Макаренконың еңбектері жайында



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..3-7

ІІ. Негізгі бөлім

1. Тәрбиенің негізгі
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-
11

1. Тәрбиенің түрлері. Еңбек
тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-13

1. Саналы
тәртіп ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..13-14

2. Отбасы
тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .14-16

2.3. Макаренконың еңбектері
жайында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16-24

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...26

К І РС І П Е .
Аса көрнекті совет педагогы Антон Семенович Макаренко 1888 жылы 1
Наузда Харьков губениясынындағы Белополье қаласында темір жол жұмысшының
семьясында туған. Қалалық училищені, онан кейін оқытушылар даярлайтын
курстарды бітіргенен кейін, Антон Семенович Макаренко Крюководағы екі
класты темір жол училищесіне оқытушы болып тағайындалған.
Макаренконың педагогикалық қызметі 1905 жылы, бүкіл Росияға бірінші
орыс революциясының толқыны кеңінен жайылған кезеңде басталады, сондықтан
оның көзқарасы да ревоюцияшыл пролетариаттың күшті күрес идеялары негізінде
қалыптасқан. Жас, қажырлы оқытушы осы кезде темір жол училищесінде
жұмысшылардан ата – аналар комитетін құрып, сол арқылы реакцияшыл бағыттағы
мектеп бастығына қарсы күрес жүргізген, оқушылар мен адамгершілік қатынас
орнатуды жақтаған. Бұл кезде жас оқытушы 17 жаста ғана болатын, бірақ ол
өзінің алғашқы қадамынан бастап – ақ болашақ жаңашыл педагогқа тән
қасиеттерді байқатты.
Темір жол училищесінде оқытушылық қызметі кезінде Макаренко өзінің
білім дәрежесін көтеру жолында көп жұмыс істеген. А.С.Макаренко өзінің
естеліктерінде: Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлік ұстазым
болды, - дейді. 1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко Полтаванның
оқытушылар институтында оқып, оны алатын медальмен бітіріп шығады. 1917
жылдың сентябрінен бастап Крюководағы жоғары бастауыш сынып мұғалімдері
училишесінде инсректор қызметін атқарады.
Макаренконың тікелей өзі құрып, өзі басқарған бұл екі оқу – тәрбие
орынынан үш мыңға жуық бұрынғы панасыздар мен заң бұзушылар шын жаңа совет
азаматы болып қайта тәрбиелеген еді, олар өздерінің көзқарасы және қоғамға
сіңірген еңбектеріне қарағанда, Отанына шын берілген, отандық борышын
түсіне білетін жігерлі, табанды, тәртіпті, әр түрлі мамандықтарға ие болған
еңбек сүйгіш адамдар болып қалыптасты.
Алексей Максимович Горький талантты жаңашыл педагогтың бұл зор еңбегін
бағалай келе Макаренкоға жолдаған хатында былай дейді: Маңызы орасан зор
және мейлінше ойдағыдай болып шыққан сіздің педагогикалық
эксперементтеріміздің меніңше жер жүзілік маңызы бар.
Ұлы жазушының бұл өте жоғары да орынғы берілген бағасы болатын.
Антон Семенович өз өмірінің соңғы жылдарында әдебиет және қоғамдық -
педагогикалық жұмыстарымен айналысады, әсіресе ол семьядағы тәрбие
мәселелеріне көңіл бөлген.
Ата – аналар үшін кітпа және Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар
деген шығармаларында Макаренко баланысемьяда тәрбиелеу жөніндегі негізгі
мәселелері зерттеген.
А.С.Макаренко өзінің артына өлмейтін бай педагогикалық мұра қалдырды,
оның жүзеге жуық жазылған педагогикалық шығармалар бар.
Тәрбие – педагогикалық процесте өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ
мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі екендігі де ұзақ мерзімді қажет
ететін құрамдас бөлігі екендігі мәлім.
Олай болса, оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру,
тәрбиелік шаралардың нәтижесін арттыру одан да күрделі мәселе. Мектеп
жайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру сынып жетекшілеріне жүктеледі.
Оның нәтижелі ұйымдастырылуы, сынып жетекшілерінің педагогикалық білім
дәрежесінің сапасы мен педагогтік шеберлігіне байланысты болып келеді. Оған
мектептің педагогикалық ұжымы мен балалардың ата – аналарын, тіпті
жұртшылықты тарта білу қабілеттерін игерудің де маңызды ерекше.
А.С.Макареннко ұстаздарға қажетті мұндай қасиеттерді - өнер деп бағалаған.
Сондықтан осы пәнді тәрбие теориясының мақсат – міндеттеріне сай оның
мазмұнын жүзеге асыруға бағытталған сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының
ұйымдастыру формалары мен әдістері топтамасы қатар қарастырылған.
Тәрбиенің дербес қоғамдық қызметі сипат ала бастауы адамдарда
тәрбиелік қызмет тәжірбиесін жинақтап, қортындылауды ойластыру қажеттілігін
туындатты.
Тәрбиенің кең өріс алып күрделенуі тәрбие қызметімен байланысты теориялық
білімдердің ерекше саласының қарқыны мен дамуына жол ашты. Қоғам мен
табиғат жөніндегі барша білімдер секілді тәрбиелік білімде философия
аясында нақтыланып зерттелді.
Тәрбие жұмысының мақсаттары тек қана қоғамдық талаптан, оның
керегінен шығуға тиіс.
Тәрбиенің мақсаттарымен айналысу, әрине, кезінде болды. Тәрбиенің
мәні ретінде адамды жобалау қоғамның заказы негізінде жүргізілуі керек.
Макаренко балалар колективімен тәрбие жұмысын жүргізудің ғылыми
негізгі теориясы мен методикасын құрды. Оның педагогикалық көзқарастары,
тамаша нәтиже берген педагогикалық тәжірбиелер ұзақ уақыт теориялық жағынан
қорытудың негізінде қалыптасты.
Макаренко теориясының негізгі Марксистік – Лениндік ілім болды, ал
оның методикасы да марксизм - ленинизімнің ғылыми әдістеріне негізделіп
дамыды. Тәрбие процесінің заңдылықтарын анықтауда Макаренко қоғамдық
дамудың заңдары жөніндегі жаңа, коммунисттік адамгершілік туралы, адамның
қоғамдық табиғаты жөніндегі марксизм – ленинизм ілімін басшылыққа ала
отырады.
Тәрбие жөніндегі марксизім – ленинизім идеяларына сүйене отырып,
Макаренко буржуазиялық – педагогиканы, әсіресе педагогиканы , негізінен
сынға алды. Он алты жыл ішінде үш мыңға жуық жастарды қайта тәрбиелеудегі
өзінің бай тәрбиесі Макаренкоға Коммунистік партия мен Совет үкіметі құрған
тәрбие жүйесінің күшті әсерін жоғары бағалауға негіз болды, ол тәрбиенің
күшіне мықты сенген оптимист еді.
Біздің елімізде адамның жетіліп, қалыптасуына кдергі болатындай ешбір
жағдайдың болмайтындығын дәлелдеді. Сондықтанда Горкий атындағы колониядағы
өз жұмысының алғашқы күндерінде көпшілігі бұрын қылмысты болған панасыздар
тобы мен бетпе – бет кездесу кезінде Макаренко табансыздық, тұрақсыздық
жолына түспеді. Ол балардың туысынан қылмысты, немесе бұзылған мінез –
құлықты болып өмірге келмейтінін терең түсіне білді.
Ал оның кейінгі жұмысындағы тәжірбиелері қылмыс жолына түскен
жастарды қайта тәрбиелеуге болатындығы жөніндегі өзінің оптимистік
көзқарастарын толық дәлелдеді.
Макаренко педагогикалық жұмыстың жемісті болуының ең қажетті
шарттарының бірі – тәрбиенің міндет – мақсаттарының анық айқын түрде
белгіленуі деп есептелген. Ол совет педагогикасы ілгеріге көз жібере отыра,
совет адамына керекті сапаларды алдын ала жобалай білуі тиіс деген талап
қойды.
А.С.Макаренко біздің тәрбиеміздің міндеттері қоғамдық өмірден,
коммунистік партияның программасынан және оның социалистік құрлыстағы
саясатынан туындағанын көрсетті.
Тәжірбие жұмысының мақсаты қайдан туғға тиіс? Әрине, ол біздің
қоғамдық қажетімізден, совет халқының талабынан, біздің революцияның
мақсаттары мен міндеттерімен, біздің күрестеріміздің мақсаты мен
міндеттерінен туып отырады. – деген Макаренко.
Макаренконың ойынша, педагогика бұл мәселені саяис мақсаттарға
сәйкес, яғни жаңа адам, коммунистік қоғамның адамды қандай болатындығына
байланысты шешуі тиіс деген. Макаренко тәрбиенің міндет – мақсатына адамды
қалыптастырудың кең программасы ретінде қараған, бұл программа Макаренкоға
совет жастарында тәрбиеленетін жоғары сапаларды анығырақ түсінуге мүмкіндік
береді.
Макаренко советтік тәрбие арқылы жаңа адамды, социалистік дәуірдің
азаматын өсіруді, коммунистік идеяларға берілген, адамды қалыптастыруды
мақсат еткен.
Тәрбиенің алдына Макаренко коллектившіл, алғыр және ер адамдарды, жан
– жақты білім алған және еңбек сүйгіш, халқының алдындағы өз борыштарын
сезе білетін жастарды тәрбиелеу міндетін ұсынды. Комунизім үшін күрес
үстінде, - дейді Антон Семенович – біз қазірдің өзінде өздерімізде
коммунистік қоғам мүшелерінің сапаларын тәрбиелеуіміз керек.
Макаренко тәрбиенің мұндай міндет – мақсаттарына жетудің тым қиын және
күрделі іс екендігін, бірақ біздің советтік шындықтың жағдайында оған толық
жетуге мүмкіндік барын ескертті. Өзінің мұнара үстіндегі тулар деген
кітабында оптимистік тұрғыдан: жаңа адамды тәрбиелеу – бақытты іс және
оған педагогиканың шамасы да жетеді. – деген.

