Түйсіктің түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім министрлігі
Ш.Ш.Уалиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университеті

Жаратылыстану-педагогикалық факультеті
Биология кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Түйсік және қабылдау

Оқытушы: психология кафедрасының
аға оқытушысы Михина Д.Ө.
Студент: БК-22 тобының студенті
Айнақұлова З.Қ.

Көкшетау-2007
Түйсік – материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары
мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда
бейнеленуі. Түйсіну дегеніміз – дүниені танып білудегі бейнелеу процесінің
алғашқы баспалдағы. Түйсік себепсіз болмайды. Ол – біздің айналамызда, ішкі
жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық
процесс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Сол
шындық пен болмыстың адам сезім мүшелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен
түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік – сыртқы әсердің сана фактісіне
айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі. Адамның дүние тануының
алғашқы баспалдағы – осы түйсік. Нақты пайымдау, шындықты бейнелеу
жайындағы мәліметтердің бәрі де адамға осы баспалдақ арқылы жетеді.
Адамның дүние шыңдығы мен болмысын танып білуі – диалектикалық жолмен
дамитын аса күрделі процесс. Түйсік, қабылдау, елес бейнелері адамның
нақты пайымдау не тікелей таным процесі деп аталатын дүниетанымдық
сатысына жатады. Мұндай таным процестері сыртқы заттар мен құбылыстардың
біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер етуінен пайда болып, шындықты,
ақиқатты бейнелеудің сезімдік сатысы делінеді. Түйсік – тікелей танымдық
процесс. Адамның дүниені танып білуінің жоғары сатысына жататын процестер –
ойлау, қиял, ес те түйсікке сүйене отырып дамиды.
Түйсік туралы түсінік.
Қоршаған орта мен өз тәніміз жөніндегі біліктердің негізгі көзі –
біздің түйсіктеріміз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөніндегі
ақпараттардың миға жетіп, адамның төңіректегі дүние ортасы мен өз тәніне
байланысты бағыт-бағдар түзуіне қажетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер
осы өзектер жабық болып, сезім мүшелері керекті ақпараттарды жеткізіп
тұрмағанда, ешқандай саналы өмір жөнінде әңгіме ету мүмкін болмас еді.
Деректерден белгілі болғандай, тұрақты ақпарат көзінен айрылған адам
мүлгіген кейіпке түседі. Мұндай жағдай адамда кенеттен көру, есту, иіс сезу
қабілетінен айрылып немесе сана-сезімі қандай да сырқатқа байланысты
шектелсе, көрініс береді. Бұл кейіпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына
шырмалып, кейін төзіп болмас күйзеліске ұшырайды.
Түйсік дегеніміз – заттар сезім мүшелеріне тікелей әсер еткенде
олардың жеке қасиеттерінің бейнеленуі.
Түйсіктің физиологиялық негіздері. Түйсік заттың сезім мүшелеріне әсер
еткен кезінде ғана пайда болады. Сезім мүшесі – дененің шет аймақтары
немесе ішкі мүшелерінде орналасқан, сыртқы және ішкі ортадағы белгілі бір
тітіркендіргіштердің әсерін қабылдауға маманданған анатомиялық-
физиологиялық аппарат. Сезгіш нервтердің ұштары әр сезім мүшесінің басты
бөлігі болып табылады, ол рецептор деп аталады. Көз, құлақ тәрізді сезім
мүшелері ондаған рецепторлық ұштықты біріктіреді. Тітіркендіргіштің
рецепторға әсер етуі сезгіш (афференттік) нерв арқылы үлкен ми сыңары
қыртысының белгілі бір бөліміне баратын нервтік импульстің пайда болуына
әкеледі. Жауап қайыру реакциясы эфференттік нерв арқылы беріледі.
Морфологиялық және функциялық біртұтас құрылым болып саналатын
рецепторды, ми қыртысындағы өткізгіш нервтер мен учаскелерді И.П.Павлов
талдағыш деп атады. Түйсік тууы үшін талдағыштың барлық бөлшектерінің
сақталуы қажет. Ми қыртысында талдағыштың нерв клеткалары бүлінсе, адамның
сезім мүшесі толық сақтала тұрса да көруден немесе естуден қалады.
Талдағыштық орталық бөлімі (оның қыртыстық зонасы) ядродан және
қыртысқа тараған перифериялық элементтер деп аталатын нерв клеткаларынан
тұрады.
Түйсік әрқашан не қимыл-қозғалыс, не вегетативтік процестердің
өзгерісі түріндегі жауап реакциясымен байланысты. Жауап реакциясын жүзеге
асыратын эфференттік (қимылдық) импульстар, өз тарапынан бейімделу
реакциясының сипаты жөнінде сигнал беретін афференттік (сезгіштік) нерв
импульстерінің тасқынын туғызады. Талдағыштың айналма механизмінде бірнеше
күйлер рефлекстері пайда болады. Сипатталған құбылыс физиологияда кері
афферентация деп аталады.
І. Түйсіктің физиологиялық негіздері.
Түйсіктің табиғи-физиологиялық негізі организмнің арнаулы жүйкелік
механизмі – талдағыштар арқылы іске асады. Кибернетика ғылымының
анықтауынша, адам өзін-өзі басқаратын аса күрделі жүйе болып саналады. Ал
талдағыштарды сол жүйенің негізгі хабарлау қызметін атқаратын мүшелері
деуге болады. Адам организмі сол талдағыштардан келіп жатқан сигналдардың
ыңғайына сәйкес орталық жүйке жүйесіндегі функцияларын реттеп, бірде жаңа
әсер тудырып, бірде бұрыннан өтіп жатқан әрекеттің барысына өзгеріс
кіргізіп, оны түзетеді, бағыт береді. Сөйтіп, ми қабығында үздіксіз өтіп
жататын күрделі қызмет талдағыштар арқылы жүзеге асып отыратын кері
байланысқа сүйенеді. Талдағыштар үш бөліктен құралады: а) шеткі
(перифериялық) орган – бұл сезім мүшелері, рецепторлар деп аталады; ә)
өткізгіш бөлім – рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын
афференттік және эфференттік жолдар; б) мидағы орталықтар.
Бірінші бөлік – рецепторлар – түрліше құрылған жүйкелік аппараттар.
Олардың атқаратын қызметі – сырттан келген физикалық, химиялық
тітіркендіргіштердің күшін жүйкелік қозуға айналдыру. Талдағыштардың бұл
сатысында әсерді тек қарапайым түрде ғана талдау іске асырылады. Екінші
бөлік – өткізгіш-бөлім – сыртқы қуаттың сезімтал жүйке талшықтарының ұшында
қозуын екі жолмен жоғарғы және төменгі бағытқа жайып отырады. Орталыққа
баратын талшықтар арқылы қозуды бірінші жолмен жұлын мен ми бағанасына жән
ми қабығындағы алқаптарға жеткізеді. Орталықтан тебетін талшықтар арқылы
мидағы қозу толқынын екінші жолмен әр түрлі органдарға өткізеді. Жүйке
талшықтарының бойымен қозу бір секундта 120 метрдей жылдамдықпен өтіп
жатады. Үшінші бөлік – мидағы орталықтар. Бұл – талдағыштардың негізгі
бөлімі.
Жүйке жүйесіндегі басқа бөлімдер клеткаларының құрылысымен
салыстырғанда осы орталықтағы клеткалар құрылысы әлдеқайда ерекше әрі
күрделірек. Организмнің тиісті ортаға, жағдайға икемделіп әсерленуін
дәлірек қамтамасыз етіп, нәзік талдау жасай алатын мүше – мидағы осы
орталықтар.
Функциялардың динамикалық орналасуы мидың бір жерінде бұлжымай қалған
алқап емес, олар күрделі түрде бір-бірімен қарым-қатынаста, өзара тығыз
байланыста болады. Ортаның әсері мен талабына орай ми алаптары бірінің
орнын бірі басып отыруға, сөйтіп, бір нейрондардың қызметін екіншілері
атқаруға қабілетті екендігін көрсетеді. Ми қабығының мұндай қызметі
психология ғылымында компенсаторлық әрекет деп аталады.
Түйсіктің түрлері.
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі, есту түйсігі,
дәм түйсігі, иіскеу түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық, вибрациялық және
органикалық түйсіктер болып бірнеше түрге бөлінеді. Ерте кезден бастап
адамның сыртқы бес сезім мүшесіне орай көру, есту, сипау, иіс және дәм
түйсіктерін ажыратқан. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецепторда
бейнелейтін 20-дан астам түроі талдағыштар бар деп саналады. Түйсіктер
бірнеше негіз бойынша жіктеледі. Тітіркендіргіш пен рецепторлардың
жанасуына сәйкес не олардың жанаспауына орай дистактық және түйісу
рецепторлары болып бөлінеді. Олар жақын ортаға бағдарлануды қамтамасыз
етеді. Дәм сезу, ауырсыну, тактильдік (сипау) түйсіктері түйісу
рецепциясына жатады.
1. Көру түйсігі. Дүние тануда көру түйсігінің маңызы зор. Зерттеу
нәтижелерінің адамға әсері жеті спектрлі түсті және соның негізінде 10000-
нан аса реңкті ажырата алатындығы анықталған. Бұдан біз көру түйсігінің
өресі мен диапазонының өте кең екендігін айқын аңғарамыз. Халық мақалындағы
Мың рет естігеннен бір рет көрген артық деген түсінік осындай тәжірибеден
туындаған. Көз арқылы жарықтың қуатын, түр-түсін, үлкен-кішілігін, алыс-
жақын тұрғанын, оның қозғалысын көріп білеміз. Заттар мен құбылыстардың
жеке сипаттарын айнытпай толық бейнелеу, ең алдымен, көру түйсігі арқылы
іске асады.
Көру түйсігі біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуі
нәтижесінде пайда болады. Көру түйсігінің ұзындығы – 390-780 миллимикрон
(миллиметрдің миллионнан бір бөлігі). Осы арқылы жарық толқындарын бір-
бірінің түрлі сипаттарына қарап айыруға болады.
а) Толқынның ұзындығы оның бір секундтағы шайқалу санына байланысты.
Шайқалу жиілей түссе, толқынның ұзындығы қысқара береді, шайқалу саны
азайған сайын толқынның ұзындығы арта бастайды. 1 секундта ең аз шайқалатын
ұзын толқындар қызыл түсті көрсетеді, көп шайқалатын ең қысқа толқындар
күлгін түсті бейнелейді.
ә) Жарық толқындары шайқалу амплитудасы арқылы бір-бірінен айрылады.
Бұл толқынның энергиясына байланысты. Шайқалу амплитудасынан біз түстің
анықтығын байқаймыз.
б) Жарық толқындарының түріне қарап, бір-бірінен айыра аламыз.
Жарықтың түрі түрлі ұзындықтағы толқындардың өзара араласуынан туады.
Түстердің қоюлығы жарық толқындарының түріне қарай болады.
Заттар мен нәрселердің түстері хроматикалық (қызыл, қызғылт сары,
сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық яғни бояусыз (ақ, қара
және барлық сұр түстер) болып екіге бөлінеді. Хроматикалық түстер үш түрлі
сапамен (түстің ашық болуы, реңкі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек ашық
болуымен ғана ажыратылады. Түстің ашық болуы түстердің қара түстен
айырмашылық дәрежесі. Мәселен, ақ түс – ең жарық түс, қар түс жырықтығы ең
төменгі түс болып саналады. Түстердің өңі дегеніміз – бір түстің екінші
түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы. Түстің қоюлығы – жарықтығы
бірдей сұр түстерден жеке түстердің айырмашылығы. Ең қою түс – қызыл түс.
Көру мүшесі – көз. Оның негізгі бөлімі – көз алмасы. Көз алмасының
ішкі ортасын толтырып тұрған мөлдір қоймалжың зат – шыны тәрізді дене. Екі
бүйірінен қысылғандай ұзарыңқыраған шар тәрізді көз алмасын қоршап тұрған
үш қабық бар. Сыртқы қабықты ақ қабық деп атайды. Ақ қабықтың алдыңғы жағы
дөңестеніп қалың қабыққа (роговица) айналады. Көздің торлы қабығына
(сетчатка) жарық сәулесі осы қасаң қабық арқылы өтіп отырады. Сыртқы ақ
қабықтың, астыңғы екінші қабығы – тамырлы қабық. Тамырлы қабықтың алдыңғы
бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы пигментке
(бояуына) байланысты түрліше болып келеді. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық
орналасқан. Торлы қабықта жарық сәулесінің сезімтал таяқшасы (палочка) және
шақша (колбочка) деп аталатын фоторецепторлары орналасқан. Онда 130 млн-ға
жуық таяқша, 7 млн-дай шақша клеткалары бар. Таяқшалар ымыртта, қараңғыда
көрудің, ал шақшалар күндіз көрудің аппараты делінеді. Шақшалар торлы
қабықтың ортасына, ал таяқшалар оның шеткі жағына орналасқан. Таяқша
клеткаларында көру пурпуры деген зат болады, бұл жарық әсерінен химиялық
жолмен бөліну арқылы көру жүйкелерін қоздырып отырады. Рецептор құрылысынан
табылған пигменттер көп. Солардан жақсырақ зерттелгендері – таяқша пигменті
– родопсин, шақша пигменті – иодопсин. Көру мүшесі үшін көмекші анатомиялық
аппараттарда (бездер, қабық, кірпік, қас, т.б.) тиісінше түрлі қызметтер
атқарады.
ІІ. Есту түйсігі. Есту рецепторына тітіркендіргіш болатын – ауаның
толқындары. Ауа толқыны деп ауаның белгілі ырғақпен бірде тығыздалып, бірде
селдіреп ыдырауын айтады. Сол толқындар әр тарапқа тарайды. Ауа
толқындарының физикалық құрылысы өте күрделі. Біз сол толқындардың
жиілігін, амплитудасын (құлашын) және формасын ажырата аламыз. Ауаның бір
секундта өтетін толқынын герц деп атайды. Адамның есту рецепторы 1 сек.
ішінде орта есеппен 16000-нан 22000 герцке дейін ауа толқынын түйсіне
алады. 16 герцтен төменгі жиілікпен өтіп жатқан толқындарды құлағымыз
түйсіне алмайды. Біздің талдағыштарымыз түйсіне алмайтын 12-16 герцтен
төменгі дыбыстарды инфрадыбыстар деп атайды. Ал толқынның жиілігі 22000-нан
асып кетсе, ондай дыбысты адамның құлағы шалмай қалады. Мұндай жіңішке
дыбыстарды ультрадыбыстар дейді.
Есту түйсігі дыбыс шығаратын заттың периодикалық тау периодикасыз да
тербелуінен тууы мүмкін. Тұрақты жиілікпен периодикалық шайқалудан туған
дыбыстарды музыкалық дыбыстар дейді. Мысалы, ән айту, саз аспаптарының
дыбыстары музыкалық, құлаққа жағымды дыбыстарға жатады. Тұрақсыз жиілікпен
шайқалудан туған дыбыстар шуыл дыбыстар деп аталады. Мұндай дыбыстарға
түрлі сықыр-сыбдырлар мен тарсыл-гүрсілдерді жатқызуға болады. Дыбыстың
тембрі қосымша дыбыс шығаратын мүшелердің 1 сек., ішіндегі тербеліс саны
мен амплитудасына байланысты болады. Музыкалық аспаптар мен адам даусының
өзіндік үнін тембр дейді. Тембр ауа толқынының шайқалу түріне байланысты.
Жеке дыбыстар құлағымызға бір мезгілде қатарынан әсер етсе, ол дыбыстар бір-
біріне қосылып кетеді. Мәселен, пианиноның үш клавишасын (до, ми, соль)
бірдей бассақ, олар үндесіп, аккордқа айналады. Біз түйсінетін дыбыс
үйлесімдері құлаққа жағымды, жағымсыз болып екіге бөлінеді. Дыбыстардың
жағымды үйлесімі – консонанс (үйлесімді, жағымды), жағымсызы (үйлесімсіз,
жағымсыз) – диссонанс деп аталады.
Құлақ – есту рецепторы. Ол үш бөлімнен тұрады: 1) сыртқы құлақ; 2)
орта құлақ; 3) ішкі құлақ. Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны және оның есту жолы
жатады. Құлақ қалқаны – дыбыстың бағытын белгілеп отыратын және оны жинауға
себепкер мүше. Ондай міндетті қалқанның бұлшық еті орындайды. Бұл мүшенің
физиологиялық күші ерекше. Кейбір жануарларда қалқан бұлшық етінің де рөлі
күшті. Оны біз құлағын қайшылап тұрған аттан, дыбысқа құлағын тігетін иттен
байқаймыз. Есту жолын көмкеріп тұрған терінің беті түкті келеді және онда
бұлақ шығаратын бездер болады. Есту жолының ұзындығы – 2,5 см.
Адам дыбыстарды ауа толқындары арқылы рецепторлармен түйсінеді. Бұл
процестің екінші жолы – дыбысты сүйек арқылы есту. Мәселен, құлаққа мақта
тығып қойып, дірілдеп тұрған камертонды бас сүйегіңе тақасаң, дыбыс айқын
естіледі. Сондай-ақ, бұл камертонның дыбысын оны істеп тұрып та естуге
болады. Дыбыстың сүйек арқылы берілуі ауа арқылы емес, дыбыс шығарып тұрған
зат пен сүйектің жанасуы нәтижесінде естіледі. Мысалы, қатты шыққан
дауыстарды, жай сөздерді су астында бұғып отырып та ести аламыз.
ІІІ. Тері түйсіктері заттардың механикалық және термикалық
сипаттарының теріге әсер етуінен туады. Тию мен басу түйсігі, суықты,
жылылықты, ауруды түйсіну де тері түйсіктеріне жатады. 1 см2-дегі
рецепторлардың жұмыс істеу қабілеті сан жағынан үнемі ауысып отырады. Бір
бөлігі жұмыс істесе, екіншісі демалыста, ал үшінші бір бөлігі жұмыс істеуін
жоғару не оған кірісу жағдайында болады. Терідегі афференттік жүйке
талшықтарының ұшында түйсіктердің рецепторлық функциясын атқаратын түрлі
аппараттар бар. Адамның бойында, шашамен тию мен басуды түйсінетін 50 000
рецептор бар. Терінің 1 см2 не 25 рецепторға дейін орналасатындығы
анықталған. Адам заттың қатты-жұмсақтығы, кедір-бұдырлығы сияқты сипаттарын
сипап біледі. Сипау арқылы затты түйсіну терінің ғана қызметі еме, бұл –
күрделі процесс. Оның, қызмет не қимыл-қозғалыс рецепторлары да қатысады.
Сипап сезу түйсігі қолдың қатынасымен іске асады.
Тері (тактильдік) талдағыштарының ноқаттары тері беттерінде біркелкі
орналаспаған. Арнаулы зерттеулер мен анықталған мәліметтер бойынша түйсік
ноқаттарының есебін мынадай санмен көрсетуге болады: тию нүктелері – 1 млн.-
дай, ауру нүктелері – 4 млн.-дай, суықтық нүктелер – 250000-дай, жылылық
нүктелері 30000-дай. Мұндай тактильдік талдағыштардың ең көп орналасқан
жері ерін, тіл мен саусақтың ұштары. Біз мұны мүшелеріміздің сезгіштігінен
байқауымызға болады. Психологияда тактильдік түйсіктің кеңістік
табалдырығын және нүктелер арасындағы қашықтықты эстезиометр аспабы арқылы
өлшеп білуге болады. Эстезиометр аспабымен анықталған ең төменгі кеңістік
табалдырығы тілдің ұшында болады (1,1 мм). Ауру рецепторы (нерв ұштары)
терінің көптеген жерлерінде орын тепкенін ауру ноқаттарының санына байқауға
болады (4000000).
Терідегі температуралық өзгерістерді түйсінетін негізгі екі рецептор
бар. Оның бірі – қызулықты түйсінетін руффини клеткалары, екіншісі –
төмендеп, салқындауды түйсінетін краузе колбалары. Сау адамның денесіне тән
температураны шартты түрде физиологиялық нөл деп атайды. Айналадағы
ортаның температурасы осы физиологиялық нөлден төмен түсе бастаса, краузе
колбалары тітіркенеді, егерде нөлден көтеріле бастаса, руффин клеткалары
қоза бастайды.
IV. Иіс түйсіктері мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабық клеткаларына
түрлі химиялық заттардың әсер етуінен пайда болады. Кілегей қабықта иіскеу
клеткаларының орналасқан аймағы 5 см2-ден аспайды. Тітіркендіргіштер
әсерінен туған қозуды иіскеу рецепторы өзінің бойымен ми жарты шарларының
астыңғы жағында орналасқан иіскеу орталығына жеткізеді. Сол кезде талдау
басталып, адам иіс түрлерін айырып байқайды.
Иіс түрлерін жіктеп бөлу ғылымда әлі жете зерттелмеген мәселелер
қатарына жатады. Сондықтан иіс түрлері иіс шығаратын заттардың атымен
аталады. Мысалы, жусан иісі, лимон иісі, алма иісі, бензин иісі, т.б.
Иіскеу клеткаларына тітіркендіргіш ретінде әсер ететін, оларда қозу
тудыратын – ауада газ немесе бу түрінде ұшып жүрген химиялық заттар. Адам
ауаны ішіне тартып тыныс алғанда, ауамен бірге кеңсірікке кірген химиялық
элементтер иіскеу клеткаларына келіп ериді. Жануарлар өмірінде иіскеу
түйсігінің биологиялық рөлі өте күшті. Көптеген жануарлар өз қорегін иісі
арқылы тауып алып қоректенеді.
V. Дәм түйсіктері. Дәмді айыратын мүше – тіліміздегі дәм бүршіктері.
Оны тітіркендіретін – белгілі дәмі бар, суға ерігіш түрлі химиялық заттар.
Дәм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың ішінде, таңдайда, жұтқыншақтың арт
жағында орналасқан. Олардың ең көп орналасқан жері – тіл аймағы. Дәмді
тәтті, ащы, тұщы, қышқыл деп ажыратады. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің
жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Тәтті дәмді тілдің тұщы, ащыны
– тілдің түбі, қышқылды – тілдің екі жақ шеті, тұщыны – тілдің ұшы мен екі
шеті түйсінеді. Егер әлдебір нәрсені тілдің ортасына салса, адам көпке
дейін оның дәмін ажырата алмайды. Өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің
ортасында болмайды. Балада дәм түйсіктері ерте дамиды. Бұлар түрлі тағамдық
заттардың қасиеттерін айыру жолымен жетіледі. Дәм түйсіктері адам
психологиясына түрліше әсер етіп, дәмді тағамдар адамның тәбетін ашады.
Тәбет – дәм жүйкелерін қоздыратын психикалық әрекет. Асты көңіл қойып,
сүйсіне ішу адамға жағымды әсер етеді. Желінетін тағамның дәмі тек дәм
түйсігіне ғана емес, иіскеу түйсігімен де байланысты. Тұмауратқан адамның
иіскеу түйсігі нашарлап, ас ішіп отырғанда, иіс түйсігі өз қызметін
атқармайды да, дәм түйсігінің тууына себепші болуға жарамайды. Соның
салдарынан тағамның дәмін адам түйсіне алмайды. Дәм рецепторының организм
сақшысы ретінде күзетшілік маңызы да бар.
VI. Кинестетикалық түйсіктер қимыл мүшелері кеңістіктегі қалпын
өзгерткенде пайда болатын процестерге байланысты. Мұндай түйсіктердің
рецепторлары бұлшық еттерде, сүйектерді бірімен-бірі байланыстырып тұратын
сіңірлер мен тарамыста, екі сүйектің бір-бірімен түйіскен буын аралығында
болады. Олардың ұштары мидың орталық қатпарында орналасқан.
Кинестетикалық түйсіктің табиғаты күрделі. Өйткені, ол сапалық
жағынан айырмасы бар бірнеше рецептордың бір мезгілде тітіркенуінен пайда
болады. Қимылдарды орындағанда бұлшық еттегі рецепторлар ұшының тітіркенуі
бұлшық еттердің тонусын түйсіндіреді. Тарамыстағы жүйке ұштарының
тітіркенуі бұлшық еттің қысқаруын, зорлануын білдіреді. Қозғалу
талдағыштары арқылы адам өз денесінің және жеке мүшелерінің қозғалуы,
олардың тездігі мен күші, бұлшық еттерінің қысқарып босаңсуы, керілуін
түйсінуге мүмкіндігі жайында үздіксіз хабар алып отырады. Кинестетикалық
талдағыштың шетте (периферияда) не болып жатқаны туралы миға тез хабар
жеткізіп отыруын кері афферентация деп атайды. Денедегі әр түрлі кері
афферентацияға байланысты процестер адамның көздеген мақсатына сай келмесе,
бұл процестерді бөгеп, мүлдем жойып жіберуге мидың шамасы келеді. Айнала
қоршаған ортаның ылғи өзгеріп отыратын жағдайына байланысты организмнің
бейімделіп отыруын реттейтін кері афферентация – өте керекті шарт.
Кинестетикалық талдағыштардың кері афферентация жасау қызметі нашарлай
бастаса, адамның күрделі қозғалыс әрекеті де күйрей бастайды. Оны көру
рецепторы арқылы бақылап отырмаса, өзінің жасаған қимылдарын белгілі арнаға
түсіріп отыруға адамның шамасы келмей қалады.
VII. Органикалық түйсіктер адамның органикалық қажеттіліктерімен
тығыз байланысты. Органикалық түйсіктерге қарын ашу, тою, сусау, шаршау,
жүрек айну, тұншығу, дененің қызуы, жүрек және тыныс алу мүшелерінің
қызметіне байланысты туатын сезімдер мен ішкі органдарда пайда болатын
түйсіктер жатады. Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде
түйсіктердің бұл түрін байқай бермейді. И.М.Сеченев түйсіктердің бұл түрін
көмескі түйсіктер деп атаған И.П.Павлов мектебінің зерттеу нәтижелері
көрсеткендей, органикалық түйсіктер адамның хал-күйінің негізі болып
саналады. Органикалық талдағыштар адамның көңіл-күйіне ылғи әсер етіп
отырады. Осы орайда, Тойған жалтырайды, тоңған қалтырайды деген мақал
организмдегі органикалық түйсікке байланысты айтылса керек.
VIII. Статикалық түйсіктерді тең басу түйсіктері деп те атайды. Бұл
түйсіктің рецепторлары ішкі құлақтағы вестибулярлық аппаратта (кіре
берісте) орналасқан. Статикалық түйсік бастың қозғалысын, дененің
кеңістіктегі орнын, адамның тең басуын бейнелейді. Ғарышты меңгеру
дәуірінде адамдардың статикалық түйсігін жетілдірудің маңызы ерекше.
Мәселен, ғарышкер: мамандарды даярлауда олардың вестибулярлық аппаратын
жаттықтырып, оларды көру, қозғалыс талдағыштарымен үйлестіре дамытып
отыруға баса мән беріледі. Адам 40 секунд ішінде денесіне салмақ түсуді
және салмақсыздықтың алмасуын түрліше түйсінеді. Осы ерекшелікке сәйкес
адамдарды мынадай үш топқа бөліп қарауға болады. Бірінші – жүйке жүйесі
барынша төзімді адамдар мұндай жағдайда онша қиналмайды. Ал екінші біреулер
тосын тітіркендіргішке кездескенде ыңғайсызданып, тез шаршайды, өңі
бозарып, терлейді, жүрегі айниды өздерін тиянақ таппай, қалқып жүргендей
сезінеді. Үшінші біреулер сәл басы айналғанын сезгенімен, бірте-бірте оған
бейімделеді. Бұл адамдардың жүйке жүйесі төзімді болады. Олар өз денесін
ерік-жігерімен билейді, эмоциялық төзімділігі мол, қимыл-қозғалыстарын
қандай жағдайда болса да үйлестіріп, денесін дұрыс бағдарлай алады.
IX. Вибрациялық түйсіктер деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану
Түйсік туралы ақпарат
Түйсік пен қабылдау
Түйсік және қабылдауға жалпы сипаттама
Түйсіктердің физиологиялық негізі,түрлері,қасиеттері
Түйсік жөніндегі ғылыми көз қарастары
Түйсіктің жалпы заңдылықтары
Түйсіктер қасиеті
Түйсік
Түйсік туралы
Пәндер