Қор биржасының айналымындағы бағалы қағаздардың түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1. Қор биржасының даму тарихы.
2. Қор биржасының атқаратын қызметтері.
3. Қор биржасының айналымындағы бағалы қағаздардың түрлері

Қор биржасының дамуы нарықтық қатынастарының даму негізінде
орындалады. Ол жалпы елдің экономикасындағы болып жатқан өзгерістер
мен құбылыстарды көрсететін барометр сияқты. Сондықтан да бұл курстық
жұмыстың мақсаты жалпы қор нарығының, оның ішінде қор биржасының
қазіргі еліміздің экономикасындағы алатын орнын және оның
маңыздылығын көрсетумен, қазіргі таңда біздің мемлекет алдында қор
нарығының дамуына қандай кедергілері бар екенін анықтау, сонымен
қатар, менің жеке көзқарасым бойынша қандай ұсыныстар арқылы бұл
мәселелерді шешуге болады деп жобалаймын.
Қазақстанда қор нарығының дамуына барлық жағдайлар жасалған. Бұл
шарттардың ішінде экономиканың даму қарқындылығы, институционалды
инвесторлардың аяғына қалыптасқан категориясы (банктер, жинақтау қорлары).
Біздің Республикамыздың қазіргі даму сатысында орталық мәселе –
ол ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Дүниежүзілік
тәжірибесінің нәтижесінде, бұл мақсатқа жету үшін шетел инвестициялық
ресурстарды қатыстыру және оны максималды пайдалану үшін, олардың
жұмыс істеу механизмін жүзеге асыру керек. . Барлық реформаларды
басынан кешкеннен кейін қазіргі таңда Қазақстандық макроэкономикалық
жағдай инвестициялау үрдісіне айрықша тұрақты және қолайлы жағдай
жасап отыр. Біздің ақша бірлігіміз өз нақты тұрақтылығына жетумен,
сыртқы экономикалық қарыз төмендеп, бюджеттің валюта тәуекелділігі
шектелді. Қазақстандық кәсіпорындардың негізгі инвестиция көздері
олардың жеке қаржы құралдары, яғни бөлінбеген пайда мен амортизация
қала береді. Ал компанияның пайдасы тұрақты мөлшерде ешқашан да
болмайды. Еуропа мен Азия тәжірибелері бойынша инвестициялау үрдісінің
өсу қарқыны экономика өсімінен алдынан өту тиіс. Яғни, мемлекеттің
жалпы ішкі өнімнің мөлшері неше пайызға өсіру үшін, әр жылдық
инвестиция өсімі екі есе асуы тиіс.
Ал Қазақстан Республикасының қаржы нарығында қор биржаларының
тұрақты қалыптасуы мен дамуы айтуға әзірше мүмкін емес. Себебі
елдің экономикасы көптеген уақыт бойы жоспарлы болып келген. Ол
қаржы нарығы төмен сатыда дамығандықтан, оның инфрақұрылымы мүлдем
болған жоқ. Біздің Республикамыздың Тәуелсіздік алғаннан кейін,
өндірісті мен шаруашылықты жаңадан ұйымдастыру және оны басқарудың
әдістер жүйесі ретінде нарықтық экономикаға өту болды. Нарықтық
қатынастардың дұрыс дамуына әкелу үшін қаржы нарығын жаңадан
калыптастыру қажеттілік туады. Ал қор биржалар, алдыңда айтқанындай,
бағалы қағаз нарығы ретінде дүниежүзіндегі әр елдің нарықтық
экономикасындағы қаржы нарығының салмақты бөлігі болып келеді.
Сондықтан да қор биржасын және бағалы қағаздар нарығын дамытуы
еліміздің экономикасына және оның халқына қажеттілік болып
есептеледі. Және оның инвесторлар алдында мәртебесін көтеру, яғни
халықтың көпшілігінің бағалы қағаздарға назарын аудару. Себебі,
Қазақстандық компаниялар мен жалпы халық өз жеке қорларын не
жинақтауға, не несие берумен және оны алумен айналысатынды.
Қазақстандық қор нарығының дамуына негізгі кедергісі
ретінде бірнеше мәселелер тұр:
- Олардың негізгісі болып, қор нарығындағы қаржылық
құралдардың тапшылығы. Ол негізінен акция нарығының бір орнында
қалумен, яғни даму үрдісімен байқалмауымен байланысты. Халықаралық
сауда ұйымына (ХСҰ) кіру барысында қаржылық құралдарының шектеулігі
мемлекеттің бос капиталының айырылуына қауіпті болады.
- Келесі мәселесінің мәні – эмитент компаниялардың төмеңгі
капитализация деңгейі, яғни Қазақстандық компаниялардың жаппай
жекешелендіру кезеңдегі қалыптасқан жарғылық капитал иеленуде.
Компаниялардың көбі өз негізгі активтерінің тәуелсіз бағалау
жүргізген жоқ. Тәуелсіз бағалау мүліктің нақты нарықтық құнын
анықтау мен бухгалтерлік есепте белгілеу үшін жүзеге асырылады.
Эмитент компаниясының құны мен оның қаржы құжаттарына қатынасында
өте аз болып көрінеді.
- Қор нарығының шектеулігі, мемлекеттік инвестордың сыртқы капитал
нарығына шығу мүмкіндігінің болмауы, яғни эмитенттің сенімділігі мен
ұсынылатын пайданың қатынасы. Сонымен де, қор нарығының тауары –
бағалы қағаздар өзі де төмен сапалығымен ерекшеленеді, бұл
корпорациялардың өз қызметі жөнінде толық, кешіккен, жалған немесе
мүлдем ақпараттар берілгендіктен болады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтанған жоспарлы
экономикадан жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық
экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен
бірге қаржы және валюта нарығының құрылуын талап етті. Қаржы
нарығы - ол мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы, қаржы нарығын
қалыптастыру үшін, алдымен оның құрылымын түсіну керек, және оны
ұйымдастыру үшін не қажет екенін анықтау. Ал қор нарығы қаржы
нарығының құрамдас бөлігімен, дамыған мемлекеттің экономикасының
маңызды буыны болып табылады. Сондықтан да бұл тақырыптың
маңыздылығын айқындауға тырысамын.
Биржаның пайда болу нарықтық қатынастардың дамуының объективті салдары
болып табылады. Мұндай институттардың өмірге келуі: шикізат, ауыл
шаруашылық тауарлары, соңынан бағалы кағаздарды сатудың ұлғаюымен
түсіндіріледі.
Қор биржасы – бұл құнды қағаздардың қалыпты айналысына қажетті
жағдай жасау, бұлардың нарықтық бағасын анықтау және олар жөнінде
ақпараттар тарату өз қызметтінің ерекше тақырыбы болып табылатын
ұйым.
Қор нарығы сауда-саттықтың өсуі және жасалатын мерзімді
мәмілелердің санының ұлғаюнан кейін барып, тұтыну тауарларының қойнауында
қалыптасқан болатын. Қаржы операцияларының объектісіне қарыздық қолхат -
вексельдер біртіндеп айнала бастаған. Бельгия порты Анвертпен ресми
түрдегі қор биржасының отаны болып саналады. Оның тауар биржасында 1592
жылы бағалы қағаздармен алғашқы сауда-саттық жасалған. Кейіннен жетекшілік
ролі Амстердамға ауысып, онда алғашқы мерзімді мәмілелер жүргізілді, сондай-
ақ биржалық операциялар техникасы жоғары деңгейге жетті.
“Биржа” деген терминнің бірнеше этимологиясы бар, оның ішінде
ежелгі грек сөзінен – “byrza”, яғни (қалта); неміс тілінен borse
голланд burse. Кейбір тұжырымдамалары бойынша, бұл XIV-XV ғасырларда
әлем тарихындағы халықаралық сауда орталығын атқарған Брюгге қала
есімімен байланысты, яғни 1531 жылы итальян көпестері бұл қалада
биржа типтес ұйыммын құрды. [1, 92 б]
Биржалардың бастапқы кезеңдегі қалыптасуы мемлекеттік қарыздың өсуімен
байланысты болды, яғни қазыналық вексельдер мен облигацияларға жұмсалған
капиталдарды кез келген уақытта ақшаға айналдыруға мүмкін еді. Алғашқы
акционерлік қоғамдардың (Нидерланды және ағылшын ост-Үнді компаниялары)
пайда болуына байланысты акциялар биржа айналымының басты объектісіне
айналды.
Бұл компаниялардың алған жоғары пайдалары, олардың акцияларына деген
бағаның бірден өсуіне және биржалық сауда-саттықтың ұлғаюына жол берді. Осы
уақыттарда XVIII ғасырдың бірінші бөлігіне және келесі жылдары қор
биржалары Францияда, Ұлыбританияда, Германияда, АҚШ-та құрыла бастаған.
Биржалар саны тез өсіп және олардың арасында өзара тығыз байланыстар
орнықты. Сондықтан да капитализмнің қалыптасу кезеңінде қор биржасы белгілі
бір дәрежедегі капиталды жинақтаудың маңызды факторына айналып, ол кейіннен
қаржы-экономикалық қатынастардың маңызды элементі болып табылды.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы жаппай акционерлік қоғамдардың
құрылуы мен бағалы қағаздар шығарудың ұлғаюы қор биржасының маңызын арттыра
түседі. Өндірістің өсуімен салыстырғанда ақшалай капиталдың интенсивті
түрдегі жинақталуы бағалы қағаздарға деген едәуір сұранысты анықтап,
нәтижесінде биржалық айналым өсіп, ал биржада ең бастысы жеке компаниялар
мен кәсіпорындардың акциялары мен облигациялары айналысқа түсті.
Өнеркәсіп төңкерісінің басталуынан, ірі өңдеуші өнеркәсіп
орындарының құрылымымен байланысты, акцияны сату – кең өріс алды. Бұл
әсерінен лондондық брокерлер 1979-жылы королеваның иелігінің бір
бөлігін жалға алды. Сөйтіп, тұңғыш рет лондондық қор биржасы
дүниеге келді. 1779 жылы алғашқы американдық қор биржасы
Филодельфияда пайда болды, ал, 1972 жылы бұған парапар бүгінге әлемге
әйгілі Нью-Йорк биржасы құрылды.
Бүгінгі таңда дүниежүзінің 60-тан астам елінде шамамен 200
биржа бар. Солтүстік Америкада – 15 биржа ( канадалық бесеуін
қосқанда), Еуропада – 100-ден астам, Орталық және Оңтүстік Америкада –
20, қалғандары Африка, Азия және Австралияда. Дамыған капиталистік
елде кем дегенде бір-бірден биржа бар, сонымен қатар биржалар
жаңадан дамып келе жатқан индустриалды мемлекеттерде де бар. 31
биржа халықаралық қор биржаларының федерациясына кіреді оның орталығы
Париж қаласында орналасқан. Бұл федерацияның мақсаты – барлық
акционерлер үшін бірдей құқықпен қамтамасыз ету және бағалы
қағаздар нарығының құрылымын үйлестіріп отыру болып табылады. [2,
219 б]
Ал, Қазақстанда қор биржасы тұңғыш рет 1991 жылы құрылды.
Алғашқы Қазақстандық қор биржалар ішінде Алматы, Қазақ және Қостаңай
биржалары аңғарылған, ал 1994 жылы желтоқсан айында Алматы және
Қазақ биржалары бірігіп, Орталық Азия қор биржасын қалыптастырды да,
оның алғашқы сатулары 1995 жылы 19 сәуірде өтті.[3,168 б]
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу
процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы
және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың
қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялык процеске ықпал
етеді.
Биржа өнеркәсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен
саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын өзіндік барометр сияқты.
Сондықтан қор биржасы өнеркәсіптің өрістеу фазасында экономиканың
өсуіне, ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепші болады.
[4,110б]
Акционерлік қоғамның ұйымдық - құқықтық нысанында құрылған,
осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдаланатын,
оларды тікелей жүргізу арқылы сауда - саттықты ұйымдық және
техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға
және акционерлік қоғам нысанындағы өзін-өзі реттейтін
коммерциялық емес ұйымның, яғни қор биржасының қызметі өзін-өзі
өттеу қағидатына негізделеді және оның қызметтінен түскен кірістер
биржаны материалдық - техникалық дамытуға пайдаланылады.[5, 467б]
Биржаның ерекше белгілері - белгілі бір ережелермен сипатталған
қызметтері мен ұйымдық құрылымы: сауданы саудаласу, нақты сату, тауарды
көрсетпей-ақ жүргізуге мүмкіндік береді. Биржа мынадай қызметтер атқарады:
1. құнды қағаздарды сатып алушы мен сатушыларды
кездестіреді;
2. құнды қағаздар құнын тіркейді, акция түрлері мен
облигацияларға инвестордың қатынастарын жинақтайды.
Бағалы қағаздарды тікелей сату мен сатып алу жүретін орнын
белгілейді;
3. капиталдың бір саладан, кәсіпорыннан басқа салаға ауысуының
механизмін зерттейді;
4. бүкіл елдің және жекелеген салалардың іскерлік белсенділігінің
экономикалық барометрі саналатын биржалар, экономикалық құрылымдық бағытын
қайта бағалауға көмектеседі;
Қор биржасы өзінің қызметін келесі дәйегілеріне сай құрады:
- брокер және клиентпен арадағы жеке сенімділік, өйткені
биржадағы мәміле ауызша жасалып, кейін заңды түрде ресімделеді:
- биржада жасалатын барлық мәмілелер туралы жариялылық пен
ашықтық:
- сауда мен есепке алу дәрежесін белгілеу жолымен қаржылық
делдалдар қызметін аудиторлар мен қор биржасы әкімшілігі тарапынан
қатаң реттеулер.[6, 230 б]
Қор биржасының механизмін жіберу үшін, алдын – ала мыналар
қажет: біріншіден, болашақ клиенттуралардың желісін құру бойынша және
ең алдымен барлық акционерлерге күш – жігерді жұмсау керек. Яғни,
қор биржасындағы бағалы қағаздардың қажетті көлемінің бастауы үшін
қалай қалыптастырылуын және кіммен жұмыс жасау мәселесін шешкен
жөн; екіншіден, қор мәмілелерін жүргізетін делдалдар жүйесі –
брокерлер мен дилерді қалыптастыру қажет; үшіншіден, алдымен қор
биржасын жіберуді шешпестен бұрын, биржалық механизмнің орталық
блогының жұмысын реттеу керек (бағалы қағаздардың биржаға рұқсат
етуінің жүйесі, сарапшы баға белгіленімінің комиссиясы және тағы
басқа) яғни, алдымен қор биржасының функционалды және
ұйымдастырушылық құрылымның негізгі тірегін қалыптастыру керек.
Қаржы нарығының ұлттық ерекшеліктеріне байланысты қор биржаларын
ұйымдастырудың екі типі болады. Бұл жеке құқықтық сипаттағы (ағылшын-саксон
типтес) және топтық құқықтық сипаттағы (еуропалық континенттік типтес) қор
биржалары.
Жеке құқықтық сипаттағы қор биржасына классикалық мысал ретінде
әлемдегі Лондон қор биржасын және сондай қағидамен жұмыс жасап
отырған Нью-Иорк, Токио және басқа да қор биржаларды айтуға болады.
Олар жеке компания түрінде ұйымдастырылып, кейіннен акционерлік қоғам,
бірлестіктер, аралас кәсіпорындарға айналған. Мұндай типтегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпоративті бағалы қағаздар
Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері. Бағалы қағаздар нарығы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығындағы – мемлекеттің қызметі
Қазақстан Республикасындағы KASE фонд биржасы
Жапония бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар нарығы туралы
Мемлекеттік несие нарығы
Бағалы қағаздардың түрлері, қызметі және мәні
Бағалы қағаздар нарығы, оның мәні мен негізгі түсініктері
Пәндер