Тәрбиенің принциптері

Тәрбиенің міндет – мақсаттарына байланысты Макаренко советтік тәрбие
жүйесінің мынадай негізгі принциптерін анықтаған: тәрбиеленушіге талап
қоюды оны құрметтеу және оған сенім білдірумен байланыстыру, коллектив
ішінде, коллектив арқылы және еңбекте тәрбиелеу.
Макаренко адамға зор талап қоюды құрметтеп сыйлаумен байланыстырып
отыруды – советтік тәрбие жүйесінің жетекші әдісі деп саналады.
Тәрбиелеушілерге сүйіспеншілік білдіруді оған талап қоюмен байланыстырып
отырса, балалардағы жақсы сапаларды байқап көруге, сол спаларды одан әрі
дамытуға мүмкіндік береді деді.
А.С.Макаренко творчествосында совет адамы үшін намыс сезімі, оған
сүйіспеншілік білдіруі, адам баласын сыйлау, адамның жоғары санасына сенім
білдіру мәселелері кең орын алған. Антно Семенович сонымен бірге совет
педагогикасының маңызды заң – тәрбиеленушілерге айқын, оның табанды
талаптар қойып отыру. Адамға неғұрлым көбірек талап қойса ол адамгершілік
жағынан көркейте беруге тиіс, сонықтан талап шалғай болмай, белгілі
мақсатқа жеткенше қойылуытиіс деген.
А.С.Макаренконың барлық тәжірбиесі оның осы өзі ұсынған негізгі
принціпі – адамды құрметтеп, сыйлауды оған талап қоюмен байланыстыру
принціпін жемісті түрде іс жүзінде асыраудың толық сипаты болады.
Қашан болсын адамның жақсы жақтарын жобалау керек, педагог осылай
етуге міндетті деп өсиет айтқан оптимист Макаренко, жоғарыдағы балаға
қатаң талап пен сүйіспеншілік білдіру жөніндегі принціпіне байланысты,
тәрбиедегі болашақ жолдар деген принціпті ұсынады.
Макаренконың ескеруінше адамды тәрбиелеу – бұл жастарымызды өздерінің
болашақтары – ертеңгі қуаныштары көрінерліктей болашақ жолдар, бағыттар
тәрбиелеу, оларға сол ертеңгі қуаныштарының жолдарын көрсету.
Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп
жүре алмайды. Адам өмірінің ең жақсы аты – шулы қозғаушысы ертеңгі қуаныш
,- деген А.С.Макаренко.
Антон Семенович тәрбие жұмысын жүргізуде балалар колективінің ертеңгі
күні бүгінгісінен өзінің мәні және шеңбері жағынан жоғары және кең
тұратындай болып құрылуын талап еткен.
Өзінің тәжірбиелік тәрбе жұмыстарында бірімен – бірі байланысты түрде
құрылатын үш күрдеі түрлері ( жақын, орташа және қашық) болашақ жолдары
пайдаланған.
Макаренко бастапқы, жарқын болашаққа балалардың цирк, басқа ойын –
сауық орындарына баруға рұқсат алуын, орташа болашаққа жастардың
коллективтік оқиғаларға араласуын: мерекелік демонстрацияларға, бүкіл
халықтың мейрамдар мен науқандарға қатысу т.б. қосқан.
Мектеп бітіргенен кейін іске асуға тиісті балалардың бүкіл ел өміріне
араласуға ұмтылушылығын тәрбиелеуді Антон Семенович болашақтың жолдары ең
жоғары басқышы деп бағалаған. Ол болашақ жолдардың балалар коллективінің
тек қана қуанышы мен жақсылықты сезінуінен құрала бермейтіндігін ескертті,
Коллектив мүшелері болашаққа жетуде өздерінің алдында кездесетін
қиыншылықтарды меңгеріп, жеңе білуге тәрбиеленуі тиіс деді.
Марксизім бізді – адамның жеке басын қоғамнан тыс. Коллективтен тыс
алып қарауға болмайды деп үйретеді деген Макаренко. Сондықтан коллектив
ішінде, коллектив үшін коллектив арқылы тәрбиелеу Макаренконың тәрбие
жүйесінің негізгі және орталық идеясы болды. Өзінің шығармаларында
коллектив ішінде тәрбиелену мәселесін советтік тәрбие жүйесінің
негізгілерінің бірі ретінде, ол коллективті тәрбиенің ең бастысы, тәрбиенің
бірден – бір, негізгі құралы деп бағалаған.
Макаренконың көрсетуінше, коллектив – адамдардың жайғана жиынтығы,
немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет
етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылардың тобы. Сондықтан оның
ойынша, нағыз шын коллектив, мейлі ересектер, мейлі балалар коллективтері
болсын, советтік құрлыс жағдайында олар совет қоғамының бір бөлшегі болып
есептеледі.
Осыған байланысты социалистік қоғамның бір бастапқы ұясы болып
саналатын оқушылар коллективі де басқа коллективтерімен байланысты болуы
тиіс, оның алдында да қоғам мен ел алдында тұрған міндеттер тұрады.
Макаренко жалпы,ірі, тұтас коллективтер оның бөлімдері болып есептелетін
бастауыш коллективтерден тұратындығын көрсетті. Жеке бала бастауыш
коллективтің мүшесі, сынып оқушысы бола отыра ол ірі коллектив өмірімен,
бүкіл мектеп мақсатымен біре өмір сүруі тиіс деген.
Антон Семенович мектеп коллективінің маңызын барынш жоғары бағалай
білген, оның рөлін көтере білген, бұл жөнінен ол: Тәрбиенің барлық
процесі... сонда ұйымдасқан, ұйымшыл, тату бірлен – бір коллектив – мектеп
болуы керек..., - деді.
Макаренко коллективті сипатайтын негізгі ерекшеліктерді анықтады,
олар: айқын түрде мақсатқа талпынушылық, коллективтің барлық мүшелерінің іс
- әрекет жасауы, бірлігі, коллектив мүшелерінің өз арасында міндеттерін
анықтауы, бұл міндеттерін әр қайсысының ұқыпты орындауы, қатаң түрде
орнатылған тәртіптің болуы, оны коллектив мүшелерінің сөзсіз орындалуы; өз
мүшелері үшін коллективтің жеке адамдардының бүкіл коллектив алдындағы
жауапкершілігі, өз ара көмек, өз ара бағына білуі.
Макаренко өзінің өте мол тәжірбисіне сүйене отырып, коллективтің өмір
сүруінің өте маңызды заңы бар екендігін анықтаған, ол – коллективтің
қозғалысы, өсуі, ілгері дамуы. Оның ойынша, мұндай заңсыз коллективті
біздің қоғамымыздың кішкене бөлшегі деп есептеуге болмайды деген, ал
коллектив өміріндегі осындай дамуды қамтамасыз етудің негізгі бір шарты –
сол коллективтің әрбір мүшесінің санасына сіңген, айқын түрде анықталған
болашағы болуға тиіс; белгілі мақсат қойылуы қажет, міне осындай қозғалыс,
даму коллективке өзінің ертеңгі қуанышын көруге, оған әуестене ілгері
ұмтылуға көмектеседі деп үйреткен.
Макаренко өзінің Горький атындағы колониядағы және Держинский
атындағы коммунадағы жүргізілген тәжірбие жұмыстарында бұл әдісті табанды
түрде пайдаланған, сол арқылы колонистер мен коммуналарды еш уақытта бір
орында тоқтамауға, үнемі ілгері, алға ұмтылуға, үнемі алдарына мақсаттар
қойып, оған қайткен жағдайда да жететіндеріне көз жеткізіп, оларды ерекше
тапқырлықпен тәрбиелеп отырған.
Макаренко тәрбие процесінде тәртіп бұзушы тәрбиеленушілерге қарсы
кең түрде балалар коллективінің осы мәселеге байланысты параллелді әрекет
ету әдісін шебер қолданған.
Мұндай жағдайда педагог балалар коллективінің көңілін сол болған
оқиғаға аудара білуі тиіс және әр жеке оқушыға коллектив ықпал ете
білерліктей дәрежеге жеткізілуі керек. Сонда ғана коллективтің әрбір мүшесі
бүкіл коллектив өзінің жеке мүшелері үшін жауап бере алады.
Макаренко коллективті тәрбиелеуде сол коллективтен шыққан ең алдыңғы
топ – мықты коллектитің роліне үлкен мән берген, активті ол педагогтардың
ең жақын тірегі ретінде қараған. Горький атындағы коммунадағы коллективтің
мұндай активі комсомол ұйымы болған, Антон Семенович активті өзі
жетілдіріп, шынықтырып отырған.
Макаренко педагготар коллективінің оқушылар коллективін құруда шешуші
роль атқаратындығын атап көрсетті, ол : Педагогтардың нағыз жауапты
тәрбиеші болу үшін бір – ақ жол бар ол жол – педагогтарды коллектив етіп
ұйымдастыру.. - деген.
Мектеп бітіргенен кейін іске асуға тиісті балалардың бүкіл ел өміріне
араласуға ұмтылушылығын тәрбиелеуді Антон Семенович болашақтық жолдардың ең
жоғарғы басқышы деп бағалаған. Ол болашақ жолдардың балалары коллективтің
тек қана қуанышы мен жақсылықты сезінуінен құрала бермейтіндігін ескертті,
коллектив мүшелері болашаққа жетуде өздерінің алдында кездесетін
қиыншылықтарды меңгеріп, жеңе білуге тәрбиелеуі тиіс деді.
Антон Семенович мектеп коллективтің маңызын бұрынғыша жоғары бағалай
білген, оның ролін көтере білген, бұл жөнінен ол: Тәрбиенің барлық
процесі... сонда ұйымдасқан, ұйымшыл, тату бірден – бір коллектив – мектеп
болуы керек... , - деді.
Мектептің оқушылары коллектив маңынан аспауға тиісті. Әрқайсысының
өзінде бет – бейне болу үшін, балалар бірімен – бірі таныс болу үшін
мұғалімдердің өздері кімдерді тәрбиелейтіндіктерін коридорда көргенде
білулері үшін, бүкіл мектеп коллективі мүшелері барлығы бірдей кішіпейіл
бірінен – бірі артық болмауы тиіс деді.

Тәрбиенің түрлері. Еңбек тәрбиесі.

А.С.Макаренко біздің мемілекет еңбекшілер мемілекеті, бізде Кім де
кім еңбек етпесе, ол ішіп жемейді деген принцип іске асып жатқанда, еңбек
етпесе, ол еңбек тәрбиесі жалпы тәрбие процесінің ең қажетті факторларын
айналуға тиіс деп есептеген. Макаренконың үйретуінше, адам еңбек үстінде
тек жұмысқа даярланып қана қарым – қатынас жасауға үйренеді, еңбекке
бірлесе күш жұмылдыру, коллективте еңбек ете білу, адамдардың бір – бірімен
еңбек ету жөнінен байланысты болу сезімін тудырады.
Атақты педагог еңбектің зор пайдасы – адамның психикалық, рухани
дамуына әсер етуінде деп түсінді. Еңбектен туатын бұл рухани даму тапсыз
қоғамның азаматын топтық қоғам азаматынан айырайын адам өзгешелігін құруға
тиісті, - деді ол. Еңбек тәрбиесінің міндеттері балаларды еңбекті өзінің
азаматтық борышым деп сүйе білуге үйрету, қоғамдық өнімді еңбекке
қатынасуға даярлау. Бұл тәрбиенің негізгі жолы – балалардың өздерін тікелей
еңбекке араластыру. Макаренко ұсынған балаларға қатысты еңбектің негізгі
түрлері өзін - өзі күту, семьядағы үй жұмысы, оқу тапсырмаларын орындау,
мектеп және балалар мен жастар ұйымдастыратын қоғамдық пайдалы жұмыс, ауыл
шаруашылығы, мастерскойлардағы, фабрикалар мен заводтардағы өндірістік
еңбек.
Макаренко балалар еңбегін ұйымдастыру үстінде мынадай негізгі
ережелерді сақтауды талап еткен: баланың күшіне сай еңбек тапсыру, еңбектің
бір түрінде баланы көп ұстамай, оның өсіп дамуына сәйкес жаңа, бұрынғыдан
күрделі жұмыстар жүктеу, тапсырылған жұмысты бақылау, оның ұқыпты орындалуы
талап ету, балалардың ауыр, ыңғайсыз жағдайларда атқарған еңбегін мақтап
отыру т.б.
Горький атындағы колонияда және Держинский атындағы коммунада
тәрбиеленушілер ауыл шаруашылық жұмысын атқарған жатаханаларын мәдени
жағдайда ұстаған, мастерскойларда фотопарат жасайтын заводта істеген,
жергілікті шаруалардың егіс шаруашылығына көмектескен.
Макаренко тәрбиенің бұл түрін баланың әр нәрсе атқаруға икемделе
бастаған шағынан – ақ баулуды талап еткен.

Саналы тәртіп.

Атақты педагогтың қалдырған мұраларында қоғамдық өмірдегі совет
адамдарының саналы тәртіптілігіне ерекше көңіл бөлінген. Тәртіп – күрес пен
еңбектің жемісті болуының ең қажетті шарттарының бірі ретінде қолданған.
Біздегі тәртіпті адам деп Макаренконың сөзімен: ...қашан болсын,
қандай жағдайда болсын, мінез құлықтың қоғамға ең пайдалы дұрыс жолын
таңдап ала білетін және қандай қиыншылық, жарамсыз жағдайлар кездессе де ол
мінезін өзгертуге шыдамды жететін адамды ғана айтамыз .
Макаренконың айтуынша мұндай тәртіпті балаларды тәрбиешілерге бағынуды
насихаттаумен ұғындырып тәрбиелеуге болмайды, ол тәрбиелік әсердің барлық
жиынтығымен тәрбиеленеді (кең саяси тәрбие, жалпы білім, кітап, газет,
еңбек, қоғам жұмысы , ойын, демалыс ұйымдастыру тағыда басқалар).
Макаренконың тәртіпті тәрбиелеуде оның құралы болып есептелетін
режимге ерекше мән берген, режимколлективтің міндетті түрде орындайтын заңы
деп санаған.
Балаларға қоланылатын жазалауды Макаренко тәртіпті орнатудағы қажетті
шара екендігін көрсете отыра, ұрып – соғып жазалаудың қай түріне болса да
табанды түрде қарсы шыққан.
Өз тәжірбиесінде тәртіпті бұзушылардың мінезін үнемі тәрбиеленушілер
жиналыстарда талқылауға ұсынып отырған, бірақ ол кінәлілардың мінезін
қарауға жолдастарының әділ болуын, әділ жаза қолдануын талап еткен.
Макаренко тәрбиеленушілердің тәртіптілігі мен өндірістегі табыстары
үшін сыйлықтар беруді және бұйрық бойынша алғыс айтуды ұсынып отырған.
Тәртіпті коллективте алғыс алу ең жоғары награда болып есептелген.
Антон Семенович тәртіпті тәрбиелеудегі ересектердің жағымды үлгісіне,
зор мән берген.
Макаренконың саналы тәртіп мәеісіне тығыз байланысты түрде балалардың
борышын, ар – намыс сезімдерін тәрбиелеуді терең
зерттеген.
Коллективтің әрбір мүшесі бастауыш коллективтен бастап социалистік
отанның онан талап ететін борышына түсініп, сезіне білуі керек деді.
Біздің өз азаматтарымыздан талап ететініміз, ол өз өмірінің әр минут сайын
әр қашан борышын орындауға дайын болуы керек, бұл жөнінде біреудің бұйыруын
немесе жарлық етуін күтпейтін болсын, ол инициативалы және творчестволық
жігер қайратты болсын, - деген Макаренко. Сонымен бірге коллективтің әрбір
мүшесінің ар – намыс сезімі болуы тиіс, өз коллективі мен Отанын мақтан ете
білуі қажет.

Отбасы тәрбиесі.
А.С.Макаренконың семья тәрбиесі теориясына қосқан үлесі мол, оның осы
мәселе жөніндегі Ата – аналар кітабы және Балаларды тәрбиелеу туралы
лекциялары балаларды семьяда тәрбиелеу жөніндегі өте маңызды ғылыми және
көркем әдебиеттер болып есептеледі. Бұл еңбектер ата – аналар арасында
жүргізілетін педагогикалық үгіт жұмысынан бастап , оны өрістеуге және бүкіл
тәрбие жұмысының құлаш жаюында ерекше роль атқарады. Семья - өте үлкен
және аса жауапты жұмыс, бұл жұмысты ата – аналар басқарады, бұл үшін қоғам
алдында, өз бақыты және балалары алдында жауап береді, - деді Макаренко.
Макаренконың пікірінше , семья тәрбиесіне керекті басты жағдайлар:
семьядағы еңбектің ұйымдастырылуы дұры құралған режим, ата – аналар мен
семьяның басқа мүшелерінің арасындағы сүйіспеншілік және сыйлау, ата –
аналар мен ересек семья мүшелерінің шын беделінің болуы.
Ал шын беделге негіз болатын жағдайлар: семьядағы ересектердің
өздерінің азаматтық міндеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарауы, балаларға
дұрыс, ретімен сүйіспеншілік білдіруі және талап қоя алуы. Сөйтіп,
Макаренконың көрсетуінше, семьядағы тәрбие жұмысының шын мәні балалар
өмірін дұрыс ұйымдастыруда.
А.С.Макаренконың педагогикалық идеялары мен балаларға коммунистік
тірбие беру жөніндегі тамаша тәжірбиесін біздің халқымыз жқғары бағалайды.
Себебі социалистік педагогиканың үздік шыққан жаңашыл қайраткері Антон
Семенович Макаренконың педагогикалық жүйесі ғылыми негізді, бай мазмұнды.
Оның еңбектерінде жаңа адамгершілік қатынастардың адамға деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие
Педагогика ғылымын дамтыуға үлкен үлес қосқан ірі ғалым - педагог
Қазіргі мектепте оқушыларды тәрбиелеу жолдары
Педагогика пәні жайлы ұғым
Педагогика туралы жалпы ұғым, үлес қосқан ғалымдар
Педагогика ғылымының міндеттері
Педагогикалық ғылымдар жүйесінде пайда болған жоғары оқу орындарының педагогикасы
Халық педагогикасында тәрбие мәселесі
Біртұтас педагогикалық процесс жайлы ұғым
Оқушыларды қоғамның белсенді және білімді азаматты етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау
Пәндер