Мінездің түрлері
Қоғамдық мінез қалыптастыру әдістері
Жоспар:
І Кіріспе
Мінез туралы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
1. Мінездің түрлері
2. Девианттық мінез.құлық
3. Мінез.құлык тәжірибесін қалыптастырудың әдістері.
4.Қоғамдық тәртіп
ІІІ Қорытынды
VI Пайдаланылған әдебиеттер

Мінез-саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қа¬баттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психоло¬гия¬лық жиынтығы.
Адам құдіреттілігіне ой жете бермейтін, саналылығының, даналығының, қабілетті¬лігінің шегі, теңі мен телісі жоқ, киелі де қасиетті, аса күрделі жаратылыс. Әлемдік кеңістікте жасампаз тіршілік иесі – адамзат, биоәлеуметтік шеңберде жеке тұлға. Сезімтал, пайымды, болжамды. Амалы мен тәсілі мың сан. Бүгінгісін ертең қанағат тұтпайтын талғампаз, ізденімпаз, талапты, қажетін таңдай білетін, жоғын таба, барын жаңарта, жасандыра, жетілдіре беретін жаһандағы баламасыз, ішкі жан-дүниесінің тылсымды рухани күші мен сыры әлі түгел ашылып үлгерілмеген жер жүзіндегі кемел кемеңгер.
Адамның дүние-өмір танымдық қуат көзі, нағыз адамдықтың негізі нәзік болмыс –ақыл, ес, ой – өріс, жад, түйсік және сезім. Мінез-саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қа¬баттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психоло¬гия¬лық жиынтығы. Ақыл мен мінез кісіліктің парқын, парасаттылығы мен бітім-келбетін, өмірге жарасым¬ды¬лығы мен қабі¬лет¬тілігін анықтаушы, сондай-ақ бірін-бірі то¬лықтырушы, жетіл¬діруші саналық категория.
Мінездің мәні мен мағынасы кең ұғымды. Өмір ағымының барлық кездері мен кезеңдерінде адамның ой-тол¬ғамы¬на, талғам-сезіміне, көңіл- күйіне, қам-қарекетіне тіке¬лей қатысты және әсерлі, кісілік бей¬несінің саралануына ықпал¬ды. Бар болмысын, сезім сер¬пінін, көзқарасын айна-қатесіз, қаз қалпында елестетер ша¬райна.
Ел ішінде айты¬ла¬тын “етпен бітіп, сүйек¬пен кетер” туа¬бітті, өзгермей¬тін сіреу мінез болмайды. Сәбилік пен кәмелеттік жас аралығында отбасының тектілік қасиеттеріне сәйкесті ата-ана үлгісінде, шаңырақтың мәде¬ни-тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларында, өскен ортаның тәлім-тәрбиелік деңгейінде мінез-құлықтың негізі қаланады. Одан соңғы кезде адамдармен қарым-қатынастың, қоғам¬дық ортаның, еңбек жүйесінің, тіршілік тал¬қысының, ізденіс пен талпыныстың, сәттілік пен ұтылыстың, тағы түрлі факторлардың әсе¬рімен тұрақты мінез қалыптасады, сол қалыпта адам ғұмырбақи өмір сүреді. Кейде, әсі¬ресе, жастық шақта үлгі тұтқан абзал аза¬маттарға еліктеушіліктен немесе тағдыр тәл¬ке¬гінен тектілік мінезде жасандылық пайда болады. Бірақ табиғи бітімге терең сіңбейді.

1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б
2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007
3. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Гуманитарлық педагогикалық колледжі
Тақырып: Қарым – қатынас психологиясы
Курс: 4
Мамандық: Дене тәрбиесі
Орындаған: Мамедов Б.
Қабылдаған: _______________
Ақсукент 2012
Қоғамдық мінез қалыптастыру әдістері
Жоспар:
І Кіріспе
Мінез туралы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
1. Мінездің түрлері
2. Девианттық мінез-құлық
3. Мінез-құлык тәжірибесін қалыптастырудың әдістері.
4.Қоғамдық тәртіп
ІІІ Қорытынды
VI Пайдаланылған әдебиеттер
Мінез-саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның
табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің
психологиялық жиынтығы.
Адам құдіреттілігіне ой жете бермейтін, саналылығының, даналығының,
қабілеттілігінің шегі, теңі мен телісі жоқ, киелі де қасиетті, аса күрделі
жаратылыс. Әлемдік кеңістікте жасампаз тіршілік иесі – адамзат,
биоәлеуметтік шеңберде жеке тұлға. Сезімтал, пайымды, болжамды. Амалы мен
тәсілі мың сан. Бүгінгісін ертең қанағат тұтпайтын талғампаз, ізденімпаз,
талапты, қажетін таңдай білетін, жоғын таба, барын жаңарта, жасандыра,
жетілдіре беретін жаһандағы баламасыз, ішкі жан-дүниесінің тылсымды рухани
күші мен сыры әлі түгел ашылып үлгерілмеген жер жүзіндегі кемел кемеңгер.
Адамның дүние-өмір танымдық қуат көзі, нағыз адамдықтың негізі нәзік болмыс
–ақыл, ес, ой – өріс, жад, түйсік және сезім. Мінез-саналы өмір жүйесінде
нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-
әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Ақыл мен мінез
кісіліктің парқын, парасаттылығы мен бітім-келбетін, өмірге жарасымдылығы
мен қабілеттілігін анықтаушы, сондай-ақ бірін-бірі толықтырушы, жетілдіруші
саналық категория.
Мінездің мәні мен мағынасы кең ұғымды. Өмір ағымының барлық кездері мен
кезеңдерінде адамның ой-толғамына, талғам-сезіміне, көңіл- күйіне, қам-
қарекетіне тікелей қатысты және әсерлі, кісілік бейнесінің саралануына
ықпалды. Бар болмысын, сезім серпінін, көзқарасын айна-қатесіз, қаз
қалпында елестетер шарайна.
Ел ішінде айтылатын “етпен бітіп, сүйекпен кетер” туабітті, өзгермейтін
сіреу мінез болмайды. Сәбилік пен кәмелеттік жас аралығында отбасының
тектілік қасиеттеріне сәйкесті ата-ана үлгісінде, шаңырақтың мәдени-
тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларында, өскен ортаның тәлім-тәрбиелік
деңгейінде мінез-құлықтың негізі қаланады. Одан соңғы кезде адамдармен
қарым-қатынастың, қоғамдық ортаның, еңбек жүйесінің, тіршілік талқысының,
ізденіс пен талпыныстың, сәттілік пен ұтылыстың, тағы түрлі факторлардың
әсерімен тұрақты мінез қалыптасады, сол қалыпта адам ғұмырбақи өмір сүреді.
Кейде, әсіресе, жастық шақта үлгі тұтқан абзал азаматтарға еліктеушіліктен
немесе тағдыр тәлкегінен тектілік мінезде жасандылық пайда болады. Бірақ
табиғи бітімге терең сіңбейді. Жасандылықты туғызған жымысқы әрекеттер
өзгерсе, ықпалын жойса жалған перде сыпырылып, мінез әу бастағы қалпына
түседі.
Мінез көп тінді және көріністі. Біздің байқауымызша, жалпы сипаттылығы бір
жүз онға тарта. Адамды әр қырынан танытатын осы көріністер шартты түрде екі
бағытты: ақылмен астарлас келісті және қым-қиғаш қылықты теріскейлі. Көңіл
шалқытар жадыралық, шабыт шақырар жарқындық, парасаттылықты демеу, игілікті
қолдау, қабілеттілікті жебеу, ақиқатты қорғау, ісмерлікті ұштау, адами
ажарды ашу, асаулықты басу мінездің келісті бағыттылығы. Теріскейлігі
тұрлаусыз ауытқымалы, ала көңілді, шиелі, кінәмшіл, ойнақы, қырсыз,
айтақшыл, қыңыр, тағы басқа жағымсыз қылықтылық.
Болмыста қанша мінезділік болса, адамдар да сонша мінезділікті. Бір кісіде
кешенді мінез байқалмайды, екінші біреумен толық мінездестік те
ұшыраспайды. Әркім өзіне тән табиғи қалыптасқан мінезімен ерекшеленіп,
кісілігі танылады. Бір мағыналы мінезі жоқ және мінезсіз сөздері жиі
қолданылады. Сөзді жүйелей және ойната білетін қазақ оларға екі түрлі мән
беріп, ынжық, ез, ырықсыз кісіні мінезі жоқ деп кемітеді. Ашушаң, ызақор,
ұрысқақ пендені мінезсіз деп жақтырмайды. Мінезділікті келістілікке
балайды.
Мінездің әртүрлі мәнділігі жағымды-жағымсыз сөздермен ғана емес, адам бет-
әлпетінің қилы құбылысы, дене мүшелерінің сыпайы не ебедейсіз ерсі қимыл-
қозғалысы, сондай-ақ ашық, жайдары немесе түнерген, сазарған үнсіздік
арқылы да түсініледі. Бұл да бір сырбаз ерекшелік.
Ақылға негізделген мінез оралымды, икемді, иі жұмсақ, іс-әрекеттің
игілігіне себепші. Жақсылыққа бастамашы, “әттеген-айға” жол кесуші.
Тіршіліктегі ұсақ-түйек кемшіліктерді байқатпайды, аңғарылса жуып-шаяды.
Өзара қарым-қатынаста, аралас-құраласта әлде қалай тоңазыған көңілдің
қырауын жібітеді. Өшіккен дау-дамайды басады. Төнген қатердің бетін
қайырады, арандатпайды, асқындырмайды.
Адамның қадір-қасиеті, көпшілік жағдайда, мінез-құлқына қарай бағаланады.
Талай-тағдырға да оңды-солды әсер етеді. Келісті мінез өмір кеңістігінің
төріне шығарады, теріскейлігі қазан-ошақ басынан асырмайды. Демек, мінезді
еркінсітпей, әманда, ақылға жүгіндіру ләзім.
Әбден қалыптасқан және өмір қалпына үйлесімділік тапқан мінез-құлық
“адамның екінші табиғаты – әдетке” айналады. Ол, жинақтап айтқанда,
күнделікті тіршіліктегі жөн-жосық, жол-жоралғы. Тұрмыстық қағидалы дағды.
Үйреншікті тәртіп. Ұлттық негізді тәлім-тәрбие тәжірибелері.
Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте
әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты және маңғаздықты ерекше атаған жөн.
Қазақ халқының әдеп-қалпы көшпенділер мәдениетінің, салт-дәстүрінің уақыт
ілгері жылжыған сайын кезеңімен өзгерген, әр дәуірде, әр қоғамдық құрылымда
өмір елегінде екшеліп, талғамына сай сұрыпталып, ұлттық сипатын сақтай
отырып жетілдірілген мінез-құлықтың ақ адал үлгісі.
Әдеп – мінездің анасы. Дүниедегі игіліктің, имандылықтың баршасы анадан,
ана киесі мен қасиетінен бастау алып тарайтыны сияқты, рухани мінез
әдептен, әдептіліктен өрбиді.
Әдептілік – ана сүтімен санаға сіңетін уыз мінез. Адамның есі кіргеннен,
жастайынан даритын, ешкімнің ақыл-кеңесіне зәрусіз, жамандықтан ада табиғи
қасиет. Мәдениеттіліктің, зиялылықтың, сыйластықтың, қадірлестіліктің шаршы
төрі. Ең алдымен туған халқына, ұстанған дініне, ұлттық діліне құрмет.
Кісіліктің көркі, этикалық нұсқасы, әсемдік өрнегі, адамның асқақ абыройы.
Педагогикалық ғылымда мәдениетке негізделген гуманистік әдептілік, қоғамдық
мәнді демократиялық әдептілік және рухани бағыттағы діни әдептілік атаулы
үш тармақты қисын бар. Бәрі өркениеттілікке, ағартушылыққа, руханияттыққа
жол ашады. Дәйектемесі ғылымға негізделген көп тінді және әлемдік ауқымды
болса да, біздің ұлттық мәдени, ахлақ әдептілігімізге сабақтас дерлік. Ол
туралы әңгіме бөлек.
Әдептіліктің бір үлгісі биязы сыпайылық. Өмір қалпының тәлімді
қарапайымдылығы. “Сары майдан қыл суырған” тазалық, пәктік. “Сыры кетсе де,
сыны кетпес” сұлу сәнділік. Жан жаралар, бет жыртар бөгде сөзсіз “біз,
сіз”. Шашау шығармас сыр түйінділігі, ілтипаттық, тәртіптілік, құрметтілік.
Көптің ортасынан орын тисе, төрге өңмендеп өрмелемес инабаттық. Үлкенге
ізет, кішіні өмір шыңына шығарар ұлағаттық. Қатар-құрбыны оқшауламас,
алаламас кеңпейілдік. Ұлықтықты армандамас сырлы кішілік. Барға қанағат,
жоққа апшымас жайсаңдық. Жұпынылықты кемшін көрмеу, көңіл көзін суалтпау.
Айтыс-тартыстан аулақ, астамшылыққа аяқ баспас адалдық.
Сыпайылықтың қазақы бір танымы, негізінен қыз-келіншектерге тән иба,
ибалық. Кейбіреулер ойлағандай, бет моншағы төгілген ұяңдық, жасықтық,
жалған ұялшақтық емес, өзін де, өзгені де қадірлей білер көргенділік. Ерен
ұстамдылық, иманжүзділік, жылы лебіздік. Ишаратты түсіністік, келеңсіздікті
жатырқау. Ұлттық таза ғұрыптылықтың, әдептіліктің және көркем мінезділіктің
ерекше үйлесімділігі.
Ұят, ұяттық – арлы мінез. Адамның ойына, бойына, болмысына лайықсыз,
адамгершілікке жат, ар-ождан нормаларына сыйымсыз, әдеп тінін сөккен
зымияндықтан бұрқанған, сыртқа теппей, ішкі жан-жүйе ұшынатын нәзік
сезімнің күйзелісі. Ұлы ойшыл Абай ұятқа екі түрлі мән берген. “Надандық
ұят, – деген ғұлама, – жас баланың сөз айтуға ұялатыны сияқты ақылы қысқа,
өрісі тар, ойы таяз жанның ұялмайтын нәрсеге ұялуы. Шын ұят-абыройға,
шариғатқа теріс, ақылға сыйымсыз сөлекет қылықтан ұялу. Бұл тек есті адамға
тән қасиет. Ал біріншісі өзі істеген қатеден, нәпсіге еріп қылған қылығынан
ұялу”.
Данышпан Абайдың уәжіне тереңірек ой жүгіртсек, шын ұят дегеніміз, саналы
адамның өз мінез-құлқына, іс-әрекетіне сыни қараудан туындайтын намысты
сезім тебіренісі және соның әсерінен булыққан жан-дүние толғанысы.
Анайылыққа қарсы серпін. Аламандықтан, көлгірсуден, дүниеқоңыздықтан
безіну. Өз қылығының жосықсыздығынан, ерсілігінен жиіркену. Әбестілігін
жазғырар халықтың налалы назарынан қаймығу. Ел, жұрт алдында азаматтық
жауапкершілігін сезініп, жұғымсыз әрекеттерінен торығу, өзін-өзі айыптау.
Надандық ұят – жаны жалған жанның ұялғансып, қысылып, қымтырылған түр
танытып сызылып, тәлімсіп қылымсуы. Беті бүлк етпей көз ойнату, сырт айнала
беріп мысқылды кейіпте мырс-мырс күлу. Бұл жалған, надандық ұяттың
жымысқыланып, ашықтан ашық ұятсыздануы.
Ұят адамның рухани өміріндегі реттеуші күш. Ағаттықтан қорған, ізеттікке
пана. Оғаштыққа жол бермес тежеу. Опықты іс-әрекетке бөгеу. Ақтық пен
сақтықтың жоқшысы. Имандылықтың қабы.
Ұялу мен ұялту қосақты ұғым. Бірі ішкі әсердің қысымы, екіншісі сыртқы
әсердің дүмпуі. Ұялу аңғарымсыздықтан, аңғалдықтан, қызбалықтан қозған ерсі
әрекет салдары. Опық мінезі, анайы сөзі, арға тиер орынсыз әзіл-қалжыңы,
уәдеден тайқуы үшін өзінен-өзі ұялу. Бұл ретте арлы кісі ұятына кешірім
сұрап, қайталанбауына бекінеді.
Ұялту – ұлт қағидасын бұзған, әдептен аттаған, қоғамдық ортада тұрпайы
мінез-құлық танытқан, кісі намысын қорлаған, жала жапқан, жалған сөйлеп
өсек таратқан, сыпайылық шеңбердің шегінен шыққан, соның бәрін жөн көріп,
қатесін мойындамаған адамды жанашыр жолдастарының, ағайын-туыстарының
сыпайы сөздермен сипай қамшылап, қылған қылығының өрескелдігін,
жағымсыздығын түсіндіріп, бір жағынан арын, намысын қыздырып, екінші
жағынан мұқатпай, айыбын бетіне басып, тәубаға келтіріп ұялту. Кеңеске
ұйып, ақылға көнген адам өкінеді, қапаланады, ұятсыздығын кешірудің амалын,
ұятқа тасаланудың жолын іздейді.
Ұятсыздық адамға опа бермес жамандық. Тек ұятты кісі сиятты.
Намыс-мінездің айбыны. Адами кие мен қасиетке шаң жуытпас, кір жұқтырмас
қайсарлық. Абыройға дақ түсіртпес өжеттілік. Адам құқы мен еркіндігінің
оққағары, берік бақаны, тапжылмас тірегі. Шайпау, сумаң сөзге қытым.
Кісілік құндылықтардың сақтық қоры. Өмір мәнділігінің өзегі. Өктемдіктен
араша. Жосықсыздыққа айбар, осалдыққа жігер. Адамгершілік соты, әрі
айыптаушысы, әрі қорғаушысы. Серттің семсері. Арсыздық тарамын қиып түсер
алдаспан. Бір жағынан күйкі тіршілікке қорлану, озбырлыққа күйіну. Ездікке,
ынжықтыққа қынжылу. Жігерсіздікке, босбелбеулікке, іске алғысыздыққа
ызалану. Астамшылыққа, қол сұғанақтығына, әулекілікке ашыну.
Мансапқорлыққа, жағымпаздыққа, жалтақтыққа шіміркену. Адамның еңсесін
түсірер, абыройын төгер, кісілігін кемітер жалалы әрекеттерге, қарау
қылықтарға кешірімсіздік.
Мұхаммед пайғамбар: “Ер жігіттің үш намысы бар. Бірі – иманы, екіншісі –
Отаны, үшіншісі – отбасы” деп ар-ожданның руханияттылығын жоғары бағалаған.
Осы ұғымды таратып пайымдасақ, “Малым жанымның, жаным арымның садақасы”
дейтін қазақтың Жасаған Ие құдіретіне сенімді, ата мекен, өмір жаннаты
туған елін, жарық дүниеге әкеліп өсірген, қанаттандырған ұясын ту көтерер
намысты халықтың атаулы ұранына меңзегендей. Абыз бабалардың: “Малсыз
болсаң да арсыз болма; әрлі болғанша арлы бол; арыңды жеме, барыңды же; ар
жазасы бар жазадан ауыр; ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы” деген өсиеті
біздің заман адамдарына арналғандай. Тек маңызын түсіну абзал.
Намыс бір сырлы, көп қырлы: жеке бастық намыс, құқықтық намыс, кәсіптік
намыс, азаматтық намыс, ұлттық намыс. Аталуы әртүрлі болғанмен, бәрі
адамдық қасиет пен мүдденің жыртысын жыртады, абырой мен беделді қорғайды.
Бәрінің себебі мен нақтылы салдары, заңдамалығы мен рухтылығы бар.
Намысты қорғау азаматтық парыз. Оны кіршіксіздендірмеу үшін арлана білу,
арсыздықтан түңіліп жиіркене білу шарт.
Маңғаздық біреулердің түсінігіндегідей паңдық, тәкаппарлық емес, адам
жаратымына сирек даритын, терең ойлы кісіге тән байсалды, баянды мінез.
Адами ірілік. Жасандылығы, жалғандығы жоқ тұрлаулы табиғи бітім. Елпең-
селпеңдікке басу, батпан салмақтық. Мызғымас орындылық, тайсалмас
табандылық. Асығыстыққа тоқтам. Аз сөйлеп, көп тыңдау. Байқамдылық,
ұғымдылық. Ойлы көзқарас, жан-жақты танымдылық. Қалауына сәйкес адамның
өзін-өзі тәрбиелеу жемісі. Зиялы қауымның таңдаулы тәлімділігі. Өмірдің
сыры мен қырларын түбегейлі зерделеп, өнегесін болмысқа шақтап, әрлеп
сіңірген әсемдігін, әсерлігін қадірлер салиқалық. Көрегенділік, ұстамдылық,
абзалдық сымбаты. Талай-тағдырға тәуелсіз ғұмыр кешуге талпыныс. Қоғамдық
ортада дербестікті, даралықты қалау. Тылсым күшіне, өмірдің жұмбақты
сырына, құпиясына құмарлық, шиесін шешуге талаптылық.
Маңғаздық белгілі бір тұйықтық, түйсікті, түйінді тұйықтық. Сыр сандық
құлпының беріктігі. Ой жинақтылығы. Жолдас-жора таңдауда талғампаздық. Қан
жақындығынан жан жақындығының, сөзсайыстан пікірлестіктің, ойшылдықтың
басымдылығы. Өз ісіне сенімділік.
Адамның санасы мен болмысына сіңген ғұмырлық құбылыс – көп қырлы мінездің
тек төртеуіне: әдепті, ұятты намысты, маңғазды мінезділікке әдейі
тоқталдық. Өйткені, олар мінездің мәйегі, қасиеттілік тұғыры. Адам қай
кезде, қай жаста, қандай қызмет атқарса да ұдайы жеке бастың, тұрмыстық-
әлеуметтік, жұмыс бабы жағдайына, қоғамдық орнына, замандастарымен
қауымдастық деңгейіне тікелей қатысты және оң әсерлі, адамгершілікті
куәландырар, ардақтар, дәріптер, мемлекеттік міндетті, азаматтық парызды
мүлтіксіз атқаруда пәрменді рухани күш. Сондықтан қазіргі қауымдастар,
әсіресе, іс басындағылар мен жастар әдептілікке, ұяттылыққа, намыстылыққа,
маңғаздылыққа баса назар аударар, ден қояр, ұстанымын кәдеге жаратар деп
ойлаймыз. Мінез адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерінен
қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым- қатынасын
айқындайды.
Мінез - оқушының негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің
айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі,
түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке оқушыны әр қырынан
көрсететін қасиет. Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда,
оқытушы мемлекеттік құжатқа сүйенуі қажет. Сонымен қатар мемлекет заңдарын
орындайды. Ережелер- оқушының мінез-құлық заңы. Осыған сәйкес мектеп
оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыруда бірнеше тәрбие әдістерін қолдану
қажет. Оқушылар көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы өз көзқарастарының
дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді. Жастардың ынтасын, белсенділігі оларды
өз біліміне, өмір тәжірибесінде мінез-құлық ерекшеліктеріне сынмен қарауға
тәрбиелейді.
Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз
ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды
қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды
мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу басты
мақсатқа бағытталған іс - әрекет.
Қазақстан Республикасының "Ұлттық энциклопедиясында” адамгершілік ұғымына
былай деп анықтама берілген: " Адамгершілік – адам бойындағы гуманистік
құндылық, әдеп ұғымы”. Халықтың дүниетанымында мінез-құлықтың әртүрлі
жағымды жақтары таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекетерде көзге түсетін
төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу,
сену, ар-ұятты сақтау, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық
т.б.
Тәрбиелі болу үшін адамгершілік нормаларын құр жаттап алу жеткіліксіз, оны
терең ой елегінен өткізу, бастан кешіру және толғануды мінез-құлыққа бекіту
керек. Мектепке дейінгі жаста балалардың бастапқы сезімдері мен мінез-
құлықтың қарапайым белгілері қалыптасады. Балада қалыптасқан мінез-
құлықтары келешекте адамдармен және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынаста
көзге түседі. Негізгі мектеп оқушыларында мінез-құлықтың, сана мен сезімнің
жаңа түрлері одан әрі дамытылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Негізгі мектеп оқушыларының қоғамдық мінез-құлқын қалыптастыру және іс-
әрекетін
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ
ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар
мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық
нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.[1]
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден
(мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін
құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс,
қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды
аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.
Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек
белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық
әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол
конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері
қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау
тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік
құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-
қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам
немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін
ондай қылықтары үшін жазалайды.[2]
Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын
қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік
девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. Аномия термині
француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-
құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің
әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық,
геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік,
өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да
қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге
әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат,
салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік
мәртебе, референтті топ,);
• микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері,
отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар,
басқа да маңызды адамдар).
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды
мінез-құлық.
• Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес
келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі.
Кейбір әдебиеттерде бұл типті антидисциплиналық деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан,
еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат
қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
• Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның
мынадай типтері бар:
1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін
дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде
көрініс береді.
2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-
үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке
байланысты жат мінез-құлық.
3. Наша сату және тарату.
• Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі
арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады:
алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық
және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші
өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу
факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі
және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
• жанұяда берекенің болмауы;
• ата-ананың ерекше қамқарлығы;
• тәрбие берудегі кемшіліктер;
• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
• өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен
жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
• сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай
алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
• психоактивті заттарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz