Қоршаған ортаның проблемалары
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Экологиялық проблемелардың экономикалық аспектілері.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4 беттер
I. Экологияның экономикалық мазмұны.
1. Қоршаған ортаның
порблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-9 беттер
1.2. Экономиканың дамуы және экологиялық талап ... ... ... ... ..9- 15
беттер
II.Қазіргі ғаламдық проблемалардың экономикалық аспектілері.
2.1. Ғаламдық проблемаларды
шешу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-17 беттер
2.2. Экологиялық проблемаларды
шешу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18-19 беттер
2.3. Өркениетті елдердегі ақпараттық қатынастар және олардың пробле-
лары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 19-23 беттер
2.4. Энергетикалық және шикізаттық экологиялық проблемалар –
ды шешудің Қазақстандағы
масштабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23-25 беттер
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .26-28 беттер
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 29беттер
Қосымшалар
Кіріспе.
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан
алдыңғы қатардағы мәселелерінің біріне айналды. Қолайсыз экологиялық
ахуалды еліміз қазіргі кезде бастан кешіріп отырған экономикалық дағдарыс
одан әрі тереңдетіп, әлеуметтік шиеленістің ушығуына итермелеп отыр, ал
енді экологиялық және әлеуметтік проблемаларын шешуді экономикалық
қиындықтар тежеуде.
Халықтың саны өсіп, азық – түлік және энергия қуаты жетпей, қоршаған орта
шектен тыс ластана бастаған соң, экология бұрынғы жаратылыстану бағытына
қосымша экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық бағыт алады.
Қазіргі кезеңде адамдар мен табиғат арақатынастары жылдан жылға
шиеленісіп барады. Жер жүзіндегі халықтар санының тез өсуі мен
мемлекеттердің жаппай өнеркәсіпті дамыту жолына түсуі бұған себеп болып
отыр. Соның салдарынан табиғат қорларын пайдалану бірнеше есе өсіп,
адамдардың қоршаған ортаға тигізетін зияны үнемі көбейіп келеді. Пайдалы
кендер қорының жақын арада таусылу, өсімдіктер мен жануарлардың кейбір
түрлерінің толықтай жоғалуы, қоршаған ортаның шектен тыс ластану қаупі
төнді. Өнеркәсібі дамыған бірқатар елдерде қоршаған ортаның нашарланғаны
сонша, енді адамдардың денсаулығына кесірін тигізе бастады.
Табиғатты пайдалану мен айналада ортаны қорғау жүйесінің әлі
жеткілікті толық және кешенді түрде зерделенбеген табиғи - ғылыми, ғылыми -
техникалық, мәдени - тарихи және өзге де аспектілерімен ерекшеліктері
толығымен ескерілмеген. Сондықтан да жоғарыда көрсетілген, берілген курстық
жұмыстың маңыздылығы бүгінгі күнде өте зор болып табылады.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының экологиялық проблемаларының
экономикалық аспектілерінің дамуын зерттеу.
Міндеті: Берілген курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттерді
қарастырамыз. Қоршаған ортаның проблемаларын қарастыру және экономиканың
дамуы мен экологиялық талапты анықтау.
Зерттеу деңгейі: Қарастырылып отырған курстық жұмыстың тақырыбы бойынша
келесі ғалымдар өздерінің зерттеу жұмыстарын жазған: Шеденов О.Қ,
Ғ.Сағынбаев “Экология негіздері”; А.Ж. Ағбасова, Г.Ә. Саинова “Экология”;
Р.С. Оразбаева, А.О. Дәрібаева “Экология негіздері”; О.К. Жанайдаров
“Көркем суретті Қазақстан тарихы” еңбегінде Арал проблемасы туралы, т.с.с.
Құрылымы: Курстық жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады: негізгі бөлім -
экологияның экономикалық мазмұны және қосымша бөлім - қазіргі ғаламдық
проблемаларды экономикалық аспектілері. Сонымен қатар берілген курстық
жұмыс бөлімдерден, қолданылған әдебиеттерден, қорытындыдан және қосымшалар
мен ұсыныстан тұрады.
Объектілері. Қарастырылып отырған курстық жұмыстың объектілері
экологиялық проблемалар болып табылады.
І бөлім. Экологияның экономикалық мазмұны
1.1. Қоршаған ортаның проблемалары
Табиғатты қорғау мәселелеріне экономикалық мекемелер, құқық қорғау,
орындау орындары және қоғамдық ұйымдар да қатысады. Міне, сондықтанда
табиғат жұмыстары тек мемлекеттің ғана міндеті болып қоймау, оған бүкіл
жұртшылдық, барлық азаматтар да қатысуы қажет.
Қоршаған ортаны қорғау деген ұғымға табиғат байлықтарын сақтау, ұтымды
пайдалану, қалпына келтіріп отыру туралы, ортаның зиянды қалдықтарымен, улы
және тағы басқа да тіршілік үшін қауіпті заттармен ластанбауын қамтамасыз
ету жөнінде қабылданған мемлекеттік заңдар, қаулылар, экономикалық
мекемелер, құқық қорғау және ұйымдардың ережелері мен нұсқаулары,
халықаралық және мемлекеттер аралық келісімдер, конвенциялар, шарттар
кіреді.
Мемлекеттің заңдары мен халықаралық шарттарда көзделген табиғатты сақтау
жөніндегі шаралар ортаны қорғау деп аталады.
Қоршаған ортаның күрделі проблемеларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан
ұсыныстар жасайтын ғылым саласы соңғы жылдары экология деп аталады.
Экологияны тек қана табиғаттану ғылымдары қатарына жатқызу дұрыс емес.
Табиғат экономикасын, адамдармен табиғаттың арақатынасын, қоғамның
экономикалық жағдайын зерттейтін ғылым қоғамдық ғылымдар қатарына да
қосылуға тиіс. Біздің планетамызда өмір сүруге қолайлы орта онша көп емес.
Қазіргі кезеңде адамдар мен табиғат арақатынастары жылдан жылға
шиеленісіп барады. Жер жүзіндегі халықтар санының тез өсуі мен
мемлекеттердің жаппай өнеркәсіпті дамыту жолына түсуі бұған себеп болып
отыр. Соның салдарынан табиғат қорларын пайдалану бірнеше есе өсіп,
адамдардың қоршаған ортаға тигізетін зияны үнемі көбейіп келеді.
Пайдалы кендер қорының жақын арада таусылу, өсімдіктер мен жануарлардың
кейбір түрлерінің толықтай жоғалуы қоршаған ортаның шектен тыс ластану
қаупі төнді. Өнеркәсібі дамыған бірқатар елдерде қоршаған ортаның
нашарланғаны сонша, енді адамдардың денсаулығына кесірін тигізе бастады.
Міне, сондықтан да табиғат қорларына құнтты болу бұзылғандарын қалпына
келтіріп отыру, оларды ұтымды пайдалану, ауаға, жерге, суға, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтардың борышы және
абыройлы міндеті болып саналады.
Тірі организмдердің және табиғаттың басқа да құрамдары мен арақатынас –
тарын зерттеген кезде экология басқа ғылым салаларымен тығыз байланыста
болады.
Зерттеу кезінде биологиялық, техникалық, экономикалық, әсемдік, көркемдік
тағы басқа көптеген мәселелермен айналысады. Тек қана биологиялық
проблемелермен айналысып қоймай, табиғатты қорғаудың және пайдаланудың
әлеуметтік – экономикалық жақтарын да зерттейді. Сондықтан экологияны
жаратылыстану саласындағы ғылым немесе биологияның бір тарауы деп қарау
дұрыс болмайды.
Әлеуметтік – экономикалық проблемаларды зерттейтін болғандықтан оны
қоғамдық ғылымдар саласына жатқызуға болады.
Халықтың саны өсіп, азық –түлік және энергия қуаты жетпей, қоршаған орта
шектен тыс ластана бастаған соң, экология бұрынғы жаратылыстану бағытына
қосымша экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық бағыт алды.
Табиғатты қорғау арзанға түспейді. Көп қаражат жұмсалатын күрделі
проблемеларды шешу бір елдің қолынан келмейді.Сондықтан, бірнеше мемлекет
қосылып, өзара шарт жасасып, тез уақытта және арзан бағамен сондай –ақ
жұмыстарды орындауға мүмкіндік алады.
Сөйтіп, қоршаған ортаны қорғау бір аймақтық немесе бір елдің
проблемесынан көп елге қатынасы бар, халықаралық проблемаға айналды.
Соңғы жылдары көптеген мемлекеттер халықаралық келісімдерге,
конвенцияларға, шарттарға қатынасып, табиғатты бірлесіп қорғауға келісті.
Онда өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жойылып кету қаупі төнген түрін
қорғау, теңізден балықпен басқа жануарларды аулау мөлшері мен мерзімі
туралы келісімдерге қол жетті.
Адамдардың кінәсінен қоршаған ортаға талай - талай қиянат жасалып келеді,
олардың зардаптары әлемге әйгілі. Мысалы, ХХ ғасырдың ортасында Мәскеулік
білгіштер Каспий теңізінің суы азаймас үшін Қарбұғаз шығанағын топырақтан
бөгет салып теңізден бөліп тастауды ұсынды. Бөгет салушылар теңізді
сақтауды ойлағанымен, шығанақтың қоршаған ортаға әсерін ескермеді. Кеуіп
қалған шығанақтан жыл сайын 120-140 миллион тонна шаң мен тозаң, тұз
қалдықтарын жел мен дауыл көтеріп Қазақстан, Түрікменстан, Түркия, Иран,
Қытай, Ресей, Украина тағы басқа елдерге жеткізіп жатады.
Табиғат жағдайын үнемі бақылап отыратын халықаралық ұйымдар мен одақтар
құрылды. Оларға мүше болған мемлекеттер халықаралық ұйым жарғыларын
мойындап, міндетті түрде орындауға келісіді. Жарғы талапта – рын орындамаса
немесе бұзса, жауапқа тартылады.
Табиғат байлықтарын қорғау, пайдалану және қалпына келтіріп отыру жөнінде
әр мемлекет өзінің заңдарын қабылдап, мемлекеттік орындар мен азаматтардың
оны толығынан орындауын қатаң қадағалап отырады. Министрліктер, мемлекеттік
комитеттер, жергілікті әкімдер заңның орындалуын ұйымдастырушы және
бақылаушы ролін атқарады. Кәсіпорын, ұжым, мекеме баспашыларынан, жеке
азаматтардан заң талаптарын уақытында орындалуын талап етіп, көнбегендерін
жауапқа тартады.
Қоршаған ортаны танып – білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуының ақ
таңы атқан кезден басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастық қоғамның
өзінде – ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір
аңдардың қарсылығына тап келгеніне белгілі. Оларды адамдар жеке – жеке
емес, бірлесіп, қауымдасып күрескенде ғана жеңе алатындығына, сөйтіп
өздеріне азық етуіне болатындығына көздері жетті. Осылай қай аңды қай
кезде, қандай жерде, қандай қару қолданғанда қолдарына түсіре алатындығын
сезіне бастады. Олардың бұл әрекеттерін біз бүгінде тас бетіне түсірген
суреттерінен жіне археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан,
ағаштан т.б жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз.
Сондай – ақ мұндай деректер ежелгі египет, үнді, тибет, тағы басқа да
мәдениет ескерткіштерінде сақталғаны мәлім. Экологияның элементтері сонымен
қатар көнеден келе жатқан халықтардың эпикалық шығармаларында да кездеседі.
Табиғаттағы өзгерістер өте баяу жүретін болғандықтан қоршаған ортаға
келген зиян көзге көріне бермейді, бірнеше жыл өткесін ғана біліне
бастайды. Осыған байланысты зиянды өзгерістерді тоқтату үшін алынған
шаралар тым кеш болып нәтиже бермей, болмаса мезгіл өтіп кеткен соң көп күш
, қаржы мен материал жұмсауға тура келеді. Олай болса қолда барды сақтау
мен ұтымды пайдалану – бүгінгі күн талабы екенін есте ұстаған жоқ .
Алайда, Экология деген терминді ғылымға алғаш рет енгізу неміс
ғалымы Э. Геккельдің ( 1834 – 1910 ) еншісіне тиді. Ол экологияға
төмендегідей анықтама берді: Экология деп, біз табиғат экономикасына
қатысты барлық білімдерді – жануардың оны қоршаған органикалық және
бейорганикалық ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысатын
жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық
әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеуді түсінеміз .
Экология бастапқы кезде биологиялық ғылымның құрамына еніп, организмдер
мен қоршаған ортаның өзара тығыз байланысын ғана зерттеумен шектелген
болса, қазіргі заманда экологияның шеңбері одан әрі кеңіп, көптеген
ғылымдармен, атап айтқанда, география, геология, агрономия, химия,
архитектура, математика, физика, генетика, медицина, қысқасы ғылымның
барлық салалармен қоян – қолтық араласып кетті.
Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланыс –
тары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер
осында өтеді.
Табиғат байлықтарын есепсіз, бақылаусыз жұмсауға болмайтынын, қоршаған
орта бүлініп, істен шығуы оңай екенін адамдар ХХ ғасырдың алғашқы
жылдарынан түсіне бастады. Сол кезден бастап қоршаған ортаны қорғау деген
ұғым пайда болды.
Осылай қазіргі заманғы экология - әмбебап, зор қарқынмен дамып келе
жатқан, біздің планетамыздың барлық тұрғындары үшін іс жүзінде аса зор
маңызы бар іргелі, кешенді ғылым болып саналады.
Экология болашақтың ғылымы және адамдардың өзінің өмір сүруі осы
ғылымның тікелей үдемелі дамуына байланысты болуы да мүмкін деуге
жатады.Теңіз суы тартылғасын ондағы балық пен жануаралар дүниесі жойыла
бастады. Жағадағы балықшылар жұмыссыз қалып, туған жерін ата қонысын тастап
басқа жаққа көшуге мәжбүр болды.
Мысал ретінде Арал маңындағы аудандар болатын. Арал теңізінің жоғалуы –
адамзат тарихындағы масштабының ауқымдылығымен және тіршілікті жоятын
салдарлары бұрын болмаған, Еуразия материгінің Орталық бөлігінде
континенталды климатты жұмсартқан, алып су қорының құрып кету апаты. Бұл
Қазақстан және Түркіменстанның кең територияларының климаттық жағдайларын
ғаламдық өзгерістерге әкеледі. Қазір әсіресе белгілі ғалым - экономистің
сөзі өте маңызды: Мәдениет, егер ол ретсіз дамыса, ал саналы түрде
бағытталмаса, өзінен кейін шөлді қалдырады . Осындай мысалды Арал теңізіне
байланысты да келтіруге болар еді мақта тәуелсіздігіне жетеміз деген
ұранмен орта Азия мен Қазақстанда егістік көлемі ұлғайтылып, көптеген таяз
каналдар мен су қоймалары салынды. Сырдария мен Амурдарияның суы түгелдей
мақта суаруға жұмсалды. Сөйтіп Аралға су келмей, құрғап құруға айналды.
Сонда ғана Арал апаты туралы айтыла бастады, ал оған дейін келе жатқан
апатты көрмегендей ешкім жұмған аузын ашқан жоқ.
1.2. Экономиканың дамуы және экологиялық талап
Қазақстан мемлекеті әлемнің дамыған елдеріндегідей өзінің экономика
салалырын нарықтық қатынастың сұранысы мен талабына сай күрделі қиын
өзгерістерге бағыттай отырып дамытып жатыр.
Жер ресурстарының қоры жөнінен әлемдегі 176 мемлекет ішінен 9 - шы
орында, қазба байлықтары жағынан дүние жүзіндегі ең бай деген 10 елдің
ішіне кіреді. Еліміздегі табылған, ашылған, есептелген қазба-байлығының
бағасы 3,7 триллион доллар болып отыр.
Қазіргі кезде барлық аймақтарда жаппай табиғи ресурстарды игеру көрініс
табуда, бұған бергісі Ресей, арғысы Америка, Англия, Жапония, Корея тағы
басқа мемлекеттер инвесторлары қатысуда. Осыған байланысты аймақтарда
табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғай жүйесін
құру қажеттілігі туындап отыр.
Бұл проблеманың маңыздылығы уақыт өткен сайын арта түспек, өйткені
шешімін кейінге қалдырға сайын қоршаған ортамызға әкелетін экологиялық -
экономикалық зияны ұлғая түспек.
Нақты деректерге сүйенсек, республикамызда жылдан - жылға қоршаған орта
атмосфера ауасын ластайтын тұрақты өнеркәсіп көздерінің зиянды заттарын
шығаруы ұлғаюда. Еліміз бойынша 1999 жылы айнала ортаға барлығы 2308,6 мың
тонна зиянды заттар шығарылды: соның ішінде 641,1 мың тоннасы қатты заттар,
газ тәрізді және сұйық заттар – 1667,5 мың тонна, олардың 943,5 мың тоннасы
күкірт ангидриді, 151,4 мың тонна азот тотығы, 397,7 мың тонна көміртегі
тотығы, 6,9 мың тонна аммиак тотығы. Ал 2000 жылы барлығы – 2429,4 мың
тонна, яғни 5,2 пайызға өскен, ал қатты қалдықтар 4,3% артқан, газ және
сұйық заттар 5,6 пайызға көьейген, сонымен қатар олардың құрамындағы
элементтер көлемінің де ұлғайғандығын көреміз.
2001 жылы тұрақты ластау көздерінен қоршаған табиғи ортаға 2583 мың тонна
зиянды заттар тасталынды. Еліміздің әрбір тұрғынына 170кг зиянды өндіріс
қалдығы келеді.
Жоғарыда келтірілген зиянды заттар әсерінен қоршаған табиғи орта тепе -
теңдігінің бұзылуының зардабы сол аймаққа экологиялық - экономикалық өмір
сүру деңгейінің төмендеуіне тікелей әсер етуде.
Экологиялық қатердің негізгі бақылауы мынада:
- экологиялық апат аймақтары аумағының жылдан жылға ұлғаюы. Қазіргі
кезде олардың аумағы еліміздің 7 - 8 миллион халқы тұратын 60 - 65%
территориясын алып жатыр. Бұл облыстардың экономикасының дамуы
қазіргі кезде экологиялық - экономикалық қиындықтар туғызып отыр;
- адамдардың тіршілік жасайтын ортасының сапасының нашарлауы (тұрақты)
өмір сүру деңгейін төмендетіп қоймай, оларды қосымша шығындар
шығаруға мәжбүр етеді.
- өнеркәсіптің барлық жетекші салаларында өндірістің негізгі қорларының
тозуы салдарынан технологиялық жарылыстардың саны өсті. Экологиялық
жағынан зиянды жылына бірнеше миллион теңгеге жетіп отыр;
- радиоактивті зоналар аумағы жылдан жылға ұлғая түсуде;
- су сапасының нашарлауы, яғни Қазақстандағы жер бетіндегі су
көздерінің 65% астамының сапасы сын көтермейді. Жер асты сулары да
ішуге дарамсыз болып қалуда;
- ауа бассейнінің құрамының өзгеруі де адамдар денсаулығына жағымсыз
зардаптарын тигізуде;
- қалпына келетін табиғи ресурстардың тозуға ұшырауы топырақтың
құнарлығының төмендеуіне әкеліп соғуда. Соның салдарынан егістік
жерлердің көлемі жылдан жылға қысқаруда. Бұл егістіктен алынатын
өнімнің көлеміне тікелей әсер етуде, жылына бірнеше миллион теңгенің
азық - түлігін ала алмаудамыз;
- қазба байлықтарды игеруде пайдаланылатын технологияның жетілдірілмеуі
мен экологиялық тәртіптің сақталмауынан ауыл шаруашылығына қажетті
жерлер айналымнан шығып қалуда;
- азық - түлік тағамдардың әртүрлі химикаттармен шамадан тыс ластануы,
құрамында нитраттар, ауыр металдар, қоспалар т.б. адам денсаулығына
өте зиянды заттардың болуы өнімдерді пайдалануға жарамсыз болып
қалуына тікелей әсер етуде. Сонымен қатар, елімізге шет елден келіп
жатқан тағамдардың құрамында табиғи емес, жасанды бояғыш заттардың 50
пайыздан асуы;
- территорияларды өнеркәсіп, үй - тұрмыстық және ауылшаруашылық
қалдықтармен ластау қауіпті сипат алуда;
- табиғат қорғау шараларын жеткіліксіз қаржыландыру жаңа әлемдік
деңгейге сай келетін қоршаған ортаны қорғау жабдықтарын орнатуға
мүмкіндік бермеуде.
Ел экономикасын нарықтың заңдылықтарына бейімдей отыра дамыту кезіңде
экологияның қатаң талабына жауап беретіндей ретпен, қоршаған ортаның тепе -
теңдігіне нұқсан келмеуін көздеуіміз керек, одан басқа мүмкін дұрыс жол
жоқ..
Болашақта Қазақстанда экологиялық жағдайдың дамуының екі жолы бар:
егер экономикамыздың салалар құрылымы өзгеріске ұшыраса, ауыл шаруашылығы
және тұрмыстық қызмет көрсету басымдылықпен дамыса. Ресурстарды үнемдейтін
және экологиялық зиянды емес технология кең түрде енгізілсе, таза табиғат
ортасы қалыптасуы мүмкін және экологияның шиеленіскен жағдайының деңгейі
төмендейді.
Егер шаруашылықтың дамуының қазіргі қалыпты жағдайы өзгермейтін болса,
онда экологиялық апат аймақтары аумағының Қазақстан территориясы бойынша
жылжуы тез арада арта түспек. Бұл дегеніміз – келесі 10 - 15 жыл көлемінде
еліміздің көп бөлігі экологиялық апат аймағына айналуы мүмкін.
Адамдар әрқашанда табиғатқа тәуелді, оның байлықтары мен күн көріп,
керегіне жаратады, өкінішке орай, соңғы кезде осы тәуелділікті ұмытып,
табиғатты бағындырамыз деген әуре-сарсаң көбейіп кетті.
Экологиялық негіздері деп аталған осы еңбекте қоғаммен табиғаттың
арақатынасымен бір-біріне ықпалы теориялық тұрғыдан және нақтылы мысалдар
арқылы сөз болады.
Жүргізілген экологиялық - экономикалық талдаулар көрсеткендей,
өнеркәсіп орындарындағы қоршаған ортаға зиянды заттарды көптеп шығарудың
себептері тек өндіріс орындарын салу кезіндегі құрылыстағы жіберілген
конструкциялық кемшілік, жобалаудың экологиялық сараптан өтпеуі, өндіріс
орындарында салынған сүзгіш қондырғылар технологиясының жетілдірмеуінен
емес, сондай - ақ өндіріс процесі кезінде технологиялық тәртіптің
сақталмауы және жұмысшылар мен қызметкерлердің өзінің өндірістік қызметіне
немқұрайлы қарауынан болады.
Қоршаған ортаны қорғау проблемасын шешуде импорттан келетін
экологиялық таза тауар мен технологияға еркіндік беру керек. Шет ел
тәжірибесі көрсеткендей, осындай саясаттың экологиялық шиеленісті шешуде
маңызды роль атқарғанын көреміз, яғни Қазақстан экономикасы үшін
экологиялық таза технология мен қызмет пайдалы болмақ.
Қазіргі жағдайда Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі өзара байланысқан
екі мақсатты шешуді талап етеді:
- біріншіден, нарыққа өтер кездегі өмір сүру деңгейін сақтау;
- екіншіден, әлеуметтік - экономикалық дамудың тұрақты жағдайын
қалыптастыру.
Бұл жерде экология мен экономиканың байланысына тоқталу қажет. Елімізде
болып жатқан экономикалық дағдарыс экономика салаларын нарыққа өтуге
итермелейді.
Еркін нарық экономикасы жағдайында экологиялық жағынан зиянды тауар
шығару мен технологияны пайдалану әрбір кәсіпкер үшін тым қымбатқа түсетін
уақыт жетті. Еліміз құқықтық мемлекет құруда, бұрынғыдай табиғи қоршаған
ортаны ластау арқылы тауар шығару мүмкіндігі болмауы тиіс.
Әлемнің дамыған елдерінде қоршаған орта жағдайын қорғауға арналған
табиғат қорғау шаралары мен экологиялық бағдарламаларды қаржыландыруды
федеральдық және аймақтық деңгейде өкімет тікелей қамқорлыққа алып, бақылап
отырады.
Мысалы, Жапония елінде қоршаған ортаны қорғау шараларына қаржыландыру
мақсатында жылына мемлекет деңгейінде 2 - 3%, префектура деңгейінде 5 - 6%
қаржы бюджеттен бөлініп отырады.
Экологиялық қауіпсіздік – бұл егеменді еліміздің ұлттық қауіпсіздігі
екенін естен шығармауымыз қажет.
Үкіметіміз кейінгі қалдыруға болмайтын бірқатар экологиялық бағдарламалар
қабылдады, бірақ олардың іс жүзіне асырылауы өте баяу.
Экологиялық дағдарысты болдырмас үшін қолда бар мүмкіндіктері пайдалану
керек:
- тұрғындарға экологиялық тәрбие мен оқыту;
- адамдардың шаруашылық барысындағы әрбір жұмысын экологияландыру
мақсатында экономикалық және құқықтық механизмдер жасау;
- экологиялық шараларды мемлекет деңгейінде қаржыландыру;
- еліміз аймақтарында жаңа қорықтар ашу;
- экологиялық қалдықсыз технология мен таза өнімдерді ынталандыру;
- қоршаған орта зиянды қалдықтарды орналастырғандағы төленетін төлем
механизмдерін одан әрі жетілдіру;
- өндіргіш күштерді орналастыру кезінде олардың жобасын халықтың
қоғамдық сарабынан өткізу;
- тастаталын зиянды заттардың мүмкін шектеулі мөлшерін жетілдіру;
- табиғи ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға мүшелікке өту.
Мемлекет үшін ең басты баға жетпес байлық – оның тұрғын халқы мен
қоршаған орта экологиясының жоғары деңгейде болғаны қажет.
Осы міндеттер сақталғанда ғана экономика салалары табиғат тепе -
теңдігін сақтай отыра дами алады. Сондықтан адамдар денсаулығынан ешқандай
экономикалық мүдделер мен мақсаттар биік тұруға тиіс емес.
Экономика мен экология тығыз байланыста болғанда ғана Қазақстан
экономикасының салалары нарық талабының заңдылықтарына сәйкес дамып,
бүкіләлемдік үрдіс бойынша өркениетті елдер қатарына қосылмақ.
Сонымен, экологиялық шаралардың тиімділігн ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz