Мемлекеттік банк



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. Банк
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
ІІ. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының орталық банкі
2.1 Ұлттық банктің мақсаты, міндеттері, қызметінің
бағыттары ... ... ... ... ... ... 9
2.2 Ұлттық банктің құрылымы мен басқару
органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Қазақстан Ресубликасы ұлттық банк қызметтері мен
операциялары ... ... ... 13
ІІІ. Коммерциялық банктер қаржы делдары
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23

КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы, соның ішінде банк жүйесі, ақша-
несие және қаржы шаруашылығы құрылымдық өзгерістердің қиындығын бастан
өткізуде. Атап айтқанда банк жүйесі реформалануда; ауыр инфляция жағдайында
ақша-несие қарым қатынасының; мүлде жаңа, бізге бейтаныс түрі пайда болды;
қаржы-несие институттарының, екі буынды банк жүйесінің нарықтық экономикаға
барабар және әр-алуан меншіктің жаңа түрлерінің пайда болуы; мемлекеттік
банк құрылымының әміршіл-әкімшіл және жоғары монополияландырылған түрінің
пайда алуда коммерциялық табысқа бағытталған несие мекемесінің жүйесінде
жеке және ұжым меншігіне негізделген икемді, динамикалық түрге көшуі жүріп
жатыр. Мұндай жағдайда олқылықтың орнын толтыру үшін озық тәжірибені
қолдану мақсатында отандық және шетелдік банк тәжірибелерін салыстырудың
принциптік тұрғыдан мәні зор. Сондықтан берілген курстық жұмыс қазіргі
кезде өте актулды, өзекті болып табылады.
Берілген курстық жұмыс кіріспе, негізгі үш бөлім және қорытындыдан
тұрады. Бұл бөлімдерде Ұлттық және коммерциялық банктердің міндеті мен
операцияларына, банк жүйесінің жоғарғы және төменгі буын арасындағы өзара
қарым-қатынасына, Қазақстандағы банк реформасына, Ұлттық банктің ақша-несие
саясатына және коммерциялық банктердің қызметін реттеуіне және т.б.
арналады. Онда нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі Қазақстанда
экономикалық реформаларды жүргізу барысында банктердің жаңа қызметінің ролі
толық ашып көрсетіледі. АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінің несие-қаржы
институттарының тармақты желісі мен дамыған қаржы нарығының бар болуы
жағдайындағы ұйымның базалық принциптері мен банк үйесінің жұмыс істеуі
айтылады. Қазіргі заманғы коммерциялық банк қызметінің тәжірибелік
аспектілеріне, банктік қызмет көрсету жайлы баяндалған.
Экономикаға барабар үйлесімді ақша-несие қарым-қатынасын жасау
жойылған объективті принциптердің қалпына келу жолымен: көптеген
жүзжылдықтар ағымында жиналған есеп пен ақша айналымының, несиелендірудің,
ақша мен несиенің экономикалық категорияларының жұмыс істеуі мүмкін.
Ақша мен несие теориясы экономиканың несиелендіру және ақша
айналымының шаруашылық жүргізуші ұйымның тәжірибесімен тығыз байланыста
берілді. Ақша мен несиенің ерекше белгілерін тану, олардың қоғам мен
экономиканың қайта құрылуындағы міндеттемелері мен ролі, сондай-ақ олардың
басқа да экономикалық категорияларымен өзара әрекет етуі мелекеттің ақша-
несие саясатының және қаржы-несие мекемелерінің ғылыми негізін анықтайды.
Курстық жұмыстың негізгі мәселелері дерексізден нақтыға өту жолымен,
яғни экономикалық категориялардың маңызын ашуда жүйелілікті қамтамасыз
етуге, олардың әрбір элементінің бір –бірімен өзара әрекеті мен негізгі
бүтіндігін көрсетеді. Мұндай амал шынайы өмір мен шарушылық тәжірибесінен
оқып үйренуге бағыт сілтейді.

