Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .. 6

1. Ян Амос Коменскийдің бала тәрбиесі туралы
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... 6

2. Оқушыларды тәрбиелеуде Ян Амос Коменскийдің дидактикалық
білім
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 9

3. Тәрбие мен білім беру
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
16

4. Коменскийдің педагогикалық теориясының
маңызы ... ... ... ... ... ... ... 21

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... . 26

Пайдаланған әдебиет тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
27

Кіріспе.

XVI ғасыр мен XVІI ғасырдың аралығындағы жаңа педагогиканың негізін
қалаушы, ұлы славян педагогы Ян Амос Коменскии 1592 жылы мартта туды.
Ян Амос Коменский оқулықтар және оқыту методикасын жасаумен
айналысты. Ол өзінің еңбектерінде мектеп балаға суйіспеншілікті
адамгершілік жақсы қасиеттерді тәрбиелейтін Адамгершіліктің шеберханасы
болуға тиіс деген көзқарасты ұсынды.
Ян Амос Коменский Ұлы дидактика атты еңбегінде тәрбие және
мектептегі жұмыстары туралы құнды пікірлер қалдырды. Балалардың қанлай
болып туары ешкімге де байланысты емес, бірақ дұрыс тәрбие арқылы оларды
жақсы болып шығуы біздің қолымыздағы нәрсе деп, тәрбиенің ықпал ету күшін
көрсете білді. Оқушыға мектептегі тәртіп және мұғалімнің ұйымдастырған
тәрбие жұмысы ғана әсер етеді деген.
Ал, даму жолына келетін болсақ шетел мамандары оқыту
технологиясының үш кезені болғанын айтады. Алғашқы кезеңде мұғалім бірде-
бір көмекші құрал-жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға білім берген. "Бұл
кезде - окыту технологиясының функциясын адамдар тәжірибесі атқарған",-
дейді А.Талызина. Екінші кезеңде - кітап басып шығару егерілген соң оқыту
технологиясы елеулі өзгеріске түсті, адамдарға әр түрлі дидактикалық
материалдар көмекке келді. Қазіргі кезеңде де оқыту технологиясы үлкен
өзгеріске душар болып отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалык
материалдармен қоса оқытудың техникалық кұралдары жәрдемге келді.
1620 жылы чех басқыншыларымен күресте жеңіліске ұшырауына байланысты
ұлы педагогиың отаны өзінің дербестігің жойды,ел үлкен күйзеліске кездесті.
Коменскийдің қымбат бағалы кітапханасы мен қол жазбалары отқа жағылды. Ол
1631 жылы “Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі” деген оқулығын жазып
шығарды. Білім тарихындағы тұңғыш оқулық жедел 15 елдің тіліне аударылып,
мектептерге кеңінен тарады. Келесі жылы Коменскидің есімің дүние жүзіне
танытқан “Ұлы дидактика” еңбегі жазылып бітті.
“Ұлы дидактика” Коменскидің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді
түрде баяндаған шығарма болды. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік
тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті
ұйымдастыру мәселелері зерттелді:
Осы еңбектерімен атақты ғалым және педагог ретінде әйгілі болған
Коменский 1641 жыл мен 1654 жылдың аралығында әдейі шақырумен Англияда,
Швецияда және Венгрияда, болып реформаларын әзірлеу ісіне, оқулықтар және
оқыту методикасын жасаумен айналысты. 1648 жылы ол шетелден Лешанға келіп,
Коменский “чех туыстық” қауышының басшысы болып сайланды.
Осы жылдары оның “Әлемді суреттеп бейнелеу” оқулығы, “Жақсы
ұйымдастырылған мектептің заңдары” және “Жастарға арналған мінез құлық
ережелері” деген педагогикалық шығармалары аяқталды. “Әлемді суреттеп
бейнелеу” өмірдің әр саласынан мәлімет беретін энцикиопедиялық кітәп XIX
ғасырға дейін балаларға арналған негізгі мектеп оқулығы болып келді.
Өмірдің соңғы жылдарын ұлы педагог Амстердамда өткізді , оның “Ұлы
дидактикасы” 1657 жылы осында бастырылды.
Коменский 1670 жылы Амстердамға таяу жердегі Каорденде қайтыс болды.
Коменский шығармаларына, әсіресе оның дидактикасына XVI-XVII
ғасырдағы жаңа философияның (Диорданно Бруно, Леонардо да –Винчи т.б),
әсіресе ағылшын материализмін бастаушы Бэкон (1561-1620) философиясының
әсері болды.
Зерттеу тақырыбы : Ян Амос Коменскийдің бала тәрбиесі туралы .
Зерттеу мақсаты : Коменскийдің бала тәрбиесі туралы педагогикалық
теорияның маңыздылығын айқындау.
Зерттеу обьектісі : Коменскийдің дидактикалық білім беру жүйесі.
Зерттеу пәні : Оқушыларды тәрбиелеуде Ян Амос Коменскийдің
дидактикалық білім беру жолдары.
Зерттеу міндеттері :
1.Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми педагогикалық, психологиялық
әдебиеттерді саралау.
2.Коменскийдің бала тәрбиесі туралы педагогикалық теориясын
маңыздылығын ашу.
3.Коменскийдің кейбір педагогикалық принциптерін белгілеу.

1. Ян Амос Коменскийдің бала тәрбиесі туралы түсінігі
Коменский мектеп тәртібі жөнінен жаңа пікірлер айтты. Оның үлкен
еңбегі сонда, ол - орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды,
баламен гуманды қатынас орнатуды жақтады, сонымен бірге мұғалім
оқушыларынан тиісті мектеп тәртібін талап ете білуі керек деді. Бұл туралы
оның мынадай пікірі бар. Егер егістікті отамайтын болса, егіске қауіп
төндіретін арамшөп өседі. Егер ағаш бұтақтары кесіліп отырылмаса,
жабайыланады. Бұл пікірден мектепте ұрып - соғып жазалау орындалсын
демеген, мұғалімдер де, оқушылар да сергек және бірін - бірі қадірлеп
отыратын болсын, тәртіптің үлгісін мұғалімнің өзі көрсетіп отырсын деген
сөз аңғарылады. Бірақ Коменский көзқарасының екі жақтылығы сол, ол ұрып-
соғып жазалауды дінге байланысты жағдайларда қолдануды жақтады.
Коменский балаларға тәлім - тәрбие беріп, ұстаздық көрсететін мұғалімді
өте жоғары бағалады. Мұғалім өзі тәрбиелейтін балалардың әкесі деп
есептеді. Оның ойынша, мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен
қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын
иесі.
Мұғалімнің балаға әсер ету күшіне ешбір күш тең келе алмайды деген
пікірді айта келіп: Оларға (мұғалімдерге - Қ. Б.) тамаша қызмет
тапсырылған, күн астында одан жоғары еш нәрсе болмақ емес, - деді.
Коменский балаларға қандай гуманистік және оптимистік көзқараспен
қарағанын оның мына сөздерінен айқын көреміз.
Балалардың қандай болып туары ешкімге де байланысты емес, бірақ дұрыс
тәрбие беру арқылы олардың жақсы болып шығуы – біздің қолымыздағы нәрсе.
Сонымен адам баласы орта ғасырлық идеологияның шырмауынан шыға бастаған
айрықша идеялар алғашқыт рет зор күш ретінде баяндалып, ғылыми тұрғыдан
қорытылды.
Коменский батыл түрде педагогикаға жаңа бағыт, жаңа жол сала білді,
сондықтан да ол тәрбиенің Галилейі деген әділ атаққа ие болды. Жаңа ғылым
мен философияның ізімен жүре отырып, ол алғашқы рет дидактиканың жүйесін
құрды, оған зор мәні бар тың идеялар енгізді. Коменский мектеп оқушыларының
оқуына жаңа, әр салалы, ғылыми, реалды білімді енгізуге тырысты, ол
табандылықпен мектеп өмірінің барлық күн тәртібін өзгертуді талап етті.
Қысқасы, дидактиканың негізгі принциптерін зертгеу Коменскийдің атымен
байланысты, сондықтан ол қазіргі дидактиканың атасы болып есептеледі.
Славян халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменскийдің еңбектері дүние
жүзінің барлық елдершін педагогикалық ойымен мектеп тәжірибесіне күшті
әсерін тигізді. Ол жаңа өмірді байқай білген практик-оқытушы өз дәуірінің
мектептері мен мұғалімдерінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін дарындылықпен
қорыта білген жаңашыл - педагог болды.
Бірнеше елдің тілдерінде аударылған Коменскийдің оқулықтары XVII
ғасырдың езінде көп елдерге кеңінен тарады, олар 150 жыл бойы бастапқы
оқытудың ең жақсы оқу кітаптары ретінде басқа прогресшіл педагогтарға үлгі
болды.
Коменский Россияға XVII ғасырдың аяғында - ақ белгілі еді. XVIII
ғасырдың екінші жартысында оның оқулықтарын Москва университеті және басқа
ғылыми орындар бірнеше рет қайта бастырып отырды.
Коменскийдің еңбектерін орыстың алдыңғы қатарлы өкілдері педагогика
ғылымына қосылған асыл қазына ретінде қабылдады. Қазақтың тұңғыш демократ -
педагогы Ыбырай Алтынсарин де және оның замандастары болған басқа
халықтардың Гогебашвили, Чавчавадзе сияқты прогресшіл педагогтары да өз
еңбектерінде Коменскийдің идеяларын насихаттап отырды.
Бірақ орта ғасырлық дәстүрлердің ұзақ уақыт тәрбие мен мектеп өміріне
кең түрде қатаң үстемдік құруына байланысты, Коменскийдің жаңашыл
педагогикалық идеялары мектеп тәжірибесіне тым шабан, ескі мектеппен
тіркескен күрес үстінде еніп жатты. Сөйте тұрса да Коменский жаңа заман
педагогикасының қалыптасуында, әсіресе дидактиканы дамытуда, өте зор тарихи
роль атқарды.

2. Оқушыларды тәрбиелеуде Ян Амос Коменскийдің дидактикалық білім жүйесі.
Коменский өз заманындағы білім беру жүйесіне, мектеп құрылысына
мектептің жаңа түрі жөніндегі идеяны қарсы қойды, Ұлы дидактканың негізгі
тарауларында Коменский реалистік позицияда екендігін, педагогиканың маңызды
мәселелерін шешуді өмір тілегіне, өз қоғамының демократиялық топтарының
мұқтажына бағындыратынын көрсетті: Ол өмірге пайдалы, іске қажетті
білімдерді оқытуды талап етті. Сондықтан мектептің мақсаты – ақылды адамды
тәрбилеу. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы, - деді Коменский, - жас
жеткіншектерге тәрбие және білім беру. Оның ойынша, адам тек тәрбие арқылы
ғана адам болады. Коменский тәрбиенің ықпал ету үшін осылай көре білді.
Адам болу үшін ол білім алуы тиіс. Білімділер нағыз адам... - деді.
Оның ойынша адам ақылының шыңдалатын шеберхана сияқты орны – мектеп.
Мектеп – Барлық адамды барлық нәрсеге үйрететін адамгершіліктің
шеберханасы. Коменскийдің ойынша, мкетеп оқушылардың адамгершілігін,
ақылын тәрбиелеудегі білім мен оқытуды ұйымдастыратын орталық.
Ол адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отырып,
бір-бірімен байланысты құрылған оқудың төрт сатылы кезеңін, осыларға сай
төрт түрлі мектеп оқуының жүйесін ұсынды.
1). Баланың туғанынан алты жасқа дейінгі кезеңінде әр үйде Ана
мектебі.
2). Алтыдан он екі жасқа дейінгі балалар үшін әрбір қауымда Ана
тілі мектебі.
3). Он екіден он сегіз жастағы жастар үшін - әрбір қалада латын
мектебі (гимназия).
4). Он сегізден жиырма төрт жастағы жастар үшін әрбір мемлекетте
академия болу керек деді. Көрсетілген әр сатыдағы оқу бір-бірімен
байланысты болды: сөйтіп Коменский XVII ғасырдың өзінде бір текті мектеп
жүйесі жөнінде демократиялық принцип ұсынды.

Коменский оқудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірде пайда
келтіру деп білді. Мектеп материалдық жағынан да,
біліммен қаруландыру жағынан да оқудың жаңа мазмұнын беруге тиіс
деді.
Коменский сол кездегі мектептерде латын тіліндегі оқу үстем болып
тұрған кезде, бастауыш мектептің ана тілінде болуын талап етті. Бұл
мәселеде ол өмірге қажетті бастапқы білім тек ана тілі арқылы ғана
беріледі, тек осылай ғана балалардың ақыл-ойын әрі қарай дамыту міндетін
жемісті шешуге болады деген негізгі қорытындыға сүйенді. Коменский мектепке
ана тілін кеңінен ендіру және оны дамыту жолында қажымас күрес жүргізді.
Басқа тілдді меңгеру сол ана тілінің көмегімен жүруге тиіс деген пікір
ұсынды: Алдымен әрине, ана тілі, содан кейінгі ана тілінің орнына жүретін,
атап айтқанда, көрші халықтың тілі, - деді.
Коменский білімінің мазмұны мен көлемін де жаңа бағытта шешті.
Мектеп оқуында тек ескі тілдерге үйрету, сыңар жақты формалистік грамматика
мен риторикаға негізделген классицизм кең тараған дәуірде ол әр салалы жан-
жақты білім беруге шақырады.
Коменский өзінің тамаша шығармасы Ұлы дидактиканы барлық халық
жастарының бүкіл білім салаларына жаңа жолмен, оңай және ұғымды етіп оқыту
үшін жазды, онда өзінің алдына оқытудың жолын жаңа негізге салу мақсатын
қойды.
Коменский мектеп үшін жалпы бағдарламалар, оқулықтар, оқыту
методтарын жасап шығару ісін ең негізгі міндет деп санады. Ол оқулықтарға
қойылатын талаптар арқылы дидактика мәселелерін анықтады.
Ұлы дидактикада төмендегідей төрт дидактикалық сұраққа жауап
берілді:
1). Қалай жақсы оқытып, тәуір оқуға болады.
2). Оқыту мен оқудың негіздігі.
3). Оқыту мен оқудың жеңілдігі.
4). Тез оқытудың ережесі мен тәсілдері.
Ұлы дидактиканың арнаулы таруларында оқыту ісіне қойылатын басты-
басты дидактикалық талаптар баяндалады.
Олар:
1). Оқытуға қолайлы уақытты таңдау.
2). Оқушыларды сабақ оқуға ынталандыру.
3). Материалды біртіндеп күрделендіру (дәйектілік, жүйелілік).

4). Анық пайда келтіретін нәрсені ғана оқыту.
5). Саналы түрде меңгеретін нәрседен басқаны жаттатпау.
6). Бала табиғатын ескеріп отыру; қалаған нәрсені немесе оның
меңгере алатын нәрсесін ғана оқыту.
7). Материалды меңгерту үшін мүмкіндігінше сыртқы сезімдерді де
қатыстырып оқыту.
Коменский Ұлы дидактикасында педагогикалық ойды және мектеп оқуын
ілгері дамытуда ерекше роль атқаратын жаңа дидактикалық принцптерді
анықтады. Оқудың көрнекілігі, саналы оқу, оқудың жүйелі болуы, сатылы оқу,
оқудың оқушы шамасына сай болуы, оқудың негізді болуы.
Коменский көрсеткен бұл дидактикалық принцптері оның педагогикалық
жүйесінде бір-бірімен өзара тығыз байланысып отырды.
Алған білімнің тиянақшылығы жөніндегі мәселе – Коменскийдің
педагогикалық теориясындағы ең негізгі проблемалардың бірі.
Оқыту ісіндегі тиянақтылық оқытушылар білімінің жүйелілігін,
дәйектілігін, өзара байланыстылығын, сонымен бірге біріктігін талап етеді
деді Коменский.
Ол өзі ұсынған дидактикалық принцптерін ілгері дамыту және оларды
нақтылау мақсатында бірнеше әдістемелік нұсқаулар ұсынды. Ұлы
дидактиканың ХХІ тарауы Өнер білім әдісіне арналған. Мұнда оқу, жазу
ойды жүйелі баяндау, тағы басқа практикалық дағдыларды меңгеруге қатысты
бірқатар ережелер сөз болады.
Дидактиканың жүйелі және бір ізділік принципіне байланысты Коменский
оқытудың жақынан алысқа, белгіліден белгісізге, нақтылыдан
абстрактылылыққа, жеңілден ауырға қарай көшіп отыратын негізгі ережесін
құрды.
Коменский білім беру ісінің ұйымдастыру түрлерін түбірімен бір
тәртіпке келтіруді ұсынды. Ол алғашқы рет оқу тоқсандарына жіктелген оқу
жылы жөніндегі ұғымды анықтады, оқу күнін, оқушыларға арналған демалысты,
оқушыларды мектепте белгілі кезде (бақылау) қабылдау тәртібі, оқу күнінің
мерзімін енгізді. Міне осылайша педагогика тарихында тұңғыш рет оқу жұмысын
ұйымдастырудың негізгі түрі болып класс сабақ жүйесі ұсынылды. Коменский
сабақты ұйымдастыру жөнінен құнды нұсқаулар берді (жаңа материалды өту,
оқушылардан сұрау, қайталау және жаттығулар жүргізу, оқушылар білімін
тексеру, сабақты жоспарлау, сабақтағы тәртіп тағы басқа). Ұлы педагогының
мұғалімдерге қалдырған өшпес өсиеттерінде: бүкіл педагогикалық процестің
жоспарды оқуға қызықтыра тартатындай болып ұйымдастырылуы, оқу баланың жас
ерекшелігіне сай құрылып, қарапайым, балаға жатық болуы қажеттігі
қарастырылды.
Ұлы дидактиканың XXVI тарауында мектеп тәтібі және тәрбие мәселелері
қаралды. Адамгершілік тәрбиесі жөніндегі мәселелерде Коменскийдің бағыты
өте айқын байқалды. Бірақ тәрбиенің бұл саласынанда құнды пікірлер
қалдырды.
Ұлы ойшыл адамгершіліктің аса тамаша ерекшеліктерінің бірі эгоизмнен
арылу, көпшілік ісінің сәттілігі және әділеттілік үшін әрекет ету деп
есептеледі.
Коменский балалармен жастар мінезінде ерлік, өзін-өзі билеу,
кішіпейілділік, сыпайылық, еңбек сүйгіштік сапаларды тәрбиелеуді талап
етті.
Коменский мектеп тәртібі жөнінен жаңа пікірлерайтты. Оның
үлкенеңбегі сонда, ол орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы
болды, баламен гуманды қатынас орнатуды жақтады, сонымен бірге
мұғалімоқушыларынан тиісті мектеп тәртібін талап ете білу керек деді.
Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп, ұстаздық көрсететін
мұғалімді өте жоғары бағалады. Мұғалім өзі тәрбиелейтін балалардың әкесі
деп есептеді. Оның ойынша, мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық
оймен қимыл - әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған
жалын иесі.
Мұғалімнің балаға әсер ету күшіне ешбір күш тең келе алмайды деген
пікірді айта келіп: Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан
жоғары ешнәрсе болмақ емес, - деді.
Коменскийдің балаларға қолдай гуманистік және оптилистік көзқараспен
қарағаны оның мына сөздерінен айқын көреміз.
Балалардың қандай болып туары ешкімге де байланысты емес, бірақ
дұрыс тәрбие беру арқылы олардың жақсы болып шығуы – біздің қолымыздағы
нәрсе.

Коменский батыл түрде педагогикаға жаңа бағыт, жаңа жол сала білді,
сондықтанда ол тәрбиенің гамелейі деген әділ атаққа ие болды.
Славян халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменскийдің еңбектері дүние
жүзінің барлық елдерінің педагогикалық ойы мен мектеп тәжірибесіне күшті
әсерін тигізді. Ол жаңа өмірді байқай білген практик – оқытушы, өз
дәуірінің мектептері мен мұғалімдерінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін
дарындылықпен қорыта білген жаңашыл – педагог болды.
Бірнеше елдің тілдерінде аударылған Коменскийдің оқулықтары XVII
ғасырдың өзінде көп елдерге кеңінен тарады, олар жүз елу жыл бойы бастапқы
оқудың ең жақсы оқу кітаптары ретінде басқа прогрессшіл педагогтарға үлгі
болды.
Коменскийдің еңбектерін орыстың алдыңғы қатарлы өкілдері педагогика
ғылымына қосылған асыл қазына ретінде қабылдады.
Бірақ орта ғасырлық дәстүрлерлің ұзақ уақыт тәрбие мен мектеп
өміріне кең түрде қатаң үстемдік құруына байланысты, Коменскийдің жаңашыл
педагогикалық идеялары мектеп тәжірибесіне тым шабан, ескі мектеппен
тірескен күрес үстінде еніп жатты. Коменский жаңа заман педагогикасын
қалыптасуында, әсіресе дидактиканы дамытуда, өте зор тарихи роль атқарды.
XVII ғасырдағы мектептегі білім беру жүйесінің кемшілігін жақсы түсінген
Коменский Европадағы оқу-ағарту ісін мүлде қайта құрумен айналыса бастады.
Ол оқудың жаңа әдістерімен әдістемелігінің қажеттілігін айтып, білім беру
жүйесінің оқудың прогресивтік жүйесін оның барлық адамға бірдей және тиімді
де түсінікті болуын, өзіне мақсат етіп қойды. Оның дәлелдеуінше –
балаларды оқыту қажет, біртіндеп қарапайым, элементарлық ұғымдардан
күрделіге көшіп отыру педагогикалық талаптардың негізі деп көрсетті.
Коменскңий бастауыш оқуды ана тілінде жүргізуді ұсынды.
Коменский мектепке арнап бірнеше оқулықтар жазды, оның мақсаты
балаларға өмірдіің тұтас картинасын беру. Оның ғылыми еңбектері, оны бүкіл
Еуропаға және жер жүзіне танытты. Ол іс жүзінде оқуды ғылымға айналдырды.
Оның педагогикалық әдістері революциялық маңыз алды. Оқуды түбегейлі
өзгертті. Каменский
педагогика тарихында аса көрнекті алды. Оны ғылыми, теориялық маңызын
жоғалтқан жоқ. Оның принциптері, әдістері мен әдістемеліктері, оқыту
формалары, мысалы, сынып – сабақ жүйесі – педагогиканың теориялық негізі
болып сақталып қойды.
Коменский дәуірінде мектепке білім беру жүйесі бытыраңқылық күйде
болды. Мысалы; ер балалар ғана білім алуға құқықты болды. Алайда кедей
отбасының балалары мектепке қабылданбады. Сабақтарда латын әрпімен
балалардың басын қатырды. Орта ғасырда көптеген мектептер католиктік
шіркеудің қызметі латын тілінде жүргізілді. Мақсат мектепті латын тілінде
оқытып дін иелеріне орын толтыру еді.
Ян Амос Коменский 28 - наурызда, 1592 жылы Морави қаласыңда дүниеге
кедді. Германияда білім алып, 24 жасыңда ол туыстар общинасының дін
қызметшісі міндетін атқарды. 1618 жылы Коменский 240 километрге орналасқан
Праганың шығысындағы Фульнекеге келді. Сол жылдары Еуропада протестангазмге
қарсы күш - католикгік конитрреформация құрылды. 10 жыддық соғыстан кейін
Римдік католиктік дін Моравидда занды түрде жеңіп билік алды. Жоғары
сославия өкілдері Коменскийге соған мүше больш кіру немесе отанын тастап
кету үйғарылған. Коменский соның әсерінен жер аударылып, семьясымен бірге
Лешноға келді. Бұл Поль-шаның белгілі Обшиналық орталығы болатын. Осыдан
бастап, ол қуғын көріл 42 жыл бойы айдауда жүрді. Отанына қайтып орала
алмады. 1656 жылы Лешнода оның қолжазбаларын өртеді. Бүл жылдары ол бала-
шағасынан айырылды. Өмірінің соңы ксзін ол Амстердамда өткізді. Голландия
да ол өзінің көптеген еңбектерін шығаруға мүмкіндік алды. 1657 жылы латын
тіліңде "Үлы дидактика" басылды. Я. А. Коменский өмірінің соңғы төрт жылы
ішінде -"Адам ісін түзетудің бүкіл-жалпылык; Кеңесі" атгы еңбегін
жариялады. XVII ғасырда педагогика статус алып, өзінше ғалым болып бөлініп
шыққаннан кейін Чехияның ұлы педагогі Я. А. Коменскийдің (1592-1670) беделі
және еңбекгерімен әрі қарай бекіп, дами түсті. Осы кезден бастап Коменский-
дің теориялық ой-пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні бүгінге дейін
ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан бастап, ол дүние жүзілік аренаға шығып
педагогикаға әлем жұртшылығының назарын аударды, қолдау тапты. Коменский
дәуірі Еуропада буржуазиялық формацияның үстемдік етіп тұрған кезі болатын,
ол соған соқтығысып өзінің философ-гуманист, қоғам-қайраткері, асакөрнекті
педагог екенін таныта білді.

3. Тәрбие мен білім беру маңызы
Коменский өз заманындағы білім беру жүйесіне, мектеп құрлысына
мектептің жаңа түрі жөніндегі идеяны қарсы қойды. Ұлы дидактиканың
негізгі тарауларында Коменский реалистік позицияда екендігін, педагогиканың
маңызды мәселелерін шешуді өмір тілегіне, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы
Я.А.Коменский тәрбие мәселелері туралы
Ұлы дидактика еңбегінің педагогикалық маңызы
Ян Амос Коменский –дидактиканың негізін қалаушы
Ян Амос Коменский - Еуропа педагогикасының негізін салушы
Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде
Мектеп оқуының жүйесі
Ыбырай алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуы
Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы
Пәндер