Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Кіріспе

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы.__________3
ІІ. Негізгі бөлімі
1.1. Шәкәрім шығармаларындағы адамгершілік мәселесі _______6
1.2. Шәкәрім поэмаларындағы әлеуметтік мәселелердің көрінісі_ 14
3. Ақын поэзиясындағы философиялық толғамдар__________21
ІІІ. Қорытынды__________________________ ___________________32
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер_________________________ _________33

1. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы.
Шәкәрім Құдайбердиевтің ақындық өнері жайында талдау жасаудан бұрын
оның ақталу тарихына біраз тоқтала кеткен жөн. Өйткені. соңғы жиырма-отыз
жыл ішінде Шәкәрім Құдайбердиев мұрасын жарыққа шығаруға байланысты әрқилы
пікір алысу, талқылау, кеңесу, ой қорыту болған, ұсыныстар жасалған,
бұлардың өзі бір тарих.
Ақынның туған жерінен, партия, кеңес органдарынан түскен көп хаттар,
сұрақтарға байланысты 60-жылдардың басында Қазақстан ҚП Орталық Комитеті
арнаулы комиссия құрып, оның ұйғарымын тыңдаған. Кейін, яғни 1964 жылы,
ақынның өз басына байланысты жайлар біраз анықтала бастаған соң, көркем
шығармаларының идеялық дәрежесін қарау, әрі ақын мұрасын түгел жинау
жайында Академияның Әдебиет және өнер институтына тапсырма жасалған-ды.
1966-1969 жылдары институт үш жыл бойы Шәкәрім Құдайбердиев шығармаларын
жинап зерттеп, ақырында 164 өлеңін, үш поэмасын, бірнеше аудармаларын
мамандар талқысына салды. 1969 жылы 3 желтоқсанда Алматы жоғары оқу
орындарының, Академия қоғамдық ғылымдар институттарының, Жазушылар
Одағының, басқа да мәдениет, баспасөз орындары мамандарының қатысуымен
Институт жанындағы Іліми үйлестіру кеңесінің мәжілісі шақырылды, онда кең
пікір алысылды. Қорытындысында бір-ақ қана шешім қабылданды: Шәкәрім
Құдайбердіұлының шығармаларында идеялық, я басқа саяси қате жоқ, көркемдігі
жоғары, осы себепті ақынның қазір Институт жинаған 706 беттік мұрасы кітап
болып басылсын. Мәжіліс бастығы С. Мққанов еді. Сөйлегендер ішінде
әдебиетшілер, жазушылар С. Кеңесбаев, М. Ғабдуллин, Ы. Дүйсенбаев, Ж.
Молдағалиев, I. Жарылғапов, 3. Ахметов, 3. Қабдолов, С. Қирабаев, М.
Базарбаев, т. б. болды. Мәжіліс шешімін Қазақстан КП Орталық Комитетіне
жеткізу Институтқа тапсырылды. Сол жылдың 10 желтоқсанында аталған жинақ
пен жолдама хат, шешім-қаулы Орталық Комитеттің хатшысына табыс етілді.
Ақырғы әңгіме де, сөз де сол болды. Қайтып Шәкәрім Құдайбердиев жайында ләм-
мим деген жан болмады. Суға батып, құмға сіңгендей мәселе үн-түнсіз қалды.
1985 жылы 14 мамырда, арада жиырма шақты жыл уақыт өткен соң, Д. Қонаевтың
атына Шәкәрім Құдайбердиев мұрасын шығару жайында институттан үлкен хат
жазылды, бірақ, оған да жауап болмады. Тек, 1988 жылы ғана көпшілік
қауымның тағы да сұрау салып, талап етуіне байланысты, Шәкәрім Құдайбердиев
шығармалары жарық көретін болды. Осы шырғалаңның бәрі сонау 1958 жылы
қазанда Шәкәрім Құдайбердиев құлантаза ақталғаннан кейін болып отырғанын
еске алып қайран қаласың, Не деген қыңырлык, төрелік, керек десеңіз,
топастық. Өйткені, ССРО Прокуратурасы 1958 жылы ақтағаннан кейін іс біткені
анық қой. Қара дүлей күштер сондай заң қағаздың өзін жоққа шығарып, ақын
атын 30 жыл бойы ататпай келді. Ол әлі саяси ақтау емес деп, аңқау елге
арамза молдалар өктемдік етті. Қайтесіз, нағыз трагикомедиялық жай. Қаншама
уақыт надандық билемеді, қаншама уақыт ақыл адасып, ес жаңылмады. Соншама
топастық, қараңғы төрешілдік енді артта қалды ма, жоқ па деп осы күнге
дейін күмәнданасың. Мәдениет, әдебиет майданында айтса адам сенбейтін
жайлар бастан кешілді. Ендігі міндет — соны қайтадан болдырмау, қайта
келтірмеу, ақыл, ой, сана мәселесін бұйрықпен, нұсқаумен шешуден әбден
арылу. Енді міне, ақын шығармалары халық игілігіне айналған кезде көмегін
тигізіп, бар күш-жігерін осыған салатын Шәкәрім Құдайбердиевтің баласы Ахат
та марқұм болды: 1984 жылы сексеннен асқан жасында дүние салды. Оның
бармаған, жазбаған, кезбеген жері кем-ақ. 1958 жылғы ақтау да соның көп
ізденіп, сұрануына байланысты еді. Абай Құнанбаевтың Жидебайдағы қыстағы
қайта қалпына келтіріліп, Семейдегі музейдің филиалы болғанда, Ахат соның
меңгерушісі, қараушысы болып бекітілген еді. Кейін Ахат Абай Құнанбаевтың
Семейдегі музейінде біраз уақыт қызмет істеді.
Шәкәрім Құдайбердиев ұрпағына қамқорлық етуде, ақын атын ақтауға және
Қарауыл мен Жидебайда Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердиев атындағы
мәдени қорық жасауды ойласуға өз үлесін қосып, ықыласын аямаған, көп
ізденіс жасаған адамның бірі Хафиз Матаев болды. Абай Құнанбаевтың туғанына
125 жыл толу кезінде Абай Құнанбаев бейіті мен Шәкәрім Құдайбердиев бейіті
біраз жөнделді. Бірақ, түбінде архитектуралық өзгеріс енгізбесе, бұл бейіт-
ескерткіштердің қазіргі түрі көңілге қонбайды.
Шәкәрім Құдайбердиевтің есімі мен шығармашылығына мәдениет пен әдебиет
әлемінен тиісті орын беру жөнінде осындай ұзақ уақыт бойы айтыс, тартыс,
даулы-дамайлы ой-пікірлер толастамай жүріп жатты. 1959 жылы Академияның Тіл
мен әдебиет институты ұйымдастырған қазақ әдебиетінің негізгі
мәселелеріне арналған конференция қаулысында-ақ Шәкәрім Құдайбердиев
шығармашылығын терең зерттеп, идеялық-көркемдік бағытын анықтау жөнінде
ұсыныс жасалған-ды. Ол ұйғарым да өз бетімен қала берді. Шындығында ол
конференция біраз мәселелердің сырын ашқан, әсіресе, Мұхтар Әуезовтің
көлемді қорытынды сөзінде едәуір даулы жәйттардың беті бері қараған еді.
Оның қаулы-ұсынысында фольклор мен әдебиет тарихының біраз шығармаларына
дұрыс талдау жасалған-ды. Не керек, бұл да аяқсыз қалды. Сонымен, қарап
отырсақ, бір кезде әдебиет ғылымы батыл қойып, өзі шеше бастаған
мәселелерге тиым салынып, зерттеу ісі біржола жабылған. Мұның бәрі өзіміз
тікелей бастан кешкен оқиға болған соң айтпасқа болмайды. Жоғарыда аталған
көп ұйғарым, ұсыныстар әдебиет зерттеуші қауымның бірлескен ойы болатын.
Қай-қайсысына болса да, олар тікелей қатынасқан, ат салысқан. Амал не,
Шәкәрім Құдайбердиевпен қатар Омар Қарашев, Нармамбет, Әбубәкір Кердері,
Мұрат, Дулат, Шортанбай шығармалары кейінгі зерттеуден тыс қалды. Бұл
жағдайға да енді ғана оралатын жөн келді. Міне, төрешілдік пен өктемдік,
бұйрық пен жарлық тәсіліне айналған тоқырау заманының берген жемісі
осындай.

1.3. Шәкәрім шығармаларындағы адамгершілік мәселесі.
Шәкәрім Құдайбердиевтің адамгершілік дегенге көзқарасы қандай? Ақынның
адамгершілік деген ұғымға қатысты ой-пікірлері — ағартушылық
көзқарастарымен үндес, сабақтас. Ақын адамгершілік туралы ойларының
қайсысын болса да өсиет, үлгі ретінде ұсынады, жамандықтан қашып,
жақсылыққа ұмтылуды уағыздайды. Абай Құнанбаев сынаған өтірік, өсек,
мақтаншақты Шәкәрім Құдайбердиев де жеріне жеткізе сынайды.
Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,
Анық төмен болмай ма хайуаннан.
Ынсап, рақым, ар-ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан,—
деген Шәкәрім Құдайбердиев. Еріншек, ашу, құмарлық — жамандықтың басы осы
деп түйіндейді, автордың адам мінезіндегі жамандықтың негізгі белгілерін
дұрыс сынай отырып, ұсынары не дегенге келетін болсақ, мұнда да ақынның өз
принципіне берік болғанын байқаймыз. Бояу мақтан бола ма, Ішімізді құр
қылмай дейді ақын. Демек, ол адамның сыртқы сұлулығынан көрі адамгершілік
жағынан сұлу болуын басты қасиет деп таниды. Ақынның адамгершілік туралы
көзқарасы Өзіме деген өлеңінде дәл де тұжырымды баяндалады.
Кейін баспай, ентелеп ілгері бас,
Соны ойла, өзге қызық істі ойлама...
Адамзат өзін өзі сынау керек,
Тазалық, әділдікті ұнау керек,
Өлсе де тура жолдан мойын бұрмай
Ақтан көрген пәлеге шыдау керек.
Шәкәрім Құдайбердиевтің бұл арада жұртшылықты ілгері ұмтылуға шақыруы
да, адалдық үшін жанын қиюға дейін шыда деуі де озық пікірлер. Бұлар ақын
шығармашылығындағы адамгершілік әділетке сену жадындағы сырын толық
танытады.
Ақынның адамгершілік, дұрыстық туралы ұғымына өнер-білім, еңбек және
әйел теңдігі жайындағы ой-түйіндері әбден сиып жатыр.
Акынның ойшыл, философ болуынан оның ғылымға артар үміті де үлкен:
Үш-ақ түрлі өмір бар — бәрі де мас,
Бір реуішті болады шал менен жас.
Ең керекті дегенің ортаншы өмір,
Түгел қолың жетпейтін бір жанталас.
Қапы өткізбе сол кездің бір сағатын,
Өкініші қалмайды кетсе ағатық.
Күні-түні дей көрме, ғылым ізде,
Қалсын десек артымда адам атың.
Ұлы Абай Құнанбаев Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре
тұра тексермедім десе, Шәкәрім Құдайбердиев адам өмірін үш кезеңге бөліп,
оның сол Абай Құнанбаев меңзеген ең қуатын, жастық шағын ғылымға арнауды
насихаттайды, сол тұстағы албырт жігердің бір сағатын да бос өткізбеуге
шақырады. Шәкәрім Құдайбердиев өмір сүрген кезеңдегі қазақ қоғамының мәдени-
экономикалық жағдайын ескерсек, ақынның сондай мешеу ортада отырып, жас
адамға бірден-бір қажет өнер ретінде ғылымды ұсынуы — көрегендік.
Шәкәрім Құдайбердиев Абай Құнанбаевтің Шәкіртсіз — ғалым тұл деген
нақылына сүйене отырып, ғылымның қоғамдық өмірге пайдалы әсер етуін
тілейді. Насихат деген өлеңінде ол:
Қай ғылымды білсеңіз де,
Казір оны елге жай.
Құр ішінде кеткенінше,
Пайдалансын өзгелер,—
дейді. Ақын ғылым-білім жеке бастың мүддесіне ғана емес, ең алдымен халық
игілігіне жұмсалсын деген пікірді ұсынады. Бұл тұжырым ақынның бірсыпыра
шығармаларында қайталанады. Ғалым адамға арнаған сөзінде ол: Жер сықылды
пайдалы бол, Пайдалансын ел сенен, От сықылды жылы болсын жүзіңіз бен
сөзіңіз, Жел сықылды желпі жұрттың шаршағанын, талғанын, т б. дейді.
Шәкәрім Құдайбердиев ғылымның және ғалым адамның қоғамдық өмірдегі орнын
көрсетумен қатар, ғалымның ең алдымен нағыз адам болуын негізгі шарт
ретінде қояды.
Еңбек, еңбек ету, қимылдау, тырбану — Шәкәрім Құдайбердиев
шығармашылығында ерекше орын алады. Әдебиетіміздің Ыбырай Алтынсарин мен
Абай Құнанбаевға дейінгі кезеңінде бұл тақырып жеткілікті өріс ала алмаған
еді. Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаевтан бастап қазақ әдебиетінде
еңбекке байланысты жаңаша көзқарас туды. Ыбырай, Абай еңбекті адамдық
қасиеттің ең негізгі белгісі ретінде таныды, адал еңбекпен өмір сүруді
насихаттады, еқбектің қоғамдық өмірдегі маңызын жоғары бағалады. Ыбырай мен
Абай Құнанбаевтан кейін бұл тақырыпта С.Көбеев, С.Торайғыров, С.Дөнентаев,
тағы басқалары мол жазғаны мәлім.
Адамның адамдық қасиетін Шәкәрім Құдайбердиев еңбекке деген қатынасына
қарай таныды. Еңбексіз келген байлықты немесе өзгені қор етіп, мақтан үшін
жиналған байлықты, мал-дүниені Шәкәрім Құдайбердиев жиіркене айтады.
Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи,
Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.
Арың сатпа, терің сат, адалды ізде,
Ғибадат пен адалдық ар үшін жи.
Ақынның адал еңбекпен ар үшін тіршілік етуге үндеуі, адамдық ар мен
еқбекті бір-бірімен байланысты түрде қарауы — оныц өмірден әділдікті арман
еткен ізгі тілегіне сай.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей деп Абай айткан дай
Шәкәрім Құдайбердиев:
Ерінбесең еңбекке дәулет дайын,
Жаратқан жоқ жатсын деп бір құдайым,—
дейді.
Қазақтын, феодалдық қоғамында байлық туралы орнап қалған ұғымға Шәкәрім
Құдайбердиев үзілді-кесілді қарсы.
Анық байлық денеге біткен өнер,
Білімдінің бәрі де соған сенер.
Арам жиып мақтанған дәулет емес,
Алдымызда бір күн бар есеп берер,—
дейді ол. Еріншектікті ақын көп шығармасында-ақ әшкерелейді. Тұрмыстағы ең
бір зиянды кұбылыстардың бірі ретінде көрсетеді. Еріншек деген өлеңінде:
Еріншектік, салақтық,
Салақтықтан надандық.
Бірінен бірі туады,
Жоғалар сүйтіп адамдық.
Еріншек таза жүре алмас,
Қаракет жоқ ғылым жоқ
Өз бойынан ұялмас,—
десе, Жан мен дене әм көңіл деген өлеңінде:
Білімсіз, әрекетсіз еріншекті,
Күнәкар да болмаспыз елі десек,—
дейді. Жалқаулық пен еріншектікке бой ұруды бұлайша өлтіре сынау — қазақ
әдебиетінің тарихында Шәкәрім Құдайбердиевтен өзге ақын-жазушылардың
аузынан шығуы кемде-кем. Елең-селең бос жүруден безінуге шақырады ақын:
Егін сал, не сауда қыл, малыңды бак,
Қол өнерден пайда кыл үйреніп-ақ,—
деуі, сөз жоқ, бағалы пікір. Рас, Шәкәрім Құдайбердиев адал еңбекті жақта-
ғанда ұйымдасқан еңбекті қолдау дәрежесіне бара алған жоқ. Оның өскен
қоғамдық ортасы да, өмірге көзқарасы да мұндай талап-тілекке мүмкіндік
бермеді. Әйтсе де, оның парақорлық пен арамтамақтықты сынап, адал еңбекке
шақыруы, адамның адамдық қасиеттерінің бірін адал еңбекке байланыстыруы —
орынды уағыз еді.
Арың сатпа, терің сат адалды ізде, егін сал, не сауда қыл, малынды
бақ деген жолдарды ақын өлеңдерінен көп ұшыратамыз. Еқбекке, оқу, білімге,
өнерге шақырады, жалқаулықты, бойкүйездікті надандықты сынайды, талапты бол
дейді.
Өмірдің өкінбейтін бір айласы,
Ол айла — қиянатсыз ой тазасы.
Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек,
Таза жүрек, тату дос — сол шарасы.
Және:
Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек,
Бұл төртеуін кім кылса, шын адам сол.
Тағы да:
Еңбекке шыда ебін тап та,
Сабырдың түбі сары алтын.
Өзімшіл болма көпті ардақта,
Адамның бәрі өз халқың.
Шәкәрім Құдайбердиев шығармашылығын қарастырғанда, оның қоғамдық өмір
жайындағы жекелеген пікірлері мен философиялық ой-түйіндері туралы айтпай
кетуге болмайды. Өз ортасының белгілі көреген адамы Шәкәрім Құдайбердиев
әлеуметтік өмірдің әр алуан сұрқын байқай білді және оларға өзінің
қатынасын айқын білдіріп отырған. Оның қоғамдық хұқық пен философияның
жекелеген мәселелері жөнінде өзіндік жүйелі түсінігі болған. Мұның өзі
Шәкәрім Құдайбердиевтің қатардағы ақын ғана емес, ірі ойшыл екенін
танытады.
Әр заман тұсындағы сыяқты Шәкәрім Құдайбердиевге дейін де, оның өз
шағында да дін иелері мен басқа да ақылгөйлердің үнемі уағыздап келген
жалған, кертартпа тұжырымдарының бірі—өмір азды, біреуден қорлық көру де,
зорлық көру де тағдырдың ісі, оны өзгерту адамның қолынан келмейді деген
ұғымның төңірегінде болатын. Шәкәрім Құдайбердиев осы бір ескі, әрі теріс
ұғымды батыл сынаған ақын.
Кейбіреулер жазады қу өмір деп,
Тұрағы жоқ алдамшы су өмір деп.
Көрген қызық, қылған іс бәрі де ұмыт,
Я көлеңке, я түс, у өмір деп...
Кім үйретті дүниені жамандатып,
Оны сөгіп өзіңді амандатып,
Мұны үйреткен білімсіз шала молда,
Ку қазыққа байлаған табандатып.
Қоғам өмірінде орын алып келген теріс түсініктер мен жалған ұғымдардың
шығу көзін ақын дұрыс таниды, сынайды. Оның надандық пен кертартпа
ұғымдарды уағыздаушыларды қатты сынауын сол қиын-қыстау дәуір тұрғысынан
қарасақ, үлкен батылдық, әрі керегендік деп бағалауға болады.
Ақынның дүние алдамшы деген түжырымға қарсы ұсынар пікірі салмақты.
Өмір емес алдаған — өзіңді өзің,
Пәленше екем айтты деп қалма сеніп,—
немесе:
Дүние алдамшы, өмір қу деп елірме,—
дейді ол. Демек, бұл арада ақын адамды өзіне, өзінің іс-әрекетіне, өткені
мен болашағына дұрыс қарай білуге шақырады, өзің жақсылыққа ұмтылсаң, өмір
сені кейін итермейді, барлығы да өзіңнің талап жігеріңе байланысты деген
пікірді ұсынады. Оның бұл пікірінен өмірге тізгініңді беріп жіберме, шамаң
келсе өмірдің тізгінін өзің ұстап, тілеген жағыңа бұр деген үлкен ой туады.
Мұны Шәкәрім Құдайбердиевтің қоғамдық көзқарастарындлғы ұнамды
құбылыстардың бірі ретінде бағалағанымыз жөн.
Шәкәрім Құдайбердиевтің өзі өмір сүрген коғамдық ортада теңсіздік пен
әділетсіздіктің мейлінше үстем болып тұрғанын да жете тани білді. Сол
қорлықтан құтылудың жолын көрсете алмағанымен, адалдықтың, ақтықтың
жойылмайтындығына кәміл сенді. Сондықтан да:
Белін бекем буғанның белі талмас,
Ел бұзса да, адалдық өзгерілмес,—
дейді.
Акынның бұл арада адалдық өзгерілмес деген сөзі халық өмір сүрсе,
адалдық та сол халықпен бірге өмір сүре бермек деген пікірден туғанға
ұқсайды. Ал Ел бұзса да дегендегі ел әр түрлі билеуші орындардағы
бюрократтарды, қуларды білдіреді. Автор ел билеушілердің көпшілігінен-ақ
ешбір адалдық, жаксылық күтпеген.
Шәкәрім Құдайбердиевтің қоғам өміріндегі кейбір құбылыстарды тануында,
белгілі жеке адамдарға берген бағаларында терең ой байламдар жатыр.
Қалқаман — Мамыр поэмасында Шәкәрім Құдайбердиев Әнет бабаны былайша
суреттейді.
Әнет бабаң арғынның ел ағасы,
Әрі би, әрі молда ғұламасы.
Орта жүзге үлгі айтқан әділ екен,
Сол кезде тоқсан беске келген жасы.
Қалай болғанда да, әр кездегі адам қоғамында әділ билер мен адал
айтушылардың болуы тарихи шындық деп қарайды. Ақынның Кеңгірбай би, Нысан
абыз жөніндегі бағаларынан да осы тұжырымдарды көреміз.
Шәкәрім Құдайбердиев шығармаларында барды да, жоқты да ынтымаққа
шақырған, бірігіп іс істеуге үндеген жайттар бар-ақ:
Онандағы біріңе-бірің пейіл ет,
Білгеніңді түзу айт, адалға жет.
Мұны ұқпасаң, оңалма онан да әрмен,
Қулар түгіл ит жесін ту бәлекет,—
дейді.
Бірігіп іс істеп, берекемен күн көруге шақырады. Жалпы ескілікті тұрмыс-
тіршіліктің бәрін бірдей жоққа шығармайды. Жақсы жақтарынан үлгі алуға
шақырады. Ақынның Нысан абызға берген сипаттамасына көңіл аударсақ, Нысан
абыздың көріпкел білгіштігін шын пейіл, адал көңілімен жырлайтынын
көреміз. Бұл да ескі наным, сенімдерді құрметтеуден екені белгілі. Халық
жадын, халық түсінігін қадір тұту — үлкен парыз.
Шәкәрім Құдайбердиев адам, оның орны мен қызметі, ісі, қылығы жайында,
ақыл мен ой жайында, көңіл мен жүрек, түйсік, сезім жайында жақсы мен
жаман, адалдық пен арамдық, түзулік, қулық, ақтық сияқты мәселелер туралы
көп философиялық толғаныстар, тебіреністер жасаған. Әсіресе, қазақ
қоғамына, оның қауымдык, ұлттық ерекшеліктеріне, оқу-білімінің аздығына
ұйымшылдықтың жоқтығына, керенаулыққа байланысты жәйттарды батыл көтерген.
Абай Құнанбаевты көп толғантқан өсу, өну, ағарту ісі, алға, болашакқа қарау
— Шәкәрім Құдайбердиев поэзиясында түгелдей дерлік өріс табады. Адамның
жеке басының жетілуі, ақыл мен парасатқа ұмтылу, адал болу, кісі ақысын
жемеу, халық қамын ойлау—ақынның жатпай-тұрмай тебірене ойлаған
тақырыптары. Көпшілігі насихат, ғибрат түрінде болып келсе де, Абай
Құнанбаев салған шыншылдық, сыншылдық сарын анық көрініп, дамып отырады.
Өрнек, сурет, бейнелері анық реалистік әдебиеттің қалпын байқатады. Өлең
өлшемдері де сан алуан өзгеріп құбыла, құлпыра түседі.

2. Шәкәрім – Абай дәстүрін жалғастырушы ақын
Шәкәрім Құдайбердиев — нағыз реалистік поэзияның ақыны. Оның өлеңдері
кай жағынан болса да, шынайы өмір құбылыстарын қозғайды. Ең алдымен адам,
қоғам өміріне байланысты жайлар ақын поэзиясының негізгі өзегі болып
келеді. Мұндай өлеңдерінде екіұштылық, дүдәмалдық деген болмайды, оқушы
сезіміне бірден әсер етіп, баурап алады, ойды, сананы тебірентеді.
Шәкәрім Құдайбердиевтің ақындық стилінде, жоғарыда айтқанымыздай, Абай
Құнанбаевтан үйренгендік, Абай Құнанбаев ақындығының ықпал еткені әрдайым
байқалып отырады. Айталық, Абай Құнанбаев би-болыстарды болыс болдым
мінекей деген өлеңінде олардың өз атынан сөйлеп мысқылдайтыны сияқты
Шәкәрім Құдайбердиевде де осы әдіс, тәсіл орын алады. Мысал үшін оның
Шаруа мен ысырап деген өлеңіндегі аты-жөні белгісіз бір мақтаншақтың мына
сөзін келтірелік.
Қымбат ішік, кыл шапан,
Папирос тарттым баптанып.
Бешпет, шалбар сукнодан,
Тігінші тіккен ақша алып,
Күміс баулы сағатым,
Қойнымда жүр сақталып.
Резинкеден калошым,
Аяғыма шақталып.
Ер-тұрманым жарқырап,
Күміс шапқан қақталып.
Куанып өле жаздаймын,
Киіміме мақтанып,
Өйткенімен бәрі борыш,
Құтылам ба ақталып.
Пұл әпердім әр кімге,
Ерте ойланбай сақтанып.
Бір күні осы кетеді-ау,
Ішек-карнымды ақтарып.
Шәкәрім Құдайбердиевтің сыншылдық әдіс, тәсілі, бұл бағыттағы шеберлігі
біреуді сынауға, не бір кемшілікті көрсетуге арналған шығармала-рында ғана
емес, өзге шығармаларында да үнемі байқалып, оның шығармашылығына тән
негізгі қасиет ретінде сезіліп отырады. Аз сөзбен көп мағына, белгілі бір
сурет жасау, оқушысын тиянақты бір пікірге жетелеу — Шәкәрім Құдайбердиев
лирикасының басты ерекшелігі.
Абай Құнанбаевтың қазақ әдебиетін түр жағынан байытып, бірнеше өлең
ұйқасын жаңадан енгізгені мәлім. Абай Құнанбаев жасаған сол үлкен бастаманы
әдебиетімізге алғаш жая, тұрақтандыра түсушілердің бірі — Шәкәрім
Құдайбердиев. Абай Құнанбаевтың Сегіз аяқ, Бойы былғаң, Сен мені не
етесің, Білімдіден шыққан сөз т. б. өлеңдерінің түр үлгілері негізінде
Шәкәрім Құдайбердиев көптеген өлеңдер жазады. Бұл өлеңдер оны Абай Құанбаев
дәстүрін сақтап, жанашыр ақын болғанын танытады.
Махаббат тақырыбы Шәкәрім Құдайбердиев өлеңдерінде, жалпы
шығармашылығында қай қырынан көрінеді? Ақын бұл мәселеде де қазақ
әдебиетінің өзінен бұрынғы озық дәстүрін онан әрі жалғастырушы. Оның
махаббат туралы түсінігінің өзіндік бір өзгешелігі — адал махаббатты шынайы
адамгершіліктің белгісі ретінде тануы, махаббат тек екі адамның арасында
ғана болып қоймай, әрбір жүректе жалпы адамға деген үлкен махаббаттың болуы
қажет деп санауы.
Не қылсаң қыл адамға махаббат деп,
Мейлің сөк, мейлің үйрет айла ізденбей,—
дейді ақын. Автордың махаббат мәселесіне бұлайша әлеуметтік мән беруі —
ақын шығармашылығының тағы бір қырын көрсететін белгілердің бірі. Шәкәрім
Құдайбердиевтің бұл пікірі Абай Құнанбаевтың Махаббатсыз дүние бос деген
ой-пікірімен де үндес.
Шәкәрім Құдайбердиев шығармашылығының өнімді саласы — поэма. Бұлардың
көпшілігі ескі аңыз, оқиғаларға арналған. Адамның бас бостандығы,
әлеуметтік теңсіздік, ескі әдет-ғұрып салдарынан туатын драмалық,
трагедиялық жайлар көтеріледі. Ақынның бірсыпыра поэмасында осындай
әлеуметтік тақырыптар қозғалса да, негізінен жастар тағдыры, махаббат,
сүйіспендік жайы тереңірек әңгіме болады. Ақынның көлемді поэмалық
шығармалары — Қалқаман Мамыр, Еңлік-Қебек, Ләйлі-Мәжнүн. Жастардың
жүрек сезімін жаншып, жара салып келген кертартпа әдет-салттарды сынайды,
топас қара күштің құрбаны болып, арманына жетпей кеткен жас кыршындардың
аянышты өмірін суреттейді. Ақын сүйіскен жүректердің трагедиялық халге
душар болуын бейнелей отырып, ескі ғұрыптар мен жаңа жас үміттің арасындағы
бітпес қайшылыктарды аршып көрсетеді, ескіліктің заң-жосықтары үстемдік
етіп тұрған кезде Қалқаман мен Мамырдың да, Еңлік пен Кебектің де өз тілек,
армандарына жетуі мүмкін еместі, кейіпкерлер өлім құшағынан шыға алмайды.
Бұл фактілер аталған шығармаларда реалистік мәнде, жоғары көркемдік
сапада суретін тапқан. Сөйтіп, ақын махаббат тақырыбын жырлай отырып,
қазақ қоғамындағы ескіліктің етегіне жармасқан кертартпа күштерді, әдет-
салттарды орынды сынайды. Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Қебек поэмаларына
берілген алғы сөздерінде Шәкәрім Құдайбердиев былай дейді: Қалқаман,
Мамырдың ісіне ескі қазақтар теріс көзімен қараса да, осы күнгі көңілінің
көзі ашықтар жазасыз екенін біліп дұға қылса керек.
Автордың аузына бұл сөзді салып отырған сол кездегі тарихи-
әлеуметтік жағдай еді; атап айтқанда, қалыптасып калған ескі
салттардын, әдет-ғұрыптардың іргесі сөгіліп, жаңаша қарым-қа-
тынастардың орын ала бастауы. Осы тарихи құбылыс ақынды Қал-
қаман мен Мамырды жақтаушылардың қатарына тартады. Бұдан
акынның өз тұсындағы өмір ағымын бірқатар дұрыс танып, оған
аз да болса ілесе білу талабында болғанын көреміз. Еңлік-Кебек поэмасына
кіріспесінде ақын: Шариғатта әкесінің атастырғаны жас қызға неке
есепті десе де, өзге дүниелік пайдасын ойламай, жалғыз ғана қызының қамын
ойлап берер дегені. Әйтпесе жас баланы сатып пайдаланып, еріксіз кем-
кетікке беріп, обалына қал демейді. Мен соны ойлап Еңлік, Кебекті соншалық
жазалы демеймін, — дейді. Бұл арада ақынның шариғат жайын адамгершілік
жолына иіп әкелу ниеті, Еңлік, Кебекті жазасыз адамдар деп тануы орынды-ақ.
XX ғасырдың бас кезінде калыптасқан кертартпа салттар әлі де біржолата
жоғалмай тұрған дәуірде, Шәкәрімнін. сол ескі-лікке қарсы шығып, Қалқаман
мен Мамырдың, Еңлік пен Кебектің жазықсыз өлімін жырлауы, жаңа қадам, жақсы
талап еді. Сондықтан да мұны Шәкәрім Құдайбердиев шығармашылығының аса
бағалы жағы ретінде қарау қажет.
Еңлік пен Мамыр да, Қалқаман мен Кебек те шығармада махаббат еркіндігін
аңсаған, бүкіл адамзатқа тән қасиеттері мол жас жандар ретінде көрінеді.
Олардың арасындағы махаббат сезімі шынайы адамгершілікпен ұштасып жатады.
Осы ретте Еңліқтің мына бір сөзін сол кейіпкерлердің қайсысына да ортақ
қасиет ретінде атай өтуге болады.
Мен татысам жігітсің маған татыр,
Міне осындай ішімде қайғым жатыр.
Ойнас емес, өмірлік жолдасым деп,
Беремісің уәде Кебек батыр...
Аз күндік арам жүріс аужал емес,
Бермесең уағданды мүлде кесіп.
Ғашықтық мәселесінде Қалқаман мен Мамыр, Еңлік пен Кебек осы бір ортақ
адалдық, ақтық сезімнің төңірегінде көрінгендерімен, кейіпкер ретінде бірін-
бірі қайталамайды, дара, тұтас бейнелер есебінде суреттеледі.
Кейіпкерлердің ғашықтық сезімі поэмалардың қайсысында да романтикалық
бағытта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлының Әділ - Мария романының зерттелуі
Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде. "Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы. Шәкәрім шығармаларының текстологиясы
Шәкәрім шығармалары
Ш. Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» романындағы басты кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы және оны орта мектепте оқыту
Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбие жайлы ойлары
Шәкәрім тілінің ерекшелігі
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Абай көтерген адам болу, азамат болу идеясы
Пәндер