Қазіргі шешендік сөздер
Жоспар:
1. Кіріспе бөлім------------------------------ ----------------------------
------------- 3-4
2. Негізгі бөлім
2.1. Шешендік сөздердің қайнар көзі------------------------------- -
--------5-10
2.2. Шешендік сөздердің құрылысна қарай бөлінуі--------------------
11- 14
2.3. Қазіргі шешендік сөздер----------------------------- ----------
---------15-17
2.4. Шешендік сөздердің түрлері---------------------------- --------
------18-25
3.Қорытынды бөлім------------------------------ -----------------------------
------ 26
4.Қолданылған әдебиеттер тізімі----------------------------- ----------------
---- 27
Ақыл көркі – тіл,
тілдің көркі – сөз.
Кісі көркі – жүз,
жүздің көркі – сөз.
Ж. Баласағұн.
ӨНЕР АЛДЫ ҚЫЗЫЛ ТІЛ
Шешендік өнер. Қазақ ауыз әдебиетінің айрықша жанрының бірі -
шешендік сөздер. Шешендік өнер -ақындық, жыраулық, жыршылық айтыс секілді
қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанрларының бірі.
Шебер сөйлеу, айтқан сөзің нысанаға дөп тиюді үйрену үшін ежелгі шешендік
сөздерді жаттау, оның қыры мен сырын жете меңгерудің мәні зор. Өйткені
халық даналығы: мақал, мәтелдерде сөз мәйегі, ойды ұшқыр айтудың үлгілері
молынан кездеседі.
Шешендік сөздер көркем әдебиеттің жанрлары: ертегі, батырлар жырлары,
мақал-мәтелдер, жүмбақ, жаңылтпаштар, қара өлең, термелер т.б. ойынды
өрістетіп, тапқырлыққа баулып, үлгі-насихат арқылы тыңдаушының таным
дүниесін кеңейтіп, биік адамгершілік қасиеттерге үндеп қана қоймайды, олар
сонымен қатар, қазақ даласында әлеуметтік қызмет атқару ерекшелігімен де
дараланады. Сондықтан да дана халқымыз шешендікті терең меңгерген адамды
киелі санап, жүйесін тауып сөйлеген сөзге тоқтаған, шешендікті шешендік
өнер деген сөз тіркесімен атауы да тегіннен - тегін болмаса керек.
Шешендік сөз парасатты ойға, ұшқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.
Шешендік сөз айтылған ойға әрі қисынды, әрі жедел жауап қайтару. Яғни,
шешендіктің басты қасиеті - тапқырлық, шапшаңдық.
Жалпы сөз тапқырлығында шешендердің алатын орны ерекше.
Оның мәнісіне байыптап қарасақ, шешендердің басым көпшілігі билер,
батырлар, жыраулар. Олардын дауына, айтысқан жиыны үстіне екінің бірі
кірісіп, араласа алмаған. Дегенмен, шешендік өнер тек билерге, болмаса
жырау, батырларға ғана тән дер болсақ, үлкен қателікке ұрынар едік.
Шешендік сөздердің қайнар көзі
Төл әдебиетіміз ХV ғасырдан басталады. Ендеше ақын-жыраулардың толғау,
термелері, айтыстары т.б. осы шешендік сөздердің алғашқы баспалдақтары.
Сондай-ақ, аты аңызға айналған Асан, Жиренше, Абыз, Қарашаш, Әнет баба,
Жетес би, Төле би, Қазыбек, Әйтеке т.б. билер мен шешендер туралы әңгіме-
лер, насихат өлеңдер де шешендік өнердің алғашқы табалдырығы екендігінде
шүбә жоқ.
Сонымен ХҮ ғасыр төріне көз салсақ, Асан қайғы есімі қазақ сахарасының қай
түкпірінде болмасын аян. Шежіре қарттардың Асан атын естімегені, оның бірер
ауыз нақылын, шешендік талғамдарын білмейтіні кемде-кем. Ол сонау 1456
жылдары Жәнібек, Керей көшін тоқтатпақ болып, туған жерді қимай былай деп
толғайды:
Еділ менен Жайықтың
Бірін жазда жатасың,
Бірін қыста қыстасаң,
Ал қолыңды маларсың
Алтын менен күміске! -
болмаса мына бір шешендік толғауы ше?
Көлде жүзген қоңыр қаз
Қыр қадірін не білсін
Қырда жүрген дуадақ
Су қадірін не білсін!
Ауылдағы жамандар
Ер қадірін не білсін,
Көшіп-қонып көрмеген
Жер қадірін не білсін!
Көше, қона білмеген,
Қонса, көше білмеген,
Ақылына көнбеген
Жұрт қадірін не білсін!
Асанның қай толғауын алсақ та, елдікке бастайтын даналық сөздер.
Адамгершіліктің асыл мұраттарын алға тартып, ел қадірін, жер қадірін, су
қадірін білуге үндейді, бұл бүгінгі күні де күн тәртібінен ешқашан
түспейтін озық ойлардың жүйесі екендігі ақиқат.
Көркем сөздің шебері, шешендік сөздің алғыры, өз заманының озық ойлы
адамдарының бірі - Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген Жиренше шешен. Оның
сөздерінде шешендік сөздердің небір інжу - маржандары молынан кездеседі.
Төле би
Аңды аң деп бағалар
Ертеде Шу өзенінің Балқашқа жаңын жайылым алқабында Үйсін мен Арғынньң
белді жаңсылары таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп,
бәтуаласа алмайды. Көпшілікке еріп барған он бес жасар Төле билік
айтушыларға көңілі толмайды. Ол:
Ақты ақ деп бағалар!
О, игі жақсы ағалар!
Өзегі талса ел біткен,
Өзен бойьн жағалар —
деп сөз бастай бергенінде:
— Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без, деуші
еді. Мына бала кім өзі?—дейді төрде отырған би. Төле қасқая қарап тұрып:
— 0, би аға, он үште отау иесі демес пе,
Кінәлімін бе келіп қалсам он беске?
Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа,
Ала көз болу ағайын адамға лайық па? —
деп бір тоқталады да, төрде отырған биге былай деп сауал қояды:
— О, игі асқар тауымыз,
Әділ ме осы дауымыз?
Жар астында тұрғанда,
Жасырынып жауымыз? —
Сонда әлгі би:
— Қой асығы демеңдер,
Қолыңа жақсы сақа ғой.
Жасы кіші демеңдер,
Ақылы асса, аға ғой, —
деген, балам, билікті саған бердім,— дейді. Бала Төле жұлып алғандай:
— Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің
оң жағын Үйсін, сол жағын Арғын жайласьш, бұған қалай қарайсыздар?— дейді.
Бұл шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:
Үй баласы ма деп едім,
Ел баласы екенсің.
Ай мандайлы арысым,
Талабың алдан өтелсін.
Ауылыңнын таңы бол,
Маңдайдағы бағы бол! —
деп бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел
арасындағы дау-жанжал, көліссөзге араласып, билік айта бастапты.
- қабір басында айтылатын аза сөздерін жатқызады.
2) Діни шешендікке:
- діни уағыздарды;
- шіркеуде айтылатын сөздерді жатқызады.
Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар.
Ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған,
қағазда емес, халық жадында сақталған.Сондықтан олар бастапқы қалпында
емес, бізге, кейінгі ұрпаққа ұзын – ырғасы, үзік – жұрнағы ғана жеткен,
олардың өзі де ауыздан – ауызға ауыса жүріп, өндеу – жөндеуге көп ұшыраған,
әлденеше ұрпақтың талай таптың санасынан, сарыбынан өткен, сөйтіп қысқарып,
ұстарып, жалпы халық шығармасына айналған.
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша шығып,
ауызша таралған.Қонақта немесе бір мәселені талқылау үстінде көп жасаған,
кәрі құлақты қариялардың аузынан шыққан жүйрік ойлы, жүйелі сөздерді құйма
құлақ талапты жастар, өнер қуған қыз – бозбала жаттап алып, жүрген – тұрған
жерлерінде, ойын – жиындарда айта жүрген. Өзінің қажетіне, өмірдің тілегіне
қарай жаңартып - жаңғыртып отырған қажетсіз қабыршығынан арылып, селкеу
арқауы ширап,көптің көкейіне қонақтаған үлгілі сөз ғана сақталып, өмір
сүрген. Заман тілегіне, халық мүддесіне жауап беретін баталы сөз, ақылды
ойлар ғана халықпен бірге жасап, ұдайы жағырып, жасарып отырған.
Шешендік сөздер ертегі – аңыздар мен халық поэзиясынан іріктеліп,
сұрыпталып, бөліне отырып, халықтық бірыңғай әдеби тіліміздің қалыптасуына
себепкер болған.Шешендік сөздердің сөйлем құрылысы мен сөздік құрамы,
мазмұны,тұлғасы да қазіргі әдеби тілімізден аса алшық емес. Тек шешендік
сөздердің сөздік қоры қазіргі әдеби тіліміздің сөздік қорынан әлдеқайда кем
де кедей. Оның есесіне шешендік сөздер ауыз әдебиетінің басқа салаларымен
қосылып, қазіргі қолданылып жүрген сөздігіміздің негізгі қоры, ұйтқысы
есепті. Демек, шешендік сөздерді зерттеп – талдау, оқып – үйрену ана
тіліміздің байлығын, сөйлем құрылысын, дұрыс сөйлеу заңын жетік білуімізге,
сайып келгенде, әдеби тілімізді дамытып, ой - өрісімізді кеңейтуге себепші
болмақ.
Шешендік сөздер көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде
үлес қосқан ақын – жыраулардың арнау, толғау сөздеріне де жақын, ұқсас.
Құлан жортпас құба жонға
Қурай шықпас демеңіз,
Қу таяқты кедейге
Мал бітпейді демеңіз.
Жарлы байға теңеліп,
Жарыса қонбас демеңіз.
Жалғыз көпке теңеліп
Теңдік алмас демеңіз,-
дейтін шешендік сөз бен Бұхар жырау атынан айтылатын кейбір жырлардың
айырмасы онша үлкен емес.
Өйткендегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Махамбет ақынның өлеңдерінде
шешенік сөз поэзиясымен аралас, астарлас жатады.
Арғымақтың баласы
Аз оттар да көп жусар,
Тарлаудан татқан дәні бар!
Азамат ердің баласы
Аз ұйықтар да көп жортар,
Дұшпанға кеткен ары мен
Талауға түскен малы бар,-
деген сияқты шешендік сөздер саптан шығып қалған жоқ. Заманымызға сай жаңа
мазмұн, жарасымды түр тапқан шешендік сөз нұсқаларын енді біз ақыл – ойдың,
асыл сөздің шын мұрагерлері – колхозшылар мен жұмысшылардан шыққан тілші –
үгітшілерден, мұғалімдер мен ғалымдардан, әсіресе, сөз зергерлері ақын –
жазушылардың сөздер мен шығармаларынан жиі кездестіреміз, сүйсіне оқимыз.
Бұлақты таудан арна ақса,
Теңіз болар аяғы.
Алқабы кең ойпаттың
Суға да болмас тояры.
Одақтан білім арна ақты
Мейірлене даланы.
Қызыл құм мен Бетпақ шөл
Гүлден шоғын қадады.
Көрікті бүгін даланың
Гүл дегенім – адамы.
Білімге тұғыр Алатау,
Алтыннан ірге қалады, -
деп келетін Жамбыл толғаулары мәдениетіміздің ұлы арнасына шешендік сөздер
де бір жылғадан келіп құйылғандығын дәлелдейді. Алайда, шешендік сөздер
жазба әдебиетіміз бен көркем өнеріміздің арнасына тек поэзия сағасынан ғана
құйған жоқ. Прозалық және драматургиялық шығармаларда да шешендік сөздердің
не тамаша үлгілері ұшырасады. Әсіресе, белгілі драматургтеріміздің эпостық
жырлар негізінде жазылған либреттолары мен пьесаларында өткен заманның
кейіпкерлерін айны – қатесіз көрсету үшін шешендік сөз нұсқаларын шебер
пайдаланғандығын көреміз.
Шешендік сөздер сөз өнерін қуған жас талапкер ақын – жазушыларға, тілші -
әдебиетші ғалымға, көркем өнер қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар
халықпен жиі араласып, ауызекі сөйлесіп тұратын партия қайраткерлеріне,
әсіресе, үгітші – насихатшылар мен лекторларға қажет.
Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады.Түсінік сөзде айтылмыш
шешендік сөздің нендей мәселемен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен
кім айтқандығы баяндалады.Түсінік сөздің көркем болуы шарт емес, тек ықшам,
әрі түсінікті болуы шарт. Сондықтан да шешенді сөз құрамының бұл бөлімін
айтушы ықтиярынша өзінің мүддесі мен мақсатына қарай өзгертіп, оқиғасын
алмастырып, айтушысын ауыстырып жіберуге мүмкіндігі бар. Бір текстің
бірнеше авторы болуының бір себебі осыдан. Түсінік сөздің өзі көркем
болмағанымен, шешендік сөздің мағынасы мен көркемдік маңызын ұғыну үшін
мәні зор.
Әдетте шешендік сөз түсініктен кейін немесе онымен аралас айтылады.
Шешендік сөздің тілі көркем, мағынасы терең болумен бірге сөздері
сұрыпталған, сөйлемдері қалыптасқан болып келеді, бірен - саран өзгерістер
енгізу болмаса, түпнұсқаға түбегейлі өзгеріс жасау ақын, шешен адамдар
болмаса, кез келген кісінің қолынан келе бермейді .Сондықтан түсінік сөздей
емес, шешендік сөз әлдеқайда тұрақты келеді.
Шешендік сөздің құрылысына қарай бөлінуі.
Шешендік сөздерді құрылысына қарай термелі сөз, пернелі сөз деп екіге
бөледі. Құрылысы өлең – жырға ұқсас шешендік сөздерді термелі сөз дейміз.
Шешендік термелі сөздің өлең – жырдан негізгі айырмасы – шешендік терме
үшін буын –бунақ саны біркелкі болып келуі шарт емес. Оның үстіне шешендік
термеде сөйлемнің ұйқасынан гөрі ырғағына, ішкі мағыналық байланысына назар
салынады. Сондықтан да өлең – жырда буын толтыру, жол ұйқастыру үшін
алынатын артық сөздер шешендік термеде болмайды, тек ең қажетті сөздер
таңдап – талғап алынады.
Шешендік терме түр жағынан ақ өлеңді еске түсіреді.
Негізінде өлең - әнмен, жыр - әуенмен айтуға арналған. Ал шешендік терме
әнге салып, әуенге қосуға келмейді. Оның есесіне шабытпен шапшаң
жауаптасуға, ауызекі сөйлесуге ептейлі. Бірақ бұдан шешендік терме біркелкі
буын, бірыңғай ұйқастан қашады деген ұғым тумасқа керек. Қайта шешендер
сөзді мәнділігіне, дәлдігіне қарай іріктеп, сұрыптап алумен бірге олардың
өзара ұйқасып, үндесіп келуіне үлкен мән берген.
Көркем қара сөзбен айтылатын шешендік сөздерді пернелі сөз дейміз.
Шешендік пернелі сөздің ерекшелігі сөздері сұрыпталған, сөйлемдері
іріктелген, бірі мен бірі көлемі жағынан қарайлас ықшам келеді.
Шешен кісі желдірте, екпіндеп сөйлеп отырғанда пернелі сөз бірде
ұйқасып, бірде үндесіп өлең сияқты естіледі.
Термелі сөзге де, пернелі сөзге де ортақ, жалпы шешендік сөздерге тән
бірнеше көркемдік ерекшеліктері бар. Ең алдымен шешендік сөздердің көлемі
шағын, сөйлемі ықшам келеді дедік. Оның өзі сөзді қалыпқа құйғандай іріктеп
алып, жаттап, жадында сақтауға да, керек кезінде жаңғыртуға да қолайлы,
тыңдаушысын жалықтырмай, зеріктірмей ұйытып, үйіріп әкетуге ыңғайлы.
Өйткені Көп сөз қола, аз сөз алтын деп халық көп сөзді, бос сөзді
жақтырмайды, одан гөрі тауып айтылған бір ауыз татымды сөзді артық санайды,
жадында сақтап қалады.
Бірақ шешендік сөз – қысқа болғанымен мақал – мәтел емес, бір оқиғамен
байланысты туған, белгілі адамдардың атынан айтылатын сөздер. Бұл қасиет
шешендік сөзге сенім туғызады. Өмірге үйлес келу, тыңдаушыны иландыра білу
– ауыз әдебиеті үшін де, жазба әдебиет үшін де қажетті қасиет.
Шешендік сөздердің құндылығы тек шындығында емес, ойының тапқырлығында.
Қиядан жол, қиыннан сөз табу – шешеннің бағалы қасиеті.
Көшерімді жел біледі,қонарымды сай біледі,соны сұрата жіберген хан
ақымақ па, сұрай келген сен ақымақ па? - деп Қаңбақ атынан ханға айтатын
Жиреншенің сөзі – тапқырлық сөздің тамаша үлгісі. Шешендік сөздің
тартымдылығы тапқырлығымен бірге, дәлелдігіне, сөздердің қисындылығына
байланысты.
Шешендік сөздің тағы бір ерекшелігі – сөздері үйлес, дыбыстары үндес
келеді.
Шешендік сөздердің сырын ашып, сынын келтіретін көркемдеу әдістерінің
бірі – салыстыру, шендестіру тәсілі. Бір оқты құлан көтереді,екі оқты
бұлан көтереді деп қазалы – қаралы жанды жаралы жануарға теңей жебеп –
демеп сөйлеу шешендік сұлу сипат, сүйкімді мазмұн береді.
Жақтағанын өсіре, даттағанын өшіре бейнелеу де шешендік сөздерді
өткірлей, ұштай түсудің бір тәсілі.
Шабытты шешен, шалымды жүйрік алқалаған топты аузына қаратып, қарсы жақты
бастырмалатып пысын қашыру үшін белгілі мақал -мәтелдерді жиі пайдаланады.
Сонымен қатар шешендік сөздері қиыннан қиысқан, өзіндік орны, көркемдік
ерекшелігі бар халық ауыз әдебиетінің дербес, әрі бағалы жанры болып
табылады. Шешендік өнер көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйренуді
тілейтін, талай тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілген өнер.
Нағыз шешен үшін шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр,
топқа тайсалмай сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болу
қажет.Шешендік өнердің қиындылығы туралы:
Көш бастау қиын емес –
Қонатын жерде су бар.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерде жау бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын,
Шешуін адам таппас дау бар, -
дейтін сөз соны аңғартады.
Асылы шешен кісі өз заманының озат ойшылы, оқыған, оқымаса де көкейге
тоқыған, саналы, білімді, мәдениетті азамат болуға тиіс. Бізге есімдері
аңыз, әңгімелерден мәлім Аяз би мен Жиренше шешендер, Сырым мен Исатай
батырлар сондай от ауызды, орақ тілді адамдар болған.
Демек, шешендік сөздерді озат ойшылдар мен тілмар шешендер жасап, халық
сынынан, ғасыр шындауынан өткізген, сөз өнерімен соғылған әдеби мұра, асыл
қазына деуге болады.
Мазмұны халыққа таныс, құрылысы қалыптасқан терең ойлы, көркем тілді,
үлгілі сөздер ғана шешендік сөз бола алады.
Әрине, белгілі бір шешеннің сөзінен халық шешендігінің айырмасы үлкен. Ең
алдымен халық шешендігі түгел сөз емес, тұтас сөздің түйін, бір түйір дәні.
Оның үстіне ондаған, жүздеген адамның өңдеуінен өтіп, халық арасына кең
таралып, нақылға, тақпаққа айналып кеткен сөздер.
Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи
құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан
өтіп, халық қабылдаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр
дәуірдің, әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп, шешендік
сөз тілге жеңіл,жүрекке жылы тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады.
Мазмұны терең, тілі көркем, ақылға қонымды, сезімге әсерлі сөз ғана
шешендік сөз немесе аталы сөз деп аталады.
Қазақ тарихында батыр – билердің, ақын – жазушылардың аталы, үлгілі
сөздерден үйренбегені, үлгі алмағаны жоқ. Махамбет пен Бұхар жыраудың
толғаулары, өлең – жырлары, шешендік сөзге, тапқырлық ойға толы. Белгілі
ағартушыларымыз Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен, әсіресе
хаттарынан қазақтың дәстүрлі шешендік өнерінің әсері мен мұндалып тұрады.
Әсіресе қазақ әдебиетінің классиктері Абай Құнанбаев пен Сұлтанмахмұт
Торайғыров шығармаларына ежелгі шешендік өнердің ықпалы айқын сезіледі.
Өлең, дастандарын айтпағанда, Абай Құнанбаевтың мақал – мәтелдерге, нақыл –
насхатқа бай қарасөздерінде халық шешендерінің үлгі – нұсқасы мол.
Дәстүрлі шешендік өнердің белгілі совет жазушыларына тигізген әсері аз
емес. Ондай әсерлерді біз ең алдымен Мұхтар Әуезовтың, Ғабит Мүсіреповтың
алғашқы әңгімелері мен пьесаларынан көреміз.М.Әуезовтың Еңлік - Кебек
пьесасынан, Ғ.Мүсіреповтың Ана туралы аңыздарынан шешендік сөздердің
небір тамаша үлгілерін кездестіруге болады. Халық шешендік өнерінің
осындай игі ықпалы Жамбыл Жабаевтың, Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс
Жансүгіровтың, Бейімбет Майлиннің, Сәбит Мұқановтың, Ғабиден Мұстафиннің,
Әбділда Тәжібаевтың, Иса Байзақовтың, Асқар Тасмағанбетовтың, Қасым
Аманжоловтың, т.б. талантты ақын – жазушылардың шығармаларынан да табылады.
Әлбетте, халық әдебиеті, соның ішінде дәстүрлі шешендік өнер орнымен,
творчестволықпен қолдана білген жағдайда ғана пайдалы бола алады. Дәлірек
айтқанда, шешендік сөздерден жүйелі ойлау, ойды ұстарту, дәлелді сөйлеу,
сөзді қалай көркемдеу тәсілдерін үйренуге, ойынды кеңейтіп, тілінді
байытуға болады. Ал шешендікке сырттай еліктеу немесе сөз арасында дайын
үлгілерді орынды – орынсыз қыстырмалай беру дұрыс емес.
Қазіргі шешендік сөздер.
Шешендік тек тарихи құбылыс қана емес, қоғамдық құбылыс. Түрлі тарихи
қиын кезендерде шешендік қоғамға қызмет етті. Шешендік өнердің тарихына көз
жіберсек, шешендік әсіресе тәуелсіздік жолындағы күресте өте-мөте белсенді
қызмет атқарды. Шешендер тіпті жер дауы мен жесір дауын қозғаса да, түбі
елдікке, бірлікке, теңдікке барып тірелді. Сондықтан да әйгілі шешендердің
тайпа көсемдері, ханға кеңесші билер, қол бастаған батырлар болуы тегін
емес еді. Немесе біз білетін шешендердің әрі би, әрі қолбасшы, әрі батыр,
әрі жырау-философ болуы да осы ұлы мұраттан туындағаны белгілі. Кейін
қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың өзгеруіне байланысты, идеология да өзгерді:
бұрынғыдай халық жиналыстарында саяси-әлеуметтік тақырыптарда пікірталасы
немесе үгіт-насихат сөздері кеңінен жүзеге аспады, қоғам мүшелерінің саяси
белсенділігі төмендеді. Енді шешендер мен шешендік сөздердің, шаршы топтың
сипаты өзгерді: шешендер білім-ғылым, оқу-ағарту, тәлім-төрбие, мэдениет-
өнер тақырыптарын қозғаған көркем сөз иелері- ақындар мен жазушылар,
ғалымдар, журналистер болса, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz