Тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиенің рөлі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1-тарау
Тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиенің рөлі
1.1. Тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиенің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Тұлғаның дамуы, тәрбиесі және
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...5
1.3. Тұлғаны қалыптастырып дамытуда қайта
тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...10
2-тарау
Дарынды балалармен жұмыс жасау барысы
2.1. Дарынды балалармен жұмыс жасау барысында, оқушылардың оқу-танымдық
әрекетін тексеру және
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2.Дарынды оқушыны қалыптастырудағы құндылық
бағыттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ., ... ... ... . ... ..
... ...30
Кіріспе
Тұлға тұқым қуалаудың, ортаның және тәрбиенің әсерін дамып,
қалыптасатын индивид екені ғылымда аталған. Бұл тұстағы даму деп
отырғанымыз адам ағзасында зат алмасу процесіне байланысты өзбетімен
жүретін заңды құбылыс. Басқаша айтқанда табиғи берілген қасиеттердің ішкі
қуат әсерінен өзбетімен қайталану (тұқым қуалау) процесі. Адам ағзасында
дамумен қатар қалыптасу процесі де орындалады. Ол ағзаның дамуы кезінде
сыртқы күштердің (орта, тәрбие) әсеріне жауап беру, ыңғайына көну,
бейімделу мүмкіндігінен болатын құбылыс. Бұл ұғым қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде қалыптасуға-тұрақтану, орнығу, бір ізге түсу, үйрену деген
түсініктемесімен сай келеді. Демек, даму жеке тұлғада өз бетімен ататек
белгілерін қайталай жүретін табиғи құбылыс болса, қалыптасу орта, тәрбие
әсерінен өзгеріске түсетін, жаңаратын күрделі құбылыс. Әйтседе, даму мен
қалыптасу бір-бірімен байланысты жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін
танытатын процестік сипаты бар ұғым. Тұлғаны қалыптастыру әлеуметтік
күрделі мәселе болғандықтан мемлекеттік тұрғыда адамдарды қорғайды, білім
береді, кәсіпке үйретеді. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясында
және Білім беру заңында көрсетілген. Білім беру-қоғам мүшелерінің
адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби
біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізіуді мақсат ететін үздіксіз
тәрбиелеу мен оқыту процесі деп көрсетілген. Осы негізді іске асыру
мақсатында оқу орындар типіне арналып білім мазмұны құрылады. Мысалы, жалпы
кәсіптік, политехникалық, гуманитарлық, этнопедагогикалық т.б. білім
мазмұны. Бұлардың ішінде жеке тұлғаны қалыптастырудаэтнопедагогикалық білім
мазмұны жетекші орын алады. Өйткені, ұлтымыздың бала тәрбиесі жөніндегі
тәжірибелері этнопедагогикалық білім мазмұнын құрайды.
Мақсаты:
Тұлғаның дамуы мен қалыптасуын қарастыру, негізінен табиғи
ерекшеліктерін анықтау, ондағы тәрбиенің қоршаған ортамен байланысын
зерттеу.
Міндеті:
- Тұлғаның даму процесін жан-жақты зерттеу.
- Тұлғаның бойындағы ерекшелектерін бақылау.
- Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеуді ұштастыру.
Гипотеза: жеке тұлғаның дамуында, мінез-құлық пен іс-әрекетін қалыптастыру
ғана емес, қоршаған дүниесіне, бүгінгісі мен болашағына деген сенімін
арттыру.
Зерттеу объектісі: мектептегі оқушылар.
Мұны кейбір мамандар ескіге оралу деп санайды. Рас, жаңа қазақтарды
жаңаша тәрбиелеу керек сияқты. Ол ұлтымыздың рухани қалыптасуын айқындайтын
әлеуметтік-тарихи құбылыс болғандықтан этнопедагогикалық негіздегі білім
мазмұнын қамтылғаны орынды. Біздің этнопедагогикалық білім деп отырғанымыз
ұлттың (этностың) тарихи өмірінде сұрыпталып, жеке тұлғаның санасына, іс-
әрекетіне, қарым-қатынасына, мінез-құлқына ықпал етіп адамгершілік қадір-
қасиетінің (ұлттық тұрпатының) айқындалып бекуіне әсерін тигізетін халық
жинақтаған ақпараттар жиынтығы. Қазіргі кезенде жастар арасынан ішімдікке
салыну, нашақорлық, эротикалық өмірге және қылмысты істерге жақын болу
сияқты келеңсіз құбылыстар байқалуда. Мұны болдырмау мақсатында мемлекет
тарапынан қырағылықты күшейту, шек қою, жауапқа тарту сияқты жұмыстар
жүргізілсе де, айтарлықтай нәтиже бермей келеді. Сондықтан тұлға
қалыптастыру келесі мәселе болып табылады.
1. Тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуы
Тәрбиенің негізгі мақсаты- қалыптасып келе жатқан тұлғаның әлеуметтік
тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен
қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және
әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке
тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер
етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар
келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-
педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын табады. Адам –өзіне тән биологиялық
құрылыс бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер
етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды
пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды.
Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен
болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар
тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. Әлеуметтік мұрагерлік адамның
қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы
дамуында өзара байланысты екі бағыт-биологиялық және әлеуметтік бағыттар
байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы
барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
Психологияда тұлға деген ұғымның әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ
олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз-
әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.
Жеке тұлғаның ең басты белгісі-оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді),
(болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке
тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың ьелгілі бір деңгейіне ие
(темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі,
қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Тұлға-бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайды,
жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың өзегі бар
деп мойындады, олар оны мен-жүйе немесе жай ғана Мен деп белгілейді.
Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жолшылама ұғым болып
табылады.
Тұлғаның екң маңызды белгілері-оның саналылығы, жауапкершілігі,
бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның
қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының,
әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы
арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы
анықталады. Бұл орайда адам, жеке тұлға деген ұғымдардың қатары
даралық ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір
тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшілігі бар
екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің
ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам),
шығармашылық қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы
ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы,
педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы,
жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. даралық ұғымы бір
адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған
өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым индивид. Бұл сөз латын
тілінен алынған және оның қазақша баламасы жекелік. Ұғым ретінде бұл сөз
адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл
орайда әрбір адам индивид болып табылады. Тұлға ұғымы мен онымен
байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын
болғандықтан, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы ұғымдарының мәнін айту
педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбер жеке тұлғаға тән жалпы қасиет
болып табылады. Даму дегеніміз-төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге
қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс
түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі.
Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға
ауысуы (бұл орайда бір нәрсе алынып тасталады, теріске шығарылады). Бұл
қозғалыс, өзгеріс жеке тұлғаның дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама-
қайшылықтар күресі арқылы жүзеге асады.
Тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы
сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан
үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі
шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және
моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда,
адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы-оның бойында болып жатқан
сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлік т.б ). Мінез-
құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-
әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлқын билей алу
қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға
ретінде даму процесін сипаттайды.
Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық-физиологиялық
жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай-ақ
танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі,
қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық
және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дұрыс.
Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін
факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің
олар орны ерекше.
Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның қалыптасуы термині жиі
қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда
болып, тұтастыққа, бір қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын
білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз-бір нәрсеге пішін (форма) мен
тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру. Бұл арада тұқым
қуалаушылықтың мәні өте зор-баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан
қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер
бетіндегі тіршіліктің тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда –
адамның ) өмірінің тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге
бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім
мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық
белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық
бейімділіктер).
Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі нәрселерден тұрады:
- морфологиялық белгілері (сыртқы бейнесінің ерекшеліктері);
- функционалды ерекшелітер (мысалы, қан тобы);
- адамға тән бейімділіктер (тік жүріп-қозғалу, сөйлеу қабілетінің дамуы,
ойлау, еңбек ету қабілеті т.б);
- Жжйке қызметінң түрі (жүйке процестерінің күші, олардың қозуы мен
тежелуыі, шапшандық-ширақтылық);
- әрекеттіліктің қандай да бір түрінің анатомиялық-физиологиялық
бейімділіктер;
- есту мүшелері, ойлау құрылымы, сезім мүшелері құрылысындағы
ерекшеліктер т.б.
Тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, қоршаған орта да әсер етеді.
Адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан
жағдайлар. Қоршаған орта макро және микро болып бөлінеді. Макро орта
дегеніміз-адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш
күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары,
мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары). Микро орталық
дегеніміз-баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол-адамды әрдайым
қоршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар
мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір
мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер
етеді. Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең
маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер
атқаратын қоғамдық құбылысы ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа
берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал тар
педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз-өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы
адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-
аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін
ұйымдастыру.
Тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздері. Ғылымда
бұрынғы заманнан бері келе жатқан жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының
биологиялық және әлеуметтік факторларының ара қатынасы туралы пікірталас
бітер емес. Осы бір көпғасырлық айтыс нәтижесінде әртүрлі көзқарастар пайда
болды. Осы көзқарастардың бірін жақтаушылар адамның дамуын, негізінен,
табиғи ерекшеліктре анықтайды деп санайды.
1.3.Тұлғаны қалыптастырып дамытуда қайта тәрбиелеу
Тәрбие үрдісіндегі тұлғалық кісілік қасиеттерін қалыптастыруда ықпал
ететін факторлар жүйесінде өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы ерекше. Тәрбиедегі
даналық сол, оған тәрбиеленушінің өздерін белсенді түрде қатыстыру. Олардың
болашағын өздерімен бірге ақылдасып шешу. Бұндағы көздейтін негізгі мақсат
тәрбиенің міндеттеріне сай атқарылатын жұмыстар тұлғаның өзін-өзі
тәрбиелеудегі міндеттерімен ұштастыра жүргізу. Осындай жұмыстардың
негізінде жалпы тәрбиелік мақсат пен міндеттер өз нәтижесін береді.
Өзін-өзі тәрбиелеу, ең алдымен жеке тұлғаның адамгершілік және
интеллектуалдық жетілу формасында көрінеді. Тұлғаның рухани жан дүниесі
байып, соның негізінде адамгершілік қасиеттері жетілген сайын олар мінез-
құлқындағы, жүріс-тұрысындағы кемшіліктерге, жолдастары, ұстаздары және ата-
анасы, туысқандары мен олардағы қарым-қатынасқа сын көзбен қарай бастайды.
Әдетте, өзін-өзі тәбиелеу процесі жеткіншек шағынан бастау алады. Осы
кезеңде олардың қылықтарында үлкендерге еліктеу, бой түзеу, өз бетінше
әрекет жасау, өздерін көрсетуге, ұмтылуы және әр нәрсеге қызығушылығы
артады. Есейген сайын өздері мен жолдастарының қылықтарына қарап, баға
беруге, білгендері мен оқығандарын талқыға салуға, өздері оқыған әдеби
кітаптағы кейпкерлер мен көгілдір экраннан көрген жағымды бейнелерге т.с.с
ұқсауға тырысу басыңқырақ келеді.
Өзін-өзі тәрбиелеуде міндетті түрде қоғамдық-әлеуметтік түрткі
болуы керек. Түрткі-тұлғаның мақсатқа жетуде, оны саналы әрекетке
жетелейді.
Өзін-өзі тәрбиелеуде, сонымен қатар тұлғаның өзінің қажетсіну
сезімінін пайда болуының мәні зор. Түрткі мен қажетсіну – өзін-өзі
тәрбиелеудің қозғаушы күші болып табылады. Өзін-өзі тәрбиелеудегі негізгі
шарт, мотиб пен қажетсінуді қамтамасыз ету. Олай болмаған жағдайда, өзін-
өзі тәбиелеуде нәтиже болмақ емес. Сонымен бірге жас және дара
ерекшеліктерге ескеру міндетті.
Қорыта айтқанда, өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы тұлғаның мінез-
құлқындағы кемшіліктері мен әрекетіндегі сәтсіздіктерді үнемі сын көзбен
қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіруді көздейді.
Ендігі жерде өзін-өзі тәрбиелеудің шарттары мен жолдарына тоқталайық.
Өзін-өзі тәрбиелеудің жолдары мынандай:
1. Тұлғаның өзін-өзі сендіруі;
2. Өзін-өзі бақылауы;
3. Өзін-өзі сынауы т.с.с.
Өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыру тәсілдері:
1. Тұлғаның мәдени ой-өрісін кеңейтуде көркем-әдеби шығармаларын
үзбей оқуы.
2. Мәдени аймақтарға үзбей баруы, кино, театр, мұражай, көрме
т.с.с.
3. Еңбек және соғыс ардагерімен, өндіріс озаттарымен, өнер
қайраткерлерімен қызықты кездесулерге қатысуы.
4. Дене шынықтыру, спорт ойындарымен айналысуы.
5. Қоғамдық тапсырмаларды орындауы.
6. Арнайы күнделік дәптерін жүргізуі.
7. Өз мінез-құлқына баға беруі.
8. Өзінің алдына нақтылы міндетер қойып отыруы.
9. Ұстаздар тарапынан тұлғаның мінез-құлқына, атқарған істерінің
нәтижесіне бағалау-басшылық жасауы, ақыл-кеңес беруі, бағалауы, кемшілікті
жоюдың жолдарын көрсетіп отыруы.
10.Ұжымда өзіндік есеп беруі т.б.
Тәрбие процесінде тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеумен қатар тұлғаның
қайта тәрбиелеу жұмыстарының да атқарылатын кездері аз емес. Бұндай жағдай
кейбір жас-өспірімдердің мінез-құлқында кездесетін қоғамға жат қылықтары,
соның негізінде өзіне жүктелген міндеттерді орындамау, тәртіп бұзу,
жолдастарынан оқшаулар көрінуге тырысу немесе ұжымда жат қылықтары жағынан
жетекші болуға ұмтылуы және отбасында үлкендердің тілін алмауы, өтірік
айтпау т.б жағымсыз қасиеттерге бейім болуы негізінде пайда болады.
Қайта тәрбиелеудің, мәнісі баланың мінез-құлқында бұрыннан
қалыптасқан жағымсыз, зиянды дағдылар мен әдеттерді түзету, кемшіліктерді
жоюды көздейді.
Жасөспірімдерде кездесетін бұндай жат қылықтардың пайда болуы
көбінесе:
1. Баланың айналасындағы жөнсіз ортадан;
2. Әртүрлі қолайсыз жағдайларды;
Отбасы және мектептің жіберген кемшіліктері әсерінен де пайда болады.
Осылардың негізінде жасөспірімдерді қоғамға жат қылықтарды істеуге,
бұзақылық жасауға, құқықтық нормаларды бұзуға итермелейді.
Қайта тәрбиелеу-қиын да ұзақ процесс. Ол ұстаздар тарапынан
педагогикалық аса шеберлікті қажет етеді. Шеберлік-ұстаздың педагогтік
жұмысының жоғары сатысы. Қайта тәрбиелеу жұмыстарын нәтижелі ұйымдастыруда
төмендегідей мәселелерді ескеру қажет деп есептейміз:
1. Балаға әсер ететін келеңсіз жағдайлардың себебін анықтау, оларды
болдырмаудың жолдарын іздестіру.
2. Баланың мінез-құлқында кездесетін жат қылықтарын іздеп тану.
3. Баланың жеке басында кездесетін жағымды қасиеттерді анықтап, соған
сүйене отыра әр түрлі әрекеттерін ұйымдастыру, жақсы қасиеттерін дамыту.
4. Қоғамдық пайдалы жұмыстарға араластыру, қызықты істерге қатыстыру.
5. Ұстаздар мен ата-аналар тарапынан бақылауды күшейту.
6. Баланың сенімі мен нанымын қалыптастыру, ол үшін оған жағдай туғызу,
оған сенім арту.
7. Мұғалімдер мен ата-аналардың қиын балаға деген ынтымақты қарым
қатынас орнықтыру.
8. Баланың бойында кездесетін жат қылықтардан арылу үшін жаттықтыру
жұмыстарын ұйымдастыру.
9. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеуді қайта тәрбиелеумен ұштастыра жүргізу.
10.Қиын деп ат қойған баланы аластау, басқа мектепке ауыстыру секілді
мектеп тәжірибесінде кездесетін кейбір желеңсіз шараларды болдырмау т.с.с
2. Дарынды балалармен жұмыс жасау барысы
2.1 Дарынды балалармен жұмыс жасау барысында, оқушылардың оқу-танымдық
әрекетін тексеру және бағалау
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу,
бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген
жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының ең кепілі. Ол үшін, мұғалім
оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап
отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім,білік,
дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың
көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының
қалыптасу дәрежесі анықталады.
Бүгінгі таңда оқыту теориясында бақылау немесе бағаның мәні, тәсілдері
жайлы әлі де болса ортақ пікір қалыптаспай отыр.
Бақылау-кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау
оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетінде басшылық жасау қызметін
атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалау-оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау,
бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным
әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай
дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік
пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Келесі кезекте білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді
қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір
жүйеге келтіреді.
Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді.
Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады,
жауапкершілік сезімдері артады.
Дамыту қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын
орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар
әзірлейді, хабарламалар жасайды.
Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық (информиущие),
басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік (воспитывающие).
Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағдарлаушы
(ориентирующая), бақылаушы (контролирующая) болып келеді. Бұл топтың
қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері
мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.
Екінші топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік
(регулирующая), дәлдеп түзетушілік (корректирующая) болып келеді. Осы топты
жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол
жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін
көрсеткіш.
Үшінші топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық
(развивающая), ынталандырушылық (стимулирующая) болып келеді. Бұл топтың
қызметін нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей
білуде.
Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ
барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және
сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның
негізінді оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.
Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына
жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі
оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген
ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және
жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.
Тақырыптық бақылау-оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша
өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезендері негізінде оқушылардың
білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім
жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу
материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми
ережелерді оқушылардың есіне салады.
Қорытында бақылау-барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі.
Бақылау процесінде тақырыптық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz