Ұлы француз революциясы кезіндегі саяси ұйымдар мен ағымдар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
І тарау. XVIII ғасырдағы Ұлы Француз
ревалюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... .1-3 бет
1.1. Француз ревалюциясының басталуы.-------------------------- -----------
---------------------4 – 8 бет
1.2. Ұлттық конвент Жирондықтар мен Якобшілдер күресі--------------------
--8 -11 бет
II тарау. Ұлы француз революциясы кезіндегі саяси ұйымдар мен ағымдар
2.1. Якобшілдердің буржуазиялық – демократиялық диктатурасы 11 – 15
бет
2.2. Революцияның антифеодалдық бағыты----------------------------- -------
--------------15 – 19 бет

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ----
----------------------------------- ----------- 20– 21бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: Ұлы француз ревалюциясындағы саяси
ұйымдар мен ағымдардың пайда болуы, олардың атқарған іс әрекеттерін
көрсету. Саяси ұйымдар мен ағымдардың елдегі жағдайы өзгертуге қосқан
үлестері, олардың оң және теріс жақтарын көрсету болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті: Ұлы француз ревалюциясындағы саяси ұйымдар мен
ағымдардың маңыздылығын ашу. Якобшілдердің буржуазиялық – демократыиялық
диктатурасының нәтижесін көрсету. Ұлы француз ревалюциясын антифеодалдық
бағытын көрсету.

Орта ғасырларда Францияда феодализмнің дамуы жоғары деңгейге
жетті.Бұл елдегі барлық жер иеліктері бағынышты-мырза қатынастары
шеңберінде болды.Буржуазияның бір бөлігі жер сатып алғаннан кейінгі
дворянға айналып отырды. Сондықтан да феодализм өміршең болып, 14 Людовик
(1661-1715) тұсында корольдік абсолютизмнің таза формасы болып қалыптасты.
Өте үлкен тамаша Версаль сарайын (Париждің батыс жағында 18 шақырым
жерде) салдырғаннан кейін,король онда дворяндық қоғамның саяси және мәдени
өмірін шоғырландырды. 14Людовик Австрия, Испания және Голландиямен соғыста
жеңіп шыққаннан кейін ұлттық аумақтық біріктіру процесін аяқтады.Франция
Канаданы, Луизиананы, Гаити аралын және Үндістанның біраз аймағын жаулап
алды. Француз армиясы мол санды және соғысқа қабілетті болды, оған сол
кездегі атақты қолбасшылар: маршалдар Тюрени, Конде, Вобан, т.б. басшылық
етті.
Бұл дәуір бүкіл еуропалық корольдер мен князьдер Франция короліне
еліктеп, өздерінің Версалін салдырып, париж сәнімен киініп, сарай
маңындағылар ғана емес, бар ақсүйек қауым француз тілінде сөйлеуге көшкен
уақыт еді.
Меркантилизм принциптеріне жүгіне отырып, үкімет әшекей-сәнді заттар
мен қару жасау өндірісінде корольдік мануфактура дегенді ұйымдастырды.
Бұл буржуазияның қолына капиталдың жинақталып, шоғырлануына жағдай жасады.
Елде қапиталистік қатынастар туа бастады. Ақшалы байлар,
салықтарды көтере сатып алушылар Вольтердің айтуынша, қырық плебейлер
королі ,ірі мануфактурашылар және саудагер әулеттері, біртіндеп басшы
экономикалық күшке айналды.
Француз өнеркәсібі революцияға дейін айтарлықтай дамыған еді, өнеркәсіпсіз
бірде-бір шет аймақ провинция болмаған. Париж сәндік заттар жасайтын
орталыққа айналды. Марсель ірі өнеркәсіп және сауда орталығы болды. Тулон
мен Брест қалаларында ірі қару-жарақ жасайтын зауыттар жұмыс істеді.
Лионда жібек тоқу өндірісі, ал Солемадағы Арденнада металлургия зауыттары
болды. Шығыстағы Эльзас пен Лотарингияда металл өңдеу өнеркәсібі дамыды.
Портты қалалар: Борде, марсель, Нант тек ұлттық қала емес,сонымен қоса
халықаралық сауда орталықтары да болып саналады. Алайда, корольдік сауда
құқығы монополиясы,цехтың шектеушілік, буржуязияның саяси құқықсыздығы
өнеркәсіп пен сауданың дамуын шектеді және тежеді.
Елдегі өндіргіш күштердің дамуына басты кедергі- ауылдық жерлердегі
феодалдық құрылыс еді. Революция қарсаңында Францияның 25-26 млн.
Тұрғындарының 23 миллионы шаруалар болды. Шаруалар мырзаға ақшалай салық-
ценз, заттай алым- шампар өнімнің 120-інен 15-іне дейін шіркеуге
ондық, жиырмалық және мемлекеттік тікелей салық төлеп тұрды. Дворяндық
қауымдық, яғни жайылым, шабындық, орманды жерлердің көпшілік бөлігін басып
алды. Мырзалар қанауының ауырпашылығы шаруалар өмірінің барлық жақтарын
қамтыды.
18 ғасырдағы абсолютизм мен феодализмнің дағдарысы. 18 ғасырдың өн бойында
Францияда феодалдық құрылыс біртіндеп құлдырай берді. 1715 жылы 14 Людовик
қайтыс болғаннан кейін таққа келіп отырған 15 Людовик өзінің бабасына
мүлдем ұқсамаған болып шықты.
Оны мемлекеттік істер қызықтырмайтын . Мемлекеттік істермен оның сүйікті
әйелдері- маркиза Помпадур, мадам Дюбари және басқалары айналысты. Бірінші
министрлер, әскербасылары, елшілер және басқа да жоғары лауазымды адамдар
сол әйелдердің қалауымен тағайындалатын болды. Мемлекеттік саясат кездейсоқ
адамдардың қолындағы ойыншыққа айналды. Король сарайының сыртқы сәулеті
абсолюттік монархияның ыдырауы мен дағдарысының бүркемелеуші жамылғышы ғана
еді.
Әр түрлі ойын-сауықтар мен мейрамдарға, ақсүйектерге арналған зейнетқорлар
зейнетақылар мен сыйлықтарға соғысқа бөлінген зор қаржы сарай
ақсүйектерінің азғындығынан түсті. Қазына корольдің сүйікті әйелдері мен
оларың жақын-туыстарының жеміне айналды.Король уақытының көбін аңшылықпен
және сүйікті әйелдерінің арасында өткізді.Мемлекеттік бір ақылды адамның
ескертуінен 14Людовик:Менің өміріме жетеді.Бізден кейін топан су қаптаса
да мейлі,-деп жауап қайтарған.
Франция орта ғасырлардай үш сословиеге бөлінді.Бірінші сословие-
діндарлар,екіншісословие-артықшылық жағдайдағы дворяндар,салық
төлемейтіндер.Бірақ бұлардың ішінде де барлық жеңілдікті пайдаланып
молшылықта өмір сүргендері бірнеше мыңдаған жоғары дінбасылары мен ақсүйек
дворян отбасылары ғана болды.
Шаруалар мен буржуазия,қолөнершілер мен жұмысшылар және елдің басқа
да тұрғындары үшінші сословиені құрады.Олар бұл қанау мен езуге негізделген
сословиелік құрылысты жек көрді.
Ғасырлар бойы католик шіркеуі идеялары міне шырмалған тәртіпті
өзгерту ескіні аяусыз сынау,жаңа ағартушылық жұмыс жүргізу нәтижесінде ғана
жүзеге асқан болар еді.Мұнда басты орында діни идеологиямен тікелей күрес
жүргізу міндеті тұрды.Шіркеу үстемдігіне бірінші соққы берген Жан Мелье
(1664-1729) болды.Шампаннан шыққан сыпайы және қарапайым дін қызметшісі
Мелье шаруалардың жағдайын түсінетін.Ол өлгеннен кейін Өсиетдеп аталған
кітабының қол жазбасы табылды. Дін мен христиандықты Мелье халықты
бағыныштылықта ұстау үшін топтардың ойлап тапқан пасық аңызы деп
жариялады.Ол халықты революцияға шақырды:
...Өздерінің князьдердің мен патшаларыңның озбырлықтарынан біржола
құтылу үшін бірігуге тырысыңдар,әділетсіздік пен бақытсыздық тағын
құлатыңдар;тәж киген бастарды мылжалаңдар,озбыр жауыздардың көкірегін
басып,өздеріңе олардың билік етулерінен жол бермеңдер.
Мелье өзінің Өсиетінде қоғамды өзгертудің ойдан шығарылған үлгілі
коммунизм түрін дәріптеді.
Мари Франсуа Аруэ(лақап аты Вольтер)(1694-1778) 18ғасыр ағартушыларының
рухани жетекшілерінің бірі болды.Оның ағартушылық қызметінің басшысы шіркеу
таратқан сәуегейлік пен нанымға қарсы күрес жариялауы болды.Сонымен қатар
ол діни науқан құрбандарын,күнәсіз жандарды ашық түрде ақтауға қол
жеткізді.Шіркеу фанатизмі мен шіркеулік түнекті әшкерлеуде Вольтер атақты
Сұмырайды таптаңдар-деген үндеу болды.Сонымен бірге ол дінді халықта
конбісті ұстау үшін сақтау қажет деп есептеді.Философ,ақын,жазушы,тарихш ы
әрі ойшыл Вольтер өз шығармаларында 18 ғасырдағы француз ағартушыларының
алдыңғы қатарлы озық ойларын жинақтайбілді.Сословиелік
артықшылықтарға,басыбайлылық қалдықтарына қарсы күресті,жалынды
антиклерикал болды.Вольтер феодализмді,абсолюттік монархияны және католик
шіркеуін сынай отырып 18 ғасырдағы революцияны идеялық жағынан даярлады.Ол
болашақ мемлекет туралы пікір айтпады,өзгерістер жасауда тақта отырған
білімді де біліктідана адамға үміт артты.Бұл міндетті оның замандасы
Монтескье(1689-1775) орындады.Ол өзінің шығармаларында абсолюттік
монархияның ақаулығын,король өкіметінің бассыздығын,сарай маңындағылар мен
ақсүйектардің жүгенсіздігін,әділетсіз басқыншылық соғыстарды
келемеждеді,халықты күйзеліске ұшыратқан салықтарды сынады.Өзінің Заңдар
рухы жайындаатты басты еңбегінде Монтескье өкіметтің:заң шығарушы,атқарушы
және соттық болып бөліну теориясын ұсынды,осылардың бір-біріне тәуелсіздігі
мен әрекеттестігін еркіндіктің кепілі деп санады.АҚШ,онан кейінгі басқа да
мемлекеттер конституцияларында,көпшілік жағдайларда мемлекеттік құрылыстың
осы Монтескье ұсынған принциптерін басшылыққа алды.
1.1. Француз ревалюциясының басталуы.
18 ғасырдың ортасынан француз ағартушылық жұмыстарын ғалымдар мен
ойшылдардың екінші буынын жүзеге асырды.Олардың ішінде тамаша
ғалымдар,физиктер мен математиктер,астрономдармен экономистер болды.
Экономист-физиократтардың біртіндей бір мектебі қалыптаса бастады.Экономика
заңдарын жаратылыс бөлшегі,табиғи(физиократтар деген атау осыдан шыққан)деп
қараған Ф.Кенэ, А.Тюрго,т.б. жеке меншік пен экономикалық толық еркіндік
принциптері идеяларын негіздеді.
Ескі тәртіптерді сынауда және алдыңғы қатарлы ғылыми идеяларды таратуда
1751 жылдан бастап көп томдық Ғылым,өнер және кәсіп
энциклопедиясыныңжарық көруінің үлкен маызы болды.Шығарушы-көрнекті
материалист-философ Дени Дидро.Оны шығаруға Францияның(тек Франция ғана
емес)алдыңғы қатарлы ғалымдары мен жазушылары қатысты.Бұл сол дәуірдің
ғылыми білімдері мен озат қоғамдық ойларының жинағы болды.[Дүние жүзі
тарихы 2006 ж. 86 бет]
Ағартушылықтың демократиялық бағыты басында Жан Жак Руссо(1712-1778)
тұрды.Руссо барлық әділетсіздіктің төркіні жеке меншік деп санады.Алайда ол
оны жоюға шақырмады.Оның мұраты байы да,кедейі де жок,тең құқылы ұсақ
меншік иелерінің қоғамы еді.Руссо ұсақ меншік қана заңды әрі әділетті деп
есептеп,феофалдфрдың меншігін жоюға,бай капиталистердің мүлкі мен сән-
салтанат тежеу қоюға шақырды.Руссо өзінің Қоғамдық келісім
туралыеңбегінде күшті демократиялық мемлекет жоқтаушысы ретінде көрінді.Ол
табанды түрде саяси теңдік принциптерін,халық тәуелсіздігін,халықтың
қанаушыларға қарсы күресу құқығын негізделеді.
18 ғасыр француз ағартушылары феодалдык-абсолюттік құрылысьы және
шіркеуді парасаттылық тұрғысында сынаудың тарихи міндетін орындады.Олар
ескі тәртіптерді құлатып,революциялық жолмен жаңа құрылысты орнату
жолынжағы француздардың қоғамдық ойын даярлады.
Революция-ескі феодалдық-абсолюттік тәртіптен буржуазялық қатынастарға
өтудің жалғыз ғана жолы емес.Батыл әрі ірі реформалар қабылдап,іске асыруда
оның бір жолы болып табылады.15 Людовик өлгеннен кейін таққа жас король 16
Людовик отырды.Халық бір өзгеріс болар даеп күтті.Шындығында,бірінші
министр болып ғалым экономист-физиократ Ж.Р.Тюрго тағайындалды.1774-1776
жылдары ол бірқатар реформалар жүргізді:нанды еркін сатуға рұқсат
берді,цехтық шектеумен белгілі ережелерге бағындыруды бастады,сарай шығынын
азайтты.Алайда ақсүйектер мен сарай төңірегіндегілер реформашыларға қарсы
шығып,Тюргоны отставкаға кетуге мәжбүр етті.Жігерсіз және енжар король
мемлекет ісіне жолағысы келмеді,корольдік кеңес мәжілістерінде ол қалғып
отыратын.Оның ең ұнататын кәсібі тамақты тоя жеу,аң аулау,ағаш жону
болды.Корольдің әйелі уақытына сән-салтанат пен той-думандарда өткізді.1780
жылдың ақырында мемлекеттің қарызы 4,5 млрд.ливрге жетті,бұл қазынаның
жылдық табысынан 32 есе асып кетті.Король қазынасы өзгеріс күтті.1789 жылы
5 мамыр күні Версальда салтанатты түрде Бас штаттардың мәжілісі ашылды.
Барлық ұлттың қолдаушылығын сезіну буржуазияны жігерленді.Үшінші
сословиенің депутаттары Бас штаттарды Ұлттық жиналыс деп,одан кейін
Құрылтай жиналысы немесе Парламент деп жариялады,яғни олардың заң
қабылдауға,мемлекет органдарын бекітуге құқығы бар екенін мәлімдеді.11
шілде күні астанаға қауесетті естіген халық бұқарасы көтеріліске шықты.
13 шілде күні бүкіл Парижге дабыл қағылды.Халық корольдің қару-жарақ
қоймаларын басып алып,қаруланды.Көтерілісшілерге төтеп бере алмаған әскер
қаланы тастап шықты.14 шілде күні француз халқы Бастилия қамал-түрмесін
шабуылмен алды.
Бастилия абсолютизмнің үрейлі символы еді.Мыңдаған корольдің саяси
қарсыластары өмірларін осы түнек-қапаста өткізді.Сегіз мұнарлы биік
қорғаны,көтермелі көпірлері бар,айнала терең ормен қоршалған,күшті әскери
горнизоны мен зеңбіректері бар қамал үлкен қауіп төндіріп
тұратын.Бастилияның құлағанын корольге хабарлағанда ,ол сенбей:Алайда бұл
бүлік қой!-деп дауыстап.Сарай маңындағылардың біреуі оған: Тақсыр,олай
емес,бұл революция!деп жауап береді.
Парижден кейін революция Францияның басқа қалалары мен шет аймақтарына
тарады.Миллиондаған шаруалар бұқарасы қаһарлы күреске көтерілді.Олар
мырзалар замоктарын қиратты.Дворяндарды ұлы қорқынышбилеп алды.4 тамыз
түні( ғажайыптар түні) құрылтай жиналысы өзінің алғашқы актісі ретінде
феодалдардың өз бастамалары мәлемдеме жасады.Алайда бұл мәлемдеме бойынша
жеке бас тәуелділігі(ол онсыз да жойылған болатын) және мырзалар
жеңілдіктері ғана жойылды.Негізгі төлемдер мен алымдар сатып алынуы тиіс
болды.Бірақ шаруалар бұл шешімді қолдамай,толқуларын жалғастыра берді.Бұл
революцияның алдағы уақытта жалғаса беруінің бірден бір себептері.
Құрылтай жиналысының екінші бірауыздан қабылданған актісі Адам және
азамат құқықтарының декларациясы болды.Деклорацияның бірінші бабында
Адамдар ерікті және құқық жағынан тек болып туады және солай болып қала
бередідеп мәлімдеді.Деклорацияның үшінші бабында: Ұлт жоғарғы өкімет
билігінің қайнар көзідеп жарияланды.Бұл тұжырым король егемендігі мен
абсолютизмді жою міндетін көрсетті.
Адам және азамат құқықтарының деклорациясыбуржуазияның мүддесін
көздеді.Кемшіліктеріне қарамастан бұл айқындаманың
Еркіндік,теңдік,туысқандық!ұраны абсолютизм мен феодализмге қарсы күресте
зор революциялық маңызға ие болды.
Халықтың жеңісі нәтижесінде өкімет басына ірі буржуазия келді.Оның
белгілі көсемдерінің бірі дарынды шешен,білгір саясаткер граф О.Мирабо және
АҚШ-тың тәуелсіздік соғысына қатысқан маркиз Лафайет болды.Ол құрылған
ұлттық гвардияның бастығы болып сайланды.
Бұл адамдар іс жүзінде халыққа нағыз керекті еркіндік пен теңдікті беруден
аулақ тұрды.Үкіметтің келісімімен дворяндық контрреволюция 1789 жылдың
өзінде-ақ қайтару үшін күш топтастыра бастады.Бұған жауап ретінде 20 мың
париждіктер,көбісі әйелдер,5-6 қазанда Версальға жорық жасап,корольді
жиналыстың алғашқы деректеріне қол қоюға және Париждегі Тюильри сарайына
көшуге мәжбүр етті.Бұдан кейін Құрылтай жиналысы көтерілісі тобырға қарсы
қолдану туралы жорық щығарды.Бұл Еркіндік,теңдік,туысқандық!ұранын а
мүлдем қарама-қайшы әрекет еді.Сайлаушылар құқұғы туралы қабылданған заң да
осылайша деклорацияға қайшы болып шықты.Франция азаматтары сайлак жүйесінде
белсендіжәне енжар,сайлауға құқығы жоқ сайлаушылар болып бөлінеді.
Сөйтіп,халық революциясының толқынымен өкімет басына келген ірі буржуазия
таптық жіктелу саясатын жүргізді.
1789-1797 жылдары Құрылтай жиналысы бірқатар жарлықтарымен феодалдық
тәртіптерді жойып,буржуазияның құрылысты орнатты,Цехтық
қатынастар,өнеркәсіп пен сауда шектеушілігі,ішкі кеден жойылды.Еркін сауда-
өндіріс қызметіне жол ашылды.Елді 83 депортаментке бөлген әкімшілік
реформалар жүгізілді.
1789-1791 жылдары буржуазиялық революцияның негізгі міндеттері жүзеге
асты.Бұдан әрі елдің өндіргіш күштерін қиратпай,қантөгіссіз-ақ осы жағдайда
керісінше болып шықты.
Варенн дағдарысыреволюцияның барысындағы бетбұрысты оқиға
болды.1791 жылы 20 маусымда шетелге қашып бара жатқан король 14Людовик
өзінің әйелімен шекарадағы Варенн қалашығы жанында ұсталып,қолға түсті.
Мария Антуанеттада орыс баронессасы Корф дегеннің атына толтырылған құжаты
болады,ал король оның малайы киімін киген еді.Алайда пошта қызметкері жан
Друә пәуескенің тережесінен теңгенің бетінде бейнеленген корольдің кез
келген французға жақсы таныс бет әлпетін көріп,танып қалды.Ол дабыл
қағып,патриоттар король отбасын күзетпен Парижге қайтарады.Құрылтай
жиналысы Друэге 30 мың ливр сыйлық беруге қаулы шығарады.Алайда ол ақшаны
алудан бас тартады.Кейіннен Друэ Конвент депутаты болып майданда
интервенттерге қарсы соғысады.
Күшпен астанаға қайтарылған король отбасын көшелердегі лек-лек халық еш
қошеметсңз,үнсіздікпен қарсы алды.Осы оқиға халықтың пиғылын
өзгертті.Барлық жарде корольді тақтан түсіріп,республика орнатуды талап
етті.Құрылтай жиналысында,клубтарда,барлық жерлерде жікке бөліну басталды.
[Хасен М. Батурина Л. Жаңа тарих 41 бет]
Революцияның алғашқы апталарында-ақ Парихде және басқа қалаларда
пікірлестер өз саяси клубтарын құрды.Якобшілдер клубы(клуб мәжілісі әулие
Якоб манастарының кітапханасында өтетіндіктен)-алғашқыда ірі буржуазияның
орталығы болды.Варенн дағдарысы күндерінде ол екіге бөлініп кетті.Ірі
буржуазия феяндар клубын құрды(монастырь атымен).Демократтар өздерін
екобшілдер деп атады.Оның көсемі Арпастан шыққан депутат,адвокат
М.Робеспьер болды.Демокркттардың басқа бөлігі кордельерлер клубында
(Дантон,Марат т.б.)жиналды.Сонымен қатар теңдік идеяларын уағыздайтын халық
қоғамы мен үйірмелер жұмыс істеді. Күресте ерекше орын алған физик әрі
дәрігер Жан Поль Марат болды.Ол Халық доғасы деген газет шығарып тұрды.
1791 жылы 17 шілдеде Марс алаңында өткен жаппай антимонархиялық
демонстрацияға Лафайеттің бұйрығы бойынша гвардияшылар оқ жаудырып, ондаған
адам өлі, жараланды. Бұл атқылау революцияның көсемі болған ірі
буржуазияның бір бөлігі енді халыққа қарсы шығып, анти демократиялық күшке
айналғанын көрсетті.
1791 жылдың қазан айында конституция өз күшіне енді. Елде конституциялық
монархия орнатылды. Мемлекеттің басшысы ретінде король Заң шығару
жиналысының заңдары мен қаулыларын тоқтата алатын болды. тиым салу.
Министрлер тек соған ғана бағынады. Корольдің жеке басы қасиетті деп
жарияланып, оған тиісуге тыйым салынды.
Ант берушілер төрелігі соты енгізілді.Протестанттар мен еврейлер өзге
азаматтар мен бірдей құқыққа ие болды.
1791 жылы 1 қазанда заң шығару жиналысы өзінің мәжілісін бастады. Онда ірі
қаржы,өнеркәсіп және жер иеленуші буржуазия үстем болды. Жиналыс күрделі
жағдайда ашылды. Бірқатар шет аймақтарда шаруалар бүлігі басталды. Париждің
өзінде,Лионда және басқа қалаларда өнеркәсіптің дағдарысқа ұшырауы сауданың
тоқырап қалуы және ауыл шаруашылығының құлдырауы қолөнершілер мен жұмысшы
бұқарасының арасында жұмыссыздық,қайыршылық және ашаршылық туғызды 1791
жылдың жаңа революциялық өрлеу байқалды.
Шетелде,Франция шекарасының тұсында ақ сүйектер мен дінбасылар әскер
дайындады.Француз оқиғаларынан Еуропа корольдері мен императорлары Қорықты
және қарсы жорыққа дайындалды.
Заң шығару жиналысында,мәжіліс залының төрінде 140 депутат отырды.Орарды
таупартиясы-монтаньерлар дап атады.жас сауда өнеркәсіптік буржуфзиясы
топтарының депутаттары ерекше көзге түсті.Олар Еуропаның феодалдық
монархияларына революциялық соғыс жариялауға үгіттеді.бұл жирондықтар
еді(жиронда депертаментінен шыққын партия қайраткерлері).1792 жылдың
көктемінде король билікке жирондықтарды шақырды және олар герман
императорына соғыс жариялады.Франция үшін соғыс әрекеттері сәтсіз
басталды.Австрия және Пруссия әскерлері Францияға басып кіріп,бір қатар
бекіністерді жаулап алды.Король олардың көмегімен революцияны басуға
үміттенді.Француз халқы интервенттерге қарсы революцияға жеңістерін қорғау
жолында әділетті соғыс жүргізді.Революцияға төнген апат қаупі бүкіл елде
зор патриоттық өрлеу туғызды.
1.2. Ұлттық конвент Жирондықтар мен Якобшілдер күресі.
1792 жылдың шілде айында бұқара халықтың қыспағымен заң шығару жиналысы
халыққа Отанға қауіп төнді!деген үндеу жариялады. Францияның түкпір-
түкпірінен ту ұстаған еріктілер революциялық әндермен астанаға қарай
ағылды.
Францияның тарихында Марсельден келген федераттар(яғни Франция
депертаментінің өз еріктілері)даңқты із қалдырды.Олар Парижден Рейн
әскерінің жаңа революциялық өлеңін айтып өтті.Бұл саздан революциялық рух
есіп тұрды:

Уа, Отанның ұлдары,алға ұмтыл!
Ерлік даңқ шығарар күн туды.
Қанды ту көтерген жауыздар,
Салмақшы бізге ойран,сұмдығын
Қару ал,азамат,қару ал!
Ұлттық гимнге айналған Марсельезаның сөзін және музыкасын жазған капитан
Руже де Лилль еді.
Бірақ жирондықтар революциялық соғысқа халықты көтеруден қорықты.14Людовик
билікке ірі буржуазия өкілдерін қайтарып,құпия жағдайда төңкеріске
дайындала бастады.Бұл жағдайлар корольдің тақтан түсірілуін жеделдетті. [
Всемирная история ]
1792 жылдың тамызында француз халқы жаңа революциялық
көтеріліске шықты,қатерлі апат қаупі мен сарай маңындағылардың опасыздығы
бүкілхалықтық,патриоттық және революциялық өрлеу туғызды.Өрт тұтатқан ұшқын
қызметін Австрия-Пруссия армиясының бас қолбасшысы герцог Брауншвейгтің
Манифесі атқарды.Манифесте ол егер король мен әйелінің басынан бір тал шаш
жерге түссе,Парижді қиратып,бүкіл кінәлі адамдарды қатал жазалаймын деп
қоқанлоқы жасады. Бұл арсыздық Париж тұрғындарының ұлттық намысына
тиіп,наразылықтың тууына себеп болды. Өйткені король әйелі Мария Антуанетта
австриялық болатын. Енді монархияны құтқару мүмкін емес еді.Республикалық
қозғалыстың орталығы Париж секциялары; ал оның қозғаушы күштері-
қолөнершілер мен еңбекші бұқара-санкюлоттар болды.Соғыс жылдары ақсүйектер
қымбат матадан тоқылған қысқа панталондар-кюло киюге мүмкіндігі жоқ
болғандықтан дөрекі матадан тігілген шалбар киген қала тұрғындары-
кедейлерді кемсітіп,осылый атаған болатын.
Қала муниципалитетінде(Коммунада) 1792-1794жылдары көтерілісші коммуна
атағын алған тұрақты комитет құрылды. Көтерілісті сол ұйым дайындады.
1792 жылы 10 тамыздың түнінде астанада дабыл қағылып,дүркін-дүркін
зеңбіректер атылды.Сапқа тізілген халық Марсельезаәуені астында Тюильри
сарайын шабуылмен басып алды.14 Людовик биліктен алыстатылып,отбасымен
бірге түрмеге қамалды.Көтерілісшілер қысымымен заң шығару жиналысы жалпыға
бірдей сайлау құқығы негізінде ұлттық конвентті шақыруға мәжбүр болды.
Халық көтерілісі мыңжылжық монархияны құлатты.Революцияның жаңа
кезеңі басталды.
10 тамыздағы жеңіс жаңа саяси ахуал қалыптастырды. Революцияның
дамуында Париж Коммунасы және якобшілдер шешуші күшке айналды. Олар маңызды
революциялық мәселелерді шешуге белсене кірісті.
Елді қорғау қарастырылды:еріктілерден әскер жиналды,онднған қару-
жарақ шеберханалары салынды,қоңыраулар король мүсіндерінен зеңбіректер
құйылды,Парижді айналдыра бекіністер тұрғызылды.
Төтенше трибунал,ал Коммуна жанынан бақылаушы кеңес құрылды. Ал жау болса
шабуылға шықты. 1 қыркүйек күні Верден құлап,Парижге жол ашылды. Қалаға
анық қауіп төнді. Осы қатерлі күндері коммуна көсемдері мен екобшілдер
өздерін талантты және революцияны шебер ұйымдастырушылар ретінде көрсете
білді.
Тамыздың аяғында Коммуна 12 мың күдікті адамды қамауға алды. 2 қыркүйек
күні халық өз бетімен түрмедегі реолистерін өлтіріп, кек қайтарды. Қаза
тапқандардын ішінде байқаусыздан ұсталған, жазықсыз құрбандар да
болды.Революциямен қоса жүретін ашыну мен өшпенділік,қатыгездік,сотсыз және
тергеусіз өлтіру артында қанды ізін қалдырды.
20 қыркүйек күні Вальли түбінде француз әскері және
еріктілер отряды шабуылдан келе жатқан 80 мыңдық Пруссия армиясының жолын
бөгеп,оны шегінуге және Франция жерін тастап шығуға мәжбүр етті.

Француздар Вальми түбінде жеңіске жеткен түні Пруссия армиясының қатарында
болған немістің ұлы ақыны Гете жолдастарына қарап Осы жерден біріннен
бастап адамзат тарихының жаңа кезеңі басталады және сіздер Мен соған
қатыстым!-деп айта аласыздар-деген еді.
1792 жылдың қыркүйегінде Конвент өзінің мәжілісін бастады.Жаппай қуаныш
үстінде ол корольдік биліктің жойылуы және Францияның республика деп
жариялау туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1917 жылғы Ақпан революциясы және саяси партиялар мен ағымдар
Қазақ мемелекетіндегі алғашқы ұйымдармен саяси партиялар
1917 жылғы Ақпан революциясы
ХАЛЫҚ РУХЫНЫҢ ҚАЙНАРЫ
Француз буржуазиялық революциясы
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ұлттық элитасы және идеялық-саяси ағымдар
Америка Құрама Штаттарындағы либералдық–саяси ағымдар
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар
Ренессанс философиясының ерекшелігі
Пәндер