Бала тәрбиесінің негізі - отбасында
Жоспар.
I. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II. Негізгі бөлім.
2.1. Тәрбие – адам
өмірінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..7
2.2. Отбасы тәрбие ұясы

..9
2.3. Мектептегі тәрбие жұмыстары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.4. Қоғамдық тәрбие немесе әлеуметтік
жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... .20
III.
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...24
Қосымша
Кіріспе
Даму – жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық
процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеаялар мен түсініктер және
өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік,
әуестік, белсенділік және батылдылық сияқты қасиеттері даму процесінде
қалыптасады. Өйткені оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие
әсер етеді. Баланың дамуы және оның дүниені тануы әлеуметтік жағдайларға
байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен қасиеттер
пайда болады.
Баланың дамуы өте нәзік, күрделі диалектикалық процесс деп
қарастырылады. Даму процестерінің қозғаушы күштері – ішкі қайшылық күресі.
Даму процестері сапа өзгерістеріне ауысып отырады. Мысалы баланың даму
процесінде мынадай заңдылықтарды байқауға болады: алғашқы кезеңде бала
тілінің дамуы, оның түсіне білуіне және сөйлей білуіне, сөздік қорына
байланысты. Әрине, тілдің дамуы осымен аяқталып қоймайды, ол жетіле түседі.
Сексеннен астам сөзді игергеннен кейін баланың айналадағы адамдармен қарым
– қатынасы кеңейіп, олардың сұрақтары мен сөздеріне түсіне бастайды.
Баланың ойлау, сөйлеу, сезім сияқты психикалық процестерде бірте – бірте
өзгерістер пайда болады. Осының нәтижесінде баланың ақыл – ойы дамудың жаңа
кезеңіне көшеді.
Даму - әр уақытта біріңғай тұтас процесс. Оның кейбір ерекшеліктерін
атап көрсетуге болады. Организмнің дамуы ең алдымен мүшелердің өсіп
жетілуіне байланысты. Ал, әр түлі мүшелер (бастың көлемі, көкірек шеңбері,
қол – аяқ және т.б.) бір қалыпты өсіп жетілмейді. Өйткені организмнің өсу
қарқыны тұрақты емес. Сондытан өсудің тездету кезеңдері баяулау
кезеңдерінен кейін немесе керісінше байқалып отырады. Мысалы, жыныс
мүшлерінің жетілуі кезеңінде күшейеді, соңынан баяулай бастайды.
Баланың жоғары нерв қызметінің дамуы бас миының үлкен жарты шарлары
қабығының талдау және синтездеу қызметінің жетілуіне байланысты. Ми
қабығының талдау және синтездеу әрекеті қабылдау мен естің, қиял мен
ойлаудың т.б. негізгі механизмі болып табылады негізгі механимі болады. Осы
нерв процесі арқылы бала өзінің мінез – құлқы мен қылығын табиғи және
әлеуметтік ортамен сәйкестендіру жолдарын іздестіреді.
Бала организмі нерв жүйесінің даму негізінде, оның психикалық
қызметінің дамуы жетіле түседі. Психикалық қызметінің негізгі механизмі
мидың үлкен жарты шарлар қабығының әрекеті болады. Психиканың айналадағы
обьективтік шындықтың біздің нерв жүйемізде бейнелеуі дейміз.
Баланың әрбір даму кезеңінде жетекші іс - әрекет болады. Мұндай іс -
әрекеті өзінің мақсаттары, мотивтері және орындалу тәсілдерімен
сипатталады. Жетекші іс - әрекеті - өсуші индивидтің мұқтаждарын
қанағаттадыру мен таным немесе психикалық процестерін қалыптастыруға
бағытталған іс - әрекеті.
Таным іс - әрекеттерінің процесінде жаңа мотивтер туады, баланың
түсінігі мен ұғымы, білімі мен тәжірибесі артады, ойлау операциясы да
жетіле түседі. Оқу мен тәрбие процесінде бала ойлау операциясы арқылы
обьективтік шындықтың құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам
баласының бай тәжірибесін үйреніп, игеруге талаптанады. Әрине, бала өз
бетінше жаңалық ашпайды, ол мұғалімнің, тәжірибесінің көмегімен белгілі,
зерттелген ғылыми мәліметтерді бағдарлама, оқулық және басқа да
әдебеттерден қабылдап меңгереді.
Ойлау әрекеті негізінде мектеп жасындағы балалардың дүниеге көзқарасы
қалыптаса бастайды, нақты ойлаудан абстракты ойлауға көшеді.
Таным психикалық процестерінің дамуымен бірге баланың психикалық
қасиеттері де қалыптаса бастады. Іс - әректі процесінде әр түрлі
қиыншылықтарды жеңу үшін жеке адамда шешімділік, өзін ұстай білу, батылдық,
табандылық, төзімділік сияқты ерік қасиеттері пайда болады. Ал ерік
дегеніміз – адамның белгілі бір мақсатқа ұмтылуы мен белсенді қимылы.
Мектеп балаларға терең және сапалы білім береді. Оларды жоғары
идеялық, адамгершілік көзқарас рухында тәрбиелеп, жан – жақты жетілдіреді,
осның нәтижесінде балаларға Отанға деген сүйіспеншілік, адал ниетпен оқып,
еңбек ету, ұжымдық сияқты болымды қасиеттер қалыптасады.
Даму және тәрбие процесінде түрлі өзгерістер болып отырады. Баланың
организмі бүкіл өмірде әр түрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы
дамиды. Оларға организмнің өсіп жетілуі ақыл – ойының дамуы, мінез –
құлқының қалыптасуы жатады. Осындай өзгерістердің барлығы табиғи және
әлеуметтік ортаның тәрбие мен өзін - өзі тәрбилеудің ықпал етуіне
байланысты. әлеуметтік орта мен тәрбие балаға әр түрлі дәрежеде әсер етеді.
Өйткені. Баланың сыртқы әсері қабылдауы, оның ішкі сезіміне, санасына
байланысты. Сондықтан қабылдау процесінде баланың санасында ішкі
қайшылықтар туады. Бұл дамудың қозғаушы күші.
И.П. Павловтың ілімі бойынша, даму ішкі нерв жүйесі қызметінің және
сыртқы жағдайлардың өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал
етуі.
Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылық,
әлеуметтік орта, тәрбие т.б. жатады.
Тұқым қуалаушылық – ұрпақтың ата- анамен биологиялық ұқсастығын
елестетуі. Кейбіреулер баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне
не шешесіне ұқсап қалған деп танданады. Әрине бұл кездейсоқ нәрсе емес.
Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті,
ең, басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалау арқылы
берілетін биологиялық ұқсастығы еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін,
нерв жүйесінің функционалдық қасиеттерін, алғашқы биологиялық
қажеттіліктерін, ал кейде дауыс тембірі музыкаға, биге, матматикалық
қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады.
Бірақ өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолмен берілуі өте сирек
кездесетін жағдай.
Адамда туа бітетін касиеттер (шартсыз рефлекстердің фондысы – денені
тік ұсап жүру, тілдің дамуы, ойлануға, еңбек етуге қабілеттілік, музыкаға
бейімділік, тағы басқа іс - әрекеттері) нышан түрінде болады. Организмнің
анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерінің, демек қабілеттін дамуына
қажетті табиғи мүмкіншіліктерді нышан дейміз. Нышан өздігінен дамымайды,
оны қозғау және дамыту тәрбиеге, әлеуметтік жағдайларға байланысты.
Кейбір ғалымдар жеке адамның дамуы мен қалыптасуын тұқым
қуалаушылыққа байланысты, ал адамның жоғарғы қабілеттерін және талантын
таңдаулылардың жоғарғы нәсілдік үлесі деп қарастырылады.
Адамның дамуы күрделі процесс. Адамның дамуына табиғи және әлеуметтік
орта ықпал жасайды. Табиғи орта – бұл түрлі табиғат жағдайларының адам
тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы. Табиғат жағдайларына байланысты олардың
мінез – қылықтарында да ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік орта және адамның мінез – қылқының дамуына ықпал жасайтын
қоғамдағы әлеумттік қатынас, адамдар, олардың көп қырлы іс - әрекеттері.
Маркс пен Энгельс адамды ортаға белсенді әсер ететін, өз өмірдегі
жағдайларды өзгерте алатын әлеуметтік ортадағы қайраткер деп қарастырады.
Қоғамдағы адамның дамуы табиғи әлеуметтік орта мен адамның күрделі және
өзара әрекеттесуінің әсерінен адам өзінің іс - әрекеттері арқылы жұмыс
жағдайын, өзінің психикасын белсенділікпен өзгертеді.
Адамды дамып жетілуіне қажетті мүмкіншіліктерді – нышанды табиғат
береді. Бірақ, нышан өздігінен дамымайды, оның дамуына себепші болатын
факторлардың бірі - әлеуметтік орта. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс
болса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.
Педагогика адам дамытуда әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған
зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші алдын – ала анықтаушы фактор деп
қарастырмайды.
Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі – тәрбие. Тәрбие
балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы даму дәрежесіне
лайықты іске асырылды. Тәрбие арқылы адамдардың іс - әрекеттерін
ұйымдастыру үшін, тәрбиеші тәрбиенің құралдары мен әдістерін және
формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Демек, тәрбие алдын
– ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла
жүргізіледі. Сондықтан да тәрбиенің ортадан айырмашылығы осындай
заңдылықтарға байланысты.
Тәрбие арқылы халықтын тұрмысын жақсарту және оның таным қабілетін
дамыту мәселелерін педагогика таптық қоғамды жойып, жанңа демократиялық
қоғамды жойып, жаңа демократиялық қоғамды құрғанда ғана іске асыруға
болады деп қарастырылады.
Тәрбие процесінде бала кезінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануы
тиіс. Осыған орай, тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс - әрекеттерін
тиімді етіп ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды
іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын
дамытады.
Тәрбие жұмыстарының дара жолдарын табудың нәтижесінде баланың ой -
өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы
қалыптасады.
II. Негізгі бөлім.
2.1. Тәрбие – адам өмірінде.
Тәрбие – қоғамның негізгі функцияларының бірі. Тәрбие жеке адамды
мақсатты, жүйелі қалыптастыру принципі болып табылады. Тәрбие процесі
нәтижесінде аға ұрпақтың тәжірибесі оқушыларға беріліп, меңгеріледі,
олардың сана – сезімі қалыптасып, жағыды мінез – құлық нормалары мен
сезімдері дамып жетіледі.
Тәрбие педагогикалық процесте өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ
мерзімді қажет ететін негізгі факторлардың бірі. Тәрбие адамзат қоғамының
дамуынан ажырамай және оған ежелден – ақ тән құбылыс, демек тәрбие жастарды
дайындауға тұрмысқа бағытталған ерекше іс – әрекеті ретінде қоғам дамуының
барлық кезеңдерінде де өз маңыздылығын жоймаған.
Әрқандай қоғамдық құбылыс ретінде тәрбиелік қызмет пен оның сипаты
бір қалыпта тұрып қалған емес, қоғамдық жағдайлардың ықпалымен ол үздіксіз
жетіліп дамуда болады. Мысалға, ұзақ уақыт балалар өндірістік және
адамгершілік тәжірибені, бірлікті еңбек әрекетінде, үлкендермен араласа
жүріп игеріп отырады. Осылайша жағдай тайпалық қауымға дейін де, тайпалық
қауым кезінде де күнделікті іс - әрекеттің қарапайымдылығынан болған еді.
Сондықтан да бұл дәуірде тәрбие адамдардың арнайы кәсіби қызметі бола
алмады, яғни арнайы тәрбиелік мекемелер болмады, тәрбиені кәсіпке
айналдырған адамдардың қажеттілігі әлі туындамаған кез еді. Құлиеленушілік
қоғамда да бұл жағдай ұзақ уақыт өткен сайын тәрбие саласындағы бұл жағдай
өзгере бастады. Жер өңдеу мен мал шаруашылығы, қол өнер бірте – бірте дамып
күрделенеді және де тәрбие процесінің ерекшелігінің бірі – оның болашаққа
ұмтылған іс- әрекеті болатындығы.
Тәрбие процесі дегеніміз – жеке адамды қалыптастыру мен дамытуға
бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсаты және бір – бірімен тығыз
байланысты қызметі.
Тәрбие процесін басқару функциясын мұғалім – тәрбиелеуші атқарады.
Тәрбие процесінде әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық факторлардың
бірлігі аңғарылады. Тәрбие процесінің түпкі мақсаты негізінен қоғамдық
талаптармен, міндеттермен жеке адамның тарихи нақтылығы қоғамдағы орынмен
анықталады. Тәрбие процесінің әлеуметтік маңызы оның жасөспірімдерді
мораль, еңбек, ғылым, көркемөнер саласында қоғамдық игіліктерді меңгеруіне
байланысты. Бірақ тәрбие процесінің ең негізгі қарастырылатыны – жеке адам,
әсірісе даму, кемелдену үстіндегі жеке адам. Сондықтан да тәрбие процесін
іске асыру жеке адамның дамуының заңдылықтарын білмейінше, олардың жас
және дара ерекшеліктерін жан – жақта түсінбейінше мүмкін емес.
Тәрбие процесі өте қиын да, күрделі процесс. Оның қиындығы балаға
әсер ететін әр түрлі жағдайдың ұштасуы. Біріншіден, баланың өмір сүретін
әлеуметтік ортаның (қаланың, селоның) олар көп қолданатын көпілік
информацияның жан – жақты әсері, екіншіден, күнбе – күн балаға тікелей әсер
ететін – микроорта. Бұл жерде отбасын ерекше бөліп алып, қарастырған жөн.
Баланың отбасындағы жағдайы, олардың өзін қоршаған таныс адамдармен қарым –
қатынасы, ықпалы – осының бәрі балаға ерекше әсер етеді.
2.2 Отбасы тәрбие ұясы.
Бала тәрбиесінің негізі – отбасында. Отбасындағы әлеуметтік топ –
баланың өмір мектебі, ал ата – ана – баланың өмірлік ұстазы және
тәрбиешісі.
Белгілі чех педагогы Ян Амос Каменский (1597 - 1670) бала туғаннан
бастап, алты жасқа дейін тәлім – тәрбиені аналар мектебінде алады деген
болатын.
Мектеп жасына дейінгі мезгіл - баланың адамдар арасындағы қарым –
қатынасты танып білетін кезі. 5-6 жаста бала өте сезімтал келеді. Үйдегі
жайсыздықтар: әке мен шешенің нашар қарым – қатынасы баланың бойындағы
теріс мінездерді қалыптастырады. 5 – 7 жаста бала өте басқа адамдардың,
көркем шығармадағы кейіпкерлердің, құрдастарының қимыл - әрекетіне баға
беруге даярлана бастайды. Бұл – жақсылық пен жамандыққа, достығы, жәрдем
беруі, т.б. мәселелерді байқаған кезі. Жанындағылармен қарым – қатынаста
әдеп ережелерін сақтап, өзіне ұнаған балаға ойыншығын беріп, онымен ойнап,
жәрдемдеседі. Ал кітап оқып бергенді әбден жақсы көреді. Бұл не, Ол не
деген сұрақтарын беруден жалықпайды. Ата – ана осының бәріне шыдап, бәріне
толық жауап беруге тырысуы керек.
Мектепке дейінгі баланың негізгі іс - әрекеті – ойын. Ойын арқылы
үлкендер мен балалар қарым – қатынасы орнайды, балалар адамар арасындағы
жағдайды түсінеді, әдеп ережелерін ұға алады, қоғамдық ортада және үйде
өзін қалай ұстауды үйрене бастайды.
Демек, қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыру қоғамның талабына сай
әрбір жас ұрпақтың білім, тәрбие және әлеуметтік деңгейін көтеріп, мінез –
құлқын өзгертуге арналған іс - әрекет десек жаңылыспаймыз.
Отбасы тәрбиесі – көздеген нәтижеге жету мақсатында ата – аналар мен
жанұя мүшелерінің тарапынан жасалынатын ықпал процестерінің жалпы атамасы.
Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын
істері ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан
тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырлады да, ал сол мәселенің
әлеуметтік жағдайлары педагогиканың үлесінде.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән дене
және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне
тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан тіршілік қоршауы болса, екінші
тараптан – тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы
басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау
келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы бұл – мектеп те, ақпарат көзі
де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос – жарандары да, отбасы бұл -
әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп
отыр: тұлғаның қалыптасуы нәтижелілігі ең алдымен отбасына тәуелді.
Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның
тән – дене, рухани – адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары.
Аса бір кездейсоқ болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа
тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп ер жеткен адам да сондай.
Жеке адамның қалыптасу процесі оның нәтижесінде болар отбасы
тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам
да тәрбиелілік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға
үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениеттегі елдер ұстанған бұлжымас ереже.
Неке мен отбасына деген үстірт көзқарас, халықтық және ұлттық
үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптеріне тайқу, шеттен тыс
арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғырттық,
ерлі – зайыптылар арасындағы жоғарғы белең алған ажрасар – бәрі де
отбасындағы бала тәрбиесінде болатын теріс ықпалдар көзі.
Отбасы тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, Азамат қалыптастырамын
десең, бесігіңді түзе - деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасында
адам аралық қатынастар негізі қалыптасады, бүкіл өмірге жетер енбектің және
бағыт – бағдар түзеледі. Отбасы да өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп
жатқан көптеген проблемалар, есейген ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге
түсіп жататыны баршаға аян.
Жоғарыда әңгіме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесідей
қортындылар жасауға болады:
- отбасы ықпалы басқа тәрбиелілік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас
ұлғаюмен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын
жоймайды;
- қандайда бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа
қасиеттер тек отбасыда ғана өрісін алады;
- отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық
және еңбектің тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып,
іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоға
келбеті отбасыдан көрінеді;
- салт – дәстүр жалғатығын қамтамасыз ететін отбасы;
- отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері – азамат тәрбиелеу,
патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет
заңдарын мойындап, құықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін
жетілдіру;
- отбасының кәсіп таңдаудада тигізер ықпалы орасан.
Отбасы дағдарысын ретке келтіру және оның тәрбиелік ықпалын
көтеру бағытында қазіргі заман педагогикасы қандай тиімді ұсыныстар беруі
мүмкін.
Бұл орайда педагогика қандай да толсын жаңалық ашып беруі мүмкін
емес: тәрбиенің қоғамдық, экономикалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына
тәуелділігі обьективті шындық. Бәріміз де осы заңдылтардың қарсаңындамыз.
Барша үмітімізді мұғалімге артамыз, тәрбиелік жақсылықтарымызды оның
жанпидалығынан күтеміз. Ең бастысы, жалпы адамға, оның табиғатына берілген
қайырымдылық пен мейірімге болған сенімнен ажырап қалмау - әрбір
тәрбиешінің негізгі ұстамы болған жөн.
Қаншалықты отбасы болса, тәрбие ерекшеліктері де соншалықты мол.
Алайда олардың көптүрлілігіне қарамастан, жанұядағы ересектер мен балалар
арасындағы кезігетін қатынастардың жалпыламай моделін ажырыта тану
мүмкінділігі баршылық. Отбасындағы қатынастар түрі сол қатынастардың қай
бағытта, қай дәрежеде өсіртеуімен балалар тәрбиесіне болған келеңсіз
ықпалдардың салдарына тәуелді анықталады. Олар:
1. Балаларына қызмет көрсете алатын отбасы.
2. Қайырымқор, мейірімді отбасы.
3. Күнделікті дүниепараздыққа жүгінген отбасы.
4. Алаауыз, жауласқан отбасы.
5. Теріс әлеуметтік бағыттағы отбасы.
6. Ата мен аналардың педагогикалық үлесімділігі жайланған отбасы.
7. Тұрпайы тәрбие әдістерімен қаруланған отбасы.
Отбасы тәрбиесінің проблемалары педагогикалық әдебиеттерде, А. С.
Макаренканың, Н.К. Крупскаяның, В.А. Сухомлинскийдің және басқа да
ғалымдардың еңбектерінде кең түрде баяндалған.
Отбасылық тәрбие бірқалыпты жағдайда іске асырып отырмайды. Зерттеу
мәліметтеріне қарағанда, отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты
себебі – үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан
болады.
Отбасы тәрбиесінде халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибесін,
ұлттық ерекшелігін есепке алу қажет. Отбасы қатысы бар адамдардың
әлеуметтік орны біздің халықта өте терең жетілген. Мысалы, ата мен әже, әке
мен шеше, аға мен апа, іні – қарындас, немере. Шөпшек, жиен, жиеншар мен
құдағи, құда бала мен құдаша, қайын мен қайынсіңді, жезде, бажа тағы да
басқалар. Жеті ата мен одан тарайтын шаңырақтар ру, жүз, т.с.с.
Адамның ара – қатынасын белгілейтін ұғымдар сырына терең үңілсек,
адамгершілікті адамның тұлғалық жан дүниесінен орын алатын рухани байлықты
байқауға болады. Адамның өмір салтын құрайтын іс - әрекет пен қарым –
қатынас тұрғысынан қарасақ, біздің халықта бұл мәдениет әр адамның
әлеуметтік орнына қарай қалыптасқан. Қарым – қатынастық, іс - әрекеттік
байлығы адам тұлғасының орынды сапалық қасиеттерін қайнар көзі болып
табылады. Отбасы да, мектеп те бұл қатынастар тәрбиенің пәрменді құралына
айналуы қажет.
Біздің халқымыздың отбасы жағдайында жас ұрпақ тәрбиесіндегі жетекші
буын ата мен әже іс - әрекетінің төңірегіндегі иелері, отбасы қажеттілігін
қамтамасыз етушілер. Ал ата мен әженің өмір тәжірибесі өз дәрежесінде
даналық ақыл – ойдың, орынды тәртіп пен мінез – құлықтың мектебі болып
табылады.
Қорыта айтқанда, күнделікті ертемен маңдайынан ата иіскемеген әже
бауырының жылылығын сезбей өскен бөбектің рухани жан дүниесіне нұқсан келе
береді.
Өскелең жас ұрпақ қазақ шаңырағының берік болғандығын өмірінің арқауы
еткені, аға ұрпақ дәстүрінен аттамағаны жөн.
2.3. Мектептегі тәрбие жұмыстары.
Мектеп - өскелең ұрпақтың тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның
жас ұрпақты тәрьиеленудегі рөлі зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы
өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз
бетінше автномиялық мекеме болға емес. Сондықтан осының іс әрекеті
отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне,
мектептің үлкен тәрбиелілік функциясы осында.
Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру мен
біріктіру рөлін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймайды,
сонымен бірге мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие
жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мекиеп
балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, жеке адамның дамуына және
қалыптасуына әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің
орталығы.
Мектеп оқушыларын саналы тәртіпке тәрбиелеу – жалпы білім беретін
мектептің күнделікті міндеттерінің бірі. Мұнсыз оқу тәрбие жұмысында
табысқа жетуіді қамтамасыз ету, дербес жұмыс істейтін мықты ұжым құру,
оқушыларды адамгершілік қасиетімен байыту, еңбекке сүйіспеншілікпен,
құрметпен қарауға, барлық күштерді жұмсай отырып, еңбек ете білуге
тәрбиелеу мүмкін емес, оқушылардың саналы тртібі – мемлекеттік мекеме
ретінде мектеп жұмысының мінсіздігінің және жалпыға бірдей орта білім беру
жөніндегі зор да күрделі міндеті ойдағыдай орындаудың аса маңызды шартты
Соңғы жылдары мектеп оқушыларының саналы тәртібін тәбиелеуге тиісті
бірқатар маңызды шаралар жүзеге асытылды. Көптеген ережелереде көрсетілген
моральдық талаптарды түсіндіру ісі әрбір оқушының өз ұжымымен жалпы қоғам
алдындағы міндеттерін абыроймен орындауға баулумен шебер ұштастырады.
Оқушылардың оқудағы, қоғамдық пайдалы еңбектегі табыстарды және қоғамдық
өмірге белсенді қатысқаны үшін алатын медальдармен, мақтау қағаздарымен
марапаттау жөніндегі белгіленген тәртіп те аналы тәртіпке тәрбиелеу
жөніндегі жұмысты жақсартуға көмектеседі.
Мектеп оқушыларын саналы тәртіп пен мәдениетті мінез – құлыққа
тәрбиелеуге тиісті ісінде оларға мектеп пен отбасында қойылатын талаптардың
бірлігі маңызды роль атқарады. Мектептің міндеті бұл – бірлікті күнделікті
орнатып отыру; ата – аналардың педагогикалық білім алуына көмектесу, оларды
тәрбие жұмысының міндеттерінен хабардар ету, бірлесіп күш – жүгер жұмсай
отырып, әрбір оқушы үшін нақтылы режим ұйымдастыру.
Саналы тәртіпке тәрбиелеудің аса маңызды шарты мен құралы педагогтар
мен тәрбиеленушілердің арасында өзара дұрыс қарым – қатынас орнауы. Бұл
қарым – қатынастардың нормасын А.С. Макаренко: тәрбиеленушілерге жоғарғы
моральдік тұрғыдан талаптар қою мен жолдастық құрметті ұштастыру деп
белгілеп берген еді. Сонымен қатар Макаренко талап қоюшылықты құрметтеуге
қарама – қарсы қоюдан әрдайым сақтандырып отырады. Құрметтейтін адамнан еш
нәрсе талап етуге болмайды дедеі ол. Біздің балаларға қоятын талаптарымыз
оларға сенімімізді бейнелейді. Педагогтың шынайы талап қоюшылықтығы мен
талғампаздығы қарым – қатынастағы қаталдықпен, дөрекілікпен, мектеп
оқушысының жеке басының қадір – қасиетін кемсітетін педагогикаға қайшы
аралар қолданумен үш қайнаса сорпасы қосылмайтындығын атап көрсету керек.
Мұғалім мадақтау мен жазалау шараларын дұрыс та шебер пайдалану арқылы да
саналы тәртіпке тәрбиелеу ісінде табысқа жетеді.
Тәжірибелі мұғалімдер эмоциялық өріске әсер етуге ұмтылады, айнала
қоршаған дүние, адамдарға, олардың іс - әрекеттеріне деген эмоциялық –
бағалау қарым – қатынасын қалыптастырады. Психологтардың зерттеулері
білімімнің егер ол эмоциялық көңіл – күйлерімен қатар жүретін, сезім
серпінен туғызатын жағдайда, әрекетте басшылық жасауға айналатынын көрсетіп
отыр.
Білім, әрине, адамды өзіне - өзі тәрбиелі, адамгершілігін жоғары ете
алмайды. Кейде ол біле тұра жөнсіз қылықтар жасауы мүмкін. Сондықтан
оқушыларды көпшілік ішінде тәртіпті болуға үйретудің маңызы зор.
Мінез – құлықтық дағдылар мен әдеттерді қалыпқа түсіруге оқыту
әдістері айтарлықтай әсер етеді. Мектеп білімге деген ынтаны,
талапкершілікті, білуге құмарлықты, белсенділік пен инициативаны дамытуға
ұмтылды. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін ол оқытудың жан –жақты дамуға
септігін тигізетін көрмелерге, заводтар мен фабрикаларға, т.б. экскурсиялар
жасаудың тәуелдік ролі ерекше зор. Жеке адамның қалыптасуына, сондай – ақ
мұғалімнің жарқын да тартымды әңгімелері, лабораторияда өздігімен
айналысуы, метеп алаңында бірлесіп атқарған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz