Толымсыз сөйлемдердің қолданылуы
Мазмұны
I.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-6
1.Толымсыз сөйлемдердің қолданылуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II. НЕГІЗГІ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 6-21
1. Толымсыз сөйлемнің синтаксистік жүйедегі
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5- 15
2. Баяндауышсыз толымсыз
сөйлем ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... . 15-22
ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..21- 23
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .24
ТОЛЫМСЫЗ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ.
Толымды сөйлемдерге қарағанда, тілімізде толымсыз сөйлемдердің барынша
мол және көп жағдайда ауызекі сөйлеу тілінде ұшырасатыны белгілі. Ауызекі
тілде, әсіресе, сөйлеудің монологтік түрінде де, диологтік түрінде де
толымсыз сөйлемдердің алатын орны ерекше. Толымсыз сөйлемдердің ауызекі
сөйлеу стилінде болсын, көркем әдебиет стилінде болсын жиі кездесетіні
соншалық – олардың құрамында болуға тиіс сөйлем мүшелерін қалпына
келтірудің өзі артықшылық етеді.
Сөйлем арқылы хабарланатын ойға қатысты сөздер кейде түгел айтылып,
кейде олардың кейбіреулері ғана айтылуы мүмкін. Мысалы: Сырдың суы ышқынып
ағады деген сөйлемде, ондағы ойға қатысты мүшелер түгел айтылған. Ардақ еш
уақытта мұндай қуанған емес. Жиналыстан шығып үйіне жүгіре басып келеді.
Лепірген көңіліне шапшаң басқан аяғы ілесе алмайды ( Ғ. Мұстафин ). Бұл үш
сөйлемнің соңғы екеуінде мынадай сөйлем мүшелері ерекше айтылмаған:
Жиналыстан шығып үйіне жүгіре басып келеді дегеннің бастауышы – Ардақ,
Лепірген көңіліне шапшаң басқан аяғы ілесе алмайды деген сөйлемдегі
көңіліне, аяғы дегендердің ілік жалғаулы анықтауыштары – Ардақтың. Олар
сөйлемде айтылмағанмен, бірақ бұдан сөйлем түсініксіз болып тұрған жоқ,
өйткені алдыңғы сөйлем мен соңғы сөйлемдердің өзара мағыналық байланысынан
екінші сөйлемнің айтылмаған бастауышын, үшінші сөйлемнің айтылмаған
бастауыштарын аңғаруға болады. [1,226]
Монологтік толымсыз сөйлемдер көркем шығарма авторының баяндау
стилінде қызмет атқарады: Жидебайдағы жиын, Шұбардың қарашығыны жөнінде
де Құнанбай балаларына жат ажар көрсеткен жоқ. Бірақ көп шығынды көп
шаңыраққа бөлу (оған) оңай да болған жоқ. (Ол) таңертең келіп шай ішкен,
одан көкқасқаның етін жеген жиындар түске шейін сөздерін тауыса алмады
(М.Әуезов), Еламан жас келіншектің таң алдындағы тәтті ұйқысын
қимады.(Келіншек) қозғалса, оянып кететіндей көріп (ол) біраз уақыт
келіншегінің тынысын тыңдап, қараңғы үйде (оның) көзі ашық жатты (Ә.
Нұрпейісов).
Мәтін ішінде біз әдейі жақшаға алған сөздердің түсірілуі авторлардың
саналы әрекеттерінен болған, өйткені ол сөздердің кірістірілуі сөйлемді
шұбалаңқы етіп, қабылдауды қиындатып жібереді.
Диологтік толымсыз жай сөйлемдер оларды қоршаған басқа сөйлемдердің
немесе сол толымсыз сөйлемдер айтылатын жағдайлардың ыңғайына қарай,
негізінен, екі түрлі болады: контекстік толымсыз сөйлем және ситуациялық
толымсыз сөйлем. Бұлай деудің өзі де, бір қарағанда, шартты, дегенмен,
өзара айырмашылықтары бары даусыз.
Контекстік толымсыз сөйлемдер өзінің атауына сай сол сөйлемді қоршаған
өзі құрамына еніп тұрған контекске байланысты болып келеді. Екінші сөзбен
айтқанда, сөйлемнің қандай мүшесі қажет болып, бірақ оның түсіп қалғаны
алдыңғы не кейінгі сөйлемнің құрамынан танылады:
Судыр Ахмет бір жайды шұғыл ойлап кеткендей, иегінің ұшындағы бес тал
сақалын түбінен сығып, көзін тас қып жұмып отырып қалған-ды. Бір кезде оқыс
ашып алды.
- Ә, таптым ... аты қалай балақайдың ?
- Әшім ...
- Ә, Әшім бе ? Аты жақсы екен. Бұл балақайдың туғанына қанша болды?
- Алты ай.( Ә. Нұрпейісов).
Немесе,
- Өй, қара бассын сені.
- Мыңқылдамай дұрыстап айтсаңшы.
- Содан бір мезетте оянып кеттім ... Жоқ, оянған жоқпын. Түсімде
құлағыма шұрқырап кісінеген айғыр даусы келді. Ояна келсем, шынында
да алыстан кісінеген айғыр даусы екен ...
- Айғыр даусын қайдан тани қойдың ?
- Кейін білдім. Ала айғыр екен кісінеген ... (С.Жүнісов).
Немесе,
-Тұра қал, түрме дегеніңнің өзі алдымен патшаларды қамауға
жасалған екен-ау.
-Жо-жоқ, олай деуге... Патшаға кім қарсы шықса соның бәрін
қамаған.
- Е-е таққа таласу десеңші, біздіңше айтқанда. (С.Жүнісов).
Осындағы толымсыз сөйлмнің түсіп қалған сөздерінің орнын алдынғы
сөйлемдерге қарап толықтыруға болады. Демек, белгілі бір контекстің мазмұны
оны толық білдіріп тұрады. Бұған дейінгі мысалдардың барлығы да контекстік
толымсыз сөйлемдердің мысалдары болып табылады.
Ситуациялық толымсыз сөйлемнің жағдайы да бұған біршама ұқсас
болғанымен, айталық, әңгімелесудің, әдет-дағдының сипатына, үйрншікті
әрекетің, оқиғаның мазмұны мен мақсатына сай келгенімен, оның өзіндік
ерекшелігі көзге түсіп тұрады. Ол өзгешелік, негізінен, мынада: контекстік
толымсыз сөйлемде оның құрамында жоқ сөйлем мүшесі немесе контекстің
мазмұнынан белгілі болса, ситуациялық толымсыз сөйлемдегі жоқ сөйлем
мүшесінің орны сол оқиғаға байланысты ойды білдіріп тұрған, бірақ дәл сол
сәтте айтылмауы мүмкін сөйлемдердің мазмұндарынан анықталады. Мәселен,
әлдебір емтихан тапсырушының жанкүйерінің сол емтитхан тапсырушы
аудиториядан шыққан бойда "Неше?" деген сұрақ беруі - табиғи құбылыс. Жауап
"Бес" болды делік. Сұрақ-сөйлем де, жауап-сөйлем де толымсыз сөйлемдерге
жатады.
Сол сияқты, күнделікті дағдымен дүкенге сүт алуға барған адам кезегі
жетіп, сатушыға жақындағанда, Үш литр дегені жеткілікті. Егер олай қысқа
сейлемей, "Мен сүт алуға келген едім. Бүгінгі сатылып жатқан сүттің жаңа
сауылғаны білініп тұр. Әдейі келген соң, алғаным жөн шығар. Маған осы
сүтіңіздің үш литрін беріңізші" деп жату, бір жағынан, сол адамның көп
сөйлеуді ұнататын жағымсыз қырын көрсетсе, екінші жағынан, сатып алушының
айналасындағыларды күлкіге шақыратын ниетінен де хабар береді. Қалай
болғанда да, белгілі дәрежеде жағымсыз пікір туғызары сөзсіз. Сөйтіп,
толымсыз сөйлемнің қай түрі де сөйлеушіні аз сөзбен ойын дәл жеткізуге
дағдыландырады.
Толымсыз сөйлемнің синтаксистік жүйедегі орны.
Қазақ тілі – құрылымы, қолданылу аясы және міндет- мақсатына қарай түрлі-
түрлі болып келетін сөйлем түріне бай. Олар өздерінің мазмұны мен
грамматикалық белгілеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Сөйлем құрамында
ойға қажетті синтаксистік позциялардың түгел қатысқан- қатыспағанына қарай
сөйлемдер толымсыз және толымды деп бөлінеді. [8,113]
Жай сөйлемнің өте мол кездесетін екінші түрі – бастуышы айтылмай тұратын
жай сөйлемдер. Жай сөйлемнің бұл түрі жазба ескерткіштердің қай- қайсысынан
да табылады, десе де – мұның ең көп кездесетін жері фольклорлық шығарма.
ХІХ ғасырда жиналып бастырылған фольклорлық шығармаларда алдыңғы бір
сөйлемде айтылып кеткен бастауышқа ортақтасып, ұзақ сонар болып кете
беретін толымсыз сөйлемдер өте жиі кездесіп отырады. Мысалы: Алақандай
қағазға қат сызды: Әкем Сарыбайға сәлем айтамын, шешеме сәлем айтамын;
туысыма Қаратопайға сәлем айтамын. Маған қырық бие әкпелсін. Менің мұнда
жатқанымды білмес. ( В. В . Радлов )
Бір құрамды сөйлемнің мысалда келтірілгеннен басқа түрлері шежірелерде
де, XVIII ғасыр материалдарында да кездеспейді. Олардың кездеспеу себебі
жай сөйлемнің бұл түрлерінің ол дәуірлерде болмауынан емес, талданып
отырған шығарма түрлерінің сөйлемнің ондай түрлерін керек етпеуінен,
диалогтың жоқтығынан. Ал жеке бір сөз ( бір ғана тұрлаусыз мүше ) түрінде
келетін толымсыз сөйлемдердің сөйлеуші персонаждар жоқ жерде, диалог жоқ
жерде болмайтыны белгілі. [9,83]
Қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, О. Төлегенов, Ғ.
Әбуханов, М. Балақаев, Т. Сайранбаев, Т. Қордабаев, У. Күлкенова , С.
Аманжолов, А. Әбілқаев, Н. Сауранбаев сынды зерттеушілердің еңбектерінде
аталған сөйлем түріне берілген анықтамалар, негізінен, ойға қатысты сөйлем
мүшелерінің түгел қатысуы қатыспауын басшылыққа алған. Бұл анықтамалардың
қай-қайсысын алсақ та, дұрыс сияқты, бірақ ешбірі де ойға қатысты
мүшелерінің не мүшесінің түсірілгендігін немесе керісінше түспей
тұрғандығын қалай және не арқылы білуге болатындығын анық көрсетпейді. Осы
тұрғыдан келген де берілген анықтамалардың кез келгені әлі де болса
толықтыруды нақтылап тұжырымдауды керек етеді.
Орыс тіл біліміне толымды сөйлем деп өз алдына жеке тұрғанда мағналық
дербестігін сақтай алатын сөйлемді айтады да, толымсыз сөйлем деп жеке
тұрғанда мағналық дербестігі болмай, тек контексте тұрғанда ғана түсінікті
болатын ойға қатысты белгілі бір мүшелері қатыспайтын сөйлемдері айтады.
Сөйлемнің толымы я толымсыз болуы үшін белгілі бір мүшесінің я болуы я
болмауы міндетті деп ұзілді-кесілді айтылмай, ыңғайына қарай тұрлаулы да,
тұрлаусыз да мүшелерінің бірінің не бір нешеуінің түсіп қала беретіндігі
айтылады.
Орыс тілі синтаксисінің А. Н. Пешковский, А. А. Шахматов, И.А. Попова,
Б. П. Ардентов, В. В. Бабайцева және т.б. мамандары сөйлем толымсыздығын
тудыруда интонацияның және экстралингвистикалық факторлардың қызметінің
зор екендігін, тыңдаушыға қажетті мәліметті тек сөзбен ғана емес,
интонациямен де, ыммен де, басқа да түрлі қимылдармен жеткізуге
болатындығын айтады. Сонымен қатар, толымсыз сөйлемнің
өмір сүруін контекспен және жағдаятпен байланыстырып, олардан тыс алғанда
сөйлемнің мағыналық құрамындағы толымсыздықты сол контекстегі бар сөзбен
толықтыру арқылы немесе жағдаяттық ыңғайда түсінуге болады дейтін пікірлер
де кездеседі. Мысалы: Қанағат, танертең ерте тұрып, атын алдыртып, ерттетіп
қойған. Қалашылар ауылдан ұзап шығысымен, қасына Төлеубайды ертіп, мешітке
баруға жиналды. Бүгінгі жұма намазына кіріп, сондағы аруақтарға құран оқып
қайтпақ. ( Қ. Жұмаділов). Осы үзіндідегі алғашқы сөйлемде бастауыш пен
баяндауыштың байланысы анық сезіліп тұр. Соңғы екі сөйлемде бастауыш
түсірілген, сондықтан грамматикалық субьектісі жоқ екі сөйлемді
контекстен бөліп алып қарасақ, пікір олқылығы байқалып тұрады. Контексте
тұрғанда бұл олқылық байқалмайды, себебі бастауыш немесе грамматикалық
субьекті- алғашқы сөйлемде берілген Қанағат сөзі. Егер грамматикалық
субьекті болып тұрған Қанағат сөзін кейінгі екі сөйлемге жеке - жеке
бастауыш етіп қойсақ, олар контекстен тыс тұрып та сөйлемдік дәрежесін
сақтаған болар еді. Алайда соңғы сөйлемдердегі қайта- қайта қайталанып
тұрған бастауыш оның сәнін, мәнерлілігін, әсерлілігін, көркемдігін,
эмоционалдылығын бұзады, сондай-ақ автордың өзіндік стиліне де нұқсан
келеді.
Түркмен тілшілері толымсыз сөйлемнің пайда болуына қатысты
факторларды екі топқа бөледі: 1) ішкі – тілдік элементтер: контекст,
интонация, белгілі бір сөйлем мүшелерінің түсірілуі; 2)
экстралингвистикалық элементтер: белгі, ым, мимика т.б.
Кейбір зерттеушілер толымсыз сөйлемдер тек екі негізді сөйлемдердің
бір түрі деген пікірде. Алайда сөйлемнің толымсыздығы тек екі негізді
сөйлемдерде ғана емес, сонымен қатар бір негізді сөйлемдерге де қатысты.
Сонымен бірге, толымсыз сөйлемдерде сөйлемнің предикатив мүшелерінің
біреуінің болмауы сөйлемді толымсыз деуге негіз болады деген пікір
айтушылар тұрлаулы мүшемен қатар тұрлаусыз мүшелердің түсірілуі де
толымсыздықты білдіретіндігін ескермеген.
Негізінен толымды және толымсыз болып келетін сөйлемдер – бір
негізді және екі негізді сөйлемдер. Екі негізді жай сөйлемдер синтаксистік
жүйенің құрылымдық сипатын қалыптастырып, коммуникативтік жүйеде негізгі
қызмет атқарады. Екі негізді және бір негізді сөйлемдер құрылымдық жағынан
да, функционалдық жағынан да бір- бірімен өзара тығыз байланысты. Дегенмен,
сөйлемнің толымсыздығын бір негізді сөйлемдермен әсте шатастыруға болмайды.
Олай деуге себеп те баршылық.
Бір негізді сөйлемдердің бас мүшесі басқа ешбір мүшеге тәуелді емес.
Сол күйінде тұрып та предикативтік қасиетке ие, сөйлемді ұйымдастырушы
жалғыз мүше болып табылады. Ал толымсыз сөйлемдердің толымсыздығы бас
мүшесінің ғана емес, кез келген мүшесінің түсірілуінен де көрінеді, сондай-
ақ сөйлем мүшесінің түсірілуі контекске, жағдаятқа және стильдік
мақсаттарға байланысты болады. Толымсыз екі негізді сөйлемдерде бас мүшенің
түсірілуі, негізінен, стильдік мақсатта жүзеге асырылады. Ал бір негізді
белгілі жақты сөйлемдерде ол (бас мүше) әдейі айтылмайды немесе басынан
жұмсалмай, сөйлемнің арнайы сөзбен берілуін қажет етпейтіндей дәрежеде
әбден тұрақталып қалыптасқан болады..
Қазақ тіл біліміндегі бір негізді сөйлемдерді арнайы зерттеген Ж.
Садуақасовтың Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер еңбегіндегі, қазақ
тіл біліміндегі жай сөйлемнің синтаксисін зерттеушісі ғалым Р. Әмірдің,
сонымен қатар жалпы тіл білімінің ғалымдары Э. В. Севортянның, Н. А.
Баскаковтың. З. И. Будагованың, И. П. Распоповтың, Т. П. Ломтевтің
еңбектерінде айтылған пікірлерді басшылыққа ала отырып, бір негізді
сөйлемдердің толымсыз сөйлемдермен құрылысы, құрамы, табиғаты жағынан екі
бөлек сөйлемдер деген тұжырым жасадық.
Сөйлемнің толымсыздығын тілдік аспектіде де, сөйлеу деңгейде де
қарастырған дұрыс. Өйткені сөйлемнің толымсыздығы деген түсінік оның
формасына не үлгісіне байланысты бола алмайды. Оның толымсыздығы сөйлеу
үстінде байқалады. Мұндай сөйлеу құрылымдарының қызметі
экстралингвистикалық (жағдаят) және ішкілингвистикалық факторларға
(контекске сүйену) байланысты болып келеді, сондықтан контекст толымсыз
сөйлемдердің жұмсалуының негізгі шарты болмақ. Толымсыз сөйлем ұғымының
аумағы, оның дәстүрлі қолданысы өте кең. Бұл термин арқылы түрлі
синтаксистік құбылыстар көрінеді: 1) монологтық және диалогтық бірлікті
білдіретін құрылымдардың элементтері; 2) етістіксіз дербес қолданылатын
құрылымдар; 3) тұрақты фразеологиялық бірлікті білдіретін сөйлемдер; 4)
күрделі сөйлемдердің құрылымдық элементтері; 5) жағдаятпен және контекстпен
шарттастырылған сөйлеу бірліктері.
Толымсыз сөйлемдер тілдік үлгілердің сөйлеудегі көрінісі ретінде осы
үлгілердің белгісін сақтап қалуы тиіс. Осы көзқарас тұрғысынан алсақ,
монологтық және диалогтық бірліктердің ерекше синтаксистік құрылым
екендігін ескере отырып, олардың (монологтың, диалогтың) бөлшектерінің жеке
тұрып қызмет атқара алмайтындығына, бір- бірінен бөліп алып жеке
қарастыруға болмайтындығына көз жеткіземіз. Мұндай жағдайда толымсыз
сөйлем термині монологтық бірліктердің жеке компонентеріне, бөлініп
алынған диалог репликаларына қатысты болмайды. Мысалы:
– Сіз ұйықтап қалғансыз ба?
– Жоқ.
– Ертең жүресіз ғой?
– Иә.
– Онда мені... кешіріңіз.
– Не үшін?
– Сіз мені жек көрдіңіз, жағымпаз деп ойлаған да шығарсыз. (Д.
Исабеков).
Берілген үзіндідегі жауап- сөйлемдер мен сұрақ- сөйлемдердің әрқайсысын
жеке, бір- бірімен байланыстырмай қарасақ, түсініксіздік тудырады. Диалог
арқылы берілетін мәлімет түсінікті болуы үшін оны контекст аясында қарау
керек. Контекссіз берілетін хабар мазмұны солғындап, түсініксіз болып
қалады. Өйткені диалог монолог мәтіндерге қарағанда контекске тәуелді
болады. Түсірілген сөйлем мүшесін ойша түсінуде, қалпына келтіруде
сөйлеу жағдайының да әсері өте мол. Мұның өзі сөйлемдегі тиісті мүшенің
не мүшелердің қатыспай тұруының екі себебі бар екенін көрсетеді:
1) контекст;
2) жағдаят;
Кейде сөйлемде экстралингвистикалық факторлар да іске қосылуы
мүмкін. Мұны қарым- қатынастың экстралингвистикалық тірегі деп атаймыз.
Мысалы: Оқырман залына қазір келген Айбек Бақыттың жанына келді де,
қабырғадағы сағатқа қарап, қашаннан отырсың деген сұрауды көзі арқылы
білдірді. Оған Бақыт:
– Екі сағат боды, - деді.
– Қайтпайсың ба? - деп, басымен есік жақты көрсетті. Бақыт
жауап орнына басын шайқады.
Сұрақ қоюшы бас қимылы және сағатты көрсетуі арқылы екінші адамнан
жауап алып тұр. Хабар алысушы екі жақ бір – біріне артық сөз айтып
жатпастан түсінісіп отыр.
Сөйлем толымдылығын анықтауда сөйлем құрамның толымдылығын негізге алу
формалды – граматикалық тәсіл болып шығады да, қазіргі сөйлеу тіліміздің
деректерін елемей, оларға (сөйлеу тіліне) қысым жасағанмен бірдей болмақ.
Мәтіннен тыс алынып қарастырылып тұрған сөйлемнің мағыналық жақтан
толымсыз болуы деп хабарлама мазмұнының сөзбен жеткізілудегі толымсыздығын
түсіну керек. Толымды сөйлемдерде, толымсыз сөйлемдерге қарағанда,
синтаксистік байланыс айқын, мағынасы неғұрлым тиянақты болады. Алайда
толымды сөйлем ойды түсінікті етіп жеткізуде әрқашан икемді бола
бермейтіндіктен, күнделікті өмірде адамдар қарым- қатынас жасау үстінде
толымсыз сөйлемдерді жиі қолданады. Мұның дәлелі ретінде дүкенде, базарда
сауда жасау немесе қоғамдық көлікте, кассадан билет алу процесін мысалға
келтіруге болады. Бұл да толымсыз сөйлемдердің ықшамдау, үнемдеу заңдарымен
астасып жатқандығының дәлелі.
Тілдегі толымсыз сөйлемдердің рөлі мен позициясы оның мәнін арттырып,
зерттеу жұмысының кеңінен қарастырылуын талап етеді. Сөйлем құрылымының
толымдылығы мен толымсыздығын анықтауда әр лебіздің құрылымдық
ерекшеліктерін де ескермей кетуге болмайды. Егер лебіздің нақты мазмұны
сөйлемде сөз арқылы толық берілмей тұрғанымен, осы толымсыздық берілген
сөйлем құрылысына тән болса, оның (сөйлемнің) құрамын толықтырар болсақ,
сөйлемнің нормалық сипаты өзгеріп кетер еді.
Грамматикалық құрылымның толымды немесе толымсыздығын анықтауда
оның коммуникативтік қызметін ескемеуге болмайды, яғни грамматикалық
құрылымының өзі де сөйлемнің монологтық және диалогтық түрлері үшін бірдей
болуы мүмкін емес. Сөйлеу әрекеті кезінде әрбір көріністі сөзбен толық
жеткізу шарт деп түсінер болсақ, мұндай шартқа диалог формалы сөйлеу ғана
емес, грамматикалық құрылымы жағынан толық саналатын әдеби сөйлеу
сөйлемдері де сай бола бермейді. Сонымен бірге әрбір сөйлемге көріністі
осылай жеткізу шарт болса, онда бұл шарт сөйлеуді анағұрлым түсініксіз әрі
шұбалаңқы етіп жіберген болар еді. Сондықтан сөздік формаға ие болатын
көріністер ойды құру үшін сөйлеу формасы мен шарттары арқылы анықталуы
тиіс.
Ғылыми іс- қағаздар стиліндегі сөйлемдердің толымсыздығы бірыңғай
мүшелері арасындағы, дәлірек айтқанда, күрделі сөйлем құрамына енетін сөз
тіркестерінде ғана кездеседі. Мысалы, бұйрықты сөйлемнің жасалуы туралы
мәтінді алып қаралық: Ауызекі тілде бұйрық мағыналы сөйлем алғын, келгін
формалы баяндауыштардың қатысуымен де құралады: Сен ертең келгін. Бұл
баяндауыш тек анайы тұлғада келеді, сыпайы тұлғасы жоқ. Сөйлеуде де сирек
жұмсалатын бұл форма өте көнеден келеді әрі осы күнгі бірқатар өзге
формаларға негіз болған. Бұл баяндаудан көретініміз әрбір сөйлем
толымды. Тек қайталаудан аулақ болу үшін әр сөйлемде кездесетін баяндауыш
сөзін бұл есімдігімен ауыстырылғаны байқалады. Мұндай толымсыздық бір
сөзді қайталай бермеуден туындайды.
Сөйлем толымсыздығы жайлы сөз қозғалғанда тілімізде толымсыз
сөйлемдерге құрылысы жағынан ұқсас келетін аяқталмаған сөйлемдер туралы да
айта кеткен жөн.
Аяқталмаған сөйлемдердің құрамындағы сөздерді мүшелік қатынасқа
айқын бөлуге келмейді. Айтылатын ойға қатысты мүшелері түгел айтылмайды.
Кей жағдайда ғана контекст немесе жағдаят арқылы ойды айқындау мүмкін
болады. Бұл жағынан алғанда аяқталмаған сөйлемдер толымсыз сөйлемдерге
ұқсас болғанымен, құрылымы жағынан болсын, қызметі жағынан болсын мүлдем
екі бөлек сөйлемдер екені айқын. Аяқталмаған сөйлемдерде эмоциялық-
экспрессивтік мән басым болады. Бұл сөйлемдерде, сонымен бірге, логикалық
мағына кейде күңгірттеніп, осы экспрессивтіліктің көлеңкесінен ғана
көрінеді. Толымсыз сөйлемдерді аяқталмаған сөйлемдерден ажырататын ең басты
белгісі – интонациясы және құрылымы.
Жоғарыда айтылған пікірлерді қорыта келе, толымсыз сөйлемдердің
дербес айтылуы мен контексте айтылуына сүйнеіп, төмендегідей анықтама
бердік:
• толымсыз сөйлем дегеніміз – тұрлаулы я тұрлаусыз мүшелерінің бірі
немесе бірнешеуі контекске байланысты түсіріліп, оның түсіп
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz