті. Жер шарындағы фундаменталды өзгерістер кешенінің
тууының себептерін, даму тенденцияларын және салдарынан теориялық
зерттеулер арқылы танудың маңыздылығы арта түсуде. Әлемдегі бейбітшілікке
терроризм үлкен қауіп тудырып отырғаны ақиқат. 2001 жылы 11 қыркүйекте
болған Нью-Йорк пен Вашингтон қалаларына террористік соққылар АҚШ-тың
Ауғаныстанға қарсы ірі масштабтағы әскери интервенциясына әкелді. Шетел
содырларының Ресей қаласындағы әрекеттері Шешенстанды соғыс өртіне орап,
талқан етті. Ирактағы реакциялық режимнің антихалықтық террористерді қорғау
саясаты АҚШ-тың Иракты жаулап алуына себеп болды. Палестиналық азаттық
мақсатындағы терроризм Таяу Шсығыста соғыс өртінің қайта-қайта қайталануына
әкелуде. Иран, Ислам Республикасының шеиттік Хезболлах, Хамас, Аль-
Жохаз аль-Ислам, топтарын қолдауы израилдың Ливанға қарсы соғыс әлсіз
елдің Оңтүстік аймағын басып алуына әкелді. Балкан түбегінде Албан
экпанциясы да терроршыларға сүйенді. Солтүстік Ирландияда 1919 жылдан бері
Ирландық республикалық армия террористік әрекеттерін тоқтатпай келеді.
Испанияда 50-ші жылдардан бастап Отан және Бостандық ұйымы террористік
актілер жасап келуі. Орта Азияда Өзбекстанның Ислам қозғалысы,
Хизбут–Тахрир ұйымдары белсенділік көрсетуге тырысуда.
Үндістан, Пәкістан, Жапония, Филиппин мемлекеттерінде терроршылар
ұйымдары белсенді әрекет етуде екендігі анық. Тіпті әкімшілік жүйе он қатал
Қытай Халық Республикасында Ұйғырдың 27 сепаратистік террористік топтары
Шығыс Түркістанның біріккен ұлттық революциялық майданын құрып отыр. Бұл
ұйым ҚХР территориясында ұйғыр мемлекеттік құруды көксейді.
Әлемді торлаған террористік ұйымдардың көбейе беруі терроризмнің XXI
ғасырда жаңа соғыстар толқынына әкеліп адамзат қауіпсіздігін шайқатып
жібере ме деген қауіп күшейуде. Террористердің ірі атом электр
станцияларын, ядролық технологияларды пайдалану, химиялық, бактериялық
қарулар арсеналдарын басқа да стратегиялық объектілерді басып алу қауіпі
күшейе түсуде. Террористер өзінің жасырын зертханаларында ядролық
технологияларды пайдалану арқылы жаппай қырып жою қаруларын жасап алу
мүмкіндігі артуда. Ондай топтардың ішінде Усама бен Ладен басқаратын Аль
Каида болса олар ядролық қаруды миллиондаған халық тұратын мегаполистарға
соққы беруге,пайдалануға баратыны даусыз. Қазіргі сарапшылар Аль Каида
сияқты батыл топтардың әлемдік империализмге қарсы қандай да болмасын
күшпен соққы беруге дайын екендігін жасырмайды.
Сондықтан әлемдік әділетсіз тәртіптерді біртіндеп шешпейінше терроризм
ғаламдық қарулы-саяси қару ретінде күн тәртібінде бола беретіні даусыз.
Өкінішке орай сарапшылардың басым көпшілігі XXI терроршылардың 80 пайызын
Ислам экстремистері құрап отырғанын айтады. Олар 15 елде әрекет жасаған.
Әрбір мемлекет антитеррорлық шаралар мен қоса оны ауыздықтаудың арналған
заңдарын қабылдауда. Бірақта, барлық мемлекеттердің терроризмен күресіп
реттейтінін ұйымдастырып ортақ халықаралық маңыздағы заңдар жоқ. Себебі әр
мемлекет терроризм қауіпін өзі түсінуі дәрежесінде бағалайды. Әлем
сарапшылары ортақ мойындаған терроризмнің анықтамасы әлі жоқ екендігін
айттық. 1936-1981 жылдар аралығында ғана терроризмнің 100-ден астам
анықтамасы берілген. Бұл іс әлі де жалғасуда.Осындай әртүрлілік халықаралық
антитеррорлық заңнаманың қалыптасуына бөгет болып отыр. Жаһандану заманында
террористердің техникалық және финанстық мүмкіндіктері өсе түсуде. Ұлттық
шекаралардан өту мүмкіндігі олардың әр елде өздеріне тірек болатын жаң
топтар құруына мүмкіндіктер турғызуда.

2.2. Терроризмнің дінмен арақатынасы
Жаһандану үрдісінен ислам әлемі де тыс қалған жоқ. Мұсылман елдеріндегі
әлеуметтік саяси ахуалды талдау ғана исламдық терроризм шығу себептерін
ұғынуға, ашуға көмектеседі. К. Сыроежкиннің пікірінше расында терроризм
ислам басым, немесе басқа діндермен көршілес отырған елдерде кеңірек
таралуда. Мәселе ислам дінінде еме. Бұл елдердің жаһандық және аймақтық
қақтығыстарға кірігуінде. Қазіргі қақтығыстардың көбіне қатысты
Филипиндегі, Сомалидегі, Нигериядағы, Палестинадағы, Македониядағы, Алжир,
Пакистан, Қытайдың мұсылман аудандарындағы жағдайлар. Көптеген
мәліметтерге қарағанда терроршыл топтарды Иран, Сирия, Ливия, Сауд Арабиясы
үкіметтері құпия жағдайда қаржылындырып отыр деген әңгіме бар. Ислам
әлеміне төнген қауіпті Батыстың өмір салтынан, Батыстың экономикалық және
ақпараттық экспанциядан деп есептейтін мұсылман елдерінің көсемдері
террористік топтарды финанстық және ұйымдық қолдау көрсетуі әбден мүмкін
екендігін жоққа шығаруға болмайды. Мұсылман мемлекеттеріндегі XIX ғасыр
соңы мен XXI ғасырдың 60-жылдарына деін болған антиколонизаторлық көңіл күй
мен таным кейініректе кейбір реалистік топтардың террористік идеологиясына
трансформациялануына ұласты деген пікірдеміз. Бұған дәлел ретінде Мұсылман
бауырлар ұйымының қызметіне айтуға болады. 1928 жылы Египетте құрылған бұл
ұйымның мақсаты енді ағылшын отраларынан азат етіп шариғат заңымен өмір
сүретін нағыз мұсылман мемлекетін құру болды. Одан кейінгі уақытта
Мұсылман бауырлар ұйымы тәжірибесінде көптеген исламистік қағидалар мен
ұйымдар өмірге елді. Олардың идеологиясының негізгі ұғымы Алла біздің
мақсатымыз, Пайғамбар біздің көсеміміз, Құран біздің жолымыз, Алла нұсқаған
жолда құрбан болу – біздің ең қасиетті тілегіміз тезисін іске асыру болды.
Қазіргі кезеңде әлемде шешулі роль атқарып отырған ислам терроризмі
тамыры тереңде. Халықаралық терроризмді де күшейтіп отырған исламның
радикалистік топтары. Мұсылман дүниесінде алғашқы террористік топтар
өздерін Хорижилер(шеттетілгендер) деп атады. Олар 657 жылы Халиф Аль Ибн
Аби Талибуға бағынудан бас тартып үлкен күнә (кабира) дінінен безгендерге
қарсы соғыс (жиһад) жасау керек деп шешті. Хорижийлер таза ислам жолы
үшін кәпірлерге қарсы соғыс ашып өздерінің діни көзқарастарын
бөліспегендері бала, кәрі, әйел демей көп қырғынға ұшыратты.
VII ғасырдан бастап дамылсыз дамып келген террористік топтар ислам
әлемімен қоса бүткіл жер шарын аяғынан тік тұрғызып отыр. XXI ғ. терроризм
жаңа айналысқа шықты. Оның объектілері: ядролық энергетика, әуе жолдары,
компьютерлер, халық көп жиналатын бұқаралық объектілер. Олар жаппай қыру
қаруларың қолданудың: биологиялық, психитрондық, химиялық және ядролық
қаруларды игерудің және қолданудың алдында тұр. Сол себепті халықаралық
терроризмді ауыздықтаудың тиімді халықаралық саясатын жасау үшін алдымен
мұсылман елдеріндегі терроризм тамырларын, себептерін, даму жолдары мен
каналдарын зерттеудің маңызы арта түседі. Ол үшін төмендегі факторларды
еске алу керек:
- Батыстың дамыған елдері терроризммен тиімді күрес саясатын жүргізу
жолында ислам дүниесімен санасу, жақындасу саясатына көшуі пайдалы.
Мұсылман дүниесі ортақ конфессияға, қауымға, уммаға біріккенімен, олар
түрлі бағыттарға, мектептерге, діни ағымдарға бөлінген. Бұл топтар саяси
билікті, діни тарихты, стратегиялық мақсаттарды әр-түрлі түсінеді.
Сондықтан барлық ислам елдерін бір түрлі бояумен көру қателік;
- Исламдық радикалистік топтарды біріктіретін ортақ орталық
болмағандықтан ислам терроризмін жылдам мерзім ішінде жоспарлаған бір
операциямен ғана құртып жіберу мүмкін емес. Сондықтан антитеррорлық
шараларда жоспарланғанда еріксіз көп түрлі террорлық топтармен жұмыс
істеуге тура келеді. Бұл жұмыс олардың идеологиялық құрылымдық және
әлеуметтік ерекшеліктері, күресу әдіс тәсілдерін жеке-жеке зерттеуді талап
етеді;
- Әлемдік террористік әрекеттерді үйлестіретін орталық та жоқ. Әр түрлі
елдерде әр түрлі террористік ұйымдар әрекет етеді. Олардың саяси белгілері
қалыптасу себептері әр түрлі. Бірақ та терроризмнің қорқыныштығы оның
әрекеттілігінде. Әлемде террористік ұйымдар орталығы көп және күрделі
болғандықтан онымен күресу де соншама қиын. Сонымен бірге идеологиясы мен
күрес докториналары туыстас террористік ұйымдар терактілер жасау барысында
біріне-бірі көмектеседі, өзара байланыстар ұйымдастырады;
- АҚШ-тың басымдылығымен болған бірполярлық әлем XXI ғасырда ешбір
мемлекеттің , соның ішінде АҚШ-тың өзінің де террористік актілерден
қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отыр. Демек, АҚШ-тың мұсылман әлеміне
байланысты саясаты түбегейлі өзгеруі күн тәртібінде тұр. АҚШ-тың
экономикалық ақпараттық, мәдени экспанциясы толастамаса мұсылман әлемінің
оған қарсы террористік әрекеттері де толастамайды;
- Батыс Еуропа елдерінің әсіресе Испания, Франция, Италия
мемлекеттерінің террористік әрекеттердің құрбаны болуы Солтүстік
Антлантияның блокі, НАТО-ның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақ одағының
(ЕҚЫО) т.б. ұйымдардың әлсіздігін аңғартты. Тіптен БҰҰ-мен Қауіпсіздік
кеңесі терроршылар қозғалысына қарсы өркениетті елдердің үйлестірілген
саясатын іске асыруға қабілетсіз болып шықты XXI ғасырдың басындағы жаңа
саяси-тарихи ахуалға адекватты жауап беретін, антитеррорлық факторларды
нақты біріктіретін заңнамалық база жасаудың ортақ қимылды қамтамасыз етудің
жедел алдын-ала әрекеттер ұйымдастырудың кешенді шараларын іске асыратын
жаңа сипаттағы халықаралық ұйымдарға деген зерулік күнтәртібіне келді;
- Тынық мухит Азия регионы терроршылдық әрекеттерден ерекше зардап шегуі
ықтимал. Себебі бұл алты регионда Индия мен Пакистан қайшылықтары терроризм
өртіне себеп. Иран мен Ирактағы соғыс жағдайы, Ауғаныстандағы ұзаққа
созылған қақтығыстар терроризмнің дамуына қолайлы саяси және психологиялық
ахуалды қалыптастырады;
- Тәжікстандағы, Өзбекстандағы, Қырғызстандағы халықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздері (Орталық Азия мемлекеттері мысалынан)
Бүгінде, экстремизм және терроризм мәселесі
Ислам діні бейбітшілікті жақтайтын дін
Терроризм қылмысының қылмыстық - құқықтық сипаттамасы
Саясат және экономика. Саясат және құқық. Саясат және мораль, дін
Аймақтық және әлемдік діни экстремизммен күрес
Діни экстремизммен күрес
Экстремизм мен күрес жүйесіндегі әлемдік ситуациялардың дамуы
Терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ыңтымақтастық
Саяси экстремизм мен терроризмнің идеологиясы
Пәндер