Әлеуметтік психологиялық тренинг



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемелекеттік университеті

Тақырыбы: Әлеуметтік психологиялық тренинг

Тексерген:
Киікбаева А.Б.

Орындаған:
Анарбаева М.А.

Көкшетау 2013

І ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1. Әлеуметтік-психологиялық трениннгтің
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...

2. Р.Д.Джейкобсон жүйкелік-психикалық қысымды басудың релаксациясы

3. АҚШ-та тренингтің ұлттық лабораториясының
құрылуы ... ... ... ... ... ...

4 М.Форвергтің ғылыми әлеуметтік-психологиялық тренинг жасауы ... ...

5. Тренинг заңдары, мақсаты және
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .

6 Тренингтің нормалары мен
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

a. Тренинг заңдарының мақсаты мен міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

b. Топты тренинг заңдарымен
таныстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...

1 Әлеуметтік-психологиялық трениннгтің тарихы

Тренинг термині (ағылшын тілінде train, training) – тәрбие, оқыту,
дайындық, жаттығу деген бір қатар мағананы білдіреді. Топтық психологиялық
тренинг кең мағанда да жалпы даму, психологиялық түзету, оқыту және
психодиагностика шеңберінде қолданылады.

Тренингтің жеке дара формалары ғылыми негізделіп XX ғасырдың басында
теориялық білімнің нәтижелерін жүктейтін шектеулерді жеңу құралы ретінде
және еңбек дағдыларын қауіпсіз қабылдауға мүмкіндік беретін тәсіл ретінде
пайда бола бастады. Сол уақытта еңбекті ұйымдастыруда жоғары қиындықтармен
байланысты және экстремалды спецификасы бар мамандардың психоэмоционалды
қысымын басу үшін психикалық өзін реттеудің әртүрлі формалары пайда бола
бастады.

Р.Д.Джейкобсон жүйкелік-психикалық қысымды басудың релаксациясы

1922 жылы американ психофизиологі Р.Д.Джейкобсон жүйкелік-психикалық
қысымды басуда прогрессивті релаксация жүйесін ұсынды. 1932 жылы И.Г.
Шультц ішкі қысымды басу үшін аутагенді жаттығудың классикалық нұсқасын
жасады. Топтық тренинг формаларының пайда болуын 1945 жылы К.Левин,
К.Роджерс, Л.Брадфорт, Р.Липпит есімдерімен байланыстырады. Осы кезеңде АҚШ-
та топтықдинамиканы зерттейтін орталық жасалды. Топ аралық қарым-қатынасты
К.Левин зерттеу барысында мындай шешімге келді: тұлғаның тиімді өзгерістері
топтық контексте болады. Ол адам өзінің адекватты емес бағытын ауыстыру
және мінез-құлық формаларының жаңа түрлерін жасау үшін тұлға өзінің қандай
екенін, сонымен қатар қоршаған адамдар оны қалай қабылдайтынын көру қажет.
К.Левин мен К.Роджерс жасаған топтық динамика теориясы және клиентке
орталықтанған терапия топтық тренингтің негізгі, бастауы болады.

АҚШ-та тренингтің ұлттық лабораториясының құрылуы

1947 жылы АҚШ-та тренингтің ұлттық лабораториясы құрылды. Сол кезде
пайда болған тренинг топтар психологиялық жұмыстың жаңа түрлерін жасауға
алғы шарт болды, қазір ол әлеуметтік – психологиялық тренинг ұғымында
біріктіріледі. Тренинг топтың әйгілілігі тренингтік топта қауіпсіз
психологиялық жағдайларлы тиімді емес таптаурындарды өзгертуге көмектеседі.
Тренинг топқа қатысушыларға өзінің мінез-құлқын табиғи жасаған сферада
эксперимен жасауға, сенімділік атмосферасы мен көмек көрсетуге өзіндік
ашылуға мүмкіндік туғызады. Содан басқа тренингке қатысушылар тренерден
керекті психологиялық ақпарат пен дағдыны алады, олар жеке өсуге және басқа
адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Тренинг топтың әрі
қарай дамуы әртүрлі болуы мүмкін, оларды 3 ағымға бөлуге болады:

- Индивидумның жалпы дамуы;

-Тұлғалық қарым-қатынасты зерттеу және қалыптастыру;

-Еңбек қарым-қатынастарын белсендіру жолымен ұжымның іс-әрекетін

жақсарту.

М.Форвергтің ғылыми әлеуметтік-психологиялық тренинг жасауы

70 жылдары Лейпциг пен Йенск университеттерінде М.Форвергтің
басшылығымен ғылыми әлеуметтік-психологиялық тренинг жасалды. Оның
зерттеген саласы-өндірістік мекемелерге басшыларды әлеуметтік-
психологиялық тұрғыда дайындау болды. Тренингтің негізгі құралдар болып
рөлдік ойындарды драматизация элементтерімен, тиімді коммуникация
дағдыларын қалыптастыратын шарттарды жасайды. Әлеуметтік-психологиялық
тренингтің өркен жаюы 80 жылдарда басталды.

1982 жылы Л.А.Петровскаяның теориялық және әдіснамалық аспектілерге
арналған монографиясыжарияланды. Л.А.Петровская әлеуметтік - психологиялық
тренинг ұғымында топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген
психологиялық әсер етудің тәжірибесін ұғынуды ұсынды. Әлеуметтік-
психологиялық тренингтің негізгі мақсаты ретінде көптеген авторлар қарым-
қатынаста компетенттілікті жоғарлатуды жатқызады. А.Петорвская қарым-
қатынастағы компетенттілік ұғымында тұлғааралық қарым-қатынас барысындағы
білімдердің дамуын, әлеуметтік нұсқаулар, икемділіктер мен тәжірибенің
алмасуын түсінді.

В.П.Захаров пен Н.Ю.Хрящева қарым-қатынастағы компетенттіліктің дамуы
үшін келесі міндеттер шешу қажет деп көрсетеді:

-қарым-қатынастың икемділіктері мен дағдыларын игеру;

-тұлға, топ, қарым-қатынас психологиясы саласында білімдерді игеру;

-қарым-қатынасты жақсартатын білімдердің дамуы мен қалыптасуы,

түзетуі;

-басқа адамдар мен өзін адекватты бағадаудың қабілеттерінің дамуы;

-тұлға қарым-қатынас жүйесінің дамуы.

Тренинг заңдары, мақсаты және міндеттері

Қиындықтар және келісе алмаушылықтар, міне осылар адамдарды бөледі,
қорқыныш атмосферасына еніп, топ арасында өзіңді жалғыз сезінуге алып
келеді, сенімсіздік, әлсіздік. Ал қызметкерлердің тренингтерге барып өз
білімін жетілдіруі, қызметкерлерде әлеуметтік-психологиялық иммунитет
қалыптастырады. Ол әрбір адамда кездеседі жеке және іскерлік қарым-қатынас
кезінде қиын мәселелерді шешуге көмек береді. Іскерлік және дағды,
әлеуметтік-психологиялық ортада қалыптасқан кез-келген қиындықты тиімді
шешуге көмек береді.

Топтың мақсаты: жеке адамдағы әлеуметтік-психологиялық біліктіліктің
артуы және индивидтің топтың арасында өзін қоршаған адамдармен тиімді
қарым-қатынасқа түсе білуі.

Тренингтің мақсаты:

1) Әлеуметтік-психологиялық тренинг арқылы белгілі бір мөлшерде
әлеуметтік-психологиялық білім алу;

2) Қатысушының әлеуметтік-психологиялық корекция мен қалыптастыра
алушылық қабілетін арттыру;

3) Адамдарда әлеуметтік-психологиялық бірлігін түсіну;

4) Өзін-өзі түсіну және барабар өзгелерді де;

5) Өзгелерден және топтардан келетін психологиялық ақпараттарды қабылдай
білу;

6) Индивидуалдық жеке қарым-қатынас жасауды үйрену ;

Әлеуметтік-психологиялық тренинг ұйымдастырудың басты принциптерінің
бірі өзара қарым-қатынасқа сүйенген сұхбат болып табылады. Ол өзге
адамдардың пікірін зейін қойып тыңдауға, сенімділікке, бір-біріне деген
күмәннің болмауына, қорқыныштың болмауына сүйенеді.

Жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарты қатысушылардың практикалық
тұрғыда әлеуметтік-психологиялық принциптерге сүйене отырып бірге жұмыс
жасауы. Белгілібір жақсы нәтижеге жету үшін , кейде адам таңқаларлық
сәттері болуы тиіс. Сондықтан әлеуметтік-психологиялық тренингте жеке
әлеуметтік жұмыскердің құндылықтарын қалыптастыру барысында қатысушылардың
өзін ұстауы жөнінде ашық сыр-сұхбат ұйымдастыру керек, кері байланыс
әрекеті болуы тиіс.

Ең басты принциптердің бірі өзіндік диагностика, әрбір қатысушының
және басқарушының топты сезінуі. Ол өзіне бірнеше сұрақтар мен
тапсырмаларды кірістіреді, сол сұрақ не тапсырмаға байланысты кез келген
қатысушы өзінің пікірін ашық айта алуы тиіс, яғни сұрақ кез келген жастағы,
нәсіліне, дініне, жынысына қарамай оған түсінікті болуы тиіс. Сонымен қатар
зерттеліп отырған әлеуметтік-психологиялық тренинг принциптеріне ерекше
көңіл бөлінуі тиіс. Сол мәселенені аша білу кейіннен әлеуметтік жұмыскедің
профессионалдық қалыптасуына септігін тигізеді. Маңызды сұрақтардың бірі
топты біріктіру, топтастыру. Егер қажет болса тренинг барысында әлеуеттік
индивидуалдық сұхбат құру қажет. Топтастыру барысында, жақсысы оған
психологиялық таптаурын адамдарды кірістірмеу қажет, өйткені тренинг
барысында мұндай адамдар үрейі жоғарылауы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде
топтың түсініспеушілігіне алып келеді. Сонымен қатар тренинг барысында
қатысушы өзінің әлеуметтік-психологиялық біліктілігін арттыру үшін емес тек
уақытты қызықты немесе тиімді өткізу үшін келген болса ондай адамның
тренингке мүмкіндігінше қатыспағаны дұрыс.

Тренинг барысында жетістікке жетудің басты тармағының бірі ерікті
қатысу. Топ мүшелері өздерінің білімінің артатынына сеніп және айқындалған
мақсатқа жетуді көздеу. Бірлік топта жылдам қалыптасады, егер топтың жұмысы
нақты құрылымдыққа ие болса. Тапсырмалардың ұзақтылығы алдын ала бекітіліп
қойылуы тиіс. Қатысушыларды бір шеңберге жұмсақ үстел бойлай жайғастыру
керек.

Тренингтің нормалары мен принциптері

Тренингті бастау алдында жетекші маңызды сұрақтарды қарастырып,
тренинг шарттарымен таныстыруы тиіс. Жетекші тренингтің барлық нормаларымен
және принциптерімен таныстыруы тиіс:

1. Ұстаным бойынша қатынас осында және қазір. Көптеген қатысушыларға
тренинг жұмысы өткен және болашақтағы оқиғаларды талқылау. Бұндай
жағдайда психологиялық қорғаныс механизмі іске қосылады. Бірақ
тренингтің басты идеясы мынадай жағдайдан тұрады, ол топтың үлкен
айнаға айналуы немесе айналар жүйесін құруы, осында әрбір қатысушы
жаттығулар барысында сол айнадан өзін көре алуы тиіс. Бұл өз жетімісін
беруі мүмкін, егерде топта кері байланыс жақсы дамыған болса, және
қатысушылардың бір-біріне деген үлкен сенімі.

2. Жеке-дара пікір айту ұстанымы. Бұл ұстанымның негізі әлеуметтік
жұмыскер тренинг барысында көпше түрдегі сөздерді емес жеке өзінің
ойын толық жеткізуі. Яғни біздің ойымызша... немесе көптің
айтуынша... деген формадағы сөздерді емес, менің пікірімше, бұл...
деген формадағы сөздерді қолдануды дағдыға айналдыру.

3. Екпінін айқын етіп айту ұстанымы. Осы ұстанымға сәйкес кез келген
қатысушы өзінің сөйлеуі барысында екпінмен айту, эмоциялдық күйлерге
түсіп баяндап беруі тиіс. Мәселен мынадай жағдайлар болмауы тиіс
сенің сөйлеу екпінің мені ашуландырып жатыр. Сондықтан әрбір
қатысушы өзінің сөз сөйлеу екпінін дұрыс қоя білуі шарт және өздерінің
көңіл-күйлерін білдіре алуы тиіс.

4. Белсенділік ұстанымы. Тренинг барысында бұл ұстанымды қолдану барлық
қатысушылардан талап етіледі. Мұндағы басты міселенің негізгі мақсаты
қатысушылар белсенді қатысып өздерін, топты және әріптестерін тануы.
Адамның жеке өмірі барысында ол тек өзінің жеке проблемалары
төңірегінде ғана ой қозғайды. Осында қарастырылып отырған міселенің
негізгі түйіні осы мәселені топтық жағдайда анализ жасауды үйрену.

5. Сенімділік ұстанымы. Тренинг қатысушыларының бір-біріне деген сенімі,
пікір алмасулары барысында бірінін-біріне сен деп қарым-қатынас
жасауы сенімділікті арттырады және басқаларды жақсы тануға септігін
тигізеді. Және тренингтің алтын ережелерінің бірі тек қана шындықты
айту, шындық болмаса да өтірік айтпау

6. Жария етпеу ұстанымы. Бұл ұстанымның негізгі мағынасы осы тренинг
барысында сөз болған сұхбаттар тек осында қалуы тиіс, ол сыртқа
шықпауы шарт. Бұл да тренинг барысында қатысушылардың бір-бірне деген
сенімінің артуына алып келеді, және қатысушылар ашық сыр-сұхбат құрып
тренингті жүргізу оңай болады.

Қатынас жасаудың алғашқы заңнамаларының бірі- қатысушылардың қарсы
пікір білдіруі, негізінен бұл мазасызданудан туындайды немесе жоғарғы
деңгейдегі психологиялық қорғаныстың болуының салдары. Осы шырмалған
пікірлерді шешу үшін,тренинг топ бөлігін қолдануға болады (2-4 адам),
осында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді талқылай алады.

Тренинг барысында керекті жолдастық жағдайды қалыптастыру үшін өзінің
жеке оң көзқарастарын қатысушыларға жеткізе білу керек. Бұған үлкен көңіл
бөлінеді. Өйткені өзін жақсы жақтан көрсете алу индивидтің өзін басқа
қырларынан танылуына көмегін тигізеді және өзіне деген сенімділігі артып,
күш-қуаты молая түседі. Тренинг жүргізушісіне мынадай жағдайға көңіл бөлуі
тиіс, кез-келген қатысушы топ тарапынан қысым көрмеуі тиіс.

Топтық жұмысты ұйымдастыру барысында, мынаны негізге алу керек:
қатысушылардың білім алуы, өздерін жетілдіруі тек эмоциялық уайымдап қою
ғана емес, сонымен қатар сол мәселені жете түсіну, сол мәселені іштей
қорыта алу, ол мәселелердің шығуын білу, яғни белгілі бір мәселелер мен
сұрақтар пайда болғанда, сол мәселелердің субъект тарапынан жоғары көңіл
бөлінуі. Тренердің шеберлігі көбінесе мынаған тәуелді, ол алынған
материалдарды қолдана алама, сол мәселелерді жан-жақты аша алама, кейде
тиімді деген ойындар мен ситуациялар нәтиже бермеуі мүмкін, бұл кезде
тренердің шеберлігі маңызды рөл ойнайды.

Керек жағдайда мынадай қолдау көрсету керек, егер топ мүшелері өзіндік
ізденіске дайындығын айтса. Жетекші тренинг қатысушыларының бірін-бірі
зерттеу мүмкіндігін жасау керек, және жұмыс жасау, топтағы әрекетін
түсінуге көмек беруі керек. Мүмкіндігінше анализ жасау, топпен жұмыс
барысында не болып жатқанын, топтың және индивидтің келесі бағыт-бағдарын
айқындау.

Қорытынды жаттығуларды міндетті түрде қатысушыларды ескерту керек,
олар әлеуметтік психологиялық тренингтегі қарым қатынастарын шынайы өмірге
араластырмау. Ең алдымен топтың шынайы дамығанын тренингтің барысында
үйренген білімін кейін кезездесетін критикалық кезеңдерде пайдалана
алатынына көз жеткізу керек. Сонда біз топты саналы түрде өзгерді деп айта
аламыз.

Тренинг заңдарының мақсаты мен міндеті

Кез-келген тренинг барысы өте нәзік адам психологиясымен шұғылданады.
Тренингтің ереже немесе заңдары тренингті жүргізу барысында регламенттеуге
ерік береді, топ ішіндегі процестерді бақылауға көмектеседі. Осы
мақсаттарды қолдана алу топтық жұмыс кезінде қатысушыларға үлкен көмек
болады. Және керісінше егер тренер бұл мәселелерге көңіл бөлмесе онда топ
құлдырайды, ал одан жаманы топтағы бір адамды жаралауы мүмкін.

Тренинг заңдарының мақсаты мен міндеті

1. Тренинг барысында жалпы ережелер негізінде топқа біріктіру.

2. Топпен треинг жүргізуде басты ұйымдастыру кезеңдерін белгілеу.

3. Қабылданған ережелер негізінде топты басқара алу.

4. Айқындалған мақсат бойынша тренинг заңдары мен мақсаттарының топ
жұмысын жақсартуға ат салысуы.

Тренингтің негізгі заңдары

1. 00 заңы.

2. Микрофон заңы.

3. Белсенділік заңы.

4. Мен-пікір айту заңы

5. Топтың барлық мүшелеріне жақсылық ойлау және оң көзқараста болу заңы.

6. Есім заңы.

7. Сыпайылық заңы.

8. Қазір және осы сәтте заңы.

9. Құпиялылық заңы.

10. Тек өзінің қатысуының заңы.

Осы заңдардың мағынасын кеңінен ашып және қолданылу шеңберін
қарастырайық:

1.00 заңы. Барлық тренинг мүшелері алдын-ала келіскен ауқытта
кешікпей келеді, ол треинг басталу уақыты және түскі үзілістен кейін болуы
мүмкін. Және тренердің өзінің кешігуіне ешқашан жол берілмеуі тиіс. Егер
тренер кешігетін болса бұл тренинг қатысушыларына кері әсер етіп олар да
кешігуді дағдыға айналдыруы мүмкін. Өз уақытында келу бұл тренингтің ең
басты заңы.

2. Микрофон заңы. Кімің қолында микрофон, сол сөйлейді. Микрофон кез
келген зат болуы мүмкін мысалы түсті маркер, микрофонды шеңбер бойынша
жіберіліп кімнің қолында болса сол өз пікірін айтады. Сонымен қатар
микрофон ретінде жұмсақ ойыншықты қолдануға болады, бірақ естен шығармау
керек ол ойыншықтың келбеті агрессиялы болмауы тиіс (мысалы азу тістері
қорқынышты қасқырды пайдалануға болмайды), өйткені ол топтың эмоционалдық
жай-күйіне әсер етеді. Егер де микрофон ретінде маркер қолданылса, онда
оның түсі ашық болуы тиіс топтың назарын аударатындай.

3.Белсенділік заңында былай делінген: Сіз кез-келген жаттығуға
қатыспауға мүмкіндігіңіз бар. Бірақ бұлдегеніміз оның мүлдем келмеуі емес,
ол тек сырттай бақылаушы болып отырады. Басты назар аударуымыз қажет: егер
да бір адам қатыспайтынын айтса онда ол топтың белсенділігіне әсер етеді.
Ондай жағдайлардың алдын алу керек.

4.Мен-пікір айту заңы. Бұл заң бойынша қатысушылар өз пікірлерін тек
бірінші жақ бойынша жеткізуі тиіс. Менің пікірім, менің түсінуім, мен
ойлаймын, ол.... Ереженің негізгі қағидасы әрбір қатысушы өз ойын тек өзі
айту, және топтың немесе басқа бір жеке тұлғаның атынан сөйлемеуі тиіс,
сондықтан пікір білдіру барысында Біз..., - жол берілмеуі тиіс.

5.Топтың барлық мүшелеріне жақсылық ойлау және оң көзқараста болу
заңында былай делінген: Біздің әрбірімізде артықшылықтарымыз бен
кемшіліктерімыз бар. Тренинг барысында өзгелерге түсіністікпен қарауымыз
керек. Егер сізге тренингтегі қатысушы ойы сізге ұнамаса ол жайлы
трененерге жеке айту керек, жене ешкімге зияныңыз тимеуі шарт.

Егер де сіз жасөспірімдер арасында тренинг жүргізіп отырсаңыз осы
заңға басты назар аударуыңыз шарт. Бірін-бір фамилиясы немесе лақапаты
арқылы шақырылмауы керек жайында алдын-ала ескертілуі тиіс. Ерекше жағдай,
егерде қатысушы өзін фамилиясы немесе лақапаты бойынша шақыруға рұқсат
еткен жағдайда ғана мұндай жағдай орын алуы мүмкін.

6. Есім заңы. Егер тренингке қатысушылар тренерге таныс болмаса немесе
олар жақсы таныс емес ортадан болған жағдайда, әрбір қатысушы сөз сөйлер
алдында өз есімін айтып кетуі шарт.

7.Сыпайылық заңы. Топта әрбір қатысушы өзін қалай айтылғанын қалайды
солай сол адамды атау керек, бұл өз кезегінде топтағы қатысушылар
арасындағы сыйластықты туындатады.

8. Қазір және осы сәтте заңы. Мұнда барлық болып жатқан оқиғалар
қазір және осы сәтте өтіп жатыр, және эмоциялар мен қарым-қатынасты
тренингтен тыс шығарылуына жол берілмеуі тиіс.

Бұл заң тренерлерге де қатысты, тренер өзінің басынан өткен оқиғаларын
айтып қатысушылардың мазасын алмауы керек.

Өзге тұрғыдан алғанда бұл заң қатысушылардың болып жатқан құбылысқа
кең түсінік беруіне көмек береді және өмірдің әрбір сәтінің қымбат екенін
түсіндіреді.

9. Құпиялылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топты тренинг заңдарымен таныстыру
Тренингтік жұмыстар технологиясы
Психологиялық тренинг-оқытудың арнайы ұйымдастырылған формасы
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теоретикалық негіз
Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы туралы
Әлеуметтік-психологиялық тренинг арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас
Топтық психотерапия
Тренингтік сабақтарды тиімді ұйымдастыру әдісі
Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері туралы
Әлеуметгік - психологиялық тренинг әдістері
Пәндер