І. Банк жүйесі
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың
маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының
негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды
қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет,
әдеттегінше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Кез келген
елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: әр-түрлі
тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрлым, банктердің
бірлестігі және т.б.
Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бір-бірімен
органикалық тұрғыдан толықтырылады және белгілі бір тұтастықты құрайды.
Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе – елдің несие жүйесіне
кіреді. Ал, несие жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де
банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесімен тығыз
байланыстарын қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде
бюджеьттік-салықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп,
экономикалық өмірді басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп,
сабақтасады.
Банк жүйесі белгілі бір өзгешеліктер мен белгілерге ие. Басқа
жүйелерден айрықшалап көрсететін банк жүйесінің белгілері:
1. Банк жүйесінің элементтері алғы шебін Орталық банк құрайтын нақты
бірлікке бағына отырып өзара әрекеттеседі.
2. Банк жүйесі өзінің құрамдық элементтерімен, олардың өзара әрекетімен
анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің Орталық банкі
белгілеген қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана тән
тетік жұмыс істейді.
3. Банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға қабілетті. Оны біртұтас
ретінде және бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер ретінде көрсетуге
болады. Бұл оның жекелеген бөліктерінің қажет болған жағдайда бір-
бірін алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді.
4. Банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Ол ұдайы даму, қозғалыс
үстінде болады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстармен толығуы
мүмкін. Жаңа несие түрлері мен қаржы институттары пайда болады.
5. Банк жүйесі жабық тұрпаттағы жүйе ретінде де алға шығады. Олардың
тек өздеріне ғана тән, осы жүйеге ғана арналған өз тәртібі, ережесі,
нұсқауы бар және банктің өз құпиялары болады.
6. Банк жүйесі өзін -өзі реттейтін жүйенің сипатына ие. Тұтастай алғанда
жүйе өзінің әрекетт ету саясатын экономикалық, әлеуметтік, саяси
ахуалдарға қарай өзгертіп отырады. Экономикалық дағдарыс орын алса
оған өзінше саясат ұстанады, экономиканың тұрақты даму жағдайында
басқа саясатты жүргізеді.
7. банк жүйесі – басқарлатын жүйе. Ол арнайы банк заңдарымен әрекет етеді
әрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарға бағынады.

Осы аталған белгілердің барлығы Қазақстанның банк жүйесіне тән. ҚР
Банктер және банк қызметі туралы заңында былайша жазылған:
1. Қазақстан Республикасы екі деңгейлі банк жүйесіне ие.
2. Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі банк
жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді.
3. ҚР Заң актілерімен анықталған айрықша құқықтық мәртебесі бар Қазақстан
даму банкісін қоспағанда барлық басқа банктер банк жүйесінің төменгі
деңгейін білдіреді.
4. Шетелдік қатысушылар банкісі – екінші деңгейлі банк, меншігінде және
басқаруында акцияның үштен бір бөлігіне ие а) ҚР бейрезиденттері, ә)
заңды тұлғалар- ҚР резиденттері, ҚР бейрезиденттерінің меншігінде және
басқаруында 50 пайыздан астам акциясына ие; ҚР резиденттері ҚР
бейрезиденттерінің қаражатына.
5. Мемлекетаралық банк – халықаралық келісімшарттың негізінде құрылған
әрі әрекет ететін банк
Банк жүйесіне, сонымен бірге, банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын банктік емес жеке мекемелер де, банк инфрақұрылымын
қалыптастыратын әрі несие институттарының өмірлік әрекетін қамтамасыз
ететін кейбір қосымша мекемелер де кіреді.
1.04.2005ж. жағдай бойынша Қазақстан банк жүйесінің құрылымы
Саны
Ұлттық банк 1
Оның аумақтық органдары 16
Екінші деңгейлі банктер 35
Оның ішінде коммерциялық банктер 34
Олардың ішіндегі шетелдік қатысушылар банкісі 6
Мемлекеттік банк 1
Шетелдердің еншілес банктері 9
Шетелдік банктердің өкілдігі 17
Қазақстан даму банкісі 1
Екінші деңгейлі банктердің филиалдары 398
Есеп айырысу-кассалық бөлімдері 1148
Аудиторлық ұйымдар 26
Жеке тұлғалардың депозитін кепілдендіретін қор 1
Ипотекалық несиені сақтандыру 1
Несие бюросы 1

Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағынсыз
құрылымы. Банктер мен ақша тауар қатынасы тарихи тұрғыда қатар дамып, бір-
бірімен тығыз байланыста болды. Банктер басқарудың барлық деңгейіндегі
халық шаруашылығымен күн сайын тікелей байланысты.
Банктер арқалы ұдайы өндіріс процесіне қатысушылардың экономикалық
мүдделері қанағаттандырылып отырды. Бұл арада банктер қаржы делдалдары
ретінде халықтың жинақ ақшасын, шаруашылық органдардың капиталын және басқа
да шаруашылық процесінен босаған еркін ақшалай қаражатты тартып, оларды
қарыз алушыларға уақытша пайдалануы үшін берді, бұл қаражатпен ақшалай есеп
айырысуды жүргізді, экономикаға басқа да көптеген қызмет түрлерін көрсетті.
Банктерге шоғырландырылған қаражат өндірістің тиімділігін арттыруға және
қоғамдық өнімдердің айналысқа түсуіне тікелей ықпалын тигізді.
Банктер нарықтық экономикада ең басты қаржылық делдалдары болып
табылады. Өз қызметінің процесінде олар ақша нарығында тауарға айналатын
жаңа талаптар мен міндеттемелерді тудырады. Банктер клиенттердің салым
ақшаларын қабылдай отырып, жаңа міндеттемені – депозитті құрады, ал жаңа
талаптың ссудасын қарыз алушыға береді.
Банктер ақшалай капиталды әр түрлі көздерден шоғырландыра отырып,
ақшалай қаражаттың жалпылама пұлын қалыптастырады әрі оларды қолданысқа
түсетін капиталға айналдырады және шарттары әр қилы несиелер талабын
қанағаттандырады.
Халық пен шаруашылық органдарына қызмет көрсететін қаржы-несие ұйымы,
несие жүйесінің жұмысы шаруашылық құрылымды дамытуда айрықша роль ойнайды.
Қаржы-несие тетігінің тиімділігі мен үздіксіз жұмыс істеуіне тек жеке
шаруашылық бірліктерінің қаражатты уақтылы алып тұруы ғана емес, сонымен
бірге ел экономикасының даму қарқынына да тәуелді.
Банк жүйесінің мақсаттары мен міндеттері негізінен тұтас
экономиканы басқарудың мақсаттары мен міндеттеріне ұқсас. Бірақ, банктер
басқарудың қосалқы жүйесі ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсаттарына
қол жеткізуді қамтамасыз ететін өзіндік ерекшелігі бар жеке міндеттерді
орындайды. Банктердің ролі экономиканы басқарудың органы ретінде өздерінің
қызметтерін орындау процесінде және банк ісін ұйымдастырудың жалпы
принциптері сақталғанда анықталады.

ІІ. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының орталық банкі
2.1 Ұлттық банктің мақсаты, міндеттері, қызметінің бағыттары
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас
органының ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық
басқарудың мемлекттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет
берген үлкен өкілеттіктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы,
сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқытарына ие банктердің банкі, соңғы
сатыдағы несие беруші ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық
саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша несие
саясаятын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Орталық банк мемлекет берген эмиссилық құқығы негізінде экономиканы
жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын
жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы бойынша
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық
банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады.
Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа
да материалдық құндылықтардын тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға.
Мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар. Бағалы қағаздардын
түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9 бабына сйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд теңге
көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен
бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк
тапқан пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында орталық банкінің
жұмысына ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
• оның капиталының қалыптасуы 100пайызға мемлдекеттің қаражаты
есебінен болатын унитарлық банк;
• акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам;
• бірлестік типтес ұйым;
• Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер
жүйесі.
Қазақтан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан
Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз
ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай
қосымша міндеттер жүктеледі:
- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға
интеграциялануы мақсаттарныа жетуге көмектесетін ақша айналысы,
несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы
мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
- Ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге
көмектесу;
- Банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін
ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде
банк несие берушілердің салымшылардың мүдделерін қорғауы.
Ұлттық банк жұмысының негізгі бағыттары:
- Елдегі несиелік рессурстарды және ақша айналысын басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкасациялауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық
операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік
инструкциялық нормативтік актілерді шығару және банктердің сеп
беруін ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау, ақша несиелік реттеудің әдістерінің
формаларын талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- елдің банк жүйесінің тәулсіз балансын жасау;
- ғылыми зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
- валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау,
біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.
Ұлттық банктің несиелік ресуртары мыналардың есебінен құралады:
- меншікті қаражаттары;
- басқа банктерден тартылған және келісімшарт негізінде Ұлттық
банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;
- Мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос
қаражаттарынан.

2.2 Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да
мәселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы және
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Ережесінің негізінде
анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат,
бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқөа да жергілікті
құрылымдық бөлімшелері бар.
Ұлттық банк ең жоғары басқару органы Ұлттық банк төрағасымен
басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның
құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен
Президенттің бір-бір өкілі және қазақстан Министрлер Кабинентінің екі өкілі
кіреді.
Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай сұрақтарды
шешеді:
- Мемлекеттік ақша-несие саясатын жасайды;
- Ұлттық банк шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді
бекітеді;
- Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың
номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
- Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының
бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
- Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау
тәртібін белгілейді;
- Сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін
бекітеді;
- Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансы
қарастырылады;
- Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және
Ұлттық банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;
- Банктер жне олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін
бекітеді.
Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге асырады.
Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.
Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың үш
мүшесінің талабымен өткізіледі.
Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік
органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа ұйымдармен
қатынастарда жұмыс істейді.
Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін
басқарады. Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма
мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіктер бере алады.
Ұлттық банк төрағасы уақытша болмаған кезде оның қызметін орынбасарларының
бірі атқарады.
Ұлттық банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып
жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол Президенттің ұсынысымен орнынан
босатылады.
Ұлттық банкінің жедел басқару органы – Директорлар кеңесі, ол Ұлттық
банк төрағасымен басқарылады.
Директорат құрамына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. Екі деңгейлі банк жүйесін құру
Жинақ банкісі
Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму жолдары
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптастыруы
Банк ісін ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
КСРО Өнеркәсіп - құрылыс банк
Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері
Алғашқы банктер
Пәндер