Ай мен Айша романы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
Шерхан Мұртазаның
Ай мен Айша романындағы тарихи шындық



Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
1 Негізгі бөлім
1.1.Жолашар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-9
2. Жетімдіктің
тақсыреті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..10-16
3. Алтын-күміс -тас
екен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . 17-20
1.4. Ай мен Айша романын оқытуға арналған сабақ жоспары ... ...21-25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6-27
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.28

Кіріспе

Шерхан Мұртазаұлы 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы
Талапты аулында дүниеге келген. Ата-бабалары сол өлкені билеген дәулетті де
сыйлы адамдар болған екен. Атақты Бауыржан Момышұлымен жерлес әрі туыстық
қатынастары болғандығы жазушының шығармашылығын оқыған адамға
белгілі.Жастайынан жетім қалып, халық жауының баласы атанып , өмірде көп
қиыншылықтарды бастан кешсе де мойымаған ол өз бетінше талпынып білім жолын
қуады. Әулиеата (Қазіргі Тараз) қаласында он жылдық мектепті тәмамдаған ол
Москва Мемлекеттік Университетіне жолдама алып бітіреді.Шерхан Мұртаза
қазақ әдебиетінің белді өкілдерінің бірі. Қазақстанның халық жазушысы,
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,Қазақ мемлекеттік көркем
әдебиет баспасында, Лениншіл жас (қазіргі Жас Алаш) газеттерінде тілші,
әдеби қызметкер, редактор, жалын альманағында бас редактор, Жұлдыз
журналының бас редакторы, Қазақстан жазушылар одағының хатшысы, Қазақ
әдебиеті газетінің бас редакторы, Қазақ телерадио хабарларын тарату
жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.Студент
кезінде шығармашылық жолын бастаған Л.Лагиннің Хоттабыч қарт, Мұстай
Кәрімнің Біздің үйдің қуанышы шығармаларын қазақша аударумен бастаған.
Тұңғыш очерктер жинағы Құрылысшы Дәку 1958 жылы жарық көрген. Қара
маржан романы үшін 1987 жылы мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Қызыл жебе,
(Қ.Ысқақовпен бірге) Бесеудің хаты пьесаларының авторы, Шығармалары КСРО
халықтары тілдеріне аударылған. Г.Х. Андерсеннің , венгр халық ертегілерін
Ш.Айтматовтың Ботагөз , Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет , Қош бол,
Гүлсары повестерін, Боранды бекет , Жан пида романдарын қазақ тілінде
сөйлетті. Тұрар Рысқұловтың өмірінен алынған Қызыл жебе романын жазды
және Камал Смайыловпен бірге жазған очерктері кезінде қазақ оқырмандарына
үлкен ой салған болатын.
Мемлекеттік істерге өз үлесін қосқан қайраткер ҚР Парламентінде
отырып үлкен мінберлерден қазақ халқының тағдыры туралы батыл толғаныстарын
жеткізуі қалың елдің арасында оның беделін өлшеусіз өсірді. Өзінің балалық
шағының белгісі, аялап өсірген анасы Айшаға арнаған ескерткіші ретінде
жазған Ай мен Айша романы өзінің тартымдылығымен қарапайым тілмен өмір
деректері мен балаң шағындағы қиын-қыстау кезеңнен есте қалған естеліктерді
жаңғыртумен құнды.Қазақтың әрбір ауылында болған , күні бүгінге дейін бар
туыстық , бауырмалдық сезім мен қатігез қайырымсыз жандардың оспадарлық
істері қатар өрілген романның басты кейіпкері өзі болғандықтан оқиғаның
барлығы да бала Барсханның (Барыс –Жолбарыс-Шері) көз алдында өтеді.
Шерхан Мұртаза ағамыз қазірде өзінің жетпіс төрт жасында тұғырдан
таймаған қалпында шығармашылықпен айналысып, қалың елінің қамын ойлаумен ,
қазақ тілінің босағадан төрге озуына атсалысқан ұлт сүйер қауымның ақылшы
ағасы ретінде абыройға бөленіп кележатқан қадірменді ақсақал.
Шерхан Мұртазаның шығармалары өзінің тіл байлығының мейілінше
молдығымен, оқырманға қарапайым да түсінікті жазылғандығымен, өмірлік
маңызды , қордаланған түйткілді мәселелерді типтендіре нақты қозғай
білетіндігімен ерекшеленеді.
Курстық жұмыс барысында жазушының мемуарлық шығармасы іспетті Ай мен
Айша Романын оқушыларға қалай үйрету жолдарын қарастыратын боламыз.

1. Негізгі бөлім
1.1.Жолашар
Ай мен Айша романы қабырғалы жазушы Шерхан Мұртаза шығармашылығында
өз орны бар көркем де шоқтығы биік туындыларының бірі болып табылады.
Романның көтерген мәселесі жалпы адамдар арасындағы бауырмалдық пен
қиыншылықты жұмыла көтерген, туған жерінен күшпен көшірілген сан түрлі
ұлттың баласын жатсынбай бауырына басқан қазақ халқының кеңқолтық
жомарттығы , қандай қиындыққа да төтеп беріп, соғыс салған лаңға өзінің
жанқиярлық еңбегімен қарсы тұрған халқымыздың ерлік табандылық рухын
танытатын құнды шығарма екендігін оқушы қауымға жеткізу - қазақ әдебиеті
пәнінің ұстазынан талап етілетін парыз..
Шығарманы оқыту мәтінді толық оқудан басталатыны белгілі. Қазіргі жаңа
бағдарлама бойынша Шерхан Мұртазаның Ай мен Айша шығармасынан үзінді
өтілмейді. Дегенмен қазақ әдебиетінің жауһар шығармаларының бірі ретінде
аталған шығарманы қалай үйрету жолдарын қарастыру болашақ ұстаздар біздер
үшін қызықты болмақ.шығарманың идеялық құндылығын таныту мақсатын іске
асыру үшін ең алдымен шығарманың мазмұнымен толық таныстыру мақсатын іске
асыру қажеттігі белгілі. Жазушының өмірбаянын шәкірттерге құр баяндап бере
салмай шығармасына негіздей отырып, талдап түсіндірсе, олар жазушы
шығармасын оқуға ынталанып, оның қайталанбас суреткер екендігіне көңіл
бөлетін болады.Шерхандай заңғар жазушыны, оны тәрбиелеген анасын толық
танып білу үшін аталынған шығарманы толық түсініп оқу керек екендігіне
оқушылардың көзін жеткізетін боламыз.
Әдебиет сабағының, соның ішінде адамның табиғатқа ізгілік қатынас
мәдениетін қалыптастыру мақсатындағы сабақтардың басқадай да жалпы
дидактикалық, педагогикалық, психологиялық негіздемелермен ортақтығы,
өзектілігі мол, олармен ғылыми бірыңғай методология арқылы туыстасып жатыр,
түпкі мұраты бір, ол мәдениетті тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Солай болса
да, оны өзімен тектес өзге пәндерден (тіл.тарих т.б.) оқыту икемділігінде
өзгеше бай мүмкіндігімен ерекшеленетіндігі жайлы әдіскер –ұстаз Ә.
Дайырова: "Әдебиетті оқыту дегеніміз – көркем шығарманың өзін оқу... .
Барлық күш туындының өзіне тікелей аударылуы керек, оқушы бар қажеті мен
мұқтажын содан табады...,- дейді. 1,27
Яғни, оқушы жоғарыда аталып өткендей тек шығарманың үзіндісімен
шектелмей, оның барлық қатпарларын іздене жүріп оқып алуына ұстаз
қызығушылықтарын ояту қажет. Онсыз Аймен Айша шәкірт жүрегіне шынайы
түрде жетпек емес.
Шығарманың идеясы мен мазмұнын,тақырыбын, жалпы композициялық желісін,
ондағы бейнелеу құралдарын табу, ақыр аяғында шығарма туралы оқушы ойында
жақсы әсер қалдыру біздің басты ұстанымымыз болса керек.
Жазушы шығармасына үңілгенде сол шығарманың шәкірттерге тигізер
тәлімдік , тәрбиелік, көркемдік сапа-қасиеттеріне баса назар аудару қажет.
Аймен Айша романында қазақ халқына қасірет әкелген сонау отыз
жетінші жылдың лаңы мен екінші дүниежүзілік соғыстың зардабынан ауылдың ер-
азаматтары соғысқа алынып, бар ауыртпалықты ер– азаматтарша көтерген
ардақты аналар мен ақ сақалды қарттар , қаршадай балалардың жанқиярлық
ерлігі мен жігері, қиыншылықта да білім алуға деген ынта-жігерін
төмендетпей аш-жалаңаш мектепке барған шәкірттердің іс-әрекеттері
шынайылықпен бейнеленген.
Осыны бар бояуымен, иірімімен таныстырып, шәкірттерге барынша жеткізе
білуіміз қажет.
Жазушының шығарманың бастауын да Жолашар деп атауы тегін емес. Әрбір
шығармаға бас қойып, оны тұщына оқу үшін оның бастауы немесе әлқиссасы
тартымды болуы керек екендігін түсіндіре келе, кейбір оқыған немесе өтілген
шығармалардың басталуын еске түсіру артық етпейді. Мысалы, Бердібек
Соқпақбаевтің Менің атым Қожа шығармасының басталуы да Қожаның өз балалық
жағындағы атына риза болмауынан басталатыны секілді Ай мен Айша шығармасы
да балалық шақ туралы ойлардан сыр тартып, тереңнен шымырлап бастау
алатыны, балалықты аңсаудан басталатыны түсіндіріледі.
Шығармадан үзінді оқылады:
—Сен қайдан келдің?— дегенде, бір данышпан:
—Мен балалықтың елінен келдім,— деген екен. Ересектерде сол балалықтың
елінен келмеген ешкім жоқ. Анадан ешкім сақал-мұртымен тумайды.
Мен де солардың бірімін.
Анамның аты Айша еді.
Аз ба, көп пе — алпыстан астым.
Аз ба, көп пе — ірілі-уақты кітап жаздым.
Халық жазушысы атандым. Жазғанымның бәрі алтын дей алмаймын. Бірақ
солардың көбі және дәмділері, тек балалық шақтың нәрінен, балауса балғын
шақтың әсерінен туған. Өсе келе, көпті көрдім, дүниенің шартарабын
араладым. Бірақ соның бәрі мені балалық шағымдай байыта алмады.
Парижде болдым — Париж түсіме кірмеді.
Мысырда болдым — Мысыр түсіме кірмеді.
Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пәкстан, Иран бардым.
Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста, Чикагода, Нью-Йоркта болдым — олар да
түсіме кірмеді.
Баяғыда Мәскеуде бес жыл оқыдым — оны да түсімде кермедім.
Түсімде ылғи балалық шағымды көремін.
Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу-Жабағылыны көремін.
Түсімде ылғи туған үйімді көремін.
Түсіме ылғи Айша кіреді. Мұртаза түсіме сирек кіреді, өйткені ол
кеткенде, мен бес-ақ жаста едім. Елесі еміс-еміс қана.
Егде тартқанда бүгін кергенің ертең естен шығады.
Ал енді бала кезде көргенім, естігенім бүгінгідей әлі есімде.
Ендеше, текке күшене бермей, соны неге жазбаймын?
Ата-бабамның, Айшаның аруағы жар бола көр!— деп қолыма қалам алдым.
Шығарманың кіріспесі ретіндегі осынау бөлікті оқыту арқылы балаларға
өздерінің балалық шақтары туралы айтқызу арқылы қызығушылығын оятуға
болады.
-Ендеше, балалар, сендер балалық шақтарың туралы не естеріңде
қалғандығы туралы ойланасыңдар ма?
-Сенің түсіңе ең жиі кіретін өлке қайсысы және неліктен деп ойлайсың?
-Сенің сәби шағыңда естелік болып қалған қандай сәтті жиі еске алуды
ұнатасың?-, деген сияқты жетекші сұрақтарды қою арқылы шығарма мен
оқушылардың өзара үндесуін қалыптастыруға болады.
Шығарманы өту барысында прототип пен типтік образ туралы айтып өткен
дұрыс болмақ. Шерхан Мұртаза мен оның осы шығармада алынып отырған
Барсханның бір адам екендігіне оқушылардың көзін жеткізумен бірге Барсхан
образында соғыстың қиыншылық, ауыртпалығын тартқан барлық Кеңес балаларының
типтік бейнесі жатқандығын да сол кезеңде жазылған шығармалардағы балалар
өмірінен алып қарастыруға болады.
Тарих пен әдебиет сабақтарының байланысын пайдалана отырып, қазақ
халқының маңдайға басқан ардақты ұлдарынан айырған атақты отыз жетінші
жылдың қанды оқиғасының бала Барсханның санасында қалай қалғандығын тауып
оқу тапсырмасы беріледі.
Түн ортасы болар, мен Айшаның айқайынан ояндым. Елегізген шынысыз
шамның сәулесімен сорайып-сорайып бөтен біреулер көрінеді. Олар Мұртазаны
итеріп-итеріп, алдарына салып алып кетті. Айша айқайлап арттарынан шықты.
Дірдек қағып мен де шықтым. Серейіп-серейіп үш-төрт адам сай жаққа қарай
кетіп бара жатыр. Сайдағы көпір сықырлады. Айша сайдың қабағына дейін
қалмай барып еді, Мұртазаның даусын анық естідім:
— Қайт! Балалар қорқып қалады!— деді.
Түнгі аяз бүл дауысты қайталап шыққандай болды. Сықыр-сықыр дыбыс алыстап,
Айшаның аяғының астындағы қар ғана қаршылдайды.
Айша есіктің алдындағы ербиіп тұрған мені көтеріп алып, бауырына қысып,
аспандағы топ-толық Айға қарап:
— О, Жаратқан, басқа-басқа, мына үрпек балапандай үш нәрестенің не
жазығы бар еді?— деді.
Толықсып тұрған Ай бір аунап түскендей болды.
Мен лезде есейіп шыға келдім.
Енді мені қорғайтын Әке жоқ екенін сұңғылалықпен сезіп қойған сияқты
едім.
Жаңа ғана жарқырап тұрған Ай бұлттың ішіне сүңгіп кетті де,
жетімдіктің алғашқы дәмін татқандай болдым.
Қорбиып қараңғы түн жан-жақтан қаптап келе жатты.
Айша мені жетім қалған үйге жетектеп кіргізді.
1937-жыл жалмауыз жыл еді.
Қанатына қырау қатқан жас балапан мен едім.
Осы бір бөліктің өзінен оқушы романның өн-бойында арқау болған ауыр
күндердің , замана қаһарының ызғарын сезінуі тиіс. Автордың өз шығармасында
баяндауларды пайдалана отырып, көркем образ жасауға аса ұмтылмағаны,
негізінен мазмұндық жағына көбірек көңіл бөлгендігін түсіндіре кеткен жөн
болады. Сонымен қатар кітапта пейзаждар мен портреттердің аз кездесетіні,
басты кейіпкер Барсханның көзімен баяндалатындығын ескерген жөн.

2. Жетімдіктің тақсыреті.

Енді асықтан ұтыла беретін болдым. Бұрынғыдай ешкім болыспайды ...
Өмір шындығы деген міне осы екендігін айтумен бірге отыз жетінші
жылғы қанды қасапта жазықсыз атылып, айдауға кеткен қазақтың жайсаң
азаматтарының кейінгі тағдыры мен олардың артында қалған отбасыларының
көрген қорлығы мен зорлығы туралы не білетіндігі туралы сұралынады.
Үш бәйтерек пен бес арыстың Тұрар Рысқұлов пен Ораз Жандосовтың т.б
зиялыларымыздың тағдыры туралы әңгімеленіп, Көкшетау топырағында айдауда
жүріп қайтыс болған Сәкен Сейфуллиннің жалғыз ұлы Аянның аянышты тағдыры
турады да айта кету оқушыларға танымдық түрде қызғылықты болмақ.
-Неліктен Барсхан асықтан ұтыла береді? Ол қиналғандықтан асықты
бұрынғыдан нашар ойнады ма, әлде басқа себептері бар ма?- деп сұрау арқылы
нақты шындық ашылады.
Әкесі жоқ жетім әрі халық жауының баласы болғандықтан оған әркімнің
күш көрсетуіне болатындығы тіпті ең күнәсіз деген балалар әлемінде де
қалыптасқан қасірет екендігі айтылады.
Қазақстан Республикасында жүздеген ұлттың өкілдері бір ұлттың
баласындай тату тәтті тұрып жатыр. Осынау жүздеген ұлттың баласы қазақ
жеріне қалай тап болды? Оларды қазақ халқы қалай қарсы алды?деген
сұрақтарға жауап табатын эпизодтарды тауып оқуға тапсырма беру арқылы
тәрбиелік мақсаттың бір түрі орындалмақ.Осыған төменде алынып отырған
үзінді дәлел бола алады.
Қазақ даласына қақаған қыста еріксіз қуғындалып келіп , өзі де аузынан
ақ май ағып отырмаған қазақ отбасының бір бұрышынан пана тапқан неміс
отбасының тағдыры туралы бала Барысханның ой-пікірлерін ары қарай мәтін
бойынша өрбітеміз және осы алынған үзіндінің мазмұнын , мәнін ашу арқылы
өмір шындығына көз жеткіземіз:
Үзіндінің атын Эльза - кішкентай періште деп қоямыз.
Адамның басы — Алланың добы деген, қалай қарай тепсе, солай қарай
домалайтын көрінеді.
1941-жылдың жазынан бастап, дүние астан-кестен болғандай, адамдар
Батысқа ағылып жатты. Олар әскерлер еді. Батыстан Шығысқа қарай да
жүйткіген пойыздар көп. Біздің Мыңбұлақтан ылдида, Теріс өзенінің бойындағы
теміржол алақандағыдай анық көрінеді. Байқаймыз, пойыздар жиіледі.
Солардың бірі Боранды бекетіне тоқтап, жер ауғандарды түсіріп
тастапты. Оны үлкендерден естідік. Кімдер екен, кімдер екен? деп, ауыл
қазағы сұрамай тұра ма? Немістер екен, десті біреулер. Немісі несі?
Соғыс бізге де жетіп қалды ма? деп, шошынды қарапайым ел.
Оның жауабын көп кешікпей өз құлағымызбен естіп, өз көзімізбен кердік.
Біздің, ауылға сатылы арба, жәшік арбамен тізіліп көш келді.
Бәрімізді мектепке жинады.
Жиналысты ауданнан келген қайыс пальтолы уәкіл ашты. Төрде колхоз
бастық, сельсовет, тағы бір ұзын бойлы кісі отырды, түрі орыс сияқты.
Уәкіл айтты:
—Жолдас колхозшылар! Бүгін ауылдарыңызға жиырма үй немісті көшіріп
әкелдік.— деді.
—Немісі несі?— деп, Сапарбай ата шошынып қалды.
—Неміспен соғысып жатқан жоқпыз ба?— деп, бір бүйірден Әліқұл ата тіл
қатты.
Уәкіл:
—Шуламаңыздар! Жолдас колхозшылар! Бұлар басқа немістер. Жо-жоқ,
фашистер емес. Өзіміздің Волга бойынан көшкендер.
—Немене, Еділді шапты ма?
—Онда фәшістер Қазақстанға жетіп қалғаны ма? Сұрақ көбейді. Уәкіл
қысылды. Қайыс пальтоның қалтасынан бет орамалын алып, мандайын
сүрткіледі.
—Жоқ,— деді уәкіл,— фашистер Волга бойына жете алмайды, жетпей желкесі
қиылады.
—Онда Еділдегі немістерді неге жер аударады? Уәкілдің қиналған жері
осы болды. Немістерді Сталиннің бұйрығымен кешіріп жатыр деп айта
алмайды. Айтса, басы кетеді. Енді уәкіл өктемдікке басты:
—Жолдас колхозшылар! Үкімет пен партияның ісіне шүбә келтірмеңіздер.
Немене, үкімет пен партияның саясатына қарсы шығасыңдар ма?!
Жұрт жым болды. Уәкіл де сабасына түсіп:
—Сөз көшіп келген неміс ағайындардың атынан Отто Бауэрге беріледі,—
деді.
Қайрақбай шал жанындағы біреуге:
—Отта, бауыр, дей ме?— деп сыбырлады.
Неміс орысша сөйлесе де, біз түк түсінген жоқпыз. Уәкіл түсіндірді.
—Отто Бауэр жолдас айтады: осындай қиын шақта орталарыңыздан орын
беріп, немістерді қабыл алғандарьңдызға рақмет айтады. Немістер іскер,
жұмыс десе, жұлқынып тұрған халық дейді. Колхозға көп көмегі болады, қандай
жұмыс болса да қашпайды дейді.
Отто Бауэр — бетінде қорасан дағы бар, ұзын бойлы, еңгезердей кісі
екен, уәкілдің қазақша аудармасын түсінбесе де басын шұлғып тұрды.
Күлімсіреп қояды. Уәкілдің тілмаштығын күшейткісі келгендей:
—Арбайт, арбайт, Работа, работа,— деп қойды. Сонымен жиналыс тарқады.
Тарқар алдында кімнің үйіне кім кіреді, соның тізімі оқылды. Оны Жуанқұл
бастық жариялады. Тізімді оқып тұрып, бір жерінде:
—Бердімбетова Айшаға — Вольф Анна, екі қызы бар — Эмма, Эльза,— деді.
Сөйтіп, Эммасы мен Эльзасын алып, Анна біздің үйге келді. Эммасы менен
үлкендеу, Эльзасы әлі аяғы шықпаған нәресте екен. Оны Анна көтеріп келді.
Бір қолында қызы, бір қолында қара ала орамалға буған түйіншегі бар.
Эммасының қолында да бір түйіншек бар. Бар байлығы — сол.
Кейін-кейін Анна айтады ғой: тәп-тәуір дәулетіміз, сиырларымыз,
шоқшаларымыз, үйрек-қаз, тауықтарымыз бар еді деп. Бәрі қалған. Бір түннің
ішінде әскер келіп, апай-топай пойызға, қызыл вагонға салған. Енді жеткен
жері осы — біздің Мыңбұлақ. Оның ішінде біздің, қоржын үй.
Қоржын үйдің бір жағында — өзіміз, екінші басында шөп, тезек, жалғыз
сиыр, бір-екі ешкі. Ортадағы ауыз үйде де отын, тағы басқа кәкір-шүкір
орналасқан.
Айша айтты:
—Бір бөлмеде бірге тұрамын десең, міне, ана бөленің бір қуысын жөндеп
аламын десең, оны өзің білесің,— деді Аннаға.
Оның тілін түсініп жатқан Анна жоқ. Бірақ мылқау жандарша ыммен-ақ
түсініскен сияқты. Анна:
— Гут, гут,— деді.
Сөйтіп, менің немісше бірінші үйренген сөзім гут.
Анна сарғыш қолаң шашты, ажарлы әйел еді, үлкен қызы да өзіне тартқан,
жасына қарамай аяқ-қолы балғадай, денесі ірі екен. Ал кіші қызы өте шінжәу,
ілмиіп қана қалған, шала-жансар. Бұрыннан солай ма, әлде пойыздағы ұзақ
жолды көтере алмай ауырып қалған ба, о жағын біле бермеймін. Жылауықта
емес, бірақ ыңырсиды, езу тартып күлгенді білмейді. Әлі ес білмеген сәби
болса да, жасыл-сарғыштау көзінде қаптаған қасірет, бозғылт аспандай терең
мұң жатыр.
Соғыстың бірінші жылы ғой. Дастарқанымыз әлі қурамаған кез.
Қонақтарымызға дәм бердік. Содан соң, Анна ай-шайға қарамай іске кірісті.
Мал тұратын бөлменің бір бүйірін тазалап, араға ағаштан, Айшаның баулап-
баулап қойған жусан отынынан қоршау салып алды. Тауықтың күркесіндей бөлек
бір бөлме болып шыға келді. Бөлме ішіндегі бөлме.
Аннаның байын әскерге алған екен. Кейін ойлаймын ғой. Әскерге алса...
соғыста. Немістерге, фашист немістерге қарсы соғысады. Неміс бола тұрса да.
Демек, оған сенгені. Сенсе, неге үйін жер аударып жібереді?
Осы үзіндіні оқу барысында , егер сендер Барсханның орнында болсаңдар
осы сұрақтарға қандай жауап айтқан болар едіңдер деген сияқты сұрақтар қою
арқылы Сталиннің бұйрығы бойынша көшірілген неміс, кәріс, қалмақ, қарашай,
балқар, поляк, шешен, ингуш, түрік, болғар, қырым татарлары тағы басқа да
ұлттардың аянышты тағдырлары туралы білетін мәліметтер ортаға салынып, сол
жылдар шежіресі сан-цифр тілінде сөйлетіледі.
Бала Барсханның жоғарыдағы әділетсіздікке деген өз ойы қандай?
Бұл дүниенің біз білмейтін жұмбағы көп. Дүние о басында түп-түзу,
дұрыс жаратылса керек. Бірақ кейін-кейін күштілер шыққан, әлсіздер шыққан.
Әділетсіздік содан туған. Шын әділет — тепе-теңдік. Адамдардың бәрі тең
болуы керек. Ал адамдарда ондай тендік бар ма? Біреу семіз, біреу арық.
Әлемнің терезесі тең емес. Біреудікі биік, біреудікі аласа, ал біреудің
терезесі шынысыз, қозы қарын ғана қампаяды. Ендеше, шын әділет еш уақытта,
еш заманда да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармада кездесетін синоним сөздер
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз" романына, Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" роман-диологиясына, А.Кемелбайдың "Қоңыр қаз" шығармасына әдеби талдау
Қазақ мемуарлық романы
Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз" романының көркемдік-идеялық ерекшелігі
Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" роман-диологиясына, Ш.Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятына әдеби талдау (образдар жүйесі, портреттер, мінездеу, жазушының көркемдік стилі, тіл айшығы
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» роман-диологиясында замана шындығының бейнеленуі. Көркемдік ізденістер. Р. Мұқанова, Т. Ахметжан, Н. Ораз шығармаларын талдау
Театр сәндік өнері
Қазақ әдебиетіндегі мемуарлық шығармалардың басым бөлігі - романдар
Пәндер