Адамды кепілге алуға қарсы қылмыстар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-5
І-тарау. қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарға ЖАЛПЫ
СИПАТАММА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі,
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-12
1.2 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік орнататын
заңдардың даму тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-20
ІІ-тарау.ҚАУІПСІЗДІКТІН АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУМЕН БАЙЛАНЫСҚАН
ҚЫЛМЫСТАР ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.1 Қоғамдық тәртіпке қарсы
қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 21-22
2.2 Адамды кепілге алуға қарсы
қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...22-25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 26-27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..28-29

КІРІСПЕ

Конституциямыздың 1 – бабына сәйкес Қазақстан Республикасы
өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары.Қазақстан халқын толғандыратын мәселелердің қатарында
соңғы жылдары әрбір азаматтың өмір сүруіне қауіпсіз жағдайлар қалыптастыру,
бостандық және жеке басқа қол сұғушылық конституциялық құқығын сенімді
қорғауды қамтамасыз ету мәселелері де алдыңғы қатарға шыға бастады.
Азаматтардың конституциялық құқықтарына қылмыстардың ауыр және ерекше ауыр
санаттары ең үлкен зиян тигізеді. Адамды кепілге алу қылмысы да осы санатқа
жатады.Қылмыстылықпен тиімді күресуге ықпал ететін бағыттардың бірі –
қылмыстық заңнаманы жетілдіру, атап айтқанда адамды кепілге алу үшін
қылмыстық жауапкершілікті бекітетін бөлігінде. Қазақстан Республикасының
қылмыстық заңнамасын жетілдіру бірқатар бастапқы қылмыстық – құқықтық
ережелерді қайта қарастырумен қатар, қылмыстық – құқықтық нормаларды
қалыптастыру үшін елеулі маңызы бар салыстырмалы түрде жеке мәселелерді
шешуді талап етеді. Олардың бірі - қылмыстық кодекстің ерекеше бөліміндегі
кейбір нақты нормалардың құрылымдарын нақтылап анықтау қажеттілігі. Бұл
адамды кепілге алу құрамына да қатысты. Сондықтан да берілген тақырып
қазіргі таңда өзекті болып табылады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты-Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің 234 – бабында бекітілген адамды кепілге алу құрамына заңдық
талдау жүргізу, бұл норманы қолданудың тиімділігін арттыру жолдарын
қарастыру.
Берілген мақсатқа сүйене отырып келесі міндеттер қойыған:
- қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік орнататын
заңдардың кеңестік дәуірде және қазіргі заңнамада даму тарихын талдау ;
- қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру түрлерін
көрсету ;
- адамды кепілге алу қылмысына қылмыс құрамының элементтері (объект,
объективті жағы, субъект, субъективті жағы) бойынша талдау жүргізу.
Берілген курстық жұмыстың әдістемелік негізін қазақстандық және
ресейлік авторлардың еңбектері, Қазақстан Республикасының қылмыстық
заңнамасы, мерзімдік басылымдардан алынған материалдар құрады.

І тарау. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі, түрлері

Әрекет етуші Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қоғамдық
қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық
жауаптыық көздейді. Бұл тарауға заң шығарушы қылмыстардың 26 құрамын
енгізген. Әрекет етуші қылмыстық кодексте қоғамдық қауіпсіздіктің
анықтамасы берілмеген.Қауіпсідік ұғымы әлдекімге әлденеден қауіп
төнбейтін жағдай, қауіптіліктің болмауы, амандық, сенімділік дегенді
білдіреді.Сәйкесінше қауіпсіздік адамдармен біршама сипаттама,
қажеттілік, адамға арналған игілік ретінде жасалған құнды және қол жетерлік
әлдене болып табылады. Мұның барлығы заңмен сенімді қорғалуы тиіс екеніне
күмән жоқ. Осы қорғалатын объектінің маңыздылығын басшылыққа ала отырып
Қазақстан Республикасында заң шығарушы кең мағынадағы қоғамдық қауіпсіздік
ұғымын берген арнайы нормативтік акт – ұлттық қауіпсіздік туралы заң
қабылдады.қоғамдық қауіпсіздік – Қазақстан азаматтары өмірінің, денсаулығы
мен берекетінің, сондай-ақ Қазақстан қоғамы құндылықтарының оларға залал
келтіре алатын, ықтимал қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі. Қоғамдық
қауіпсіздік ұғымы, атап айтқанда, экология, өндіріс, көлікті пайдалану
сферасындағы қауіпсіздікті қамтиды және, сондытан, оның түрлерін қылмыс
құрамдарын біріктірудің жеке негіздері ретінде ажырату қылмыстық – құқықтық
қорғаудың берілген объектісі ұғымының көлемі мен мазмұнын қайта қарауға
әкеп соқпауы тиіс. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ерекше
бөлімінде қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар деп аталған іс-
әрекеттерге іс жүзінде бір-бірімен объектілері және қауіптің қайнар көзі
бойынша ажыратылатын қоғамдық қауіпсіздіктің белгілі түрлеріне қол
сұғатындары ғана жататынын белгілеп өту қажет.Егер қауіптің қайнар көздерін
олардың ішкі энергиясының нысандарының ерекшеліктері бойынша жалпылама
түрде жіктесек, келесілерді ажыратуға болады:
а) әлеуметтік (бір немесе бірнеше адамның мақсатты бағытталған, қоғама
қауіпті іс-әрекеті);
ә) физикалық (жылу, элект, т.б. энергиялар), химиялық (мысалы, жарылғыш,
уландыратын заттар), физика-химиялық (атап айтқанда, атом қондырғылары);
б) биологиялық (жабайы аңдардың, микроағзалардың ықпал етуі) қайнар көздер.
Қылмыстық кодекстің Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы
қылмыстар тарауы тұрғысынан қауіптің әлеуметтік қайнар көздерін терроризм,
адамды кепілге алу, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау,
әртүрлі қылмыстық құрамаларды ұйымдастыру, жаппай тәртіпсіздіктер, теңіз
қарақшылығы, т.б. сияқты жаалайтын іс-әрекеттер жатқызылуы тиіс.Әрине,
негізінен тұлғаның кез-келген қоғамға қауіпті мінез-құлқы әлеуметке қарсы
сипатта болады. Алайда, берілген жағдайда тұлғалардың анықталмаған
шеңберіне зиян келтіруге қабілетті және өздігімен жоғары қауіптің қайнар
көзі болып табылмайтын заттарды пайдалану ережелерін бұзумен байланысты
емес қылмыстық мінез-құлық туралы ғана айтылып отыр. Бұл мағынада Қылмыстық
кодекс қоғамдық қауіпсіздікке қолсұғушылықтардың қандай топтарын көрсетіп
отыр.Бірінші топқа азаматтар, қандайда бір ұйымдардың немесе мемлекетің
өкілдерінің санасына ықпал ету құралы ретіндегі нақты әрекеттермен
нығайтылған қорқытуды пайдалана отырып жасалған іс-әрекеттерді жатқызуға
болады. Бұрын әрекет еткен қылмыстық заңдылыққа мұндай құрамдар ұзақ уақыт
ойы мүлдем белгісіз болды және 1990-шы жылдардың басында ғана терроризмнің,
терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаудың, адамды кепілге алудың
жазаланатындығы көзделді. Қолсұғушылықтардың бұл түрін құрайтын кез-келген
іс-әрекетті жасау зиян келтіру қауіпін туындатады және мемлекетті,
ұйымдарды немесе азаматтарды үрейлендіруге бағытталады. Қолсұғушылықтардың
бұл түрін шартты түрде айналадағыларға психикалық ықпал ету мақсатында
жасалатын қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар деп атауға болады.
Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық
ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу, заңсыз
әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру да белгілі бір тұлғалар шеңберіне
қатысты күш қолдану қауіпімен байланысты. Оның ерекшелігі берілген жағдайда
қорқыту келістірілген күштеу іс-әрекеттерін жасауға қабілетті мемлекетпен
бақыланбайтын ұйымның әрекет ету фактісімен байланысты
екендігінде.Айналадағылар үшін қауіптің әлеуметтік қайнар көзі болып
табылатын іс-әрекеттер тобы қоамдық тәртіпке қарсы қылмыстар деп аталады.
Жоғарыда аталып өткендей, бұрын олардың қатарына едәуір көп қылмыстар
жатқызылған. Алайда, олардың бір бөлігі 1990-шы жылдардың басында
декриминализацияланды. Жаңа қылмыстық заңдылық қоғамдық қауіпсіздікке қарсы
бағытталған деп есептеген бірқатар қылмыс құрамдарын (өлтірумен,
денсаулыққа ауыр зиян келтірумен немесе мүлікті жоюмен қорқыту, көрінеу
қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, кәмелетке толмаған
адамды қылмыстық іске тарту және т.б.) ерекше бөлімнің өзге тарауларында
көздеді. Нәтижесінде көптеген авторлар, қоғамдық тәртіпті бұзумен тек қана
бұзақылық пен тағылықты байланыстыра бастады. Сұрақтың осылайша шешілуін
қолдай отырып мінез-құлық ережелерін өрескел бұзумен ұштасқан қоғамды анық
құрметтемеу жаппай тәртіпсіздіктер үшін жауапкершілік белгілейтін бапта де
көзделгенін атап өту қажет. Сонымен қатар, теңіз қарақшылығы мен әуе немесе
су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сонымен бірдей,
қолға түсіру белгілері бар құрамдарды ерекше топқа ажыратуға болады. Жаңа
Қылмыстық кодекс жоғары қауіптің қайнар көздерінің екінші түрін (физикалық,
физико-химиялық, химиялық) пайдаланумен байланысты қылмыстардың
жазаланатындығын белгілейтін баптарға өзгерістерді едәуір аз енгізді.
Қауіпсіздік ережелерін бұзатын қолсұғушылықтардың дербес тобы ретінде
келесі ережелерді сақтамауды атап өту қажет:
а) жұмыстар жүргізу (құрыыс, тау-кен, жарылыс қауіпі бар объектілерде және
т.б.);
ә) тез тұтанатын, арылыс қаупі бар заттарды, пиротехникалық бұйымдарды және
радиоактивті материалдарды ұстау;
б) қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды сатып
алу, өткізу, сақтау, тасымалдау және алып жүру.
Қылмыстық кодекстің 9 тарауының атауы бұл қылмыстардың топтық объектілері
қоғамдық қауіпсіздік (ҚР ҚК-нің 233-256-баптары) және қоғамдық тәртіп (ҚР
ҚК 257-258- баптары) болатынын көрсетеді.Қоғамдық қауіпсіздік дегеніміз
тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерін қауіптің
мүмкін қайнар көздерінен қорғалған жай-күйін қамтамасыз ететін механизм
болып табылатын экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық
сипаттағы шаралар жүйесі.Қоғамдық тәртіп дегеніміз қоғамдық тыныштықтың жай-
күйін, азаматтардың қоғамдық орындардағы лайықты мінез-құлқын, ұйымдардың,
мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық және жеке көліктің қалыпты жұмысын,
жеке басқа қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар
жиынтығы.Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың
объективті жағы әдетте әрекет жолымен жүзеге асырылады. Мысалы, бандитизм
ҚК 237-б жапай тәртіпсіздіктер ҚК 241-б бұзақылық АК 257- б.. кейбір
қылмыстар тек қана әрекетсіздік жолымен жүзеге асырылады. Мысалы, атыс
қаруын ұқыпсыз сақтау ҚК 253-б. қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе
жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау ҚК
254-б кейбір қылмыстар әрекет жолымен де, әрекетсіздік жолымен де жасалуы
мүмкін. Мысалы, жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу
ҚК 246-б, радиоактивті материалдармен жұмыс істеу ережелерін бұзу ҚК 249-
б.Бұл тараудағы қылмыстардың бірқатары құрамы бойынша формальді болып
келеді. Мысалы, заңсыз әскерилендірілген құрамына ұйымдастыру ҚК 236-б
бандитизм ҚК 237- б,бұзақылық ҚК 257- б және т.б.Бірқатар қылмыстар
құрамдары бойынша материалдық болып келеді. Мысалы, радиоактивті
материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу ҚК 248-б, тау-кен немесе құрылыс
жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бзу ҚК 245- б, атыс
қаруын ұқыпсыз сақтау ҚК 253- б, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (ҚК 256-б
және т.б.Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың
көпшілігі кінәнің қасақана түрімен сипатталады. Жекелеген қылмыстар
абайсыздықпен жасалуы мүмкін. Мысалы, атыс қаруын ұқыпсыз сақтау ҚК 253-
б.Бұл қылмыстардың субъектілері болып 16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс жеке
тұлғалар танылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 15 бабына сәйкес кейбір қылмыс
құрамдарының субъектілері болып 14 жасқа толған тұлғалар танылады, бұл ҚК-
тің 233, 234, 242, 255, 257-б. 2,3 –т, 258 баптар. Кейбір жағдайларда
тұлғаны қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың
субъектісі деп тану үшін ол арнайы белгілерге ие болуы керек. Мысалы, ҚК-
тің 254,256 баптары және т.б Қолсұғушылықтың тікелей объектісіне байланысты
ҚР Қылмыстық кодексінің 9 тарауына кіретін барлық қылмыстарды келесі түрде
жіктеуге болады:
1) қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар: терроризм (233 – б.), адамды
кепілге алу 234-б, ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық
қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық
қоғамдастыққа қатысу 235-б, заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру
236- б, бандитизм 257- б, үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс
құралдарын басып алу 238-б, әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол
составын айдап әкету, сонымен бірдей қолға түсіру 239- б, теңіз қарақшылығы
240- б, жаппай тәртіпсіздіктер 241- б, терроризм актісі туралы көрінеу
жалған хабарлау 242 –б, жаппай зақымдау қаруын, қару – жарақ және әскери
техника жасау кезінде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми – техникалық
ақпаратты және қызметтерді заңсыз экспорттау 243 - б.
2) жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзумен байланысты
қылмыстар: атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу 244
– б, тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік
ережелерін бұзу 245-б, жарылыс қауіпі бар объектілерде қауіпсіздік
ережелерін бұзу 246 – б.
3) жалпы қауіпті заттарды ұстау ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар:
радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істу 247-б, радиоактивті
материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу 248-б, радиоактивті материалдармен
жұмыс істеу ережелерін бұзу 249- б, айналыстан алынған заттардың
контрабандасы 250-б, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш
құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып
жүру 251-б, қаруды заңсыз жасау 252-б, атыс қаруын ұқыпсыз сақтау 253-б,
қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды күзету
жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау 254-б, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш
заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу 255-б, өрт қауіпсіздігі
ережелерін бұзу (256 – б.).
4) қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар: бұзақылық (257 – б.), тағылық (258-
б.).
Соңғы бірнеше жылда адамдарды кепілдікке алумен байланысты қылмыстардың
өсуі байқалуда. Босатудың шарты ретінде ақша және қандай да бір іс-
әрекеттерді орындауды талап ету мақсатында балаларды ұрлау сияқты
адамгершілікке жатпайтын қылмыстар санының өсуі байқалғаны туралы баспасөз
беттерінде аталып өткен болатын.
1998 жылы төрт қазақстандық кепілге алынды. 1999 жылы 14 қазақстандық
кепіле алынып, 59 адам ұрланды. Адамдар заттар сияқты сауда пәніне
айналды1.
Ресейде адамдарды кепілге алу динамикасын келесі сандар сипаттайды: 1990
жылы адамды кепілге алудың бір фактісі тіркелді, 1991 жылы – 0, 1992 жылы –
3, 1993 жылы – 51, 1994 жылы – 118, 1995 жылы – 113, 1996 жылы – 99, 1997
жылы – 114. Заңды күшіне енген үкімдер бойынша Ресей Федерациясының барлық
соттарымен сотталған адамдар саны: 1991 жылы – 0, 1992 жылы – 0, 1993 жылы
– 15, 1994 жылы – 93, 1995 жылы – 88, 1996 жылы – 62, 1997 жылы –
1122.Тіркелген қылмыстар және қылмыстық қудалау органдары қызметінің
нәтижелері туралы статистикалық есепте берілген Бас Прокуратураның
мәліметтері бойынша 1998 жылы Қазақстан Республикасында қарастырылып
отырған қылмыстың 6 фактісі, 1999 жылы 15 фактісі тіркелді. 1998 жылы сотқа
3 қылмыстық іс, 1999 жылы 14 қылмыстық іс жіберілді. Мысалдар ретінде
келесілерді келтіруге болады: 1973 жылы Внуково әуежайында бортында 40
жолаушысы бар ұшақты кепілге алу, 1979 жылы Мәскеудегі Америка Құрама
Штаттарының елшілігінде территористі жою, 1988 жылы Орджоникидзе Якинянц
бандасының 31 оқушы мен мұғалімді кепілге алды, 1993 жылы Ростов қаласында
11 баланы кепілге алу, 1994 жылы Минералды сулар әуежайында адамдары бар
автобусты кепілге алу, 1997 жылы – Мәскеудегі Швеция елшілігінің өкілін
кепілге алу1. Өкінішке орай бұл тізімді жалғастыра беруге болады.Адамды
кепілге алуды жалпыға қауіпті қылмыстардың қатарына жатқызу субъективті
негізделген, себебі кінәлілер олардың іс-әрекеттерінің мақсаты болып
өздігімен адамды кепілге алу емес, мемлекет, ұйым немесе азамат тарапынан
белгілі бір іс-әрекеттерді орындау немесе орындамау табылатынын сезінеді.
Кепілге алынған адамның тұлғасы кінәлілерді өздігінен емес, белгілі
адресатқа ықпал ету құралы ретінде қызықтырады. Сәйкесінше қылмыс жасалған
жерде қандай да бір себептермен болған кез-келген адамдар кепілге алынуы
мүмкін.Заң шығарушы адамды кепілге алудың сипаты мен қоғамдық қауіптілік
дәредесін ескере отырып оны ауыр қылмыстар қатарына, ал саралаушы мән-
жайлар болғанда (ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т.) ерекше ауыр қылмыстар қатарына
жатқызуды және 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны
көздеді.Көпшілік Батыс елдерінің заңдылықтары адамдарды кепілге алу үшін
жоғарылатылған қылмыстық жауаптылықты көздейді. Мысалы, Америка Құрама
Штаттарында ұшақ бортында орын алуы мүмкін құқыққа қарсы іс-әрекеттерді
толық қарастырған Монреаль Конвенциясының негізінде қабылданған әуе
кемелеріндегі диверсиялар туралы федералдық заң әрекет етеді. АҚШ-та,
орташа есеппен, әуе терроризмі және адамды кепілге алу үшін үкімдер 28
жылға жазаны көздейді.Германияның Қылмыстық кодексі адамды кепілге алу үшін
кемінде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті
көздейді.Францияда 1971 жылы адамды кепілге алуға кінәлі деп танылған
тұлғаларды өмір бойға бас бостандығынан айыру туралы заң қабылданды.Атап
өтуіміз қажет, кінәліліредің әрекет ету тәсілдері, кез-келген қоғам
мүшесінің кепілге алынған адам ролінде болу мүмкіндігі, келтірілетін
зиянның әр түрлі болуы – мұның барлығы қоғамдық тыныштық атмосферасына
ықпал етеді, азаматтарда өздерінің қауіпсіздігіне сенімсіздік сезімін
туғызады.

2. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік орнататын
заңдардың даму тарихы

Қазіргі әрекет етуші Қылмыстық кодекс қоғамдық қауіпсіздікке қол
сұғушылық ретінде қарастырған іс-әрекеттер ең алғаш рет қылмыстық және
түзеу жазалары туралы Заңдар жинағында жеке топ ретінде ажыратылды. Бұл
Заңдар жинағының Қоғамдық жайластырушылыққа және қоғамдық орындардың
бекіткен тәртіп ережелеріне қарсы қылмыстар және теріс қылықтар туралы
бөлімінде Қоғамдық тыныштықты, тәртіпті және оларды қорғайтын ережелерді
бұзу туралы деп аталатын тарау болды. Жазаланатындығы І Петр заманынан
белгілі кейбір әрекеттерді, Ғажайыптарды, ырымшылдықты немесе надандықты
пайдалана отырып зиян келтіру криминализациялауда мирасқорлықты сақтай және
бұл тараудың баптарын бөлімдер бойынша топтай отырып, заң шығарушы
сиқырлаушылық, жаман ойлы топтар құру және притондар ұстау, зиянды
хабарлар тарату, куәнің жалған жауап беруі және халықты тұрғылықты жерінен
көшуге көндіру түріндегі әрекеттер қоғамдық тыныштықты бұзумен тікелей
байланысты екендігін басшылыққа алғаны анық. Ал, қоғамдық тәртіпке келсек,
оған қарсы әрекеттер ретінде қаңғыбастықпен, қайыр сұраумен айналысатын,
белгілі бір елді мекендерде тұруға рұқсаты жоқ тұлғалар тарапынан жасалатын
құқық бұзушылықтар ғана емес, сонымен қатар қаруды, оқ-дәрілерді және т.б.
заңсыз дайындау, сақтау және өткізу, адамға итті немесе қандай да бір
жануарды айдап салу танылды. Мұндай қол сұғушылықтардың кеңірек шеңбері
1903 жылғы Қылмыстық Заңдар жинағында бекітілді.Екі негізгі түрге тоқтала
отырып, оларға ерекше бөлімнің жеке тараулары арналды: бірі Қоғамдық және
жеке қауіпсіздікті қорғайтын ережелерді бұзу туралы, екіншісі Қоғамдық
тыныштықты қорғайтын ережелерді бұзу туралы деп аталады. Бірінші тарауға
қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз жасау, сатып алу, сақтау
немесе өткізу; адамға жануарды айдап салу; қауіпсіздік ережелерінің
жекелеген түрлерін сақтамау: ацетиленді және кальций – карбидті ұстау,
жарылғыш құрылғыларды (бу қазандарын) пайдалану, көлік құралын жүргізу
(мысалы, абайсыз немесе шектен тыс жылдамдықты асыру, ат тізгінін көрінеу
қабілетсіз немесе мас адамға ұстату), жабайы аңды ұстау, спирт ішімдіктерін
сату.Бұл тарауда өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтамау туралы да
айтылды: темекі тартуға заңмен, немесе, міндетті ережемен тыйым салынған
жерде темекі тарту үшін және темекі тартуға тыйым салынатындығы туралы
ескертуге қарамастан өрт немесе жарылыс қауіпін тудыратын жерде темекі
тарту үшін жеке санкциялар көзделді.
Екінші тарау негізінен өзге іс-әрекеттердің белгілерін қамтыды (қылмыстық
қауымдастықтар құру, притондар ұстау, зиянды хабарлар тарату, қаңғыбастық
және т.б.). Бірақ бұл тарауға да бірнеше жаңа құрам енгізілді, оның ішінде,
сотқарлық: қоғамдық орында немесе қоғамдық жиында, немесе олардан тыс,
бірақ қоғамдық тыныштықты немесе тәртіпті бұза отырып айқай, шу көтеру
немесе өзге де жүгенсіздік жасау, кейіннен бұл әрекеттер бұзақылық
терминімен белгілене бастады.1922 жылғы алғашқы кеңестік Қылмыстық кодекс
ерекше бөлімнің баптарын жалпылама топтауға негізделді. Осыған байланысты
бір тарауға қылмыстық – құқықтық қорғалуға жататын үш объектіге қол
сұғушылықтар біріктірілді: халықтың саулығы, қоғамдық қауіпсіздік және
көпшілік тәртіп. Заң шығарушы жоғарыда аталған бірқатар іс-әрекеттердің
жазаланатындығын жоққа шығарып жекелеген қылмыстарды қылмыстық – құқықтық
бағалаудың бағытын қайта қарап оларды берілген тараудан алып тастау мүмкін
деп есептеді. Мысалы, сәйкес рұқсатсыз жарылғыш заттарды немесе оқ-
дәрілерді жасау, сатып алу, сақтау немесе өткізу жағдайлары қылмыстық
жауапкершіліктің дербес негізі ретінде ажыратылып басқару тәртібіне қарсы
қылмыстармен тікелей байланыстырылды. Атыс қаруын заңсыз сақтау
бұрыңғысынша қоғамдық қауіпсіздік мүдделерін қылмыстық жазаланатын
бұзушылық ретінде қарастырылғанын атап өту қажет. Қоғамдық қауіпсіздік
мүдделерін қорғау Ерекше бөлімнің тағы да екі бабын қалыптастыру кезінде
көзделді: олардың бірінде темір жол және су жолдарында жүру тәртібі мен
қауіпсіздігін қорғау үшін арналған ережелерді сақтамау туралы, екіншісінде
құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде заңмен немесе міндетті ережемен
белгіленген құрылыс, санитариялық және өртке қарсы ережелерді орындамау
немесе бұзу туралы айтылды. Мұндай нысанда қалыптастырылған құрамдар ол
кезеңде көпшілік тәртіп түсінігі өзінің мазмұнымен халықтың денсаулығын
қорғауға арналған ережелерді қамтығанының дәлелі бола алады. 1922 жылғы
Қылмыстық кодекстің мағынасы бойынша көпшілік тәртіпке көптеген өзге
ережелерді (тұрғылықты жері бойынша тіркелу және есепке тұру, баспа
туындыларды шығару, баспаханалар ашу, жеке кәсіпорындардың қызметі туралы
есеп беру, механикалық қозғалтқыштарды орнату және т.б.) сақтамау
нәтижесінде зиян келеді.Заң шығарушының қылмыстық – құқықтық қорғаудың
дербес объектісі ретіндегі көпшілік тәртіпке көзқарасын сипаттау үшін
бұзақылықтың бағыттылығы туралы сұрақтың шешілуі ең көрнекті болып
табылады. Бұл терминді білмегенімен, 1903 жылғы Қылмыстық заңдар жинағы
сәйкес әрекеттерді қоғамдық тыныштыққа және тәртіпке қолсұғушылық деп
есептеді: сотқар, мақсатсыз, жекелеген азаматтарды немесе тұтастай қоғамды
құрметтемеуді анық білдірумен ұштасқан әрекеттер, ал 1922 жылғы Қылмыстық
кодекс оларды жеке тұлғаға қарсы қылмыстарға жатқызды. Кейіннен 1926 жылғы
Қылмыстық кодексте оларға біршама өзгеше баға берілді. Бұл әрекеттердің
сараланған түрлері (сотарлық немесе жүгенсіздіктің көрініс табуы,
қайталануы, қасақанашылық, айрықша цинизм, өрескелдік) ажыратылып бұзақылық
құрамымен сотқар, қоғамды айқын құрметтемеумен ұштасқан әрекеттер қамтылды
және заң шығарушы бұзақылықты жазалайтын бапты Басқару тәртібіне қарсы
қылмыстар тарауына енгізген негізді деп есептеді. 1940 жылы бұл құрамның
белгілері жаңа редакцияда берілді (кәсіпорындардағы, мекемелердегі және
қоғамдық орындардағы бұзақылық әрекеттер), алайда бұл іс-әрекеттің
бағыттылығын қылмыстық-құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926 жылғы
Қылмыстық кодексте ордендер мен азаттық белгілерін заңсыз тағу, әр түрлі
құжаттарды сақтау тәртібін бұзу, жергілікті билікмдық орындардағы бұзақылық
әрекеттер), алайда бұл іс-әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-құқықтық
бағалау өзгерген жоқ. Сәйкес құрамдар тікелей қоғам мүшелеріне ғана емес,
сонымен қатар табиғатқа зиян келтіру қауіпін тудыратын іс-әрекеттерді
қамтуды көздейтін жүйеге қалыптастырылды. Экологиялық сипаттағы
қолсұғушылықтардың сипаттамасына тоқталмай – ақ заң шығарушы қоғамдық
қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың арасында бірінші орынға көлік қозғалысы
мен пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзуды қойғанын атап өткен жөн.
Бұлардан кейін жұмыстардың жекелеген түрлерін (тау-кен, құрылыс) жүргізу
немесе жарылыс қауіпі бар кәсіпорындарда және жарылыс қауіпі бар цехтарда
қауіпсіздік ережелерін сақтамаумен байланысты іс-әрекеттер көрсетілді. Тез
тұтатанатын және улы заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, қаруларды және оқ
– дәрілерді ұстау ережелерін бұзу дербес қылмыс құралдары ретінде
қарастырылды. 1959 жылғы Қылмыстық кодекстің әрекет етуі кезінде бұл жүйе
бірнеше рет жаңа құрамдармен толықтырылды (өрт қауіпсіздігі ережелерін
бұзу, жарылғыш немесе тез тұтатанатын заттарды әуе көлігімен заңсыз алып
өту, атыс қаруын ұрлау және т.б.), бірақ олар әрқашанда әрекет етуші
қылмыстық – құқықтық нормалармен үйлестірілген жоқ (мысалы, улы заттарды
заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу үшін қылмыстық
жауаптылық енгізгенде тез тұтанатын немесе улы заттарды заңсыз тасымалдау
құралының болуына қарамастан жаңа норманы есірткі заттарды тұтыну үшін
притондар ұйымдастыру немесе ұстау үшін жауапкершілік көздейтін баппен
байланыстырды). Дегенмен, алғашқы кеңестік қылмыстық кодекстермен
салыстырғанда 1959 жылғы қылмыстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамды кепілге алу үшін қылмыстық жауапкершілік
Құқықтық мемлекетті құру және қоғамдық өмірдің демократиялық бастамаларының дамуы
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТАММА
Адам өліміне әкеп соғатын жеке тұлғаға қарсы қылмыстың сипаттамасы
Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері және олардың жауаптылық ерекшеліктері
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар
Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
Адамды кепілге алу қылмысы
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың жасайтын қылмыстары
Пәндер