Көзқарасы бірдей, бауырласқан адамдар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3 - 5
I Бөлім.
1.1. Тұлғаны зерттеудің маңыздылығы және оның қоғамдық мәні.
... ... ... ...6 - 9
1.2. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы және психологиялық
сипаттамалары.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .. 10 - 16

II Бөлім.
2.1. Тұлғаның кісілік сипаттары мен психологиясының құрылымы ... ... ..
17 - 22
2.2. Тұлғаның бағыт – бағдары және оның түрлері мен психологиялық
ерекшеліктері.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 22-24
Қортынды.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 25 - 27
Қолданылған әдебиеттер.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 28 - 29

Кіріспе.
Тұлға арасындағы қарым – қатынас ойлай және сезіне
білетін адамдар арасында шынайы өмірде қалыптасатын қарым – қатынастардың
нақ өзі. Адам адаммен қарым – қатынас жасаған кезде олардың арасында, жалпы
барлығында да ортақ қызығушылық, мақсат, зат, идея т.с.с пайда болады.
Бала алғаш өмірге келгеннен бастап, адамдармен түрлі қарым –
қатынасқа түседі, сөйтіп өмір тәжірибесін, қалыптасқан дәстүр – салтты,
мәдени мұраны т.б. меңгере бастайды. Адам адамдар қоғамынсыз өмір сүре
алмайды.
Біздің қоғамымызда жеке адамның алатын орны мен атқаратын
қызметі орасан зор. Еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында Адам ресурстарын дамытуға баса назар аудара отырып,
Ана,бала, аға ұрпақ мәселесіне жете көңіл бөлген.
Біздің стратегиямыздың маңызды мәселесі – қоғамның ең бір
әлсіз қорғалған мүшелерінің: балалардың, олардың аналарының және аға
ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету. Мемлекет бұл мәселелелерді шешу
үшін қаражатты аямайтын болады.
Еліміздің өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуеті алдағы уақытта
да мұқият сақталып, дамытыла берілуі тиіс. Тұлға деп көп жағдайда дербес,
нақты адамды айтады. Ол - белгілі қоғамның мүшесі, ол қандай да болмасын
бір іспен айналысады. Оның азды – көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән іс -
әрекеті болады. Жаңа туған нәрестені адам деуге болады, бірақ жеке адам
емес. Өйткені жеке адам қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір
қоғамдық роль атқарады. Роль жеке адамның қызметі. Жеке адам қоғамнан тыс
өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым –
қатынас жасау процесінде қалыптасады. Қоғамнан, әлеуметтен тыс адам
өмірінің болуы мүмкін емес. Кез – келген адам қандай да болмасын белгілі
бір топқа кіреді.
Кез – келген жеке адам белгілі бір топқа кіреді.
Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әртүрлі топтармен,
адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым – қатынас жасайды. Ол адамның
қызмет немесе оқу орнындағы сондай – ақ өмір сүретін ортасындағы адамдардың
топтары болуы да мүмкін. Жеке адамның өзі де қоғам мүшесі, әрі әлеуметтік
тұлға.Сондықтан ол белгілі топқа жатады.
Шартты топтар әлеуметтік психологиядағы топтың екі түрі бар. Шартты
топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты қасиетіне қарай
ажыратады. Бұл топтағы адамдардың, мысалы, жас ерекшеліктеріне, ұлтына,
мамандығына сәйкес бөлінуі мүмкін.
Байланысты топ – белгілі кеңістік пен мерзім арасында мақсат –
мүдделердің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы.
Топ болып бірігуі олардың еркінен тыс сыртқы факторларға байланысты.

Шағын топ - тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір –
бірімен тікелей қатынам жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдар тобы,
мысалы, оқушылар, самолеттегі экипаж мүшелері. Шартты адамдардың тек қағаз
жүзінде ғана бар қайымдастығы, мысалы, спорт тақырыбында жазатын
журналистер, әлемнің таңдаулы футболшыларын бір тізімге топтастырады. Олар
бірігіп жұмыс істемейді, тек қағаз жүзінде топтастырылады. Нақты топ –
адамдармен бір – бірімен өзара қарым – қатынас және байланыс жасай отырып,
алға қойған мақсат – міндетін орындауға жұмылған адамдар тобы, мысалы,
ұстаздар, дәрігерлер ұжымы.
Ресми топ – мұнда мінезі, темпераменті, икемділігі, қабілеті, түрлі
психикалық жағынан ерекшелігі маңызды орын алады. Қағаз жүзіне бағынады.
Ұнату, сыйласу, достасу топты нығайтады.
Ресми емес топ – отбасы мүшелері, дос- жаран, ағайын – туыс.
Көзқарасы бірдей, бауырласқан адамдар.
Референт топ – талаптары үлгі болып саналатын, ақиқат өмір сүруші
немесе қиялдағы топ. Әрбір адамды ерекше қастерлеп, қадір тұтатын, оған әр
кез бағыт – бағдар сілтеп отыратын топ.
Топтардың даму деңгейі – ұжым. Қоғамға пайдалы қызметке, ортақ
мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыдан топтасқан адамдар
тобы.
Бұдан шығатын қортынды, жеке адам – кісінің әлеуметтік
сипаттамасы. Дамудың мұндай деңгейінде адам өзінің алдына өмірлік маңызды
мақсаттар қойып, оларды орындай алады, онда жеке көзқарас пен қарым –
қатынас, өзіндік моральдық талаптар мен бағалаулар пайда бола бастайды.
Даралық – жеке адамның өзіне тән айрықша бір сипаттамасы. Мұны әр
адамның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас ұштасуы деп түсінген
жөн. Даралық – адамның басқалардан ажырататын өзіндік ерекше өзгешелігі.
Әрбір адам айналадағы дүниені өзінше түйсініп, қабылдайды, оның есінің,
зейінінің өзіне ғана тән ерекшеліктері бар, құштарлығы мен өзіндік қиялы,
өз қызығуы мен ұнататыны, көңіл – күйінің ерекшеліктері, азды – көпті
эмоциялық тебіреністері, күшті не нашар дамыған ерік – жігері, түрлі мінез
бітістері болады. Адамның ішкі жан – дүниесі, яғни қол жеткізгісіз мені
ең тереңде жататын барынша нәзік те қиын бағдарланатыны.
Әр адам күрделі ішкі жан – дүниесі, даралық қасиеті тек қана оның
басындағы қасиет емес, сондай – ақ өзін қоршаған адамдардың әрқайссының
басында бар екенін түсініп, қашан да есінде ұстаған жөн. Егер қасымдағы
адам менен өзгеше болса, ол менен жаман адам деген қортынды шықпайды. Ол
жай басқа адам, сондықтан да өзіндік ерекшеліктерімен, жақсы, жаман
жақтарымен қоса, оны, басқа адамды, түсінуге тырысу қажет.

I Бөлім.
1.1.Тұлғаны зерттеудің маңыздылығы және қоғамдық мәні.
Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны
айрықша және ол – адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психология
адамның даралық сираттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді
мақсат етіп қояды.
Табиғаттағы ақыл – ой мен сана иесі – адамның өзіндік сипат белгілері-
оның еңбектену әрекеті, нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндігі,
дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым – қатынас жасап, әлеуметтік ортада
тіршілік ететіндігі. Осындай белгілеріне байланысты адам хайуанаттар
дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтеріледі.
Өзін қоршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын танып – білу
иесіне айналады.
Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым –
қатынастарынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де,
ересек адам да, ақыл – есі ауысқан жынды да дара адам болып саналады.
Осындай ерекшеліктерімен қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік
қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады.
Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады.
Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым –
қатынас жасайды. Осындай іс - әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық
сипаттары сомдалады, қадір – қасиеттері қалыптасады.
Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс -
әрекеттегібелсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл -
әрекеті оның мінез – құлқынан, ниет – тілегі мен бағыт – бағдарынан айқын
байқалады. Ниет – тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс - әрекет
түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді.
Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесін, психикасын сыртқа білдіріп тұрады.
Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады.
Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялық дара
өзгешеліктерін білдіретін қасиеттер – темпераменті мен мінезі, психикалық
процестерді басынан кешіруі, сезім күйлері мен іс – қимылы және қабілеті
бірдей адамдар жоқ. Даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік
қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез – құлық ерекшеліктері де
әлеуметтік ортада дамып жетіледі. Сондықтан, біз жеке адамды қоғам мүшесі
ретінде санап, оның әлеумет өміріне ықпал етіп отыратын белсенділік
әрекетін де ескереміз. Мінез бітімі, темперамент ерекшеліктері, ақыл – ой
сапасы, қызығуының басты бағыты әрбір дара адамның өзіндік психологиялық
тұрақты бейнесін жасайды. Әртүрлі құбылмалы жағдайларда адамның бір қалыпты
бейнесін осындай тұлғалық қасиеттері көрсетеді. Сондай – ақ, мұндай,
тұрақты қасиеттер жеке адамның жан дүниесі құрылымындағы даралық тұлғаны да
бейнелейді. Адам бойындағы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде
өзгеріп те, жаңа сапаларға ие болып та отырады.
Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі
ерекшелік бар.
Оның бірі - әрбір адамның құрылым мен жеке басындағы даралық
сипаттар. Бұл – адамдардың типтік мақсаттарымен байланыстытеориялық мәселе.
Екіншісі – сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты
азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда айрықша маңызды
деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып
қарастырылады. Биологиялық фактор – адамға туа берілетін табиғи анатомиялық
және физиологиялық қапсиеттер, ал әлеуметтік фактор – адамның дамып
жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тәлім – тәрбие істерінің әсері. Осы
екі фактор адамның психикалық дамуында бірін – бірі толықтырып отырады.
Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-
әрекет түрі – оның белсенділігі. Белсенділік іс - әрекетпен, оның бағдар –
мақсатымен, өмір тіршілігімен тығыз байланысты. Іс - әрекеттің белсенді
болуы жайында психологияда әр – алуан көзқарастар, пікірлер бар.
Соның бірі - Австрия ғалымы З.Фрейдтің пікірі. Ол адамның
белсенділігі инстинктті әрекеттеріне , соның ішінде жыныстық еліктеу мен
өзін - өзі сақтау инстинктіне байланысты дейді. Адам мұндай инстинкттерге
шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш – қуатын сақтап, оны басқа
мақсаттарға, мәдени қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Сөйтіп, ол өзінің
мінез – құлқын саналы түрде басқарады. Алайда, З.Фрейд пен оны жақтаушы
зерттеушілер адамның белсенділігі сол жыныстық еліктеудің шеңберінен шыға
алмайды деп Эдип комплексі дейтін мәселе көтеріп, ерте замандағы грек
жазушысы Софоклдың Эдип патша шығармасының сарынын уағыздайды.
Ғылыми зерттеулерінде кемшіліктер болғанымен де З.Фрейд адам
бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екендігін
дәлелдеп беруінің өзі үлкен жаңалық. Дегенмен, оның белсенділік әрекетінің
қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дамиды дейтін пікірін көптеген
шетелдік психологтар орынсыз деп санады. Атап айтатын болсақ, А.Кординер,
Е.Фромм, К.Хорни Фрейд көзқарастарының кемшілігін ашып көрсете алмаса да
өздерінше жаңа фрейдизм деген ағымды тудырды.
Жаңа фрейдизм ағымы адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып,
сол ортаға бейімделгіш келеді деп санады. Жаңа фрейдшілердің ойынша,
тіршілік ортасына бейімделген адам әлеуметтен өзінің ғашығын іздейді,
соған ұмтылады, билік үшін күресте беделге ие болады, адамдар тобының
ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады. К.Хорни адам қоғамнан аулақ
болып, ғашығымен мұңдасып, оңаша сырласқысы келеді дейді. Сөйтіп, жаңа
фрейдшілер адамның белсенділігін асыра дәріптеп, оған мистикалық өң
береді. Ал шын негізінде адамның белсенділік іс - әрекеттері ғылыми –
материалистік тұрғыдан қарастырылуы тиіс болатын. Белсенділік әрекет
адамның қажеттіліктерін қанағаттандырып, мұқтаждықтарын өтеу әрекетімен
ұштады. Қажеттілік – адам белсенділігінің негізгі себебі және іс -
әрекетке итермелеуші күш.
Қажеттілік қоғамдық тәлім – тәрбие ықпалымен қалыптасып, адамның
материалдық, рухани, қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Мұндай
қанағаттандыру қоғамдық – даралық сипатта болып, қажеттілік тектік
белгісіне орай табиғи және рухани - мәдени, ал сол заттарды ұстап – тұтыну
сипатына қарай материалдық және рухани қажеттіліктері болып бөлінеді.
Материалдық – заттық қажеттіліктерге тамақ, киім – кешек, тұрғын
үй, тұрмыс заттары жатады. Рухани қажеттілік адамның басқа адамдармен
әңгімелесіп, пікір алысу, білімін көтеріп, кітап, газет, журнал оқуы, өнер
түрлерін үйренуі т.б. мұқтаждықтарын қанағаттандыру арқылы жүзеге асады.
Қажеттіліктер тегі мен адам санасының тарихи дамуына орай және оларды
тұтыну объектісіне сәйкес түрлі болып бөлінеді.
Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін
ортасына қоғамдық қатынастардың тікелей әрес етуінен қалыптасып отырады.
Адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отыратындықтан
осымен бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады. Мұндай
қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі дәрежеде өсу,
жетілу процесінде дамиды.

1.2. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы және оның психологиялық
сипаттамалары.
Адам белгілі қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен
айналысады, оның азды – көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері
болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам етеді. Мәселен жаңа
туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес.
Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс - әрекет
т.б. жоқ.
Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сенімінен, талғам,
мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады.
Жеке адам – тарихи әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік
ортада (белгілі қоғамда, коллективте) ғана қалыптасады. К.Маркстің
айтуынша, жеке адам – барлық қоғамдық қатынастың жиынтығы. Жеке адам
қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек
айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады,
қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының
дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен тыс адам өмірінің
болуы мүмкін емес.
Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі
қорғаушы мотив – оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы.
Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасады.
Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше
маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары
т.б.) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті
еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері
біртіндеп дами келеді. Адам қажеттерінің дамуы – тарихи дамудың елеулі бір
кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші
болады. Адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор.
Осындай қажеттердің өтелуімен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның
сана – сезімінің өсуіне кедергі келтіреді.
Осы уақытқа дейін адамның дамуы мен қалыптасу жағдайында әр түрлі
пікірлер айтылып келді. Атақты грек философы Платон мен Атистотель адамның
дамуын алдын – ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп
дәлелдеген. Жеке адамды жан – жақты дамыту және тәрбиелеу жайлы ең алғаш
рет ғылыми тұрғыдан дәлелдеген К.Маркс, Ф. Энгельс болған. Олар қоғамның
даму заңдылықтарын ашып, адам баласының прогресс жолымен алға басуының
мақсаты қоғамды орнату деп ашып көрсетеді. Даму жеке адамды жетілдірудің
өте күрделі және диалектикалық процесі, баланың адамгершілік, әуестік,
белсенділік және батылдылық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады.
Өйткені оның оның дамып жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие әсер
етеді.
Даму мен тәрбие процесінде түрлі өзгерістер болып отырады.
Павловтың ілімі бойынша, даму - ішкі нерв процесінің және сыртқы
жағдайларының өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал етуі.
Адамның дамуы өте күрделі пороцесс. Адамның дамуына әлеуметтік және табиғи
орта ықпал етеді. К.Маркс және Ф.Энгельс адамның практика процесінде
ортаға белсенді әсер ететін өз өмірін қалауынша реттей алатын жағдайын
дәлелдеп көрсетті. Жеке адамның дамуындағы басты факторлардың бірі –
тәрбие.
Жеке адам - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс - әрекетті жүзеге
асырушы нақты қоғамның мүшесі. Өзін басқалардан ажырата білетін өзінің кім
екенін түсінетін есі кірген ересек адам. Адам қоғамнан тыс тәуелсіз өмір
сүре алмайды. Өйткені оның тәні де, жаны да, айналасындағылармен қарым –
қатынас жасау үстінде тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән
– мағынасына ие болады. Адам санасының дамып, өсіп – жетілуі оның ортасымен
(отбасы, мектеп т.б.) тығыз байланысты. Әлеуметтік әсері тимейтін
әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам болмақ емес.
Жеке адам оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ерте кезде
Грецияда п.б. Ең әдепті кезде п.б. жайылған теориялардың бірі –
материалистік теория. Мұны жақтаушылар Греция философтары Аристарах, Этекур
бұл теория бойынша адамның әрекеттері қылықтары оның жағымды сезімдерге
ұмтылып, оларды қайтарып тастаумен байланысты. Олардың айтуы бойынша адам
өзінің тұрмысына, тіршілігіне әрқашанда сезімді тудырып, сол сезімдер үшін
әрекет ету, соған ұмтылу жөнінде жағымсыз сезімдерді жоюға талпынады.
Бұл теорияны жақтаушылар 18 ғ Француз материалистері,
ағартушылары болып табылады. Олар жағымсыз сезімге қарсы шығып, дүниенің ең
қызығы ешбір алаңсыз өмір сүріп, дүниенің бар қызығушылығын көріп қалу, сол
себептен адамдар өздерінің тұрмысына жағымды сезімдерге көбірек ұмтылып,
оларды қайтарып тастау керек дейді.
Француз психологтары мұқтаждық туралы физиологиялық теорияларға
негіз салды.
Адамның мұқтаждығын, қанағатын адамның орнынан басқа мұқтаждық
қолда болды. Оның өмір сүруіне әрекет етуіне өте керекті шарт болып
табылады. Мұқтаждық я қажеттілік адамның болсын қоғамдық болсын
прогрессивтік түрде өсіп алған дамып кетуіне өте керекті болып табылады.
Адам өмір сүруіне керекті жағдайларды және негізгі мұқтаждықтарды 2 – ге
бөлуге болады.
1. Материалдық мұқтаждықтар. Оларға айрықша баспана киім – кешек
т.б. Осы сияқты нәрселер еніп отырады.
2. Рухани мұқтаждық. Бұларға адамның басқа адамдармен қатынасы
қоғамда болуы, бостандықта болуы, өзін еркін сезінуі т.б. кіреді.
Адамның мұқтаждығы адамның әрекетін меңгеріп, басқарып отырады.
Ынтығу, құмарту. Адамның қызығуларын соқыр сезімге алып барып теңейді.
Адамның қызығулары ерте бастан нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстинкттер
ретінде ата – анасынан баласына көшіп отырады. Қызығу мұқтаждықтан
болмайды.
Бірінші теория қызығуды биологиялық жақтан түсіндірсе, екіншісі –
меналистік биксоризм (қылық психологиясы) принципімен араластырады.
Қызығу оқу, тәрбие жұмысында өте керекті шарттар болып табылады. Олар
неге қызығатынын ерте бастан ескеріп, алдына мақсат қойып, сол мақсаттарын
жүзеге асыру үшін әрекет етеді. Олардың белсенділігін арттырып, көңіл –
күйін де көтереді. Сол себептен жоғарғы класс оқушыларының арасындағы
мамандық таңдау мәселесі жөнінде түрлі мәселелерді әңгімелер жүргізіп,
балаларға әрбір мамандықтың қандай екендігін, оның айрықша өзгешелігін
түсіндіріп отыруы қажет және оларды жоғарғы оқу орнына алып барып ондағы
факультет, лабораториялармен таныстырып отырған жөн. Балаларды
тәрбиелегенде мынадай жағдайларды ескерген дұрыс.
1. Балаларда танымдық қызығулар дами және оқу сапасын жақсарту керек. Оқу
мазмұнды, идеялар тартымды келген жөн.
2. Баланың көркем әдебиетті көбірек оқу жағын қарастыру керек, себебі осы
арқылы оқушылар көп нәрсемен танысады, көп білім алады, сөйтіп, оқуға
деген қызығуы артады.
3. Баланың өз бетімен дербес жұмыс істейтін жағын үйретіп, олардың
оқуының, еңбегінің мәдени түрде жүзеге асыру жағын қарастырып отыруы қажет.
Түрлі шараларды көлденең қолданып мұғалімдермен баланың сабағының артта
қалмауын қарастырған жөн.
4. Баланың білімі әруақытта жүйелі түрде де бағаланып отыруы тиіс.
Бағаның нәтижесін өздеріне айтып, талапты, зерек балаларды мадақтап отырған
дұрыс.
5. Мұғалім балалардың оқуын, тәртібін бағалау мәселесіне жауапты қарағаны
жөн. Мұғалімнің оқушыға қандай қате бағасы, оларға қатты әсер етеді,
олардың көңілін қалдырады. Мұндай жағдайда бала сабағын дайындамайтын және
мұғалімге сенбейтін болады. Мектеп жасына дейінгі баланың қызығулары оның
әрекетіне байланысты болғандықтан, онша тұрақты болмайды. Олар бүгін бір
нәрсеге, екінші күні екінші нәрсеге қызығуы мүмкін.
Бұл жастағы балалар көбінесе өзіне лайықты әсер еткен заттарға көңіл
бөліп қызығып отырады. Мектеп жасындағы балалардың қызығулары тұрақтала
бастайды. Олар әр нәрсеге әуес болуы, көп заттарды білгісі келіп, ол зат
неге олай екенін түсінгісі келеді. Көбінесе жүзеге асатын заттарға,
болмыстарға қызығады, бұлардың қызығуы тұрақты келеді.
Жеке адамның психологиялық бейнесін немесе адамның психологиялық
құрылымын зерттеп білу басты үш мәселені қамтиды.
1. Адам өмірден нені қалайды, оған не нәрсе тартымды, қызықты, ол не
нәрсеге талпынады? Бұл жеке адамның бағыттылығы туралы, оның қажеттіліктері
мен мүдделері туралы мәселе.
2. Оның қолоынан не істеу келеді? Бұл – адамның қабілеттері туралы
мәселе.
3. Мұның өзі кім, қандай адам? Бұл – мінез бітістері туралы мәселе.
Үш мәселенің әрқайсысының мән – мағынасын түсінуде оны дербес
ашып көрсету қажет.
Жеке адамның бағыттылығы. Жеке адамның бағыттылығы негізінде, оның
белсенділігінің басты көзі болып табылатын қажеттілік жатыр. Қажеттілік –
адам организмінің тіршілігін сақтау үшін, оның жеке басының дамуы үшін
қажетті мұқтаждықтарын сезініп, қамдануы.
Бұл жерде біздің организміміздің мұқтаждықтарымен байланысты табиғи
қажеттілік (аштық, шөлдеу, жыныстық қажеттіліктер), әлеуметтік (белгілі
топқа жатуы, тиісті бағалану қажеттілігі т.б.) және рухани (білімге,
өнерге, шығармаға т.б. талпыну) қажеттіліктер туралы сөз қозғауға болады.
Жеке адамның қалыптасуы мен оның қажеттіліктерінің дамуымен
байланысты. Жеке адамның неғұрлым елеулі қажеттіліктеріне басқалармен
қарым – қатынас жасау, басқа адамдардың сеніміне ие болу, еңбекті,
махаббатты, достықты керексіну, ұжымда лайықты орын алу, рухани даму
қажеттіліктері жатады. Әрбір адам қажеттіліктердің қайталанбас ұштасуымен
сипатталады. Жеке адамның қоғамдық құндылығы көп жағдайларда онда қандай
қажеттіліктер басым екендігімен, адам не үшін өмір сүріп,
әрекеттенетіндігімен анықталады.
Психолог А.Н. Леонтьев Жеке адам тек тұтыну аясында ғана дами
алмайды, оның дамуы шексіз – шетсіз қажеттіліктердің ауысып – алмасуына да
тәуелді болады - дейді.
Адам қажеттіліктері оның қылықтары мен іс - әрекетінің ішкі
түрткілеріне, яғни себептеріне айналады. Адамның кез – келген нақтылы
әрекетіне талдау жасағанда қашан да қылықтары мен әрекеттерінің себептері
жайлы сөз болады. Біз адамның мінез – құлқының себептерін, оның не үшін
осылай істегендерін білмейінше, оның белгілі бір қылығына ешқашан баға
бере алмаймыз. Сырттай біркелкі көрінгенімен, мінез – құлықтың себептері
түрліше болуы мүмкін. Мәселен, кітапты оқу үй тапсырмасын орындау үшін
ғана қажет, ал қызғылықты екен, басқалар оқып қойыпты мен олардан кеммін
бе дейтін жағдайларда қорқыныш сезімінен туындайтын ынта мен борыш жақсы
баға немесе мақтау алуға талпыныс түрткілері бірдей емес.
Себеп адамның не үшін күш жұмсайтындығынан байқалады. Мәселен,
белсенді қоғам жұмысын әртүрлі мақсатпен орындауға болады: өзіңнің қоғамдық
борышыңды өтеу, сынып, мектеп өмірін қызғылықты ету, айналадағы адамдарға,
жолдастарға жәрдемдесу, өзіңнің қабілетіңді сынап көру жолында қандай да
болмасын бір істі ұйымдастыру, шара қолдану, жолдастарың арасында
жетекшілік жағдайға ие болу т.б. үшін.
Адамның бүкіл мінез – құлқы секілді, оның әрекетіне бір мезгілде
бірнеше түрткі болады. Мұндайда негізгі, жетекші себепті табу қажет болады.

Жеке адамның негізгі қасиеттері де адамда қандай бір қажеттіліктер мен
себептердің басым болатынына байланысты, өйткені адамның кез – келген
қасиеттерінің негізінде қажеттіліктің белгілі бір түрі жатады.
18 ғасырдағы энциклопедигі Д.Дидро адамның адалдығы не арам пиғылдығы
оның ісінен ғана емес, сондай – ақ оның талап – тілегінен де аңғарылады
деген. Жазушы оқырмандарға өз қаһарманының жеке басының мәнін, оның ішкі
жан дүниесін, рухани бейнесін ашып беру үшін өз кейіпкерінің жекелеген іс -
әрекетін көрсетеді, осындай істерге бастаған себептер туралы қайтсе де
баяндап береді. Адамдар мен олардың өз ісіне қалай қарайтындарының
себептерін салыстыруға болады.
Одан әрі жеке бастың біртұтас бағыттылығының әр жағы ретіндегі оның
қызығуын, талпынысын, мақсатын, сенімін, дүниеге көзқарасын сипаттау керек.
Қызығу адам үшін әрқашан эмоциялық тартымдылық тудыратын бір затқа
бағытталады. Адамның қандай да бір нәрсеге – оқуға, ғылымға, өнерге,
спортқа, еңбек әрекетіне қызығуы соған сай іс - әрекетке талпындырады.
Қызығу ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топтар арасындағы қарым - қатынас психологиясы
Ұрпақ тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың ролі
Композициялық шығарманың түстік үйлесімі
Оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
Ұлттық салт-дәстүрлер негізінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі әдістемелік нұсқау
Қазақ жеріндегі радионың пайда болуы мен даму кезеңдері
Тұлғаның даму процестері
Халықтық педагогикасының бала тәрбиесінде алатын орны
Жұмекен Нәжімеденовтің философиялық лирикасы
Жеке адамдар арасындағы қарым – қатынас
Пәндер