Мемлекет нысанының түсінігі, мәні және мемлекетті басқару нысаны
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І. МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ 5
Мемлекет нысанының түсінігі, мәні және мемлекетті басқару нысаны 5
Мемлекет нысанының қалыптасуына әсер ететін факторлар және мемлекеттің8
мәні, оның қызметі
Федеративтік нысандары құрудағы мемлекеттік басқару 11
ІІ. ФЕДЕРАТИВТІ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
15
2.1 Ресей мемлекетінің басқару нысандары 15
2.2 АҚШ мемлекетіндегі басқару нысандарының формалары 17
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 20
3.1 Қазақстан - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет 20
3.2 Мемлекеттік басқару нысанын жетілдіру жолдары 23
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық
жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен
үнемі жаңарып отыруы шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша
көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алдыға тартады.
Мемлекеттің пайда болуы қоғамдық ұйымдық құрылымды объективті түрде
қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының
бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен – Теологиялық теория, ол мемлекеттің
пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі
идеологтары Августин (354-430) және Аквинский (1225-1274) болып табылады.
Сонымен, мемлекет – қоғамның ұйымдық құрылымды объективті қажет ететін
ұйым ретінде жұмыс жүргізеді.
Мемлекет – мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын
бұқаралық биліктің ұйымы. Мемлекеттік органдар мемлекеттік міндеттерді
орындауға тағайындалған және ортақ сипаттарға ие. Мемлекеттік органның
айрықша маңызды белгісі биліктік өкілеттіктермен қамтамасыз етілуі болып
табылады, демек іс-әрекет міндетті сипатқа, ал бұйрықтар биліктік сипатқа
ие. Мемлекеттік органның биліктік өкілеттіктері оның құзыреті шеңберінде
жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның құзыреті деп оны жүргізу құралының,
құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ұғынылады.
Мемлекеттік билік органдарын ұйымдастырудың негізгі бір қағидаты –
тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің болуы. Оның мәні биліктің барлық үш
тармағын, олардың ешқайсысы да бүкіл мемлекеттік билікті тұтас иемденіп
кете алмайтындай етіп, өзара өкілеттіктермен бөлуден тұрады. Мұнымен қоса,
мемлекеттік билік ұйымдастырудың қағидаттарының бірі біртұтастық болып
табылады. Біртұтастық қағидаты мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бір
жүйесінің болуын көрсетеді. Мемлекеттік биліктің жергілікті органдары
мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесіне енеді, мемлекеттік
биліктің жоғары органдарына бағынады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Мемлекет бірыңғай мемлекеттік билікті заң
шығарушы, атқарушы және соттық тармақтарға бөлу қағидаты Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік биліктің конституциялық негізі болып табылады
(3,4-бап). Биліктерді бөлу қағидаты биліктің осы үш тармағына жататын
органдар арасындағы құзыреттерді шектеуден көрініс табады. Мәселен, заң
шығарушылық қызмет, заңдар қабылдау заң шығару функциясын жүзеге асырушы
өкілді орган – Қазақстан Республикасы Парламентінің жұмысы болып табылады.
Заңдарды орындау, жалпы алғанда атқарушы-өкімдік қызмет атқарушы органдарға
жүктеледі. Қазақстан Республикасындағы сот билігін тәуелсіз сот органдары
жүзеге асырады.
Заң шығарушы уәзірін жүзеге асырушы жоғары өкілді орган Қазақстан
Республикасының Парламенті болып табылады. Қазақстан республикасының
Парламенті екі палаталық құрылымнан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Президент Қазақстан Республикасы органдары жүйесінде айрықша орынға ие.
Ұйымдық ретте ол дербес, биліктің үш тармағына бірдей енбейді. Президент ең
алдымен мемлекеттің басшысы болып табылады. Мемлекеттік басшысы ретінде ол
ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Берілген курстық жұмыс кіріспеден, үш
бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І. МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
1. Мемлекет нысанының түсінігі, мәні және мемлекетті басқару нысаны
Мемлекет нысандары - саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару
нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.
Егер "Мемлекеттің негізі" санаты мемлекеттегі басты, заңдылық неге
байланысты екенін белгілесе, "мемлекет нысаны" санаты - қоғамда кім және
қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы
қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әртүрлі
аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай
әдістерді және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.
Мемлекет нысанынан көп жағдайда, қоғамдағы саяси өмірдің өзі,
мемлекеттік институттардың беріктігі тәуелді.
Құқық нысанына — оның құрылымы, әлеуметтік-экономикалық факторлар,
сонымен бірге табиғи, климат жағдайы, ұлттық-тарихи және діни ерекшеліктер,
қоғамның мәдени деңгейінің дамуы әсер етеді.
Мемлекет нысандарының.құрамдары (бөліктері):
- Басқару нысаны - жоғарғы мемлекеттік органдардың құрылуы мен
ұйымдасуының тәртібі. Олардың бір-бірімен және тұрғындармен қарым-
қатынастары сипатталады. Сонымен бірге, мемлекет нысанының ерекшелігіне
байланысты монархиялық және республикалық болып бөлінеді.
- Мемлекеттік құрылым нысаны — мемлекеттің аумақтық құрылысын,
мемлекетпен оның аумақтық бөліктерінің арасындағы қарым-қатынастары
көрсетіледі. Мемлекеттік құрылым нысанының түрлеріне унитарлық,
федеративтік жөне конфедеративтік мемлекеттер жатады;
- Саяси (мемлекеттік) режим — мемлекеттік билікті іске асырудың жолдары
мен әдістерінің жүйесін көрсетеді. Осы ерекшеліктеріне байланысты
демократиялық, антидемократиялық және саяси (мемлекеттік) режимдерге
бөлінеді.
Мемлекеттік басқарудың нысандары — мемлекет нысанының құрамы, ол
жоғарғы мемлекеттік өкіметтің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы
тәртіпті және олардың тұрғындармен қарым-қатынасын сипаттайды.[1]
Жоғарғы мемлекеттік билікке мемлекет басшысы жатады (монарх не
президент), заң шығару органы, үкімет.
Мемлекет басшысының жағдайына байланысты монархияға және республикаға
бөледі.
Монархия (грек тілінен - жалғыз билеуші) - басқару нысаны, өкімет
түгелімен не жартылай жалғыз билеушінің қолына шоғырланады - монархтың
(корольдің, патшаның, шахтың, императордың т.с.с).
Монархияның белгілеріне:
- жоғарғы өкімет билігі (монархтың өкіметі) мұра ретінде беріледі;
- басқаруының уақыты шексіз болады;
- сайлаушылардың еркінен тәуелсіз болады.
Республика (латын сөзінен — мемлекеттік, қоғамдық іс) — басқару
нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі
сайлаушылардың еркімен, не олардың өкілеттік органдарымен белгіленеді.
Республиканың белгілеріне:
— өкіметтің сайлануы;
— белгілі уақытқа ғана сайлау;
— сайлаушылардың еркіне тәуелділік.
Кім үкіметті құрады, ол кімнің бақылауында және кімге есеп береді,
осыған байланысты республикалар президенттік, парламенттік және аралас
болып бөлінеді.
Президенттік республикаларда (США, Бразилия, Аргентина, Венесуэла,
Боливия, Сирия т.б.) ол рольді президенттің өзі ғана орындайды,
Парламенттік республикаларда (Германия, Италия, Индия, Туркия, Израиль
т.б.) — парламент, аралас (Франция, Финляндия, Польша, Болгария, Австрия
т.б.) — Президент пен парламент бірге жүргізеді.
Президенттік республикада, президент парламенттен тәуелсіз сайланады не
сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен және бір мезгілде
мемлекеттің және үкіметтің басшысы. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның
жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте парламент үкіметке сенімсіздік
вотумын жариялай алмайды, ал президент — парламентті таратпайды. Дегенмен
парламент қабылданатын заңдардың көмегімен президент пен үкіметтің
жұмыстарын шектеуге мүмкіншілігі бар және бюджетті құрғанда, тағы сондай
жағдайларда президентті жұмысынан аластатуы мүмкін (әсіресе ол
конституцияны бұзып, қылмыс жасаса). Президенттің өз жағынан, заң шығарушы
органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар (латын тілінен -
"тыйым салу").
Парламенттік республикада - үкімет заң шығарушы органмен құрылады және
ол соның алдында жауапты. Парламент дауыс беру арқылы сенімділік не
сенімсіздік вотумды тұтасымен үкіметтің қызметіне, үкіметтің басшысына
(министрлер, кеңесші төрағасына, премьер-министрге, канцлерге) нақты
министрдің өзіне жариялауға құқығы бар. Арнайы түрде мемлекеттің басшысы
Президент, не парламентпен не сайлаушылар коллегиясымен, не халықтың
тікелей дауыс беруі арқылы сайланады. Дегенмен, мемлекеттік өкімет
органдарының жүйесінде, ол өте қарапайым орында: оның міндеттілігі, әдетте
өкілетті органдардың қызметімен тежеледі. Яғни, конституциялық монархиядағы
мемлекет басшысының қызметінен айырмашылығы өте аз. Шын мәніндегі, мемлекет
басшысы болып үкімет басшысы есептеледі.[2]
Аралас (жарты президенттік, жарты парламенттік) республиканың
сыйпатына үкіметтің екіжақты жауапкершілігі жатады — президенттің алдында
және парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент
тікелей халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы президент болып есептеледі.
2. Мемлекет нысанының қалыптасуына әсер ететін факторлар және мемлекеттің
мәні, оның қызметі
Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі
байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани
мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар
тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс
мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет
(Мысыр), Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары Аристотель, Монтескье,
Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген.
Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз
байланыста дамиды.
Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін, 1993 жылғы Конституциясының
орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция
мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың
саяси жүйесі құрылды.[3]
Мемлекеттің тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар әсер
етеді. Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер
мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңізге, мұхитқа
шықса, бұл екі жағдайда екі мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда
орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда
демократиялық режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс мемлекеттерде
бірінші ірі цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды:
Қытайда — Хуанхэ, Египетте — Ніл, Вавилонда — Тигр және Евфрат, Үндістанда
— Ганг. Шығыс мемлекеттерде — монархия, Еуропада — шектелген монархия
немесе республика құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жер орта
теңізінің жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгілі.
Қазақстанның географиялық жағдайы, екі - Ресей және Қытай сияқты ірі
мемлекеттермен көршілес болуы, теңізге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы
мемлекеттің дамуына едәуір нұқсан келтіріп отыр.
Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін
тигізеді. Ежелгі — феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның
қалдықтары көп уақытқа дейін сақталып келді (Ману заңдарында, Салистік
жинағында — Салическая правда), Орыс мемлекетінің жинағында — Русская
правда). Кейін алғашқы қоғамның ыдырау процесінде ол қалдықтар жойылады да
мемлекеттің нысаны қатты өзгереді. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы
туралы қатаң қағида болған: патшаның әділетті болуы, жеке меншікті
бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы
міндетті болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдің феодалдық
мемлекетінде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдері көпке дейін
сақталып келді. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар
шиеленіскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын.
Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары
немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей, Үндістан,
Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан
олардың мемлекеттік құрылымдары федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бір
ұлттық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет, екіншілері, мысалы,
Германия федерация. Бұл жағдайды анықтау үшін Германияның мемлекеттік
процесін және тарихын жақсы білу керек. XIX ғасырда Пруссия мен Австрияның
гегемония үшін күресі Пруссияның жеңісімен аяқталды. Бірақ феодализм
кезеңінен Германияның капитализмге көшкенімен, буржуазиялық мемлекеттің
қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазір де немістер бірнеше тәуелді
мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия — олар федерацияға жатады.
Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы - түріктер, бергі
атасы - қыпшақтар өмір сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзінің
тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы XX
ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазіргі Конституциясы
біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттің нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы
қарым-қатынастар және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді.
Отарлық мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің
нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы,
олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі
объективтік процесс.
Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі
және жүргізген саясаты әсерін тигізеді: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан,
Абылай, Петр Бірінші, Ататүрік және басқаларын еске алсақ дұрыс болады.
Лениннің саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70 жылдан аса уақытқа үлгі
болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың
мемлекеттерінің тарихына ықпал жасағаны мәлім.[4]
Оқу әдебиетінде мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді — басқару
нысаны, мемлекеттің құрылымының нысаны және саяси режим. Ал, негізінде,
мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшеліктерімен
байланысты екені мәлім. Сондықтан мемлекеттің әрбір нысанының көп
варианттары бар. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш элементтерінің
біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі -
Ресей федерациясының негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен республикасымен
соғыс әдісін қолданғаны белгілі. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын
көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін істелген саясат. Бұл мемлекеттің
құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік
пен Оңтүстіктің арасындағы соғыс кезінде федерацияны сақтау мақсаты
мемлекеттің негізгі нысаны болды. Фашистік режим құрылған кезде мемлекет
нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік кезде
экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны
мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.
3. Федеративтік нысандары құрудағы мемлекеттік басқару
Федеративтік (Ғоеёегаге — одақпен нығайту деген латын сөзінен шыққан)
мемлекеттер — бұл құрамына екі, үш және одан да көп мемлекеттер немесе
бірқатар дербестік дәрежесі бар мемлекеттік құрылымдар кіретін одактас
мемлекеттер. Мемлекеттердің немесе мемлекеттік құрылымдардың федерацияға
бірігуі (кіруі, қосылуы) олардың шексіз құқығының кейбіреуінен айрылуына
әкеліп соғады, ол құкықтар федерацияға көшеді. Федеративтік мемлекеттегі
тәуелсіздік федерация мен оның мүшелері арасында бөлініп қойылады. Оған
толық көлемінде жоғары жалпы федералдық органдар ие болады; бұдан басқа оны
белгілі бір мөлшерде федерацияның құрамына кіретін мемлекеттер мен
мемлекеттік құрылымдардың жоғары органдары да пайдалана алады.
Федерацияның өзіне тән ерекшелігі, онда тек кана жоғары жалпы
федералдық (мемлекет басшысы, парламент, үкімет жоғарғы сот, министрліктер,
ведомстволар) ғана жұмыс істеп қоймайды, сондай-ақ одақтық азаматтылық
белгіленеді. Олар болмаса федерация да болмағандықтың басқа да институттар
жұмыс істейді.
Мемлекет — тәуелсіз биліктің саяси ұйымы, өзінің пайдалы қызметтері
арқылы қоғамның алдында тұрған шешуші мәселелерді іске асырады.
Мемлекет — саяси биліктің ұйымы, нақтылы мүдделерді (таптық,
жалпыадамдық, діни, ұлттық т.с.с.) айырықша іске асыруға белгілі аумақ
көлемінде ықпал етуші.
Мемлекетті рулық құрылыстың әлеуметтік билігінен айырып қарауға
көмектесетін, - оның мынандай белгілері:
1. Көпшілік биліктің болуы, қоғамнан бөлініп алынған және елдің
тұрғындарына сай келмейді (мемлекеттің міндетті түрде басқару және
мәжбүрлеу аппараты болады, себебі көпшілік билік — шеңеуліктер, әскер,
полиция, соған қоса абақты және басқа мекемелер).
2, Алым-салық жүйесі (мемлекеттік аппаратты және заттар өндірмей, тек
басқару жұмысымен шұғылданатын адамдарды асырауға қажет).
3. Тұрғындарды аумақтарға бөлу (мемлекет өз аумағанда тұратын
тұрғындарды, өзінің билігімен біріктіріп, қорғайды).
4: Тәуелсіздік (мемлекетке тән өз аумағындағы үстемдік және халықаралық
қатынастардағы тәуелсіздік).
5. Құқық (мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі ол мемлекеттік
билікті заң жүзінде бекітеді және соған байланысты оны басқаларға
мойындатады (легитимді жасап) заңды қалпын және мемлекеттің қызметінің
нысанын белгілейді.[5]
Мемлекеттің басқару формалары — біртұтас қоғамдық-экономикалық
мемлекеттеріне тән, маңызды белгілердің жиынтығы.
Бір жағынан, әртүрлі формадағы мемлекеттер көптеген нысандармен
қоршалады, қалыптағы тарихи бір кейіпте, әртүрлі нысандағы мемлекеттер
кездеседі. Құл иелену кейпі, монархиямен ертедегі шығыс деспотиясы -
Египет, Вавилон, Ассирия, Қытай, Индия, ертедегі империя) сипатталса,
республика кейпіне - республикалар (аристократиялық, демократиялық, мысалы
Афин мемлекеті) сай келеді." Феодалдық кейіпке - монархиялар (ерте
феодалдық, феодалдық бөліну кезіндегі монархия, абсолюттікі монархия),
буржуазиялық кейіпке - демократиялық республикалар (парламенттік,
президенттік, аралас) және конституциялық (шектелген) монархиялар,
социалистік кейіпке - Париж Коммунасы, Кеңес республикасы және халықтық
демократия республикалары.
Екінші жағынан, белгілі тарихи кейіптегі мемлекеттердің кейбір
нысандары тек солардың өзіне тән болды. Мысалы, сословиялық - өкілетті
монархия, тек феодалдық мемлекеттің белгілі дамуы кезеңіне жатады, ал
парламенттік монархия және демократиялық республика тек буржуазиялық
кейіптегі мемлекеттерге тән.
Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті
органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен
қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға
жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды
элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика екі түрге
бөлінеді.
Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады.
Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік
монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық
революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрыңғы корольдер
биліктерінің жартысынан айырылды, оған біріншіден заң шығару билігі жатады.
Мысалы, Франция мемлекетінде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң
шығару билігін жоғалтты, ол Ұлттық жиналыстың қолына көшті. Бірақ оның
қолында қалған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны
пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді
және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және
парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге
бөлінді: парламент буржуазияның мүдделерін қорғады, ал король феодалдардың.
Бірақ тарихи процесс объективтік түрінде парламентті жеңіске жеткізді де,
дуалистік монархия парламенттік монархияға айналды. Парламенттік монархия
бірінші Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейін Құқық туралы Билль
деген (1689ж.) конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда
болды. Қазір Еуропа мемлекеттерінің көбі осыған жатады: Бельгия, Норвегия,
Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх мемлекеттің басшысы. Ол
парламенттің келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды. Парламенттің
төменгі палатасына көп орын алған саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол
партияның басшысы Премьер-министр болып тағайындалады. Премьер-министр
кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет королдің
алдында емес, парламенттің алдында жауапты. 1997 жылы Англияда
консервативтік партия сайлауда лейбористерден жеңіліп, 18 жыл Англияны
басқарғаннан кейін оппозицияға кетті. Парламент корольдің мұқтажына керек
ақшаны бөледі, оның жеке өміріне де қатысады, Бірақ көп мемлекеттер
монархтың құқықтарын шектесе де, бұл ескілік немесе керек емес мемлекеттің
элементі деп санамайды. Монарх - мемлекеттің көркі, тұрақтылығы, сәні,
ертеден келе жатқан әдет ғұрыптары. Сондықтан, кейбір мемлекеттер жойылған
монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлім ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz